1. Ағашты таңдаңыз. Ол балаға ең ұнаған ағаш болуы керек. Оның діңгегін қолымен ұстап, иісін есте сақтау керек. Содан кейін баланы шетке алып шығып, көзін байлап, "өз ағашын" басқа ағаштардың арасынан іздеп табуын өтінесіз (бұл арада оны көптеген ағаштарға апарып, шатастыруға тырысасыз).
2. "Артықты тап" ойыны.(ұғымдарды жалпылауға, объектілерді жіктеуге, олардың қасиеттерін анықтауға үйретеді). Демалыс кезінде алаңда, саяжайда бір ағашқа оған қатысы жоқ әлдебір затты іліп қойыңыз. Мысалы, еменге шыршының жаңғағын ілуге болады. Баланың міндеті: сәйкессіздікті анықтак және оны түсіндіру.
3. "Бәрі қандай жасыл"(байқағыштықты дамытады, түстердің реңін ажыратуды, табиғаттың әртүрлілігін көруді үйретеді). Балаңыздан: Қайың жапырағының түсі қандай? Алманыкі ше? Емендікі ше? Шыршаныкі ше? деген сұрақтар қойыңыз. Ол әрине "жасыл түсті" деп жауап береді. Ал барлық жасыл түстер бірдей ме? Мұны баланың өзі-ақ тексере алады. Серуенге бірнеше түсті қарындаштар (фломастерлер) ала шығыңыз. Олардың айырмашылықтары қандай? Осы түстерді баланың өзі табиғаттан тапсын. Қанша жасыл түсті рең тапқандарыңызды санаңыздар.
4. "Бұлттарды санайық"(байқағыштық, санай білу, елестету, қиялдау, ассоциативті бейнелі ойлау қиып ала білу ). Жарқыраған, ашық күні бұлттарды бақылаңыздар,Кім қанша бұлт санай алады? Бұлттар неге ұқсайды? Олардың бейнесіне сәйкес ат қойыңыздар. Балаңыз пішініне қарай бірнеше бұлттарды есіне сақтасын. Үйде балаға бір парақ көгілдір түсті қағаздан аспан, ал ақ қағаздан , серуенле көргеніне ұқсайтын бұлтты есіне түсіріп қиюы керек. Балаңызбен оны қалай деп, не үшін атағандарыңызды еске түсіріңіз.Ақ түсті қағазды көгілдір қағазға жапсырып, сіздер серуенде көрген бұлт пен аспанды естеріңізде қайта жаңғыртасыздар.
5. Жақын орманды,паркты зерттеп,құстар мен аңдардың іздерін суреттеңіздер.Олардың іздері көрсетілген кішірек карточкалар жасаңыздар. Серуен кезінде қардағы іздердің карточкаға сәйкестерін табуды ұсыныңыз және сол іздің иелерін суреттеуді сұраңыз (ертегі құруға да болады).