Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Ана сүтінің биологиялық маңызы



Pdf көрінісі
бет284/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Ана сүтінің биологиялық маңызы. 
Уыз бен өткінші сүттің көптеген антигендерге
қарсы иммунологиялық активтілігі бар, үйткені оның құрамында әртүрлі антиденелер
болады. Ана сүтінде сапрофитті және энтеропатогенді эшерихияларға, шигелдерге,
энтеровирустарға, кокктік флораларға қарсы бағышталған антиденелер анықталған.
Сонымен қатар, бейспецификалық қорғаныс факторлары (макрофагтар, лизоцим және
басқалар) болады. Ана сүтінің секреторлы А иммуноглобулині, баланың инфекциялық
ауруларының алдын алатын қорғаныстың алдыңғы шебі болып табылады. Сонымен қатар,
ана сүтінің құрамындағы лимфоциттер (1 мл уызда 0,5-10 млн лимфоциттер болады) ішек-
қарынның жергілікті иммунитетін стимуляциялауға қатысады. Ана сүтінде лимфоцит-
термен (Т–50%, В–34%) қатар фагоцитоздық қабілеті бар макро- және микрофагтар бар.
Ана сүтіндегі лицозим мен макрофагтар грам оң флораларғада қарсы активтілік білдіреді
(ана сүтіндегі лизоцим деңгейі сиыр сүтіне қарағанда 300 есе көп болады). Ана сүтінде
антибактериялық қасиеті бар комплемент және лактоферрин бар. Уыздың құрамында
коплементтің С
3
компоненті 0,33±0,02г/л болса, өткініші сүтте 0,22±0,01 г/л жетілген сүтте
0,16+0,001 г/л болады. Ана сүтінде лактоферрон 2-6 г/л деңгейінде болады. Бифидус
флораның қарқынды өсуіне ықпал ететін бифидус-фактор ішекте патогендік
микрофлораның пайда болуына қарсы әсер етеді. Ана сүтінің антигендік қасиеті жоқ, ал
сиыр сүтінің белоктарының антигендік қасиеті өте жоғары болып келеді.
Жоғарыда көрсетілген қасиеттер негізінен баланың ана емшегінен өзі емген сүтке
қатысты болып келеді. Егер баланы емізетін ананың емшегінде қалған сүтті сауып, ол сүт
басқа балаларды тамақтандыруға қолданылатын сүт болса, ол 
донорлық сүт 
деп аталады.
Бұл сүттің құрамы тасымалдау, өндеу, сақтау және басқа әсерлердің салдарынан өзгеріп,
оның құндылығы төмендейді. Донорлық сүтті жылытқанда, оның белогі денатурацияла-
нып, витаминдер мен ферменттердің активтілігі төмендейді. Ал, ұзақ уақыт сақтау
бактериялармен ластану қаупін арттырады. Бұл сүттің құрамында сарысулық альбуминдер
болмайды, антидене мөлшері төмендейді.
Табиғи тамақтанатын балалар сирек ауырады, ауырса жеңіл ауырады. Ерте жастағы
емшек еметін балаларда, жасанды тамақтанатын балаларға қарағанда, өлім бірнеше есе
сирек кездеседі.
Емгендегі жақ-тіс жүйесінің қимылы, оның дұрыс қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Ему процессі сүт безіне физиологиялық массаж ретінде әсер етеді. Дүниежүзілік
статистиканың мәліметі бойынша көп бала туып, оларды емізіп асыраған әйелдер
арасында сүт безінің және жыныс жүйесінің залалды ісіктері оншақты есе сирек кездеседі.
Ана сүтінде эволюциялық даму кезінде баланың дұрыс өсіп жетілуіне ықпал ететін
әртүрлі биологиялық қасиеттер пайда болады. Қандай да болмасын жасанды сүт
қоспалары, химиялық құрамы қалай өңделген болса да ана сүтінің, әсіресе, алғашқы 2-3
айда, орнын толық баса алмайды. Ана сүтінің құрамына ананын денсаулығы, күн тәртібі,
тамақтануы ықпалын тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет