19-сурет
Эейін тұрақтылығын дамыту үшін балаға шағын мәтін (газет, журналдан) беріңіз де, әр жолды қарап отырып қандай да бір әріпті (мысалы, "а") сызуын ұсыныңыз
Уақыт және қателер санын белгілеңіз. Нәтижелерін күн сайын графикке салып отырыңыз, нәтижелілігі қалай өзгеретіндігін талдаңыз. Егер сіз бәрін дұрыс жасасаңыз, онда нәтижелер жақсару керек -онымен баланы таныстырыңыз, баламен бірге қуаныңыз. Зейінін бөлінушілігін және аударылуын жаттықтыру үшін нұсқауды өзгертіңіз. Мысалы, былай: "Әр жолда "а" әрпін сызып таста, ал "б" әрпінің астын сыз. Немесе былай: "Егер "н" әрпі алдында тұрса, "а" әрпін сызып таста, егер оның алдында "л" әрпі тұрса, "а" әрпінің астын сыз. Уақыты мен қателерін белгілеңдер.
Бұл дамыту жаттығуларын жарыс түрінде өткізіңдер.
Қабылдауды дамыту және қалыптастыру жаттығулары 1. "Дыбыстарды анықта" жаттығуы
Фонематикалық айыруға қабілетін дамытуға арналған. Бұл қабілеттер оқуға, жазуға, шетел тілдеріне табысты оқытудың негізінде жатыр.
Балаға түрлі заттар бейнеленген суреттер ұсынылады (20 сурет). Баланың бұл затты білетіндігін тексеріңіз. Содан кейін сіз кез келген сөзді айтыңыз және баладан сол дыбыстан басталатын затты көрсетуін өтініңіз Мысалы, сіз "сүт" сөзін айтасыз, бала "сиыр" суретін көрсетеді, өйткені екі сөз де "с". әріпінен басталады
20-сурет
2. Геометриялық фигураларды қабылдауды дамыту
Балаға түрлі геометриялық фигуралар бейнеленген суреттер ұсынылады.
Баладан білетін фигуралардың атын сұрап, ал білмейтін фигуралардың атын өзіңіз айтып беріңіз. Келесі жолы одан сіз атаған фигуралардың суретін салуды өтінесіз (дөңгелек, шаршы, төртбұрыш, үшбұрыш, эллипс).
21-сурет
3. "Фигураларды аяқта" қабылдау дәлдігін дамыту жаттығуы
Балаларға аяқталмаған, сызықпен бейнеленген түрлі геометриялық фигуралардың суреттерін көрсетеді, бірақ олар аяқталмаған. Оны баланың аяқтауын өтінесіз (22 сурет).
Ойлауды дамыту және қалыптастыру жаттығулары
Салыстыру үшін балаға келесі сөз жұптары ұсынылады:
ШЫБЫН ЖӘНЕ КӨБЕЛЕК
ҮЙ ЖӘНЕ ҮЙШІК
ҮСТЕЛ ЖӘНЕ ОРЫНДЫҚ
КІТАП ЖӘНЕ ДӘПТЕР
СУ ЖӘНЕ СҮТ
БАЛТА ЖӘНЕ БАЛҒА
ПИАНИНО ЖӘНЕ СКРИПКА
ТЕНТЕКТІК ЖӘНЕ ТӨБЕЛЕС
ҚЫТЫҚТАУ ЖӘНЕ СИПАУ
ҚАЛА ЖӘНЕ АУЫЛ
Бала салыстыратынын көз алдына елестетуі керек. Оған сұрақ қойыңыз: "Сен шыбынды көрдің бе? Ал көбелекті ше?" Осындай қысқа сұрақтардан кейін, балаға жұптың әр сөзін салыстыру ұсынылады.Тағы да сұрақ қойыңыз: "Шыбын мен көбелек ұқсайды ма, жоқ па? Олар несімен ұқсайды? Қандай айырмашылықтары бар?" Баланың жауабына талдау жасаңыз. Сөзднрдің неше жұбын ол дұрыс салыстырды? Балаға не оңай: ұқсастығын іздеу әлде айырмашылығын? Балалар әсіресе ұқсастығын іздеуде қиындық көретінін байқаймыз. 6-7 жасар бала салыстыруды дұрыс жүргізе білуі керек: ұқсастық белгілерін де, айырмашылық белгілерін де айыра білуі керек, бірақ кездейсоқ, мағынасыз белгілері бойынша емес (мысалы, балға мен балта сарайда жатыр) , басты белгілері бойынша.
2. Ой жылдамдығын дамыту жаттығулары "Сөзді аяқтау"
Балаға мынадай ойын ойнауды ұсыныңыз: сіз сөзді бірінші буынын айтып бастайсыз, ал ол аяқтайды. "Менің не айтқым келеді, ойлап тап! Ба...." - осылай сіз ойынды бастайсыз.
Барлығы 10 буын ұсынылады: 1) ба, 2) са, 3) ша, 4) та , 5) да , 6) жа, 7) же, 8) ше, 9) ке, 10) бе.
Егер бала тапсырманы жеңіл де жылдам орындаса, оған бір емес шамасы келгенше бірнеше сөз ойлап табуын ұсыныңыз. Мысалы, ба-ла, ба-тыр, ба-қа, ба-лапан, ба-рабан және т.б..
Жауаптардың дұрыстығын ғана емес, уақытты да белгілеңіз.Бұл ойлау процесі жылдамдығының, тапқырлығының,тілдік, сөйлеу белсенділігінің көрсеткіші..
3.Жаттығу "Ұғымдар арақатынасы"
Бала назарына ағаш бұтағы дамуының -қыстан күзге дейін төрт кезеңі бейнеленген суретті ұсыныңыз. ( 23, 23а-суреттер).
Баладан суреттерді мағынасы бойынша орналастыруын өтініңіз.
23-сурет
23 а-сурет
4. Ойлау процестерін дамыту жаттығулары,мағыналы белгілерін қорытындылау,дерексіздендіру,бөліп алу 4.1 "Артық сөзді тап"
Балаға сөздер сериясын оқыңыз. Әрбір серия 4 сөзден тұрады, оның 3 сөзі біртектес және оларға тән ортақ қасиет бойынша біріктірілуі мүмкін, ал 1 сөз олардан ерекшеленеді және алынып тасталуы керек.
Балаға артық сөзді анықтауды ұсыныңыз
КӘРТАЙҒАН, ҚАУСАҒАН, КІШКЕНТАЙ,КӨНЕРГЕН,
ЕРЖҮРЕК, АШУЛЫ,БАТЫЛ, ӨЖЕТ
АЛМА,ӨРІК, ҚИЯР, АЛМҰРТ
СҮТ ІРІМШІК, ҚАЙМАҚ, НАН.
САҒАТ, МИНУТ, ЖАЗ, СЕКУНД
ҚАСЫҚ, ТӘРЕЛКЕ, ҚАЗАН, ДОРБА
КӨЙЛЕК, ЖЕЙДЕ, ҚҰЛАҚШЫН, КҮРТЕШЕ
САБЫН, ТІС ПАСТАСЫ, СЫПЫРҒЫШ, ШАМПУНЬ.
ҚАЙЫҢ, ЕМЕН, ҚАРАҒАЙ, БҮЛДІРГЕН
КІТАП, ТЕЛЕДИДАР, РАДИО, МАГНИТОФОН
4.2 "Артық суретті тап"
Суреттер сериясын таңдап алыңыз. Онда әрбір үш суретті ортақ қасиеті бойынша топқа біріктіруге болатын, ал төртіншісі артық болсын. ( 24, 24а-суреттер).
Балаға алғашқы төрт суретті көрсетіңіз де, артық біреуін алып тастауынөтініңіз. Сұраңыз: "Сен неге олай ойлайсың? Сен қалдырған суреттер несімен ұқсайды?"
Бала маңызды қасиеттерін көрсете алады ма, заттарды дұрыс топтай ала ма, осыған көңіл бөліңіз. Егер балаға бұл тапсырманы орындау қиын соқса, онда осы сияқты суреттердің басқа серияларын таңдай отырып, шыдамды түрде жұмысты жалғастырыңыз. Ең бастысы - баланы тапсырманың ойын түрімен қызықтыру .
5. Ой алғырлығын (гибкость ума) дамыту жаттығулары
Баладан белгілі бір ұымды білдіретін мүмкіндігінше көп сөзді атауын сұраңыз.
Ағаштар ұғымын білдіретін сөздерді ата (қайың, қарағай, шырша, емен,шетен,...).
Спортқа қатысты сөздерді ата.
Аңдарды білдіретін сөздерді ата..
Үй жануарларын білдіретін сөздерді ата.
Жер көліктерін білдіретін сөздерді ата.
Әуе көліктерін білдіретін сөздерді ата.
Су көліктерін білдіретін сөздерді ата.
Өнерге қатысты сөздерді ата.
Көкөністерді білдіретін сөздерді ата.
Жемістерді білдіретін сөздерді ата.
6. Сөздік- логикалық ойлауды дамыту жаттығулары 6.1 "Ұғымды анықта"
Балаға төмендегідей сөз жиынтықтары ұсынылады.
Велосипед, шеге, кітапша, плащ, қауырсын, дос, қозғалу, біріктіру, ұру,өтпейтін.
Самолет, винт, газет, қолшатыр, аң терісі, батыр, тербелу, қосу, тістеу,өткір.
Автомобиль, шұрып, журнал, етік, қабыршақ, қорқақ, жүгіру, байланыстыру, шымшу,тікенекті.
Автобус, түйреуіш, хат, шляпа, мамық, өсекшіл, айналу, салу, итеру,кесетін.
Мотоцикл, кірқысқыш, жарнама, бәтеңке, тері, жау, сүріну, жинау, соғу,жарылған..
Балаға осы сөздердің бірде біреуінің мағынасын түсінбейтін адамды елестетуін сұраңыз. Одан соң айтыңыз: "Осы адамға әрбір сөздің нені білдіретінін түсіндіруін сұраңыз, мысалы, "велосипед" сөзі. Мұны сен қалай түсіндірер едің?" Бала сөзге анықтама беруге кіріспес бұрын,оның берілген сөзді түсінетіндігіне көз жеткізіңіз.Ол үшін мынадай сұрақтар беруге болады: "Сен бұл сөзді білесің бе?" немесе: " Сен бұл сөздің мағынасын түсінесің бе?" Балаға әр сөздің анықтамасын беруге көмектесіңіз, көмекші сұрақтар беріңіз, бірақ әрқашан да алдымен баланың өзіне жауап беруге мүмкіндік беріңіз.
6.2 "Ұқсас сөздерді тап"
Дәл сол сөздер жиынтығы қолданылады. Балаға бірінші қатардан бірінші сөзді оқыңыз - "велосипед".Басқа қатардан мағынасы бойынша сәйкес келетін сөздерді табуын өтініңіз. ( берілген сөзбен бір топқа жататын. Бір ұғыммен анықталатын). Әрбір келесі сөздер жиынтығының әрбір сөзінің арасы 1 секунд интервалмен балаға жайлап оқылады. Қатардағы сөздерді тыңдау барысыда бала осы қатардағы сөздерден естіген сөзіне мағынасы бойынша сәйкес келетінін көрсету керек. Мысалы, егер оның бұрын естіген сөзі "велосипед" болса, онда ол екінші қатардан "самолет" сөзін таңдайды. Өйткені олар "көлік түрлері виды транспорта" немесе "қозғалыс құралдары" ұғымын құрайды. Бұдан әрі ол келесі жиынтықтардан "автомобиль", "автобус" және "мотоцикл" сөздерін таңдайды. Егер бала бірінші қатардан керекті сөзді таба алмаса, онда оған бұл қатарды тағы да, бірақ жылдамырақ оқыңыз. Егер бала таңдауды қате жасаса, оған тапсырманы тағы да түсіндіріңіз және қарапайым мысалдар келтіріңіз. Балаға керекті сөздерді табу үшін барлық төрт қатар оқылып болған соң,бірінші қатардың екінші сөзіне ауысыңыз да, осы процедураны бала келесі қатарлардан бірінші қатардағы барлық сөздерге мағынасы бойынша сәйкес сөздерді тапқанша жалғастырыңыз. Баланың сөздік-логикалық ойлауын әрі қарай жетілдіру үшін осыған ұқсас сөз қатарларын ойлап табыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |