Балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайының ғылыми практикалық негіздері


-кесте. Тәуелсіз Қазақстанда мектепке дейінгі мекемелерде қолданылатын бағдарламалар



бет7/11
Дата29.11.2022
өлшемі483 Kb.
#53490
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
тәрбие

1-кесте. Тәуелсіз Қазақстанда мектепке дейінгі мекемелерде қолданылатын бағдарламалар

1

2

3

4

5

6

Балбөбек”



Зерек бала”



Біз мектепке барамыз”

Тәй – тәй”



Қарлығаш”



Алғашқы қадам“

Бағдарламада мектеп жасына дейінгі баланың жетекші әрекеті — ойын түрлерін арнайы ұйымдастырылған сабақтар барысында кеңінен қолдану, сондай-ақ, күні бойындағы басқа уақыттарда алуан түрлі ойындар ұйым-дастыруға, өз бетімен ойнауына, дербес әрекет етуіне, шығармашылық іс-әрекеттермен айналысуға жағдай туғызу қажеттігі баса көрсетілген. Себебі, ойын барысында баланың дене және рухани жан дүниесі, ақыл-есі, ой-қиялы дамиды, тұлғалық бейнесі қалыптасады. Ойын баланың қоғамдық тәжірибені меңгеру тәсілі, яғни, ол өзгелердің пікірімен санасуға, ортақ тіл табысуға, шешім қабылдауға, т.б. көптеген әлеуметтік, өмірлік дағдыларға осы ойын арқылы қол жеткізеді. Бағдарламада бала құқығын қорғау мәселесі бойынша, баланың еркімен санасу, оның талап-тілегіне, жеке-дара ерекшелігіне назар аударып, бағыт беріп отыру, дербес әрекетін дамыту, жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелері көзделген білім мазмұнының аясына алынды.


Бағдарлама республикадағы мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың бағытын айқындайтын мемлекеттік құжат болып табылатындықтан, әрбір тәрбиеші бағдарламаның мазмұнын жан-жақты терең түсініп, онымен жұмыс істеуге даяр болуы тиіс.
Балаларды мектепалды даярлау мәселелері, мектепке даярлау іс-әрекетінің түрлері жан-жақты қарастырылды. Мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш сыныптың сабақтастығының сақталуының маңызына баса назар аудару қажеттігі қарастырылды. Отбасында балаларды мектепке даярлау мәселесін біртұтас үрдіс ретінде қарау баланы мектепке даярлаудың көкейкестілігін айқындайды.
Біз өз зерттеуімізде №31, Балбөбек, Шолпан, Әлия балабақшаларында жүргізген жұмыс арқылы бағдарламалар қолданысын зерттеп көрдік.Сурет 2. 100% мөлшерінде Бірінші бағанада «Балбөбек» бағдарламасының қолданысы, екіншіі бағанада «Зерек» бағдарламасының қолданысы, үшінші бағанада «Біз мектепке барамыз» бағдарламасының қолданысы, төртінші бағанада «Тәй-тәй» бағдарламасының қолданысы, бесінші бағанада «Қарлығаш» бағдарламасының қолданысы, алтыншы бағанада «Алғашқы қадам» бағдарламасының қолданысы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет