Қолданылған әдебиеттер:
1.
«Бала тәрбиесі» 1.2013ж..
2.
«Отбасы және балабақша» №4 2015ж.
БАЛАНЫҢ БАЛАБАҚШАҒА БЕЙІМДЕЛУІНДЕ ТӘРБИЕШІ МЕН АТА-
АНАНЫҢ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГТЫҢ РӨЛІ
Жалбирова Б.Сейтжанова П.
КМҚК №145 «Балапан» балабақшасы, Қарағанды қаласы
Баланың балабақшаға баруы – оның өміріндегі қиын кезеңнің бірі. Сондықтан да
тәрбиеші бірінші рет балабақша табалдырығын аттаған баланы тәрбиеленуші
431
міндеттеріне бейімдеу үшін алуан түрлі жұмыс атқаруға тура келеді. Балаға
тәрбиешінің жылы лебінсіз білім жоқ. Егер кішкентай балдырған өз ұстазын ұнатса
онда ол білімге де құмарта түседі. Егер ол ұстазын ұнатпай, одан қорқатын болса, өзіне
дос санамаса, онда бала үшін білім құнын жояды. Балалардың махабатына ие болу
алғашқы тәрбиешінің ең маңызды міндеті, өйткені өз тәрбиешісіне деген махаббаты
арқылы ғана бала білім әлеміне бойлап, қоғам байлықтарын меңгереді.
Баланың балабақшаға тез бейімделуі тәрбиешінің жылы сөзіне, баланың жағымды
қарым – қатынасына, іс - әректтің түріне байланысты. Тәрбиешімен мен ата – ана балаға
ережелерді, тәртіптілік нормасын тек көңілі түскенде, не анда - санда орындамай үнемі
сақтап жүруі керек екендігі түсіндірілуі тиіс. Баланың мектепке дейінгі кезеңдеріне
қарағанда міндеттерінің өзгергендігін, қандай құқтары бар екендігін айтулары керек.
Егер бала бір нәрсені бүлдіріп қойса, не жат қылық жасаса,тәрбиеші үндемесе, ол
қылықты істей беруге болады екен деп келесі жолы да қайталайды. Ал егер ескерту алса,
ендігәрі қайталамайды. Бала кінәсін мойындай алады. Балаларға тәртіп ережелерін
түсіндіріп қана қоймауы керек. Бұл процесс балада адамгершілік нормаларының пайда
болумен дамуын да қамтуы керек. Оқу әрекеті ұжымдық сипат алады. Яғни бала
құрдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, бірге жұмыс істеуге дағдылану керек.
Көптеген балалар бір-бірімен тез танысып, кетеді, жаңа ұжымды тез игеріп алады,
бірігіп істер атқарады. Ал кейбіреулер көпке дейін құрбыларымен жақын сөйлесе
алмай, өзін жалғыз сезініп, үзілісте жалғыз ойнап жүреді. Балалардың бір-бірімен
қарым-қатынасының қалыптасуына тәрбиеші себепші ретінде болуы керек. Бала
құрбылары арасында өзіне тиісті орын алуы да, оның қарым-қатынасына әсер етеді. Бұл
жерде тәрбиеші үлкен рөл атқарады. Егертәрбиеші балаға нашар көзбен қараса,
балаларда оған солай қарайды. Сондықтан балаларға теріс баға беруден қашу керек.
Кейбір тәрбиешінің топта алғашқы күннен бастап, «сүйіктілері» шыға бастайды.
Баланы балабақшаға бейімдеу үшін тәрбиеші мынадай ұстанымдар ұстануы тиіс:
асықпа, бала өзіне қажетті іс – қимыл түрімен сипатын өзі табатын уақыт бер; көмектес,
бірақ баланың өз шамасы келетін істі жасап берме; балалардың өзара қарым –
қатынасына араласпа, бірақ назарыңда болсын, оларға басшылықтың қажеттігі
туындаған шақта қасынан табыла біл, қолда, ақыл – кеңес бер және үлгі көрсете біл,
байыпты бол, баланы бар қалпында қабылдай біл, түсіне, сезіне білуің қажет. Тәрбиеші
баланы балабақшаға тез бейімдеу үшін мыналарды ескеруі керек:
1.Балалардың денсаулығын анықтау, балабақшаға, топқа, деген ынтасын аңғару.
Тәрбие барысында баланың медициналық картасын қарап, денсаулығының
ақауларын аңғарып, ыңғайына қарай жұмыс жүргізу. Кейде ата – ана ден қоймаған
ақаулар да шығып отырады. Көзінің дұрыс көрмеуі, есту қабілетінің нашар болуы. Бұл
жағдайларда ата – аналармен пікірлесіп, дәрігерге көрсету керектігін ескерту.Баланың
сөйлеуін, ойлауын, еңбекке бейімділігін, еске сақтауын, қабілетін зерттеу де басты
назарда болуы қажет. Күнделікті қарым – қатынас, сұрақ – жауап, қимыл – қозғалыс,
жүріс – тұрыс арқылы жеке баланың оқуға деген ынтасын да аңғарып, баланың
ыңғайына қарай жұмыс жүргізу.
2. Ата – анамен байланысты нығайту.
Баланың тұрғылықты мекенін, тұрмыс жағдайын білу, оның отбасы мүшелерімен
танысу – оқу-тәрбие ісінде мақсатқа жеткізер жолдың бірі. Тәрбиеші ата – ананың
432
баланың сабаққа дайындығына көңіл бөліп, оқуына мән беруін қадағалау, бала мен ата
– ананың ортақ тіл табысуына, түсінісуіне ықпал жасауы қажет. Баланың балабақшаға
көзқарасын, өмірге бейімділігін қалыптастыру, дамыту тәрбиешінің басты міндеті.
3.Топ балалары мен жеке бала қатынасын қадағалау.
Баланы ұжымдық өмірге, көппен қарым – қатынасқа, үлкенді сыйлауға, кішіге
инабатты болуға тәрбиелей отырып, ұжымның белсенді мүшесі етіп шығару да басты
міндет.
Тәрбиешінің баламен қарым-қатынасына көп байланысты. Себебі бала топтағы
тәрбиешінің көзқарасымен қарайды. Егер тәрбиеші баланың топтағы жетістіктерін,
жақсы тәртібін дұрыс бағалап орынды мадақтап отырса, топтағы достары да, ата-ана да
солай қарайды. Сондықтан балаға дұрыс қарай білу, мадақтаудың, үлкен тәрбиелік мәні
бар.
Ал енді ата – ана рөліне келетін болсақ, ең алдымен әрбір ата – ана өз баласын
қатарластарымен, үлкендермен қарым – қатынас жасауға дайындауы керек. Бала
мінезінде мынадай сапаларды қалыптастыруы қажет: шындық, жинақылық, тіл табыса
білу, жауапкершілік, сыйластық т. б. .Сонымен қатар әрбір ата – ана баласының
ұйымдастырылған күн тәртібін қадағалауы керек.
Көбіне күн тәртібі туралы айтқанда ата-аналар, тәрбиешідер оның болатынына
сенбейді және арнайы көңіл бөлмейді.Бала күнделікті 2 сағаттай уақытын теледидар
алдында өткізеді. Құрылған режимнің дұрыс құрылмауы баланың жалығуына әкеп
соғады.
Ұтымды ұйымдастырылған күн тәртібінің пайдасы неде?
1-ден, дәл белгіленген уақыт және үй тапсырмасын орындауға шығармашылықпен
айналысуға қадағалайтын уақыт.
2-ден, таза ауада демалуды ұйымдастыруды реттейді.
3-ден, жүйелі түрде тамақтану, уақытылы ұйықтау, уақытылы тұруға көмектеседі.
Бейімделу кезеңінде психологтың бірінші топтармен жұмыс істеуі туралы көптеген
әртүрлі көзқарастар бар. Солардың біреуімен келіссек онда психолог бала тезірек
бейімделуі үшін белсенді болуы керек. Психолог функционалдық ауытқулар көрініс
беретін балаларға ерекше көңіл бөлуі керек.
Басқа көзқараспен келіссек, психолог бұл уақытты топқа байқау жүргізіп, баланың
психикалық дамуы туралы мәлімет алуға, қолдануға міндетті, сонымен қатар психолог
тек қажетті жағдайда ғана топп өміріне араласуы керек. Біздің ойымызша, бейімделу
кезеңінде психолог топты «тәрбиешімен жеке қалдырып» тек қана педагогтың айтуы
бойынша ғана араласуы қажет. Психологтың сабаққа қатысуы педагогқа да балаға да
қиындық тудыруы мүмкін, онсыз да бұл кезең балабақшағы жаңа келген бала үшін ең
қиын кезең. Балабақшаға бейімделуі өте қиын өтетін балалар тобы болады. Мұндай
балалар жиі және ұзақ ауырады, аурулары көбіне психосоматикалық сипатта болады;
бұл балаларда балабақша неврозы пайда болып «риск тобын» құрайды. Бейімделу
процессі ұзаққа созылатын балалармен психолог жан – жақты жұмыс істеуі қажет.
Психологтың осы кездегі пайдалы жұмыс формалары ол ата – аналар жиналысында осы
кезеңнің ерекшелігі туралы, олар бала балабақшаға бейімделуі үшін не істеулері қажет
екендігі жөнінде мағлұмат беру.
433
Отбасы – адам баласы үшін ең жақын әлеуметтік орта. Онда бала алғаш рет өмір
жолымен танысады, адамгершілік нормаларды игереді. Сондықтан да әрбір ата – ана өз
баласын, сонымен қатар белгілі – бір күн тәртібіне бағындыруы керек. Өз бетінше
жұмыс істеуге дағдыландыру және де эмоционалды – ерік сферасын дамытуы қажет.
Жиі кездесетін бейімделу кезіндегі қиындықтардың пайда болу себебіне
әлеуметтік-педагогикалық бетімен кетушілік факторы жатады. Бұл бетімен
кетушіліктің дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін және ол отбасындағы психологиялық
жағдайға байланысты. Ата - аналарда білім деңгейі төмен болған кезде, бірінші кезекте
баладағы танымдық сферасының қалыптасуы зардап шегеді. Мұндай балалар білім
қорының аздығымен, ой-өрісінің тарлығымен көрінеді. Олар тапсырмаларды орындай
алмай, салыстыру дағдысын талап ететін, жалпылау, әр түрлі өмірдегі жағдайларға
бағытталу, заттар мен құбылыстарға дәлме-дәл анықтама беру сияқтыларды талап
ететін Д.Векслер әдістемесі бойынша тапсырмаларды орындай алмайды. Мұндай
балалардың жетіспеушілігі – вербалды сферасының қалыптаспағандығы болып тұр.
Сонымен бірге олар талаптанғыш, адал, балабақша ережелерін жақсы орындайды,
эмоционалды бір қалыпты. Осы балалардың тәрбиесіндегі басты қателік: отбасы
тәрбиесінде интеллектуалды дамуы үшін стимулдары жеткіліксіз болған. Олардың
өмірлерін ұйымдастырғанда бәрінен бұрын практикалық іс-әрекет (мысалы, үй
жұмысын орындаудағы көмек) жағымды бағаланды. Ата-аналардың берген жоғары
бағасы өзіне сенімділігін, ұқыптылықты, адалдықты қалыптастырып, бірақ ең
маңыздысы – танымдық сферасы жүзеге аспай қалып қояды.
Отбасындағы мәдени деңгейдің төмендігінен, баладағы психологиялық дамудың
кешеуілдеуінен мұндай балалар топтағы іс – шараларға ынтасы төмен болады.Топқа
келу барысындағы қиындықтар олардың толығымен бейімделу жолдарына кедергі
жасайды. Мұндай балалар өздерін жекелеп бөлек отыруға тырысады. Оны ешкім
мазаламғанын қалайды Топтағы өткізілген іс – шара, сабаққа қатыспайды.
Тәрбиешілердің мейірімді және сезімді қарым-қатынасы оларды пайда болған
қиындықтарды жеңуге көмектесіп, біртіндеп балабақшаға бейімделе бастайды, бірақ та
басқа бірінші топтастарына қарағанда, бейімделуі ұзақ мерзімде жүреді.
Кейбір жағдайларда ата-аналардың төмен білім деңгейіне баланың қараусыз қалуы,
отбасы ішіндегі дау-дамайлар, алкоголизм сияқты жағымсыз әлеуметтік факторлар
жатады.
Баланың балабақшаға бейімделу қиындықтарының пайда болуына әкелетін
факторлар, яғни, жағымсыз тұлғалық сапаның қалыптасуы бәрінен бұрын тәрбиелеу
амалының дұрыс еместігінен көрінеді. Мұндай балалардың ата-аналарының білім
деңгейлері жоғары болуы мүмкін, балаға көп көңіл бөліп,баланың танымдық сферасын
дамытумен шұғылдануы мүмкін. Бірақ та оларда балаға жағымсыз әсер ететін ата-
аналарының арасындағы дау- дамайлы қарым-қатынас бар. Балалардың әрқашан үрейлі,
қорқынышты жағдайда болуы тұлғаның эмоционалды, бір қалыпты емес типінің
қалыптасуына әкеліп соғады: оларға алаңдаушылық, шиеленіс, әлеуметтік
жасқаншақтық, өзіне де сенімсіздік сияқты сапалар тән.
Оларда жоғары қызығушылық бар. Д.Векслер әдістемесі бойынша, тапсырмаларды
орындағанда, орынсыз асығыстық көрсетіп, көп қателер жіберіп, өз-өзін нашар
бақылайды. Бұл жетіспеушіліктер балабақша тапсырмаларын орындағанда тікелей әсер
434
етіп, орынсыз асығыстық жауап беруіне әкеліп соғады. Алдыңғы атап өткен тұлғалық
сапалар топтағы ұжымға кіруге кедергі жасайды.
Кейбір жағдайда жағымсыз тәрбиелеу әсері ата-аналар жағынан гиперопека
түрінде көрінеді. Мұндай жағдайда балаларда тұлғаның инфантильді бітістері
қалыптасады немесе өзін-өзі жоғары бағалау және доминантты болуға бейімділік пайда
болады. Инфантильді балалар жасқаншақтығымен, тұйықтықпен ерекшеленіп, топта
“изоляцияланған” топтағыларға жатады. Социометриялық мәліметтер бойынша,
оларды таңдамайды және олар өздері де қарым-қатынас жасауға ұмтылмайды.
Өзін-өзі жоғары бағалайтын балалар жаңа ұжымға келгенде айналасындағылар
жағынан ерекше көңіл бөлуді талап етеді, көш бастаушылық позицияны алуға
ұмтылады, сондықтан да құрдастарымен әрдайым дауласып, келіспей қалады. Басқа
балаларда көбіне оларды қабылдамайды және өзінің жағдайына қанағаттанбаушылық
оларда
жағымсыз
эмоцияларды,
топтастарына
деген
қарым-қатынастың
агрессивтілігінің пайда болуына әкеледі. Бұл балалар әлеуметтік жоспарда ұзақ уақыт
бейімделе алмай, ұжыммен қарым-қатынас бекітуде қиындықтар сезінеді.
Бала өзара белсенді әрекет ететін әлеуметтік ортаның психологиялық дамуының
көзі болып қызмет ететіндігі белгілі. Индивидуалды-типологиялық ерекшеліктері,
морфо-функционалдық пісіп-жетілуінің сипаттамасы, генетикалық нышандар – мұның
бәрі оның дамуының жағдайлары болып табылады. Кейбір балаларда биологиялық
алғышарттары жалғыз болуы мүмкін. Бала ағзасының жалпы әлсіреуі, дүниеге келген
кезде жарақат алуы, балалық шақтағы аурулар және басқа да жағымсыз биологиялық
факторлар интеллектуалды дамудың кешеуілдеуіне әкеліп, оның бейімделуіне әсер
етеді.
Бейімдеушілік сабақ барысында қалыптасады және оның алдын алуға, күресуге
болады. Нашар бағаға әкеп соқтыратын бала бейімделе алмаушылығының себептері
оқу-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастырмауда, бақылаудың мерзімді жүрмеуінде,
санитарлық-гигиеналық нормалардың бұзылуында жатыр. Бұлардың ішіндегі
негізгілер мыналар:
- жекелеген тәрбиешілердің сабақтарының сапасыздығы, жаңа материалды
тиісінше түсіндіре алмауы, бекіту жұмысының әлсіз жүруі, бала білімін есепке алудың
болмауы, тәрбиешінің тиісті дәрежеде талап етпеуі;
- тәрбиешінің өз балаларын дұрыс білмеуі, жеке жұмыстың болмауы, танымдық
қызығуын дамыта алмау;
- бағалаудағы біржақтылық;
- оқыту мен тәрбие үрдісінде сабақтастықтың болмауы;
Оқу-тәрбие ісі меңгерушісінің бұл істегі атқаратын міндеті қандай? Енді аз-кем
соған тоқтала кетейін.
Ең алдымен, әдіскер мен тәрбиешінің жұмысымен танысуы керек (үлгермеу
себептерін айқындау, біліміндегі олқылықтардың сипаты). Балалардың бейімделе
алмаушылығынның себептерін зерттеу мақсатында балаға педагогикалық басқосулар,
семинар, тренингтер өткізуі тиіс. Олардың тақырыптары: «Бейімделуі нашар және
білім беру үрдісін белсендіру», «Бейімделе алмаушылықты болдырмау және алдын алу
жөніндегі педагогикалық ұжымның іс-әрекеті» т.т. Бұл шараларда баланы зерттеудің
жалпы бағдарламасы қарастырылып, пікірлер тыңдалып, үлгермеушілік себептері
435
айқындалуы және жеке баланы оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіру шаралары
қарастырылуы қажет. Бұл жұмыстар балабейімделе алмаушылығының себептерін
білуге, алдын алуға бағыт береді, көмектеседі.
Тәрбиешінің бейімделе алмаушылықты болдырмау жөніндегі жұмыс жүйесін зерттеу
мақсаттары: бейімделуі нашар және қиындықтың неден туындайтынын бейімделе
алмаушылықты болдырмаудың жолдарын себептерін талдау.
Тексеру жоспары мына төмендегілерді қамтиды.
1.
Ата – аналардың баламен қарым – қатынасын анықтау.
2.
Бейімделуі нашар балалардың отбасылық жағдайы:
- Тәрбиешілер мен әңгімелесу (нашар бейімделетін баланың саны және олардың
жеке білім олқылықтарының есебін жүргізуі, бейімделе алмаушылықты болдырмау
жұмысының әдістері мен түрлері);
- бірінші жарты жылдық барысындағы тәрбиешінің қойған бағаларын және
олардың нормаларға сәйкестігін талдау (бақылау жұмыстарын, балалардың
дәптерлерін, журналдағы, күнделіктердегі бағаларды талдау);
- тәрбиешінің сабақ барысында бейімделе алмаушылықты болдырмау жөніндегі
жұмысының түрлері;
- балалардың бейімделе алмаушылығын болдырмау жөніндегі әкімшіліктің іс-
әрекеті.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМНЫҢ ОТБАСЫМЕН ЖҰМЫСЫ
Жамангарина М.А.
Карағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі
Спанова А.Б.
«Kinderland» балабақшасының тәрбиешісі
А.С.Макаренконың «балаларды дұрыс тәрбиелеу-біздің өміріміздегі ең жауапты
сала.Дұрыс тәрбиелеу-бұл біздің бақытты қарттық шағымыз ,жаман тәрбиелеу-бұл
біздің келешек қасіретіміз,бұл бізідң көз жасымыз,бұл біздің басқа адамдар алдындағы
бүкіл ел алдындағы бүкіл ел алдындағы айыбымыз»деген пікірінің мағынасын түсінуге
тиіс.Өз балаңның тәрбиесін жеке өз ісің ғана деп қарамау керек,қоғам алдындапғы
азаматтық борышыңды орындау деп қарау керек.Балаларын тәрбиелей отырып ата-
аналар келешек еңбеккғерлерді азаматтарды келешек әкелер мен аналарды
қалыптастьырады,бұл істің табысты болуына олардың өздері ғана емес,тұтас алғанда
қоғам мүдделі.Айрықша реттерде,ата-аналар балаларын тәрбиелеу үшін қажетті жағдай
жасай алмаған кезде,оларға мемлекет көмек көрсетеді.Ата-аналар тәрбиенің мақсаты
мен міндеттерін ,оларды жүзеге асырудың жолдары мен амалдарын айқын түсінгенде
отбасындағы бала тәрбиесі ойдағыдай болуы мүмкін.Бұл отбасы мен балалар
бақшасындағы тәрбиелік ықпалдың бірлігін орнату үшінде қажет.(өзің ата-аналық
тілегіңнің қандай екені жөнінде өзіңе айқын есеп беруге тиістісің),-деді
А.С.Макаренко.Ол атаналар өз баласын кім етіп тәрбиелегісі келетінін,оған қанедай
сапаларды дарытқысы келетінін айқын ұғынып алуға тиіс деп атап көрсетті.Баланы
436
дұрыс тәрбиелеу үшін онцы жақсы білу керек,Ал бұл үшін педагогикалық білім
қажет.Бұл атаналардың баланыңимінез-құдқындұрыс талдап,оны тәрбиелеудің дұрыс
жолдарын таңдап алуына көмектеседі.Балаларды тәрбиелеуде отбасы өмірінің жалпы
жағдайы:жұбайлар теңдігі,отбасы мүшелерінің арасындағы дұрыс қарым-қатынас
жалпы ізгі тілектестік,өзара құрметтеу және қамқорлық жасау,патриотизм,еңбек
сүйгіштік ахуалы,ортақ тәртіп мен отбасы дәстүрі ересектердің балаға қоятын
талаптарының бірлігі маңызды роль атқарады.Отбасы өмірі материалдық тамақ, киім,
жылу,т.с.с жөніндегі қажеттер ғана емес ,рухани қажеттер де толығырақ
қанағаттандырылып ,дамып отыратындай етіп ұйымдастырылуға тиіс.Ата-ананың
баланың алдында беделі болуға тиіс,мұнсыз тәрбие мүмкін емес.Ата-ананың беделінің
негізі ата-ананың азаматтық келбеті,олардың омірі,мінез-құлқы,өз отбасы үшін қоғам
алдынджағы жаупкершілігін сезінуі болып табылады.Еңбек пен қоғамдық қызметі
отбассындағы міндеттермен ойдағыдай ұштастаратын өз балаларының өміріне ықылас
қойып,көңіл бөліп отыратын,олардың өмірі мен дамуына шебер ірі адеппен басшылық
жасап отыратын ата-аналар ең көбірек беделге ие болады. Ата –ананың балаға
көзқарасы оған деген табиғи әрі тамаша махаббат сезіміне негізделген.Абайдың әуел
балаңды өзің алдайсың Әне оны берем,мұны берем деп.Баста балаңды алдағаныңа бір
мәз боласың.Соңыбалаң алдамшы болса кімнен көресің?Боқта деп біреуді
боқтатып,кәпір қияңқы осыған тимеңдерші деп,оны масаттандырып,әбден тентектікке
үйретіп қойып,сабаққа бергенде ,молданың ең арзанын іздеп хат таныса болады деп,қу
сұм,бол деп,пәленшенің баласы сені сыртыңнан сатып кетеді деп тірі жанға сендермей
жат мінез қылып,осы ма берген тәлімің?Осы баладан қайыр күтесің бе?деген сөзі бізіді
бүгінде көп ойлантады.Өйткені дәл қазір бір-бір отбасының төрелері Абайдың
мысалындай тәрбиеленіп жатқанында ешкімнің таласы жоқ.Түсінеміз....Көзіміздің ағы
мен қарасындай екі-үш баланы еркелетпегенде қайтеміз дейтін болармыз.Бірақ ,сол
еркін иерекміз өз маңдайсызға таяқ болып тимес дейсің.Бар әңгіме ата-ана
махаббатының шегінен асып кетпеуінде оның баланың жек басына деген
талапкершілікпен және құрметпен ұштасуында.Баланы шексіз жақсы көріп,оның мен
ананы қаламаймын мен мынаны қаламаймын бер,сатып әпер,деген тілектері мен
талаптарының бәрін екі етпей орындай беру,оған ашықтан-ашық үздігіп тұру оның
білінер білінбес қабілеттерін жер-көккее сыйғызбай дақпырттау-осының бәрі сәбиге
зиян келтіреді,оны шәлкес,өзімшіл етеді,ерік-жігерін әлсіретеді.Балаға деген мұндай
сүйіспеншілікті соқып сүйіспеншілік деп атайды.
Ата-ананың балаларға дұрыс қарауы еркелетуді, жұмсақтықты,аялауды баланың
мүмкіншілігін ,әсіресе жасын ескертетін қатаң дәйекті ұштастыра білуде.А.С.
Макаренко
ата-аналарға
баланы
қалағаныңызша
еркелетіңіз,қалжыңдаңыз,ойнаңыз,бірақ қажет болған кезде қысқа бір-ақ рет тәртіп бере
біліңіз.деп
кеңес
айтқан.Демек
ата-ананың
балалармен
қарым-
қатынас,салмиақтылықты жылы жүзділікті,шешімділікпен,іскерлікпен ұштастыратын
болуға тиіс.Балаға дұрыс қарау дегеніміз -бала әлі кішкентай ,әлә өмір тәжірбиесі аз
болғанымен,оны адам деп құрметтеу,оның ересектер назарында болу,олармен қатынас
жасау,алуан түрлі іс-әрекет үшін өзіне жағдай туғыздыру,құқығын қадірлеу деген сөз.
Жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудің табысқа жетуі мемлекеттік тәрбие
ұйымдарында,отбасында және қоршаған орта арқылы жүзеге асырылатын қоғамдық
437
тәрбиенің тәрбиелік ықпалының бірлігі мен үйлестілігіне байланысты.Бұл бірліктің
негізі- жан –жақты және жарасымды дамыған, қоғамға пайдалы, Отанға беріген
азаматтар қалыптастыратындай етіп жаңа ұрпақты тәрбиелеуде мемлекет пен отбасы
мүддесінің толық сәйкес келуі. Қоғамдық тәрбиенің жетекшілік рөлі мынаған
байланысты:баланы тәрбиелеу өз құрдастарының ұжымында жүзеге асырылады, бала
онда қоғамдық мінез құлықтың алғашқы дағдыларын үйренеді; ондағы тәрбие ғылыми
негізделен сипатта болады, арнайы құрылған педагогикалық ортада өтеді және кәсіби
тұрғыдан дайындалған мамандар жүзеге асырады. Қоғамдық тәрбиенің жетекші рөлін
мойындау баланы жеке басын қалыптастырудағы отбасының орасан зор маңызын
кемітпейді. Отбасы-қоғамның алғашқы ұясы,жаңа адам сол ұяда дүниеге келеді, бұл
шағын әлеуметтік топ-бала үшін алғашқы өмір мектебі. Ата-ана оның бірінші ұстазы
және тәрбиешісі. Жаңа қалыптасатын жеке адамға оның ықпал күші орасан зор. Ата-
ананың балаға әсерінің негізі олардың перзентіне деген сүйіспеншілігі, қамқорлығы
болып табылады. Осы сүйіспеншілік пен қамқорлыққа ата-анасына мейлінше бауыр
басу және сүйіспеншілік сезімімен,олардың артықшылығы мен беделін мойындаумен,
солардан өнеге алуға, солар сияқты болуға ұмтылумен жауап қайырады.Отбасы
әсерінің күші баланың тәрбиелік ықпалға көнгіштігіне, оның електегіштігіне
байланыста.
Отбасы мен балалар бақшасында балаға тәрбиелік ықпал жасауда бірлік пен өзара
ынтымақ орнатуға ұмтыла отырып, олар ата-аналарды педагогикалық біліммен
қаруландыруды,оларға практикалық көмек көрсетеді. Н.К.Крупская «Біздің мектепке
дейінгі мекемелерімізде берілетін қоғамдық тәрбиені отбасындағы тәрбиемен
ұштастыру адамдардың тамаша ұрпағын өсіріп шығарады»деген даналық ақыл-кеңесін
басшылыққа ала отырып, тәрбиешілер отбасымен үлкен жұмыс жүргіеді., қоғамдық
және отбасылық тәрбиенің бірлігіне жетуге күш салады.
Отбасымен жұмыс-мектепке дейінгі ұйым тәрбмешісі мен басқа да қызметкерлері
қызметінің маңызды күрделі саласы. Ол мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:
-балаларды тәрбиелеуде бірлік орнату;
-ата-аналарға педагогикалық білім беру;
-отбасындағы тәрбиенің озат тәжірибесін зерттеу және тарату;
- ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымның өмірімен және қызметімен таныстыру;
Б а л а л а р д ы т ә р б и е л е у д е б і р л і к о р н а т у.
Мектепке дейінгі ұйымда отбасымен жүргізілетін барлық жұмыс осы міндетке
бағындырылған. Балаларды тәрбиелеудегі бірлік балалардың бойында дұрыс мінез-
құлық қалыптастыруды қамтамасыз етеді, дағдыларды, білімдерді, іскерліктерді
меңгеру процесін тездетеді, балалардың алдында ересектердің-ата-аналар мен
тәрбиешілердің беделіңің артуына көмектеседі. Мұндай бірліктің негізі ата-аналардың
педагогикалық білімділігі, олардың мектепке дейінгі ұйым жұмысы туралы
хабардарлығы болып табылады.
А т а – а н а л а р ғ а п е д а г о г и к а л ы қ б і л і м б е р у. Мектепке дейінгі
ұйым тәрбиешілерінің міндеті ата-аналардың бала туралы, оның дамуының
заңдылықтары және оны жан-жақты жарасты дамыту, мектепке оқуға дайындау
мақсатымен оған ықпал жасау жолдары туралы білім алуына көмек көрсету болып
табылады. Бұл үшін ата-аналарды психалогияның, педагогиканың, анатомияның,
438
физиология мен гигиенаның негізгі мәселелерімен таңыстырады.олар теориялық
біліммен қатар кейбір әдістемелік білімдер мен іскерліктерді меңгереді, мәселен:
балалардың ойының қалай басқару керек, олардың сұрақтарына қалай жауап қайтару
керек, шынықтыруды қалай жүзеге асыру керек екенің т.б. үйренеді.Ата-аналар
педагогика техникасын:баламен қалай сөйлесу керек, оған қалай тәртіп беру керек,
қалай талап қою керек екенін, оны көтермелеу мен жазалау шараларының қандай екенің
т.б. үйренуге мұқтаж.
О т б а с ы н д а ғ ы т ә р б и е т ә ж і р и б е с і н з е р т т е у және т а р а т у
Тәрбиеші отбасыларына барып, ата-аналармен әңгімелесе отырып, балаларды бақылай
жүріп, кешкі уақыт пен демалыс күндерінде балалар тіршілішін ұйымдастырудың озат
тәжірибесін, олардың ынта-ықыласына, қылығына шебер ықпал жасай білушілікті
анықтайды. Қайсібір отбасында еңбек тәрбиесі неғұрлым ойдағыдай жүзеге асырылса,
басқа бір отбасында баланын эстетикалық дамуы т.т. жақсы жүріп жатады.
Отбасындағы тәрбие тәжірибесінде жақсы нәрселерді көріп ғана қоймай, сонымен бірге
оны қолдау және соның негізінде ата-ананың назарын баланы тәрбиелеудің шешілмеген
міндеттеріне аудару маңызды.Отбасындағы тәрбиенің қайсібір міндеттерін олардың
кайсысы ойдағыдай шешіп, қайсысы мектепке дейінгі ұйымымен тығыз ынтымақ
жасайтынын білген тәрбиеші бұл ата-аналардың отбасындағы тәрбие тәжірибесін
алмасу жөніндегі жиналыстарда, конференцияларды сөйлеуін қамтамасыз етеді. Сол
ұйым, сол топ балаларының отбасыларының өмірінен алынған жағымды мысалдарды
педагогтар әңгіме кезіңде пайдаланса, мұның өзі педагогтың дәлелдеріне ата-аналардың
сенімін күшейте түседі.
А т а –а н а л а р д ы м е к т е п к е д е й і н г і ұ й ы м ө м і р і м е н және ж ұ м
ы- сымен таныстыру. Мектепке дейінгі ұйым отбасында балаларды тәрбиелеуде бірлік
орнату үшін ата-аналардың балалар бақшасымен, онда балалардың өмірі қалай
ұйымдастырылғанын, тәрбиешілердің қандай міндеттерді шешетінің , балалардың күн
ұзағына немен шұғылданатынын, олаардың мінез құлқына қандай талаптар
қойылатынын , ата – аналар үшін қандай ережелер бар екенін, ол ережелер немен
шарттас екені т.т айқын білуі қажет. Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері мен басқа
да қызметкерлері- меңгерушісі, музыка жетекшісі ата-аналарға мектепке дейінгі
ұйымның өмірі мен жұмысының ұйымдық және педагогикалық негіздері туралы үнемі
айтып отырады, отбасымен ынтымақтасып істеудің қажет екенін атап көрсетеді.Балалар
бақшасында балалармен жүргізілетін жұмысты ата-аналар біледі және түсінеді деген
сенім оларға бұл жұмысты жалғастырып, баянды ете беру керек деп талап қоюға негіз
болады.
Қолданған әдебиеттер тізімі:
1. Мектеп жасына дейінгі педагогика: оқу құралы. Алматы «Мектеп», 1982
(аударма).
2. Ф.Н.Жұмабекова. Мектепке дейінгі педагогика. Астана: «Фолиант», 2008ж.
3. Идрисова М.Ә. Мектепке дейінгі педагогика: оқу құралы. Қарағанды: «Гласир»,
2011ж. -283б.
4. В.И. Ядэшко, Ф.А.Сохина. Мектепке дейінгі педагогика. А.: Мектеп, 1981
5. Ә.Меңжанова. Мектепке дейінгі педагогика: оқу құралы. Алматы: «Рауан», 1992
439
6. Н.О.Пичугина, Г.А.Айдашева, С.В.Ассаулова. Дошкольная педагогика:
конспект лекции. Ростов-на-Дону: «Феникс», 2004
7.
Н.Савельева.
Настольная
книга
педагога-психолога
дошкольного
образовательного учреждения. Ростов н/Д:»Феникс», 2004
8.Педагогика:
оқулық.
Ш.Х.Құрманалина,Б.Ж.Мұқанова,
Ә.У.Ғалымова,Р.К.Ильясова. Астана-2007 ж.
9. Ш.Құрманалина, Ә.Ғалымова Педагогика: оқу-әдістемелік құрал. Астана:
Фолиант, 2008, 272 б.
10. Мұсаева С.Ә., Бегалиев Т.Б. Жас ерекшелік педагогикасы. Астана: «Фолиант»,
2006.
11.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы А. 2007ж.
12.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы. А., 2003.
13.ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі
тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер. Астана.2012ж.
ОТБАСЫ МЕН БАЛАБАҚША САБАҚТАСТЫҒЫ
Бабағұлова Анар Ескендірқызы
Жетекшісі: Жамангарина М.А.
ҚМББ «Болашақ» колледжі
Достарыңызбен бөлісу: |