Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14.44 Mb.
Pdf просмотр
бет3/96
Дата08.01.2017
өлшемі14.44 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96
 

Абельдинова А.А, Тюлемисова Л.С. 

Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі 

 

Ертеңгі  келер  күннің  бүгінгіден  де  нұрлы  әрі  жарқын  болуына  ықпал  ететін 



адамзатты  алға  жетелер  құдіретті  күш  –  бұл    білім.  Кімнің  болмасын  өсіп-жетілуі, 

дүрбелең  дүниеде  өзіндік  орын  алуы  –  өз  елінің  білім  жүйесі  мен  оның  дамуына 

тікелей байланысты. 

Қазіргі  заманғы  қоғамда  адамнан  тек  білімді  болуын  талап  етіп  қана  қоймай, 

жоғары  деңгейдегі  мәдениет,  ғылым  мен  техниканың  түрлі  салаларында  терең 

мамандануын ғана емес қоғамда өмір сүріп, тіршілік ете білуді талап етеді. 

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  «Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан»  атты  халыққа 

Жолдауында: «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі-тиісті білім мен білік 

алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман 

болатындай деңгейге көтерілу болып табылады[1].  

Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне 

қол  жеткізуге  тиіспіз»-деген  болатын.  Осы  мақсатта  Қазақстан  Республикасының 

азаматын қалыптастыру, оның тез өзгеріп отыратын әлемде табысты білім алуға деген 

сұранысын  қалыптастыру,  бәсекеге  қабілетті  ұрпақ  тәрбиелеу  және  оқыту  басты 

мақсат  болып  отыр.  Халқымыз  ежелден  тіл  абыройын  биік  көтеріп,  «Өнер  алды 

.нағалағаб ырағож ,пыйоқ аныдла ңідренө раб ніренө зөс ,пед «літ лызықــ 

 Әдетте тіл жөнінде, тіл ырақ ара радмадаــм-қатынас жасау құралы деп, оған жай-

жадағай анықтама берілгенімен, іс жүзінде тіл тек адамдар ара қарым-қатынас жасау 

құралы ғана болып қалмастан, қайта онан да маңыздысы, ол белгілі бір ұлттың ұлттық 


 

20 


 

сана-сезімі, халықтың халықтық қасиеті, оның жалпы тарихы, әдет-ғұрпы, мәдениеті 

қатарлыларды тұтастай өз бойына қамтып жататын күрделі ұғым[2].  

Сондықтан тіл - мейлі қайсы ұлттың болмасын тарихы мен тағдырының, тәрбиесі 

мен  тағылымының,  бүкіл  халықтық  болмысының  баға  жетпес  асылы,  сарқылмас 

құнды қазынасы, ұлт рухының ұйтқысы болып келген. 

Кезінде халқымыздың «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген аталы 

сөзі дәл бүгінгі дамыған дәуірімізге сәйкес айтылғандай.  

Тарихи деректерге жүгінсек, осыдан 12 ғасырдың алдында жасаған энциклопедик 

ғалым, әлемде Аристотелден кейін екінші аға ұстаз аталған ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-

Фараби бабамыз өз өмірінде 70  - ке жуық ұлттың тілін жеттік білгендіктен, артына 

мәңгі өшпес мол рухани құнды мұра қалтырып кеткендігі анық. 

Көптілді меңгерген адам әуелі өз тілінде ой қортып, туған халқына өнеге болып, 

өзге  жүртпен  бәсекеде  ырықты  орынды  иелеп,  сан  мәдениетті  санасына  салып 

сараптай  алса,  онда  ол  өз  өмірін  қалайда  мағыналы  өткізетін  айтулы  тұлға  болып 

жетілері қақ. 

Бүгінгі таңда елімізде «Көптілділік» мәселесі көкейкесті мәселелердің бірі болып 

саналады. Елбасымыз сол үшін де тілдердің үштұғырлылығын міндеттеп отыр. 

Бұл  ұғымға  жалпылама  тоқталсақ  көптілділік,  белгілі  бір  әлеуметтік  ортада, 

мемлекетте  бірден  үш,  одан  да  көп  тілде  сөйлей  білушілік.  Көптілділіктің  үштілді 

меңгеру дәрежесі сол адамның немесе бүтіндей халықтың өмір сүрген тілдік ортасы, 

әлеуметтік,  экономикалық,  мәдени  өмірі,  тұрмыс-тіршілігі  секілді  көптеген 

факторларға  байланысты.  Көптілді  оқыту  білім  берудің  қоршаған  әлемде  болып 

жатқан үдемелі өзгерістерге бейімделгіштігін күшейтетін лингвистикалық біліктілігі 

жоғары  дамыған,  бәсекеге  қабілетті  жастардың  қалыптасуына  септігін  тигізетін 

тұжырымдамалық тұрғыдан жаңа үлгісін құруды көздейді. 

 Осы орайда үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) бірдей оқытуды білдіретін көптілді 

оқыту бағдарламасының бірегейлігін атап өту керек. 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа 

Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени 

жобасын кезеңмен іске асыруды қолға алуды ұсынды. «Қазақстан бүкіл әлемде халқы 

үш  тілді  пайдаланатын  мәдениетті  ел  ретінде  танылуға  тиіс.  Бұлар:  қазақ  тілі  - 

мемлекеттік  тіл,  орыс  тілі  -  ұлтаралық  қатынас  тілі  және  ағылшын  тілі  -  жаһандық 

экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» атап көрсетілді. 

Көптілділік мәселесі – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған 

көкейтесті мәселелердің бірі. Бұл ұғымға жалпылама тоқталсақ… көптілділік, белгілі 

бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, одан да көп тілде сөйлей білушілік.  

Көптілділіктің үштілді меңгеру дәрежесі сол адамның немесе бүтіндей халықтың 

өмір сүрген тілдік ортасы, әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірі, тұрмыс-тіршілігі 

секілді  көптеген  факторларға  байланысты.  Кез-келген  қоғамда  азаматтық  пен 

ұлтжандылыққа тәрбиелеудің негізгі факторлары өз елінің тіліне деген құрмет болып 

табылады.  Бала  тілді  неғұрлым  ерте  жастан  үйренсе,  соғұрлым  ол  оны  жеңіл 

меңгереді. 

Қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болғаннан бері оның аясы кеңіп, қазақ тілін 

дамыту,  оның  саяси,  мәдени,  жалпы  білім  беру  сияқты  қоғамдық  өмірдің  барлық 


 

21 


 

саласына енгізу мен қолдану ісі жолға қойылды, мемлекеттік мекемелерде тілді (қазақ 

тілін)  оқыту  ісі  жанданды.      Жоғарғы  оқу  орындарында  келешек  маман  ретінде 

студенттерді  ортада  сөз  сөйлей  алатындай  дәрежеге  жеткізуге,  қызмет  мәселелерін 

шешу арқылы еркін тілдік қатынасқа түсуге үйрету оқытудың өзекті жағына айналса, 

мектептерде  оқушылар  күнделікті  өмірде,  тұрмыста  тіл  игерімдерін  мемлекеттік 

стандартқа сәйкес меңгеруі баса назарда болды және болады да.  

Жаппай көптілділіктің негізгі іргетасы мектепте қаланатыны сөзсіз. 

Жалпы ортада көптілділіктің дамуы мемлекеттің дамуымен тікелей байланысты. 

«Осы  тұрғыда  ең  маңызды  істің  бірі  –  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартын 

оқушыларға меңгерте отыра, оларды көптілді тұлға ретінде қалыптастыру»[3]. 

Бүгінгі  күні  «көпмәдениетті  тұлға  үш  тілді  күнделікті  қарым-қатынас  пен 

болашақ мамандығына бейімделген шеңберде меңгерген және кәсіби саладағы әлемдік 

жетістіктерге ұмтылып, өз еліндегі өнімнің сапасын әлемдік деңгейге көтеруге және 

одан әрі асыруға үлесін қоса алатын тұлға» екені анықталған. 

Демек, көптілдік - көпмәдениетті тұлға тәрбиелеудің негізгі шарты деген сөз.  

Көптілдік адамның өзіне ғана емес, қазақстандық қоғамға пайда әкелуіне назар 

аударғанымыз қажет. Бұл орайда патриоттық тәрбиені күшейту мәселесі өзекті болып 

табылады.  

Өзге  тілді  үйреніп,  басқа  мәдениетті  білумен  қатар,  жас  ұрпақтың  өз  елінің 

құндылықтарын биік ұстауына бүгінгі мектептің жауаптылығы барынша күшті. 

Тәрбиелеу мен оқыту жүйесінде көптілдік білім берудің мақсаттары мен міндеттері ҚР 

Үкіметінің 2012 жылдың 25 маусымындағы № 832 қаулысымен бекітілген «Мектеп 

оқушыларының фукционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға 

арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары» міндеттерімен астасады.  

Бұлар- Елбасының білім саласын жаңарту туралы бастамаларын іске асырудағы 

маңызды тетіктерінің бірі әрі ол – білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары болып 

табылады.  

Жеке  тұлғаның  әлеуметтік,  мәдени,  саяси  және  экономикалық  қызметтерге 

белсене араласуы және өмір бойы білім алуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман 

ағымына  қарай  ілесіп  отыруы,  адамның  мамандығына,  жасына  қарамастан  үнемі 

білімін жетілдіріп отыруы деген ұғыммен ұштасады. 

Көптілділік,  яғни  тілдердің  үштұғырлығы  туралы  бастамашылдық  Қазақстан 

халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында ресми түрде мәлімделген екен.  

Бұның  негізі  -  мемлекетіміздің  әлемдік  қоғамдастыққа  енуі  мен  адамзаттың 

өмірлік қажеттіліктері. Дамыған әлемдік тілдер ішінде ағылшын тілі ел мен халықтың 

коммуникациялық және интеграциялық қабілеттерін кеңейтетін тіл ретінде таңдалды. 

Президент  2007  жылы  «Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан»  Жолдауында  «Тілдердің 

үштұғырлылығы» мәдени жобасын кезеңді жүзеге асыруды бастауды ұсынды. 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңартуға сәйкес мектеп жасына 

дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін дамытуға және терең білім беруге, соның 

ішінде  тілді үйрету  мүмкіндіктерін  кеңейтуге  ерекше  назар  аударылады.  Білім  беру 

саласына  үш  тілге  үйретуді  енгізу  қазіргі  кезеңде  мектепке  дейінгі  ұйымдардың 

міндеттерінің бірі болып табылады. 



 

22 


 

Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік 

жалпыға міндетті стандарты «Қатынас» білім беру саласында мектепке дейінгі ұйым 

педагогтерінің алдына қойылған міндет - тілдің негізгі құндылықтарын меңгерген, ана 

тілінде және өзге тілде әлеуметтік-мәдени қарым-қатынасқа дайын, сөздік және сөздік 

емес құралдардың көмегімен қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға қабілетті көп 

мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу деп көрсетілген. 

Сонымен,  әр  білім  беретін,  балаларды  тәрбиелейтін  мекеменің  басты  міндеті  - 

Қазақстанның жаңа азаматын тәрбиелеу болуы тиіс. Сондықтан кішкентай жасынан 

бастап, балабақшаға келген күндерінен бастап балалардың шетел және басқа тілдерге 

қызығушылықтарын арттырып, үштілділік арқылы тәрбиелеу керек.  

Мектепке  дейінгі  жастағы  балаларға  қазір  бес  тіл  болсын,  он  тіл  болсын, 

жақсылап үйретсе, меңгеріп кетеді. Балаларды бір тілмен шектеу – дұрыс емес. Сол 

үшін,  ең  болмағанда,  үштілділікті  кішкентай  жасынан  бастап  жетілдіруіміз  керек. 

Сонда ғана балалар тілді табиғи түрде тез меңгереді.  

Қазіргі  балаларға  білім  алуға  барлық  жағдай  жасалынған.  Олар  бүгін  жақсы 

оқыса,  көптілді  меңгерсе,  келешекте  Қазақстанымыздың  өркениетті  дамуына  өз 

үлестерін қосады, дүниежүзін шарлайды.  

Елбасымыздың  үштілділік  жоспарын  іске  асыру  мақсатында  мектепке  дейінгі 

білім  беру  ұйымдарында  балалардың  ана  тілге  деген  сүйіспеншіліктерін  арттыру, 

орыс, ағылшын тілдерін жетік білуге баули отырып, еске сақтау, мінерлеп оқу, әдемі 

сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыруының мақсатына қойылып отыр.  

Үштілділік  –  қоғамды  топтастыратын  таңғажайып  мүмкіндік.  ҚР  білім  беруді 

дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында 2020 жылға балалардың 

мектепке  білім  алуға  дайындығының  жоғары  болуын  қалыптастыру  оларды  жастай 

оқуды әлеуметтенуін қамтамасыз ету деген міндеттер қойылған[4.]. 

Елбасы  «Қазір  біз  балаларымыз  қазақ  тілімен  қатар  орыс  және  ағылшын 

тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз»- деп, 

осы мәселеге орай белсенді түрде іс жүргізу қажеттігін белгілеп берді. 

Сондай-ақ  Ұлт  көшбасшысы  дарқан  даламыздың  ер  ұрпағының  ана  тілі  –қазақ 

тілінің мәртебесін бір сәт төмендеткен емес. 

Ешкім  өзгерте  алмайтын  бір  ақиқат  бар.  Ана  тіліміз  Мәңгілік  Елімізбен  бірге 

Мәңгілік тіл болады! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз 

жөн, -деген сүбелі сөзі баршаға аян.[3] 

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 

стандарттарының  талаптарына  жүгінсек,  бүгінгі  мектеп  түлегі  –  көптілді 

коммуникативтік  және  ақпараттық  құзыреттілігі  дамыған,  көпмәдениетті,  рухани-

адамгершілік, ұлтаралық қатынастар мәдениетінің жоғары деңгейін меңгерген, қазақ 

елінің  және  жалпықазақстандық  құндылықтарды  қастерлейтін,  тілдерді  меңгеруге 

тұрақты  қызығушылық  танытатын,  отансүйгіштік  және  азаматтық  сана-сезімдері 

дамыған тұлға.  

Көптілділік,  мультилингвизм,  полилингвизм  –  нақтылы  коммуникативтік 

жағдайдың әсер етуімен белгілі бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, одан да 

көп  тілде  сөйлей  білушілік.  Мұның  өзі  жеке  адамның  (индивидумның)  көптілділігі 

және ұлт пен ұлыстың көптілділігі болып бөлінеді.  


 

23 


 

үш тілді меңгеру дәрежесі сол адамның немесе бүтіндей халықтың өмір сүрген 

тілдік  ортасы,  әлеуметтік,  экономикалық,  мәдени  өмірі,  тұрмыс  -  тіршілігі  секілді 

көптеген  факторларға  байланысты.  Ұлттық  құрамы  бірыңғай,  бір  ғана 

этносмекендейтін мемлекетте көптілділік сирек.  

Кейінгі кезде шет тілін үйренуге ден қойыла бастағандықтан, қазақтар арасында 

да  көптілділік  көбейіп  келеді.  Бүтіндей  ұлт  пен  ұлыстың  көптілділікгі  – 

социолингвистердің зерттеу нысаны боларлық күрделі құбылыс.  

Жаппай  көптілділік  жағдайында  коммуникативтік  формалар  (диалектілер,  әр 

алуан жаргондар, жеке тілдер) өте күрделі қолдану иерархиясын құрайды.  

Оларға мыналар жатады: 

1) тар локалды шағын топ арасындағы қатынас (үйішілік тіл); 

 2)  топаралық  тұрмыспен  байланысты  локалды  қатынас  құралы  (мыс.,  Азия  мен 

Африканың көп ұлтты елдеріндегі “базар” тілі);  

3) билік жүргізетін әкімшілік (немесе ұлт) тілі;  

4) көп ұлтты аймақтың ресми тілі; 

 5) мемлекеттік тіл (немесе халықаралық байланыс тілі).  

Егер  бастапқы  екеуі  ресми  қатынас  құралы  болмай,  тек  ауызекі  сөйлесу  тіліне 

жатса,  соңғы  үшеуінің  атқарар  қызметі  жан  -  жақты.  Олар  –  жалпы  халыққа  ортақ 

қарым - қатынас құралы, білім мен ғылымның, ақпарат пен баспасөздің, әдебиет пен 

мәдениеттің тілі. 

Көптілділік билингвизмнен (қостілділіктен) бастау алады. Көптілділік үшін тілдің 

қолдану  мәртебесінің  жан  -  жақты  болуы,  қажеттіліктің  қалыптасуы,  сондай  -  ақ 

тілдердің туыстығы (генетик. және типол. жақындығы) шешуші рөл атқарады.  

Халқымыз ежелден тіл абыройын биік көтеріп, әдетте тіл жөнінде, тіл ــ адамдар 

арасында  қарым  -  қатынас  жасау  құралы  деп,  оған  жай  -  жадағай  анықтама 

берілгенімен, іс жүзінде тіл тек адамдар арасында қарым - қатынас жасау құралы ғана 

болып қалмастан, қайта онан да маңыздысы, ол белгілі бір ұлттың ұлттық сана - сезімі, 

халықтың  халықтық  қасиеті,  оның  жалпы  тарихы,  әдет  -  ғұрпы,  мәдениеті 

қатарлыларды тұтастай өз бойына қамтып жататын күрделі ұғым 

Елбасымыз сол үшін де тілдердің үштұғырлылығын міндеттеп отыр. Көптілділік 

мәселесі  –  Қазақстан  үшін  ғана  емес,  бүкіл  әлемнің  алдында  тұрған  көкейтесті 

мәселелердің бірі, себебі, жаһандандыру және киберкеңестікке шыққан заман тілдерді 

білуді  талап  етеді.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Назарбаев 

Қазақстан 

халықтары 

Ассамблеясының 

 

 

сессиясында: 



«Қазақстандықтардың  жас  ұрпағы  кем  дегенде  үш  тілді  білулері  тиіс:  қазақ,  орыс, 

ағылшын тілдерін еркін меңгерулері қажет»- деп, Еуропадағы мектеп түлектері мен 

студенттерінің  өзара  бірнеше  тілде  еркін  сөйлесулері  қалыпты  жағдайға 

айналғандығын  атап  өтті.  Кем  дегенде  үш  тілді  меңгеру  -  заман  талабына  айналып 

отырған қажеттіліктердің бірі.. 

Сонымен,  әр  білім  беретін,  балаларды  тәрбиелейтін  мекеменің  басты  міндеті  – 

Қазақстанның жаңа азаматын тәрбиелеу болуы тиіс.  

Сондықтан  кішкентай  жасынан  бастап,  балабақшаға  келген  күндерінен  бастап 

балалардың  шетел  және  басқа  тілдеріне  қызығушылықтарын  арттырып,  үштілділік 

арқылы тәрбиелесек нұр үстіне нұр болар еді. 



 

24 


 

 

Қолданылған әдебиеттер 



1. Солташұлы Ы. Заман Талабыــ көптілді болу. // Ақиқат. 26 қараша- 2012 ж. № 11. 14-

15 б. 


2.  Жаминова  Р.Ж.  Модульдік  оқыту  технологиясын  қолдана  балалардың  тілдік 

құзыреттілігін қалыптастыру. // Мұғалімнің кәсіби дамуы: дәстүрлері мен өзгерістер.ІІ 

халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. ІІ том. Астана-2012 ж. 115 б. 

3. Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению,2-е изд. – 

М.: Просвещение, 1991. – 116 б. 

4. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған 

мемлекеттік бағдарламасы. 

 

 



 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ   БАЛАЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕЛЕУ 



 

Абельдинова А.А, Жекенова Б.О. 

Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі 

 

Қазіргі  таңда  қоғам  өзгерісіне  байланысты  әлеуметтік  мәселердің  ішіндегі  ең 



өзектісі     мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі  балалар  тәрбиесі болып келеді.  

Мектепке дейінгі білім алу мекемесіндегі ұлттық тәрбие –қазақтың елдігінің мәселесі. 

 Ұлттық    тәрбие  -қазақ  ұлттының  болашағы,үміт  артқан  ертеңі,  жас  жеткіншекті 

тәрбиелеу  деп айтамыз. 

Мектепке  дейінгі  мекемелердегі  тәрбиеленушілерді  –    оқу  мен  тәрбиесі 

балалардың  даму  ерекшелігін  есепке  алатын  және  оның  кемшіліктерін  жоюға 

барлығынша көмектесу болып табылады..   

Құбылып  тұрған  әлеумет  жағдайына  қарап,  тәрбиеленушілерді  жақсы  өмірге 

дайындау  үшін,  мектепке  дейінгі  білім  алу  мекемелерінде  тәрбиелеу  және  түзете 

отырып дамыту кеңістігін ұлттық тәрбие арқылы құрылуда. 

 М.Жұмабаев  айтқандай:  “Тәрбие-қиын  іс,  тәрбиеге  жағдай  жасау-ең  әуелгі 

борыштарының бірі. Өйткені, өзіңді және жақындарыңды білімді етуден маңызды еш 

нәрсе жоқ.” 

Мектепке  дейінгі  білім  беру    мекемелеріндегі  оқу-тәрбие  және  ұйымдық-

әдістемелік 

жұмыстарды 

әдіскер,тәрбиеші,педагог-дефектолг, 

педагог-


психолог,музыка  жетекшісі,дене  шынықтыру  жөніндегі  инструктор,мединциналық 

мейірбике  балалардың  дамып  жетілулеріне  байланысты  тәрбиелік  жұмыстарын 

жүргізеді. 

Осы  бағытағы жұмыстың тәрбиелік құндылықтарын  ұлттық тәрбие саласында 

жүргізу болып келеді. Келесі құндылықтар мен құрылғыларды  ұлттық тәрбие арқылы 

өндіру жолдарын қарастырайық:  

Адам  құндылықтарының  қалыптастыруы;  әртүрлі  көзқарас  пен  сенімділіктерге 

демократиялық  ұстанымның  болуы;  белсенді  азаматтық  ұстанымның  қалыптасуы; 



 

25 


 

қоғам құндылықтары және қоғам міндеті санасында қалыптасуы; балалар үйі, сыны, 

мектеп, қаланың қоғамдық өмірінде қатысуға дайындық[1].  

Қазақстан және туған жер аймағының тарихын білу; мемлекеттің құрылуы және 

дамуы;  ҚР  азаматтарының  саясаттық  құқықтары  мен  міндеттерін  білу;  саяси 

партиялардың ролі; ҚАЖ адам мен қоғам өмірінде; тұрғылықты және Республикалық 

деңгейде ҚР басқарма структурасын білу.  

Тарихи деректерді әділетті бағалау және талдау; тарихи және саясат процестерін 

өз бетінше бақылау, өз өмірлік ұстанымын белгілеу; саясат деректерді әділ бағаланған, 

талданған  мәселені,  қабылданған  шешімдерді,  бір-бірімен  байланысуына  берілген 

анализ  бойынша  баға  беру;  жеке  тұлғаның  рухани  байлығын  қабылдау  және  оны 

өмірде  қолдану;  өзінің  және  қоғам  игілігі  үшін  қоғам  өміріне  белсенді  қатысу,  заң 

нормаларының әралуандығына, қазіргі заман адамдарына ұсынылатын, өз бетімен жөн 

табу;қоғам және мемлекет өміріне белсенді қатысу; Отаның қорғауға дайындық; жеке 

адамды құрметтеу, басқа адамды жеке тұлға ретінде, өз таңдауын жасауға құқылы деп 

қабылдау.  

Азаматтық  және  патриотизмді  тәрбиелеу,  Отаны  –  Қазақстан  Республикасын 

сүюге,  мемлекеттік  рәміздерді  құрметтеу,  халқымыздың  салт  –  дәстүрін  құрметтеу. 

Саясат  мәдениетінің  қалыптасуы.  Этнопедагогика.  Құқықтық  саланың  қалыптасуы, 

азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.  

Адамгершілік дүние танымын қалыптастыру; өз халқының және басқа елдердің 

салт-дәстүрлерін  зерттеуге  қызығушылықтарының  қалыптасуы;  адам  өмірінде  және 

қазіргі  қоғамда  рухани  құндылықпен  мәдениетінің  қажеттілігін  ұғыну;  этика  мен 

эстетиканы  білу  қажеттілігін  ұғыну  болып  табылады.  Бала  ата-ананың  қамқорлығы 

мен  махаббатына,  олардың  қарым-қатынасы  мен  еркеліктеріне  мұқтаж.  Ата-ананың 

балаға  деген  махаббаты  мен  олардың  қамқорлығы  баланың  да  жауапты  үн  қатуын 

шақырады,  бала  ата-ананың  сөзіне  құлақ  салып,  тәрбиелі  болып  өседі.  Егер  бала 

махаббат  пен  қамқормен  бөленсе,  ол  өзінің  қандай  екеніне  қарамастан  жақсы 

көретінін,  өзгелер  үшін  қажетті  де,  сүйікті  жан  екенін  түсінсе,  ол  өзін  қорғанған, 

біреуге  қажеттілігін  түсінеді.  Осының  бәрі  оның  мейірбан  болып  өсуіне  жақсы 

ықпалын тигізеді. 

Адамгершілік  тәрбиесінің  маңызды  заңдылығы  балаларды  ұжымда  тәрбиелеу 

заңдылығы.  Ұжым  –  бұл  баланың  жеке  басын  қоғамдық  бағытта  қалыптастыру 

мектебі.  Мұнда  оның  жеке  қасиеті,  қабілеттілігі  және  адамгершілік  сапалары 

неғұрлым  айқын  көрінеді.  Адамның  адамгершілік  тазалығы  ең  алдымен  оның 

әрекетінде  көрініс  табады.  Ұжымда  бала  өзінің  білімін,  айналадағы  дүниеге,  іс-

әрекетке  көзқарасын:  көмек  көрсетуге,  нәтиже  шығаруға,  құрбыларына  қамқорлық 

жасауға, рахымдылыққа, қарапайымдылыққа, еңбек етуге ұмтылуын көрсете алады.  

Ұжымда  тәрбиелеу  заңдылығы  тәрбиешілерді  әр  баланың  мінез-құлқына  ізгі 

ықпал жасауы үшін балаларды бірлесіп қызмет жүргізудің алуан түрлеріне біріктіруді 

міндеттейді.  Бұл  заңдылықты  іс  жүзінде  қолдану  тәрбиешінің  мейірімділікті 

балалардың  жеке  ерекшеліктерін,  адамгершілік  тәжірибесін,  дамуы  мен 

мүмкіншіліктерін ескере отырып талап қоя білумен ұштастыра білуінен көрінеді. 

Мұның өзіолардың ұсыныстарын, идеялары мен ұмтылыстарын басып тастамай, 

адамгершілік  мінез-құлықтың,  тәртіптіліктің  негізін  қалыптастыруға,  топта 


 

26 


 

орнатылған  тәртіпті  құрметтеуге  мүмкіндік  береді.  Өз  кезінде  тәрбиешіден 

ұстамдылық,  шыдамдылық,  орынды  қатаңдық,  тәрбиеленушілерге  құрметпен 

қараушылық  талап  етіледі.  Сезімге,  санаға  және  мінез-құлыққа  ықпал  жасау  бірлігі 

заңдылығы  жеке  адам  дамуы  үдерісінің  біртұтастығы  ұғымынан  туады.  Ол 

адамгершілік тәрбие құралдары мен әдістерін таңдап алуда кешенді қатынасты талап 

етеді.  

Тәрбиелік ықпал жасаудың мазмұнын белгілей отырып, ол балада эмоциялық әсер 

тудыра  ма,  түсінікті  бола  ма,  айналадағы  өмір  құбылыстары  туралы  белгілі  бір 

ұғымдарды, сондай-ақ іс-әрекет түрткілерін қалыптастыра ма, саналы мінез-құлыққа 

тәрбиелей  ме  деген  мәселелерді  ескерген  жөн.  Балалар  бақшасында  және  жанұяда 

балаға  қойылатын  талаптардың  жүйелілігі,  бірізділігі  және  бірлігі  мінез-құлық 

дағдыларын  бекем  меңгеруді,  баланың  жеке  басының  адамгершілік  қасиеттерінің 

қалыптасуын қамтамасыз етеді. 

Атақты  педагог  Сухомлинский;  «Бала  кезде  үш  жастан  он  екі  жасқа  дейінгі 

аралықта  әр  адам  өзінің  рухани  дамуына  қажетті  нәрсенің  бәрін  де  ертегіден 

алады.Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау 

дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа 

да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. 

  

Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балағарухани ляззат беріп, қиялға қанат 



бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани 

азық«, деп атап көрсеткен.Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-

міндеттерінің  ең  бастысы  —  өзінің  ісін,  өмірін  жалғастыратын  салауатты,  саналы 

ұрпақ тәрбиелеу. 

Ұрпақ тәрбиесі— келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты 

жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени— ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің де 

қоғам алдындағы борышымыз. 

Әлемнің ғылыми суреті туралы; өз халқының және өзге ұлт халықтарымен салты 

мен дәстүрі; адам және қоғам өміріндегі рухани мәдениет; этикалық норма және өзін -

өзі ұстау ерөз халқының және өзге ұлт халықтарының мәдени салттарын құрметтеу 

(саяси мәдениетті тұлға); рухани құндылықтарға құнтты қарау; мәдени және рухани 

жетілу; берілген мәдени орталығы шегінде жұмыс істей білу; басқаларды ести және 

тыңдай  білу;  әңгімеде  интелегенттікті  ұстану;  қазіргі  адамға  ұсынылып  отырған 

құндылықтар мен нормалар көптігінде өз бетімен бағдар алу; ауызша және жазбаша 

тіл мәдениетін білу.  

Мұның  бәрі  баланың  жеке  тұлға  ретінде  дамуына  қажетті  көркемдік  ,ізгілік 

қасиеттерін  бойына  жинауда  халықтың  рухани  мұрасының  құндылығын  қуаттайды.        

Қазіргі таңда әрбір жеке тұлғаның бойындағы қасиеттерін дамытып,қалыптастыруға 

аса мән беріліп отырғаны белгілі. Әсіресе ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан 

салт-дәстүр,әдет-ғұрыптар  арқылы  балалардың  жеке  бас  бас  қасиетін  дамыту 

баршынша көңіл бөлінгенін аңғарамыз.[2]. 

Бүгінгі  бала  –  ол  ертеңгі  қоғам  иесі.  Сонымен  қатар,  балалардың  дара 

ерекшіліктеріне  байланысты    тәрбиеленудің  ең  алғашқы  сатысынан  бастап  оларға 

саналы тәрбие беру,оған ұлттық мағына бере келіп,ақыл-ойы дамыған салт-дәстүрін 

білетін  баланы  тәрбиелеп  шығару-халықтың  тәлім-тәрбиесі  түрлерін  көбірек 


 

27 


 

насихаттап,ұрпақ  бойына  ізгілік,адамгершіліктің  жақсы  қасиеттерің  жүрегіне 

ұялатсақ,олардың өз тіліне, Отанына,дініне, халқына деген сүйіспеншілігі артып, өз 

елінің әдет-ғұрыптарын бойына аздап болса да сіңіруі сөзсіз. 

С.Қалиев,  М.  Оразбаева,  М.  Смайлова    «Қазақ  халқының  салт-дәстүрлеріне» 

тоқтала  отырып,үш  жақты  көрсетті:  ол  ұлттық  сезім,  ұлттық  салт-дәстүрлер  және 

ұлттық  мінез.  Осы  үш  бірлік  ұлттық  мәдени  ерекшіліктің  шартты  белгілері  болып 

табылады. 

Ұлттық  сезім  дегеніміз  -  баланың  туған  жеріне,  өскен  еліне,ана  тіліне,ұлттық 

салт- дәстүрлерге     деген сүйіспеншілігін білдіреді. 

Ұлттық  сезім  баланың  жеке  басының  бір  іске    қанағаттануына  ,шаттануына 

немесе риза болуына, немесе қанағаттанбауына байланысты ой-қиял,әсер түйсігін тіл 

арқылы өзгелерге жеткізіледі.  

Ұлттық  салт-дәстүріміздің  туы  ұлттың  ұлт  болып  қалыптасуына  байланысты 

екенін айтып өткеніміз жөн. 

Ұлттық мінез-құлыққа тоқталар болсақ,ақыл-ойы кем балаларға сана-сезімдерінің 

қабылдауы. 

 Балаларға  ұлттық  тәрбие  бере  отырып,ұлының  ұлағатты,қызының  инабатты  болып 

есейіп ер жетуі біздер үшін әрі қуаныш, әрі мақтаныш. Тал бойынан үлгі өнеге, тәлім-

тәрбие көргендігі көзге ұрып тұрады[3].  

Аға-әкпелеріміз  үлкенді  сыйлап,  кішіні  аялап,  өз  қамқорлығына  алып  жүреді. 

«Қызға  қырық  үйден  тию»  демекші,  қатаң  тәртіптегі  шолпысы  шылдырлап,күлкісі 

сыңғырлап  қана  ақырын  естілетін  қыздар,  ою-өрнектерін  салып,кестелерін  тігіп, 

құрақтарын құрап өнегелі болса,жаман болар ма еді. Ұлдар болса ата ұлағатынан үлгі 

алып,үй шаруасын жүргізіп,басқаруға икемдене бастаса,жаман болар ма? 

Ал  енді  өзіміздің  XXI  ғасырлық  жастарымызға  көз  жүгіртсек,  Шортанбай 

Қанайұлының айтқанындай:  

Бұл асылық асқан заманда 

Баласы кетті тыюдан. 

  

Қазіргі  жастар  үлкенді  сыйлап,кішіге  құрмет  көрсетуден  жұрдай,  ата  –анасын 



қадірлеу  дегенді  атымен  білмейді.  Осы  балалар  ертеңі  өздері  де  әке  болып,  шеше 

болып, тастанды балалар санның көбейтсе ше? . 

Қылт  етсе,  егісіп,  тайталасып  шыға  келеді.  Одан  қалса,жоқтан  жағаласып,жерден 

алып,жерге  салатын  әдеті  тағы  бар.    Бұрыңғы  кездегі  үкісін  үлбіретіп,қос  етек 

көйлеген  әпкелеріміздің  сыпайы  жүріс-тұрысынан,  байсалды  іс-әрекетінен  кісіге 

көрсеткен  сый-құрметтері,әдепті  көзқарастары  бірден  аңғарылушы  еді.  Ал  бүгінгі 

қыздарымызда бір тамшы кішпейілділіктің ұшқыны қылаң бермейді. Киім киістері де, 

сөз  саптаулары  да  өрескел.  Өзін-өзі  ұстау,үлкендерден  қаймығу  дегенді  ұмытқан, 

мінездері жеңілтек, ұшып-қонған көбелектей еркін, жүрістері де ашық - шашық. 

Сонымен қатар,салмақты да сабырлы,аз сөйлеп,көп іс тыңдыратын серілеріміз де 

бүгінгі  таңда  серілігін  жоғалтқан.  Мектепке  дейінгі  білім  алу  мекемелері 

тәрбиеленушілеріне ар , ұят, ынсап деген адамгершілік туралы сөздерді, терең сіндіріп, 

ұзаққа  бойлап,ақыл-ой  өлшеміне  салып  салмақтайтын  да  тәрбиеші.  Бала  тәрбиесіне 

көп  көңіл  бөліп,үздіксіз  жұмыс  арқасында  ,қазіргі  таңда  балалар  үйінің 

тәрбиеленушілері істерін орнықты,жұмыстарына тиянақты елімізді де, тәрбиешілерді 


 

28 


 

де,ағайын-жұртымызды  да  көкке  көтеріп,  мерейін  өсіріп,қадір-қасиетін  білетін 

қаншама ұл,қызларымыз, ақылды, парасатты жастарымыз бар десеңізші?! 

Ендіше,  саналы,  сауатты  халқымыздың  барлық  салт-дәстүрлеріне  де,әлем 

мәдениетіне де қанық, ел тізгінін берік ұстай білетін ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі барлық 

мұғалім тәрбиешінің басты парызы. 

Жағымсыз  жақтарымызды  көрсетпей,оны  болашақта  қайталамауға,сонымен 

бірге,  түзетуге  тырысуымыз  керек.  Еліміздің  кемел  келешекте  өсіп,өркендеуі  мен 

гүлднеуі  біздер,  жастардың  қолында.  Мектепке  дейінгі  білім  беру  мекемелерінде 

тәрбиеленушілеріне елі мен жерін,тілі мен дінін,халқы мен салтын шексіз сүюіне де 

қадірлеп,қастерлеуіне де тәрбиелейтін,әсер ететін де тәрбиешілер. 

Мектепке  дейінгі  білім  беру  мекемелеріндегі    міндеттердің  бірі  ретінде,  жеке 

адамның шығармашылық,рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен 

салауатты  өмір  салтын  берік  негіздерін  қалыптастыру,  жеке  басының  дамуы  үшін 

жағдай жасау арқылы интеллектіні байыту - деп көрсетілген.  

Бүгінгі  таңда    мектепке  дейінгі    балаларды  ұлтық  тәрбие  арқылы  тәрбиелеу, 

көпшілікпен, ұжымдық, тәрбиешілерге міндеттеледі.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 



1.

 

Педагогикалық сөздік. Алматы,1999ж 



2.

 

Болдырев  Н.И.  Мектептегі  тәрбие  жұмысының  методикасы.  Алматы:  Мектеп, 



2007 ж 

3.

 



Майғанова Ш., Нысанбаева Г. Тәрбие хрестоматиясы , «Ғылым» ғылыми баспа 

орталығы , Алматы, 2009 ж. 

4.

 

С.Қалиев,  М.  Оразбаева,  М.  Смайлова    «Қазақ  халқының  салт-дәстүрлеріне», 



2011ж. 

 

 



ЗНАЧЕНИЕ СЕНСОРНОГО ВОСПИТАНИЯ ДЕТЕЙ С НАРУШЕНИЕМ ЗРЕНИЯ 

В ПРОЦЕССЕ ОЗНАКОМЛЕНИЯ С ОКРУЖАЮЩЕЙ ПРИРОДОЙ 

 

Абенова Акку Кенесовна 



Тифлопедагог 

КГКП детский сад «Ертөстік» 

Турлыбекова Гульжазира Кантарбаевна 

Кандидат биологических наук, доцент кафедры зоологии 

Карагандинский государственный университет им Е. А. Букетова 

 

Сенсорное  воспитание  –  это  целенаправленное  педагогическое  воздействие, 



обеспечивающее  формирование  чувственного  познания  и  совершенствование 

ощущений  и  восприятий.  Целью  сенсорного  воспитания  является  формирование 

сенсорных  способностей  детей  с  нормальным  и  нарушенным  зрением. 

Содержание  сенсорного  воспитания  включает  знакомство  с  цветом,  величиной, 

формой,  вкусом,  фактурой,  тяжестью,  звучанием  предметов,  с  ориентировкой  в 

пространстве.     



 

29 


 

Основное  содержание  сенсорного  воспитания  детей  с  нарушением  зрения  в 

детском  саду  –  это  ознакомление  детей  с  сенсорными  эталонами  и  обогащение 

способами обследования свойств  предметов и объектов окружающего мира. 

Сенсорные эталоны  это общепринятые образцы каждого вида свойств и отношений 

предметов. В качестве сенсорных эталонов цвета выступают семь цветов спектра и их 

оттенки  по  светлте  и  насыщнности,  в  качестве  эталонов  формы  –  геометрические 

фигуры (круг, квадрат, треугольник и др.) Эталоны не существуют отдельно друг от 

друга,  а  образуют  определенные  системы,  например:  спектр  цветов;  шкала 

музыкальных  звуков;  система  геометрических  форм;  система  запахов,  вкусовых 

ощущений;  качества  предметов  и  объектов;  величина;  пространственные 

представления и т.д. 



В младшей группе: 

 



накопление знаний и формирование приемов четких представлений об эталонах 

(цвете, форме, величине, пространственном расположении); 

 

обогащение  словаря  и  развитие  образной  речи  на  основе  предметной 



соотнесенности слова. 

В средней группе: 

 



формирование  приемов  целенаправленного  восприятия  (алгоритмизации  по 

плану-символу); 

 

обучение  детей  на  полисенсорной  основе  с  использованием  сохранных 



анализаторов  узнавать  и  выделять  предметы  среди  других,  определять  их 

свойства  и  назначения:  по  существенным  признакам;  на  основе  овладения 

приемом сравнения; 

 



обучение приемам группировки на подражание; 

 



обучение  переносу  знаний,  понятий  на  уровень  внешней  речи,  в 

самостоятельную практическую деятельность. 



В старших группах: 

 



формирование  навыка  узнавания  и  выделения  предметов  среди  других  с 

использованием сохранных анализаторов, определения их свойств и назначения 

на основе овладения приемом сравнения; 

 



овладение приемами группировки; классификации; 

 



обучение  обобщению  знаний  о  предметах  и  явлениях  окружающего  мира  с 

целью формирования понятий. 

Ребенок в жизни сталкивается с многообразием свойств предметов окружающего 

мира.  Его  окружает  природа  со  всеми  ее  сенсорными  признаками  –  многоцветием, 

запахами,  шумами.  И,  конечно,  каждый  ребенок  даже  без  целенаправленного 

воспитания так или иначе все это воспринимает. Но если это происходит стихийно, без 

грамотного  руководства  со  стороны  взрослого,  оно  нередко  оказывается 

поверхностным,  неполноценным.  А  ведь  ощущения  и  восприятие  поддаются 

развитию, совершенствованию, особенно в период дошкольного детства.  Здесь-то и 

приходит на помощь  сенсорное воспитание. 

Особая  роль  в  сенсорном  воспитании  детей  принадлежит  природе.  Познание 

природного  окружения  осуществляется  чувственным  путем  при  помощи  зрения, 



 

30 


 

слуха,  обоняния,  осязания.  Малыш  знакомится  с  разнообразием  цвета,  формы, 

величины,  пространственным  расположением  предметов,  с  богатством  звуковых, 

вкусовых,  обонятельных  и  тактильных  ощущений  природного  мира.  Чем  больше 

органов чувств задействовано в познании, тем больше признаков и свойств выделяет 

ребенок в исследуемом объекте, явлении, а, следовательно, тем богаче становятся его 

представления. На основе таких представлений возникают мыслительные процессы, 

воображение, формируются эстетические чувства. 

Ребенок с нарушениями зрения имеет недостаточно представлений о предметах и 

явлениях окружающей действительности. Основной задачей является научить ребенка 

пользоваться  неполноценным  зрением,  правильно  зрительно  выделять  важные 

существенные  признаки  и  свойства  предметов  окружающей  действительности.  Там 

где  трудно  получить  зрительную  информацию,  научить  детей  активно  включать  в 

процесс  обследования  сохранные  анализаторы.  Дополнительную  информацию 

ребенок  получает  за  счет  полисенсорных  взаимосвязей  (слуховых,  тактильно-

двигательных, осязательных и т.д.). Сенсорное воспитание и познавательное развитие 

ребенка с нарушением зрения тесно взаимосвязаны. Учитывая особенности развития 

детей с нарушениями зрения, поставила следующие задачи: 

- организовать сенсорное воспитание детей в процессе ознакомления с окружающей 

природой; 

-  учить  находить  сенсорные  эталоны  в  природном  окружении,  выделять  и  называть 

свойства природных объектов: цвет, форму, величину, расположение в пространстве; 

-  совершенствовать  и  обогащать  восприятие  детей  путем  активного  использования 

всех органов чувств; 

- учить детей сенсорным способам обследования

-    развивать  познавательные  способности,  мышление,  умение  анализировать, 

сравнивать, устанавливать взаимосвязи между природными объектами и явлениями; 

- учить переносить полученные знания в различные виды продуктивной деятельности; 

- обогащать чувственный опыт детей и закреплять полученные впечатления в речи; 

- формировать чувственно-эмоциональное отношение к природе. 

С  учетом  зрительных  нарушений,  индивидуальных  и  возрастных  особенностей 

строили познавательную деятельность детей. Выделяли признаки предметов не только 

с  помощью  зрения,  но  и  всех  сохранных  анализаторов  (осязания,  слуха,  обоняния, 

тактильных,  вкусовых  ощущений).  Детям  были  даны  следующие  установки: 

«посмотри внимательно», «послушайте», «потрогайте», «попробуйте», «понюхайте». 

Для целенаправленного восприятия окружающей природы: «Какие звуки слышите?», 

«Какие деревья вы видите?», «Что далеко от вас, что близко, что вверху, что внизу?» 

и т.д. Работа по сенсорному воспитанию проходила через разные виды деятельности 

ребенка.  На  прогулке  с  детьми  наблюдали  за  осенними  явлениями  природы. 

Рассматривали  осенние  листочки  разных  деревьев,  определяли  их  форму,  цвет, 

величину,  сравнивали  листочки.  Слушали,  как  шуршат  сухие  листья  под  ногами, 

любовались  листопадом.  Работу  проводили  с  опорой  на  сохранные  анализаторы 

(обонятельные,  слуховые,  тактильные).  Полученные  знания  переносили  в 

изобразительную деятельность. Рисовали листопад, все вместе лепили из пластилина 



 

31 


 

березку,  веточку  рябины.  Старались  передать  их  строение,  подбирали  пластилин 

нужного цвета. 

В процессе организованной учебной деятельности знакомили детей с овощами и 

фруктами. Учили детей способам сенсорного обследования: рассмотреть, потрогать, 

ощупать,  постучать.  Дети  нюхали  овощи  и  фрукты,  пробовали  на  вкус.  Дети    с 

помощью обследовательских действий определяли свойства предметов – цвет, форму, 

величину. Сравнивали по форме, цвету, размеру. Определяли на вкус сырые и вареные 

овощи, фрукты. Использовали игры «Чудесный мешочек», «Найди овощи (фрукты), 

одинаковые  по  цвету,  форме».  Учили  экспериментировать  (делили  одно  яблоко  на 

всех),  переносить    полученные  знания  в  игровую  деятельность.  Лепили  овощи  и 

фрукты  для  кукол,  «варили»  суп  и  компот,  рисовали,  делали  аппликацию.  В  своих 

работах  дети  старались  передать  особенности  овощей  и  фруктов.  Использовали 

игровую мотивацию, стихи, загадки. Дети очень любят экспериментировать, трогать, 

производить  действия  с  предметами.  Знакомила  детей  со  свойствами  песка:  дети 

трогали песок руками,  пересыпали его,  обследовали  сухой  и  мокрый песок. Делали 

выводы, что из сухого песка лепить нельзя, а из сырого можно. 

Сенсорное воспитание тесно связано с дидактической игрой. В игре происходит 

накопление сенсорного опыта детей. 

Игра  «Закономерности»  развивает  умение  пользоваться  предметами-заместителями, 

подбирать  их  по  цвету  и  форме,  ориентироваться  в  микропространстве,  выполнять 

действия по заданному образцу. 

Игра  «Свари  компот»  развивает  зрительное  восприятие,  зрительно-моторную 

координацию, мелкую моторику рук. 

Игра  «Чудо  сундучок»  развивает  осязательную  чувствительность,  ребенок  учится 

обследовательским действиям. 

Игра «Собери поезд» развивает зрительное восприятие, познавательную деятельность, 

умение составлять из частей целое. 

В  результате  работы  по  сенсорному  воспитанию  дети  научились  выделять 

свойства  природных  объектов  и  явлений.  Полученные  знания  дети  используют  в 

изобразительной  деятельности  –  передают  цвет,  форму  предметов,  подбирают  по 

цвету нужный материал (карандаш, фломастер, пластилин). Научились устанавливать 

простейшие взаимосвязи (холодно, идет дождь, листопад – это осень; камень тяжелый 

–  тонет,  определять  на  вкус  овощи,  фрукты,  ягоды).  Используют  в  речи  слова, 

определяющие  свойства  предметов.  Находят  предметы,  явления  в  иллюстрациях. 

Умеют делать выводы, когда бывает листопад, когда снегопад. Определяют на слух 

шум дождя, журчание воды, шум метели. 

Используемые на занятиях по ознакомлению с природой приемы сенсорного развития 

дают  детям  возможность  ознакомления  не  только  с  цветом,  формой,  величиной  и 

пространственным расположением предметов, но и богатством звуковых, вкусовых, 

обонятельных и тактильных ощущений, которые дарит им окружающий мир. К тому 

же дети не просто знакомились с эталонами формы и размера, со вкусом различных 

ягод  и  овощей,  фруктов,  с  природными  ароматами.  Каждый  раз  они  словами 

описывали  свои  ощущения  и  впечатления.  В  результате  у  детей  начинает 



 

32 


 

формироваться  образное  мышление,  развивается  воображение,  познавательная 

активность. 

 

Литература. 



1.

 

Дик Н.Ф. Развивающие занятия по экологии для дошкольников. 



2.

 

Коробова М.В., Белоусова Р.Ю. Малыш в мире природы. 



3.

 

Методика экологического воспитания дошкольников /под ред. Л.М. Маневцевой, 



4.

 

П.Г. Саморуковой. 



5.

 

4      Программа воспитания и обучения в детском саду / под ред. М. А. Васильевой,  



6.

 

В.В. Гербовой, Т.С. Комаровой. 



7.

 

Программа специальных (коррекционных) образовательных учреждений ῙV вида  



8.

 

(для     детей с нарушением зрения) / под ред. Л.И. Плаксиной. 



 

 

МЕКТЕП  ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН 



ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет