7-ОЖСӨЖ тақырыбы:
Прагмалингвистиканың әдістері мен тәсілдеріне байланысты негізгі ұғымдарды жазу
Есеп беру түрі: конспект жазу
СӨЖ тапсырмалары:«Сыртқы лингвистиканың әдістері мен тәсілдері» мен «Прагмалингвистиканың әдістері мен тәсілдерін»салыстыру
Есеп беру түрі: баяндау
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Основы лекторского мастерства. М., 1978.
2. Приступа Г.Н. Культура речи учителя. Рязань, 1983.
3. Теппер Рон. Как овладеть искусством делового письма. М., 1994.
Сегізінші апта
№8 дәрістің тақырыбы: Лингвистикалық зерттеудегі математикалық статистика әдістері
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Статистикалық әдіс кейде сандық әдіс немесе математикалық әдіс деп те аталады. Статистикалық әдістің негізгі мақсаты – тілдік бірліктер (дыбыс, фонема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем т.б.) мен тілдік құбылыстарды математика ғылымының әдіс-тәсілдерімен зерттеу, олардың сандық сипатын, заңдылықтарын ашу. Тіл білімінің көптеген әдіс-тәсілдері тілдік бірліктердің сапасын зерттеуге арналған болса, статистикалық әдіс олардың сандық жағын, қолдану жиілігін, аз-көптігін т.б. жақтарын зерттеуге көңіл бөледі. Тіл бірліктерінің сапалық сипаттарыда, сандық сипаттары дағылымүшінмаңызды.Заманауи ғылыми зерттеулерде математиканың алатын орны ерекше. Ол зерттеуде дәлдікті, сапалылықты қамтамасыз етеді. Тілді жүйелі құрылым ретінде зерттеу үшін математикалық логика, ал тілдегі мерзімді өзгерістерді және адамдардың қарым-қатынас үрдісі кезіндегі өзгерістерді зерттеу үшін математикалық статистика әдістерін қолданады. Соңғысы тіл білімінде лингвостатистика деп аталады.Лингвостатистика – математикалық статистиканың әдістерін тіл білімінде қолдану туралы ғылым. Бұл жағдайда сөз мәтін статистикасы жөнінде болмақ. Мәтінде морфемаларды, фонемаларды, сөздерді, сөз тіркестерін санауға болады. Бірақ та мәлімет берушінің психикасын, оның коммуникативтік ниетін т.б. жағдайларды санмен бере алмаймыз. Сондықтан лингвистикалық зерттеулерде тіл туралы сандық мәлімет алудан гөрі, оған сапалы талдау жасаған жөн. Мәтінді статикалық талдаудың мақсаттары төмендегідей:
1) берілген мәтін немесе мәтіндердің грамматикалық-лексикалық байланысын анықтау;
2) автордың жеке стилін, шығарманың оқырмандарға тигізетін әсерін анықтау;
3)жеке функционалды стильдердің ерекшелігін зерттеу;4) зерттеу мақсатына қарай алынған тәжірибе қорытындыларына қарай тілдік материалды жинау негіздерін зерттеу;
5)жиілік сөздігін құрастыру.Лингвостатистикалық зерттеулерде статистикалық ықтималдықтарды анықтау үшін негізінен қатаң түрдегі ережелерге сай жүргізілетін бірізді әрекеттер жиынтығы, немесе алгоритмді қоданған жөн. Статистикалық талдау тек қана жазбаша мәтінді, немесе жазбаша сөйлуді талдауда ғана қолданылмайды, сонымен қатар ауызша сөйлеуді зерттеуде де қолданылады. Жоғарыда айтылғандай лингвистикада математикалық талдаудың әдіс-тәсілдерін қолдану зерттеу жұмыстарының объективті, әділ, шыншыл және дәл болуына ықпал етеді.Статистикалық әдіс негізінен тіл білімінің фонетика, лексика, лексикография (жиілік сөздігін жасау үшін), морфология сияқты салаларында қолданылады. Мәтін тілін, әлеуметтік лингвистика, психолингвистика мәселерін зерттегенде де бұ ләдісті жиі пайдаланады.(Лингвистикадағы математикалық талдаудың әдіс-тәсілдері туралы қараңыз: Алексеев П. М. Статистика речи, М., 1968 және Арапов М. В., Херц М. М. Математические методы в исторической лингистике, М., 1974).
№8-практикалық сабақтың тақырыбы:
Достарыңызбен бөлісу: |