Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Жіктелісі  121 кестеде берілген. 121 КЕСТЕ  БАЛАЛАР ПИЕЛОНЕФРИТІНІҢ ЖІКТЕЛІСІ



Pdf көрінісі
бет685/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   681   682   683   684   685   686   687   688   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Жіктелісі 
121 кестеде
берілген.
121 КЕСТЕ 
БАЛАЛАР ПИЕЛОНЕФРИТІНІҢ ЖІКТЕЛІСІ
Ағымы бойынша
Патогнезі
бойынша
Кезеңі бойынша
Бүйрек функциясы
бойынша
1.
Жедел 
2.
Созылмалы
А.
 
Манифестілі 
рецидивті түрі
Б. Жасырын түрі
1. Біріншілік
2. Екіншілік
А. Зәр шығару мүше-
лерінің анатомиялық 
аномалиясындағы 
Обструктивті
Б. Бүйрек 
дизэмбриогензінде 
В. Дисметболикалық
нефропатияларда
1.
Өршу
 (
активті
)
2
. Белгілілерінің 
кері дамуы (толық 
емес ремиссия)
3. 
Клиникалық-
лабораторлық 
ремиссия
1. 
Бұзылусыз
2. 
Бұзылуымен
 
3. 
Созылмалы бүйрек
жетіспеушілігімен
Клиникалық көрінісі

Ерте жастағы балаларда қызба неғұрлым айқын білінеді.
ПН-тің негізгі синдромдары: 
1. Экстраренальды
а) Жалпы интоксикация белгілері дене қызуы 39-40% дейін көтеріліп, кейде нейротокси-
коз белгілерімен бірге тырысулар байқалады, аурудың жалпы хал-жағдайы нашарлап,
658


басы ауырып, айналады, талықсу, көңіл-күйінің нашарлауы тез шаршау, әлсіздік,
тәбетінің нашарлауы, жүдеуі, қатты терлеуі қызыл дермографизм байқалады.
б) Ас қорыту жолының зақымдалу белгілері: эксикозды токсикоз, лоқсу, құсу, ішінің бүріп
ауруы, диарея, нәжісінің тұрақсыздануы, кейде іштің қатуы, бір жасқа дейінгі
сәбилерде кездеседі. Кішкене сәбилерде ПН жедел басталып, дамиды да клиникасы
айқын білінеді. Ересек балаларда, көбіне лоқсу, құсу, ішінің бүгіп ауруы байқалады.
2. Ренальдық белгілер:
а) Ауру синдромы: белінің қатты ауруы: әсіресе бір жағынан, қасаға үсті аймағының,
несеп жолының бойының ауруы, сипалағанда және жатқанда осы аймақтардың ауруы,
оң немесе сол жақ қабырға астының өздігінен ауруы.
б) Дизуриялық ауытқулар: кіші дәретке жиі және ауырсынып отыру, никтурия, кіші
дәретін ұстай алмау және т.б.
в) Несеп синдромы: несептегі макро- және микроскопиялық өзгерістер: несеп түсінің,
мөлдірлігінің өзгеруі, тұнбалар мен үлпек қауыздардың пайда болуы.
Созылмалы ПН-жедел ПН қолайсыз, сәтсіз, аяқталғаннан кейін, және ПН
басталғаннан кейін 6 ай өткен соң дамиды. Созылмалы ПН-тің өршу кезеңінде баланың
жалпы қал-жағдайы, көңіл-күйі нашарлап, тез шаршайды, тәбеті бұзылып басы, іші
ауырады, яғни СПН-тің өршу кезіндегі клиникасының ЖПН-тің клиникасынан көп аса
айырмашылығы жоқ.
Қосымша зерттеу тәсілдері:
Несеп тексермесі: ПН-тің активті сатысында несепте белок (белоктің ізі) қалдығы (1-
2 % дейін көбеюі), лейкоциттер (көру аймағында 15-20-дан шоғырлануға дейін), бірен-
саран жаңа эритроциттер кейде цилиндрлер пайда болады. Жалпы тексермелер қалыпты
жағдайда болуы мүмкін, сондықтан тәуліктік және өріштететін тәсілдермен зерттеу қажет:
а) Каковский-Аддис, б) Амбурже, в) Нечипоренко тәсілдері неғұрлым сенімді сандық
тәсілдері болып саналады. Нечипоренко тәсілі 1 мл таңертенгі жаңа несептің орта
бөлігіндегі қан түйіршіктерін есептейді: лейкоцидтер – 2000-ға дейін, эритроциттер 1000-
ға дейін болуы керек. Аддис тәсілі-тәуліктік несептегі қан түйіршіктері – лейкоциттер-2
млн-ға дейін, эритроциттер 1 млн-ға дейін, цилиндрлер 400000-ға дейін болуы керек.
Амбурже әдісі – сағат 7.00-ден 10:00-да дейінгі несептегі түйіншектер саны 3 сағаттық 1
минуттағы лейкоциттер мен эритроциттердің саны 1000-нан аспауы керек.
Пиелонефритте несеппен тәулігіне 0,1,0,5-1 г/л белок бөлінеді /қалыпты жағдайда
40-80 мг/, оны Аддис-Каковский әдісімен анықтайды. Әдетте, 100 мг-ға дейін қалыпты
болып есептеледі.
Уроцитограмма 

 
несептегі лейкоциттердің түрін, сапасын анықтау. ПН-тің активті
сатысында лейкоциттердің 80-90% нейтрофильдер түрінде кездеседі. Сонымен қатар,
бүйректегі қабыну құбылысының ықпалынан, сапалы түрін өзгерткен сегментті ядролы
нейтрофилдер де кездеседі, олар несептегі осмостық қысым төмен болғандықтан ісініп,
үлкейеді де, дөңгелек, сопақ, алмұрт тәрізденеді. Дән тәрізді жасушалар протоплазмасы
броунды қозғалысқа айналады. Клетканың протоплазмасы жапырақ ақшыл түсті
болғандықтан «жылтырауық» немесе Штернгеймер-Мольбин жасушалары деп атайды.
Тығыздығы және осмостық қысымы қалыпты, бірақ қабыну кезінде өзгерген сигментті
ядролы нейтрофилдер активті лейкоциттер деп аталады. Оларды анықтау үшін, осмостық
қысымды азайту мақсатында несепке дистиллацияланған су қосады, сонда олар ісініп
Штернгеймер-Мольбин клеткаларына айналады. Бұл клеткалар ПН-те және несеп жолы-
ның қабынуларында және аздаған мөлшерде сау балалардың несебінде де кездесуі мүмкін.
Өршіту сынамалары– пирогенді (парафин, озекерит, физиопроцедураларда қолдану
арқылы) және преднизолонды болады. Бала кіші дәретке отырғаннан кейін, тамырға 5-10
мл физиологиялық ертінді қосып 20-40 мл преднизалон жібереді. Сосын әрбір 1 сағат
сайын 3 рет несеп жинайды (ортаңғы бөлігін).
Несептің әрбір бөлігінде, 1 мл-дегі лейкоцидтерді, «активті» лейкоцидтерді,
бактерияларды іздейді. Егер 1 бөлігінде лейкоциттер мен бактериялардың саны бақылап
659


отырған бөліктерден 2 есе көбейсе және 10% одан да көп мөлшерде «активті» лейкоциттер
пайда болса, сынама оң болып саналады. Диагностикалық маңызы болу үшін бактериурия
1 мл зәрде 100000-нан көп болуы керек.
Рентгенді-урологиялық зерттеу тәсілдері:
1. Цистокопия және цистография
2. Экскреторлы урография.
3. Инфузиялы- тамшылы урография.
4. Радиометриялы зерттеулер.
5. Ультрадыбыстық зерттеулер 
Жедел пиелонефриттің белсенді сатысында барлық ауру белгілері таза айқын көрініп
тұрады, токсикозбен лабораториялық көрсеткіштер азайып жоғалуы аурудың кері даму
кезеңі, ал клиникасы толық жоғалып, лабораториялық көрсеткіштердің қалпына келуі
толық клиникалық-лабораториялық сауығу (ремиссия) кезеңі болып саналады.
Пиелонефриттің диагностикасы (анықтауы) себепкер жағдайлардың, клиникалық
көрсеткіштердің және қалпына тексеру әдістерін негізінде жүргізілуі қажет.
Пиелонефриттің диагностикалық критериялары. 
1. Интоксикация белгілері (терісінің бозаруы, температура);
2. Бел аймағында, ішінде ауырсыну; 
3. Несеп тұнбасының өзгерістері:
А) Лейкоцитурия, нейтрофильды түрі
Б) Бактериурия (1 мл несепте 100000 микробтан коп)
В) Протеинурия (1 г\л ден аз)
4. Бүйрек қызметінің бұзылыстары
А) Қанның сарысуының осмолярлығы 275 мосмоль/л кем және несептің
осмолярності 800 мосмоль/л аз.
Б) Несептің тығыздығының және ацидоаммониогенездің төмендеуі
5. Пиелоэктазия, тыртықтардың болуы
Қосымша критериялар:
1. ЭТЖ жоғарлауы
2. Лейкоцитоз
3. Антибактериальды антиденелердің титрінің жоғарлауы, дисиммуноглобулинемия
4. С реактивті белоктің жоғарлауы
5. Гиперальфаглобулинемия


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   681   682   683   684   685   686   687   688   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет