1) Инстинктивті әуестік бұзылуы:
Бұндай әуестіктер психикаға әсер ететін биологиялық процестердің көрінісі ретінде туындайтындықтан, олардың бұзылуына байланысты болуы мүмкін:
-биологиялық себептер (мысалы, жыныстық құмарлықтың жоғарылауы немесе төмендеуі жыныстық гормондардың деңгейімен байланысты);
-әртүрлі психикалық бұзылулар (мысалы, депрессия адамның бүкіл жүйке-психикалық мәртебесін өзгертетін эмоционалды күй ретінде, сол немесе басқа дәрежеде барлық биологиялық қалауларды тежейді); бұл жағдайларда әуестік бұзылыстары негізгі психикалық бұзылуларға қарағанда екіншілік бұзылыстар болып табылады;
-негізгі көрінісі әуестік бұзылыстары болып табылатын психиканың тікелей өзінің бұзылысы (әуестіктің біріншілік бұзылысы).
1. Тамақтық әуестік бұзылысы:
Тамақтану бұзылысының 4 негізгі бұзылысы бар, олар негізінен ана-мен бала қарым-қатынасының бұзылысынан болады:
Регургитациялық және «шайнау» бұзылысы:
«Сағыз» симптомы
Мерицизм(руминация)- тамақтанғаннан кейін бірнеше минуттан кейін ерікті түрде регургитацияланған тағамды шайнау. Бұл құсу немесе ГЭР емес, жартылай қорытылған тамақтың ерікті регургитациясы. Регургитация құсудан айырмашылығы асқазанның қысылуынсыз, еш қиындықсыз жүзеге асады. Бұл синдром көбінесе нәрестелер мен жас балаларда, кейде ақыл-есі кем(интеллект бұзылысы бар) адамдарда кездеседі.
Нәрестелік нервтік анорексия:
Инфантильді анорексия- диагностикалық 3 критерийін ажыратамыз, бірінші, активті немесе пассивті тамақтан бастарту, екінші, тамақты талғап жеу, үшіншіден, толық дұрыс тамақтанбау(недоедание).
Тамақтан бастарту туылғанан кейін басталады. Бала тамақтануға оянбайды, емуден бас тартады немесе аз ғана емеді. Активті бас тартқанда нәресте жақындаған тамағы бар қасықты мұқият бақылап, оны өзіне жақындатпайды, кейде тамағы бар ыдысты төңкеріп жібереді, тамақты түкіріп тастайды(тағамдық соғыс). Пассивті бас тартқанда нәресте тамақтану процессіне қатысудан бастартады, тамақтануға толық немқұрайлылық танытады және бөтелкеге немесе қасыққа қызығушылығын көрсетпейді. Шайнау және жұту баяулаған, ауызда тағам 45 минуттан астам уақыт кідіреді.
Толық дұрыс тамақтанбау емшек жасындағы балаларда жиі кездеседі, себебі аналар баласының қаншалықты емгенің байқамай, толық дұрыстап емізбеуі мүмкін. Жиі бұндай балалар тыныш, сабырлы, ұйқышыл болады, аналарына күтім кқрсетуде қиындық тудыра бермейді.
Инфантильді анорекцияға 3 айдан асқан бұзылысты жатқызады, себебі қысқа тәбеттің төмендеуі ол – жаңа тағамды енгізгеннен, отбасылық ауысулардан (бауырының туылуы), күн тәртібінің және бала күтімінің өзгеруіне, стационарға жатқызудан болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |