Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУ САЛАСЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ БАСТЫ МІНДЕТТЕРІ



бет3/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152
Байланысты:
Үлгілік оқу бағдарламасына нұсқаулық

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУ САЛАСЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ БАСТЫ МІНДЕТТЕРІ




Топта (сыныпта) эмоционалдық жайлылықты орнату. Балаларға жылы қабақ таныту, барлық балаға мейірімді, кешірімді болу, олардың қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне құрметпен қарауды, жетістіктеріне қуана білуді, бастамашылдығына қолдау көрсетуді, оларға сенім артуды, әр бала өзін қауіпсіз сезінуі үшін, мұнда оны жақсы көретініне, оған қамқорлық жасайтынына сенімді болуды, баланың жеке басына құрмет көрсетуді және т. б. білдіреді.
Балалардың ұлтына, әлеуметтік статусына, психофизиологиялық және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан барлығына бірдей көңіл бөлу және әділ болу.
Құбылмалы әлемде педагогтің үнемі даму, балаларды тыңдай білу, сұрақтар қою, дәлелдер іздеу, оларды сыни тұрғыдан талдау және шығармашылық эксперименттер жүргізу қабілеті маңызды. Педагогтер белсенді зерттеуші және балалармен жұмыс істеудің жаңа нысандарын жасаушы, жаңашыл және жауапты болуы тиіс.
Сапалы маңызды өзара іс-қимыл - педагогтің әр баламен жеке қарым- қатынасы, баланың іс-әрекетіне және оның пікіріне шынайы қызығушылықпен қарау, тыңдау, қолдау көрсету, балаға жылы қарым-қатынас көрсету болып табылады.
Педагог келесі функцияларды атқарады:

  • Перспективалық жоспарды және циклограмманы құрастырады,

«Баланың жеке даму картасын» толтырады;

  • ұйымдастырылған іс-әрекеттерді өткізеді;

  • таңертеңгі қабылдау, таңертеңгі гимнастика, балалар әрекетінің түрлері (ойын, шығармашылық, танымдық, эксперименттік, дербес және т. б.),серуен, жеке жұмыс ұйымдастырады;

  • балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг (бастапқы, аралық және қорытынды) жүргізеді;

  • ата-аналармен балалрды тәрбиелеу мен дамытуды ықпалдастықта жүзеге асырады;

  • білім беру ұйымдарында өткізілетін іс-шараларға қатысады; (жиналыстар, педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, конкурстар және т. б.);

  • ертеңгіліктерді, мерекелер мен ойын-сауықтарды, спорттық іс- шараларды және т. б. ұйымдастырады және өткізеді[5].

  • https://youtu.be/cLVtbT-xbWE

  • https://youtu.be/R3QfnouZ9VE

  • https://youtu.be/e1xz2WupjvU

  • https://youtu.be/JM-oCPeae-Y

Педагогтің міндеті – өзінің түсіндіруіне көп уақытбөлмей, балаларды шаршатпай, жалықтырмай, түсіндіруді балалардың өзбетінше ой елегінен өткізіп, сұрақтарға жауап табуына, қолмен жасап, зерттеп, шешім шығаруына мүмкіндік беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет