Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет48/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   152

«Сыпайы сөздер дүкені»


Мақсаты: белгілі бір жағдайда сыпайы сөздерді қолдана білуді қалыптастыру.
Дүкендегі сөрелерге «сыпайы сөздер» орналастырылған: алғыс айту (рахмет, алғыс білдіремін), өтініштер (өтінемін, мархабат), сәлемдесу (сәлеметсіз бе, қайырлы күн, қайырлы таң), кешірім сұрау (кешіріңіз, ғафу етіңіз, өкінішті), жылы сөздер (құрметті ана, әке, анашым, әжетайым). Педагог жағдаяттарды сипаттайды, ал балалар сөреге кезек-кезек келіп, сатушыдан өзіне қажетті сөздерді «сатып алады» және жағдаяттарды талдай отырып, оларды қолданады. 1 Жағдаят. Анаң дүкеннен дәмді алма әкелді. Сен алмалардың дәмін
татып көргің келді, бірақ анаң түскі асқа дейін күтуің керек деді. Сен анаңнан оны қалай сұрайсың?

  1. Жағдаят. Әжең шаршап демалып жатыр. Сен әжеңнің қызықты кітапты оқып бергенін қалайсың. Сен қалай әрекет етесің? Сен әжеңнен кітап оқып беруін қалай сұрайсың?

  2. Жағдаят. Анаң дүкеннен сенің сүйікті бәлішіңді әкелді. Сен өз үлесіңді жеп қойдың, бірақ әлі де жегің келіп тұр.Сен не істейсің?

  3. Жағдаят. Таңертең отбасы таңғы асқа жиналды. Сен де тұрып, жуынып, шашыңды тарап, киініп, ас үйге келдің. Сен өзіңді қалай ұстайсың? Не айтасың?



Қайырымдылық пен өзара көмекті қалыптастыруға бағытталған дидактикалық ойындар




«Менің көңіл-күйім»
Ойынның мақсаты: мейрімділікке, жақын адамның көңіл-күйін көре білуге тәрбиелеу.
Балалар кезек-кезек жылдың қай мезгілі, табиғат құбылысы, ауа-райы олардың бүгінгі көңіл-күйіне ұқсас екенін айтады.
Салыстыруды тәрбиеші бастауы тиіс: «Менің көңіл-күйім көгілдір аспандағы ақ ұлпа бұлттарға ұқсайды, сенің көңіл-күйің қандай?» деп, балаларды ойынға тартады. Ойынның соңында тәрбиеші қорытындылайды – бүгін топтың көңіл-күйі қандай: көңілсіз, көңілді, күлкілі, ызалы екенін айтады.
Қолайсыз ауа-райы, суық, жаңбыр, түнерген аспан сияқты агрессивті элементтер эмоционалды күйзелісті көрсететінін түсіндіру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет