Балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайының ғылыми практикалық негіздері


Балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жұмысының әдістемесі



бет5/11
Дата29.11.2022
өлшемі483 Kb.
#53490
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
тәрбие

2.2. Балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жұмысының әдістемесі


Бағдарлама дегеніміз – алда атқарылар жұмыстардың нақ­ты іс-жоспары, алға қойған мақ­сат­қа қол жеткізетін құрал. Со­қа­мыз сай болмаса, егін еге ал­май­мыз, кет­пен-күрегіміз сай бол­маса, бау-бақ­ша өсіре алмаймыз. Демек, бағ­дарлама жан-жақты сауатты жа­зы­луы керек.
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру стратегиясы мектеп жасына дейінгі балаларды жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптастыру мәселелерінің ұлттық даму стратегиясымен үздіксіз байланысты екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып басты қажеттілік ретінде қабылданылды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қадағалау ұйымдастырып педагогикалық кадрларға қойылатын талаптармен олардың біліктілігін арттырып және қайта даярлап бала дамуының деңгейін жүйелі бағалауды қамту.
Жалпы білім беретін жүйесінің құрамдас бөлігі әрі алғашқы сатысы болып есептелетін мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие орындарының міндеті жанұямен тығыз байланыс жасай отырып, сәбилерді жігерлі рухта тәрбиелеу, білім беру, олардың дербес қасиеттері жетіле бастауына негіз қалау және мектептегі оқу ісіне дайындау.
Мектепке дейінгі балалардың ақыл-ой, дене, адамгершілік тәрбиесі жөніндегі психологиялық, педагогикалық зерттеулер, мектепке дейінгі дидактика мен психология, педагогика ғылымдары академиясының мектепке дейінгі ғылыми-зерттеу институттары жүргізген педагогикалық, психологиялық зерттеу нәтижелері осы кезеңдегі балалардың дамуында ереше потенциалды мүмкіндіктер болатынын дәлелдеді. Осындай ғылыми дәлелдер оларға берілетін білім негіздерін неғұрлым кеңірек меңгертіп, өмір шындығы туралы түсініктерін жетілдіріп, еңбекке деген сүйіспеншілік көзқарастарын қалыптастыруға болатынын көрсетті.
Балабақшадағы оқу, тәрбие жұмысының типтік бағдарламасын жасау қоғамның педагогикалық ғылымдар жүйесінің дамуы нәтижесінде және практикалық қажеттіліктен туындап отыр.
Болашақ ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу міндеттері жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттарында көрсетілген талаптар деңгейінде іске асырылуға тиіс. Сондықтан мектепке дейінгі тәрбие бағдарламасын жасауда мына мәселелер мұқият ескерілді: мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу, білім беру мазмұнын жетілдіру, олардың түрлі іс-әрекеттерін дамыту сапасына қойылатын талапты күшейту, сонымен бірге балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, денесінің дұрыс өсуіне физиологиялық жағынан ауыртпалық түспеуін, балалар меңгеруге тиісті білім мөлшерінің дәлдігін қадағалау.
Осыған орай бағдарламада 6 жасқа дейінгі кезеңде дене, ақыл-ой, еңбек, эстетикалық тәрбие беру мәселелерінің негізі көрсетілді. Білім мазмұнын жетілдіруде олардың психологиялық, физиологиялық және дербес жетілу ерекшеліктері ескерілді.
Балабақшадағы оқыту, тәрбиелеу барысында берілетін білім мазмұны балалардың жасына қарай бөлінген топтарына лайықталып екі бөлімге жүйеленді. Олар: балалардың күн режимін ұйымдастыру және сабақтарда білім беру. Сонымен бірге бағдарламада балалар орындайтын әр түрлі белсенді әрекеттердің барысында / ойын, еңбек, сабақ т.б. үдерістерінде/ оларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу ісін жүзеге асырудың мақсатын айқындап, мазмұнын жетілдіруге баса назар аударылады.
Бағдарламаның әр бөлімінде әрбір топпен өткізілетін тәрбие жұмыстарының мақсат-міндеттерін көрсетіліп, оны ұйымдастыру тәсілдері нақтыланды.
Жаңа бағдарламада балалардың жас ерекшелігі жөніндегі мінездемелер нақтылана түсті. Олай ету дамыта оқыту принципін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бағдарламадағы негізгі жаңалықтар – балалардың жасына қарай әр топтағы күн режиміне және режимін ұйымдастыруға қойылатын талаптар айқын көрсетілді. Топтағы балалардың қимыл-қозғалысын жетілдіру мен ойын-сабақ өткізу мерзімдері және сенсорлық тәрбие беруді өрістету мәселелері әр тоқсанға бөлініп берілді.
Балалардың сөздік қорын, сөйлеу тәсілдерін дамыту, адамгершілік мінез-құлық сапаларын қалыптастыру мазмұнын кеңейтіліп, тәрбие міндеттері атап көрсетілді. Баланы мейрімділікке, татулыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеудің негізі болып табылатын қоғамдағы мораль жайлы қарапайым ұғымдарды қалыптастыру мәселесі нақты тұжырымдалады. Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда топтар арасындағы сабақтастықты іске асыру көзделеді. Күнделікті өмірде адамгершілікке баулу жұмыстарының мазмұны жүйеленіп, бірізділік сақталады.
Баланың дербес әрекетін ұйымдастыра білу, педагогтың талаптарын орындау, өз әрекетін басқалармен үйлестіре білу т.б. машықтарын қалыптастыру мәселесі бағдарламада нақты көрсетілді.
Ересек балаларды оқытуға арналған материалдар адамдардың еңбектегі ерлігі, әдебиет, бейнелеу өнері, музыка мәдениеті т.б. туралы жазылған сәбилер ұғымына жақын шығармалармен байытылды. Осының бәрі оларды Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу, туған елінің тарихына, мәдениеті мен әдебиетіне, ана тіліне деген сүйіспеншілікке баулу негізін қалайды.
Балалардың мінез-құлқын дұрыс тәрбиелеуге арнайы назар аударылды: үлкендермен және құрбылармен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге дағдыландыру жұмысы бір топтан екінші топқа қарай біртіндеп күрделене берді.
Балаларды бөбектер тобынан бастап еңбекке баулу – оларды адамгершілікке тәрбиелеу құралы ретінде айрықша көрсетілді. Барлық топтар бойынша еңбекке баулу барысында бүлдіршін меңгертуге тиісті білім мөлшері кеңейтіліп, нақтыланды. Балаларды үлкен адамдардың еңбегімен таныстыру, балалар орындайтын ұжымдық еңбектің тәрбиелік мәні, өз шамасына қарай ересектер еңбегіне қатысу жайттары айқындалды.
Ақыл-ой тәрбиесі жөніндегі бағдарламалық материалдардың мазмұны толықтырылды. Білім деңгейі мен оқылатын материалдың шынайлығы арасындағы байланыс айқындалды. «Айналамен таныстыру», «Құрастыру» бөлімдерінің арасындағы заңды байланыстар балалардың ұғымна лайықты етіп берілді. Мысалы, жан-жануарлардың дене түзілісі өмір сүретін ортасына бейімделетіні, оның практикалық қажетіне байланысты болатыны көрсетілді.
Айналамен таныстыру бөбектер тобынан бастап бағдарламалық білім беретін арнаулы бөлім ретінде бірінші рет қарастырылып отыр. Бұл бөлімде екі мәселе нақтырақ көрсетілді. Бағдарламаның айналаны қоршаған дүние жайлы балалардың мағлұматын молайту жөніндегі биологиялық заңдылықтарды көрсететін бөлім үш түрлі мәселені қамтиды: жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің сан алуан түрі, олардың өсіп-өнуі мен дамуы және сыртқы дүниедегі тіршілік факторларына бейімделуі.
Бағдарламада баланың тілін дамыту жөніндегі арнайы бөлім «Тіл дамыту» берілді. Тіл дамыту жұмысының мазмұнына енетін тілге тән білімдер мен машықтар: тілдің граматикалық формаларын меңгеру, қажетті сөзді, синоним және антоним сөздерді табу, атап айта білу, сөздердің көп мағыналы болып келетін, сөз тудыру мен сөз құбылтудың қарапайым тәсілдерін және мәнерлеп сөйлеуді меңгерту, сөздің дыбысталу қалпын /фонетикалық жағы/ дұрыс тыңдап, дыбыстарды бір-бірінен ажырата білуге үйрету жұмыстары айнамен таныстыру бөлімін өту барысында ғана емес, негізінен арнайы сабақта іске асырылады.
«Тіл дамыту» бөлімінде сөздің дыбыстық жағын меңгертудің мақсаты айқындалып, әрбір топта өтілетін жұмыс мазмұны нақтыланды. Сөздің мәнін түсіндіруге кей сөздің көп мағыналы болып келетінін ұғындыруға, сөз тудыру тәсілдерін, сөздің синтаксистік жағын /сөйлемді/ қалыптастыра беруге баса көңіл бөлінді.
Сөйлей білуге үйрету үшін бағдарламада көрсетілген әңгімелеу тәсілдерін /оқылған шығарманы әңгімелету, белгілі тақырыпқа әңгіме құрастыру – шығармашылық әңгімелеу т.б./ меңгерту қажеттілігі ескерілді.
Бағдарламадағы негізгі жаңалықтың бірі – сауат ашу деңгейін белгілеу. Бұл бөлімнің мақсаты – балаларды сөздің дыбыстық құрамын ажырата білуге үйрету.
Бағдарламаның қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру деген бөлімінде естияр тобы үшін 5-ке дейінгі, ересектер тобы үшін 10-ға дейінгі сандарды цифрлармен белгілеу енгізілді. Бес жастан бастап шартты өлшемдермен өлшеу арқылы балалардың 10 саны жөніндегі ұғымдарын қалыптастыру атап көрсетілді.
Эстетикалық тәрбие беру бөлімі адамгершілік тәрбие жөніндегі мәселелермен кеңейтілді. Ол көркемөнер жұмысы арқылы іске асады. Ересектер тобында еңбектің көркем түрі /халықтың қолданбалы сәндік өнері және оны жабдықтау құралдары/ жетілдірілді. Көркемөнер мен тіл дамыту мазмұны кеңейтілді. Ойын әрекетінің міндеттері де дәлірек көрсетілді.
Бағдарламада дене тәрбиесінің мәні мен міндеттері нақтыланды. Дене тәрбиесін жетілдіру жөніндегі жалпы міндеттер кеңейтіліп, баланың денсаулығын сақтау шараларын бұлжытпай орындау ісіне баса назар аударылды. Баланың денсаулығын нығайтып, дене бітімін дұрыс қалыптастыру, шынықтыру, олардың жасына лайықты дене еңбегі мен ой еңбегі қабілеттерін қалыптастыру мәселесі көзделді.
Дене тәрбиесінің бағдарламасы әр топтың өзінде екі бөлімнен тұрады: олар – баланың денесін шынықтыру және денсаулығын сақтау. Бұл бөлімдерде күн режимі, шынықтыру және физкультуралық сауықтыру шаралары белгіленген.
Бағдарламаның «Ойын» деген бөлімінде адамгершілік, ақыл-ой, дене және эстетикалық тәрбиесіне қоса баланың өзіндік ойын, әрекетін қалыптастыру міндеттері бірінші рет өз алдына жеке көрсетілді.
Сәбилердің екінші тобында заттық орынбасарларды ойын үстінде тауып, қолдана білуді үйретуге, естиярлар тбында рольді ойын ережелерін дұрыс орындау машықтарын қалыптастыруға, ересектер тобында ойынның әдептілік, адамгершілік тәрбие беру бағытын жетілдіруге көңіл бөлінді.
Бағдарламада оқу дағдыларын меңгерту мәселесі айрықша атап көрсетілген. Мысалы, сәбилер тобындағы балалар тәрбиеші-педагогты тыңдауға үйреніп, оның көрсетуімен жеңіл тапсырмалар орындауды меңгерсе, естиярлар тобында бұрын меңгерген дағдылар негізінде дербес әрекет жасау машықтары қалыптаса бастайды. Ал ересектер тобында оқу машықтарының барлық түрін жетілдіру көзделеді. Әсіресе, бірлесіп атқаратын ұжымдық жұмыс түрін қалыптастыруға баса көңіл бөлінді.
Біздің елімізді балабақшадағы оқу-тәрбие жұмыстары бірыңғай бағдарлама негізінде іске асырылады. Бағдарлама – мемлекеттік құжат. Әрбір тәрбиеші оны жүзеге асыруға міндетті.
Ұсынылып отырған бағдарламаның жобасы Оқу министрлігі бекіткен «балабақшадағы оқыту, тәрбиелеу жұмысының типтік бағдарламасы» негізінде жасалып, кейбір бөлімдер жаңа материалдармен толықтырылды. Мысалы, әр топтағы балалардың жас ерекшелігіне қарай оқылатын көркем әдебиет, бейнелеу өнері, өлі және тірі табиғатпен таныстыру, айналамен таныстыру, музыкалық тәрбие беру, ойын, еңбек жұмыстарының мазмұны республикадағы ұлттық ерекшеліктерді қамтитын балаларға арналған төл туындылармен байытылды. Ол материалдар бағдарламаның тиісті бөлімдерінде атап көрсетілді. Оқу жұмысына арналған апталық сағаты -15, оның 2 сағаты орыс (ағылшын) тілін оқытуға бөлінген.
Мектепке дейінгі білім беру стандарты: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда жаңашыл тәсілдерді пайдалануды;
- Білім беру мазмұнын, оның деңгейі мен сапасын іріктеуге қойылатын талаптарды регламенттеуді;
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектепалды даярлық топтарының қызметін баланың денсаулығы мен оның физикалық дамуын сақтауға бағдарлауды;
- Баланың дамуының әрбір жас кезеңінде әлеуметтік ахуалды іске асыру үшін жағдайларды қамтамасыз етуді;
- Баланың жас кезеңдері сабақтастығы негізінде бірыңғай білім беру кеңістігін сақтауды;
- Мектепке дейін тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары және бастауыш мектеп арасында сабақтас байланысты реттеуді;
- Отбасы әлеуетін және мектеп жасына дейінгі тұлғаның толыққанды дамуына мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының дамыту ортасының психологиялық-педагогикалық негізін пайдалануды;
- Әлеуметтік - мәдени міндеттерді шешу - мектеп жасына дейінгі балаларға білім берудің жаңа үлгісін қалыптастыруда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары, отбасылық әлеуметтік ортаның бірігуін;
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәжірибесіне инклюзивті білім беруді енгізуді болжайды. Қазақстан мемлекетінің ертеңгі болашағы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты. Сондықтан да, қазіргі кезде болып жатқан тарихи-әлеуметтік өзгерістер жас ұрпақтың жан-жақты дамуына, жаңаша көзқараспен қарауды қажет етеді.
Мектепке дейінгі тәрбие стандарт деңгейінде жаңа «Тәй-тәй» технологиясын белсенді дамыту орталықтарын құрудың маңыздылығы. Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Бұл мәселенің шешімін табуда үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Бұл алға қойылып отырған негізгі талаптар - Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіләлемдік білім беру кеңістігіне толық енуінің алғашкы даму стратегиясын жасау болып табылады.
«Баланың ақыл-ой дамуын, қызығушылығын, қабілетін, бейімін білмей оны тәрбиелеуге болмайды», - деп В.А. Сухомлинский атап көрсеткендей, педагог өз білімін балалардың ерекшеліктерін, отбасының мәдени дәстүрін, құндылықтарын есепке ала отырып, әр баланың айрықша қабілеттерін ашуға және дамытуға пайдаланған жағдайда ғана баланың даму деңгейі негізінде өзін-өзі дұрыс бағалауын жетілдіруге көмектеседі.
Халықаралық «Тәй-тәй» технологиясын балабақшаға ендіре отырып, мемлекеттік және халықаралық педагог стандарты деңгейіне жауап беру бізді алдымызға жауапты міндеттерді қоюмен қатар, оны орындауда кездескен қиыншылыктарды шығармашылық ізденіспен қатар, бірлесе отырып жеңуге болатынын үйретті.
Белсенді даму ортасын құрудың негізгі мақсаты қалыптасып келе жатқан тұлғаға әлеуметтік, рухани жағынан өмір сүруіне аса керек қажеттіліктерді қамтамасыз ету болып табылады.
Белсенділік орталығының мүмкіндіктерін, қажеттіліктілігін ескере отырып педагог өз білімін балалардың ерекшеліктерін, айрықша қабілетін ашуға, дамытуға пайдаланады. Осы бағытта жұмыс атқара отырып, педагогикалық ұжым «Тәй-тәй» технологиясының қағидаларын орындайды. Ол орталықтарындағы жүзеге асатын, белсенділік көріністер әрбір жеке тұлғаның іс-әрекетінен байқалып отырады. Белсенділік орталықтарында баланың интеллектуалдық, танымдық, көркемдік, моторлық және басқа да белсенділік жағдайларының көрінуіне куәміз десек, орталықтарда жеке тұлғаның тұтастай дамуындағы әрекеттілігін калыптастырып, дамытуға мүмкіндік туғызып отырады. «Тәй-тәй» технологиясының қағидаларын орындауда дамыту ортасы, балаға белсенділік орталықтары арқылы білім алуға, көмектесуге және ынтымақтастыққа, жауапты болуға, мәселелердің шешімін табуға үйрету мүмкіндігін береді.
Технологияның басты іс-әрекеті:

  1. 12 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы демократиялық

қағидаларды қолдау.

  1. Білім беру ісіне отбасын қоғамдық тарту.

  2. Баланың жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып табиғи қабілетін

ашу және дамыту.
Қазақстан мемлекетінің ертеңгі болашағы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты. Сондықтан да, қазіргі кезде болып жаткан тарихи-әлеуметтік өзгерістер дамуына, тәрбиеленуіне жаңаша көзқараспен карауды қажет етеді. «Тәй-тәй» технологиясы өсер ұрпақтың қабілетті, бәсекеге сай болып өсуіне, күнделікті жемісті еңбектің жылуын сезініп болашаққа нық қадам басуға үйрететін бірден-бір әдіс-тәсіл.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық»,-деп атап корсеткендей тәрбие қызметін көрсетуде жаңа технологияларды өндіру, шығармашылықты, жауапкершілікті, арнайы жағдайды талап етеді. Осы ауқымды мақсаттарды орындау барысында Түркістан қаласында «№31 мектеп - балабақша» базасында облыстық мектепке дейінгі мекемелердің педагогикалық қызметтеріне арналған «Білім берудің жаңа мазмұны жағдайында педагогикалық әрекетте инновациялық технологияларды пайдалану тәжірибесі» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өтті.
Семинар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында шығармашыл жұмыс істейтін педагогтардың оқу тәрбиелік жұмыстарын жетілдірудің озат тәжірбиесін қорыту және кеңінен тарату болып табылады.
Жұмыс барысында «№31 мектеп - балабақша» меңгерушісі С. Шаменова «Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі педагогтарды кәсіби жетілдіру стратегиясы-сапалы білім берудің шарты» тақырыбында балалар бақшасының жұмысымен таныстырса, ал тәрбиешілері Г. Алпысбаева мен А.Нұрбаевалар ашық ұйымдастырылған оқу іс-әркеттерін көрсетті. «Балбөбек» балалар бақшасының тәрбиешісі С.Доскачнека. С.Қыдырғалиевалар шебер - сынып беташарын және «№31 мектеп - балабақша тәрбиешісі Ш.Шарипова ата-аналармен байланыс жұмыс түрлерін ұсынды.
Семинардың ІІ- бөлімі «Білім беру стандарты - білім беру сапасының жағдайын қамтамасыз ету құралы»тақырыбында дөңгелек стол түрінде жалғастырылды.
Аймақтық оқу-әдістемелік семинарға мектепке дейінгі мекемелерінің тәрбиешілері және жалпы білім беретін мектептердің шағын орталықтарының педагогтары қатысты.
Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Бұл мәселенің шешімін табуда үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Бұл алға қойылып отырған негізгі талаптар - Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіләлемдік білім беру кеңістігіне толық енуінің алғашқы даму стартегиясын жасау болып табылады. Айтылған талаптардың жүзеге асырылуы бағытындағы жұмысты үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы - мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген кұштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттерін бойына сіңірген шәкірт тәрбиелеуден бастағанның маңызы зор.
«Балақай» бағдарламасы бойынша орта топта ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық» Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі.
Қоршаған ортамен таныстыру ән, математика, көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Дүниеге сәби келді»
Мақсаты:Балалардың бойына ұлттық сананы сіңіріп, ата-тегі жайлы білімін бекіту.
Стандартта мектепке дейінгі мекемені бітіруші баланың жаңа моделін (нобайын) айқындау қажеттілігі айтылды. Балабақшадан бүлдіршін дене жағынан дамыған, білімге құштар, белсенді, отбасы, қоғам, ел, әлем мен табиғат туралы алғашқы түсінігі бар, мектепте оқу үшін қажетті біліктер мен дағдыларды меңгерген болып шығуы керек. Стандартта тұлғалық, интеллектуалдық бағытта қалыптасқан баланың жеке қасиетін, оның мектепке дайындығын бағалауға мүмкіндік беретін талаптар мен құралдарды анықтау қажет. Сапалы білім беру қызметін ұсыну бойынша мектепке дейінгі мекемелердің жұмысын бағалауға болатын әдістеме болуы тиіс.
Ең бастысы, баланы дамытудың негізгі бағыттары мектепке дейінгі стандартта да, бастауыш мектептің стандартында да тұрақты болуы тиіс. Балабақшаның стандарттары мен бастауыш мектеп стандарттары талаптарының арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етілуі қажет. Мұндай деңгейдегі құжаттарды әзірлеумен «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы айналысады.
- Енді «Мектепке дейінгі балалық шақ» орталығының қызметі туралы толығырақ білсек. Оның негізгі міндеті қандай?
- «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы Білім және ғылым министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Оның қызметінің мақсаты - мектепке дейінгі мекемелерді бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ету.
Практик педагогтар үшін биылғы жылы аталған орталық «Мектепке дейінгі жастағы балалардың құзыретті дамуының индикаторлары - өлшеуіштерінің жүйесін» әзірледі. Бұл жүйе барлық бағыттар бойынша (денелік, әлеуметтік-тұлғалық, танымдық, шығармашылық-эстетикалық) баланың жеке дамуына сапалы деңгейінде бақылау жүргізуге көмек береді.
Мектепке дейінгі мекемелердің басшылары мен мамандарына көмек ретінде балабақшаны басқару, педагогикалық процесті жобалау, оның сапасын бағалау мәселелері бойынша бірқатар құралдар әзірленуде. Олар: мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлеріне арналған әдіс­темелік ұсынымдар, оқу құралдар, әртүрлі анықтамалықтар болып табылады.
Орталық әзірлеп жатқан «Консультациялық пункттер жағдайында ата-аналардың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру бағдарламасы» барлық типтегі мектепке дейінгі мекемелер мен сәбилері белгілі бір себептерге байланысты мектепке дейінгі мекемемен қамтылмаған ата-аналар үшін таптырмас практикалық құрал болмақ.
Біліктілікті арттыру институттарының жүйесі үшін біліктілікті арттыру курстарын сапалы жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында Орталық «Мектепке дейінгі шағын ұйымдар мен мектепалды сыныптардың педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың бағдарламасы мен оқу жоспарын» әзірлеуде.
- «Балапан» бағдарламасында мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиешілердің жұмыс істеу сапасына баса назар аударылған. Осыған байланысты мектепке дейінгі мекеме­лердің тәрбиешілерін даярлау және қайта даярлау мәселесі қалай шешіледі?
- Барлығы осы балабақшаларда жұмыс істейтін педагогтардың біліктілігіне байланысты. Қазіргі уақытта балабақша тәрбиешісіне қойылатын талаптар күшейіп отыр. Бұл талаптар - академиялық сауаттылықтың жоғарғы жалпы деңгейі, оқуға деген дайындық пен оқытуға деген құштарлықтың, жақсы дамыған коммуникативтік дағдысы мен ата-аналармен өзара іс-қимыл жүргізе білу қабілетінің болуы, балаға жақсы қарап, оның дамуына назар аудара білуі болып табылады. Тек тұлға ғана тұлғаны тәрбиелеп шығара алады.
Сондықтан балабақша тәрбиешісін даярлау-педагогикалық білім беру жүйесінде басымдыққа ие. Ол психологияны, педагогиканы, философияны, балалар психиатриясы мен дефектологияны терең оқытумен жүзеге асырылуы тиіс. Болашақ тәрбиешілерді тренингтік топтарда оқытып, актерлік шеберліктің негіздерімен таныстыру қажет.
Тәрбиеші болуға үміткер адамның екі білімі болуы тиіс. Олар - педагогикалық және психологиялық білім. Сондықтан біз болашақта әрбір мектепке дейінгі топ үшін бірі педагог-психолог біліктілігі бар, екіншісі тәрбиеші біліктілігі бар мамандарды саралап даярлауды енгіземіз.
Педагог-психолог балаларды шығармашылық тұрғыдан дамыту үшін оқу бағдарламасын ерікті түрде таңдай отырып негізгі сабақтарды жүргізеді. Балалардың бір жас категориясынан екіншісіне ауысу кезіндегі даму жағдайы мен деңгейін анықтайды. Баланың отбасыішілік қатынастағы жағдайына диагностика жүргізуге қатысады. Ал тәрбиеші балалармен түрлі ойындар, серуендер, экскурсиялар және т.б. ұйымдастырады.
2012 жылдан бастап Педагогикалық шеберлік орталығын құру арқылы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру үлгісіне өзгерістер енгізу жоспарлануда. Осыған байланысты болжамды есептеу бойынша 5 жылда курстармен 120 мыңнан аса педагог (43%) қамтамасыз етілетін болады.
2015 жылдан бастап Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде ваучерлік-модульдік қаржыландыруды енгізу қарастырылған. Педагогтер ваучерді иелене отырып, біліктілігін арттыру үшін ең қолайлы нұсқаны, яғни педагогтің тікелей өзіне аударылған төлем сомасы арқылы шетелдік орталықтарға дейін таңдау жасай алады. 2016 жылдан (бес жылдық курс бағдарламаларының жүзеге асуынан кейін) министрлік барлық педагогтер (Ұлыбритания, Жапония және т.б. мемлекеттердің тәжірибесі бойынша) үшін бес жылда бір рет өтетін курстардың орнына жыл сайын екі апталық міндетті курстарды енгізуді жоспарлауда.
Осы іс-шаралардың барлығы мектепке дейінгі ұйымдарда қызмет етіп жүрген педагогтардың мәртебесін көтеруге, жастарды осы мамандыққа тартуға бағытталып отыр.
Балбөбек бағдарламасының даму кезеңдері 1991-1995 ж.ж. эксперименттік байқау. Мақсаты: төл туынды бағдарлама мазмұнын жаңарту және байқаудан өткізу, мектепке дейінгі жастағы баланы дамыту, тәрбиелеу мүмкіндіктерін анықтау.
Көкейкестілігі: баланың жеке тұлга ретінде қалыптасуы; тәрбие-
леу мен білім беру мазмұнының қайта қаралуы; қарым-
қатынас мәдениетінің қалыптастырылуы;
Күтілетін нәтиже: бала тұлғасын қалыптастырудың тиімді жолдары-
ның қарастырылуы; баланың эмоционалдық, дара ерекшеліктерінің дамытылуы; іс-әрекетті кіріктіре жүргізудің тиімділігінің анықталуы;
1996-2000 ж.ж. жаппай тәжірибеге енгізу. Мақсаты: бағдарлама негізінде мектепке дейінгі жастағы білім беру мазмұнын қалыптастыру, оқу-тәрбие жұмыстарын кешенді жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдерін айқындау;
Көкейкестілігі:

  • білім беру мазмұнының жүйелілігі, бірізділігі;

  • жеке тұлға қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерінің нақтылануы;

  • баланың алған білім, білік дағдыларын тәжірибеде қолдана білуге жаттығуы;

Күтілетін нәтиже:

  • тәрбиелеу мен оқыту және дамытудың өзара байланыстылыгының сақталуы;

  • балалардың алуан түрлі іс-әрекетінің кіріктірілуі;

  • ойынға және шығармашылыққа уақыттың мол берілуі;

2000-2006 ж.ж. қайта басылуы. Мақсаты: бағдарламаның тәжірибедегі пайдалану нәтижесіне сәйкес өңдеулер, толықтырулар жасау, қайта басылымға дайындау;
Көкейкестілігі:
• білім беру мазмұнының сабақтастығының сақта-
луы; жеке тұлға қалыптастыруда тәрбиелеумен білім бе-
рудің кешенді ұйымдастырылуы; педагогикалық іс-әре-
кетті кешенді жүргізудің өмірлік дағдыны қалыптас-
тыруға ықпалының болуы;
Күтілетін нәтиже:
• балалықтың өзіндік құндылығының сақталуы;
жеке тұлғаны қалыптастыруда жетекші әрекеттерінің
негізге алынуы; тәрбиелеу мен білім берудің үзіліссіздік және жас ерекшелігіне байланысты сабақтастығының сақталуы.
Балбөбек бағдарламасын жүзеге асырудағы бала-бақша қызметкерлерінің міндеттері.
Балабақша меңгерушісі:

  • Балбөбек бағдарламасын пайдалануға ынта-ықыласты болу;

  • Ата-аналар қауымын ақпараттандыру;

  • Балбөбек бағдарламасы бойынша ғылыми-әдістемелік ізденістерге жағдай жасау;

  • Қалалық, облыстық, республикалық көлемде іс-тәжірибе жинақтау;

  • Ұжымды жұмылдыра іске араластыру, психологиялық жағымды көңіл-күй туындату;

  • тәрбиешілер мен балалар және ата-аналар арасындағы педагогикалық ынтымақтастық орнату.

Балабақша әдіскері:

  • ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағыт беру;

  • бағдарламаны пайдалануда әдістемелік тұрғыдан дайын болу;

  • бағдарламамен жұмыс жүргізудің әдіс-тәсілдері мен технологиясын меңгеру;

  • балалармен жұмыс жүргізудің іскерлік-дағдыларын жетілдіріп отыру;

  • бағдарламамен жұмыс жүргізуде тәрбиешілердің педагогикалық шеберліктерін дамыту;

  • ұйымдастырудың алуан түрлі формаларын тиімді қолдану;

  • бағдарламаны пайдалануда үнемі білік-біліктілігін жетілдіріп отыру;

  • балабақшада баланың жеке тұлға ретінде тәрбиелеу мен білім беру

  • моделін жүзеге асыру;

• зерттеу жұмысын жүргізуге басшылық жасау;
Балабақша тәрбиешісі:
• тәрбиеші бағдарлама мазмұнымен толық таныс болу;
бағдарламамен жұмыс жүргізу әдіс-тәсілдері мен техно-
логиясын меңгеру;

  • балалармен жұмыс жүргізудің іскерлік дағдыларын жетілдіріп отыру;

  • ұйымдастырудың алуан түрлі формаларын тиімді қолдану;

  • бағдарламаны пайдалану сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру;

  • бағдарламаны пайдалануда үнемі білім-біліктілігін жетілдіріп отыру;

  • озық іс-тәжірибе жинақтау және насихаттау;

  • педагогикалық оқу, конференциялар, педагогикалық кеңес, семинарларда баяндама жасау.

Балбөбек бағдарламасы бойынша өткізілетін сабақтардың құрылымдық ерекшелігі бастапқы бағыт: ойлану, ізденіс сәттері: арнайы жабдықталған дамытушылық ортада жаңа тақырыпты баланың өздігінен анықтауына мүмкіндік жасау, бағыт беру, жаңа, таныс емес заттар мен құбылыстарды тануға қызығушылығын ояту.
Негізгі жаңа ұғымдарға бағыт: танып-білу, талдау, әрекет ету: жаңа материалды танып, білуге толық мүмкіндік жасау, сол ұғымды әр түрлі іс-әрекетті түрлендіре отырып, әр қырынан қарастыру арқылы баланың санасына сіңіру, мұнда негізгі іс-әрекет қосымша іс-әрекеттермен музыка, сурет, мүсіндеу, ойын, еңбек, талдау, зерттеу, т.б. толықтырылады, бала жаңа ұғым туралы жан-жақты толық мәлімет алуы қажет.
Жаңа ұғымды бекіту: ой қорыту, баланың өздігінен дербес әрекет еуіне жағдай жасау, сол іс-әрекетті басынан өткізіп, оған өзіне қорытынды жасату, еңбек нәтижесін баланың өзі сезінетіндей болуы шарт.
Негізгі әдіс-тәсілдері: ойлану, өздігінен іздену, әрекет ету, зерттеу жүргізу, талдау, салыстыру, ой қорыту, пікір бөлісу, дербес әрекет ету, еңбек нәтижесіне жетуге талаптану, алған білімдерін өмірлік дағды ретінде тәжірибеде қолдана білуге машықтандыру.
Балбөбек бағдарламасы бойынша тәрбиешінің бойында болатын маңызды сапалары:

  • Балаларға деген сүйіспеншілігі, мол мейірімділігі;

  • Ақылдылығы, қайырымдылығы, зиялылығы;

  • Білімділігі, белсенділігі, жан-жақты қызығушылығы, тәртіптілігі, ашықтығы, әділеттілігі;

  • Кәсіби шеберлігі, шығармашылық қабілеттілігі, ұйымдастырушылық қабілеті;

  • Басқаны тыңдай білуі, талдау жасай білуі;

  • Мәдениеттілігі, әділеттілігі, әдептілігі;

  • Еңбексүйгіштігі, әзіл-қалжыңға бейімділігі.

•Басқаны тыңдай білуі, өзіндік көзқарасының болуы.
“Балбөбек” бағдарламасын жүзеге асырудағы тәрбиешінің міндеттері:

  • Тәрбиеші бағдарлама мазмұнымен толық таныс болу, бағдарламамен жұмыс жүргізу әдіс – тәсілдері мен технологиясын меңгерту.

2000 – 2006 ж. қайта басылуы

  • Мақсаты: Бағдарламаның тәжірибедегі пайдалану нәтижесіне сәйкес өңдеулер, толықтырулар жасау, қайта басылымға дайындау.

1996 – 2000 ж. жаппай тәжірибеге енгізу

  • Мақсаты: Бағдарлама негізінде мектепке дейінгі жастағы білім беру мазмұнын қалыптастыру, оқу тәрбие жұмыстарын кешенді жүргізудің тиімді әдіс – тәсілдерін айқындау.

“Балбөбек” бағдарламасының даму кезеңдері 1991 – 1995 жж

  • Эксперименттік байқау.

  • Мақсаты: төл туынды бағдарлама мазмұнын жаңарту және байқаудан өткізу, мектепке дейінгі жастағы баланы дамыту, тәрбиелеу мүмкіндіктерін анықтау. Бағдарламаның принциптері:

  1. Адам тұлғасы дамуының маңызды кезеңі ретіндегі м.д. балалықтың өзіндік құндылығын сақтау.

  2. Бала тұлғасын қалыптастыру мен дамытуда олардың жетекші әрекеттерін негізге алу.

  3. Тәрбиелеу мен оқытудың өзара байланыстылығын сақтау, балалардың дене, ақыл – ой, сезім және тәрбиелерге жағдай туғызатын дамытуды қамтамасыз ету.

  4. Педагогикалық ықпалдың тиімділігін арттыру және бала мен тәрбиешінің уақытын үнемдеу – ойынға және өз бетімен дербес әрекет етуге, шығармашылыққа уақыт көбірек беріледі.

  5. Оқыту мен тәрбиенің үзіліссіздігін, бір топ пен екінші топ арасындағы сабақтастықты сақтау үшін балаға игерту көзделетін қарапайым білім негіздерінің кеңейтілуі көзделеді.

“Балбөбек” бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты:

  1. Балабақшадағы тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын жаңарту, сәбилік шақтан бастап жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету, мейірімділік, ізеттілік, әдептілік, бауырмалдылыққа, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлықты баулып, адамдық қасиеттерді қалыптастыру.

  2. Тұлғаның жеке басының іс – әрекетімен дамыта оқыту теориясы негізінде белсенді әдіс – тәсілдерді қолдана отырып тәрбиелеу, білім беру жұмысын жетілдіру.

“Балбөбек” бағдарламасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет