Бас редактор с. Ж. Пірəлиев а



Pdf көрінісі
бет11/13
Дата03.03.2017
өлшемі1,49 Mb.
#7059
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

ЛИТЕРАТУРЫ

1  Концепция развития иноязычного образования РК до 2015года. – Астана, 2003. – 29с.

2  David Graddol, The future of English, Page 2 (1997:16)

Brown, H.D. (2001). Teaching by principles: An interactive approach to language pedagogy. 



Beijing: Foreign Language Teaching and Research Press.

68

ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ

ОƏЖ 37.03



Г.С. Есебиева

Жаратылыстану ғылымдарының магистрі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.

Э.М. Кулганатова

№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің ағылшын тілі пəнінің мұғалімі. Ақтөбе қ.

ТƏРБИЕ БЕРУДІҢ БАСТЫ ҚҰРАЛЫ – АНА ТІЛІ

Мақалада тəрбие берудің басты құралы ана тілі болуы керектігі көрсетілген. Ана тілінде 

тəрбие  алған  əрбір  жас  ұрпақ  елін,  жерін  сүйетін,  ұлтының  қамын  ойлайтын  азамат  бо-

лып қалыптаспақ. Сондай-ақ ұлы тұлғаларымыздың ана тілінде білім берудің қаншалықты 

маңызды екендігін көрсеткен сөздері көптеп келтірілген. Қазіргі кезде елімізде қазақ тілінде 

білім мен тəрбие беретін балабақшалар мен мектептердің санының жылдан-жылға өсіп келе 

жатқандығы да тілге тиек болады. Əлі де болса ақсап жатқан жерлердің бары рас. 

Ұлы  ағартушыларымыз  тіліміздің  шұбарланып,  жойылып  кетуінің  мүмкін  екендігін 

көрегендікпен  сезіп,  білген.  Тіліміз,  əдет-ғұрпымыз,  салт-дəстүрімізді  жоғалтып  алмас 

үшін балаларымызға тек ана тілінде білім беруіміз керек. Қазіргі қоғамның алдында тұрған 

мəселенің бірі-бүгінгі жас жеткіншектің бойына бəсекеге қабілетті құндылықты қасиеттерді 

қалыптастырып, дамытуға айрықша көңіл бөлуді қажет етеді. Бұл құндылықтардың бастау 

көзі  тек  халықтық  тəрбие  беру  тəсілдерінде  екені  рас.  Ұлтымызбен  бірге  жасасып  келе 

жатқан мол мұраларымыздың құндылығына ешкім дау айта алмасы анық. 

Дана халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен 

ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Сондықтан, баланың бойына жа-

стайынан ізгілік, мейрімділік, қайрымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, 

өз-өзіне сенімділікті тəрбиелеуде ана тілі шешуші рөл атқарады.



Түйін сөздер: ана тілі, балабақша, мектеп, ұлттық мектеп, салт-дəстүр, əдет-ғұрып, 

тəрбие, білім.

В научной статье излагается первостепенность родного языка при воспитании молодежи. 

Подрастающее  поколение,  воспитанное  на  родном  языке,  становится  личностью,  думаю-

щим о своем народе, земле, стране. Также приводятся множество цитат известных лично-

стей, изреченных о важности получении знаний на родном языке. Обсуждается увеличение 

в нас тоя щий момент числа детских садов и школ в стране, обучающих на казахском языке. 

И сейчас, в действительности, немало заметных недостатков. 

Великие просветители с прозорливостью предвидели засорения языка и возможность его 

исчезновения. Чтобы не потерять свой язык и свои традиции мы должны преподавать на-

шим детям только на родном языке. Одна из задач современного общества – это формирова-

ние конкурентно способных качеств у молодежи и уделение особого внимания их развитию. 

А источник этих качеств таится в методах народного обучения. Конечно, никто не может 

поспорить с значимостью наследия народа, передающегося испокон веков. 

Не зря у нас в народе говорят «Для ровного роста дерева можно способствовать только, 

когда  оно - саженец,  а  когда  вырастет,  его  не  выправишь».  Поэтому  немаловажную  роль 

играет родной язык при прививании детям благородных человеческих ценных качеств, до-

броты с малых лет и вселении уверенности в себе.

Ключевые  слова:  родной  язык,  детский  сад,  школа,  национальная  школа,  традиции, 

обычаи, воспитание, образование.


69

ҰЛТТЫҚ ТІЛ

In a scientifi c article describes about the primacy of the mother tongue in youths’ education. 

Younger generation educated in their native language , becomes a person, who thinks about the 

people, land, country. Also contains many quotations of famous personalities uttered about the 

importance of gaining knowledge in their native language. It is discussed the increasing currently 

kindergartens and schools in the country, learning the Kazakh language. And now, in fact, quite a 

few noticeable fl aws.

Educators with great sagacity foresaw clogging language and the possibility of its disappear-

ance. In order not to lose their language and their traditions, we need to teach our children only 

in their native language. One of the problems of modern society - is the formation of competitive 

qualities in young people and focus on their development. And the source of these qualities lies 

in the methods of the national training. Of course, no one can argue with the signifi cance of the 

heritage of the people that is transmissible from time immemorial. No wonder we have the say-

ing  “For good tree growth can be promoted only when it is a sapling , and when it grows up it 

does not improve”. Therefore, a lot of the important role plays native language when inculcating 

children noble qualities , kindness , human valuable qualities from an early age and inspiring of 

self-confi dence.

Keywords: native language, kindergarten, school, national school, tradition, customs, train-

ing, education.

Елбасымыз,  Н.Ə.Назарбаев  «Қазақстан 

- 20 50»   стра тегиясын  қалыптасқан  мемле-

кеттің  жаңа  саяси  бағыты  атты  Жолдауында 

бы лай  деген  еді; «Қазақ  тілі – біздің  рухани 

не гізіміз.  Біздің  міндетіміз – оны  барлық  са-

лада  белсенді  пайдалана  отырып  дамыту.  Біз 

ұрпақтарымызға  бабаларымыздың  сандаған 

буынның  тəжірибесінен  өтіп,  біздің  де  үйле-

сім ді  үлесімізбен  толыға  түсетін  қазіргі  тіл ді 

мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадір лей-

тін əрбір адам дербес шешуге тиісті мін дет».

Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол əрбір 

адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. 

Ана  тілін  сүйген  адам – туған  жерін,  елін, 

Ота нын, атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұ-

лар дың бəрі – адам баласы үшін ең қасиетті 

ұғым дар. Өмірдің алмастай қырын, абзал сы-

рын түсіне білуіне басты себепкер – ана ті лі.

Тіл 


туралы 

қағиданың 

тұмары 

А.Байтұрсынов   «Біз  сияқты  мəдениет  же-



мі сіне  жаңа  аузы  тиген  жұрт,  өз  тілінде 

жоқ   деп  мəдени  жұрттардың  тіліндегі  да-

яр  сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тіл-

дің  сөздерін  араластыра-араластыра,  ақы-

рын да  ана  тілінің  қайда  кеткенін  білмей, 

айы ры лып  қалуы  мүмкін»  деп  қауіп  етсе, 

Х.Досмұхамедов: «Тілінен айырылған жұрт 

–  жой ыл ған  жұрт.  Ана  тілін  білмей  тұрып, 

бө тен ше жақсы сөйлесең, ол – күйініш. Ана 

ті лін  жақсы  біліп  тұрып,  бөтенше  жақсы 

сөй леу, бұл – сүйініш. Өз тілін білмей тұрып, 

жат  тіл ге еліктей беру – зор қате» деген екен.

ХХ  ғасырдың  басында  Ш.Уəлиханов, 

Ы.Алтынсарин,  А.Құнанбаев  кө тер  ген

  

  ағар-


тушылық қозғалыстың ту ын А.Байтұрсынов, 

М.Жұмабаев,  Ж.Аймауытов,  М.Дулатовтар 

жалғастырды.  Қа зақ  халқының  іргелі  ел 

болуы  үшін  олар  ұлттық  тіл  мен  əдебиет, 

мек теп  пен  бас пасөздің  аса  қажет  екеніне 

бар ша  жұрттың  назарын  аударды,  ұлттық 

мектеп болуы үшін онда сол халықтың қаны 

мен жаны, рухы болуы тиіс деді. Расында да 

қазіргі зиялыларымыз да қайта-қайта айтып 

жатқандай,  ұлт  мектептерінің  қай-қайсысы 

болса  да  ана  тілімен  қатар,  сол  халықтың 

рухы,  оның  өсіп-өну  тарихы,  географиясы 

мен экологиясы, əдет-ғұрпы, тұрмыс-салты, 

ел дік  дəстүрі  жайында  тиянақты  білім  бер-

мей тін  болса,  онда  ол  ұлттық  мектеп  бола 

ал майтыны хақ. Жаңашыл педагог-практик, 

ака демик  Ш.А.Амоношвили  «грузин  тілін-

де  сабақ  жүргізгендердің  бəрін  де  бірдей 

ұлт тық мектеп деп айтуға болмайды, бұлар-

дың  нағыз  ұлттық  болуы  үшін  олар ды  

грузин халқының рухы болуы тиіс. Осын дай 

жəйттер орыс, армян, өзге де ұлт мек теп те-



70

ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ

рі нің əрқайсысына өлшем болсын, мұндағы 

оқу -тəрбие істерін қалайша жүзеге асыру қа-

жет ті гін  орталықтан  яғни  жоғарғы  жақтан 

нұс қау  күтіп  отырудың  қажеті  жоқ» -  деп 

көр се теді. 

Тəуелсіздік алғаннан кейін көзіміз жет кен  

ақиқат – қазақтың  ұлттық  мүддесін  жүзе ге 

асыруға,  қазақ  тілін  шын  мəніндегі  мем ле-

кет тік  дəрежеге  көтеруге  те  қазақ  тілді лер 

ғана  мүдделі.  Олай  болса  тектілігі  терең-

ге  тамырланған  қазақ  халқының  бала  тəр-

биесіне  баса  назар  аударғанымыз  жөн.  Ұл-

тымыз қашан да баласының рухани жағынан 

бай  болуына  көңіл  бөлген.  Сəби  дүниеге 

кел геннен  бастап,  дене  бітімінің  дұрыс  қа-

лыптасуына,  ақыл-ойының  жетілуіне  назар 

ау дарған. Баланың бойына адалдық, əділдік, 

мейірімділік,  адамгершілік  сияқты  бар  ізгі 

қа сиеттерді сіңіруде ана тілінде берілген бі-

лім нің маңызы зор. Ана тілінде нəр алған ба-

ла ны  ата-баба  өсиеттерін  сіңіріп,  салт-дəс-

түр лерді үйретіп, ел қамын ойлайтын, ті лін, 

ділін құрметтейтін, өз ұлты мен қатар өз ге-

лер ді  сыйлай  алатындай  етіп  шығару  ата-

ана ның басты мақсаты болуға тиіс.

Ж.Аймауытов «Тəрбиешіге жетекші» ең-

бе гін де «Оқытатын пəндердің бəріне бірдей 

ке рек ті,  бəрін  қаусырып  орап  алатын  пəн – 

ана тілі екені даусыз. Ана тілін жақсы мең-

ге ріп  алмай  өзге  пəндерге  түсіну  мүмкін 

емес.  Ана  тілі – халық  болып  жасағаннан 

бер гі жан дүниесінің айнасы: өсіп, өніп, түр-

ле не  беретін  мəңгі  құламайтын  бəйтерегі. 

Жүрек тің терең сырларын, басынан кешкен 

дəу ір лерін,  қысқасы,  жанның  барлық  тол-

қын да рын тұқымнан тұқымға жеткізіп, сақ-

тап  отыратын қазынасы – сол халықтың ті-

лі» деген. Сондықтан да, əрбір ата-ана ба ла 

тəрбиесіне  айрықша  назар  аударып,  қа зақ 

халқының  салт-дəстүрлерін,  əдет-ғұ рып та-

ры ның дəріптеп үнемі айтып отырса нұр үс-

ті не нұр болар еді. Еліміздің болашағын ой-

лаған əрбір азамат балаларын қазақ тіліндегі 

балабақшалар мен мектептерге бергені жөн. 

Бі рақ  əлі  күнге  дейін  ата-аналар  арасында 

орыс  тіліндегі  мектептерде  білім  дəрежесі 

жо ғары жəне өздерінің қазақ тілін жетік біл-

мей тін діктерін желеу етіп келе жатқандар да 

бар шы лық.

1991  жылы  еліміз  егемендік  алғаннан 

кей ін, ұлттық мектептердің жабылуы дұрыс 

емес тігіне  көзіміз  жетіп  отыр.  Қай  кезеңде 

бол масын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік 

ұлт тық  тəлім-тəрбиесі  болатыны  белгілі. 

Егемен  Қазақстан  мемлекетінің  болашақ 

ұр  пақ тарының  сана-сезімін,  ұлттық  пси хо-

ло гиясын,  оның  сонау  ерте  замандағы  ата-

бабалар  салт-дəстүрімен  сабақтастыра  тəр-

бие леу – қазіргі  күннің  ең  өзекті  мəселесі 

екен дігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Кеңестік кезеңде балаларды жалпы адам-

заттық,  интеграциондық  бағалыққа  (құн-

дылыққа)  ынталандыруға  тырысу,  жас тар-

дың  бойында  тарихқа  жəне  халықтың  өмі-

рі не,  оның  ана  тіліне,  мəдениетіне  деген 

жа тыр қаушылығы мен немқұрайлы қарауын 

қалып тастырды. 

Сондықтан  да,  Қазақстан  егемендігінің 

ал ғаш қы  жылдарында  жаппай  тарихқа  қы-

зы  ғу  шы лық,  өзі нің  тарихи  тамырын  іздеу, 

өзі  нің  ана  тілі нің  терең  танымын,  ұлттық 

мə де  ние ті мен тəр биесінің иірімдерін танып 

білу ге ұмтылды.

Тəуелсіздігімізді  алғалы  елеулі  жетіс тік-

тер ге жеткенімізді жоққа шығара алмаймыз. 

Жүздеген  қазақ  балбақшалары  мен  мектеп-

те рі ашылды. Олардың саны жылдан-жылға 

өсіп  келеді.  Дегенмен  де,  қазақ  халқының 

үл кен  кемшілігі  ұл-қыздарына  жаппай  ана 

тілін

 

де білім мен тəрбие беріп, бүкіл халық 



бо лып бір-бірімен өз ана тілінде сөйлесетін 

ұлт деңгейіне əлі көтерілген жоқ. Мұны біз дің 

ұлттық  санамыздың  қазіргі  деңгейінің  көр-

сеткіші десек те болады. Ұлтының тарихын 

құрметтеп, мəдениеті мен əдебиетін бойына 

сі ңіріп,  өнерінен  сусындап,  салт-дəстүрін 

ұс танып, ана тілінде сөйлемейтін халықтың 

ұлттық санасы да өспейді. 

Қазақстанда  қазір  этно-мəдениеттік  мұ-

ра мен, ғылым мен техниканың, мəдениеттің 

əлем дік  деңгейіне  сəйкес  келетін  ұлттық 

білім жүйесін құру туралы сөз болуда.

Республикада  демократиялық  үдеріс тің  

жүзеге асуының жүйелілігі біздің аза мат та-



71

ҰЛТТЫҚ ТІЛ

ры мыздың білімге деген психологиялық көз-

қа расын елеулі өзгертті. Сонымен қатар, де-

мо  кратиялық үдеріс өзінің ана тілінің қайта 

да муын жəне ана тілі базасында балаларды 

тəр бие леу  мен  оқытудың  қажеттілігін  қа-

лып тастырды. Ұлттық-этникалық негізде бі-

лім  алуға деген қатты қызығушылық пайда 

бол ды.

Тəуелсіз  елдің  ұрпағына  мəдениет  пен 



ғы лым,  тəрбие  мен  білім  беру – үздіксіз 

үде ріс.  Олай  болса,  тəуелсіздік  туын  биік-

тет кен  жастардың  ұлттық  білім  мен  тəр бие 

құндылықтарын  меңгеруі  жасампаз  Қазақ-

станның  жалынды  жігерін,  қуатты  ке ме рін, 

ұлттардың  жомарт  жарастығын,  ырысты 

ынтымағын  əлемге  паш  етеді.  Жас  ұр пақ-

ты  тəрбиелеудің  өзекті  тұстары – əр  аза-

маттың өзіне қатысты алғанда өзіндік та лап 

етуі,  қоршаған  ортаға  қатысты  оның  шын-

шылдығы, елге қатысты алғанда оның адал-

ды ғы.  Біздің  жастарымыз  Отанымыздың 

өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосуы үшін ар-

ождан,  борыштылық,  жауапкершілік,  əдеп-

тілік жəне да басқа жоғары жалпы адамзаттық 

жə не ұлттық құндылықтар арнасындағы ұлы 

мұ раттар рухында тəрбиеленуі керек.

Бүгінгі жаһандану үдерісінде бейбітшілік 

пен   тыныштықты  сақтау  мəселесі  жас  ұр-

пақ   өкілдерін  патриотизмге  тəрбиелеудің 

ұлт тық  жүйесімен  тығыз  байланысты  қарас -

ты рылады.  Сондықтан  да, «мəдениет-та рих 

-білім»  макропарадигмасы  патриоттық  тəр-

биенің өзегі болғандықтан, биылғы Жолдауда 

«Қазақстан армиясын жаңғыртуды жəне оның 

жауынгерлік дайындығын жетілдіруді жал ғас-

тыруды» сыртқы саясаттағы жə не қауіпсіздікті 

қамтамасыз етудің басым дық тары қатарында 

қарастырылуы ұлттық білім мен тағылымды 

тəрбиенің терең тамырын б екіте түседі.

Ұлттық  мəдениет  пен  тілді  д а мы-

ту   саласындағы  жүргізілетін  іс-шара лар  

Қазақстан  Республикасының  Конституция сы,   

Адам  құқықтарының  жалпыға  ортақ  дек ла-

ра циясы,  Бала  құқықтары  туралы  Кон венция 

жə не  БҰҰ-ның  Экономикалық,  əлеу меттік 

жə не мəдени құқықтар туралы ха лық аралық 

пакетінің стандарттарына бағыт тал ған. 

Қазіргі дүниеде қоғамның тұрақтылығын 

қамтамасыз  ететін  бірден-бір  фактор – тіл. 

Озық ойлы адамдар қай заманда да бір ел де-

гі бірнеше мəдениеттің, тілдердің қатар өріс-

теуі не үлкен мəн берген.

Басқа  елдермен  бейбіт  қатар  өмір  сүріп, 

ын  тымақтастық  орнату  үшін,  сондай-ақ, 

əлем де гі  тіршілік  тынысынан,  толассыз  ақ-

қан ақпарат ағынынан хабардар болуы үшін 

де Қазақстанның жас ұрпағының басқа елдің 

ті лін білуі аса маңызды. Бүгінгі жаппай ақ-

па раттандырылған  дүниеде  өзгелермен  қа-

рым-қатынасқа  түспей,  оқшауланып  өмір 

сүру  мүмкін  емес.  Ұлы  Абай  ХІХ  ға сыр-

дың  өзінде-ақ: «…Зарарынан  қашық  бо лу,  

пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғы лы-

мын білмек керек», - деп, өзгенің тілін үй ре-

ну ді өсиет еткені белгілі. 

Ұлттық  тəрбие  беру  салт-дəстүрді,  əдет-

ғұ рып ты,  танымдық-ғибраттық,  тарихи-мə-

де ни жəне дiни-рухани мұраларды қастерлей, 

сақ тай бiлетiн жас ұрпақ тəрбиелеу ана сү ті-

мен  берілетін ана тілінде жүргізілгенде ғана 

жү зе ге асады.

Сөз  соңын  авар  ұлтының  ақыны 

Расул Гамзатов тың сөзімен қорытқанды жөн 

көр дік: «Егер  менің  тілім  ертең  өлсе,  онда 

мен  бүгін өлуге дайынмын», - деген еді. Мі-

не, қандай сезім, қандай сүйіспеншілік! Де-

мек, тіл – ұлттың жаны, тіл – ұлттың рухы, 

тіл   –  ұлттың ділі!

ƏДЕБИЕТТЕР

1 www.akorda.kz. 

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың 

«Қазақстан-2050»  Стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты 

Қазақстан халқына Жолдауы. 14.12.2012.

2  Қазақтың тəлімдік ой-пікір антологиясы: 2 том (ХХ ғасырдың 20 жылдарынан 

1995 жылға дейінгі кезең) /Құрастырған: Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. – Алматы: Рауан, 1998. 

- 416б.


72

ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ

3  Мадин.И.Б. Қазақстанда совет дəуіріндегі педагогикалық ой-пікірдің дамуы. – 

Алматы: Мектеп, 1979. - 128б

ƏОЖ 9.91.910.1



А.С. Махашева

Батыс Қазақстан гуманитарлық заң колледжі, оқытушы,

жаратылыстану ғылымдарының магистрі

А.С. Сатыбаева 

№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің география пəнінің мұғалімі. Ақтөбе қ.

ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУДА ҰЛТТЫҚ ТƏЛІМ-ТƏРБИЕ ДҮНИЕСІН 

ҚАЛЫПТАСТЫРУ МƏСЕЛЕСІ

Бұл  мақалада  қазіргі  ұлттық  тəлім-тəрбиені  қалыптастыру,  ұлттық  мұраны  сабақ  ба-

рысында  пайдалану  туралы  қарастырылған.  Географияны  оқытуда  ұлттық  тəлiм-тəрбие 

дүниесiнiң қалыптасуына əсер ететін факторлар туралы айтылған.  Этнопедагогика ұлттық 

тəлiм-тəрбиенi жинақтайтын, оны қорытындылап, жүйелейтiн теориясымен сипатталатын 

ғылым саласы. «Ұлттық тəрбие – жеке тұлғаның ұлттық сана-сезiмi мен мiнез-құлқының, 

ана  тiлiн,  ата  тарихын,  төл  мəдениетiн  жəне  ұлттық  салт-дəстүрiн  меңгеруi  негiзiнде 

қалыптасқан  этнопедагогиканың  саласы...»  деп,  анықталады.  Ата-бабаларымыз – асыл 

қасиеттердiң ұрпақ санасына халық бiлiмi мен ұлттық тəрбие тəжiрибелерi арқылы дари-

тынын  табиғи  құбылыс  ретiнде  бағалап,  оған  терең  мəн  берiп  тұрмыс  үрдiсiнде  кешендi 

жүргiзудiң тəлімдік-əдістемелік жолдарын iздеген. Географияны оқытуда білім алушылардың 

ұлттық тəлім-тəрбиесін ата-бабамыздың қалдырған құнды мұралары арқылы қалыптастыру 

көзделген. Мысал ретінде Төле бидің «Қарлығаш би» аталу оқиғасы келтірілген. Осы оқиға 

арқылы географияның жануарлар мен өсімдіктер əлемі тарауын оқыту барысында ұлттық 

тəлім-тəрбие дүниесін қалыптастырудың алғышарттары қарастырылды.

Түйін  сөздер:  география,  ұлттық  тəлім-тəрбие,  ұлттық  мəселе,  қарлығаш  əулие, 

қарлығаш би, ұлттық мұра.

В  данной  статье  анализируются  вопросы  формирования  современного  национального 

обучения, использования богатого культурного наследия на уроках. Говорится о факторах, 

влияющих на становление национального мира обучения и воспитания при преподавании 

географии. Этнопедагогика - область науки, которая характеризуется накапливанием опыта 

национального обучения, его анализом и теорией систематизирования. В статье определя-

ется, что национальное обучение – область этнопедагогики, сформированная в основе ус-

воения личностью национального сознания и характера, родного языка, истории предков, 

собственной культуры и национальной традиции. Наши предки глубоко ценили благород-

ные качества, которые передавались благодаря знаниям народа и опыту национального об-

учения и придавали им большое значение, разыскивая введение обучающих методических 

путей в процессе быта. В процессе преподавания географии предполагается формирование 

национального опыта обучения обучающими с помощью культурного наследия предков. В 

качестве примера приводится сказание о Толе би «Қарлығаш би». Посредством этого ска-

зания излагаются предусловия формирования национального обучения при преподавании 

главы о животном и растительном мире географии.



73

ҰЛТТЫҚ МҰРА

Ключевые слова: география, национальное воспитание и обучение, национальная про-

блема, ласточка провидец, ласточка бий, культурное наследие.

In this article are examined the issues of formation of modern nation-learning, the using of rich 

cultural heritage in the classroom. There are said about the factors infl uencing in the formation 

of national peace training and education in teaching geography. Ethnopedagogy - a branch of sci-

ence, which is characterized by accumulation of experience of national education, summarize it 

and systematizing theory. In the article it is determined that a national training - ethnopedagogics 

area formed the basis of adoption of national consciousness personality and character, language, 

history, ancestors, their own culture and national traditions. Our ancestors deeply appreciated the 

noble qualities that were transmitted through the knowledge and experience of the people of the 

national education and gave them great importance, searching for the introduction of methodologi-

cal training in the ways of life. At the process of teaching geography it is expected formation of a 

national learning experience learning through cultural heritage of their ancestors. As an example, 

the legend of Tole bi «Swallow judge». Through this tale outlines preconditions of formation of 

national education in teaching the chapter on animal and plant world geography.



Keywords:  geography, national education and training, national questions, Holy swallow, 

swallow judge, cultural heritage.

Əр халықтың тəлiм-тəрбиелiк мұрасының 

түпнамасы – оның ұлттық құндылықтармен 

мыңғасырлық  байланыстығының  тұтасты-

ғын да екенi анық. Халық педагогикасындағы 

ұрпақтың  жан-жақты  дамып-өсуiне,  та ным  

кеңiстiгiнiң ұлғаюына зор ықпал жа сап  кел-

ге нiн педагогика ғылымы жоққа шы ғар май-

ды.  Аталмыш  ой-түйін  арқылы  біз  ұлт  тық 

педагогика дүниесінің қалыптасуы – қор ша-

ған ортадағы тіршілік қаракеттер бай ланысы 

мен  адамдар  тəжірибелерінің  эм пи ри калық 

өмір  сүру  заңдылығының  қалып та суына 

сырт қы  жəне  ішкі  ортадан  ау қым ды  əсер 

ет кен  құбылыстың  болғанын  рас тай мыз. 

Олар  төмендегідей  ықпалдар  көр сет кіш те-

рін   анықтады.  Қазақ  халқының  ұлы  ағар-

ту шы-педагогтары,  ойшылдары  мен  қо ғам 

қай раткерлері  бүкіл  қазақ  халқына  ұлт тық  

тəр бие беру, ол үшін қазақтың ұлттық мек-

те бін  жасау,  ол  мектептегі  ұлттық  тəр бие-

нің   мақсаты,  міндеттері,  мазмұны,  əдіс тері 

мен  құралдары  жəне  нəтижесін  негіз деді. 

Сол  арқылы  олар  ХХ  ғасырдың  ба сын да 

қа зақ  халқының  болашағын  ойлап,  оның 

мек тебінің  ұлттық  болуы,  қазақ  тілінің 

тазалығын,  мектептегі  білім  мазмұнының 

қазақ  халқының  ұлттық  мəнімен,  оның 

ұлттық рухымен бірлікте болуын дəлелдеді. 

Қа зір ұлт тық мектеп жасау, онда ұлттық тəр-

бие  бе руге  ерекше  назар  аударылып  жат қа-

ны,  қоғамымыздың  болашағы  сол  тəр бие-

ге тікелей байланысты екеніне көзіміз же те 

бастады.  Дегенмен,  жоғарғы  оқу  орын да-

рында болашақ мұғалімдерді ұлттық тəр бие-

ге дайындау проблемасы əлі де болса, ерек-

ше  зерттеуді қажет етеді.

 

Этнопедагогика ұлттық тəлiм-тəрбиенi жи-



нақ тайтын, оны қорытындылап, жүйелейтiн 

теориясымен  сипатталатын  ғылым  саласы. 

«Ұлт тық тəрбие – жеке тұлғаның ұлттық са-

на-сезiмi мен мiнез-құлқының, ана тi лiн, ата 

тарихын, төл мəдениетiн жəне ұлт тық салт-

дəстүрiн  меңгеруi  негiзiнде  қалып тас қан 

этнопедагогиканың  саласы», - деп,  анық та-

ла ды.  Негізінде  ұлттық  тəрбие  дүниесінің 

ха лық тың  рухани-мəдени  мұраларымен 

ты ғыз  байланыста  дамып  келгенін  ескере, 

оты рып,  ғалымдар  анықтап  кеткендей 

ғылы ми  педагогиканың  өзекті  бір  саласы 

екен дігі  туралы  қоғамдық  пікірді  барынша 

да мыта  түсу  керек  деп  санаймыз.

 

Бiздiң 


ойы мызша  ұлттық  тəлiм-тəрбие  дүниесiн 

қа лыптастырушы  екi  заңдылық  бар  деп 

есеп теймiз.  Бiрi – халықтың  тəлiм-тəрбие 

же тiс тiктерiнiң ой-таным мен ұлттық пси хо-

ло гиямен тұтастығы, екiншiсi – аталмыш дү-


74

ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ

ние лер  синтезiнен  туындаған  əдiс-тəсiлдер 

жиын ты ғы  болмақ.  Əлемдегi  əр  халықтың 

өкiл дерi – өне  бойындағы  барлық  асыл  қа-

сиет тер  мен  құндылықтарды  өскелең  ұр-

па ғы ның  санасына  ғұмыр  бойына  сiңiрiп 

келу дi басты мақсат еткен. Тарихи дамудың 

қай  кезеңiнде  болмасын,  адамзат  перзентi 

ата-бабалары  мирас  етiп  қалдырған – асыл 

қа сиет терiн  пайдаланбай,  қастерлемей  бө-

лек  ғұмыр кешкен емес. Ұрпақ танымы үшiн 

өткен ата жолы мен бабалар жұрты, ама на-

ты  мен  өсиеттерi,  киелi  ұғымдары  мен  да-

на лық  ұлағаттарынан  артық  дүниенiң  жал-

ған  екенi  туралы  мəңгiлiк  қағида – ха лық 

философиясының  бастауы  екенi  хақ.  Қор-

шаған  ортаның  күрделi  сырларын,  таби-

ғат  тың  құпия  жаратылыс  дүниесiн  ұғынуға 

де ген  күрделi  философиялық  сезiмдермен 

қа нат танған Табиғат, адам жəне қоғам тұтас-

ты ғы – диалектикалық  заңдылықтың  тұт-

қа  сы  болса,  адамның  iс-əрекетiне,  яғни  ең -

бе гiне сүйене отырып, ұрпақты еңбек ету ге 

баулыған  негiзгi  күш  тəрбие  құралы  ар-

қы лы  мақсатқа  жеткiзсе,  онда  тəрбиенiң 

–  əлеуметтiк  категория  екендiгiне  дау  жоқ. 

Де мек, тəрбие – қоғам дамуының қозғаушы 

кү шi  адам  əрекетiнiң  бiр  құралы  болғаны 

ақи қат. Тəрбие құралын – ұлттың ұлттық қа-

сиет терiн  танытуға  арналған  əрекеттерiне 

пай далану  бүгiнгi  Қазақстан  халықтары 

үшiн аса қажет болып отыр. Ұлттың ұлттық 

ерек шелiктерiн    таныту  əрекеттерi  жалпы 

өр кениеттi  қоғам  мойындайтын,  адамзат 

құн ды лықтарына негiзделуi шарт. 

Гео графияны  оқытуда  ұлттық  тəлiм-тəр-

бие  дүниесiнiң қалыптасуына мынадай фак-

тор лар əсер етуi мүмкiн:

• Жұмыр Жер жаратылыс iлiмдерi жө нiн-

де гi алғышарттар:

• Жер планетасының пайда болуы жөнін-

дегі діни түсініктер мен ғылыми болжамдар;

• Ежелгі аңыздар мен мифологиялық мағ-

лұ маттар;

• Қоршаған орта жəне адамзат жаратылысы 

жө ніндегі тотемистік, тарихи-географиялық 

жə не діни-болжамнамалық ілімдер;

• Қазақстан территориясындағы ежелгі қо ныс тар;

• Араб-түркі ғұламаларының тарих, гео г-

рафия саласы бойынша ашқан жаңалықтары;

•  Қазақ  халқының  салт-дəстүрлері  мен 

əдет-ғұрыптары;

•  Табиғатқа  байланысты  мақал-мəтелдер 

мен  тыйым сөздер;

• Қазақ халқының рухани һəм материалдық 

мə де ниеті; 

•  Ғаламдық  жаһандану  үрдісіне  ұлт тық  

тəлім-тəрбие  тəжірибелерінің  транс фор ма-

ция лану һəм адаптациялану жағдаяттары.

Ата-бабаларымыз – асыл қасиеттердiң ұр-

пақ санасына халық бiлiмi мен ұлттық тəр-

бие  тəжiрибелерi  арқылы  даритынын  та би-

ғи құбылыс ретiнде бағалап, оған те рең мəн 

берiп  тұрмыс  үрдiсiнде  кешендi  жүр гi зу-

дiң  тəлімдік-əдістемелік  жолдарын  iз де ген. 

Ұлттық  тəрбие  үрдiстерi  отбасылық  дəс-

түрлерден  тұрмыс-тiршiлiктiң  өзегiне  ай на-

лып: аңшылық пен саятшылық салттары, мал 

өрi сiнiң  ережелерiн  сақтау  мен  табиғатты 

қор ғау жөнiндегi халық тағылымдары эко ло-

гия лық тəрбиесіне ұласып, ұлттық тəрбиенiң 

ке шендi  бiртұтас  жүйесiн  қалыптастырды. 

Аталмыш  қағидалар – ұлттық  тəлiм-тəрбие 

ғиб раттарының  бүгiнгi  таңда  қажет  екенiн, 

оның мектептегi оқушылар ұжымында жəне 

бас қа  бiлiм  жүйесiнде  кеңiнен  қолданудың 

мүм кiн екенiне көз жеткiзедi.

Қазіргі  кезде  білім  беру  үрдісінде  ұлт-

тық  тəлім-тəрбиені  қалыптастыру  өзек-

ті  мəселенің  бірі.  География  пəнін  оқы ту 

үдерісінде  ұлттық  тəлім-тəрбиені  қалып-

тас тыруда  маңызды  іс  болып  табылады. 

Əсі ресе,  Қазақстанның  жəне  дүниежүзінің 

физи калық  географиясы  курсын  оқыту 

бары сында білім алушылар əр бір елдің геог-

рафиялық  орналасуы,  жер  бедері,  кли ма ты, 

суы, табиғи байлығы, өсімдіктер мен  жа ну-

ар лар  дүниесі  туралы  толық  мəлі мет  бе ре 

отырып,  еліміздің  ұлттық  ерекше лі гімізді 

айқындап  жеткізе  білу.  Атап  айтқан да, 

ұлттық санамызда табиғатқа деген көзқа ра-

сымызды əдет-ғұрыптарымыз, мақал-мəтел-

де рі міз  арқылы,  ұлт  түсінігінде  адам  мен 

таби ғат  əрқашанда  егіз  екенін,  табиғатты 

қорғау шың,  асыраушың,  ата-бабамыз  «Жер  


75

ҰЛТТЫҚ МҰРА

–  қазына,  су – алтын,  мал – байлық»  сияқ-

ты өсиеттерін жете түсіндіру арқасында тəр-

бие мен ұштасытыруға болады. 

Табиғатты  қорғауды  өз  үйіңнен  бастауға 

бола ды,  бұл – суды  үнемдеп  жұмсау,  оның 

лас тануын төмендету, озон бұзатын заттары 

жоқ  аэрозольдарды қолдану жəне т.б. Сөйтіп 

эко логиялық  мəдениеттің  басы  отбасында 

түзі ле бастайды.

Жануарлар мен өсімдіктер тарауын оқыту 

ба ры сында білім алушылардың ұлттық тəлім-

тəр биесін  ата-бабамыздың  құндылықтарын 

пай да лану арқылы қалыптастыруға болады. 

Мысалы, ертедегі жоңғар шапқыншылығы 

кезін де  ел,  жерінен  босып,  қаша  жөнелген 

кезде  Төле  би  үйін  жықпай,  жұртта  қалып 

қойыпты. Бұны қалмақтың əскер басы көріп: 

«Ей, Төле би! Жау шапқанда ел-жұртың бо-

сып,  соқа  басың  қалғаныңа  жол  болсын, 

бұл  ісің  ді  қалай  түсінеміз?»  депті.  Сонда 

Төле би:  

«Жалбарынар жайым жоқ жан алдында,

Балапандар бар қанша қарауымда,

Сол жетімдер ұшуға жарағанша,

Сыртқа шықпай тұрамын қарауылдап.

Қарлығаш би атандым сол үшін де,

Осылармен бір менің өрісім де.

Батыр болсаң, жайратып жүре берсең,

Жалғыз шалды кездескен жау үстінде».

Қалмақ əскер басы: «Уа, данышпан, адам 

баласы сүйсінер ер қасиетіңе ризамын. Бұл 

ісің  үшін  саған  жəне  сенің  балапандарыңа 

тиі су күнə болар» деп, əскер басы осы сөзді 

ай тып өз жөнімен кетіпті. Содан халық Төле 

би ді  «Қарлығаш  əулие», «Қарлығаш  би» 

деп  атап  кетіпті.  Міне,  осындай  табиғатқа, 

жа нуар лар  мен  өсімдіктер  əлеміне  қатысты 

би,   шешендеріміздің қалдырған мұрасы, ата 

-бабамыздың өсиеттері қаншама. Осы мұ ра-

лар ды  іздеп,  талдап,  өз  ретімен  əр  сабақта 

қол дан са нұр үстіне нұр болар еді. Осындай 

ұлт тық құндылықтарымызды пайдалана өт-

кізілген  сабақтар  арқылы  оқушыларды  ата-

дан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып ке-

ле жатқан табиғатты көзінің қарашығындай 

сақ тау  керектігін  сезіндіру.  Ол  үшін  қазақ 

хал қының  халық  педагогикасындағы  асыл 

мұ ра ларды осындай сабақтар арқылы түсін-

діру, табиғатқа деген адамгершілігін ояту.

Ертеден  қалған  өсиет  сөздерде  «Көзіңді 

қал дыр – бұлақ көзін аша жүр, ізіңді қалдыр 

– жақ сы істен мұра шаша жүр, өзіңді қалдыр 

–  бақ ша  өсіріп  жаса  нұр»  деген  сөздерде 

өмір дегі өзіңнен кейінгі ұрапағыңа өлмейтін 

мұ ра қалдыр, сонда «сенің қолдан көзін аш-

қан  бұлағың,  жақсы  істерің – шырағың,  ал 

жасыл  орман – құнарың  болмақ»  деп  қал-

дыр ған  өсиеттерін  жəне  басқа  да  өсиеттер 

не гі зінде мысалға келтіре отырып, география 

пə нін оқыту барысында ұлттық тəрбиені қа-

лып тас тыра аламыз.

Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кей-

бір  туындыларын  киелі,  қасиетті  деп  ұғып, 

олар ды өлтіруге, жоюға болмайтынын уа ғыз -

даған.  Сонымен  бірге,  табиғат  пен  адам ды 

біртұтас деп қараған. Сондықтан, адам та би-

ғаттан өз керегін алып, қалғанына еш уа қыт-

та зиянын тигізбеген. Халқымыздың мақ та-

ны шы  болып  отырған  ғалым  Ш.Уəлиханов 

«Табиғат пен адам! Өзіңіз айтыңызшы, тір-

шілікте  одан  ғажап,  олардан  құпия  не  бар? 

Қазақтар киеге үлкен мəн береді. Табиғаттың 

кей бір  жануарлар  мен  құстарды,  көшпелі 

тұр мысқа  қажетті  заттарды  киелі  деп  қас-

тер лейді.  Осы  аталғандарды  құрмет  тұту, 

ырым-жорасын  жасаттыру  адам  баласына 

ба қыт  пен  байлық,  құт  əкеледі»  деп,  атап 

көр сеткен.

Қорыта  келгенде,  география  пəнін  оқы-

ту  барысында  оқушыларға  ең  алдымен  қор-

ша  ған  ортаны,  айнала  табиғатты  сақтау  тү сі-

нік терін  қалыптастыруға,  құстар  мен  жан-жа-

нуарлардың қоршаған орта мен адамзатқа пай-

дасы  мол  екенін  түсінуге  бағытталған  ұлт тық 

тəлім тəрбие негізінде жұмыстар жүр гізу қажет. 

Сонымен  қатар,  еліміздегі,  дү ние жүзінідегі 

экологиялық мəселелер мен та би ғат апаттарын 

алдын  алу  шараларын  ұғын дыру  əдістеретін 

үйрете отырып, адам зат Жер Ананың айнымас 

бөлшегі  ұлттық  көз қарас  екенін,  оқушы 

санасына түйіп беру геог рафия пəнін оқытудың 

мақсатты міндеті деп санаймыз.


76

ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет