Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және 3сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет14/23
Дата30.04.2023
өлшемі472,46 Kb.
#88523
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
9-ОЖСӨЖ тақырыбы: Ғылыми зерттеу жұмыстарын енгізудің механизмдері. 
Есеп беру түрі: конспект жазу
СӨЖ тапсырмалары:Диссертациялық жұмыстың тілі мен стиліне неге көп көңіл бөлінеді?
Есеп беру түрі: баяндау
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
Жұбанов А. Қолданбалы тіл білімінің мәселелері. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2008. – 640б.)

Оныншы апта
10 дәрістің тақырыбы:
Лингвистикадағы өрістік тәсіл
Лингвистикада өрісті зерттеу тарихы

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)



Сөздің семантикасын зерттеу көп уақыт бойы жеке сөздерді зерттеумен шектеліп келді. Өткен ғасырдың 20-жылдарынан бастап қана ғалымдар сөзді жеке қарастыру дұрыс емес екенін, жеке сөздер мағынасы мен формасы жағынан бір-біріне туыс сөздермен бірігіп, сөздердің топтарын немесе өрісін құрастыратынын, сөздің мәнін, мәнісін білу үшін оның құрамын бір-бірінен жеке алып қарастырмау керектігін айтып, ортақ пікірге келді. Бұл қажеттілік тіл білімінде өріс теориясының шығуына әкелді. Ол тіл білімін тың және жаңа жолға бағыттады.Семантикалық өріс теориясының негізін салушы неміс ғалымы Иост Трир. Ол лексиканы жүйеге келтірудің жаңа ұстанымдарын жете зерттеп, 1931 жылы өзінің «Der deutsche Wortschatz im Sinnbezirk des Verstandes» (сөзбе сөз: Неміс тілінің сөздігі ұғым мағынасында) атты еңбегінде алғаш рет өріс теориясы ұғымын қолданып, осы теорияның лексикалық зерттеулерге қажеттілігін көрсетті. Еңбектің аты айтып тұрғандай, И. Трир өзінің жұмысында ұғым жағынан бір-бірімен байланысты (бір ұғымды беретін) бір топқа жататын сөздерді зерттейді. Автор бұл еңбегінде: «Сөз тек біртұтас бүтіндік және сол тұтастық арқылы ғана мағынаға ие болады», – деген қорытынды жасайды [8].
Cөз, өріс және сөздердің арақатынасы туралы ең жақсы анықтама ғалымның «Das sprachliche Feld» (сөзбе сөз: «Тілдік өріс») атты еңбегінде берілген. И. Трир аталмыш еңбегінде сөз өз алдына жеке тұрып ешқандай мағынаға ие болмайтынын, оның мағынасы тек өріс құрамындағы басқа сөздермен тығыз байланыста ғана анықталатынын дәлелдеді.
Қазіргі тіл біліміндегі өзекті мәселелердің бірі – тілдер жүйесінің жұмыс механизмін зерттеу. Сондықтан лингвистиканың қазіргі күйі функционалды-семантикалық аспектіде жүргізіліп жатқан зерттеулердің белсенділігімен сипатталады. Мысалы, орыс тілі материалында жете зерттеліп, дамытылып келе жатқан функционалды-семантикалық өріс теориясын А. В. Бондарко зерттеуде. Автордың пікірінше, функционалды-семантикалық өріс – тілдің грамматикалық тәсілдерімен, сонымен қоса сөз жасаушы элементтері бар лексикалық, лексика-грамматикалық және сөзжасамдық элементтері бар бір семантикалық аймаққа жататын екі жақты (мазмұнды- формалды) бірлік.
Функционалды-семантикалық өрісті зерттеу – белгілі өрісті көрсету формасын ғана суреттеп қоймай, өрістің құрылымын анықтауға, оның компоненттерінің иеарархиясын, олардың байланысын айқындауға да жете көңіл бөледі. Функционалды-семантикалық өрісте әр деңгейдегі айтылу тәсілдерін біріктіру белгілі бір ұғым категориясына (мысалы, уақыт, кеңістік, салыстыру, теріске шығару, сандық және т.б.) негізделеді, ал олардың әрқайсысы нақтылы тілдік аспектіде грамматикалық категория немесе грамматикалық формамен беріледі. 
Е. В. Гулыга мен Е. И. Шендельс лексика-грамматикалық өрісті зерттеп, оның негізгі белгілері ретінде мыналарды атайды: 

1) өріс жүйелі қатынастар арқылы бір-бірімен байланысқан әр түрлі тіл деңгейлік құралдардың жиынтығы болып табылады;
2) бұл құралдардың ортақ мағыналары болады; 
3) өріс бір-біріне қарама-қарсы ең кемінде екі мағынадан тұрады; 
4) өріс көлденең және тік кесінді түрінде көрсетуге болатын күрделі құрылымға ие.


Өрістің көлденең кесіндісі бойында оның семантикалық түрлері - микроөрістер, ал тік кесіндісі бойында оны құрайтын тілдік құралдар орналасады. 
Өріс теориясы лингвистикада тек қана сөздерді зерттеуде ғана қолданылмайды, сонымен бірге соңғы кездері тілдің фразеологиялық құрамын зерттеуде де кеңінен қолданылып жүр. Егер лексикада әр түрлі лексика-семантикалық өріс зерттелсе, фразеологияда лексика-фразеологиялық өріске көңіл бөлінеді (ЛФӨ). Алғашқы рет лексика-фразеологиялық өрісті теориялық жағынан негіздеген Е. А. Ножин болатын. Оның пікірінше, лексика мен фразеологияның семантикалық топтары «қатар өмір сүреді» және ортақ ұғымдардың басым көпшілігі лексиканың, сол сияқты фразеологияның белгілі бір шеңберлерінің ара қатынысында болады. Сондықтан да автор лексика-фразеологиялық семантикалық өріс құруды қолдайды.Лексика-фразеологиялық өріс – құрамына ортақ семантикалық компонентпен біріккен толық мағыналы сөздер мен тұрақты сөз тіркестері кіретін жүйе. Сөз бен фразеологизмнің арасындағы айырмашылық пен ұқсастықтарды анықтау – зерттеуші лингвисттердің лексика-фразеологиялық өріске баруының басты себебі болды. Лексика-фразеологиялық өріс сөздер мен тұрақты сөз тіркестерінің жай ғана жиынтығы емес, кейбір ерекше байланыстар мен қатынастардың болуы оның құрылымы мен өзгешелігін анықтайды. Лексика-фразеологиялық өрісті зерттеудің негізгі мақсаттарының бірі- өріс бірліктерінің арасындағы жүйелік байланыстарды анықтау. Өріс термині қазіргі тіл біліміне лексикалық топтарға немесе парадигмаларға қатысты қолданылып жүр. Өріске арналған ғылыми еңбектерде оның бірнеше қолданысын байқаймыз: парадигмалық өріс (Трир, Косериу), синтаксистік өріс (Порциг, Вайсгербер), грамматикалық өріс (Адмони), лексика грамматикалық өріс (Е. В. Гулыга, Б. И. Шендельс,), функционалды семантикалық өріс (А. В. Бондарко, З. Қ. Ахметжанова), сөзжасамдық өріс (Р. С. Мурясова, Н. И. Букетова), лексика-фразеологиялық өріс (Е. А. Ножин, В. П. Жуков) және т.б. Осы күнге дейін тіл білімінде өрістің бір ауыздан қолданылып жүрген нақты ережесінің, анықтамасының және лексика- семантикалық өріс терминінің қолданылуында бірізділік жоқ. Бұл термин сөздердің әр түрлі жиынтығына қатысты қолдана береді. Мысалы, кейбір еңбектерде лексика-семантикалық өріс кең ұғымды қамтыса, ал енді бір зерттеулерде тар ұғымды білдіреді. Бұл ерекшеліктерді өрісті зерттеушілердің алдына қойған мақсатымен және зерттеу әдістерімен байланыстыруға болады. О. С. Ахманованың сөздігінде семантикалық өріске мынадай анықтама берілген: «Семантикалық өріс – тематикалық қатарды түзейтін сөз бен сөз тіркестерінің жиынтығы, сол жиынтық арқылы белгілі бір саланы қамтитын сөздермен сөзтіркестері.Ғалымдардың өріске анықтама берудегі пікірлеріндегі ортақтық – лексика-семантикалық өрістің мағыналық құрылымындағы ортақ бір семантикалық компоненттің негізінде біріккен қандай да бір тақырыпты қамтитын сөздердің жиынтығынан тұруы. И. М. Кобозева «семантикалық өріс деп айқындалатын құбылыстың ұғымдық, заттық және қызметтік ұқсастықтары мен мазмұнының жалпы болуымен біріктірілген тілдік бірліктер жиынтығын» айтады. Автордың пікірінше семантикалық өріс төмендегі қасиеттерге ие: 

1) сөздердің белгілі бір семантикалық қатынастарға түсуі; 
2) осы қатынастардың жүйелілігі; 
3) лексикалық бірліктердің өзара байланыстылығы мен өзара тәуелділігі;
4) өрістің дербестігі; 
5) өрістің ұғымдық сипатын таңбалаудың тұрақтылығы; 
6) семантикалық өрістің бүкіл лексикалық жүйедегі өзара байланыстылығы.

Тілдік өрісті кейбір ғалымдар (Л. Вейсгербер, Г. Ипсен, А. А. Уфимцева, В .И. Кодухов және тағы басқалары) лексика-семантикалық топ түрінде түсіндіреді, бірақ олардың бәрі өрісті ЛСТ деп атамайды.Лексика-семантикалық өрістің қасиеттерін толық ашып көрсеткен И. И. Чумак болып табылады. Ол өрістің төмендегідей қасиеттерін ажыратады:
1) Семантикалық өріс ең аз дегенде бір ортақ компоненті (ортақ семантикалық нышаны) бар көптеген мағыналар жиынтығынан жасалады. Бұл компонент негізінен архилексема (гиперлексема), яғни, жалпыланған мағынасы бар лексемамен белгіленеді;2) Лексика-семантикалық өрісте микроөрістер, семантикалық бірлестіктер бөлініп шығады, олардың мүшелері жалпы (интегралды) нышандармен байланысқан және микроөрістің тірек сөзімен (доминанта) белгіленеді. Микроөрістің сыртқы құрылымын өріс ортасы (өзегі) және өріс ортасына жақын аймақтар құрайды, ал қалғандары микроөрістің шеткері аймағында орналасуы мүмкін;3) Өрістің ішкі құрылымы семантикалық бірліктерді байланыстыратын корреляциялар жиынтығы ретінде түсіндіріледі;4) Өріске элементтердің өзара бірін-бірі анықтауы тән, кейде олар бірін-бірі ауыстыруы да мүмкін;5) Тілдегі әрбір сөз белгілі бір ЛСӨ-ке кіреді, оған қоса, жиі, көп мағыналылығының нәтижесінде бірнеше өріске кіреді. 6) Бір семантикалық өріс өзінен жоғары деңгейдегі екінші бір семантикалық өріске кіруі мүмкін. Лексика-семантикалық өріс бір тектік мағынамен біріккен белгілі бір сөздер тобы (сөз тіркестері) болып табылады. ЛСӨ құрамы мағынасы жағынан өріс ортасынан (өзегінен) әр түрлі «қашықтықта» (орталыққа жақын және шеткері аймақтар) орналасқан бірліктерден тұрады.Сонымен, өріс – мағына ортақтығының негізінде біріккен және білдіріп отырған құбылыстарының ұғымдық, заттық немесе қызметтерінің ұқсастығын бейнелейтін тілдік бірліктердің жиынтығы. 
Тіл білімінің дамуы барысында өрісті және өріс әдісін зерттеумен айналысып жүрген тіл мамандары өрістің методологиялық және теориялық маңызына ерекше көңіл бөліп, өрістің жаңа қырларын ашуда.Қазіргі таңда тіл білімінде сөздік құрамды сипаттауда негізге алынатын нәтижелі тәсілдердің бірі ,,өрістік” тәсіл, себебі бұл тәсіл семантиканың басты мәселелерін шешуде лексиканың жүйелілігін басшылыққа алады. 
Тілдің семантикалық жүйесі семантикалық өріс, лексика-семантикалық топ, лексика-семантикалық вариант деген жүйелі йерархиялық бірліктерден тұрады. Лексика-семантикалық вариант дегеніміз – көп мағыналы сөздің бойындағы бір мағынаның қарым-қатынас үрдісінде іске асырылуы. ЛСВ-тілдегі сөздердің бір-бірімен мазмұндық байланысын анықтайтын ең кіші бірлік, басқаша айтқанда, ЛСВ – тіл лексикасының жүйе жасаушы элементтерінің жиынтығы. Бір текті, ұқсас салыстырылатын ЛСВ жиынтығы лексикалық-семантикалық топ деп аталады. Мәселен, мерзім-, уақыт -, кеңістік -, түр-түс ЛСТ-ы. ЛСТ белгілі бір сөз табына ғана жататын сөздерден жасалады. ЛСТ-ның жалпы семантикалық компоненттері бар, яғни оны ортақ архисемалы сөздер құрайды. Сөздерді бір лексика-семантикалық топқа біріктіру олардың лексикалық мағынасының негізінде жүзеге асады. 
Тілдегі семантикалық жүйенің иерархиясын төмендегідей модельде көрнекілеуге болады:

семантикалық жүйе семантикалық өріс лексико – семантикалық топ лексико - семантикалық вариант
Сөздерді лексикалық-тақырыптық топтарға бөлу заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен қызметтеріне негізделеді. Мәселен, жиһаз атаулары, киім-кешек атаулары, дене-мүше атаулары және т.б. Сөздерге тақырыптық классификация жасау заттар мен құбылыстардың тектік (гипероним), топтық (гипоним), түрлік (эквоним) қатынастарына негізделеді. Лексика-семантикалық және лексика-тақырыптық топтардың жалпы ұқсас белгілері де бар. Себебі екеуі де танылған объективті шындықты бейнелейді. Лексика-семантикалық топтың тақырыбы, тақырыптық топтың семантикасы болады. Сондықтан семантикалық топ тақырыптық топқа, тақырыптық топ семантикалық топқа кіреді. 
Өрістік тәсіл негізінде тіл құбылыстарын жүйелеуде зерттеудің әдіс-тәсіліне қарай лексика-семантикалық өрістер, лексика-семантикалық топтар, грамматика-лексикалық өрістер, сөз жасаушы өрістер, функционалды-семантикалық өрістер, интеграционалды-семантикалық өрістер, лексика-фразеологиялық өрістер ретінде зерттелуде. 
Тіл жүйесі - жүйенің қарапайым элементтерінің өзара қатынастарының сипаттарымен анықталатын және осы жүйенің құрылымын білдіретін белгілі бір құрылғыдан, ұйымдардан, реттіліктен тұрады. Жүйе құрылымы жүйеаралық байланыстың жиынтығы ретінде анықталады. 
Лексика жүйесін лексика-семантикалық өріс тәсілі арқылы зерттегенде, алдымен өрістің құрылымын анықтау және оны айқындап алу негізгі мәселе болып табылады. Ю. Н. Караулов семантикалық өрісті екі жолмен: ұғым арқылы (ономасиологиялық тұрғыда) және сөз мағынасы арқылы (семасиологиялық тұрғыда) анықтауға болатынын атап өтеді.
Лингвист Е. И. Диброва лексика-семантикалық өріске төмендегідей анықтама береді: «Лексико-семантическое поле – это иерархическая организация слов, объединенная одним родовым значением и представляющая в языке определённую семантическую сферу». Автордың пікірінше семантикалық өрістің ономасиологиялық қасиеті оның негізінде тектік сема, немесе гиперсеманың болуы. Ал семасиологиялық қасиеті өріс мүшелері бір бірімен мағыналары жағынан интегралды-дифференциалды нышандарымен байланыста болады. 
Семантикалық өрістің құрылуын суреттей келе, Е. И. Диброва: 
1) «ядро поля представлено родовой семой – компонентом, организующим вокруг себя развертывание поля. Родовая сема может быть обозначена гиперонимом – словом с родовым понятием; 2) центр поля состоит из единиц, имеющих интегральное, общее с ядром и друг с другом, значение и разграничивающихся с ядром и рядоположительными единицами дифференциальнымизначениями; 3) периферия поля включает единицы, наиболее удаленные в своем значении от ядра. Обычно периферииные слои поля вступают в контакты с другими семантическими полями, образуя лексико-семантическую непрерывность языковой системы» - деп жазады. Яғни, өрістің жалпы заңы, өріс ортасына (өзегіне) байланысты ерекшеліктері болады. Оған қоса өрістегі лексика құрамы әр тілде әр түрлі болуымүмкін.Тілді сипаттаудың өрістік принципін лексикалық мағынаны сипаттау үшін қолданады. Өріске енетін сөздерге төмендегідей белгілер тән:

1)Өріс ішіндегі сөздер бір-бірімен жүйелі байланыста болады;


2) Өрісті құрайтын элементтердің жалпы мағынасы бірдей болып келеді және олар тілде бірдей қызметте жұмсалады;
3) Өріске біртектес және әр тектес элементтер ене алады;
4) Өріс кемінде екі парадигматикалық қатардан тұратын элементтерден құралатын микроөрістерге бөлінеді;
5) Өріс құрамында орталық және шеткері аймақтар болады. Олардың шегі кей кезде нақты болмайды;
6) Бір өрісте орталық аймаққа жататын элемент басқа өрісте шеткері аймаққа жатуы мүмкін.

Линвистикадасемантикалықөрістізерттеудіңекітүрлітәсілі: ономасиологиялық және семасиологиялық тәсілдері бар екені жоғарыда айтылды. Осы екі тәсілді кешенді түрде, яғни екеуін бірдей үйлестіре отырып қана семантикалық өрістің мәселесін және оның басқа өрістерден айырмашылығын шеше аламыз. 
Қазіргі тіл білімінде семантикалық өріс теориясына деген ғылыми қызығушылық азайған жоқ. Зерттеушілер мен ғалымдар тілдің сөздік қорын өріс теориясы негізінде зерттеудің қажеттілігін дәлелдеу мақсатында жаңа әдіс-тәсілдер қолдануда. Бірақ тек өрістік тәсіл сөздік құрамдағы кейбір фрагменттер шеңберіндегі мәселелерді шешуде өзін сенімді тәсіл екендігін көрсетті. Өріс теориясы тіл бірліктерін оның барлық деңгейінде қолдануға мүмкін екендігін көрсетеді, сонымен қатар лексикалық және фразеологиялық бірліктердің семантикалық айырмашылығын айқындауға мүмкіндік береді.
Сонымен, тілдік өрістерді зерттеуде лингвисттер әртүрлі әдіс, тәсілдер қолданады: семантикалық өрістерді зерттеуде ономосиологиялық және семасиологиялық әдіс, өрістің құрылымын модельдеу әдісі, компоненттік талдау, сөздік анықтамаларға (дефиницияларға) талдау, оппозициялық талдау, салыстырмалы талдау және т.б. Талдау әдісін таңдау зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне, оның объектісі мен пәніне, лингвистикалық бағытына байланысты. 
Қорытындылай келе айтарымыз, семантикалық өріс теориясын зерттеу ғалымдардың қызығушылығын арттырмаса, кеміткен жоқ. Өріс теориясының мәні мен оның ғылыми мүмкіндіктері тіл білімінде жалпы, жеке және салыстырмалы-салғастырмалы деңгейде зерттелуде. 
10-практикалық сабақтың тақырыбы: Лингвистикадағы өрістік тәсіл

1. Лингвистикада өрісті зерттеу тарихы
2. Семантикалық өріс түрлері
3. Тіл біліміндегі өріс теориясын зерттеу тәсілдері



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет