Арқасында жатқан серіктесінің екі аяғынан құшақтап ұстайды, мақсат көпірде тұруына және ішіне аударылуына жол бермеу
Серіктесі түрегеліп тұр. Желкесінен ұстап секірген бойда серіктесінің белі тұсынан аяқпен орап асылып отыра қалуы керек. Желкесінен қолды қоя беріп артқа шалқайып басты кілемге тигізіп, қайта көтеріліп, желкесінен ұстайды
Арқасында жатқан серіктесінің тізесінен басып ұстайды, ол денесін көтеріп отырып, қайта жатуы керек
Етпеттен жатқан серіктесінің аяғынан басып ұстайды, ол денесін артқа шалқайтып көтеруі қажет.
Төрттағандап тұрған серіктесінің арасына отырып, аяғымен денесін орап ұстайды, осы жағдайда өзі артқа шалқайып, басын кілемге тигізіп, қайта көтерілуі қажет
Серіктесі түрегеліп тұрған бойда, өзі екі қолымен жер тіреп ұзынна жатады, серіктесі оның аяғынан ұстап көтеріп, қолын бүгіп жазады, қолымен алға жүред, екі қолымен секіріп жүреді
Қарама- қарсы тұрған екі адам бір-бінің қолынан ұстаған бойда бір аяқтарына отырып- тұрады, Осы жаттығуды кезек-кезек те орындауға болады.