*/Балаларды дамытуға арналған ойындар және жаттығулар


Қиялды жаттықтыратын ойын-жаттығулар



бет13/17
Дата19.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#119611
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Қиялын дамыту жаттығулары

Қиялды жаттықтыратын ойын-жаттығулар
Көзіңді жұм.
Бір-біріңізге қарама-қарсы жақсылап орнығыңыздар. Бірнеше рет терең дем алып, дем шығарыңыздар: дем ал... дем шығар... дем ал... дем шығар...
Денеңіздің босағанын сезініңіз.
Денеңіз әбден босаған кезде, балаңызға былай деңіз: "Қазір мен саған бірнәрсені көз алдыңа елестетуді сұраймын, бірақ алдымен көзіңді жұм да, мен айтқан нәрсені әбден елестеткенше, көзіңді ашпа". Осыдан кейін рольдеріңізді ауыстыруларыңызға болады.
Мыналарды елестетуді өтінуге болады:

  • Арқамен бір түйір мұз жылжып бара жатқандай сезіну.

  • Қуырылған картоптың дәмін.

  • Тамаұ ішкісі келген мысықтың баласының "мяу" деген дыбысы.

  • Жаңа пісірілген тоқаштың иісі .

Бірте-бірте сіз балаңызбен бірге қиялыңызды дамытуды үйренгеннен кейін, мынадай нәрселерді елестетіп, сезінуге болады:

  • Ыстық күнде жеген қарбыздың дәмі мен иекпен аққан нәрін, шырынын сезіну..

  • Өзеннің салқын суына аяғыңды салып отырғанда, арқаңды қыздырған күннің сәулесін сезіну.

  • Бетіңді жауып тұрған қарға төсеп, қатты жүгіргенде қоңыраудың үнін есту.

Бұл ойынды көп балалармен ойнауға болады. Онда балалардың біреуі жүргізуші болады. Ол әртүрлі тапсырмалар беріп отырады. Ойын соңында жүргізуші ауысады.
Бір күні.
Бір ыңғайлы жер тауып, балаңызбен орналасыңыз. Бірнеше рет ішке дем алып, дем шығарыпЮ денеңізді босатыңыз. Бір ыңғайлы жер тауып, баламен бірге жайғасыңыз. Босаңдықты сезінгенше бірнеше рет терең демалыңыз. Балаңызға бала кезіңізде қандай болғаныңызды, балалық шағыңыздан бір қызықты, күлкілі немесе мұңды жағдайды еске түсіріп, айтып беріңіз.Ал оған сол баланың орнына өзін қойып, болғаннан кейін не сезінгенін сұраңыз.
Мен кіммін.
Сөйлемнің басын немесе аяғын ойлап табу керек.
Мен бір түйір еріп бара жатқан мұз екенімді сезінемін ... .
Мен - стакандағы сүтпін ... .
Мен - әдемі гүлмін ... .
Мен, "О" әріпі тәріздімін... .
Мен жел бола аламын ... .
Мен, қызықты кітап тәріздімін, ... .
Мен ... болғанда, жолбарысқа айналамын.
Мен құс тәріздімін, өйткені ... .
Абракадабра.
Балалармен сөйлесуге болатын "шетел тілін" ойлап табыңыз. Мысалы әрбір буыннан кейін "пи": шылауын қосыңыз: ойлан - пиой-пилан (ойпи-ланпи). Толық ойдан шығарылған немесе нағыз шетел тілінде сөйлесіп көріңіз. Жануарлар тілін де жасауға болады. Мысалы, пілдің, бақаның, құрттың қалай сөйлейтінін елестетіңіз. НеважноҚандай болғанда да бір абракадабра болуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет