Мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөледі, жаңа үйренген дыбыстарды анықтайды; дыбыс пен әріпті таниды,оларды бір – бірімен ажыратады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу) қолданады, түсініп оқиды; дыбыстарды дұрыс дыбыстайды, оның мағына ажыратушы қызметін түсінеді.
Көркем жазу талаптарына сай жазу жолы, жол аралығын, жолдың жоғары және төмен сызықтарын сақтап, әріптің, әріптердің өзара байланыс элементтерін жазады.