Бағдарлама дамыта оқыту негізінде құрылған, жеке әдісті іске асыру ұсынылады. Онда мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың тұлғасын дамытуға және қалыптастыруға бағдарлы педагогикалық үдерісті басқару механизмдері салынған.
Бағдарлама мазмұнын жүзеге асыру баланың қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне бағдарланған, оның құзіреттілік дамуына бағытталған педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда қазіргі жаңа әдістерді пайдалануды болжайды. Ал бұл өз кезегінде оқыту әдістемесіне ғана емес, сондай-ақ көбінесе өзінің қызметінде жобалау әдістеріне, баланың даму үдерісті болжайтын, оның Қазақстанның білім беру жүйесін жаңарту жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа Жалпыға міндетті білім беру стандартын енгізу және мектепке дейінгі ұйымдағы, соның ішінде 5-6 жастағы балалар үшін, педагогикалық үдерісті бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ету әзірлемелерін дайындау қажеттілігі туындап отыр.
Мектепке дейінгі ересек жастағы (5 жастан бастап 6 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке барамыз» ұсынылып отырған бағдарламасы мектепке дейінгі 5-6 жастағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндық аспектілерін ашады.
Бағдарлама түрлі өмір жағдайларында жинақталған тәжірибені қолданудың басты көрсеткіші ретінде балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру міндеттерін шешуге бағытталған.
Бағдарлама классикалық және отандық мектепке дейінгі педагогика әзірлеген мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу тәсілдеріне, ішінара «Балабақшадағы тәрбиелеу мен оқытудың типтік бағдарламасының» базалық қағидаларына сүйенеді.
Бағдарлама құрастырушылары мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа Жалпыға міндетті білім беру стандартының негізгі қағидаларын бейнелейтін, бүгінгі күн талаптарына жауап беретін жаңа бағдарламалық құжатты әзірлеуді мақсат етіп қойды.
Бағдарлама, ең алдымен, оқыту әдістемесін ғана емес, сонымен бірге, бақылау мен бағалау, өз іс-әрекетін жобалау мен баланың дамуын болжау әдістерін меңгерген шығармашыл педагогке арналған.
Ұсынылып отырған бағдарлама мазмұны позитивті әлеуметтенуді қамтамасыз етуге және балаларға негізгі құзыреттіліктерді меңгертуге, сонымен қатар әлеуметтік ортадағы оң қарым-қатынасқа қабілетті шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
Бағдарламалық материалды іске асыруда басты бағдар педагог пен тәрбиеленуші қарым-қатынасының құзыретті жүйесіне өту болып табылады. Құзыреттілікті танымдық мәселелерді дербес шешуге, өз айқындамасын анықтауға және адамға қоғамдағы өмір сүру нормалары мен ережелерін орындауға қажетті даму деңгейі ретінде қарастыра отырып, бағдарлама құрастырушылары, бұрынғы мектепке дейінгі балаларға арналған бағдарламаға қарағанда, осы бағдарлама әрбір мектеп жасына дейінгі баланың жеке мүмкіндіктеріне бағытталған деп есептейді. Бала бағдарламалық материалды меңгергенде өзінің іс-әрекетін өзі жоспарлауды, мақсат қоюды, оған қол жеткізу жолдарын табуды үйренуі тиіс.
Бағдарламада мектепке дейінгі білім беру мазмұнының жүйелілігі және алдыңғы және кейінгі жас сатылармен сабақтастығы айқын көрінеді.
Балалардың қажеттілігіне бағытталған педагогикалық үдерісті ұйымдастыруға жаңаша қарау бағдарламаны құрастыруда тәрбие міндеттерін біртіндеп күрделендіруді және оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері мен әдістерінің алуан түрін қолдануды қажет етеді. Мұндай жол барлығы түсіндірілетін және көбінесе баланың орындаушылық қасиеттері қалыптасатын оқытумен салыстырғанда, шығармашылық қабілеттілікті, дербестікті, дамытуға бағытталған.
Бағдарламаны іске асырудың негізгі міндеттері:
- мектепке дейінгі ересек жастағы бала бойында маңызды шешуші құзыреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын қолайлы пәндік дамытушы орта құру;
- тәжірибелік, танымдық, шығармашылық тәжірибе мен бала іс-әрекетінің басқа да түрлерін қалыптастыру;
- Қазақстанның патриоттық және мәдени-тарихи дәстүрлері негізінде жалпыадамзаттық, мәдени және адамгершілік құндылықтарды дарыту;
- полиэтникалық және көпмәдениетті мегаполисте ұлтаралық қатынастарды үйлестіру үдерісне маңызды звено болып табылатын ұжымдағы тәрбиенушілердің ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру;
- баланы жалпыәлемдік және жалпы ұлттық құндылықтар рухында дамыту мен тәрбиелеу мақсатында отбасы мен мектепке дейінгі ұйым ортасының мүмкіншіліктерін пайдалану;
- әр баланың тұлғалық қасиеті және оны ауыспалы өмір жағдайында әрі қарай сәтті дамыту мақсатында өзін-өзі тану, өз ойын еркін білдіру және оны іске асыру дағдыларын жетілдіру;
- салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында бала денесінің толыққанды дамуы үшін қолайлы кеңістік құру;
- әр баланың интеллектуалдық қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін дамыту;
- мектепте білім алуға жан-жақты дайындау. Қазақстан Республикасының "Жоғары білім беру туралы" заңының 9-бабында "Жоғары оқу орны мамандарын даярлау ғылым мен білімді ұштастыру, оқытудың белсенді әдістері мен жаңа ақпараттың технологиялар кешенін қолдана отырып даярландыру негізінде студенттердің шығармашылық және тәжірибелік қабілеттерін қалыптастыру және дамыту үшін мүмкіндіктер туғызу арқылы жүзеге асырылады" -делінген. Яғни, болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың маңыздылығы жеке тұлғасы мен қызметіне деген осы заманғы талаптармен сипатталады, мүның өзі жоғары оқу орнының педагогикалың үдерісіне жалпы және кәсіби мәдениетті ұдайы көтеріп отыратындай бағыт-бағдар беру қажеттілігін туғызады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әр жылдардағы халыққа Жолдауы - әр адамның жан-жақты дамуына мол мүмкіндік жасайтын мемлекеттік құжаттың бірі. Бұл жолдаудың негізіне түрлі реформалармен қатар білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеру, әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу және қоғамымыздың басты байлығы — жас ұрпақты дамыту мақсатында оның ой-өрісін кеңейтіп, жан-дүниесін байыту, жалпы және кәсіптік білім алуы үшін мүмкіндіктер жасау туралы мәселелер қойылып отыр[3].
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі маңызды өзгерістер жоғары білімді, білікті педагогтар даярлаудың қажеттілігін көздеп отыр. Болашақ педагогтарды қоғам талабына сай білімді, ғылымды жан-жақты меңгерген, терең теория мен тәжірибені ұштастыра алатын білікті маман етіп даярлау - жоғары мектептің бірден-бір міндеті.
Қазақстан Республикасы "Білім туралы заңының" 23-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қарашадағы №1762 бұйрығына сәйкес "Балаларды міндетті мектепалды даярлау мәселелері" туралы қаулысы, оның ережесі және тұжырымдамасының ұсынылуы, балаларды мектепке даярлау бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселе екендігін көрсетеді. Отбасында және балабақшада, мектеп жанында баланы мектепке даярлау бағдарламаларының (1998, 1999, 2000), оқу-әдістемелік құралдарының жарық көруі тәрбиеші-педагог мамандарын даярлау мәселесінің сан қырына жаңаша қарауды талап етіп отыр[3].
Жоғары мектептегі білім барша әлем тыныс-тіршілігінің алғашқы ірге тасы. Ал бүгінгідей әлемдік қауымдастықтан тәуелсіз Қазақстан тұлғасы биіктеп, ғылыми-техникалық прогресс қарыштап дамыған тұста біздің еліміз үшін сапалы білім, саналы тәрбиемен қатар білікті мамандар даярлау мәселесі туындап отыр. Білім беру саласындағы осы іргелі мемлекеттік саясатта білім беруді бұдан әрі жетілдіру мен дамытудың басты жолы ретінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту - баланың жас шамасын және өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, оның жеке адам ретінде қалыптасуы мен дамуына жағдай жасайтын Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінің бірінші деңгейі болып есептеледі. Оның бүгінгі жағдайына талдау жасайтын болсақ, Қазақстанда 1991 жылы балабақшаға 7 жасқа дейінгілерді қамту 47%, ал 6 жасқа дейінгілерді қамту - 77%, елімізде білім беруде жұмыс істейтін қызметкерлер саны 8,743 адам болды. 1991 жылы өтпелі кезеңге байланысты көптеген балабақшалар жабылып, 1999 жылы 80%-ға дейін, ал балаларды қамту 10%-ға, қызметкерлер саны 1,158 адамға төмендеді. Дегенмен де, 1999 жылдан бастап Үкіметіміз мектепке дейінгі білім беруді қалпына келтіруге баса назар аударды. Білім туралы заңда мектепке дейінгі тәрбие жалпы білім беру жүйесінің құрамдас негізгі бөлігі ретінде қарастырылды. Білім министрлігі және жергілікті басқару органдары мектепалды дайындығын өз бюджеттерінен қаржыландыруды қамтамасыз етуді ұсынды. Ең маңызды мәселе -1999 жылдан бастап міндетті мектепалды дайындығы Үкіметтің қаулысы бойынша енгізілді. Үкімет тарапынан 2010 жылға дейін үш жастан бастап мектепке дейінгі білім беруді кеңейтуді жоспарлады.
Соңғы бес жылда мемлекеттік саясат мектепке дейінгі тәрбие саласында балалардың білім беру бағдарламаларын меңгеруіне және тәрбие мен білім сапасын көтеру аясын едәуір кеңейтуге мүмкіндіктер берді. Қазіргі кезде біздің елімізде 175,9 мың баланы қамтитын 1195 мектепке дейінгі ұйымдардың қызмет ететінін айтуға болады. 2010 жылға дейін Үкіметіміз:
- 23 мың орындық 164 балабақша құрылысын жүргізуді;
- негізінен ауылдық жерлерде Білім беру ұйымдарының базасында 20 мың орындық 800 мектепке дейінгі шағын орталық құруды;
- мектепке дейінгі білім беру жүйесінде даму мүмкіндігі шектеулі балалар үшін 380 эклюзивті білім беру және коррекциялық кабинет ашуды жоспарлап отыр;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі республикадағы мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормативтік-құқықтық базасын жасау үшін аз күш жұмсап отырған жоқ. Қазіргі кезде мектепке дейінгі сәбилерді қолдау мақсатында "Балабақшаға барамыз" деп аталатын мемлекеттік жоспар мен Заң жобасы дайындалып, тәжірибеге енгізілуде.
Мектепке дейінгі сәбилерді қолдауға арналып бөлінетін қаржының көлемі өсті. Мысалы: бұл мақсатқа 2003 жылы 4553,5 млн. теңге бөлінсе, 2004 жылы ол 6542,2 млн. теңгеге жетті, ал 2005 жылға 7563,3 млн. теңге жоспарланды. Республикада 1283 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істейді. Олардың 179 жеке меншік, 1104 мемлекеттік ұйымдар. Мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамытуға республикалық бюджеттен 2006 жылға қосымша 1 млд. теңге бөлінген. Мектепке дейінгі тәрбие саласын ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-сараптаумен қамтамасыз ету және арнаулы мамандар даярлау мәселесі дәл бүгінгідей деңгейде өзекті болған емес. Сондықтан, жан-жақты дамыған тұлғаны дамытуға қажетті жағдай жасалуын, білікті мамандар даярлауды қамтамасыз ету көзделуде. Оқу орындарының типтері мен оқу тілін таңдауға еркіндік берілді. Білім беру ұйымдары бағдарламаларды, оқыту формалары мен әдіс-тәсілдерін таңдауға заңды түрде мүмкіндік алды. Білім беру мазмұнын жетілдіру, білім сапасын арттыру мәселелері жан-жақты қарастырыла бастады. Бұл болашақ педагог мамандардың өз ісіне жауапкершілікпен қарауын және шығармашылығы мен іскерлігін ұдайы ұштап отыруын талап етеді.
Бұл мәселеге байланысты Президенттің халыққа Жолдауында: "Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістер үшін кадрлар қорын жақсаруымыз қажет"- деп атап көрсеткен болатын. Осы игі істерді жүзеге асыруда білім берудің әлемдік кеңістігіне кіру үшін, әрі талаптары мен ықпал етуі Қазақстанның мүддесімен ұштасып жатқандықтан оқыту технологиясын Боллон Конвенциясына сәйкестендіруді алға қойып отыр. Бұл конвенция бойынша мамандар дайындаудың екі сатылы болуына мән берілген. Алғашқы академиялық білім жалпыға ортақ бакалавр дәрежесі болса, халықаралық сапаға сай, бүгінгі білім кеңістігінің талаптарына жауап беретін өз салаларының өте білікті маманы болып шығатын, ғылыми және өндірістік мәселелерді шеше алатын магистрлер дайындау оқу жүйесінің екінші сатысында жүзеге асырылуда. Бұл шетел университеттерінің тәжірибесін зерттеп білуде бүгінгі Қазақстанның, ТМД құрамына енетін басқа да елдер сияқты болашақ мамандардың кәсіби даярлық үдеріс көп деңгейлі даярлыққа өтетіндігін, оқытуды диверсификациялау нәтижесі іске асырылып жаңа информациялық технологиялар енгізіліп жатқанын көрсетіп отыр. Жоғары оқу орындарында кредиттік технология жүйесі енгізілуіне байланысты оқу үдерісіне өзгерістер жасалды. Бұрынғы оқу жүйесінде әдеттегідей студент дәріс сабақтарына мұғалім не туралы әңгімелейтінін білмей келетін. Ал, қазір студенттің сабаққа алдын-ала даярлануы талап етіледі, семестр басталарда дәріскер дәріс сабақтарының күні, тақырыптары, оларға қатысты тапсырмаларды тұтас курс бойынша ұсынып, пәннің түсініктемесін тарату арқылы, яғни бізде дайындалған ОӘК оқыту жүйесінің тұтас алғандағы құрылу ерекшелігі (кредит - сағат) университеттегі бір сағат оқуға өз бетінше даярлықтың 3 сағатын қосуды меңзейді. Бұл әрбір сағаттың сабаққа студенттер 3 сағат даярланатындығын көрсетеді. Оқытушымен бірге даярлық (СРСП) үйдегі даярлықтың қорытындысын шығару, біздерде қалыптасқандай түсіндіру, оқыту емес дәрістерді өткізу алгоритмі де өзгереді.
Жүзеге асыруды ресурстың қамтамасыз ету жолдары:
Мектепке дейінгі тәрбие мамандықтарына арналған компьютерлік кабинеттердің және электрондық оқулықтармен жұмыс істеу мүмкіндіктерінің болуы.
Студенттерге арналған ғылыми-зерттеу зертханаларының болуы.
Оқу-тәжірибелік кабинеттер жабдықталуы.
Қашықтықтан оқыту жүйесі мен интернетке шығу мүмкіндіктерінің болуы.
Педагогикалық практикадан өткізілетін базалық балабақшалармен тығыз байланыстың болуы.
Жоғары мектепке арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдармен толық қамтамасыз етілуі.
Оқытушы профессорлар құрамының арнайы мамандармен қамтамасыз етілуі.
Мектепке дейінгі ересек жастағы баланы тәрбиелеу мен дамытудың нәтижесі - ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе алатын, негізгі құзыреттілікті және дене тәрбиесі, салауатты өмір салты негіздерін меңгерген, мектепте оқуға даяр тұлға болып табылады.
Бағдарлама мазмұнын іске асыру белгілі бір мақсатқа бағытталған, бір-бірімен тығыз байланысты дербес бөлімдерден тұратын білім беру салаларының жұмысын жүргізу болып табылады.
«Денсаулық» білім беру саласында балалардың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтының ережелерін саналы түрде сақтауын қалыптастыруға, бала ағзасы мен маңызды қозғалыс дағдыларының функционалды мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталған педагогикалық жұмыстардың шарттары мен мазмұны, міндеттері белгіленген.
«Қатынас» білім беру саласында байланыстырып сөйлеуін, мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тілдік әрекетке жеке қабілеттерін, мазмұнды диалог пен монолог құра білу іскерлігін, сауат ашу және жазуды меңгеруге дайындау мақсатында тілдік шығармашылығын көрсетуге бағытталған жұмыстардың мазмұны мен міндеттері қарастырылады.
«Таным» білім беру саласында баланың қоршаған ортада бағдарын кеңейтіп, толықтыру, салыстыру, талдау, жалпылау, байқау, үлгілеу, қарапайым іздеу әрекеттерін, табиғатты қорғау тәсілдерін меңгеруін, түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық жұмыстардың міндеттерін, мазмұны мен шарттарын айқындап көрсетеді.
«Шығармашылық» білім беру саласында баланың қоршаған ортаға деген эстетикалық қатынасы мен ұлттық, классикалық және қазіргі көркем құралдардың дамуымен бірге қалыптасуы қарастырылады. Балалар шығармашылығы мен әрекеттерін біріктіру арқылы балалардың көркемдік қабілеттері қалыптасады. Балалар шығармашылығы - өзін, өзінің мүмкіндіктері мен қоршаған ортаны танитын және оларға өзінің көзқарасын білдіретін ерекше әлем.
«Әлеуметтік орта» білім беру саласында әлеуметтендіруді қоғамдық қатынастар жүйесіне енуге қажетті балалардың әлеуметтік-мәдени тәжірибелерінің дамуы ретінде қарай отырып, еңбек және білім, білік, дағдыларын, қағидалар, құндылықтар, салт-дәстүрлер, ережелер, тұлғаның әлеуметтік қасиеттерін қалыптастыру мәселелері қарастырылады.
Сонымен қатар, бұл сала кіріктірілген сипатта төрт білім беру саласының мазмұнын іске асырады. Балалар әрекеттерін түрлендіруді ұйымдастыру негізінде олардың ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынас жасауда қарапайым өзін-өзі бақылау мен реттеу дағдыларын қалыптастырады.
Бағдарламада балалардың мәдени дағдылары, білімділігі, тұлғаның әлеуметтік қасиеттерінің дамуы және бірлесіп жұмыс жасауын, қоршаған ортаға қамқорлық, бәсекелестік және ынталылық, дербестік пен тәуелсіздік, әлеуметтік ортаға икемділік, мәдени және экологиялық сауаттылықты қалыптастыруға басты орын берілген.
Бағдарлама тәрбиешілерге, әдіскерлерге, мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілеріне, мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына арналған. Бағдарламада базистік оқу жоспарына сәйкес ұзақтығы 25-30 минут болатын 15 ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті қарастырылған.
Бағдарламаның оқу-әдістемелік кешені педагогтерге білім беру салаларын кіріктіру және қазіргі білім беру технологияларын таңдауда шығармашылықпен жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып, ұйымдастырылған оқу-іс-әрекетін жоспарлауға жаңаша қарауды ұсынады.
Әрбір білім беру саласының мазмұнында мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалардың базалық білім, білік, дағдыларды меңгеру деңгейі бойынша күтілетін нәтижелер анықталған.
Бағдарлама балаларды мектепте оқуға ойдағыдай бейімделуінің мазмұнын таңдау және жағдайларын анықтау негізінде балабақша мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастық міндеттерін шешуді қарастырады.
Бағдарлама құрылымы түсіндірме жазба, мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру сипаттамасы, балалардың жасына сай мүмкіндіктерінің сипаттамасы, күн тәртібінің үлгісі, базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу-іс-әрекетінде жүзеге асатын бес білім беру салаларының бағдарламалық мазмұнынан тұрады.
Бағдарламаның қосымшасында Б:
1) қимылды ойындардың үлгі тізімі;
2) ұсынылатын көркем әдебиет шығармалары;
3) сурет салу, жапсыру, мүсіндеуден сабақтардың үлгі тақырыптары;
4) өнермен таныстыруға арналған үлгі шығармалар;
5) музыкалық репертуар мен музыкалық-дидактикалық ойындар ұсынылады.
ІІ. Балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайының әдістемесі
Достарыңызбен бөлісу: |