Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және 3сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет9/23
Дата30.04.2023
өлшемі472,46 Kb.
#88523
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
№4-практикалық сабақтың тақырыбы:
1. Сыртқы реконструкция әдісі2. Ішкі реконструкция әдіс
3. Салыстырмалы-тарихи зерттеулердің жетістіктері мен кемшіліктері
№4 ОЖСӨЖ мазмұны: Теориялық және эмпирикалық зерттеу жүргізудің тәсілі. Тапсырма: Теориялық және эмпирикалық зерттеу жүргізудің тәсіліне байланысты мысалдар келтіріңіз.
Есеп беру түрі: баяндау
СӨЖ тапсырмалары: Диссертацияны ғылыми шығарманың ерекше түрі ретінде сипаттаңыз.
Есеп беру түрі: баяндау
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Балақаев М. Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері. А., 1961
2. Исаев С.М. Шаяхметова М.Х. Әдеби тілдің нормалары. А., 1987.
3. Қазақ әдеби тілінің ауызша түрі. А., 1987.
Бесінші апта
5 -дәрістің тақырыбы:Синхронияда ішкі лингвистиканың әдіс-тәсілдері
Жоспар
1. Синхрониядағы идиографиялық әдістер2. Тікелей құрастырушылар бойынша талдау
3 Дистрибутивті әдіс

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)



Ф. Де Соссюрдің «тіл» және «сөйлеу», парадигматика мен синтагматика, синхрония мен диахрония және т.б. туралы идеяларының пайда болуымен және басқа да практикалық мақсаттарда тіл білімінде синхрониямен айналысу қажеттігі туды. Лингвистикадағы жаңа бағыт құрылымдық деген атқа ие болды. Өйткені бұл бағыт сөйлемнің ішкі құрылымын қарастыру арқылы жалпы тіл құрылымын қарастырады. Тілдерді синхронияда зерттеп қарастыру үшін лингвистикадағы жаңа бағыт жаңа әдістердің пайда болуына ықпалын тигізді. Ескі бағыттың (интра- және интерлингвистика) орнына жаңа идеографиялық және номографиялық әдістер пайда болды. Синхрониядағы идиографиялық әдістер
Бұл әдістер тіл жүйесі ішінде берілген сөйлемдердегі парадигматикалық және синтагматикалық қатынастарды зерттеу үшін қолданылады. Сөйлемдер жазбаша немесе ауызша тілдерден алынады, соңғы жағдайда информанттарды пайдалануға болады. 
Бұл әдістің мақсаты сөйлемді екі бөлікке бөліп, суреттеу әдісі арқылы зерттеу. Аталмыш әдіс бойынша сөйлем екіге бөлінеді, кейде тіпті бөлінбейтін соңғы құрастырушыға дейін бөледі. Бұл бөлуді дихотомиялық бөлу (гр.dicha-екі бөлікке + tome-бөлу) деп атайды. 
Лингвистика әдіснамасында дистрибутивтік әдіс маңызды орындардың бірін алады. Бұл әдіс бойынша мағынаның парадигматикалық және синтагматикалық қатынастарын есепке ала отырып, басты назар семантикаға аударылады. 
Дистрибутивті әдіс (ағылш. distribution-бөлу, распределение) сөйлем ішіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің аймағын жасанды түрде өзгерте отырып олардың семантикалық байланысын анықтау.Ол үшінтөмендегі міндеттерді шешу қажет:1) Кез-келген конструкция ішіндегі лексика-грамматикалық байланыстарды зерттеу;2) Жеке сөздер мен сөздер кластарының мағынасының құрамын айналасындағы сөздер негізінде анықтау;
3) Сөздер мен сөз кластары ерекшеліктерінің сандық мөлшерін анықтау.
5-практикалық сабақтың тақырыбы: Синхронияда ішкі лингвистиканың әдіс-тәсілдері
1. Синхрониядағы идиографиялық әдістер2. Тікелей құрастырушылар бойынша талдау
3. Дистрибутивті әдіс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет