15-ОЖСӨЖ тақырыбы: Рецензия.
СӨЖ тақырыбы: Рецензияның публицистикалық сипаты №8 практикалық сабақтың тақырыбы: Аннотацияның негізгі міндеті. Тапсырмалар: Аннотация – сын жанрының ең шағын көлемдісі.
Аннотацияның ерекшелігі.
8-СОӨЖ тақырыбы: Аннотацияның негігі міндеті
СӨЖ тапсырмалары: Өздерің қалаған көркем шығармаға аннотация жазу
Есеп беру түрі: Конспектілеу
Әдебиеттер (негізгі, қосымша): 1.М.Қаратаев. Әдебиет және эстетика. А., 1970.
2. О.Сәрсенбаев. Әдеби сын және оның көркемдік қасиеті.»Қазақ әдебиеті», 1983, мамыр.
3. В.Дементьев. Критик это писатель. «Писатель и жизнь» (МГУ, 1978) 38-б.
Тоғызыншы апта №9 дәрістің тақырыбы: Әдеби сынның басқа да жанрлық түрлері. Қарастырылатын мәселе: Қазақтың әлеуметтік ой-пікрін молайтудағы ұлы тұлғалардың ықпалы
Абайдың сыны
Ыбырай сыны
Шоқан сыны
Қазақтың ұлы ағартушы демократының сыншылық ой пікірлерін шола байандаған уақытта үшеуіне тән ерекшелік анық бой көрсетеді де олардың ой пікіріне арна болған сөз өнерінің үлкен сілемі көрінеді.
Қазақтың сыншылық ойының оянып бастау шағына Шоқан, Абай, Ыбырай қоғамдық сананың үш мәнді саласы бойынша өрнекті.
Мұның өзі тарихи, сондай- ақ әдеби мәдени даму барысыенда қазақтың ағартушы демократтары нәр алған ұлы арналардың үлгі өнегесін апрдақтап қана қоймай барынша терең игере білуге, тиімді насихаттай білуге жаңа дәуірге сай.
Қазақтың әлеуметтік ой пікірін ояту жолында тарихи ұлы ұлы еңбек сіңірген Шоқан, Ыбырай, Абайлар сыншылық пікірдің алымын молайтып айтарын нақтылай түсті. Әдеби сынның басты қызметі- әдебиет пәнінде болып жатқан құбылыстар жайлы қара қылды қақ жарып шындықты айту. Бұл – әдеби сынның туа біткен, маңдайына жазылған, ешкім таласпайтын үлесі. Сын өз қызметін шындықты айтқан кезде ғана атқара алады. Ал, түрлі жағдайлардың әсерімен әдебиеттің шындығы айтылмаған жағдайда сынның да қадірі түседі, тіпті сын жоқ дегенге дейін әкеледі. Қазіргі қазақ әдеби сыны жайлы «сын жоқ» деген сияқты пікірлердің бой көрсетіп қалып жүргені де осы себептерден болса керек. Әдеби процесте болып жатқан келеңсіз құбылыстар жайлы сыншылар шырылдап айта алмаған жерлерде сынның да беделі түседі. Бұл жағдайлар әсіресе әкімшілдікпен (тоталитарлық) билеп- төстеген, түрлі пікірлердің айтылуына жол берілмеген кездер де жиі кездеседі.
Өткен ғасырдағы орыс әдеби сынында «шыншыл сын» («реальная критика») деген үлкен мектептің болғаны белгілі. Олар әдебиеттің мақсаты өмір шындығын көркем түрде көрсету болса, сын сол көркем әдебиетте шындықтың қаншалықты дәрежеде екендігін анықтауы тиіс деп білді. Бұл талаптар күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Сыншы суреткер өз шығармасында әлеуметтік өмірдің шындығынан туындап отырған мәселелерді көре алды ма, көрсе оның мәні мен маңызын бұзбай сол күйінде жеткізе алды ма, болмаса, бұра тартып жалғандыққа барды ма деген мәселелердің төңірегінде біраз тер төгендігі анық. Ал, өмірдегі шыны қайсы, жалғаны қайсы дегендерді анықтауға оның білім дәрежесі, өмірлік бағыты көмектеседі. Әйтпесе, бүгін шындық деп танылған нәрсе ертеңгі күні басқаша болуы мүмкін. М.Горький көрсеткендей, көрінген фактінің бәрі әлі шындық емес, ол- әлі піспеген шындық. Оны ой қазанына салып қайнатып, нағыз шындықты таза күйінде қорытып ала білу керек.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)