Балалар психиатриясының негіздері


Бірінші фаза таңдауға қатысты акт



бет19/23
Дата15.05.2023
өлшемі93,16 Kb.
#93220
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
^Nметотнази Психиатрия (копия) (копия)

Бірінші фаза таңдауға қатысты акт – саналы баға беру және талдау. Бұл фазада қанағаттанбаған қажеттілік сәйкес эмоциональдық күйзелістер мен ойлар туындатады, қажеттілікті қанағаттандыруға талпыныс пайда болады. Талпыныс әуестік немесе тілек түрінде көрініс беруі мүмкін.


Екінші фаза – қабылданған шешімді орындау – адамның тәжірибелік қызметіне тікелей қатысты. Соңғысы қимыл арқылы іске асырылады. Еріктік әрекетті іске асыру үшін психикалық функция сақталған күйде болуы керек.

Сөз, ойлау ыдырауы кезінде еріктік әрекет мүмкін емес, бұл апраксия деп аталады. Патология еріктік үдерістің кез келген звеносына әсерін тигізуі мүмкін: әуестік және тілек сферасы, мотивация және қозғалыс, толық жүріс – тұрысқа. Сонымен қатар еріктік бұзылыстарға зейін бұзылыстары да жатады. Клиникалық тәжірибеде зейін, әуестік патологиясын, қимылдық бұзылыстарды ажыратады.




10. Қозғалыс сферасы

Қозғалыс бұзылыстары элементарлы түрде: гипокинетикалық(ступор), гипер және дискинетикалық(паракинезиялар), яғни, қозғалыс белсенділігінің төмендеуіне, күшеюіне немесе бұрмалануына байланысты бөлінеді.


Психиатрия тәжірибесінде ерікті қозғалыстардың бұзылуына көңіл аударылады.




1. Қозу:
Қозудың түрлері:
- маниакальды,
- ажитирленген депрессия,
- истериялық,
- сана күңгірттенуі,
- жедел галлюцинаторлы сандырақтық жағдай,
- кататоникалық,
- геберфрениялық болып бөлінеді.


2. Ступор:
Қозуға қарама-қарсы қозғалыс бұзылуы - ступор жағдайы болып есептелінеді.
Ступор түрлері:
-депрессивті
-апатиялық
-истериялық
-психогенді
-катотониялық


Кататониялық ступор кезінде қозғалыс тоқтатылып, ауру бір қалыпта қатып қалады.


Психогендік ступор – қатты психикалық зақымданғанда болады. Мидың маңдай бөлімі зақымданғанда ықылассыз, босаң, адинамиялық белгілері бар апатико-адинамикалық ступор кездеседі.

•әрбір әрекетті қайталайтын стеротиптік ыңғайсыз жағдайда бір қалыпты тұрып қалатын балауыз иілгіштік каталепсия (восковая гибкость),


•әрбір сыртқы әрекетке қарсыласатын – негативизм,
•мүлде үндемейтін – мутизм кездеседі,
•сыбырлап сөйлегенге жауап беріп, қатты сөйлегенде үндемеу- Павлов симптомы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет