Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



Pdf көрінісі
бет6/96
Дата08.01.2017
өлшемі14,44 Mb.
#1410
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96

Қорытынды

Скрепка  судың  бетінде  жүзіп  жүреді.  Оны  судың  бетіндегі  қабыршықтары  ұстап 

тұрады. 

 

4.Сужәне дыбыс – Тәжірибе 1 



Мақсаты: 

Судың көмегі арқылы дыбысты есту. 



Құралдар: 

 



Поднос 

 



Белгі салынған құмыра 

 



Белгі салынған жалпақ тегеш 

 



Стакан 

 



Губка 

Жұмыстың барысы: 

1.Подносты үстелге әкел. 

2.Белгісіне дейін су құйылған құмыраны әкел. 

3. Жалпақ мискаға белгіге дейін су құй.Құмырада су қалу керек. 

4. Құмырадан мискаға аздап су құй. Не естідің? 

5. Құмыраны жоғары көтеріп, мискаға жайлап су құйюды жалғастыр.Не естідің? 



Қорытынды: Су неғұрлым жоғарылаған сайын оның дыбысы күшейе түседі. 

 

Қорыта келгенде Монтессори білім ортасында балалар өмірге қажетті келесі төмендегі 

дағдыларды бойларына сіңіреді: 

1.Өз бетімен жұмыс жасау қабілеті. 

2.  Шыдамдылық. 

3.  Өз бетінше шешім қабылдап оған жауапкершілікпен карау.  

4.  Талапкерлі.к 

5.  Қоршаған ортаны сыйлау. 



Сонымен катар: 

•   Өзінің таным белсенділігін дамыту. 

•   Табиғи кабілеттерін дамыту. 

  Өзіне деген оң көзқарасын, сенімділігін. өзін-өзі багалауын арттыру. 

•   Әлеуметтік белсенділігінің артуы. 

•   Оқып білуге деген сүйіспеншілігін арттыру сияқты тұлға каснеттері қалыптасады. 

АЛ ЕҢ БАСТЫСЫ [5.34 б.] 

Монтессори  педагогтары,  әрбір  баланың    ерекше    дарынды  тұлға  екендеріне  кәміл 

сенімде! 

Монтессори жүйесінің тіршілік етуі, төмендегі тұлга ерекшеліктерін дамытуға себеп: 

өзі-өзіне деген сенімділік, талапкерлік, жауапкершілік, білуге деген құштарлық,  өзі-

өзін тыңдау және таңдау  мүмкіншілігі. 

Егер тәрбиеші өз жұмысында осындай тәжірибе әдістерін қолдануды шешсе,ол 

өздігінен 

іздену 

арқылы 


көптеген 

материалдар 

таба 

алады. 


Қорыта  келгенде  ,баланың  жан-жақты  дамуына  іздену-зерттеу  әдістерінің 

маңыздылығы зор.Бұндай әрекеттер баланың қызыушылығын,белсенділігін,өз бетімен 



 

50 


 

шешім  қабылауына,тілдік  қорын  молайтуға,шығармашылығын  және  танымдық 

қабілетін  дамытады  .Бала  өзін  алғашқы  зерттеуші  ретінде  сезінеді.  және  танымдық 

қабілетін дамытады. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 



1. Беспалько В.П. Слогаемые педагогические технологий. М., Педагогика, 1989. 

2.  Исаева  З.А.,  Мынбаева  А.К.,  Садвакасова  З.М.  Активные  методы  обучения.  – 

Алматы, 2005. 

3. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Тараз, ТарМУ, 2003. 

4.Работа  в  лаборатории.  Часть  -2.  Для  дошкольных  Монтессории  групп  Снежинск 

2004г. 


5. Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и практика 

нововедений  в  системе  образования:  научный  фонд  и  перспективы  развития.  – 

Алматы: Ғылым, 2001. 

 

 



МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУДІҢ 

МАҢЫЗЫ 



 

Абишева Динара Таргыновна, Аманбай Жангүлім Сәбитқызы 

Қарағанды қаласы, «Қарлығаш» балабақшасы 

 

Еліміз  егемендік  алып,  жаңа  даму  жолына  түсуі  білім  беру  жүйесіне  де  елеулі 



өзгерістер туғызып жатқаны анық. Абай атамыз айтқандай, еліміздің ертеңі, болашағы 

бүгінгі біздің ұрпағымыз сапалы білім, саналы тәрбие алуында ұстаздардың атқарар 

жұмысы ұшан-теңіз. Қазіргі кезде заман талабына сай білім берудің сапасын арттыру 

қажет. Соның бірі – тілдердің үш тұғырлығы. 

«Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі 

– жаңа саясатқа кірудің басты кілті», - деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай қазіргі 

таңда  еліміз  шетелдермен  саяси-әлеуметтік  және  мәдени  қарым-қатынас  жасау 

үстінде.  Қай  заманда  болмасын  адамзат  алдында  тұратын ұлы  мақсат-саналы  ұрпақ 

тәрбиелеу болып табылады. 

Қазіргі  қазақстандық  қоғам  көпұлттық,  көптілділік  және  көпмәдениеттілік 

тұрғысында  дамуда.  Сондықтан  осы  қоғамға  бейімделген  көп  тілді  меңгерген 

мәдениетті тұлға қалыптастыру - өзекті мәселелердің бірі. Осыған орай қазіргі заман 

талабы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде көптілділікті жүзеге асыру болып 

табылады.  Бала  өзін  жан-жақты  дамыған,  шығармашылығы  мол,  өз  бетінше  іздене 

алатын тұлға ретінде көрсетуі тиіс. Сол себепті мектеп жасына дейінгі балалар бірнеше 

тілді меңгеруі тиіс.  

Елбасы  жолдауында  кез-келген  білім  мекемелерінде  балалардың  ең  жоғарғы 

деңгейдегі  шет  тілін  оқып үйренуіне жағдай жасайтындай  дәрежеге  қол  жеткізуіміз 

керек делінген. Бала жас кезінде тілді еркін меңгереді. Бүлдіршін жаста меңгерілген 

білімнің  іргетасы  берік  әрі  мықты  болады.  Сондықтан,  баланы  ерте  жастан 

көптілділікке  бейімдеу  қажет.  Баланы  жастан  демекші,  неғұрлым  көп  естіп  білуге 


 

51 


 

ынталанған балалардың есте сақтау қабілеті соғырлұм жоғары дәрежеде дамиды. Ал 

ерте  жастан  ол  балаға  көңіл  аудармасақ,  жан-жақты  жетілдіруіне,  дамуына  көмек 

жасамасақ, оның ақыл ойы, қабылдауы, есте сақтау қабілеті де баяу дамиды.  

Сол  себепті  мектепке  дейінгі  жастағы  балаларға  көп  тілді  үйрету  барысында 

олардың  қызығушылықтарын  оята  отырып  ауызша  сөйлеудің  алғашқы  дағдыларын 

қалыптастырған жөн. Әдістемеге сүйенсек, мектеп оқушыларына қарағанда мектепке 

дейінгі  жастағы  балалардың  елік  тегіш  қасиеті  жоғары.  Балалардың  дәл  осы  жаста 

айналадағы қоршаған ортаны білуге деген қызығушылығы, көрген нәрсесін ұмытпай 

есте  сақтау  қабілеті  жақсы  дамыған.  Мысалы:  «Үй  жануарлары»,  «Үй  құстары» 

тақырыптарын өткен кезде бейнетаспадан жануарлардың, құстардың түрлерін көріп, 

олардың  қалай  дыбыстайтынын  тыңдап,  өздері  қайталап  айтып  көру,  есте  сақтау 

қабілеттері арта түседі. Міне сол себепті алғашқы оқу сатысында сөздерді жаттауды 

және сол жаттаған сөздіктерін ұмытпау үшін суреттермен көрсете отырып үйрету. Ол 

айтқан  сөздерін  көзімен  көріп, қолымен  ұстау,  тыңдау  арқылы  жақсы  есінде сақтай 

алады және басқа заттардан айыра алады. 

Қытай халқында мынадай бір жақсы мақал бар: “Маған жай айтсаң - ұмытамын, 

көрсетсең - есімде сақтаймын, ал өзімді іс-әрекетке қатыстырсаң - үйренемін”. Осыған 

сәйкес мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде көптілділікті жетілдіру мақсатында 

оқу  іс-әрекетінде  көрнекілік  әдісін  пайдаланған  жөн.  Балалардың  тілін  дамытудың 

тағы да бір әдісі жаттаған сөздеріне сай қысқа өлең шумақтарын, сұрақ-жауаптарды, 

жаңылтпаш  айтып,  жұмбақ  шешу  әдісі  қолданылады.  Бұл  балалардың  тілін 

жаттықтырып,сөздік қорын көбейтіп оның сөйлеу қабілетін арттырады. 

Сондай-ақ  ерте  жастан  балаларды  оқытудың  және  бір  тиімділігі,  тілдің 

кемшіліктерін жоюға және болашақта тілді тез игеруге көмектеседі. 

Ағылшын және орыс тілдерін оқыту үрдісінде пәнаралық байланыстың маңызы зор. 

Әсіресе, ана тілінің байланысы ерекше орын алады. Екінші бір тілді ана тілімен ұдайы 

салыстырып  оқыту  –  өте  ұтымды  әдіс.  Бұл  тілдердің  басты  мақсаты  –  балалардың 

сөйлеу қабілетін жетілдіру болып табылады. Көптілділікті қолданып оқытудың басты 

мақсаты – балаларда қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру және қарым-қатынасты 

дамыту. Осыған орай балалардың бойына бағдарлама талаптарына сай іскерліктерді 

қалыптастыру.  Тіл  мұғалімдері  балалардың  қызығушылығын  арттыру  мақсатында 

уақытты  үнемдейтін  қызықты  әдіс-тәсілдерді  пайдалануы  жөн.  Тіл  сабақтарында 

төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолданған тиімді: 

 

Балалардың  қызығушылығын  арттыру  үшін  тілді  қарым-қатынас  әрекетінде 



қолдану қажеттілігін тудыратын қолайлы атмосфера жасау; 

 



Оқу  іс-әрекетінде  алуан  түрлі  жұмыс  түрлерін  яғни,  жеке,  жұп,  топ,  ұжым 

жұмыстарын ұйымдастыру; 

 

Бала тұлғасын толығымен оқу процессіне тарту; 



 

Оқу  іс-әрекетінде  түрлі  көрнекіліктерді  пайдалану:  оның  ішінде  техникалық  ( 



үнтаспа,  компьютер,  бейнефильмдер);  техникалық  емес  құралдар  (суреттер, 

альбомдар, таратпа материалдар); 

 

Баланың шығармашылық қасиеттерін ояту, ынталандыру; 



 

Оқу іс-әрекетінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану; 



 

52 


 

 



Ойындар мен ойын элементтерін жиі қолдану; 

 



Қосымша материалдарды, газет-журналдарды, ғаламторды қолдану; 

Тілді  үйренудің  басты  мақсаты  –  баланың  іштей  талпынысына,  сана-сезіміне, 

ұмтылысына тікелей әсер етеді. Сондықтан мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 

ағылшын және орыс тілдерін балаларға үйрету - әр ұстаз үшін үлкен еңбекті, көп тер 

төгуді талап етеді.  

Қорыта  келе:  мектеп  жасына  дейінгі  балаларға  уақыт  талабына  сай  білім  беру, 

одан әрі жетілдіру, көптілділікті үйретудің маңыздылығы балалардың коммуникативті 

даму  біліктілігін,  қызығушылықтарын  оятуға,  басқа  да  белсенділіктерін  көрсетуге 

деген қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан да бүгінгі өскелең уақыт 

талабына сай  білім беруді  одан  әрі жетілдіру  мәселесі  толассыз, үздіксіз  күн сайын 

өзгеріп  тұрған  әлеммен  бірге  жүрері  анық.  Балабақшада  берілген  барлық  білім  - 

барлық  білімнің  бастамасы  әрі  жан-жақты  дамыту  түпкі  негізін  қалайтын  орын. 

Сондықтан  да,  балалардың  ой-өрісін  үздіксіз  дамыту  үшін  оқу  іс-әрекетінде 

көптілділікті қолданып өткізудің маңызы зор. Көптілді білім беру - уақыт талабы. 

 

Қолданылған әдебиет: 



1 Ағылшын тілі мектепте, №2, 2012 жыл  

2  Республикалық  ғылыми-әдістемелік  журнал    «Ағылшын  тілі  мектепте»,  №5,  2011 

жыл  

3 http://issuu.com/eruditgroup/docs/4 



 

 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН 



ДАМЫТУ 

 

Абишева Қарлығаш Хайроллаевна  

№16 «Алтынай» балабақшасы КМҚК Қарағанды қаласы 

 

 



Бастауыш  мектептегі бала психикасының дұрыс дамуына байланысты көптеген 

ғалымдар  мектептегі  оқыту  мен  дамудың  тиімді  жолдарын  қарастыруда.  Соған 

байланысты  жалпы  әлеуметтік,  саяси  –  экономикалық  және  мәдениеттілік 

деңгейлеріміздің  жаңа  сатыға  көтеріліп,  жаңа  реңге  ие  болуы  бастауыш  мектептен 

басталатын  оқыту,  білім  беру  жүйесін  жаңаша  тұрғыда  қарауды  талап  етуде.  Сол 

себепті  еліміздің  болашағын  дамытатын,  жетілдіретін  жас  буынның  мектеп  жасына 

дейінгі балалалардың психикалық даму, қалыптас ерекшеліктеріне назар аударуымыз 

қажет. Мектепке алғаш келген психикасының жаңа ортаға бейімделуі өзін қоршаған 

ортаның  танымдық  үрдісіне  әсер  етуіне  байланысты  болмақ.  Қазіргі  оқу  –  тәрбие 

жүйесіндегі  балабақша  –  бала  өмірнің  ең  алғашқы  білім  алуының  және  мектептегі 

балалақ  шақтың  даму  кезеңі.  Білім  берудің    әлеуметтік  міндеттері  мен  мазмұны 

баланың  бастауыш  мектеп  шағының  жылнамалық  шектерін  және  психологиялық 

ерекшеліктерін  өзгертіп  дамытатын  орын.  Баланың  психологиялық  дамуы 

балабақшадан  бастап  орта  білім  беру  аяқталғанға  дейінгі  қоғамдық  тәрбие  берудің 

тарихи  қалыптасқан  жүйесіндегі  бастауыш  оқытудың  мақсаттары  мен  мазмұнының 


 

53 


 

өзгеруіне  байланысты.  Жеті  жастан  он  жасқа  дейінгі  кезеңге  неғұрлым  тән  негізгі 

белгілер, бұл жаста бала мектеп жасына дейінгі кезеңнен мектеп оқушысына айналып, 

балалық шақтың белгілерін  оқушының ерекшеліктерімен ұштастыратын өтпелі кезең. 

Осы  кезде  баланың    мінез  –  құлқында,  санасында,  психикасында  өзгерістер  орын 

алады.  Бұл  даму  кезеңініңмүмкіндіктеріне  жол  ашып,  таным  үрдістерін 

қалыптастырып дамытуды керек ететін өте маңызды жауапкершілікті талап ететін сәт. 

М.С.  Дмитриева  «оқушының психикалық  қасиеттерінің  негіздері  дәл  осы  бастауыш 

сынып  жасында  қалыптасады  және  баланың    әдетіне  айналады»дейді.  Сондықтан 

отандық және шетелдік ғалымдар бала психикасының дамуына ерекше назар аударып 

қадағалап отыратын кезең болғадықтан, баланың анатомиялық және физиологиялық 

ерекшеліктеріне де назар аударуда. Оқу үрдісіндегі тәрбиенің әсері баланың танымдық 

іс – әрекетінің қалыптасуы туралы және оқушының білімді меңгерудегі психикалық 

жүйелерінің  даму,  қалыптасту  ерекшеліктерінің  өзгерістерін  көп  жағдайда  ескере 

бермейміз. Орыстың психолог ғалымдары Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдов баланың 

бастауыш  мектепте  тиісті  дәрежеде  сабақты  меңгермеуі  мен  дұрыс  ойлай 

алмаушылығы  ойлау  үрдісінің  формальды  логикалық  тәсілдерін  дұрыс  қолдана 

алмауынан  деген.[1.68–  б]  Осы  кезде  баланың  барлық  психикалық  органдары  мен 

психикалық  дамуындағы  елеулі  өзгерістер  болады,  физиологиялық  және 

психологиялық  үрдістер  қалыптасып  жетіледі.  Айталық  баланың  жүйке  жүйесі  мен 

барлық  омыртқалары  қатайып,  арқа  бел  бүгілістері  дамиды,  бұлшық  еттері  мен 

сіңірлері  жылдам қатаяды  және олардың  көлемі  ұлғайып,  барлық бұлшық  еттерінің 

күші артады. Сондықтан бастауыш мектепте  балалар күшті де кең құлашты  қимылдар 

жасауға қабілетті келеді әрі баланың физиологиялық дамуы күннен  – күнге жетіліп, 

мектеп жасына дейінгі балаларға қарағанда бастауыш сынып оқушыларының бұлшық 

еттері  қатайып,  жүрек  тамыры  қызметі  салыстырмалы  түрдетұрақтанады  әне  жүйке 

жүйесінің қозу мен тежелу үрдістері тепе – теңдікке ие болады. Бала үшін дамудың, 

меңгерудің  тұрақты  бастамасы  бастауыш  сыныптардағы  іс  –  әрекеттері  мектеп 

өмірінің алғашқы баспалдағы болғандықтан, олардың ақыл  – ойының, дене күшінің 

төзімділігінде  талап  ететін  ерекше  орын.  Мектептегі  алғашқы  психикалық  өзгеріс 

дамуының әрбір кезеңінің, іс  – әрекетінің негізгі жетекшісі әрекеті. Мектеп жасына 

дейінгі  балалық  шақта  ойын  іс  –  әрекеті  жетекші  болса,  мектеп  жасында  оқу  іс  – 

әрекеті жетекші орында екні белгілі. Бұл жастағы балалар үйреніп, өзінің шамасына 

қарай меңгеріп, өзіне баға бруге тырысушылық пайда болады, қиял мен символиканы 

пайдаланабілуі  дамиды.  Осының  бәрі  баланың  алғашқы  мектепке  даярлығын 

сипаттайтын негізгі сәттер. 

Жеті жасар баланы мектеп табалдырығын аттасымен – ақ оқушы болады. Осыған 

дейін  оның  өмірінде  ойын  маңызды  орын  алса,  осы  уақыттан  бастап  ол  біртіндеп 

басымды рөлін жоғалта бастайды. Психикалық таным мен адамгершілік қасиеттердің 

де жаңа кезеңдері қалыптасады. Жаңа өзгерістер бірнеше кезеңдерден өтеді.балабақша 

мен үйді салыстырғанда бала жаңа нәрселерді үйренуді күтіп отырады әрі мектептегі 

оқуға  қызыға  және  құлшыныспен  қуана  барады.  Баланың  бұл  ішкі  ұстанымы  екі 

жағдайда  маңызды,  алдымен  мектеп  өмірінің  жаңалығын  алдын  ала  сезінуі  және 

психикалық ерекшеліктеріне сыныптағы мінез – құлық ережелеріне, жолдастарымен 

ерекше қарым – қатынас нормаларына, күн тәртібіне қатысты мұғалімнің талаптарын 


 

54 


 

жылдам қабылдауға көмектеседі. Бұл талаптарды бала қоғамдық маңызды деп түсінеді 

және  орындамауға  болмайтын  талаптар  деп  қабылдайды.  Тәжірибелі  мұғалімдерге 

белгілі  психологиялық  жағынан    анықталған  мынандай  қағида  бар:  оқушының 

мектепке  келген  алғашқы  күннен  –  ақ  оның  сабақтағы,  үйдегі  және  қоғамдық 

орындардығы  мінез  –  құлық  ережелерін  анық  және  нақты  мағынада  түсіндірілуі. 

Оқушыға жаңа көзқарасының, міндеттерінің алғашқы күннен бастап берілуі маңызды. 

Жаңа ережелер мен дағдыларды оқушының орындауын талап ету бірінші сынып 

оқушысына орынсыз қаталдық жасау емес, мектепке баруға даярланған балалардың өз 

түсініктеріне  сәйкес  олардың  міндеттерін  ұйымдастыратын  негізгі  шарт  болып 

табылады. Егер бұл талаптар орынсыз теріс не екі ұшты болса, онда оқушы өз өмірінің 

жаңа  кезеңдеріндегі  өзіндік  ерекшеліктерін  сезбейді,  мұндай  жағдай  оқушының 

мектепке деген ынасын жоюы мүмкін. Оқушының ішкі ұстанымының екінші жағы білі 

мен  іс  –  әрекетті  меңгеруі  оның  дұрыс  қарым  –  қатынасына  байланысты.  Оқушы 

келешекте  қажет  болатын  білімдердің  нақтылы  құрамын  білмейді,  тек  білімнің 

мәнділігі  мен  құндылығын  білуге  ұмтылады.  Мұны  айналасындағыларды  білуге 

құмарлығының артуынан көруге болады. 

Алғашқы  кезде  оқушы  оқу  пәндерінің  мазмұнымен  таныс  болмай  тұрып  –  ақ, 

оқудың  маңыздылығын  санасымен  сезіне  алады.  Оқу  материалдарына  танымдық 

ынтасы аз болса да, олар математиканы, қазақ тілін және басқа пәндерді тереңдетіп 

оқу кезінде көптеген мағұлматтар алып, психикасында жағымды түсініктер қалыптаса 

бастайды.  Оқушының  қабілеттілігі  жеке  –  дара  көріне  бастайды,  бұл  жағдай 

математика  немесе  қазақ  тілінде  байқалады.  Осы  кезде  баланың  қай  пәнге 

қабілеттілігін байқаған мұғалім алғашқы кезден бастап ары қарай дамуына ықпал етуі 

тиіс. Басқа да қабілеттіліктерінің арқасында балада сандардың тіркестілігі, әріптердің 

реттілігі, т.б. деректер турал мағұлмат алуы маңызды. Баланың білім туралы түйсікті 

қабылдауын  мектептегі  оқудың  алғашқы  күнінен  басынан  дамытып  отыру 

тиімді.[2.98– б] Бұл оқу іс – әрекетінің негізі ретінде балалардың танымдық үрдістері 

мен  психикасын  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.  Мектептегі  алғашқы  кезеңде 

оқушының  сыныптағы  не  үйдегі  мінез  –  құлқын  реттеп  отыратын  мұғалімнің  жаңа 

талаптарына  баланың  бейімделуі  және  оқу  пәндерінің  мазмұнына  қызыға  бастауы 

және  оқу  кезіндегі  жаңа  міндетін  мойындап,  меңгеруін,  оның  мектепке  жақсы 

даярлықпен келгендігінен байқалады. Кей жағдайда бала мектеп өміріне араласып кете 

алмайтын кездері де болады. Бала психикасының дамуындағы нәтижелі кезеңді ескере 

отырып,  жеке  дара  өгешеліктерінің  жан  –  жақты  дамуына  түрткі  болады.  «Бала 

бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын – оқыту мен тәрбие», - деп Ж.Аймауытов 

айтқандай, оны дамытатын баланы қоршаған орта. Ал, педагогтар бала бойындағы туа 

біткен  дарындылық,  шығармашылық  қасиетерін  байқап,  оған  жол  беруші  болып 

табылады.  Жалпы  бала  бойындағы  шығармашылық  әлеуетін  дамыту  өте  маңызды, 

күрделі  және  көп  салалы  мәселе.  Ғылыми  педагогикалық  проблема  ретінде 

балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту өте маңызды, күрделі және көп салалы 

мәселе. Ғылыми педагогикалық проблема ретінде балалардың шығармашылық әрекеті 

бәршама  кең  ауқымда  зерттелген.  Шығармашылық  деген  сөздің  сырына  үңілсек, 

«Шығармашылық»  -  «шығару»,  «іздену»,  «ойлап  табу»  дегенді  білдіреді.  [3.115– 

б]Баланың  өз  болмысын  тануына  көмектесіп,тереңде  жатқан  талап  тілегін, 


 

55 


 

қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған тәрбие мен рухани күш беру  – білімің басты 

мақсаты.  «Сабақ  беру  үйреншікті  жай  ғана  шеберлік  емес,  ол  –  жаңадан  жаңаны 

табатын өнер», - деген Ж.Аймауытов өз еңбектерінде. 

Әрбір  педагог  өз  тәжірибесінде  баланы  субьект  ретінде  оқу  ісіне  өзінше 

қызықтырып,  ойлау  қабілетін  арттырып,  білім,  білік  дағдыларын  қалыптастыруды 

мақсат етуі керек. Балалардың дүниетанымын кеңейту және қабілеттерін көре біліп, 

оны дамытуға толық мүмкіндік туғызу, қабілетіне қарай шығармашылық жұмыспен 

шұғылдануға үйрету бүгінгі қоғам қойып отырған талаптардың бірі. Шығармашылық 

және материалдық құндылықтарды жасау адам әрекетінің жемісі. Шығармашылық тек 

адам баласына ғана тән құбылыс екені бәрімізге белгілі. 

Демек  жеке  тұлғаның  белгілі  бір  әрекетке  қабілеттілігі  қаншалықты    жоғары 

болса, соншалықты оның бойында сол іс – әрекетке қызығушылығы көп артады. 

Баланың  қызығушылығы  арқылы  оның  бойындағы ығармашылық баланың  жас 

кезінде  бағалы  бағдар  болып  қалыптаспаса,  онда  оның  болашақта  қалыптасуы 

екіталай.  Шығармашылықты  дамытуға  психологиялық  тұрғыдан  келер  болсақ,  есте 

сақтау, ойлау, қабылдау, қиял шығармашылықтың бастауы десек болады.. Яғни мектеп 

жасына  дейінгі  балалардың  ойлау  әрекетін  дамытып,  білімі  мен  біліктерін  өмірдің 

жаңа  жағдайында  пайдалана  білуге  уйрету  қажеттігі  туындайды.  Бұл  міндеттердің 

жүзеге асуы мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғасын дамытуға негізгі бағыт. 

Осы жаста балада психикалық даму негіздері басталады, алғашқы икемділіктері мен 

қабілеттері  қалыптасады.  А.Н.  Леоньтьев:  «Таным  әрекет  түрлерінің  бірі 

болғандықтан,  таным  барысында  қиындықтарды  жеңу  жөніндегі  ерік  –  күші  таным 

барысында  қиындықтарды  жеңу  жөніндегі  ерік  күші  таным  әрекетінің  мақсатын 

кімнің алға қоятынына елеулі дәрежеде байланысты деп жорамалдауға болады»,-деп 

түсінік берген. Танымдық әрекетті меңгеру арқылы бала шындық болмыстағы заттар 

мен  қатынастырды  ажыратады,  бір  нәрсені  екіншісімен  салыстыруға,  олардың 

айырмашылықтарын,  ұқсастарын көре білуге  үйренеді.  Бала  қоршаған дүниені  тану 

арқылы  дамиды,  кемелденеді,  өседі.  Мектеп  жасына  дейінгі  оқыту  мен  тәрбие 

теориясына  дамытуға  Швецарияның  аса  көрнекті  педагог  –  демократы  И.Г. 

Песталоцци оқу тәрбие әрекетін дамытуға тәрбиешінің ролін ерекше атап көрсетті[4. 

72-б].Песталоццидің  пікірінше,  сәби  кезден  бастап  балалардың  айналадағы  дүниені 

тануы  оқыту  арқылы  жүзеге  асады  дейді.  Оқыту,  үйрету,  білімін  дамыту  арқылы 

шығармашылық  қасиеттерін  де  дамытуға  болады.  Оқу  барысы  бетінше  танымдық 

ықылас-  ынтасын  шығармашылық  әрекетін  дамытатындай  етіп  ұйымдастырылады. 

Балалардың  қабылдауы,  негізінен  тәрбиешінің  сабақты  жүйелі  түрде  жүргізуіне 

байланысты. Баланың шығармашылық қабілеті, оның ойлау практикалық әрекеттері, 

ізденімпаздығы  арқылы  дамиды.  Ойлауға  үйрететін  білім  –  жаңа  технологияларды 

пайдалану,  жаңа  заман  талабына  сай  мәліметтер  беру  болып  табылады.  Мұндай 

білімде  бала  өзіне  жақсы  әсер  алады  және  тәрбиеші  мен  бала  арасында  

ынтымақтастық қатынас қалыптасады. 

 Тәрбиеші  бұл  жағдайда  тәрбие  мен  білім  беруші  ғана  емес,  танымдық  іс  – 

әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық шығармашылық істердің ұйытқысы. 

Мектеп жасына дейінгі бала танымдық даму арқылы тамаша әркетке кіріседі. 



 

56 


 

Мұны  жаңа  бағытты  шығармашылық  ойлау  қабілеті  деуге  болады.  Яғни  бала 

шығармашылық  жұмыс  істеу  барысында,  мысалы:  сурет  салғанда,  еңбекке 

араласқанда, түрлі ойындар кезінде бойында жауапкершілік сезімінің пайда болғанын 

сезінеді. Қазақ халқының ой қабілетін жұмсап ойнайтын ұлттық ойындарының ішінен 

«Байқап қал», «Бұл кім»,  әуендік ойындар ішінен «Қай аспаптың үні», «жануарлар 

қалай үндейді?», т.б. ойындарды ойнатумен қатар бұйымдардың, заттардың бірнеше 

суреттерін көрсету арқылы балалардың есте сақтап айтуындамытуға болады. Мектеп 

жасына дейінгі балалар қиялы өте бай, бірақ ондағы бейнелер шығдықтан өте алшақ 

жатады.  Бала  қиялын  дамытуда  ойын  да  ерекше  орын  алады.  Мектеп  жасына 

дейінгілердің  ойыны,  әрбір  әрекеттері  мазмұнға  айналып,  белгілі  бір  мақсаттарды 

орындауға ұмтылыс жасайды. 

Қорыта келгенде, бала бойындағы шығармашылық қабілетін дамытьуға көп көңіл 

бөлуіміз керек. 

Баланың мектепке келуімен екі үлкен қиындық туа бастайды: 

1.

 



Мектепке келіп оқи алмайтын оқушы; 

2.

 



Өзі оқығысы келмейтін оқушы. 

Осы  екі  жағдайда  да  ата  –  ананың  психологиялық  сауатсыздығынан  қателік 

орыналады.  Психологиялық  сауаттылыққа  тіпті  де  басқа  көзқарас  ,  мұндайда 

психологиялық  сауаттылықтың  қажеттілігі  шамалы  деп  ойлайды.  Нәтижесінде  өте 

дөрекі психологиялық қателіктер: жұмыс орнында, жанұя қарым – қатынасында, бала 

тәрбиесінде,  бір  сөзбен  айтқанда  барлық  жерде,  басқа  адамдармен  қарым  – 

қатынасында  көрініп  отырады.  Сондықтан  ата  –  анлар  ең  алдымен  өзінің 

психологиялық  сауаттылығын  ашу  керек.  Ол  үшін  оқи  алмаса  немесе  оқығысы 

келмесе, онда баланың осы уақытқа дейінгі жетілуін, дамуын зерттеп, білу керек. Бала 

ананың  жатырына  біткен  күннен  оған  ерекше  көңіл  бөлініп,  қамқорлыққа  алынып, 

қалаулы бала болуы қажет. 

«Маугли»  әңгімесі  туралы  кім  білмейді.  Ал  осы  баланы  шындығында  жабайы 

аңдар асырағанын әркім біле бермейді. Сондай –ақ, үнді қыздары амала мен Камаланы 

да алуға болады. Бірақ мұндай мүмкіндіктерді пайдаланып қайта тәрбиеленгенмен, бұл 

қыздар қалыпты толық жетіліп, адамдар қатарына қосылған жоқ. Оларды алдымен екі 

аяқпен жүруге тәрбиеледі, бірақ тез жүру керек болғанда олар төрт аяқтап жүреді. Ал 

оларды сөйлету үшін бірнеше жыл оқытты, ол сөздер тіршілікке аса қажет сөздер ғана 

болды.  Олармен  әңгіме  құрып  немесе  бір  тақырыпқа  талдау  жасау  мүмкін  емес 

деңгейде  қалды.  Ал,  «Мауглидегі»  адамның  жоғарғы  дамуына  көрсеткені,  ол  тек 

жазушы қиялы ғана. 

«Сензитивті  кезең  дегеніміз  –  алғашқы  мектеби  кезеңдегі  баланың  әр  нәрсені 

үлкен эмоциялық сезіммен қабылдауы». Сондықтан «сензитивтік кезең» психологтар 

үшін бағалы кеңес беретін кезең. Мектепке дейінгі кезеңде баланың көптеген заттарға 

ынтасы  артады,  ол  сурет  салу,  ермексазбен  жұмыс,  құрастыру,  т.б.  істейді.  Осы 

кезеңде баланың тілін дамыту: жаңылтпаштар, санамақ, тақпақтар жаттаудың маңызы 

зор. 


Бірінші: баланың жан – жақты дамуы мектепке дйінгі кезеңде белгілі бір дәреже 

деңгейінде болуы керек, есте сақтау, сөздік қоры, қабылдауы, ынтасы, ойлауы, қиялы, 

т.б. 


 

57 


 

Екінші: қалыпты жағдайда өзін – өзі басқара алуы, ол үшін баланың белгілі бір 

нәрсеге  деген  қызығушылығын  осы  кезеңде    арттыру  керек.  Осы  мектепке  дейінгі 

кезеңде  балаға  тек  ұнаған  нәрсесімен  де  шұғылдануын  дамыту  қажет.  Ол  балаға 

ұнамаса да, солай жасау керек екенін ұғындыру керек. 

Үшіншіден: Балаға ең қиындық тудыратын кезең, оқуға деген қызығушылығын 

арттыру,  оқудың  қызық  жағы  мен  қиындықтары  әр  балада  көп  болсын  немесе  аз 

болсын қатар жүреді.Балаға мектепке қалыптасу уақытында осы үш кезеңнің талабы 

бірдей қажет, сондықтан балаңыз 1- күннен жақсы оқысын десеңіз, осы үш кезеңнің 

ешқайсысын назардан тыс қалдырмаңыз. 

Баланың  жалпы  дамуында  артта  қалушылық  болмаған  жағдайда.  Бұл,  әсіресе, 

қазіргі көзі  ашық  көкірегі ояу  жас  ата  –  аналарда байқалады.  Себебі олар  өздерінің 

балаларының  жетістіктерін  қызғанышпен  салыстырады.  Мысалы:  «Менің  Айгүлім 

барлық  әріптерді  таниды  десе»,  «Менің  Алмасым  онға  дейін  санай  алады»,-  деп 

балаларын салыстырады Ал осындай салыстыру бала дамуына кері әсерін тигізетіні 

әбір ата – ана біле бермсейді. Шын мәнінде баланы жан – жақты тәрбиелеудегі үй – 

ішіндегі  үлкендендің  әже,  ата,  аға,  әпке  тағы  басқаларының  күнделікті  қарым  – 

қатынаста  балаға  көңіл  бөлуі  жатады.  Оған  қызыты  әңгіме  айту,  бірігіп  сурет  салу, 

бояу,  құрастыру,  табиғаттағы  болатын  құбылыстарды  түсіндіру,  серуендеу, 

серуендегенде  көргендері  жайлы  әңгімелесу.  Міне  осылардың  барлығы  баланың 

қызығушылығын көзқарасын кеңейтеді. Осындай қарым – қатынастардан баланың тілі 

жетіледі. Нәтижесінде 6-7 жасар баланың сөздік қоры 4-5 мыңға жетеді, ана тілінің 

барлығын  дерлік  меңгереді.  Осы  кезеңде  бала  кітап  оқып  бергенді  қалайды,  біресе 

әкесіне,  біресе  шешесіне,  біресе  әжесіне  әңгімені  оқып  берші  деп  жалынады.  Осы 

кезеңдегі психологтың кеңесі: баламен бірге кітапты дауыстап оқу, бір бетін балаға 

қиын тиіп жатса, оның баланың оқитын бетінің жартысын немесе бір – екі абзац ғана 

оқыту, содан кейін біртіндеп көбейтіп оқыту керек.  Осындай қарапайым тәжірибеден 

кейін баланың оқымай қоюы мүмкін емес. Әрине, оқитн кітапша да, әңгіме де баланың 

жас  ерекшелігіне  сай  болуы  керек.  Бұл  кезеңде қызықты  кітапшаның  өзі де баланы 

жалықтырып  жібереді,  бірақ  бала  үлкендердің  көңілін  өзіне  аудару  үшін,  қарым  – 

қатынаста  болу  үшін  бұл  қиындықты  жеңуге  тырысады.  Осы  кезеңде  ерекше  көңіл 

бөлетін жайттың бірі – баланың ішкі ойының дамуы, психологтардың айтуы бойынша 

«ішкі жоспары».  

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 



1.

 

Психология: Адамзат ақыл – ойының қазынасы. –Алматы, 2005. 68 бет 



2.

 

Ә. Алдамұратов. Қызықты психология. Алматы – 1992.  98 бет 



3.

 

Қ.Ж. Жарықбаев. Психология. – Алматы, 2002  115 б 



4.

 

Қазақстандағы психология және педагогика ғылымдарының өзекті проблемалары 



– Алматы – 2000 72 б 

 

 



 

 

 



 

58 


 

МУЗЫКОТЕРАПИЯ КАК ЭФФЕКТИВНЫЙ МЕТОД ОЗДОРОВЛЕНИЯ 

ДОШКОЛЬНИКОВ 

 

Абсадықова Ж.Қ. 



КГКП д/с «Ақбота» г. Караганда 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет