Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет51/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   152

«Диалог»


Ойынның мақсаты: жауапкершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Педагог балаларды жұптарға бөледі және оларға үй жануарлары бейнеленген карточкаларды таратады.
Балаларға үй жануарлары мен оның иесі арасындағы диалог-көріністі ойлап табу ұсынылады, онда иесі үй жануарына қалай қамқорлық жасайтынын және бұл кезде «үй жануарлары» қалай сезінетінін айтады.

Сюжеттік суреттерді қолдану арқылы педагогикалық жағдаяттарды шешу


«Балақайға ертегі көрсетеміз»
Мақсаты: өзара көмекке тәрбиелеу, досына көмек қажет болса, оған көмектесу керек деген ережені бекіту.
Балалар балақайларға көрсетететін ертегі кейіпкерлерін мүсіндейді. Бір бала мысықты мүсіндеді, ал екіншісі түлкінің мүсінін аяқтауда, ал қыз бала әтешті мүсіндей алмай отыр.
Балаларға арналған сұрақтардың үлгісі:

  • Суретте не көрдің?

  • Неге қыз бала мұңайып отыр?

  • Оған қалай көмектесуге болады?

Тәрбиеші балаларға не болғанын талқылауды ұсынады; жауаптарды тыңдап, былай деп түсіндіреді: «әрекет жасағанда бәрі бірден болмайды, сәтсіздіктер де болады. Балалардың бірі тәрбиеші көрсеткен әдісті ұмытып кетуі мүмкін. Оған мұңаюдың қажеті жоқ, өйткені, ол үйреніп жатыр, енді сендер қыз баланың достарына не істеу керектігін айтыңдар».
Сюжетті дамыту: а) жұмысын аяқтаған ұл баланың бірі қыз балаға – әтештің құйрығын мүсіндеуге көмектеседі; б) екінші бала да көмекке келді –
әтештің басын мүсіндеді. Енді қыз бала денесін аяқтайды да, айдарын жабыстырады. Содан кейін бәрі бірге ертегіні дайындайды.


«Барлығы сабаққа дайын болуы керек»


Мақсаты: өзара көмекке, досына қол ұшын беруге тәрбиелеу.
Бейнелеу студиясында кезекшілер үстелдің үстіне Жапсыру ұйымдастырылған оқу қызметіне арналған құралдарды қойып жатыр. Баланың қолындағы подностан қайшылар, қылқалам, қарындаштар жерге түсіп кетеді.
Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды: «Не болды? Бала неліктен подносты түсіріп алды?» Балалар оны нашар кезекші, ол жұмысын кеш бастағандықтан асықты деп жауап беруі мүмкін.
«Бұл жағдайда басқа балалар не істеуі керек?» - деп сұрайды тәрбиеші. Балалардың болжамды жауабы: «Кезекшілердің өздері бәрін дайындауы керек». Педагог балалардың жауаптарын тыңдап, «дұрыс айтасыңдар, кезекшілер әрқашан бәрін өздері дайындайды; бірақ осындай жағдай болғандықтан, оларға көмектесудің қажеті жоқ па? Себебі сабақты тоқтатуға болмайды» дейді.
Сюжеттің дамуы: А) кезекші қыз бала өз подносын үстелге қойып, досына көмектеседі; б) басқа бала (кезекші емес) кезекшіге шашылған заттарды жинауға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет