*/Балаларды дамытуға арналған ойындар және жаттығулар



бет15/17
Дата19.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#119611
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Қиялын дамыту жаттығулары

8. Ас үйде пластмассадан жасалған не бар ?
9. Мамаң ас үйде не істейді?
Пісіреді, турайды, дайындайды, жуады, қуырады, ысқылайды, қысады, радио тыңдайды, сүртеді, қосады, сіріңке өшіреді, үтіктейді, күлімдейді, өлең айтады, дәмін көреді, тұздайды, уақтайды, консервілейді, құяды, төгеді, жинайды, алады...
Мамаңның атқаратын ісі қаншама! Сен мамаңа немен көмектесе аласың? Жанұяның басқа мүшелері не істей алады?
10. Мамаң бәрін ас үйде қалай істейді?
Тез, көңілді,ширақ, жай, қуанышты, қиналып, көңілсіз, асығып, ойланып...
11.Мамаң дастарханға қандай тағамдар әзірлейді?
Дәмді, ыстық, салқын, сұйық, қою, үгілмелі, тұздалған, тұздалмаған, қуырылған, пісірілген, буланған, тәтті, ащы, қышқыл...
Иістер. Әрбір адамның сүйікті және сүйіксіз иістері бар. Сонымен қоса бәріне ұнайтын иістер бар.Жаңадан пісірілген нанның иісі, гүлденген раушан иісі. Әртүрлі күлімсі, жағымсыз иістер қауіп туралы ескертеді.Адамның мұрынында ауаның өзгергенін қабылдап, миға хабар беретін клеткалар бар.
12. Неден ішуге болады?Кесе,бокал, фужер, ожау .
13. Тарелканың аты бар ма?
14. Ас үй құралдары деген не ?
Жуынатын бөлмеде сөздермен ойнаймыз

1. Жуынатын бөлмеде не бар?
2. Орамалдар қандай болады? Түкті, вафельді, жұмсақ, жолақты, кішкентайе, моншалық, аяқ сүлгі.
3.Қандай заттарды санауға болады ?
4. Жуынатын бөлмеде не істейді ?
Кір жуады, кірді суға саладыз, сығады, қосады, өшіреді, тазалайды, сабындайды, іледі, сүртінеді, жуынады, душ қабылдайды, отырады,тұрады, порошокты салып а раластырады.
5. Жуыну үшін қандай нәрселер керек?
6. Кір жуу үшін не керек? Қандай кірлерді жуасың?
7. Жуынатын бөлмедегі су қандай болады?
Суық, мұздай, ыстық, жылы, мөлдір, таза, кір, сабынды, тұнық емес.
8. Тіс пастасы мен сабын қандай болады? Тісті не үшін тазалайды?
Шешінетін жерде, дәлізде сөздермен ойнаймыз

1.Киім ілгіште, дәлізде, шкафта қандай киімдер ілінген?
Қалай ойлайсың, мына тамаша жүннен жасалған костюмді киюің үшін кімдер еңбек етті?
Шаруалар - жүн, тоқымашылар - жіп, маташылар - мата, суретші-модельдер - фасон, пішуші - пішті, тігінші - костюм тікті сатушы - сатты. Сонымен бірге түймелерін қадаған адамдарды да ұмытпайық
Сен өзің тіге, қадай аласың ба?
2. Біздің дәлізде қандай аяқ киімдер тұрады (қыста,жазда) ?
Аяқ киімдерді кімдер жасайды?
Тері илеуші теріні дайындайды, суретші-модельдер фасонын ойлап табады, етікшілер тігеді, сатушылар сатады.
Аяқ киім әр түрлі болатындықтан, бояу керек, әр түрлі фурнитура: кнопкалар, белдіктің тағалары керек екенін ұмытпайық.
Оң бәтеңкеңді, сол туфлиді көрсет.
3. Сіздерде қандай бас киімдер бар, бас киімдердің қандай түрлері болады ?
Қандай арнайы бас киімдер бар?
Құлақшын,берет, шляпа, , кепка, орамал, шарф, панама. Арнайы - әскери: фуражка, пилотка, каска, берет десантниктің береті, моряктың бас киімі; өртсәндірушінің каскасы; құрылысшының шлемі.
Бөлмеде сөздермен ойнаймыз

1. Бөлмеде қандай отыруға арналған жиһаз бар?
2. Ыдыс сақтауға арналған қандай жиһаз бар ?
3. Бөлмедегі ыдыстар қалай аталады ?
4. Бөлмеде металдан жасалған қандай заттар бар?
5. Бөлмеде ағаштан жасалған қандай заттар бар?
6. Сенің бұрышыңда қандай ойыншықтар бар?
Балаңыз жалпылама сөздерді (ас үйлік ыдыс, шай ішетін ыдыс, ұйықтайтын бөлмелік гарнитур, ас үйлік гарнитур, жеңіл, жүк, арнайы машиналар) қолдана білу үшін,мынадай ойын түрін ұсыныңыз. "Біз бүгін сөз ойнаймыз, ойынның аты "Сенде қандай ойыншықтар бар?". Мен көптеген сөздер айтамын, ал сен ойланып, оны бір сөзбен атайсың: Мысалы, мен, кубиктер, пластиналар, цилиндрлар, конустар, пирамидалар, кірпіштер,- десем сен, конструктор!" деп жауап бересің.
7. Пәтерлеріңде қандай тұрмыстық техника бар, олар не үшін қажет?
Шансорғыш, кір жуғыш машина; үтік; теледидар; радио; үнтаспа; бейнетаспа; ; музыкалық центр; фен; электр қысқыштар; газ плитасы; іс машинасы; дрель; паяльник; миксер; еттартқыш; тоңазытқыш; телефон; кофе ұнтақтағыш.
8.Үйде қандай құралдар бар, олар не үшін қажет ?
Сынап және спирт градусниктері, барометр, тонометр, компас, серіппелі таразы, электрондысағаттар; қабырға сағаты, жерге қойылатын сағат, қол сағат; механикалық, электр сағаттары.
Көшеде сөздермен

1. Бүгін ауа райы қандай?
2. Ауа райы қандай болады ?
Ашық, бұлыңғыр, желді, ыстық, суық, аязды, жаңбырлы, күн ашық, бұлтты.
3. Сенің көшеңнің өсімдіктері Ағаштардың, бұталардың, шөптердің атын ата.
4.Қандай ағаштардың атын білесің ?
Ақ қайың, емен, үйеңкі, шырша, самырсын, қандыағаш, жөке, шетен, терек, талшын, қарағай, қараағаш.
Жеміс ағаштары:алма, алмұрт, өрік, шие .
5. Қандай бұталардың атын білесің ?
Шәнгіш, долана, итмұрын, жаңғақ ағашы, қарлыған, таңқурай, қарақат, аю бадам, қара жидек.
6. Қандай жапырақтар болады ?
Дөңгелек, сопақ, ұзынша, жүрек тәріздес, жұқа, ұзын, тікенді, күйдіргі (қалақайдыкі), жұмсақ, мақпалдай, жалпақ, жуан, ашық жасыл, сары, қанық жасыл, қызыл, желімді, жылтыр, тері тәріздес, тісті.
7. қандай құстарды білесің?
Торғай, қарға, көгершін, бозторғай, сары шымшық, қарлығаш, тоқылдақ, шағала, көкек, үкі, сауысқан, сандуғаш, қаратамақ, бұлбұл.
8. Қандай балықтарды білесің ?
Жайын, шабақ, шортан, алабұға, таутан, камбала, табан, көксерке.
9. Дүкендердегі сөрелерден не көреміз ?
10. Қандай дүкендердің атын білесің ?
11. Көшеде қандай машиналар көреміз?
Бірінші машиналардың атын айтып ойнаңыз, сосын оларды жіктеңіздер: жеңіл; жүк; арнайы; жолаушыларға арналған.
12. Машина қандай бөліктен тұрады ?
13. Жолдар қандай болады ?
Асфальтталған, жер жол, құм жол, төселген жол, түзу жол, кең, қисық, тар, тегіс, орман жолы, бұраланды, қалалық, ауылдық жолдар.
1 4. Әйелдер мен ерлер қандай киімдер киеді ?
15.Қандай киімдерді тек қана әйелдер киеді ?
Бір киімнің түрі бойынша көп нәрсе айтуға болады, мысалы,юбкалар қандай болады? Тар, қабатталған, кеңейтілген, түсті, тілігі бар, ұзын - макси, қысқа - мини, орта - миди,
Фурнитура туралы айтуға айтыңыз: белдіктер, түймелер, ілгіштер.
16. "Не көрсем соны айтамын"
Шам, иллюминация, ұшақ, жалаулар, бағдаршам, жаяулар жолы, тоннель, ұран, рельстер, сымдар, такси, автобус,троллейбус, аялдама, кесте, газон, тұрақ, милиционер, жүргізуші, киоск, дүкен, базар, жол айрығы, жол белгісі.
Балаңыз оқысын дейсіз бе ?
Онда, оған үйретпеңіз

Жас ерекшелігі физиология институтының директоры Марьяна Безрукихтің айтуынша,мектеп жасына толмаған балаларды тіркемелеп жазуға үйретуге болмайды.Оқуды үйрету де осылай.Көп ата-аналар мен мұғалімдердің пікірінше бірінші сыныпқа келгенде оқи білуі - мектепке дайындықтың белгісі. Бірақ бұл ата- аналар мен мұғалімдер өзін - өзі алдайды.Мектепке қабылданғанда оқуын тексеру, әдетте,екі-үш әріптен тұратын сөздермен жүргізіледі. Бұл нағыз оқу емес.
Шамалы уақыттан кейін, мұғалім: "Келгенде тәп-тәуір оқушы еді, енді отыр, не жазылғанын білмейді, сөзді ежектеп әрең оқиды!" деп таңданады. Демек, оны оқуға үйретпеген, кейбір сөздерді есте сақтауды үйреткен.
Баланы оқуға дайындау кешенді дамыту түрінде жүзеге асады.
Ол:
- Фонемалық қабылдауын дамыту;
- Сөздердің дұрыс айтылуын дамыту;
Дыбысты жасау жаттығулары, фонематикалық жаттығулардан кем емес.
Сонымен бірге көру арқылы қабылдауы мен көру моторлық координациясын дамыту керек. Егер бала түбегейлі дайын болса, өзі оқып кетеді. Егер дайын болмаса дайындау керек, бірақ оқи білуге тиіс.
Бірінші және екінші сынып оқушылары үшін оқу шапшандығының нормалары болмайды, бірақ 4-ші сыныптың соңына дейін 80-90 сөз оқи білу керек. Бұл да салыстыра алғанда. Сонымен "жаман жазса - көп жазу керек, жаман оқыса - көп оқу керек " деген технология пайда әкелмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет