*/Балаларды дамытуға арналған ойындар және жаттығулар



бет14/17
Дата19.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#119611
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Қиялын дамыту жаттығулары

С өздермен ойнаймыз
Балалар сөз ойнағанды ұнатады. Бір сөздің соңғы дыбысы, келесі сөздің басы болатын "сөздер тізбегі" баршаға белгілі: жұмыртқа - аспан - нан т.б. Негізгі шарт: жекеше түрде тұрған зат есімдер, оның ішінде жалпы есімдер аталады.Еш қиындығы жоқ бұл ойынның дидактикалық ауқымы кең.Ол фонемалықестуді дамытады,сауатты жазуды қалыптастыруды жеңілдетеді. Ойнай отырып,ережелердің пайда болуын үйренеді,сөздердің орфографиясын есте сақтап лексикалық сөз қорын молайтады.Бұл ойынның тағы да бір артықшылығы - ол ойлау әрекетін реттейді,өйткені кез келген сөзді айтпаймыз, ал қоршалған заттарды атаймыз. (көше, киім, жиһаз, ас үй т.б.) Зейін де маңызды, себебі сөздер қайталанбайды.Егер үйде ойнасаң, қолымызға сөздік аламыз, сөздікпен ойнағанды мадақтаймыз, өйткені бала сөздікпен жұмыс істеуді үйренеді, алфавитті пысықтайды.Бұл ойынның маңызы - үлкен адамның балаға сәттілік жағдайын туғызып - жеңіске жетуіне қол жеткізу.
Сонымен қоса антонимдер мен синонимдер ойнап, баланың сөздік қорын молайтуға, тілге деген сезінуін дамытуға, алуан түрлі дүниені сезініп, сезімдерін танытып білуге ықпал етуге болады. Антонимдерді, яғни қарсы мәндес сөздерді сын есімдер "ойнайды" (жарық - қараңғы, суық - ыстық т.б.. Бұл ойынды басында үлкен адам жүргізеді, сосын " тізгінді " балаға беруге болады.
Әрине, алғашқыда сіз берген сөздерді қайталайтын сөздер беруге тырысады. Ойынды басқара отырып, баланың тілдік ой - өрісін кеңейтеміз. деген сөздің антонимы сөз қоршауында (контексте) тұрғанда тек қана " суық " деген сөз емес, " жылы " (күн), " мұздай " (көз), " салқын " (әңгіме), " қатал-жұмсақ " (адам), " нәзік " (аңның баласы), " жақсы " (мұғалім) т.б. Ойынды жүргізе отырып, тілдің синонимдік байлығын бала түйсіне білу үшін, бір сөзді бірнеше рет қайталаңыз. Сөздерде тек мағына ғана емес, сезім де болады, бұл, әсіресе, заттың сынын білдіретін сын есімдерде болады.
Ас үйдегі сөздерді ойнаймыз.

Бірінші ойнаңыз, одан кейін балаға сұрақ қойыңыз немесе қызықты бір нәрсе айтып беріңіз.
Асүйдегі жиһаз заттары қалай аталады
1Қалай ойлайсың, бізге жиһаз жасау үшін кімдер тер төкті?
Суретші-дизайнер, ағаш ұстасы т.б. Лесник, лесорубы, художник-дизайнер, столяры, ткачи.
2. Асүйдегі ыдыстарды ата.
3. Тоңазытқышта не болады?
Сұйық майды неден жасайды?
Ірімшік пен айранды, сары майды неден жасайды?
Шұжықты, сырды неден жасайды?
Ет қандай болады?
Балаларға тез бұзылатын заттар болатынын сатып аларда дайындалған күніне назар аудару керектігін түсіндіріңіз..
4. Шкафта қандай нәрселер болады?
Қарақұмық жармасы неден жасалады? (Қарақұмықтан)
Күріш жармасы неден жасалады? (Күріштен)
Манна жармасы неден жасалады? (Бидайдан)
Геркулес жармасы неден жасалады? (Сұлыдан)
Макарон, вермишель неден жасалады? (Қорап сыртындағы жазуға қара.)
Ұнды неден жасайды? (Бидайдан.)
Қантты неден жасайды? (Қант қызылшасы.)
Кофе деген не?
Қандай шайды ұнатасың? Цейлон, қытай, грузин, үнді шайлары-шығарылған жеріне байланысты аталады. Қытай шайы биіктігі 3 м бұталарда, ал цейлон шайы- биіктігі 10-15 м. ағаштарда өседі. Шайды өңдеу тәсілдеріне қарай бйха қара, көк шай деп бөледі.
Қартадан шай өсіретін жерді табыңыздар.
Тұз қайдан алынады?
Негізінде тұзды көлдің суынан айырып алады, сонымен бірге жерде тұз көлдері және тұз кендері бар.
5. Ағаштан не жасалған ?
6. Ас үйде металдан не жасалған ?
7. Шыныдан не жасалған ?
Шыныдан жасалған ыдыс мықты емес.Ол ыстық судан қорқады, те жарылады. Неліктен екенін білгің келе ме? Ыдысқа ыстық су құйғанда, ыдыс тез қызып, ыситынын байқаған шығарсың.Шыны ыдыс та осылай ысиды, бірақ оның ысуы біркелкі емес,яғни сыртына қарағанда іші қаттырақ қызады. Осыдан барып, шыны жарылады. Шыны неғұрлым қалын болған сайын, ыстықтан тезірек сынады. Шыны ыдысты қайнаған судан қалай құтқаруға болады?.
Ол ыстықтың жартысын өзіне тартады да, ыдыс сынбайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет