Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



Pdf көрінісі
бет39/96
Дата08.01.2017
өлшемі14,44 Mb.
#1410
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   96

 

Тәрбие  жайлы,  көркем  мінез  жайлы  Шәкәрім  Құдайбердіұлының:    «Әрбір  істі 

бастан  түзу  бола  келмесе,  түбінде  түзелуі  де  қиын  болады.  Ағашты  жас  күнінде 

қисығын  түзей  келсең  түзу  болып  өседі  һәм  бір  түзу  болып  өскен  соң  жаңадан 

қисаймайды. Ағаш ұлғайып қатып кеткен соң түзеуге де көнбейді, сынып кетеді. Сол 

жақсы көркем мінезді жасыңнан әдет етсең, ол әдет тура  жолдан соңғы уақыттарда 

қандай қиыншылық көрсеңіз де жаздырмас. Ұлғайғанша өзгерту де қиын болса керек

мүмкін  болмастығы  да  ғажап  емес»  деген  ұлағатты  сөзі  жас  ұрпақты  тәрбиелеуде 

басты ұранға айналуы тиіс. Жас ұрпақ тәрбиесіндегі таптырмас тәрбие құралы болып 

саналатын  қазақ  этнопедагогикасының  ғылым  ретінде  қалыптасуын,  осы  мәселе 

төңірегінде  алғаш  төл  туындылар  жазған  демократ  ағартушылар  Ш.  Уалиханов,  Ы. 

Алтынсарин, Ш. Құдайбердіұлы, А. Құнанбаевтардың есімімен байланысты. Әрине, 

қазақта тәрбие, көркем мінез тақырыбына қалам тартпаған ақын, жазушы жоқ деп нық 

сеніммен  айта  аламыз.  Соның  ішінде  әрбір  өлеңінде  халықты,  жастарды  білімге, 

тәрбиеге шақырған ұлы ақынымыз, қазақтың дара, дана ұлы Абай Құнанбайұлы. 

Абайдай  ұлы  адамның  бойындағы  ақындық  қасиетін  халықты  тәрбиелеуге 

бағыштағандығы  «Жаздым  үлгі  жастарға  бермек  үшін»  -  деген  тұжырымынан 

байқалады. Абай өсиетінің өміршеңдігі сол – оның замандар көші қанша өзгергенімен 

оның  қадір  –  қасиеті,  адамды  адам  етпек  мақсат-  мұраты  ешқашанда  ескірмей  келе 


 

424 


 

жатқандығы. Адам болам деген әрбір жас Абай тағылымынан үйреніп, бағдар түзеп, 

өмірге «кірпіш болып қаланары» хақ.  

Абайша айтсақ «Естілердің сөзін ескеріп жүрген адамның есті болмағы» - заманы 

мен  амалы  өзгеріп  тұрған  мына  аласапыран  заманда  әрбір  адамды  адастырмас 

темірқазық  іспетті.  «Алдыңғы  толқын  ағалар,  кейінгі  толқын  інілердің»  Абай  ілімін 

жалғастырмақ ниеті мен ойы бір жерден тоғысып жатыр ма? 

Абай шығармаларын оқып, көкейіне түйіп  өскен адамның ішкі дүниесінің адамдық 

қасиетінің басым болатынын жастарға ұғындыру үшін әр ұстаз оқу – тәрбие жұмысында 

темірқазық етіп Абай сөзін ұстанары сөзсіз. Адам баласының бойындағы әділеттілік, 

мейірімділік, рақымдылық, жомарттық тәрізді адамгершілік қасиеттерді басты орынға 

қоя білді. « Толық адам» тәрбиелеуде Абай жастарды оқу  – білімге шақыра отырып, 

білімді  де  жан-  жақты,  саналы,  ақылды,  парасатты,  кеудесінде  жастық  қуаты  тасып 

тұрған,    қайратты  жастың  жүрегі  ізгі  қасиеттерге  толы  болсын  дейді.  Абай  білімді, 

ақылды,  қайратты  жастың  жүрегінде  ізгі  қасиеттер    тапшы  болып  жатса,  ол  өзінің 

қайраты мен білімі арқылы қоғамға қауіп төңдіретінін жақсы ұғады.   

Абайтанушы  ғалым  Тұрсын  Жұртбай  былай  дейді:  «Абайдың  сөзі  кез  келген 

заманда өз заманына қарай құны жоғарылып отырады. Күйініп отырып, өзінің халқын 

Абайдай  сүйген  адам  жоқ.  Және  қазаққа  Абайдан бетер  ащы  да,  жанын  ауыртып  та, 

түңіліп те айтқан адам жоқ. Оның сөздері тұла бойына қан жүгіртіп, жұлын – жүйкеңді 

ерітіп,  ашындырып,  тұшындырып,  құрып  кеткенде  10  жылда  бір  рет  өзіңмен  –  өзің 

ойлануға мүмкіндік жасайды. Сені жақсы көре отырып, бойыңды ерітіп отырып тұздық 

салады. Ақыл – ойы сасып кетпесін деп тұздықтайды».  

Абай – ең әуелі қазақтың ақыны.  Ол қазақша ойлап, қазақтың қасіретін, қуанышын 

айтады: 

 Жүрегімнің түбіне терең бойла, 

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. 

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, 

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!- дейді. Қазіргі мынау жаһандану қазақтың 

жеріне ендеп кіріп, ұлттық құндылықтарымызға қауіп төніп жатқан кезеңде ұлтымызға 

қатысты  Абайдың    айтқан  тағылымын  әсте  естен  шығармай,  керісінше  оны  жас 

ұрпақтың бойына сіңіру жолдарын барынша еселей түсу керек. Үлкенге ақыл, кішіге 

көмек болар сөз – Абай сөзі. Сондықтан Абай тағылымын үйрену – әр қазақтың парызы. 

Бұл  жөнінде  М.  Әуезов  былай  дейді:  «Өзінің  адамгершілік,  әлеуметшілдік, 

ағартушылық ойларын айтуда, Абай педагогикалық жақсы әдісті қолданды. Оңайдан 

қиынға  қарай,  жақыннан  жыраққа  қарай,  қызықты,  күлкілі  жайдан  үлкен  толғаулы 

қорытындыға қарай біртіндеп жетектейді». 

Болашақ  ұстаздарға  Абай  мұрасын  тек  оқып  әсерлену  үшін  ғана  емес,  өзің 

қазақпын деп санайтын саналы ойлы адамзат баласының мұраты болмақ. «Сөз түзелді, 

тыңдаушы сен де түзел» демей ме Абай. Ендеше Абай сөзі- қазақтың сөзі. Абай сөзін 

өмірінің мәні ете білу – тек әдебиетші, тілші мамандардың ғана емес, өзін қазақпын деп 

санайтын саналы ойлы адамзат баласының мұраты болмақ.  

Күллі адам баласының қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі  – 

надандық, екіншісі- еріншектік, үшіншісі- залымдық деп білесің. Білімсіздік хайуандық 



 

425 


 

болады.  Еріншектік  –  күллі  дүниедегі    өнердің  дұшпаны.  Талапсыздық,  жігерсіздік, 

ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады, сондай-ақ: 

Сабырсыз, арсыз еріншек, 

 

Көрсе қызар жалмауыз. 



 

Сорлы қазақ сол үшін, 

 

Алтыбақан  ала  ауыз...,  -  деген  өлең  жолдарында  адам  баласының  бойындағы 



ұнамды,  ұнамсыз  мінез-құлықтарды  ашып  бере  отырып,  жамандарын  сынға  алады, 

жақсыларын жастарға үлгі тұтады.  

Абай адамның басты қасиеттерінің бірі-білуге құмарлық, бұл болмаса оның малдан 

айырмашылығы жоқ. Білмекке құмарлықты қанағаттандыру – дүниенің көзге көрінген 

және  көрінбеген  қасиеттерін  танып  білуге  ұмтылу.  Дүние  сырларын  білу  көкірекке 

сәуле, көңілге сенім ұялатады. Тұнық ой, таза денсаулық, жүйке жүйелерінің саулығына 

байланысты екенін ескерсек, Абай бұл туралы «Жақсы нәрседен көңілге жақсы нәрсе 

хасил  болып,  жаман  нәрседен  көңілге  жаман  әсер  хасил  болуынан»  деп,  ол  дене 

тазалығы мен рухани тазалық ортасындағы байланысты дәріптеген.  

Абай тағылымы жастарды ізгілікке тәрбиелеудің нысанасы. Ол адамға дүние, зат, 

мүлік  емес,  адамның  ішкі  рухани  байлығы  жақын  екенін  айтады.  Күнделікті  өмірде 

қорлық, зорлық, қиянат, рақымсыздықтың көбейіп кеткендігі де осы адамдардың өзінің 

адам екендігін, адамға адамның керек екендігін ұмытып кеткендігінен сияқты. Ендеше 

Абай сөзінен ғибрат алып, жанымыздағы адамдарға  болысайық, жанын түсінейік, бір-

бірімізге мейіріммен қарайық дегім келеді.  

Ұлы ақын Сұлтанмахмұт: 

 

«Асыл сөзді іздесең,  



 

Абайды оқы, ерінбе. 

 

Адамдықты көздесең, 



 

Жаттап тоқы көңілге!» - демеп пе еді? 

Ендеше  оқытуда  әр  оқытушы  өзінің  әр  сабағын  Абай  сөзімен  бастап,  Абай 

тағылымын  қолданып  мағыналы  етсе,  Абай  сөзімен  қорытып  отырса  мақсаттың 

орындалғаны. 

Ағартушы демократ Абай шығармаларының өміршеңдігі сол, ол ақылды да әдепті, 

жан – жақты жетілген, адамгершілігі мол азамат тәрбиелеуде таптырмас тәрбие құралы.  

Халықтың  «баланы  өз  тәрбиеңмен  тәрбиелеме,  өз  ұлтыңның  тәрбиесімен 

тәрбиеле» деген мақал бар. Тәуелсіздігімді алып, өркениеттілікке қадам басқан бүгінгі 

таңда адамгершілігі мол, саналы да салауатты ұрпақ тәрбиелеуде Абай шығармаларын 

пайдаланудың берері мол. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 



 

426 


 

1.

 



М. Әуезов. Абай Құнанбаев. Алматы -1995. 

2.

 



Абайды екі томдық шығармалар жинағы. Алматы – 1986 

3.

 



Т.Жұртбай. «Бесігіңді түзе». Алматы. 

4.

 



11 сынып, Қазақ әдебиеті  

 

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ 



 

Жаканбаева А.А., Қуатова Г.А. 

ҚМББ «Болашақ» колледжі 

 

 



Шығыстың  ұлы  ойшылы  Әбу  Насыр  әл-Фараби:  «Адамға  ең  бірінші  білім 

емес,тәрбие керек. Тәрбиесіз берген білім – адамзаттың қас жауы, ал келешекте оның 

өміріне  қауіп  әкеледі»-деген  екен.  Шынымен  де  қазіргі  ланкестік  немесе  басқа  да 

қылмыстық әрекеттерге  барып жатқан жастарды қоғам болып кіналап жатамыз. Бар 

мәселе  олардың  отбасында  алған  тәрбиесіне  байланысты  екендігі  ақиқат.  Ал 

отбасында дұрыс тәрбие алу ұлттық құндылықтармен біте қайнасып жатыр. «Тәрбие 

тал бесіктен», «Баланы жастан» деген сияқты халқымыздың даналық сөздері – ойдан 

алып  құрастыра  салынған  емес,  ғасырлар  бойы  жиналған  тәжірибеге  сәйкес 

негізделген өнеге. 

Ұлттық  тәрбиенің  мақсаты  –  ұлттық  сана-сезімі  қалыптасқан,  ұлттық  мүдденің 

өркендеуіне  үлес  қоса  алатын  ұлттық  құндылықтар  мен  жалпы  адамзаттық 

құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.  

Ұлттық  тәрбиенің    міндеті  –  мәдени-әлеуметтік  өзгермелі  жағдайдағы  ұлттық 

тәрбиенің  діңгегі  –  ана  тілі  болып  қалатынын  негіздеу,  қазақ  тілі  мен  тарихын, 

мәдениеті  мен  ділін,  салт-дәстүрі  мен  дінін  құрметтеуде  жастардың  ұлттық 

интеллектуалдық  мінез-құлқын  қалыптастыру,  бүгінгі  қазақ  елінің  индустриалық-

инновациялық  жүйесінің  дамуын  қамтамасыз  ететін  парасатты,  ұлттық  сипаттағы 

белсенді  іс-әрекетке  тәрбиелеу,  білім  және  мәдени-рухани  тұрғыда  басқа 

өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, қоғам мен адам, адам мен 

табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру. 

Тәрбиенің  басты  нысаны  елдік  сананы  қалыптастырып,  ұлттық  рух  пен  ұлттық 

патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу болса керек. 

Ендеше, «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші, ел болып, ұлт болып қаламыз 

десек,  «Ұлттық тәрбие» отбасынан, одан қала берді балабақшалардан  бастау алып әрі 

қарай үздіксіз дами беруі тиіс.   

Ұлттық тәрбиенің көздері: Фольклор, халық ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-

ғұрып,  салт-дәстүр,  ұлағатты  қағидалар,  шешендік  сөздер,  мақал-мәтелдер,  ұлы 

ойшылдардың  шығармаларында  жатыр.  Ал  олардың  барлығын  баланың  санасына 

сіңіру үшін кітаппен дос болуға үйрету қажет. Осы орайда мына бір мысал әңгімені 

айта кеткен жөн.  

Ауыл адамдары бір данагөй қартпен кездесіп, пікірлесіп отырғанда бір адам тәрбие 

туралы сұрайды. Сол кезде қария:  



 

427 


 

-        Осы ауылдарыңда балаларыңды кісі өлтіруге, ұрлық пен тонауды қалай жасау 

керектігін үйретіп жүрген жалмауыз бар,-дейді.  

Адамдар:  

-         Ол кім? Бізге көрсет, оны тез арада өлтіруіміз керек,-деп шулайды.  

-       Сонымен қатар қыздарыңды жалаңаш жүруге, зинақор жасап, ер адамды өзіне 

қаратуды, жаман, лас жолға түсуді үйретіп жүрген әйел бар,-дейді.  

-         Олар қандай адамдар, көрсетші. Оларды өлтіріп, жоюдың амалын айтшы,-

деген халыққа данагөй қария:  

-        Қолдарыңнан  келмейді,  оны  жоюға  ешбіреулеріңнің  арларың  жібермейді,- 

дегенде:  

-         Сонда кімдер?  

-              Ол  әрбіріңнің  үйіңдегі  теледидар,-  деген  екен.  Қазір  ақпараттың  ағылған 

заманы.  Сол  ақпараттарды  тарату,  санаға  сіңіруде  ақпарат  құралдарының  орны 

ерекше.Бірақ  оң  солын  енді  тани  бастаған  жасөспірім  үшін  көк  жәшікте  көрсетіліп 

жатқанның барлығы қызық болып көрінеді. Сөйтіп Жаһанданудың арты адасуға әкеп 

соқтырып жатады.  

Халықтық  педагогика  –  қоғамның  рухани,  мәдени  және  адамгершілік  қарым-

қатынастарындағы ең қымбат қазына дейтін болсақ, оқушыларға ұлтымыздың әдет-

ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін үйрету, оны оқушы ойына ұялату арқылы ізгілікке, 

адамгершілікке, ұлтжандылыққа, өз салт-дәстүрін құрмет тұтуға баулу – ұстаздардың 

басты мәселесі.  

Бүгін  де  өзгелермен  тереземіз  теңесіп,  өркениетті  елдер  қатарынан  көрініп  келе 

жатқан  біз  үшін  ұлттық дәстүрімізді  терең  меңгеріп,  ұлттық болмысымызды  сақтап 

қалу өте қажет.Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні — адамгершілік-имандылық, 

ақыл-ой,  еңбек,  эстетика,  дене,  отбасы  тәрбиесіне  байланысты  мәселелерге  келіп 

тіреледі. Халқымыз өз ұрпағын бесікте жаткан кезінен  өлең-жыр мен әңгіме, ертегі, 

тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Бала аяғын жерге нық басқаннан кезден 

қоршаған ортаның құпиясын ғылыми  тұрғыдан  сезініп білмесе де, жұлдыздарға, түрлі 

белгілерге    қарап  жол  тауып,  қаршадайынан    есту,  көру  сезімдері  шынығып, 

алыстағыны  болжайтын,  жоғалғанды    табатын    ізшіл  де,  мерген  де  болған.  Кәсібі, 

тіршілігі  мал  шаруашылығына  байланысты болғандықтан,  бала 5—6 жасынан  ат 

құлағында  ойнай  бастайды,  бір  естігенін  қалтқысыз  есте  сақтайтын  қабілеті  күшті, 

әңгімеге үйір көшпелі халықтың баласы  небір қызық ертегілерді,

 

жыр-дастандарды 



жаттап өсетін болған. Сөз өнерінің әдемі кестелері олардың сөйлеу қорын байытып, 

мағыналы  да  мәнді  сөйлеуге  жаттықтыратын.  Халықтық  шығармалар  ішіндегі  әр 

жақты 

айқын 


бейне, 

қызықты 


оқиға, 

әдемі 


қисын, 

жақсы  ұйқастардың  бәрі  балаларды  қуантып, еліктіре әсер етіп, ой-пікірін  шыңдап 

отырған.  Сондықтан  халық  ауыз  әдебиеті  үлгілерін  оқытуда  тек  оны  оқытып, 

жаттатып, талдатып қана қою жеткіліксіз. Сол арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу керек. 

Ата  -  дәстүрімізді  мақтан  етіп,  оқушы  жүрегінде  өзінің  қазақ  болып  туғанына 

мақтаныш ететіндей сезімді оятуымыз қажет.   

Қазақ 

халқының 



 

ұлттық 


тәлім 

тәрбиесі 

мен 

 

мәдениеті 



 

талай 


 

халықтардың 

 

өкілдерін 



 

таң 


қалдырғаны 

 

тарихи 



 

жазбалардан 

 

белгілі. 



Ұлы 

 

428 


 

саяхатшылар    мен    зерттеушілер    қазақтың    ежелгі    тұрмыс  тіршілігі, 

мәдениеті    мен    ауыз    әдебиеті    туралы,  ер  адамдар    мен    әйелдердің    моральдік 

этикалық  ерекшеліктері    туралы,  олардың    тұрмыстағы,  кәсіптегі,  отбасындағы, 

әулеттегі, рудағы  әлеуметтік   орны  туралы, ұлттық  наным, сенім, әдет ғұрпы, мінезі, 

көшпенді  өмір  сүргеніне қарамастан  салты  мен  дәстүрінің  біртұтастығы, біртұтас 

тілде 

сөйлеуі, 



қолөнері 

мен 


 

бейнелеу 

 

өнерінің, 



ауыз 

 

әдебиеті 



 

және 


 

музыка 


 

өнерінің 

 

жалпы 


 

дала 


мәдениетінің  таң  қаларлық  үлгілері  туралы  таңдай  қаға  айтып, баяндайды. Ендеше 

біз  осындай  ұлылықты,  халқымыздың  бай  саралы  да  саналы  дәстүрлерін  ұмыт 

қалдырмай келер ұрпақтарға көздің қарашығындай сақтап, жеткізуіміз керек. 

Күнделікті күйбең тіршілікпен жүріп кейбір отбасыларда  ата-аналары балаларына 

дұрыс    көңіл  бөлмей  жатады.  Сонымен  қатар,    үлкендердің    «біз  өзімізбен-өзіміз 

өстік»,-деп осы мәселеде қолдау көрсетпеуі және оған мән бермеуінің соңы көптеген 

олқылықтарға әкеп соқтырып жатады. Бірақ «заман басқа, заң басқа» дегендей, кешегі 

біркелкі өмір мен бүгінгі жанталас күнкөріс, алдыңғы ұрпақ пен бүгінгі ұрпақтың сана-

сезімі мен психологиялық ерекшеліктері – салыстыруға келмейтін екі жат дүние. Міне 

сондықтан  бұл  жағын  да  естен  шығармаған  жөн.Ұрпақ  тәрбиесі  ол  тұтас  ұлттың 

тағдыры. Сондықтан ұлт тағдырына селқос қарауға әсте болмас.. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:  



1.

 

Қазақстан    Республикасында    білім    беруді    дамытудың    2011-



2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы. Астана,2010 ж. 

2.

 



Төлеубекова  Р.К.  «Ұлттық  тәрбие  және  оның  философиясы»\\Педагогика 

және Психология журналы №1, 2009.  

3.

 

Тілеужанов М.М. «Халық тағылымы» - Алматы: Рауан,1996. 



4.

 

Пралиев  С.Ж.  «Ұлттық  тәрбие  және  жаһандану»,  Егемен  Қазақстан,  25 



желтоқсан, 2009 . 

5.

 



ҚР. 12 жылдық  жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. 

6.

 



Сайлауғазинова Б. Жеке тұлға тәрбиелеу  // «Сынып жетекшісі», [№4],2010 

 

 



МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫНДАҒЫ ЗАМАН 

ТАЛАБЫНА САЙ ӘДІСТЕР МЕН ТӘСІЛДЕР 

 

КМҚК Қарлығаш б/б 



Жақанбаева С.А,  Абильмажинова Г.А. 

 

Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгерту, оқыту, қазіргі заманға 

сай  білімді  де,  тәрбиелі  ұрпақ  тәрбиелеу  педагогтар  еншісінде.  Мектепке  дейінгі 

балаларға  тәрбие  мен  білім  беру  жұмыстарын  ұйымдастыруда  олардың  сөйлеу,  тілін 

дамыту,  байланыстырып  сөйлеу  мәдениетін  жетілдіруге,  құрастыра  сөйлеуге,  сөздік 

қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн. 

Заман  өзгерген  сайын  әдіс  –  тәсілдер  көбейіп,  жаңарып,  толығып  жатыр. 

Балалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды 



 

429 


 

өз  тәжірибемізде  қолдануға  ізденеміз.  Жаңа  технологияны,  әдіс  -  тәсілдерді  тиімді 

қолдану білім сапасын арттырады. Сонымен қатар тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу 

барысында балалардың  жас  ерекшелігін  ескеру  әдіс-тәсілдерді  таңдаумен  сай келеді, 

сабақ  өткізгенде  бірінші  орынға  ойын  және  ойын  түрлері  қойылады.  Ойын  –  оқу 

үдерісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық санат. Тіл 

дамытуда  ойынды  көрнекі  құралдар,  түрлі  суреттер  ,  кестелер,  ойыншықтар,  музыка 

және  т.б.  материалдар  арқылы  сабақты  көркемдеп  отырса,  балалардың  сөздік  қоры 

біршама толығады, ауызша сөйлеу түрлері кеңейеді. Әрбір сабақта ойын түрлерін және 

өзара  сөйлеу  үлгілерін  тақырыпқа  сай  қолданған  жөн  және  тиімді.  Тіл  дамыту 

барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың пайдасы 

бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. 

Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіру. Сабақтың ортасында – көңіл-

күйін  сергіту,  ерік-жігерін  дамыту,  сабаққа  ынтасын  арттыру.  Сабақтың  соңында  – 

тақырыпты бекіту,  сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Ойын арқылы 

балалар  тілдерін  дамытып,  сөздік  қорын  байытады,  жаңа  материалды  жақсы 

қабылдайды, есте сақтайды, зейіні дамиды, қызығушылығы артады. Мектепке дейінгі 

ұйымдарда  сөздік  қорды  дамыту  жұмыстары  түсіндіру,  сұрақ-  жауап,  сөйлесу, 

әңгімелесу,  әңгіме,  көрнекілік  әдіс  –  тәсілдер  арқылы  жүзеге  асады.  Сөздік  қорды 

дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті - сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны 

өз  сөзінде  дұрыс  қолдану.  Түсіндіру  әдісі  -  жаңа  сөз,  сөз  тіркесі,  сөйлемдерді 

түсіндіруде  қолданады.  Сабақ  сайын  үйретілетін  жаңа  сөздер  бойынша,  яғни  сөздік 

жұмысында іске асады. Көрнекілік әдісі – сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Балаларға түрлі 

суреттер  мен  заттарды,  ойыншықтарды  көрсету  арқылы  сөздерді  үйретуге  болады. 

Көрнекілік  тақырыпқа  сай,  көзге  тартымды  болуы  керек.  Мысалы  :  «Ұлттық  заттар» 

тақырыбын өткен кезде киіз үйдің суретін көрсету арқылы немесе кәдімгі ойыншық киіз 

үйді көрсету арқылы жүзеге асырылып отырады. Мысалы: Алма -  сөзін алманы көрсету 

арқылы  ұғындырамыз.  Бұл  әдіс  –  жеміс-  жидектер,  ойыншықтар,  тағамдар, 

тақырыптарында жүзеге асады. Әр түрлі тірек кестелер және таблицалармен сөздерді, 

сөз тіркестерін үйретуге болады. Мысалы, алманы сипаттау: алманың түсі қызыл, пішіні 

– домалақ, дәмі – тәтті. Ол ағашта өседі, жеміс. Мен алма жеймін. Мысалы, жемістер – 

көкөністер  тақырыбына  байланысты  «Дүкен»  ойынын  ойнауға  болады.Үстел  үстіне 

жемістердің  муляждарын  «сатуға»  қойып,  ойнау.  Бала  дүкен  ойыны  кезінде  дүкенге 

кіріп амандасады, керек затын сұрайды.  Маған алма беріңізші. Қандай алма аласыз? 

(түстерді ажырата білу).  Мынау  ащы,  тәтті деген  сөздер  сөйлемде  қолданылады.Осы 

тақырыпқа  байланысты  мынадай  ойындар  өткізуге  болады:  «Дәмінен  ажырат»,  «Не 

артық?», «Қанша жеміс көрдің, соншама қол шапалақта», балалардың назарын бақылау 

үшін кез келген сөзге емес тек қана жемістерді естігенде шапалақтау, жұмбақ жасыру, 

мысалы  түсі  қызыл,  сары,  дөңгелек  тәтті  ағашта  өседі  –  бұл  не?  және  де  басқа  да 

тақырыптарға келтіруге болады. Дыбыстық жаттығуларды өткізуде балалар сөздердегі 

қазақ  тіліне  тән  дыбыстарды  дұрыс  айтуға  жаттығады,  дауыстың  ырғағы  дамиды. 

Мысалы: шақ – шақ – шақ – кішкентай құлыншақ. Ыр- ыр – ыр – ырылдайды қасқыр. 

Балалардың  дүниетанымын  кеңейтіп,  ойын  өрістетіп,  тіл  байлығын  жетілдіруде 

көркем  әдебиеттің  алатын  орны  ерекше.  Балабақшада  балаларды  дұрыс  сөйлей  білу 

мәдениетіне айнала қоршаған ортамен, сондай-ақ көркем әдебиетпен теңестіру арқылы 


 

430 


 

жүзеге  асыруға  болады.  Әрбір  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінде  дидактикалық 

ойындарды қолдану арқылы балалардың қиялын шарықтатып, ойлау қабілетін ұштауға 

болады.  Дидактикалық  материалдармен  балалар  жаттыққан  сайын  олардың  зейіні, 

тапқырлығы, ынталылығы, өзіндік ойлау жұмысы дами түседі. Балаға әңгімелеп айтуға, 

оқып  тыңдауға,  жаттауға  арналған  материалдар  олардың  даму  деңгейіне,  жас 

шамаларына  лайықты  болу  қажет.  Балаларға  топтардағы  суретті  кітапшаларды 

көрсетіп,  мазмұнын  айтып  беру  қолайлы.  Бұл  жастағы  сәбилерге  оқиғасы  сәтті 

аяқталатын,  қорқыныш  сезімін  тудырмайтын  болу  керек.  Оларға  «Бесік  жыры», 

«Бауырсақ»,  «Торғай»,  «Мақта  қыз  бен  мысық»  сияқты  шығармалар  арқылы 

дыбыстарды  анық  айту,  байланыстырып  сөйлеу,  әңгімелей  білуге  үйретуге  болады.  

Ертегі  сахналау  арқылы  балаларды  рольге  бөліп  беру,  әр  кейіпкердің  дауыстарын 

келтіріп  айтуға  машықтандыру  қажет.  Шығармаларды  оқыған  кезде  іс-әрекеттерге 

байланысты жаңа сөздердің мән-мағынасын түсіндіріп отырған жөн. Дыбыстарды анық 

дұрыс  айта  білуге  жаңылтпаштардың  да  орны  ерекше.  Ал  жұмбақ  баланың  сөйлеу 

қабілетін дамытады. Жұмбақтың шешуін табу арқылы заттардың, жан-жануарлардың, 

киім-кешек  аттарын  есте  сақтау  қабілеті  күшейеді.  Бала  тілін  дамытуда  мақал-

мәтелдердің  де  алатын  орны  ерекше.  Қазақтың  мақал-мәтелдерінің  көбісі  елдікті, 

ынтымақты,  жақсы  мен  жаманды  ажыратуға  мүмкіндік  береді.  Балалармен  күннің  ІІ 

жартысында  ойналатын  дидактикалық  ойындар,  желілі  -  ролді  ойындары  арқылы 

сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға болады. Әрбір сұрақтарға толық, әрі нақты жауап 

бере білуге дағдыландыру керек. Естігендерін қайталап айтып, қандай кейіпкердің бар 

екенін балалар  айтып береді.  Сонымен  қатар  сөздік жұмыс  жүргізу,  сұрақ-жауап  ала 

отырып, сөздік қорларын байытып, әңгімелей білуге үйрету. Көркем шығармалармен 

балаларды ерте кезден таныстыру, оқыту тәрбиелеу істерінде қолданып отыру арқылы 

балаларды  еркін  сөйлеуге,  түсініп,  мәнерлеп  айтуға  дағдыландыру  керек.Қорыта 

айтқанда,  балабақшада  балалардың  тілін  дамытуда  әрдайым  тәрбиеші  жаңаша  әдіс-

тәсілдерді тауып,  ізденісте болуы қажет. Ойын – балалардың негізгі іс - әрекеттерінің 

бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Сондықтан да тіл дамыту сабақтарында сөздік 

қорын  байытуға  ойын  элементтерін  пайдаланудың  балалардың  ой  белсенділігін 

арттыруда маңызы зор. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет