*/Балаларды дамытуға арналған ойындар және жаттығулар



бет9/17
Дата19.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#119611
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

7.1 Сенсорлық даму


Кішкентайларға арналған "Қапта не барын тап" деген тамаша ойын көпшіліктің есінде болар. Ересектеу балаларға жасалуына көп күш жұмсалмайтын "сезімдер жәшігін" ойнау өте қызықты. Аяқ киімнен босаған немесе пошта жәшігін алуға болады.Жәшіктің қақпағы оңай ашылатын болуы керек- ол арқылы сіз ішіне заттар саласыз. Жәшіктің бүйірінен екі тесік жасаңыз. Оның диаметрі балаға жәшіктің ішіне қолын тығуға мүмкін болатындай болсын. Әр тесіктің сырт жағынан ескі күртенің жеңін немесежүн шұлықтың жоғары жағын қыстыруға болады. Жәшікті әртүрлі желімді суреттермен көркемдеуге болады. Әлсін-әдсін ішіне суреттер салып отырасыз.Баланың міндеті: қолвн жабық жәшікке салып, ұстаған затты сипаттап қалай аталатынын айту. Өзінің сезінуін сөзбен жеткізу. Мұндай жаттығулар тек қана сенсорлық дағдысын ғана емес, тілі мен ойлауын да дамытады.
1-нұсқа.
Жәшіктің ішіне бірнеше заттармен қоса, 1-2 тас салыңыз. Балаға сезім жәшігінде не барын тауып, тастарды алып шығуды ұсыныңыз. Қолында тас бар екенін бала қалай анықтайды? Не сезінгенін, қолмен ұстағанда тастың қандай қандай екенін айтсын. (жылтыр, бұжыр, бұрыштыЮ үшкір, жылы, суық, ауыр, жеңіл, т.б.)
2-нұсқа.
Сезім жәшігінде бірнеше тас бар (олардың саны оқушылардың санымен бірдей). Балалар тасты бір-бірлеп ала отырып, олар қолға сезілген ерекшеліктерін атап айтады. Барлық тастар үстелге шығарылғанда, балалардың айтқанымен салыстырыңыз.

Дем ала отырып, оқимыз
Серуенде. Балармен серуенге шыққанда, жылдың кез келген мезгілінде неғұрлым жиірек табиғаттың әртүрлі құбылыстарын бақвлауға тырысыңыз. Бұны балаға қызықты етіп жасаңыз. Мысалы, даланың, парктың немесе саябақтың күрделі емес картасын жасаңыз. Табуға қажетті объектіні (ұяны, құмырсқаның ұясын, ерекше ағаш, ескірген ағаштың түбірі, т.с.с.) жасырыңыз. Бала өзі картаны оқып, тапсырманы орындап көрсін (қымбат тастары бар ескі қазына, "сандық", т.б.). Өзінің жолын белгілеңіз. Саябақ учаскесінде бала мұндай тапсырмаларды өз бетімен орындай алады. Басқа нұсқа да болуы мүмкін: карта мен учаскенің жоспарын балаңызбен бірге қосылып жасауға да болады. Қыста әртүрлі жануарлардың ізінің орнының картасын жасауға болады. Әртүрлі карталар, схемалар жасау әрі зерттеу, олады оқи білу баланың абстракциялық ойын дамытып, кеңістікте бағдар ұстана білуге үйретеді.
Әртүрлі жыл мезгілдерінде бір объектілерді бақылаңыз, мысалы: ағашты, алаңқайды, бұтаны, құсты. Олар қалай өзгереді? Барлық өзгерістерді альбомда суреттеп отыруды балаңызға ұсыныңыз. Суреттердің көмегімен балаңыз тек қана бақылауды жүргізіп қана қоймай, өз әсерін жеткізе білуі де маңызды. Мысалы, ағаштың "көңіл-күйін" жылдың әр мезгілінде, әр түрлі ауа-райында өзгеруін анықтаңыздар. Ағаш не туралы "ойлайды"? Қалай біз онымен қарым қатынас жасай аламыз? Баланың дамуы үшін, барлық сезім мүшелерін жұмысқа қосу керек.
Әдетте, табиғатпен қарым қатынас жасай отырып, "Қарашы, қандай әдемі!" деген сөздермен шектелмеңіз, Бірақ табиғатты тек қана көзбен қабылдау аз: балаңызға ағаштар мен бұталардың иістерінің айырмашылықтары қандай екенін анықтауын ұсынуға болады. Жылтыр діңгекті немесе бедерлі діңгекті ағашты табу, ағаштың жапырағын көзді жұмып тұрып сипап: "Сен бір жануарды сипап тұрмын деп елестет. Сонда бұл қандай жануар (немесе аң)?" деген сұрақ қоюға болады. Балаңыз өзіне аса бір ұнаған талдың жапырағын таңдап,оның пішінін, ерекшелігін көзбен ғана емес, қолмен ұстап та есте сақтасын. Саусақтарымен жапырақты айнала пішінін сипап оның ұшы үшкір ме әлде доғал ма, шеттері тегіс пе әлде ирек пе, соны анықтасын. Сосын үйде сол жапырақты есіне түсіріп, суретін салсын.Сол суретті келесі жылғы серуенге алып шығып, шынайы объектімен салыстырып, баланың қаншалықты тапсырманы дұрыс орындағанын бағалаңыз. Серуен кезінде тағы да не істеуге болады? Сіздерге тағы да бірнеше ойындар мен бақылаулардың нұсқаларын ұсынамыз, оларды өздеріңіз толықтыруларыңызға болады..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет