Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



Pdf көрінісі
бет66/96
Дата08.01.2017
өлшемі14,44 Mb.
#1410
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   96

 

 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТЕАТР АРҚЫЛЫ 

ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН  ДАМЫТУ 

                                                         

Курганбаева Н.О. 

 

Мектепке  дейінгі  баланы  тәрбиелеу  мен  дамыту  ісіне  байланысты  мақсаттарды  



шешуде  театр  ерекше  рөл  атқарады.Театр әр балаға қуаныш,  қызық, ұмытылмас әсер 

сыйлайды. Балалардың эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Қазақ халқының өнер 

жұлдыздарының  бірі  Ш.  Айманов  «Театр-адамдарды  туыстыратын  шығармашылық 

отбасы, сахна өнері-тіл жетпес құдыретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны 

сүймеуі мүмкін емес»-деген болатын.  

  Әр  тұлғаның      жеке    басының    қасиеттері    бес    жасқа    дейін    қалыптасады.  

Сондықтанда  да бала  жан-жақты  болуы  үшін  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың 

бойына   жағымды  қасиеттерді  сіңіруіміз қажет.  Бала  қоршаған ортасына көп білсем 

екен деп қызыға өзінің айналасында  болып  жатқан  өзгерісті,  қызықты  құбылыстарды  

байқауға  тырысады. Баланың  жан-жақты  дамып келе жатқан тұлғаның  тәрбиеленуіне,  

тілінің    дамуына  театрландырылған    ойындар    арқылы    жетілдіруге    болады.  

Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінде    театрландырылған    ойындарды    балалар  

қызықтап  ойнайды.    Театр  балалардың  дамуына және әлеуметтік- көңіл күйлерін 

көтеруге келесі жағдайда мүмкіндік береді: 

 

Әлеуметтік және танымдық дамудың бірлестігі;  



 

696 


 

 



Мазмұны  жағынан  нақты,  түсінікті,  қызықты  баланың  эмоциясын  өзгертуге 

жағдай туғызу;  

 

Мәнерлеп ауызша айтуда біртіндеп, жүйелі жеткізу;  



 

Қызықты және әсерлі әдістермен тәсілдерді қолдану  үлкендердің  бірлескен іс-



әрекеттері  (ата-аналар, педагогтар) 

Баланың бойына шығармашылық қабілетті  қалай дамытуға болады? Әрине ол  -

театр. Театр - әрқашан мереке, жарқын, ұмытылмас әсер. Бұл өнердің түрі  сәбилердің 

бақытты  күлкі  мен    қуанышы    сенімді  екенін  дәлелдейді.  Бұл  өнердің    түрі  өзінің 

жарықтығымен  жан-жақтылығымен көз тартады. Бірақ театрға балалар көңіл көтеріп 

қана қоймай, сонымен қатар өз  бойына ерекше көріністерден жақсылық пен әділдік, 

адалдық пен махаббат сияқты   жақсы қасиеттерін сіңіріп алады. Орындаушылық өнер 

бала  үшін  жақын  және  түсінікті.  Театр  -  сезім,  тәжірибе  және  эмоциялық  

жаңалықтардың    сарқылмас  көзі, рухани байлыққа   басталған  әдісі болып  табылады.  

Нәтижесінде,  балалар    жақсылықты  жамандықтан  айыра  біліп,  өз  көзқарасын  еркін  

білдіреді. 

Театр балалар үшін - тамаша әлем,қиялдары орындалатын жер. 

Театрландырылған ойындар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге 

араласуға,  спектакль  туралы    ата-аналарына,  жолдастарына  әңгімелеп  беруге 

итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге өзі алған 

әсерін  монолог  түрінде  сөйлеп  жеткізуге  септігін  тигізеді.          Балабақшадағы 

театрландырылған іскерлік бағдарламасы:  5 бөлімнен  тұрады. 

Театрландырылған ойын. Кез келген өмірлік мән жайда өз құрбыластарымен және 

үлкендермен  қарым-қатынас  жасай  білуге,  кез-келген  жұмысқа  шығармашылық 

қабілетпен  қарауға,  эстетикалық  сезіммен  ойнау  арқылы  мінез  құлқын  дамыту.  Бұл 

бөлімдегі  ойын 3-ке бөлінеді: 

- дамытушылық 

 -әсемділік 

- театрлық. 



Ырғақты  иілгішті  (ритмопластика)–  бұған    кешенді  ырғақтылық,  музыкалық, 

иілгіштік  ойындар    мен  жаттығулар  кіреді.  Дене  қозғалысының    нақтылығымен  

еркіндігін дамытуда, өзінің  денесінің сыртқы  қоршаған  ортамен байланысқан  қарым-

қатынасын сезінуге балаларды  эстетикалық, психологиялық  қабілетін  дамытады. 



Сөз мәдениеті  және техникасы. Ойындар мен жаттығулар  сөйлеу логикасы  мен  

дикциясын  дұрыс артикуляциясын  меңгере  білуге, сөйлеу  құрылымын  еркін  айтуға, 

тыныс  алуын  дамытуға  бағытталған.  Бұл    бөлімге  сөздермен  айтылатын    ойындар  

кіргізілген.  Бейнелеу    арқылы  сөйлетуін    дамыту,  шығармашылық    фантазиясын  

дамыту,  шағын    әңгіме    және    ертегі  құрастыра    білуге    үйретеді.  Жаттығулар  3-ке  

бөлінеді: тыныс алу  және  артикуляциялық, дикциялық  және  интонациялық сөздер 

мен  шығармашылық  ойындар. 

Театр    мәдениеті:  Балаларға    театр    өнерінің    шынайы  сезімдерін  меңгерту.  

Бөлімнің  негізгі  тақырыптары: театр  өнерінің  ерекшеліктері,  театр  өнерінің  түрлері,  

қойылымның  жасалуы,  сыртқы  және  ішкі  театр,  көрермендер  мәдениеттілігі. 

Қойылыммен  жұмыс – жанама  бөлім,  авторлық сахналауға  негізделген.  Оған  

кіретін  тақырыптар. 



 

697 


 

 -қойылыммен  таныстыру 

- қойылымды  мазмұндап,  талдау,  кейіпкерлендіру. 

- қойылымға  қажетті  құралдар  дайындау. Көріністі  безендіру. 

 -дайындық 

 -қойылымды  сахналау.  



Театрландырылған      ойынның  жіктелуі:  драматизация  ,  режиссерлік                                        

Драматизациялық  ойында  бала – артист,  интоноция,  мимика,  пантомима  арқылы  

өз  бетімен  бейне  жасайды,  өзіндік  әрекет  етіп  рөлді  ойнайды.  Бұрыннан  жасалған  

сахналық  қойылымда  бала  ойын – драматизациясында  қандай  бір  сюжетте  ойнайды.  

Ойын  драматизациясы  көрерменсіз  музыкалық  сипаттағы  орындау  болады. 

Драматизация  ойынның  екі  түрін  қарастыруға  болады. 

 Саусақтар  ойын  драматизациясы. Балалар  атрибуттарды  саусақтарына  киеді. 

Ертегінің  мәтінін  айта  отырып  саусақтарын  қимылдатып  сюжет  жасайды. Көріністі  

ширманың  сыртында  тұрып,  немесе топта еркін  қозғала  жүріп  көрсетеді. 

 Қуыршақ  бибабомен  ойын – драматизациясы. Бұл  ойында  саусақтарға  қуыршақ  

бибабоны    киеді.    Ширмада    ойнайды.    Бұл    қуыршақтарды    ескі    қуыршақтардан  

жасауға  болады. 

Балалар театрының  әртүрлі түрлері болады. Ең көп таралған түрі-бұл  ойыншықтар 

театры.  Балалар  қысқа    өлеңдерді    жаттаған  кезде  үстел  -үстінде  шағын  спектакль-

миниатюра қойылымы ойналады. Бұл жерде  адамдар рөлін ойыншықтар орындайды. 



Театр түрлері: 

Қуыршақ театры. 

Саусақ театры. 

Көлеңке театры. 

Ойыншықтар театры. 

Қуыршақ театры баланың дүние танымын қалыптастыруда, үлкен рөл атқарады. 

Балалар әртістермен бірге күліп бірге жылап отырып, өздерін мазалап жүрген көптеген 

мәселелердің  шешімін  табады.  Бүгінде  бөбектердің  дамуына  үлкен  ықпал  ететін 

қуыршақ театрының  құпияларын айтатын болсақ; 

-Тілін  дамытады,  себебі  балалардың  қолдарының  саусақтарының  жетілуі  мен 

орталық мидың тілдің дамуына жауапты бөлігіне әсер етеді. 

Саусақ  театры: театр қуыршақтарының ішіндегі ең жеңілі, қол жетімдісі. 

Саусақ театрын сабақтан тыс кезде де қолдануға болады. 

Балаларға арналған көркем шығарманы оқыту неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса, 

мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын дамыту соғұрлым табысты 

болады.  Тіпті  кішкентайлар  тобынан  тобынан  бастап-ақ  тақпақпен  қысқа  өлеңдерді 

айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін  үстел үстіндегі театрды, қысқа сахналы 

қойылымдар көрсетуді қолдана берген жөн. 

-Бірінші кезеңде балалар ұжым болып, ертегі мәтінін ауызша айтады. 

-Екінші  кезеңде  ертегінің  барлық  кейіпкерлері  үшін  оқып  шығу  бір  балаға  ғана 

ұсынады. 

-Үшінші  кезеңде  балалар  бір  неше  шығармашылық  тапсырмаларды  орындайды. 

\қорқыныш, қуаныш сезімдерін көрсете білу және т.с.с\  

-Төртінші кезеңде рөлдерге бөлініп, ертегіні оқу жүзеге асырылады.  



 

698 


 

Қорыта  келгенде,  театр  балалардың  көркем  қабілеттіліктерінің  жетілдіріп  қана 

қоймай  оларды  тұлға  аралық  қарым-қатынасқа,  өнерге  деген  қызығушылықтарын 

арттырады. Сонымен бірге сахнаға бейімделген балалардың бойында өзіне деген сенім 

артып, алғашқы қол шапалақтауларды сезіне алады. Қалай десекте театр- балалар үшін 

мереке,демалыс  орны.Ал  осындай  бақытқа  жол  ашу  біздер,  тәрбиешілер  үшін  үлкен 

табыс. 

 

Пайдаланған әдебиеттер; 



1.

 

Артемова Л.В  «Театриализованные игры» 1991 ж 



2.

 

Доронова Т.Н «Играем в театр»  2004 ж 



3.

 

Б.Баймұратова Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы  – 



Алматы, 1991. 

 

 



МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІН 

ДАМЫТУ 


 

Жетекшісі: Қазангапова С.О., 

Алмуратова А.А., Әбдікәрімова А.Ш. 

Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі 

 

Қазіргі  уақытта  баланы  мектепке  дайындау,  белгілі  бір  дағдыларды  игеруге 



бейімдеу  заманымыздың  көкейкесті  мәселелерінің  бірі  болып  отыр.  Мектепке 

дейінгілердің  өз-өзіне  қызмет  ету  дағдыларын  меңгеруі  -  өнегелі,  жігерлі,  дербестік, 

және табандылық сияқты қасиеттерін тәрбиелеудің тиімді жолы. 

Балаларды мектептегі оқуға бейімдеп, жетілдіруде психологиялық-педагогикалық 

диагностикаға қатысты негізгі жағдайларды белгілі бір қисынға келтіруге болады: 

-  Мектепке  жетілдіру  мен  оқуға  бейімдеу  барысы  деңгейінің  өлшемдері,  оқу 

бағдарламасындағы оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарымен байланысты болып табылады; 

-  Балаларды  мектептегі  оқуға  және  жағдайларға  бейімдеуде,  педагогтар  мен 

психологтардың  психодиагностикалық  іс-әрекеттері,  бала  тұлғасын  дамытудың 

құрамды бөлігі болуы тиіс; 

-  Мектепке  жетілдірудегі  педагогтар  мен  психологтардың  психодиагностикалық 

әрекеттерінің  ең  бірінші  міндеті,  балалардың  мектептегі  оқуға  бейімделуі,  сынып 

ұжымы немесе балалар жайлы психологиялық ақпаратты алу болып табылады. 

-  Балаларды  мектептегі  оқуға  және  жағдайларға  бейімдеуде,  педагогтар  мен 

психологтардың  психодиагностикалық  іс-әрекеттері,  бала  тұлғасын  дамытудың 

құрамды бөлігі болуы тиіс; 

-  Мектепке  жетілдірудегі  педагогтар  мен  психологтардың  психодиагностикалық 

әрекеттерінің  ең  бірінші  міндеті,  балалардың  мектептегі  оқуға  бейімделуі,  сынып 

ұжымы немесе балалар жайлы психологиялық ақпаратты алу болып табылады. 

Оқуға  бейімделу  әрекетін  талдау  психологиялық  диагностиканың  қолданылу 

бөлігін анықтайды. Балаларға психодиагностикалық зерттеулер жүргізгенде, мынандай 

моральді-этикалық сипаттамасы бар талаптар қойылады, олардың ең негізгілері: 



 

699 


 

1.  Психодиагностикалық  зерттеулердің  нәтижелері  балаларға  зиянын  келтірмеуі 

керек. 

2. Балаларға диагностикалық зерттеулер, тек балалардың өздерінің және олардың 



ата-анасының  рұқсатымен  жүргізілуі  тиіс.  Балалар  мектепке  баратын  кезге  дейінгі 

уақытта ата-аналар балаларынсыз рұқсат беруіне болады. 

3.  Ата-ана  құқығынан  айырылған  ата-аналар  өз  балаларының  психологиялық 

зерттеулерінің  нәтижелерінің  қорытындысын  психолог  маманнан  білуге  болады, 

сонымен  бірге  психолог,  ата-аналарға  өз  балаларының  психологиясына  тиісті  білгісі 

келген сұрақтарына дұрыс және нақты жауапты беруі тиіс. 

4. Психодиагностикалық зерттеудің нәтижесінде анықталған басқа факторлардан 

баланың  тағдырын,  яғни  мектептегі  оқуға  бейімделуі  мен  тәрбие  мүмкіндігін,  ата-

аналар мен психолог-педагогтардың пікірінсіз шешілмеуі тиіс. 

5.  Мектепке  дейінгі  мекемелер  мен  мектепте  қызмет  атқаратын  психологтар 

психодиагностикалық  жұмыстарды  тәрбиешілер  мен  мұғалімдермен  бірге  тығыз 

байланыста болып атқаруы қажет[1]. 

Психодиагностикалық  әдістердің  көпшілігі  мектепке  баратын  балалардың 

түсінігіне  байланысты  психологиясы  мен  физикалық  жағынан  сау  балалардың, 

зерттелініп  отырған  қасиеттер  дамуының  орта  деңгейін  сипаттайды  және  осындай 

зерттеулердің нәтижелерінен ауытқуы бар балалардың да қасиеттерінің даму деңгейі де 

анықталады.  Егер  оның  жеке  көрсеткіштері  нормадан  жоғары  болса,  онда  осы  бала 

өзінің  дамуы  жағынан  құрдастарынан  жоғары  болады,  ал  керісінше,  егер  оның  жеке 

мәліметтері  нормадан  төмен  болса  онда  құрдастарынан  қалып  қояды. 

Психодиагностикада  балалардың  мектептегі  оқуға  қабілеттілігіне  байланысты 

жүргізілетін  эксперименттердің  қиыншылығының  ең  бір  негізгі  себебі,  баланың 

белгілі  қабілеттерін  психологтар  тапсырма  беру  кезінде,  осы  тапсырманы  орындауы 

оның  қабілеттілігіне  ғана  байланысты  болмайды,  сонымен  бірге,  мотивацияға, 

мектептегі оқуға бейімделіп, қалыптасуына және дағдыларына байланысты. 

Зерттеу  әдістері-танымдық  процестерді  зерттеуге  арналған  стандартты  әдістер 

комплексі: 

-түрлі әңгіме әдіс терін қолдану. 

- шағын тестік тапсырмалар. 

Мектепке дейінгі балалық шақта (үштен жеті жасқа дейін) организімнің қарқынды 

жетілуі  жалғаса  түседі.  Жалпы  өсумен  қатар  ткандар  мен  мүшелердің  анатомиялық 

қалыптасуы  және  функциялық  дамуы  жүріп  жатады.  Скелеттің  сүйектеніп,  бұлшық 

еттердің сомдануының, тыныс алу, қан айналу мүшелерінің дамуының үлкен маңызы 

бар.  Ми  салмағы  1110  грамнан  1350  грамға  дейін  өседі.  Үлкен  ми  сыңарлары 

қабықтарының реттегіш ролі мен оның ми қабығы астындағы орталықтарды бақылуы 

арта  түседі.  Шартты  рефлекстердің  пайда  болу  жылдамдығы  артып,  әсіресе  екінші 

сигнал жүйесі қарқынды дамиды. Дене дамуы баланың дербестігінің арта түсуі үшін, 

тәрбие  мен  оқыту  процесінде  қоғамдық  тәжірибенің  жаңа  формалары  игеруі  үшін 

қолайлы жағдайлар жасайды[2]. 

П.П.Блонский  өзінің  педалогиялық-бағдарлану  концепциясында  баланың 

үлгермеушілігі, мектептегі сәтсіздіктерін оның жүріс-тұрыстарынан емес, әуелі семья 

жағдайына,  әлуметтік  экономикалық  мәселелерінен  қарау  керек  деп  тұжырымдаған. 


 

700 


 

Егер сөйлеу, ойлау, қабылдау процестерінің дамуы қалыпты жағдайда жүрмесе баланың 

ой-өрісінің дамуы да кейін қалады. Бала бұл жаста өзін еркін ұстап, өз бетімен әрекет 

жасап үйрене алмайды, олардың дамуында жол көрсететін, өмірге бейімделуіне жағдай 

жасайтын  адам  болу  керек.  Қандай  адамзат  баласы  болмасын  баланың  әлеуметтік 

жағдайына бейімдейтін, үйрететін ата-анасы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі 

балалардың  танымдық  процестерінің  дамыту  үшін  өткізілген  эксперементалдық 

жұмыс[3]. 

Балалардын ойлауын сезімін, еркін зерттеу керек болса, бұл үшін психолог қандай 

болмасын  бір  әрекет  ұйымдастырады.  Мысалы,  өзіне  тән  ережелері  бар  ойын 

ұйымдастырылса,  сол  ойын  үстіндегі  балалардың  психологиялық  ерекшеліктері 

жазылып,  кейін  оған  мұқият  талдау  жасалынады.Осы  зерттеуде  оқушылардың  жас 

ерекшелігіне  байланысты  ақыл-ой  әрекетіндегі  сөз  бен  көрнекіліктің  ара  қатынасы 

үнемі өзгеретіндігі, балалардың жасы өсіп, білім қоры молайған сайын олардың ойлауы 

тереңдеп,  жалпыланып  қана  қоймай,  ондағы  образдардың  біртіндеп  толық  және 

мағыналы бола түсетіндігі де байқалған. 

Мектепте оқытуға баланың психологиялық дайрлығы - мектепке дейінгі балалық 

шақ кезеңіндегі психикалық дамудың қорытындыларының бірі. Қазіргі уақытта баланы 

мектепке дайындау, белгілі бір дағдыларды игеруге бейімдеу заманымыздың көкейкесті 

мәселелерінің бірі болып отыр. 

Ендігі  жерде  мектеп  жасына  дейінгі  баланың  бүкіл  өмірін  ұйымдастыру,  оның 

денсаулығын  нығайту,  ақыл-ой,  адамгершілік  тәрбиесін  жетілдіріп,  түптеп  келгенде 

мектепке даярлау, тікелей ата-ананың үлесіне тиеді. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім 

сапасын  арттыру  аса  маңызды  мәселе,  ол  үшін  жалпы  және  негізгі  жағдайларды 

жақсарту  басты  міндет  болып  табылады.  А.  Едігенова  бойынша  баланың  бүкіл  өмір 

бойында  оның  даму  үрдісі  жүреді.  Даму  үрдісінде  баланың  таным  белсенділігі  арта 

түседі.  6  жастағы  балалар  заттарды  түсіне,  түріне,  көлеміне  қарап  ажырата  бастап, 

олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында 

бала  шындық  дүниенің  құбылыстары  мен  заттарын  анықтай  білуге,  адам  баласының 

жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып 

білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге 

үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады. 

В.С. Мухина бойынша мектеп жасына дейiнгi және бастауыш мектеп жасындағы 

балаларда  мiнез-құлық  мотивациясы:  мiнез-құлықтың  саналы  регуляциясы  күшейедi, 

мотивтер  мен  қажеттiлiктер  көлемi  ұлғаяды,  рухани  және  материалды  қажеттiлiктер 

сферасы 


кеңейедi, 

қарым-қатынасқа 

деген 

қажеттiлiк, 



жетiстiкке 

жету, 


басқарушылыққа  қажеттiлiк  сияқты әлеуметтiк  қажеттiлiктер нығая  түседi.  Көп  бiлу, 

басқалардан жоғары болу, өзi жасай алу сияқты қарапайым қажеттiлiктер пайда болады. 

Д.Б.  Эльконин  пікірінше,  мектепке  дейінгі  кезеңде  балалар  іс-әрекетінің 

күрделенуіне  жалпы  ақыл-ой  дамуының  ілгеруіне  байланысты  зейін  күшті 

шоғырланып,  тұрақтылыққа  ие  болады.  Мысалы,  мектепке  дейінгі  кезеңдегі 

кішкентайлар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса, 5-6 жасқа жеткенде ойынның 

ұзақтығы  1,5  сағатқа  дейін  созылады.  Мұны  ойында  адамдардың  күрделірек  іс-

әрекеттері мен  қарым-қатынастарының  бейнеленуімен  және ойынға үнемі  енгізілетін 

жаңа ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге болады[4]. 


 

701 


 

Мектеп жасына дейінгі баланың есі негізінен ықтиярсыз сипатта болады. Бұл бала 

көбіне  өзінің  алдына  бір  нәрсені  есінде  қалдыру  үшін  саналы  мақсаттарды 

қоймайтындығын  көрсетеді.  Есте  сақтау  мен  еске  түсіру  баланың  еркі  мен  санасына 

байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы жүзеге асады әрі іс-әрекеттің сипатына 

байланысты  болады.  Бала  іс-әрекетте  неге  зейін  қойса,  оған  не  әсер  етсе,  не  қызық 

болса,  соны  ғана  есінде  сақтайды.  Заттарды,  картиналарды,  сөздерді  ықтиярсыз  есте 

сақтаудың  сапасы,  баланың  осыларға  қаншалықты  әсерлі  іс-әрекет  істеуіне  іс-әрекет 

процесінде оларды егжей-тегжейлі қабылдау, ойластыру, топтастыру қандай дәрежеде 

өтетіндігіне  байланысты.  Мысалы,  суреттерді  жай  ғана  қарап  шыққанда  оларды 

баланың  есінде  сақтау  анағұрлым  нашар  балады,  ал  осы  суреттерді,  өз  орындарына, 

мысалы,  бақшаға,  ас  үйге,  балалар  бөлмесіне,  қораға  дәл  келетін  жеке  заттарды  қою 

ұсынылғанда  бала  оларды  есінде  жақсы  сақтайды.  Ықтиярсыз  есте  сақтау  баланың 

орындайтын  қабылдау  және  іс-әрекеттерінің  жанама  қосымша  нәтижесі  болып 

табылады.  

Мектепке  дейінгі  жастағылардың  ықтиярсыз  есте  сақтауы  мен  ықтиярсыз  еске 

түсіруі – ес жұмысының бірден-бір түрі. Бала бірдеңені есте сақтау немесе еске түсіру 

жөнінде алдына әлі мақсат қояды, ал бұл үшін арнаулы тәсілдерді қолдануды білмейді. 

Мысалы, үш жастағы балаларға суреттер тобының біреуін сұрағанда балалардың басым 

көпшілігі  өзін  мүлде  бірдей  ұстады.  Суретке  көз  жүгіртіп  өткеннен  кейін  бала  оны 

шетке  ығыстырып  қойып,  үлкен  адамнан  басқа  суретті  көрсетуді  сұрады.  Кейбір 

балалар  бейнеленген  заттар  жөнінде  әңгімелеп  беруге  тырысты,  суретке  байланысты 

өткен  тәжірибенің  жағдайларын  еске  түсірді  («Көзілдірікті  көзге  киеді.  Мынау- 

көбелек,  құрт  деп  аталады».  «Қарбыз.  Мен,  анам  және  әкем-үшеуіміз  үлкен  қарбыз 

сатып алғанбыз, алқоры одан әлдеқайда кіші», тағы осындайлар. 

Мектепке  дейінгі  жас  –  естің  қарқынды  даму  жасы.  Ес  –  бала  үшін  маңызды 

оқиғалар  мен  мәліметтерді  жаданда  қалдырады  және  сақтайды.Сондай-ақ  мектепке 

дейінгі  балалардың  ойлау  үрдісіне  тоқталсақ,  ойлау  –  тіл  дамуы  және  ғылыми 

ұғымдарды  меңгеру  бірлігінде  дамиды.  Баланың  сау  психикасының  ерекшелігі  – 

танымдық белсенділігі. Ойлау – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс 

қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. 

Ақыл-ой жағынан бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және 

оның сұрақтары соншалықты алуан түрлі болады. Бала заттың бейнесін ғана емес, оның 

қимыл-қозғалыстары  туралы  да  ойлайды.  Бейнелі  ойлау  –  6  жасар  бала  ойлауының 

негізгі түрі. Әрине, ол жекелеген жағдайларға логикалық ойлауды да орындай алады, 

бірақ  та  бұл  жаста  көрнекілікке  сүйенген  оқыту  басымырақ  болады.  Мұның  өзі  осы 

жастағы балалардың естері еріксіз жақсы дамиды. Ерікті естері жаңа ғана қалыптасады. 

Сондықтан жақсы қабылдап алған заттардың түсін есінде жақсы сақтайды. Көру және 

есту елестері көрген нәрселердің мазмұнымен байланысты болады [5]. 

Мектепке  түсу  балалардың  логикалық  есін  дамытуда  үлкен  роль  атқарады.  Бұл 

жөнінде оқулықтардың бәрінде мәтінді қалай оқу, тапсырманы қалай орындау керектігі 

айтылған.  Бірақ  баланың  назары  кейде  бұған  жөнді  түсе  қоймайды.  Мұғалім  мұны 

қатты ескерген жөн. Атақты психолог ғалымдары Л.С. Выготский, А.И. Леонтьев, А.С. 

Запорожец, Л.Д. Венгер, Д.Б. Эльконин, Е.И. Игнатьева, Ю.К. Бабанский, И.Я. Лернер 

т.б.  зерттеушілердің  еңбектерінде  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  жеке  басының 


 

702 


 

қалыптасуына  әсер  ететін  әртүрлі  іс-әрекеттердің  ішіндегі  ең  маңыздысы 

шығармашылық  белсенділіктің  сапалығына  назар  аударады.  Алайда  мектепке  бару 

қарсаңында баланың психологиялық даму деңгейінде жекелей өзгешеліктер өсе түседі. 

Бұл  өзгешеліктер  мынадан  көрінеді:  балалар  бір-бірінен  ақыл-ой,  адамгершілік  және 

жекелей  дамуымен  ажыратылады.  Олай  болатын  болса,  балаларға  психологиялық 

қолдау жасау бiлiм беру мекемелерiнiң (балабақша, мектеп) ең негiзгi мiндетi болып 

табылады. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 



 

1.  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 

стандарты.Астана – 2009. 

2. Выготский Л.С. Собр. соч. Т.4. Детская психология. Москва, Педагогика, 2002. 

3.  Рубинштейн  С.Я.  Экспериментальные  методики  патопсихологии  и  опыт 

применения их в клинике. Москва, 2000. 

4. Жарықбаев «Жалпы психология» 2009. 

5. Психология. Адамзат  ақыл-ойының қазынасы. –Алматы, 2005ж. 

 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ ТІЛ КЕМІСТІГІ БАР БАЛАЛАРМЕН 



ЖҰМЫС 

 

Жетекшісі: Қазангапова С.О. 



Алмуратова А.А., Сүйіндік А.О. 

Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі 

 

«Балалық шақ – адамның өмірінің негізгі кезені, келешек өмірге дайындық емес, 



ол 

бүгінгі, 

жарық,өзіндік, 

қайталанбайтын 

өмір»,-деп 

орыс 


ғұламасы 

В.А.Сухомлинский айтқан балалық шақ қалай өткені, бала кезінде баланы кім қолынан 

ұстап жетектігеніне, оның ойына және жүрегіне сырттан не еңгеніне, бүгінгі бүлдіршін 

келешекте қандай адам болатыны, белгілі болады. 

Логопед-мұғалімдердің көп жылдық тәжірибесінен, жалпы және арнайы мектепке 

дейінгі мекемелердің логопунктарында істеп жүргендерінен көрінеді, сөйлеу тіліндегі 

кемістігі бар балалар түрлі кемістіктер артып келеді. 

Қазіргі  таңда  статистикадан  көруге  болады,  жас  шамасына  қарай  сөйлеу 

дамытуына  зерттелген  балалардың  текқана  30  пайызығана  нормаға  сәйкес  келеді. 

Соңдықтан, мектепке дейінгі мекемелердегі логопункта жұмыс істеп жүрген логопед-

мұғалімдердің ұйымдастыру әрекеттерін өзгерту қажеттілігі туындап отыр. 

Осы  проблеманы  шешу  үшін  осындай  түзету-педагогикалық  модель  құрылды, 

мектепке  дейінгі  оқыту  –тәрбие  үдірісіне  сай  еңгізілді.Қиыншылықтар,  мектепке 

дейінгі  мекемелерде  логопунктың  түзету-  білімділік  үдірісінде  қиындық  тұғызатыны 

бір көлемде жүргізілетін құжаттар және әдістемелік бағдарламалардың жоқтығы. 

Логопунктардың жағдайында осы бағдарламаны толық менгерілмегені, мектепке 

дейінгі мекеменің бағдарламасы арнайы түзету бағыты бойынша айырмашылығы бар. 


 

703 


 

Логопунктағы  логопед-мұғалімнің  жұмысы,  арнайы  мекемелердегі  топтардан 

өзгешілігі:  балалардың  саны  жыл  бойына  өзгеріліп  отырады.  Арнайы  мекемелердегі 

топтарда: бір жаста, бір тіл кемістіктін диагноздары, топтың толықтыруы 12 баладан 

көп болмау керек. Логопунктерде оқу жылы бойында келеді де, шығарылып жатады, 

бір маманға 25 бала жүктеледі, әр жас бойынша да, және түрлі тілдік қорытындысы да. 

Бағдарламаның  бейімделген  нұсқа  құрған  кезде  осындай  дерек  есепке 

алынды,логопункте  логопед-мұғалімнің  жұмысын  қатан(жестко)  регламенттеуге 

жөңсіз,  өйткені  ол  жұмыста  тек  қана  формалдылыққа  әкеледі,  әр  баланың  психо-

физикалық ерекшелігін және тіл кемістіктің құрылымын толық анықталмайды[1]. 

Көз жеткілікті, тіл кемістігі бар балалармен мектепке дейінгі мекемелерде тек қана 

барлық  педагогтармен  бірігіп  жұмыс  істеуде.  Сөзсіз,  ең  маңызды  роль  логопед-

мұғаліміне жүктеледі, бүтін білімділік үдірісін (процесс) логопед құрастырады және ол 

ұйымдастырушы, үйлестіруші (координатор), бұл мекеменің осы бағыттағы бастаушы. 

1)Логопед балалар бойында алғашқы сөйлеу дағдыларын қалыптастырады. 

2)Тәрбиеші қалыптастарған сөйлеу дағдыларын бекітеді. 

Сондықтан  да  мектепке  дейінгі  орынның  жалпы  білім  беру  –  түзету  үрдісінде 

логопед пен тәрбиешінің жұмыстары бөлінеді. 

Логопедтің міндеттері: 

 



балалардың сөйлеу, тану  және жеке дара ерекшеліктерінің деңгейін  

танып білу; 

 

әр баламен жүргізілетін жұмыстың негізгі бағыттарын және логопедтік- 



түзету жұмыстарының бағытын анықтау. 

 



дұрыс сөйлеу демін, ырғақ пен сөйлеудің мәнерлілігін қалыптастыру; 

 



сөйлеудің просодиялық жағымен жұмыс жасау. 

 



дыбыстардыайтуынжөндеу. 

 



фонематикалық  қабылдау  мен  дыбыстық  анализ  бен  синтез  дағдыларын 

жетілдіру. 

 

 сөз құрылымын, буында пайту кемшіліктерін жою; 



 

буында поқуды қалыптастыру. 



 

жаңа лексико – грамматикалы ұғымдармен жұмыс жасау; 



 

жүйелі сөйлеуге үйрету ; 



 

жазу мен оқудыбұзудыескерту; 



 

психикалықміндеттерді дамыту. 



Тәрбиешінің міндеттері: 

 



апта бойы топтағы жүргізілетін сабақтарда лексика тақырыбын есепке алып 

отыру; 


 

барлық  күн  тәртібі  сәттері  үрдісінде  ағымдағы  лексикалық  тақырыптар 



бойынша балалардың сөздік қорларды пайдалануын қадағалап, нақтылап, толықтырып 

отыру; 


 

барлық күн тәртібі сәттері үрдісінде балалардың дыбыстарды дұрыс айтуын 



және сөйлеулерінің грамматикалық жағынан дұрыс болуын жүйелі  түрде қадағалау; 

 



балалардың нақтылы қарым – қатынас жасау жағдайында жұмыс жасалған 

грамматикалық  құрылымдарды  қосып отыру



 

704 


 

 



жүйелі  сөйлеуді  қалыптастыру  (тақпақтар,  мақал  –  мәтелдер,  мәтіндер 

жаттату;  

 

көркем әдебиетпен таныстыру, мазмұндаумен жұмыс және айтып берудің 



барлық түрлерін  құрау); 

 



оқу дағдыларын бекіту. 

 



логопедтің берген тапсырмалары бойынша бала мен жеке жұмыс жасау  

барысында сөйлеу дағдыларын бекіту; 

 

дұрыс айтылатын сөйлеу ақпарат негізінде ойын жаттығуларында сөзді ұғу, 



назар аударту, есте сақтау, логикалық ойлау, елестетулерді дамыту; [2]. 

Логопед  тәрбиешімен  бірге  балаларды  топта  және  сабақта  арнайы  бақылап, 

балалардың  сөйлеуді  бұзу  құрылымын,  өздерін  ұстау  ерекшеліктерін,  жеке  -  дара 

мінездерін  анықтайды.  Бұл  кезеңнің  негізгі  міндеті  –  логопедтік  топта  тату  балалар 

ұжымын  қалыптастыру.  Балалар  ұжымын  қалыптастыру  сөйлеу  топтарында  өзін 

ұстаудың  тәртібі  мен  талаптарын  түсіндіруден,  сабырлы  бірлескен  ойындарға 

оқытудан, әр балаға ақ ниеттілік, ықылас білдіру жай – күйін жасаудан басталады[3]. 

Логопед пен тәрбиешінің әрқайсысы өз сабақтарында келесі логопедтік  – түзету 

міндеттерін шешеді: 

1) Шыдамдылыққа, назар аударуға, еліктеушілікке тәрбиелеу. 

2)  Балаларға  ойын  ережелерін  орындауды  үйрету  (кез  –  келген  тетікті  реттеу 

дағдысын қалыптастыру). 

3)  Ауа  шығарудың  икемділігі  мен  ұзақтығын  ;дауыс  шығарудың  жұмсақтығын; 

мойын, дене, бет бұлшық еттерін бос, еркін ұстау әсері. 

4) Балаларға логопедтік ырғақ элементтерін үйрету. 

5)Дыбыс 


шығарудың 

бұзылу 


ынжөндеу; 

сөйлеудің, 

фонематикалық 

бұзушылықтың лексико – грамматикалық жағын дамыту. 

Логопедтік  түзету  жұмысында  сөйлегендегі  демалыстың  да  маңызы  зор.  Дұрыс 

сөйлеудің негізгі жағдайы – бұл бір қалыпты және ұзақ дем шығару, нақты және қатайту 

артикуляциясы. Әр жаттығуда балалардың назары - жайлы, күш салмай дем шығаруға, 

айтылатын дыбыстардың ұзақтығы мен дауысына аударылады. Логопед пен тәрбиеші 

ауа жұтқанда бала өз денесін бос қойып, иығын түсіңкі ұстауын  қадағалайды[4]. 

Тәрбиеші  балаларға  қолдың  ұсақ  мотрикасын  жіңішке  сызықтар  сызу  арқылы 

жаттықтыруды ұсынады, яғни үзік сызықтар мен пішіндерді бастыру,қию. Бұл арқылы 

топтың барлығының міндеті болып табылатын қолдарын жазуға бейімдеп қана қоймай, 

сонымен  бірге  ұсақ  моторика  мен  артикуляциялық  аппараттардың  өзара  байланысы 

,яғни, логопедтік түзету жұмысы іске асырылады. 

Логопедтің  тәрбиешіге  беретін  лексико  –  грамматикалық  тапсырмалары 

балалардың    логопедтік  түзету  сабақтарында  өткен  мәліметтерді  қайталауға 

бағытталады.  Бұл  тәрбиешіге  баланың  қиындықтарын  анықтап,  оны  жеңуге 

көмектесуіне мүмкіндік береді. Ойын ойнайтын бос уақытта балаға жай дидактикалық 

ойын емес, лексико – логопедтік тақырыпқа сәйкес келетін ойын ойнауды ұсыныңыз 

(«Хайуанаттар әлемі», «Жұбын тап (антонимдар)» ойындары[5]. 

Мектепке  дейінгі  мекемедегі  мамандарының  түзету  –  дамыту  жұмысындағы 

функциялары: 

Логопед мұғалімі: 


 

705 


 

 



Икемді, аяушылықты ескере отырғанлогопедтік тәртіпті қамтамасыз ету. 

 



Сөздік қорын байыту, сөйлеудің лексико – грамматикалық жағынана дұрыс 

болуын қалыптастыру. 

 

Сауықтыру әдістерін қолдана отырып дыбыстарды айтуын қалыптастыру. 



 

Артикуляциялық,  саусақтық,  демалу,  және  көзге  арналған  жаттығулар 



жасату. 

 



Тілге  және  бетке  массаж  жасау;  дене  шынықтыру  сәттерін,  релаксация 

арналған жаттығулар жасату. 

 

Тәрбиешілермен және ата – аналармен жұмысжасау. 



Психолог маманы: 

 



Барлық  психикалық қызметтердің дамуы. 

 



Психотүзетужұмысы (жеке,дара, топтық). 

 



Ағымдағы психологиялық тексеру. 

 



Психотренинг (тәрбиешілермен ата – аналарға арналған кеңестер беру). 

Тәрбиеші: 

 

Икемдісауықтыру тәртібін қамтамасыз ету.  



 

Балалардың дамуын бақылау. 



 

Логопед жүргізетін түзету – логопедтік міндеттеріне қолдау көрсету. 



 

Сауықтыру технологияларын қолдану. 



 

Ата – аналармен жұмыс жасау. 



Медициналық қызметкер: 

 



Егулер жасау, дәрумендер беру, дәрі – дәрмектік көмек. 

Дене тәрбиесі маманы: 

 

Сымбаттың бұзылуын, табанның жайы, құрама ақауларды жөндеу. 



 

Қозғалыс тәртібін қалыптастыру. 



Тәрбиешінің  түзету  –  логопедтік  жұмысын  ұйымдастырудың  негізгі  құралдары 

мен тәсілдері. 

1)Артикуляция жаттығулары (демалу және дауыс элементтерімен). Күні бойы 3-5 

рет жасалады. 

2)  Саусақтық  жаттығулар  артикуляциялық  жаттығулармен  кешенді  қосылып 

жасалуы негізінде күніне 3-5 рет жасалады. 

3) Кіші жаттығулар сымбат пен табан бұзылуының алдын–алу үшін күнде ұйқыдан 

соң жасалады. 

4) Тәрбиешінің логопед тапсырмалары бойынша дыбыстар айтуды бекітетін кешкі, 

жеке,  дара  сабақтары.  Бұны  тәрбиешілер  балалардың  жеке  дәптерлерін  пайдаланып 

жүргізеді. Бұл сабақтардың мазмұны түзету – логопедтік жұмыстың бағдарламасы мен 

анықталады: 

а) бекітетін әріпке байланысты буындарды, сөздерді, сөйлемдерді, айту; 

б) жаңылтпаштарды, қысқа әңгімелерді, тақпақтарды қайталау; 

в) дыбыстық – буындық жаттығулар жасау; 

г) лексико – грамматикалық жаттығуларды қайталау. 

д) зейін салу, есте сақтау, ой қабілеттерін дамытуға арналған жаттығулар жасау. 

Сөйлеу тілі жетілмеген және тіл кемістігі бар балалардың сөйлеу тәртібінің ережесі 

Тәрбиеші жасамау керек: 


 

706 


 

 



Баланы жауаппен асықтырмау керек. 

 



Баланың  сөзін  бөлмеу  және  ұрыспау,  керісінше  дұрыс  жауаптың  үлгісін  беру 

керек. 


 

. Әлі қойылмаған дыбысы бар, сөз тіркесін бермеу. 



 

 Бала айта алмайтын тақпақты және әңгімені жаттауға бермеу. 



 

. Сөйлеу қабілеті қалыптаспаған баланы ертеңгілікке қатыстырмау. 



Тәрбиешіге қажет: 

 



Балалардың сөйлегенің бақылау, дұрыс айтуға тәрбиелеу. Дыбыс қойыған кезде 

жауапты дұрыс беруге талап ету. 

Осыған  орай,  ойымызды  қорытындылай  келе  сәбилер,  ортаңғы,  ересек  және 

даярлық топтарында айына бір рет балалармен бірге отырып артикуляциялық, саусақ 

жаттығуларын, ойындар өткізу қажет. Тәрбиешілермен бірге ортаңғы, ересек, даярлық 

топтарында тіл кемістігі бар балаларды анықтап алу. Ата-аналарға кеңес беріп отыру. 

Айына  бір  рет  тәрбиешілермен  отырыс  өткізу,  артикулыциялық,  тыныс  алу 

жаттығулары және ұсақ моториканы дамытуға арналған ойындар туралы кеңес беріп 

отыру.  Ересек,  даярлық  топтарындағы  логопунктке  қатысатын  балалармен  өткен 

тапсырмаларды  топ  дәптерлеріне  жазу,  тәрбиешілер  жеке-дара  немесе  күннің  екінші 

жартысында  балалармен  бірге  жұмыс  жүргізіп  отыру.  Жылдың  басында,  ортасында, 

сонында балабақша басшысы, әдіскер және жеке мамандар мини консилиумға жиналып 

қойылған түзету-оқу мақсаттарын талқылау. 

 

Пайданылған әдебиеттер тізімі: 



1.Өмірбекова Қ.Қ  «Логопедия» 2003. 

2.Жарықбаев «Жалпы психология» 2009. 

3.Гризик Т.И  «Развитие речи детей» 4-5 лет. 

4.Соколов А.Н Внутренняя речь и мышление –М ,. 2001. 

5.Строганова  В.В.    Возможности  прогнозирования  текста  у  детей  с  общим 

недоразвитием речи.  Монографический сборник – М, 2005. 

 

 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІН 



ДАМЫТУ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет