Баланың мектепке дайын болу жағдайы бірнеше түрге бөлінеді:
1. Дене бітімінің дайындығы — баланың салмағы мен бойының өз жасына сай
болуымен
қатар
он
екі
мүшесі
сау
болуы
керек;
2. Зиятының дайындығы — баланың ой-өрісінің, есте сақтау қабілетінің, тілінің,
зейінінің, өз еркімен тапсырма орындай алуының, мақсат қоя білуінің, қателігін түсіне
білу
қабілеттілігінің
өз
жасына
сай
болуы;
3. Әлеуметтік-психологиялық дайындық — баланың жаңа ортаға деген көз-қарасының,
оқушы жауапкершілігінің, өзін-өзі ұстай білуінің, үлкен кіші адамдармен қарым-
қатынасының
өз
жасына,
мектептердің
талабына
сай
болуы;
4. Ерік аясының дайындығы — баланың өз іс-әрекетін мақсатты түрде қалыптастырып,
өз кемшіліктері мен жетістіктерін дұрыс қабылдап, әрекет ете білуі;
Әлеуметтік-психологиялық дайындық
Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар әріптерді танумен,
сандарды санаумен ғана шектеліп жатады. Одан басқа, баланыңмектепке қажетті құрал-
саймандары мен киім-кешектеріне баса назар аударады. Әрине, бұл дайындықтарсыз
баланың мектепке дайын болуы екіталай. Бірақ баланың оқуға дайындығын ақыл-
ойының даярлығымен, материалдық дайындығымен шектеліп қоймай, оны оқуға
психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Баланың психикалық
үрдістерінің дамуы оқуда және басқа адамдармен қарым-қатынас орнатуда қиындыққа
кезікпеуіне мүмкіндік береді.
Мектепке келген бала «оқимын» деген ниетпен мектеп табалдырығын аттайды.
Бірақ, кейде бала оқуға барғысы келмейді, дегенмен оның себебі әр түрлі болады: бір
балалар мектепте көп бала бар және онда көңілді десе, біреуі партаға отырғысы
келгендіктен баруы мүмкін. Алайда, мұндай ықыласпен келген балалар біраз уақыттан
кейін мектептің олар үшін қатал тәртібіне және күнделікті оқу сабақтарына шыдай
алмайды. Жалпы, бала оқу үрдісіне қызығуы қажет. Сонда ғана баланың таным
қызығушылықтарының дамуына, жаңа білім алуына мүмкіндік туады. Сонымен бірге
баланың мұғалімдермен, балалармен қарым-қатынас жасауы аса маңызды. Яғни, оқу
әрекеті ұжымдық сипат болғандықтан, әрбір бала құрдастарымен қарым-қатынас жасай
алуға, бірге жұмыс істеуге дағдылануы керек.
Баланың шешім қабылдай алып, мақсат қоя білуі ерік-жігерінің даярлығы болып
саналады. Баланың әркеттерді жоспарлап, олардың орындалуын жүзеге асыруда күш
пен бойындағы қабілеттерін жұмсай білуі, қиындықтарды жеңе білуі балалардың
психикалық үрдістерінің қалыптасуына ықпалын тигізеді. Егер балалардың оқуға
дайындығы осы бағыттармен ұштасып жатса, бала оқуға тез бейімделіп, жақсы оқып
кетуіне мүмкіндік туғызады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру үрдісін жоспарлауға ата-аналарды қосуды
келесі бағыттармен жүзеге асыруға болады:
449
- білім беру жағдайларына ата-аналардың қажеттілігін, қызығушылығын зерттеу;
- әлеуметтік тапсырысты әзірлеуге ата-аналарды тарту: мектепке дейінгі ұйым
миссиясын анықтау, білім беру мазмұнын таңдау (білім беру бағдарламалары,
технология, балаларды тәрбиелеу мен оқыту әдістемесі); түлек моделін құру;
- жоспарды әзірлеудің барлық деңгейіне ата-аналарды тарту: мектепке дейінгі
ұйымның даму бағдарламасы, жылдық және оқу жоспарлары, баланың жеке даму
картасы, тәрбиешілермен біріккен жоспарлар.
Ата-аналармен жұмыс формалары:
Форма – (латын сөзі forma) – құрал, бірнәрсенің құрылымы, ұйымдастыру жүйесі.
Бүгінгі күні ата-аналар педагогикалық білімін ағартудың дәстүрлі емес, жаңашыл
деп саналатын әртүрлі әдістері мен формалары қолданылып келеді:
- көрнекі насихаттау;
- оn-line бақылау;
- отбасына қатынау;
- консультациялық пункттер;
- ата-аналар жиналысы;
- әңгімелесу мен консультациялар;
- ата-аналар конференциялары;
- ауызша журналдар;
- сауалнама жүргізу;
- ашық есіктер күні;
- дөңгелек үстелдер;
- клубтар ұйымдастыру;
-біріккен бос уақыттар;
- іскер ойындар ұйымдастыру және т.б.
Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін сәтсіздіктер ата – аналардың педагогикалық –
психологиялық сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті
тәжірибенің жоқтығынан болады. Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата
– аналарға көмектесу – тәрбиешілердің міндеті. Ата – аналармен жүргізілетін жұмыс
түрлерін қалай ұйымдастыруға болады ? Ол үшін біз, яғни психологтар, тәрбиешілер
ата – аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын ,отбасы
мүшелерінің бала тәрбиелеудегі рөлін анықтау үшін ата – аналардың ұсыныс –
пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға
болады. Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата – аналармен бірлесе
отырып жасаған тиімді, себебі ата – аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді,
отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптартарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар
ата – аналардың ұсыныс – пікірлерімен санаса отырып ата – аналарға арналған
әңгімелер мен лекциялар, консультациялар, сұрақ – жауап кештері, тәрбие жұмысын
алмасу жөніндегі конференциялар, психологиялық тренинг- сабақтар, ата – аналарды
педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс – тәсілдері қарастырылады.
Мектепке дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті ойын болғандықтан, оларға бірден
оқу әрекетіне ауысу біршама қиындықтар туғызады. Мектеп табалдырығын алғаш
аттаған бала педагогтармен және балалармен кезіккенде мазаланады, оқу үрдісінен
өзінде жағымсыз эмоциялық сезіну пайда болып, қорқыныш пайда болады. Сондықтан
450
балалардың көңіл күйі болмай, себепсізден жиі ауыруы «мектеп неврозы» сипатында
көрінеді. Яғни мектепті еске алса болғаны, жылап, уайымдайды. Сөйтіп, мектеп бала
үшін стресс тудыратын факторға (стрессогендік фактор) айналып, денсаулығының
нашарлануына әкеп соғады. Осы кезде әрбір ата-ана өзінің баласына мектеп туралы
қажетті мағлұматтар айтып, баланың мектепке деген жағымды қатынас және сенімділік
сезімін қалыптастыра отырып тәрбиелеу керек. Ең бастысы — баланы жолдастарымен
қарым-қатынас жасай алуға, басқа балалардың ойымен санасуға үйрету.
Балаларды мектепке психикалық даярлау бағыттарын тәжірибеде жүзеген
асыратындар — ата-аналар, мұғалімдер, бала-бақша психологтары. Психологтың
міндеті: психодиагностиканың әдістемелерін қолдану арқылы және зерттеу
нәтижелеріне сүйеніп, алты жастағы баланың оқуға дайындығын анықтау.
Мектеп жасына дейінгі баланы толыққанды тәрбиелеу отбасы мен балабақшаның
тығыз ынтымақтастығы кезінде ғана мүмкін болады. Ата – аналардың балаларға тәрбие
беру міндеті ҚР Конституциясында, ал балалардың отбасындағы құқығы- бала
құқықтары туралы конвенцияда белгіленген. Отбасы- барлығының басы, жан – жақты
дамуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасының балаға тәрбие берушілік
қызметінің мақсаты – баланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық дамуын ескере
отырып жарасымды жетілген ұрпақ тәрбиелеу.
Қолданған әдебиеттер тізімі:
1. Мектеп жасына дейінгі педагогика: оқу құралы. Алматы «Мектеп», 1982
(аударма).
2. Ф.Н.Жұмабекова. Мектепке дейінгі педагогика. Астана: «Фолиант», 2008ж.
3. Идрисова М.Ә. Мектепке дейінгі педагогика: оқу құралы. Қарағанды: «Гласир»,
2011ж. -283б.
4. В.И. Ядэшко, Ф.А.Сохина. Мектепке дейінгі педагогика. А.: Мектеп, 1981
5. Ә.Меңжанова. Мектепке дейінгі педагогика: оқу құралы. Алматы: «Рауан», 1992
6. Н.О.Пичугина, Г.А.Айдашева, С.В.Ассаулова. Дошкольная педагогика:
конспект лекции. Ростов-на-Дону: «Феникс», 2004
7.
Н.Савельева.
Настольная
книга
педагога-психолога
дошкольного
образовательного учреждения. Ростов н/Д:»Феникс», 2004
8. Педагогика: оқулық. Ш.Х.Құрманалина, Б.Ж.Мұқанова, Ә.У.Ғалымова,
Р.К.Ильясова. Астана-2007 ж.
9. Ш.Құрманалина, Ә.Ғалымова Педагогика: оқу-әдістемелік құрал. Астана:
Фолиант, 2008, 272 б.
10. Мұсаева С.Ә., Бегалиев Т.Б. Жас ерекшелік педагогикасы. Астана: «Фолиант»,
2006.
451
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ
Асхатай Г. Е, Тәуекелова Ж.Д, Төлепова С.С.
Жетекшісі: Жамангарина М.А.
Карағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі
Бүгінгі таңда инклюзивті білім беру және тәрбиелеу, оны қолдау бағытында
балабақшалардабелгілі себептермен ақыл - ой дамуында ауытқуы бар немесе
психикалық дамуы тежелген балалар білім алуда. Әр баланың білім алуда өз
ерекшеліктері бар. Мәселен әр баланың эмоционалдық және психикалық
таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі.
Десекте қазіргі таңда әр балаға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы
білім беру өмір талабы болып табылады.Осы ретте балабақшаларда әрбір мүмкіндігі
шектеулі баланың даму деңгейі мен жас ерекшелігі ескеріліп білім берілуде. Бүгінде
таңдам еліміздің барлық аймағында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді қолдау
негізінде мектепке дейінгі ұйымдарда түзете-дамыта тәрбиелеп – оқыту
біртіндеп ашылып жатыр. Бұл мекемелердегі басты мақсат: әр мүмкіндігі шектеулі
балаларды бір топқа топтастырып, әр балаға деңгейі мен оқу бағдарламасына сай білім
беру.
Бұл мекемелер ашылғанымен өз алдына үлкен қиыншылықтары бар. Себебі:
балалардың жас ерекшелігі әртүрлі болғандықтан әр топқа өзінің жасына сәйкес білім
берілу керек.
Инклюзив - сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен
аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді.
Инклюзивті білімберудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балалардықалыпты
балалармен біргебілім беру. Яғни адамның жынысына , дініне, шығу тегіне қарамастан
тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім
беру- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.Бұл арнаулы білім
беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды
ығыстырмайды. Нағыз инклюзивті білім берудің 2 жүйесін жалпы және
арнаулыжүйелерді бір-біріне жақындастырады.
Қазақстан Республикасының 11.07.2002 жылғы «Кемтар балаларға әлеуметтік-
медициналық-педагогикалық-психологиялық түзеу арқылы қолдау туралы» № 343 заңы
бойынша ТДО топтарды үйден оқыту, үйден әлеуметтік көмек көрсету, көмекші
бағдарлама, арнайы (ПДТ) бағдарлама бойынша куәлік беру ережелерін және
мүмкіндігі шектеулі балаларды қорғау, қамқорлау, диагнозын анықтау, емдеу, оңалту,
тәрбиелеу, оқыту, қатарға қосу мәселелері бойынша жаңадан шыққан заң, қаулы, ереже
тәртіптерінде қаралған.
Инклюзивті білім беру – ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім
беретін ұйымдарда оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту-даму
мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру
және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту
жүйесі.Инклюзивті оқыту біріктірілген , жартылай ( жеке балалар күннің жарты бөлігі
арнайы топтарда, ал екінші бөлігі) қарапайым топтарда өткізіледі. Уақытша арнайы
452
топтардағы бала бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді, өткізу
үшін біріктіріледі.Толық дамуында ауытқулары бар балалар балабақшаның, сыныптың,
мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету
көмегін ата-аналар көрсетеді. Кемтар балалардың ата-аналары көмекші не балабақшаға
баласын бергісі келмесе жалпы балалар оқитын мектептерге ПМПК-ның ұсыныс
бойынша жеңілдетілген бағдарлама бойынша оқытуға толық құқылы. Жалпы білім
беретін мектептер, балалабақашалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген
баланың деңгейіне қарай жеңіл бағдарламамен білім беруге тәрбиешілермен
мұғалімдер инклюзивті білім беруге дайын болғаны жөн. Инклюзивті оқыту негізінде
балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген
теңдік қатынасын қамтамасыз ету, сонымен қатар оқытудың ерекше қажеттілігі бар
балаларға арнайы жағдай қалыптастырудың идеологиясы жатыр. Тәжірибе
көрсеткендей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалып жатады.
Мұндай қалыптасқан жүйе баланың даралық қажеттілігін қанағатттандыра алмайды.
Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір
сүру мүмкншілігін қалыптастырады.
Инклюзивті оқыту- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында мектеп
және мектепке өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-
оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік
береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік
береді. Инклюзивті оқыту-барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше
қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің
дамуы. Инклюзивті білім беру балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін
қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер
инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда
ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдйын да өзгереді. Инклюзивті білім беруді
ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады.
Инклюзивті оқыту балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік
бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне қарамай балаларды айыратын кедергілерді
жоюға ата-аналарын белсенділікке шақыруға балалардың түзеу-педагогикалық және
әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас
ерекшеліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы
сақталған тиімді саясат.
Инклюзивті білім беруді дамытуға бағытталған құқықтық құжат
Республикада арнайы білім беру үшін басты және тарихи маңызды болып 2002 ж.
“Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік дәрігерлік-педагогикалық және түзету
көмегін көрсету туралы” заңын қабылдауы болып табылады. Бұл заң актісінің
қабылдануы мемлекет пен қоғамның дамуында бұзылысы бар балаларға оң көзімен
қарай бастағанын көрсетеді.
49 бап. Ата-аналар және басқа да заңды өкілдері:
Баланың ерекшелігін және жеке қабілетін, қалауын ескере білім беру мекемелерін
таңдауға;
Психологиялық- дәрігерлік -педагогикалық кеңесте өз балаларын тәрбиелеу және
оқыту мәселесі бойынша кеңестік көмек алуға құқылы.
453
Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері
Инклюзивті білім беру - жалпы орта мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларды
дені сау балалармен бірге оқыту
Инклюзивтік білім беру негізінде –
Барлық адамдарға тең қарым- қатынас
Балалар арасында дискриминацияны болдырмау,
Арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арнайы жағдай жасау.
Бұл бағдарлама БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-нң Конвенциясында
2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілген болатын. Инклюзивті білі беру мәселесі
шкет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздернің
білім беру саясатына осы бағдарламны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті
білім беру жүйесінің дамуы ресми дерек Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында
көрсетілді. Инклюзивті білім жүйесін дамыту: 2015 жылға қарай мүмкіндігі шектеулі
балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі
балалардыжалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді, түрлі
кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады,; 2020 жылға қарай
мектептерде мүгедек балалар үшін қөтергіш жабдықтар, пандустар,, санитарлық
бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен арнайы парталар, арнайы үстелдер
және басқа да компенсаторлық құралдармен жарақтандыру арқылы «кедергісіз
аймақтар» құрылады делінген. Сондай-ақ аталмыш бағдарламада мүмкіндігі шектеулі
балаларды оқытып- тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалмақ. Бүгінгі
таңда үйден оқып білім алатын мүмкіндігі шектеулі балалардың бірлі –жарымы
компьютерлік техникамен қамтамасыз етіліп отыр. Арнайы оқытуда компьютерлік
технологияны қолданудың екі жұмыс істейтін міндеттің шешіміне байланысты:
ü Жаңа құралдарды қолдану қызметімен балаларды үйрету
ü Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың жалпы дамуы және бұзылысын
түзету мақсатында жаңа компьютерлік технологияны қолдану.
Оқытуда басқа құралдармен салыстыру бойынша компьютерлік технологиянының
артықшылығы:
ü Жеке түзетумен оқыту мүмкіншілігі; білімді меңгеру тәсілімен тек қана оның
теңдестік темпі үшін әр балалға қамтамасыз ету мүмкіншілігі;
ü Дербес өнімді қызметтер мүмкіншілігін ұсынуда;
ü Кепілденген жүйелік көмекті қамтамасыз ету;
Әртүрлі елдерден түзету педагогика саласындағы жетістік талдауы пайымдау негіз
береді, бұл арнайы білім беруде компьютерлік технологияның рольі шегінен шығуда.
Компьютерлік технологияны дамытуда терең және кешенді ауытқуы бар балалар үшін
өзара іс-қимылды қабілетті қамтамасыз ету мен қоршаған ортамен қатынас, бірегейлі
құралдар болып табылатындығын мойындаған. Компьютерлік технология арқасында
мүмкіндіктер пайда болды:
v Баланы оқыту қызметін ынталандыру жағдайында басқа құралдармен мүмкін
емес:
v Тек қана осы технология базасында ғана мүмкін, жаңа жолға шығу жолын
оқытуды құру;
454
v Технология әзірлеуде оқыту мен дамыту арасындағы арақатынасты анықтау;
v Дәстүрлі оқыту мен түзетулер міндетін шешуге тиімді әдісінен аса мәнді болып
табылдады;
v Сапалы жеке оқытудағы жаңа әдістерді әзірлеу;
Оқу үрдісіндегі компьютерді қолдану міндеттері:
Оқу үрдісіндегі кейінгі байланысты қамтамасыз ету;
Оқу үрдісін көрнекіліктермен қамтамасыз ету,
Кең таралағн білім көздерінен ақпаратты іздестіру,
Оқу үрдістерін немесе құбылыстарын құру;
Ұжымдық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру;
Компьютер білім беру саласында түрлі қызметтер атқарады;
1.
Оқыту пәні ретінде;
2.
Педагогикалық меңгеру жүйесінің компаненті (сыңары) ретінде;
3.
Білім беру мекемелерін басқару сыңары ретінде;
4.
Ғылыми –педагогикалық қызмет ретінде;
Оқыту құралдары ретінде компьютермен жұмыс істеу тәсілдері әртүрлі: топпен,
жеке. Белгілі ғалымдар Ж. Пиаже («Психогенездік білім» 1961) және Л.С.Выготский
(«Оқыту үрдісінде балалардың ақыл-есінің дамуы» 1935) ұйымдастырылған жаңа
білімге немесе жаңа әрекетпен оқыту бойынша қызмет жағдайында ғана педагогтар
оқыту үрдісін тиімді дамытуына үміт артатындығын өзінің жұмыстарында жазды.
Демек кез-келген оқыту , тек білім беруден басқа түзете-дамыту жұмыстары болатын
көрнекті - тәжірибелік сиқырлы іс-әркет, ол виртуалыдық іс-әрекет
деңгейіндегі компьютермен жұмыс істеу. Жоғарыда атап өткендей мүмкіндігі шектеулі
балаларды
түзете-дамыта
оқытудың
негізіг
жүйесі
инклюзивті
білім
берудің практикалық адымы неғұрлым ерте ғылыми теориямен өзіндік үндестігін
тапса, онда еліміздегі мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға деген оң көзқарас оңалар еді.
Сондай-ақ, инклюзивті білім берудің инновациялық жолдарын оның ішінде
компютерлік технология, интерактивті тақта сияқты білім беруге қажетті
жаңа ақпараттықтехнологиямен қамтамасыз етілсе, келешекте мүмкіндігі шектеулі
балаларға білім беру жүйесінде ешқандай кедергілер болмақ емес.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Ж. Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев ''Педагогика'' оқулығы.
2. Қойшыбаева А. Оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін
қалыптастыру. Қазақ тілі мен әдебиеті. 2010- №7.
3. Өзгеріс газеті. «Жаңаша жаңыртып оқыту» 15.01.2010 ж.
4. Білім беру басшыларының анықтамалығы . №2 2012 ж.
455
МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫНЫНДА БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ
ДАЙЫНДАУ
Сейсенбаева Э.К.,Ауел Л.Е.
Жетекшісі: Жамангарина М.А.
Карағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжінің оқытушысы
Мектеп қабырғасын аттаған мектепалды даярлық тобының балдырғандары
еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы екені сөзсіз. Бүгінгі таң тәрбиешілерден
жаңашыл әдіс-тәсілдерді, шығармашылық ізденістерді талап етіп отыр.Сондықтан
алғашқы білімді сапалы алып, әрі-қарай білімін жетілдіру үшін, баланың
қызығушылығы мен белсенділігі жоғары орында болу керек. Белсенділік деп баланың
іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Белсенділігі туралы XVI – XVIII ғасырдағы
негізделген алғашқы әрекеттер Я. А. Коменский, Ж.Ж.Руссо, А. Дистервегтің, К.Д.
Ушинскийдің еңбектерінде қарастырылған. Осы зерттеулердің нәтижесінде тұлғаның
белсенділігі оның табиғи жаратылысы жағдайы, сонымен бірге, тұлға іс-әрекет
барысында қалыптасатындығы, іс-әрекет қандай болса, тұлға да сондай болады деген
қорытындылар жасалынады. Демек, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту үшін, оқу
белсенділігінің мәні ерекше. Баланың даму барысында таным белсенділігі артады.
Мектеп жасына дейінгі (5-6 жас) балалар заттарды түсіне, формасына қарап ажырата
бастайды, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Балалардың бір
нәрсені құмартып, білуге талаптануынан таным ынтасын байқаймыз. Балабақшадан
мектепке қадам басқан балаларды жан-жақты танымдық қызығушылық сапаларын
дамытатын басты нәрсе: білім, әрекет, қарым-қатынас. Ал,баланың алдымен мектепке
деген қызығушылығынан, іс-әрекетінің дербестігін, білімінің нәтижесін көруге
болады. Кез-келген сабақты қызықты өткізу үшін, ізденіс, жаңаға ұмытылу жұмысын
жүргізу әрбір білім беруші маман үшін бұлжымас қағида. Өзі жаңалыққа қызыққан
мұғалім ғана балаларға сабақты қызықты өткізе алады. Қызығушылықты арттыру,
сабаққа деген белсенділікті арттыру. Мектепалды даярлық топтарында сабақты
басынан аяғына дейін қызықты өткізу арқылы ғана баланың жүрегінен орын
табасың. Себебі әлі ойыншықпен ойнағысы келетін баланың іс-әрекетін оқуға
жетелеу үлкен еңбекті қажет етеді. Әр сабақты тартымды өткізу арқылы, баланың
логикалық ойлауының еркін дамуына, шығармашылығын шыңдай түсуге, өзіндік
«менін» қалыптастыруға көп үлес қосуға болады. Біз болашақ тәрбиешілерміз.Осы
алған білімдерімізді іс-тәжірбиеден машықтану кезінде болашақ мамандар ретінде
білімді болуға жетелейтін білім коздерінен үйрендік. Осы мақсатта мектепалды
даярлық топтарында сабақ өткізу кезінде интерактивті тақтаны пайдалану арқылы,
баланың сабаққа деген белсенділігін арттырудың маңызы зор. Интерактивті
тақта арқылы баланың ой-өрісін,қиялын арттыру бүгінгі күннің талабы болып
саналады.
Интерактивті тақтаны пайдалану-балалардың интелектуалдық ресурстарын
анағұрлым тиімді пайдалануға,сабақты қызықты әдемі процеске айналдыруға көп
мүмкіндік береді. 5-6 жастағы балалар көрнекі ақпаратты бәрінен жақсы
456
қабылдайды.Қабылдаған ой-пікірлерін анық еркін жеткізуге үйренді. Интерактивті
әдістерді қолдану нәтижесінде қандай басты жетістіктерді байқадым.
Баланың сабақтағы белсенділігі артады.
Балалардың назарын бірден аударуға болады.
Жалпы барлық пәнге деген қызығушылықтың пайда болуы.
Сұраққа қысқаша жауап берудің толық жауапқа айналуы.
Әр бала өз пікірін айтуға талпынады.
Анық түрлі –түсті көрнекі ақпарат баланы қызықтырады.
Ақпараттық сауаттылықтың алғашқы қадамы басталады.
Естігеннен гөрі, көру арқылы есте сақтау дамиды.
Баланың мадақтау арқылы бағалау жаппай ұйымдастырылады.
Үйде тек компьютер арқылы ойын ойнай алатын бала,сабақта түрлі
сызбаны сызу, жылжыту арқылы басқа қызығушылық пайда болады.
Тұлғалық сапалары сатылап дамып,бәсекелестік пайда болады.
«Тіл дамыту», «Балалар әдебиетімен таныстыру», «Қоршаған ортамен
таныстыру. Экология негіздері» бөлімдеріндегі кейбір тақырыптар бойынша
флипчарт сабақтарға тоқталып өтейін. Мысалы «Мамандықтың бәрі жақсы»
тақырыпта өткен сабақта балалар әр мамандық түрлеріне байланысты топтарға
бөлінді. Топқа бөліну арқылы өткізілген сабақтың ұйымшылдыққа тәрбиелейтінін
білеміз. Берілген тапсырманы алдымен жұптасып орындап, кейін топтасқан балалар
өз белсенділіктерін құрастырумен, жапсырумен, би қимылдарымен байланыстырды.
Өз жетістіктерінің нәтижесін көрсетуге жоғары талпыныс көрсетті. Мысалы
«Сәйкес құралын тап» ойын түрінде ұйымдастырылды. Яғни, бала интерактивті
тақтадағы мамандыққа сай құрал-жабдығын, Activ қалам арқылы жылжытып
жанына апарады. Қателесіп кетсе орнына апарып қоя алады. Бала үшін бұл өте
қызықты. Ойлайды, саналы әрекет жасап, тапсырманы дұрыс орындауға
белсенділігі артады.
Достарыңызбен бөлісу: |