Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды


-ОЖСӨЖ тақырыбы: Әдеби хабар. СӨЖ



бет13/20
Дата13.07.2023
өлшемі0,96 Mb.
#104326
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
Қазақ әдеби сынының тарихы, З.Ж.Мүтиев

21-ОЖСӨЖ тақырыбы: Әдеби хабар.
СӨЖ тақырыбы: Әдеби хабар еркшлеліктері.
11 практикалық сабақтың тақырыбы: Әдеби шолудың міндеттері.
Тапсырмалар:
1. Әдеби шолудың маңыздылығы.
2. Әдеби шолудың анатомиялық құрылымы.
22-СОӨЖ тақырыбы: Әдеби шолу дегеніміз не?
СӨЖ тапсырмалары: Әдеби шолудың маңыздылығы неде?
Есеп беру түрі: Конспектілеу
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1.М.Қаратаев. Әдебиет және эстетика. А., 1970.


2. О.Сәрсенбаев. Әдеби сын және оның көркемдік қасиеті.»Қазақ әдебиеті», 1983, мамыр.
3. В.Дементьев. Критик это писатель. «Писатель и жизнь» (МГУ, 1978) 38-б.


Он екінші апта
12 дәрістің тақырыбы: Эссе.
Қарастырылатын мәселе:

  1. Эссе жанры туралы түсінік

  2. Эссенің ерекешліктері

  3. Эссе жанрында қалам тербеп жүрген авторлар

«Дала уалаяты газеті» қазақ тілінің тазалығын сақтау жайында жаприялаған материалдарында Ы. Алтынсарин идеясын қорғап әрі дамытқан. . А.Құрманбаев өзінің « қазақ тілі хақында» деген мақаласында « Алтынсарин қөазақ тілін мейлінше өте бай тіл деген, ол тілде қандай кітап болсада жазып шығуға болады деген» деп Ыбырайдың өнегелі ойын дәлелге келтіреді.


Сонымен қазақтың қоғамдық өмірінде пайда болған баспасөз орындары, әсіресе, «Түркістан уалаятының газеті» мен «Дала уалаяты газеті» халықтың әлеуметтік сана сезімін ояту бағытында бір қыдыру үлкенг еңбек сіңірсе, еінші жағынан, қазақ әдебиет сынының тууына дайындық жасады. Эссе француз тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay"- талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен "exagium" – ойлау.
Эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры. Әдебиеттегі Эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білетін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қо-нымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән. Бұл шағын көлемді ой бөлісу, қандай болса мәселені еркін баян ету, дәлелді зиятты ізденіс. Эссе бір мәселе немесе сұрақ бойынша жеке көзқарасты білдіріп, алдын ала немесе мәселені қанағаттанарлықтай баяндалуына үміттенбейді. Әдетте, эссе бір нәрсе туралы жаңа, субъективті рең беретін сөзді және философиялық, тарихи - биографиялық, публицистикалық, әдеби - сын, ғылыми-көпшілік, баллетристикалық сипатта болуы мүмкін. Эссе тақырыбы эссенің мақсатын,эссенің өн бойында не сұралып отырғандығын,қандай мәселені қозғайтындығын көрсетеді.

  1. Кіріспе-берілген тақырыптың мәні ашатын бөлім.Бұл бөлімде қандай сұрақтарға жауап істейтіндігімізді анықталады.

  2. Неізігі бөлім-негізгі ой мен мәселеге байланысьты аргументтер жинақталған бөлім.Негізгі бөлімде дәлелдер,дәйектемелерді,түрлі статистикалық мәліметтер мен схемаларды қолданып,тақырыпты ашады,көтерілген мәселені айқындап,оның туу себептерін көрсетеді.

Қорытынды-тақырып бойынша түйін.Қорытындыда жаңа ой енгізілмей,дәлелдемелер бойынша түйін шығарады,шешу жолдарын көрсетеді. Газет-журнал беттерінде жиі жарық көретін тағы бір жанр түрі - эссе. Эссе туралы айтылган ойлар мен тұжырымдар аз емес. Алайда оны әдебиет сынының жанрына жатқызуды жөн көрген Д.Ысқақұлының пікірінше: «Эссе - көркем жанр. Солай бола тұрса да оның сыншылық сипаты айқын. Эсседе ғылыми талдаулардан гөрі автордың өзіндік әсерлері, шығармашылық тәжірибелеріне негізделген ойлары басым, шағын көлемді, еркін құрылымды келіп, көркем әдеби стильде жазылады»,-дейді. Ал, әдебиеттану терминологиялық сөздігінде эссеге сын жанры деп қана емес: «Эссе тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын философиялық, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің жанры...»,- деп анықтама береді.
Байқауымызша, эссені жазушылар мен публицистер түрлі бағытта жазады. Біреулер объектінің көркем бейнесін жасау, ашу болса, енді біреулер тек ой - толғанысын жеткізе жазады. Ал тағы біреулері өз ой-толғамын жеткізе отырып, объектінің көркем бейнесін ашуды қатар жүргізеді. Демек, эссені жазу жазушының жазу стилі мен ойлау қабілетіне байланысты болады және эссеист жанрдың өзіне тән қасиеттерін жіті білуі қажет.
Эссе туралы ғалым Д.Ысқақұлы: «Сонымен сын жанрларының ішіндегі эссе жанры - әдебиет жайлы не бір құнарлы ойлардың бір бұлағы, эдебиетіміз, қаламгерлеріміз хақында жүректі жарып шыққан ақжолтай пікірлерді оқырмандарға жан жылуымен, эсем эсерімен, бейнелі бояуымен сол күйінде жеткізудің бірден бір арнасы. Кәркем эдебиет пен оның сынының арасында жүріп, екеуіне бірдей қызмет ететін өміршең жанр. Қазақ эссеистикасы элі жас. Оның болашағы алда. Қазақ эдебиеті мен сынында эссенің эссеистикасы аталатын үлкен өркенді салаға айналатындығына сеніміміз мол», деген пікір айтады.
Қазақ баспасөзіндегі ерекше жанрларының бірі ретінде атап кеткен эссе жанры да өз ішіндегі портреттік-эссе деп аталатын түріне «Қазақ әдебиеті» газетінің 1991 жылғы 12 желтоқсанындағы санында «Академик Қозыбаев» атты портретгік-эссе жарық көрді. Бүл эссе М.Қозыбаевтың 60 жылдық мерейтойына арналған. Авторы - сол кездегі КСРО Журналистер одағының мүшесі Мұхтар Құл-Мұхаммед. Материал портреттік-эссе болғандықтан мұндағы ой мен мақсат бір ғана адамның өмірі мен 60 жасқа дейін ерліктерін көрсету екені белгілі. Жоғарыда айтылғандың барлығы жазушының стилі мен ойлау қабілетіне байланысты. Эсседе автордың өзіндік көркем ойлары айқын аңғарылады. Бұл эссенің басты өзінің көркемдік тұрғыдағы мынадай сөйлеммен ашылады: «Қазақ халқының тарихына, ең қайғылы, қаралы кезең болып енген, Атыраудан Алтайға дейінгі ұлан-байтақ өлкені бұрын-соңды болмаған аштық жайлаған сол бір зұлматқа толы жылдың қарашасында Қозыбай ақсақалдың ортаншы ұлы Қабаштын шаңырагында сәби дүниеге келді». Портреттік-эссенің жазылу стилі қарапайым көрінгенмен, академиктің өмірлік портретін ашу, жетістігін жеткізуде мақала авторының бар шеберлігін саліаш.і көрінеді. Жалпы, осы аталған эссе көбінесе жазылу түріне қарай сын жанрларының шығармашылық портрет түріне көбірек келеді. Себебі, шыгармашылық портрет, зерттеушілеріміздің пікірінше «жазушы туралы кұжатты очерк» [93, 895-6] ,-деп аталған болатын. Бұл жанрдың ерекшелігі — негізгі объект тұлға және кез-келген жайды сөз еткенде автордың қатысынсыз жүзеге аспайды. Сондықтан, эссе жанры шығармашылық портретке, әдеби портретке де жанасады.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет