*/Балаларды дамытуға арналған ойындар және жаттығулар



бет12/17
Дата19.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#119611
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
10. Ертегі құрастырайық. Ертегі құрау баланың қиялын, шығармашылық қабілетін, тілін дамытады. Кез келген орман, парк бала үшін ертегіге айналуы мүмкін. Мысалы, балаңызбен бірге осы парктың түнде қандай болатынын, аңдардың өзін қалай ұстайтыны, ағаштардың не деп сыбырласатыны туралы ертегі құраңыз.Тағы бір нұсқа: сіздер тышқан немесе сарышұнақ қалдырған жерді көріп тұрсыз. Ол жерді анықтап қарап алыңыздар. Осы жерде болған сарышұнақ жайында ертегі (немесе әңгіме) құрастырыңыз. Оның түрі қандай? Ол бұл жерге не үшін келді? Кіммен кездесті? Үйі қандай? Ол Дюймовочка туралы ертегідегі қандай да бір кейіпкерге ұқсайды ма? Балаларға ертегінің басын бастау қиын, сондықтан басын өзіңіз ойлап табыңыз, ал, балаңыз жалғастырсын. Үйде осы ертегіні суретпен көркемдеп (иллюстрациялап) жеке кітап жасаңыздар.
Огород, саяжай. Балаңыз өз бетімен тәжірибе жасай алатындай қауіпсіз, ыңғайлы жер тауып беріңіз. Бұл жерде таза құм, саз, тастар, суы бар ыдыс, шелектер, т.б. әртүрлі формалы пішінді ыдыстар болуы керек. Үй "лабораториясында" да тәжірибелер жасауға болады. Құм мен балшықтан сарайлар мен қалалар тұрғызатындай мүмкіншілік болғаны маңызды.
Саяжайдағы учаске немесе огород - өсімдіктерге бақылау жасауды ұйымдастыруға ең қолайлы жер. Балаңызға өзінің қияры мен пиязын өсіріп, кішкене ғана тұқымнан нағыз сәбіз немесе әдемі гүл пайда болғанын көруді ұсыныңыз. Бұл жерде баланың еңбекке деген ынтасы күрт артады, жауапкершілік пайда болады. Бала бұл өсімдікті күткісі келмесе де, күтуге тура келеді, себебі ол өліп қалады. Осыдан барып, балаға өте қажет борыш, парыз сезімдері қалыптасады. Дегенмен, бала міндетін ұмытып кеткен жағдайда оған ұрсуға немесе оны әжуалауға болмайды. Тек қана өсімдіктің сусыз өмірі жоқ екндігін жайлап түсіндіріңіз. Өсімдіктің сыртқы бейнесінің қалай өзгеретіндігіне, бір кезеңнен екінші кезеңге ауысқанда- тұқымнан басқа жағдайға көшкеніне баланың назарын аударып отырыңыз. Әрбір кезеңдерді рет ретімен суреттеп оны талқылаған өте жақсы. (Мысалы, "Менің қиярым қалай өсті?" атты кітапша жасауға болады). Пияз бен сәбіз "нағыз" болып өсуі үшін не керек? Су, ауа, қопсытылған жер. Нәтижесінле өсімдік пен қоршаған ортаның байланысы туралы қортындыны баланың өзі жасайды.
Учаскеде әртүрлі аңдарды (жәндіктерді, құстарды) табу, бірақ оларды ұстамай, көріп, есте сақтау туралы тапсырма беріңіз. Қанша аң табылғанын санаңыз.
Егер жазда балаңызбен мтематикамен айналысуды жалғастырғыңыз келсе, учаскеде табылған аңдар мен өсімдіктерді байқаудың нәтижесі сипатталған есептер құрастырыңыз:

  1. Алма ағашында алдымен 2 алма, сосын тағы 2 алма пайда болды. Барлығы неше алма пайда болды?

  2. Біздің шетенге (рябина) 5 бозторғай ұшып келді. Олар жидектермен қоректеніп жатқанда, олардың біреуін әлдекім үркітті де, ол ұшып кетті. Ағашта қанша бозторғай қалды?

  3. Маржан 2 қызғалдақ, ал анасы 3 қызғалдақ отырғызды. Көктемде неше қызғалдақ өсіп шықты?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет