Асық ойыны
Асық ойыны - қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқай аталады. Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар, тәйке, омпы, алшы, хан (хан ату) және т.б.
Айгөлек
Айгөлек – халқымыздың ұлттық ойындарының бірі. Ойын шарты бойынша ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Олардың сандары да, жас шамалары да бірдей болулары керек. Екі топтың екеуінің де ойынды бастаушысы болады. Аралары 10-15 метрдей жерде қол ұстасып, қатарласатұрған осы екі топ біріне-бірі сөз тастап, күш көрсетіп, өнер жарыстыра бастайды. Екі жақтың ойын бастаушылары орталарынан бір қыз бен бір баланы шығарып, олардың қолына бір ақ тас, бір қара тас береді. Олар екі тасты ешкімге көрсетпей, уысына қысып тұрады да:
Сен қай қолдағы тасты қалайсың? - деп сұрайды. Бастаушылардың біреуі мен: «Оң қолдағы тасты қалаймын», - дейді, екіншісі сол жақ қолдағы тасты алады. Қайсысында ақ тас болса, сол ойын бастайды.
Бірінші топ:
Айгөлек-ау, айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек. Күші мығым, қуатты, Екпіні
желдей өршігенШепті бұзар ер керек.
Екінші топ:
Айгөлек-ау, айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек, Күші мығым, қуатты, Екпіні желдей өршіген
Саған қандай ер керек? - дейді.
Алдыңғы топ:
Айгөлек-ау, айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек, Күші мығым, қуатты, Екпіні желдей өршіген
Бізге ... (Ерсін) ер керек,
деп бір ойнаушының атын атайды.
Ол тобынан шығып, бір-екі адым ілгері басып:Айгөлек-ау, айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек. Сайысқанда саспайтын,
Самала күнге бастайтын,
... деген ер шыққан,
Топ бұзуға мен шыққам,
- деп сол жүгірген бойы қарсы топты жарып өтпек болады. Ол екпінді,күшті болса, топты жары өтіп, өзі қалаған бір қызды, не бір ер баланы жетектеп өз тобына алып келеді. Егер ол топты жарып алмаса, сол топтаөзі қалып қояды. Ендігі шақыруды екінші топ бастайды. Сөйтіп, ойынжалғаса береді. Ойында дөрекілік көрсетуге, жұптасқан жұдырықты жүгіріп келе жатқан ойыншыға қарсы қоюға болмайды. Жүгірген ойнаушыда ойын ережесін сақтауға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |