Бас редактор с. Ж. Пірəлиев а



Pdf көрінісі
бет12/13
Дата03.03.2017
өлшемі1,49 Mb.
#7059
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

ƏДЕБИЕТТЕР

1  Ұлттық  тəрбие:  таңдамалы  лекциялар  курсы. – Алматы:  Абай  атындағы  ҚазҰПУ, 

2011. – 276 б.

2  Жарықбаев Қ., Қалиев С., Қазақ тəлім-тəрбиесі – Алматы: Санат, 1995. 

3  Сейсенбаева Ж.А. Ұлттық тəрбиенің ғылыми негіздері. Оқу құралы. – Алматы, 2011.

4  Аташ Б.М., Маханова Н.Б. Жаһандану үрдісіндегі ұлт мəселесі. // Ұлттық тəрбие. – 

2013. – №6 (20) – Б. 79.

ОƏЖ 373.013 



С. Дүйсембайқызы

2-курс магистранты

Абай атындағы ҚазҰПУ

ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОРТА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ 

БІЛІМГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

Мақалада  орта  мектепте  проблемалық  оқыту  арқылы  оқушылардың  қызығушылығын 

арттыру  мəселесі  қарастырылған.  Сонымен  қатар,  проблемалық  оқыту,  проблемалық 

ситуация,  қызығушылық  ұғымдарына  анықтама  беріліп,  олардың  өзара  байланысы 

арқылы  жететін  нəтижелер  туралы  сөз  болады.  Проблемалық  оқытуды  зерттеген  педагог 

ғалымдардың  еңбектері  талданып,  оқушылардың  білімге  қызығушылығын  арттыратын 

бірнеше ұсыныстар берілген.

Түйін сөздер: проблемалық оқыту, проблемалық тапсырма, проблемалық жағдай, білім, 

ойлау, орта мектеп, қызығушылық, ақыл-ойдың дамуы, танымдық белсенділік. 

В данной статье рассматриваются вопросы проблемного обучения

Сущность проблемного 

обучения  состоит  в  создании  учителем  цепи  проблемных  ситуаций  и  управлении  деятельностью 

учащихся  по  самостоятельному  решению  учебных  проблем. 

Достоинством  проблемного 

обучения  является  непосредственная  его  направленность  на  развитие  у  обучающихся 

творческой активности, самостоятельности мышления, учебного интереса и т.д. 



Ключевые  слова:  проблемное  обучение,  проблемное  задание,  проблемная  ситуация, 

средняя школа, интерес, познавательная активнасть, развития ума.

The article considers the increasing interest of secondary school students by  problem learning. 

Also provides defi nitions for problem learning, problem situation, interest and describes the results 

achieved interrelation of these concepts. Analyzed the works of teachers-researchers studied the 

problem learning, made several proposals to increase students’ interest in learning.

Keywords: problem studying, problem task, problem situation, knowledge, thinking,secondary 

school, interest, mental development, cognitive activity.

Қазақстан Республикасы 50 бəсекелесуге 

қа бі летті  əлем  елдері  қатарына  қосылуға 

тал пына отырып, оқытуға қатысты саясатты 

жү зеге  асырудың  маңыздылығын  сезінеді. 

Бі лім беру жүйеснің орта мектептегі оқытуға 

қойылатын талаптарында оқушылардың ой-

өрісін,  шығармашылық  тұрғыда  дамуының 

не гізінде жатыр. Бұл өз кезегінде орта мек-

теп  оқушыларының  оқуына  қатысты  сая-

сат тың  тиімділігін  арттыру  қажет  екендігін 


77

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

дə лел дей  түседі.  Бүгінгі  күнде  орта  мектеп 

оқу шыларының  қызығушылығын  ояту,  ло-

ги  калық ойлауын дамыту мəселесі күн тəр-

ті бін де  кезек  күттірмейтін  проб ле ма лар дың  

бі рі екені дəлелді.

Біздің мектептердің негізгі мақсаты жан 

-жақ ты  жəне  үйлесімді  дамыған  тұл ға ны 

тəрбиелеу.  Тұлғаның  жан-жақты  дамы ға-

ны ның  басты  белгілерінің  бірі – жоғары 

дең гейдегі  ойлау  қабілетінің  болуы.  Егер 

оқы ту  шығармашылық  қабілеттердің  да-

муы на  жетектесе,  онда  оны  дамыта  оқы-

ту мен  сəйкестендіруге  болады.  Яғни,  мұ-

ға лі м нің  ойлаудың  даму  заңдылықтарына 

сүйе не  отырып,  арнайы  педагогикалық 

құралдар  арқылы  оқушылардың  білім  иге-

руін де мақсатты жəне жоспарлы түрде жүр-

гі зіп,  оның  шығармашылық  жəне  ойлау 

қа бі лет терінің  қалыптасуына  ықпал  ететін 

оқы ту дың  түрін проблемалық оқыту дейміз 

[1, 33].


Проблемалық  оқыту  өзіндік  ұзақ  тари-

хы   бар,  күрделі  құрылымды  біртұтас  пе да-

го ги ка лық  жүйе  болып  табылады.  Проб-

ле ма лық  оқыту  идеясының  нышандары 

Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, А.Дистервег, 

К.Д.Ушинский  сияқты  ұлы  педа гог тар дың 

еңбектерінде  кездеседі.  Бірақ,  соған  қа ра-

мас тан, проблемалық оқыту жүйесіне деген 

көз қа растар мен пікірлер мейлінше сан алу-

ан, əр түрлі. Өйткені, бір жағынан алып қа-

ра ған да  «проблемалық  оқыту»  ұғымына 

педа гог тар тарапынан əр түрлі анықтамалар 

бері ле ді,  ал  екіншіден,  мұғалімдер  тара пы-

нан  «проблемасыз  оқыту  бола  ма?»  де ген 

мағынадағы  сұрақтар  қойылады.  Сон дық-

тан,   ең алдымен, «проблемалық оқыту» ұғы-

мын  педагогикалық  ұғым  ретінде  анық тап 

алудың  қажеттігі  туындайды.  Мə се ле ні  өз 

дəрежесінде  дұрыс  шешу  үшін  «проб ле ма-

лық   оқыту», «проблемалық  жағдай»  жəне 

«проб лемалық 

тапсырма» 

ұғымдарына 

анық та ма беруді жөн деп санаймыз.

Ғалым  Г.М.  Коджаспированың  еңбегінде 

атал ған ұғымдарға келесідей ереже берілген:

- проблемалық оқыту – оқушыларға бі лім   

дайын түрде жеткізілмейтін оқытудың тү  рі. 

Бі лім тек проблемалық жағдайды шешу ба-

ры сында меңгеріледі. 

-  проблемалық  жағдай – оқушылардың 

ой   лау  үдерісінің бастапқы кезеңінде саналы 

түр   де қиын шы лықтарды сезініп, оның жол-

да рын өзі шешуге тиіс.

- проблемалық тапсырма (танымдық, ізде-

нушілік тапсырма) – орындау жолы жəне нə-

ти  жесі оқушыларға алдын-ала белгісіз, бі рақ 

олар дың дайындық деңгейі оның ше ші мін өз 

беті мен  табуға  мүмкіндік  беретін  тапсырма 

түр лері [2, 80].

Ал,  білім  жəне  ғылым  энциклопедиялық 

сөз дігінде проблемалық жағдай деп 1) адам-

ның  немесе  топтың  қызметін  өрістейтін, 

қара ма-қайшылығы бар жəне бір мағыналы 

ше ші мі жоқ жағдайлар мен шарттардың ара-

қаты насын  белгілеу; 2) танымдық  сұраныс 

жағ дайы  негізінде  туатын  ойлаудың  пайда 

бо луының психологиялық моделін айтамыз. 

Қызмет процесінде қандай да бір қайшылықты 

түсіну (мысалы, алдыңғы меңгерілген білім 

көмегімен  теориялық  немесе  практикалық 

тапсырманы  орындау  мүмкін  болмағанда) 

пайда  болған  қайшылықты  шешуге  мүм-

кін дік  беретін  сол  белгісіздің,  жаңа  білім-

нің   қажеттілігін  тудыруға  əкеледі.  Пайда 

бол ған  қайшылықтың  шешудің  бастапқы 

буы ны – адамның  өзіне-өзі  қойған  туын-

да ған  қайшылықтың  себептері  туралы 

сұрақ қа  жауап  іздеуі.  Сұраққа  жауап  із деу 

қай шылықты  шешуге  жəне  іздеуді  орын-

даған  тұлғаның  нəтижелі  дамуына  əке ле  ді. 

Осыған байланысты проблемалық жағ дайға 

құрылған  проблемалық  оқыту  да мы ту шы-

лық қа жатады [3, 285].

Проблемалық оқыту бұл  –  ғылым негіздерін 

оқып-білу, процесінде жеке адамның жалпы 

жə не арнайы қабілетінің даму, танымдық қа-

жет тілігінің қалыптасуы. Психологтар адам-

ның ойлағыштық іс-əрекетінің негізгі түр ле-

рін атайды: репродуктивті жəне про дук тив ті, 

шығармашылық.

Репродуктивті  іс-əрекет  үлгі,  алгоритм 

бой ын ша  орындалады.  Мұғалім  жаңа  оқу  

материалын, жаңа ұғымдардың мəнін тү сін-

ді ре ді,  тапсырманы  орындаудың  жолдарын 


78

ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ

көр сетеді.  Оқушы  оқу  тапсырмасын  мұ-

ғалімнің  көрсетуімен  алгоритмге  сүйеніп, 

яғ  ни мұғалімнің сабақ үстінде жасаған əре-

ке  ті не сəйкес орындауы қажет. 

Бағдарлама  бойынша  оқу  мате риал да ры-

ның көпшілігін мұғалім проблемалық си туа-

ция  жағдайында түсіндіруі тиіс. 

Продуктивті іс-əрекетінің айырмашылығы 

оқу шы белгілі білімді өз бетімен жаңа ситуа-

ция да  қолдануы  немесе  белгілі  ситуацияда 

жа ңа білімді, əрекет жасаудың жаңа ерек ше-

сін табады (алгоритмді өзі жасайды). Бі рақ,  

оқушының дайын алгоритмді, үлгіні пай да-

ла нуы да мүмкін. 

Проблемалық ситуация жағдайында оқу-

шы ның іс-əрекеті ойлаумен, пайымдаумен, өз 

бе тінше  ізденуімен  сипатталады  (проблема 

тү рін де  сұрақтар  қою,  жорамал,  ой  туғызу 

т.б.). шы ғармашылық іс-əрекеті алгоритмнен, 

үл гі ден, формализмнен айырмашылықты кө-

те ре  алмайды.  Шығармашылық  бұл  эв рис-

тикалық іс-əрекеті, оның мəні, негізгі идея-

лары тез түсініп, ұғыну, істің кенеттен ше ші -

лу жолдарын табу. Оқушылардың шығарма-

шы  лық   ойлауы  проблемалық  ситуациядан 

бас та лады. 

Проблемалық ситуация деп пайда болған 

құ бы лыстардың  фактілерді  адамның  түсін-

ді ре алмай қиыншылық жағдайға ұшырауын 

ай та ды.

Сондықтан  қиыншылық  қабылдаған  бі-

лім   жəне  іскерлік  негізінде  адамды,  жаңа 

əдіс тер ді немесе істі істеуге, түсіндіруге та-

лап  тан дырады.

Ақыл-ой əрекеті толық циклының проб ле-

ма лық пайда болуынан проблеманың шеші-

луі не дейін мынандай кезеңдері болады;

- проблемалық ситуацияның пайда бо луы; 

- проблеманы – сұрақты қою жəне оның 

қиыншылық мəніне жете түсіну;

- болжау арқылы шешім тəсілдерін табу;

- болжамды дəлелдеу;

-проблема шешімінің дұрыстығын тек се ру. 

Проблеманы  оқыту  процесінде  мұғалім 

оқу  шыларға  сұрақтарды  қояды,  түрлі  тап-

сырмалар береді. Бұлардың бəрі проблемалық 

си туацияны туғызады. Осының нəтижесінде 

əр бір  оқушы  сұраққа  жауап  беруге  немесе 

про блеманы шешуге тырысады.

Проблема  проблемалық  ситуация  болып 

са налады, бірақ əртүрлі проблемалық ситуа-

ция  проблема бола алмайды. Мысалы, үшін-

ші сынып оқушысына өзеннің бір жаға сын да 

тұрып,  оның  енін  қалай  өлшейді  деп  сұ рақ 

қойса,  ол  сұрақтың  мəнін  ұғып,  оны  ше шу 

үшін дəрменсіз болады. Бұл жерде проб ле ма-

лық ситуация пайда болды. Бірақ ол проб ле-

ма бола алмады. Себебі, оны шешу үшін оқу-

шының білімі, тəжірибесі жеткілісіз бол ды. 

Химия  сабағында  «Су»  тақырыбын  өт-

кен   де мұ ғалім оқушыларға проблема түрін-

де  сұ рақ қояды: су сұйық зат, ол сутегі жə -

не  от тегі нен  тұрады,  сутегі  жанады,  от те-

гі  жану ды  қолдайды.  Олай  болса,  теңіз-

ді  не ге  жағуға  болмайды,  жанып  тұр ған  

шырпыны  тигізсең,  сөніп  қалады?  Бұл 

жер де  проблемалық  ситуация  туды  да,  ол 

про блемаға  айналды.  Өйткені,  оқу шы лар-

дың  химия  пəнінен  алған  білім  пробле ма-

ны шешуде игі əсер етті. Сонымен, оқушы-

лар дың  əртүрлі  шығармашылық  оқы ту  іс-

əрекетінде  мұғалім  проблемалық  ситуа ция 

туғызады,  жаңа  білімді  игеруде  оқушы лар-

дың ойлау іздену іс-əрекетінде олардың оқы-

ту  проблемасын  өз  бетімен  немесе  ұжым-

дасып шешуіне басшылық етеді. Міне, проб-

ле ма лық оқытудың мəні осында.

Ал,  мектеп  табалдырығын  жаңа  аттаған 

бала  оқу  бағдарламаларының  талаптарын 

орын дау,  мектептің  ішкі  тəртібін  сақтау 

үлкен дердің  айтқандарын  екі  етпеу  сияқты 

қа таң ережелер шеңберіне түседі. Енді оның 

субьек тілік  белгілерінің  даму  мүмкіндігі 

азая бе реді. Өйткені дəстүрлі мектептің мақ-

сат тарын  шешу  үшін  мұғалімнің  айтқанын 

дұ рыс  тыңдап,  тура  сол  түрде  айтып  беру, 

тап сырманы қатесіз орындау жеткілікті. Бел-

гі лі үлгіден ауытқу, басқа шешім іздеу талап 

еті ле бермейді.

Проблемалық жағдайды туғызудың ере же сі: 

1.  Оқушылардың  алдында  проблемалық 

жағ  дай ды  тудыру  үшін  оларға  жаңа  білім 

жə не  жаңа  біліктілікті  игеруді  талап  ететін 

тео рия лық немесе практикалық тапсырманы 


79

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

қою;   мұн да  іс-əрекеттің  жалпы  жағдайы 

не ме се  жалпы  заңдылықтары  сөз  болуы 

мүм кін.   1.  Тапсырма  оқушының  интеллек-

туал дық  мүмкіндігіне  сəйкес  болуы  қажет. 

Про бле ма лық тапсырманы қиындық деңгейі 

оқы ту материалының жаңалық деңгейі жəне 

оны  жал пы лау дəрежесіне тəуелді.

1. Проблемалық тапсырма игеруге қа жет-

ті материалды түсіндіруге дейін беріледі.

2. Проблемалық тапсырма болуы мүм кін: 

1) Игеру; 

2) Сұрақты құрастыру;

3) Практикалық тапсырма.

Проблемалық  тапсырма  тек  жоғарыда 

көр се тілген ережелердің негізінде ғана проб-

ле малық жағдайды тудыруы мүмкін.

1. Тек бірғана проблемалық жағдай түр лі 

тапсырма  түрлерін  құрастыруға  мүмкіндік 

береді.


2.  Өте  қиын  проблемалық  жағдайды  мұ

-

ғалім  оқушыға  оған  берілген  практикалық 



тап сырманы  орындамаудың  себебін  немесе 

бас қа  да  факттарды  түсіндіруге  мүмкіндік 

бол маған жағдайда жол көрсету арқылы ба-

ғыт тайды. Мəселен, «Сіз үшбұрышты бел гі-

лі 3 бұрышпен  құра  аласыз  ба?  Себебі  бұл  

тапсырмада үшбұрыштарға қатысты ма ңыз-

ды  ереже бұзылды» [4, 81].

Оқу  проблемасы – зерттеуге  қы зы ғу шы-

лық   тудыратын  ақыл-ой  меңгеудің  жаңа  іс -

əре кеттің  логикалы-психологиялық  фор ма-

сы.

Оқу проблемасының негізгі функциялары:



1) Мəселені шешудің жолдарын табу бой-

ын ша  оқушының  іс-əрекетін  яғни  ақыл-ой  

із денушілігін табуға арналған.

2) Оқушының жаңа білімді игеру бойын-

ша танымдық қабілеттерді қалыптастыру.

Шығарылған  проблемаға  бірнеше  талап тар -

ды  орындау  қажет.  Ал,  оның  біреуін  орын -

далмаса, проблемалық жағдай туын да май  ды:

1) Проблема оқушыларға түсінікті бо луы 

ке рек. Егер тапсырманың мағынасы оқу шы -

ларға жетпесе, онымен одан əрі жұмыс жа -

сау пайдасыз. Осыған сəйкес, проблема оқу -

шылардың ұғымымен құрастырылуы ке рек.  

Ал,  оқушылардың  көпшілігі  қойылған  про -

блеманың мəнін танып, оны шешудің құ рал-

дарын табуға мүмкіндік береді. 

2)  Ал,  оқушылардың  келесі  талабы  шы-

ға  рыл ған про блеманың күштілігі болып та-

бы  ла ды.  Егер  шығарылған  проблемасын 

оқу  шы   лар  дың  көпшілігі  шеше  алмаса  оны 

мұ ғалім нің  ше шуі не  көптеген  уақыт  керек. 

Əйт  пе  се оның тиім ділігі жоқ.

3) Проблеманың құрылымы оқушылар ды 

қызықтыруы  керек.  Əрине,  басты  қызы ғу -

шылықты тудыру істің математикалық бө лі-

міне келіп саяды. Форманың əртүрлілігі про-

б леманы шешу сəттілігіне ықпал етеді.

4)  Проблеманың  шынайы  құрылуын  қа-

да ғалау  маңызды  рөл  атқарады.  Егер  оқу-

шы ларға  арнайы  алдын-ала  проблемалық 

тап сыр ма  шешілетінін  ескерсек,  олардың 

сабақ қа  қызығушылығы  тез  сөніп  қалуы 

мүм кін [5,25]. 

Қорыта  келгенде,  проблемалық  оқытуды 

жүзе ге  асыру  бүгінгі  күннің  талаптарынан  ға-

на  туындамаған.  Ол  баланың  ақыл-ойын,  та                 -

нымдық белсенділігін дамыту, білімге ын та сын, 

қызығушылығын  ояту  мақсатында  бі лім  беру 

үрдісінде  пайдалануға  қажетті  оқы ту дың  бір 

əдісі ретінде сұранысқа ие болған оқы тудың түрі. 

Сондықтан  да,  баланың  оқы ту  үрдісіндегі 

білім алуға құштарлығын қол дап, əрі дамыту 

мақсатында  проблемалық  оқы туды  жүргізу 

де, бүгінгі таңда кезек күт тір мес мəселе деп 

есептейміз.

ƏДЕБИЕТТЕР

1  Харламов Л.М. Педагогика. Минск: Университетской; 2001.

2  Коджаспирова Г.М. Педагогика в схемах, таблицах и опорных конспектах. – Москва, 

2008.


3  Білім жəне ғылым энциклопедиялық сөздік. – Астана, 2009.

4  Кривченко Л.П. Педагогика. – Москва, 2006.

5  Хуторской А.В. Современная дидактика. Учебник для вузов. Санк-Петербург: Питер; 

2001.


80

ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ

ОƏЖ 37.372.854



Г.Саметова

Талғар ауданы, №31 – орта мектептің Химия пəнінің мұғалімі

ХИМИЯ ПƏНІНЕН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТƏРБИЕ БЕРУ

Бұл  мақалада  орта  білім  беретін  мектеп  оқушыларына  химия  пəнін  оқытудағы 

қолданылатын экологиялық білім мен тəрбиенің əдістері қарастырылады. Химия бойынша 

сəйкес келетін тақырыптардан мысалдар берілген. Бұл мақаланы химия пəнінің мұғалімдері 

мен жас мамандар қосымша материал ретінде қолдануларына болады.

Түйін сөздер: химия, экологиялық мəселелер, білім беру, тəрбие.

В этой статье предлагают методы экологического образования и воспитания школьников 

средне образовательной школы по химии. Даны примеры соответствующих тем по химии. 

Данная статья может быть использована в виде вспомогательного материала для учителей и 

молодых преподавателей химии.

Ключевые слова: химия, экологические проблеммы, образования, воспитания.

In this article offer methods of ecological education and of students and upbiringing schoolboys 

in chemistry. Given examples of corresponding themes in chemistry. This article can be used as 

additional material for teachers and young specialists of chemistry.



Keywords: chemistry, ecological problems, educations, education.

Қазіргі əлемде экологиялық проблемалар 

өзі нің  қоғамдық  мəні  жағынан  алдыңғы 

қатар дағы  мəселелердің  біріне  айналды. 

Адам ның табиғатқа əсері мыңдаған жылдар 

бойын да қалыптасқан табиғи жүйелерді өз-

гер  ту, сондай-ақ топырақты, су көздерін, ауа-

ны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл та би ғат-

ты  күрт  төмендеуіне  əкеліп  соқты,  көп   жағ-

дайларда  орны  толмас  зардаптар  қал дыр ды. 

Экологиялық дағдарыс шын мəніндегі қауіп ті  

төндіріп отыр. Іс жүзінде тез өріс алып ба ра 

жатқан  дағдарыстық  жағдайларды  кез  кел-

ген аймақтардан көруге болады.

Елбасы Н.Назарбаевтың 2030 жылға дей-

ін гі  стратегиялық  даму  бағдарламасында 

қор ша ған  ортаны  ластауға  экологиялық 

қа лып  ты 

жағдайды 

бүлдіруге 

жол 

бермеуге  зор   көңіл  бөлінгендіктен, 



оқушыларға  эко ло гия лық  білім  беріп, 

табиғатты қорғауға тəр бие леу  бүгінгі күннің 

кезек күттірмейтін өзекті мə се лелерінің бірі 

болып табылады.

Экология  бүкіл  адамзат  баласының  ша-

лыс  басқан əрбір іс-əрекетіне келешекте шек 

қоя тын, оның тыныс-тіршілігіне тікелей ат-

са  лы сатын ғылымның жаңа саласы.

Биосфера – айналамыздағы  табиғаттың 

тір шілік  етушілер  мекендейтін  бөлігі.  Оны 

біз дің айналамыздағы ауадан, судан жəне то-

пы рақтан бөліп қарауға келмейді.

Қазіргі  кезде  биосфераны  табиғаттағы 

бар лық  ресурстардың  жиынтығы  есебінде 

тү сінеді. Табиғат – бір-бірімен тығыз бай ла-

ныс та болып тұратын өте күрделі комплексті 

құ былыс. Ал, адамзат қоғамы сол табиғаттың 

бір бөлігі, ол онымен үнемі байланыста бол-

ған  күнде ғана, тіршілік ете алады.

Адамның өмірі үшін ең басты қажеттің бі-

рі – ауа. Мысалы, адам тамақсыз бес жетіге 

шы да са, сусыз бес күнге, ал ауасыз бес ми-

нут қа  ғана  шыдай  алады  екен.  Егер  адам 

тəу лігіне 4-5 килограммдай су, тамақ ішетін 

бол са, дем алғанда 23-24 килограммдай ауа 

жұ тады. Тамақ ішу, жұмыс істеу қимылдары 

тоқ тағанмен, адамда тыныс алу процесі еш 

уақытта тоқталмайды.

Бүгінде  экологиялық  жүйеге  өң  беріп, 

тір ші ліктің  тынысы  болып  келген  жердің 



81

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

жа сыл жамылғысы да азайып келеді. Талай 

өсім діктер мен жануарлар жер үстінен өліп 

кет ті,  кейбіреулеріне  жойылу  қаупі  төнуде, 

олар  Қызыл  Кітапқа  тіркелді.  Сондықтан 

бо лу  керек,  қазір  табиғи  байлықтарды  то-

лық   пайдалану  арқылы  табиғатты  қорғау 

мə се лесі дүние жүзі халықтарын алаңдатып 

отыр ған ірі ортақ мəселеге айналды. Эко ло-

гия лық  сауатсыздықтың  нəтижесінде  та би-

ғат, оның қорлары, жалпы қоғам зор шы ғын-

ға  ұшырауда.

Бұл тəрбиенің негізгі мақсаты – жас жет-

кін шек тердің  экологиялық  көзқарасын,  са-

на сын жəне табиғатқа үлкен жауапкершілік 

пен  парасаттылық қарым-қатынасын қа лып-

тас ты ру.

Химия пəнінен орта білім берудің негізгі 

мін деттердің  бірі – табиғатты  аялай  білуге 

бау лу, химияны жəне химия өнеркəсібін өр-

кендетуге  байланысты  ауаның,  судың  жə-

не  топырақтың  ластануын  болдырмау.  Ми-

не рал ды  тыңайтқыштардың,  өсімдіктерді 

қор ғай тын  заттарды  пайдаланудың  тиімді 

жə не  тиімсіз  жақтарын  білу.  Соңғы  кез ге  

дейін  химияны  кілең  мадақтайтын  сы ңар-

жақ тылықты қойып, оның табиғатқа, ағзаға 

жə не адамның денсаулығына тигізетін əсері 

жө нінде екі жақты ақиқат пікір туындады.

Химия  сабақтарындағы  «Оттегі», «Ауа  

жə не  оның  құрамы», «Отын  жəне  оны   жа-

ғу  тəсілдері», «Су», «Минералды  тың-

айтқыштар», «Мұнай өндіру» т.б. тақы рып-

та рын қарастырғанда жалпы біліммен қоса, 

оқу шылардың бір сəт назарын экологиялық 

білім ге аударып келемін. Экологиялық білім 

беру  баланың  табиғатқа  сүйіспеншілігі  мен 

қам қорлығын  арттырып,  игерген  білімді 

дұ рыс  қолдана  білуге  мүмкіндік  туғызады. 

Мы салы, 8-сыныптағы  «Оттегінің  қол да-

ны луы.  Оттегінің  табиғаттағы  айналымы» 

де ген тақырыпты қарастырғанда кейбір эко-

ло гиялық  есептеулерді  оқушылар  назарына 

ұсы нып отырамын.

Айталық, жылына 7 млрд тонна отын жа-

ғы лады,  оған 20 млрд  тонна  оттегі  жұм са-

ла ды. Бір əуе кемесі 8 сағат ұшқанда 50- 70 

т.от тегі жұтады, мұның орнын толтыру үшін 

25-50 мың га. орман соншама уақыт оттегін 

бө луі керек. Егер ондағы оттекті 16 пайызға 

дей ін  кемітсе  адамдар  оны  айтарлықтай 

се зі не  бермейді.  Ал,  оның  мөлшерін  одан 

əрі  төмендете  бастағаннан-ақ  оның  же тіс-

пейтіндігін ағза сезе бастайды да бас ай на-

лып,  көз қарауытады. Мəселен, ауадағы оттек 

10-12  пайызға  дейін  төмендеген  жағдайда 

ағ за да  əлсіздік  басталады,  адам  ұмытшақ 

ке ле ді, ойлау қабілеті төмендейді, ал, оттек 

мөл шері 8 пайыз  жəне  одан  да  төмендеген 

жағ дайда  адам  есінен  айрылып,  өлім  қаупі 

тө не ді.

Тағы бір мысал.жеңіл машина бір жарым 

мың   шақырым  жүргенде  бір  адамның  жыл 

бой ы тыныс алатын оттегін тұтынады. От те-

гін тұтынатын өндірістің жəне транспорттың 

кө беюі  ауада  оның  азаю  қаупін  тудырады. 

Қа зір  оттегі  биогендік  түзілуінен  гөрі 10-

16%   көп жұмсалады. 

10-сыныптағы  «Көміртек  қосылыстары» 

та  қы  рыбын  қарастырғанда,  отынды  жа ғу 

жə  не  өзге  өндірістік  əрекеттердің  нəти же-

сін де соңғы 100 жыл ішінде ауаға 400 млрд  

т.  көміртегі  (ІV)  оксиді  барып,  оның  ауа да-

ғы  қанықпасы 18%-ке  артқан.  Жыл  сайын 

ауаға 200 млн.  т.  көміртегі  (ІІ)  оксиді  (иіс 

газы) 50 млн. т. азот оксидтері (улы газдар) 

ба ра ды.  Өнеркəсібі  дамыған  елдерде  əр 

адам ға  шағып  есептегенде  жыл  сайын 

атмос фераға 150-200 кг тозаң, күл жəне өн-

ді ріс тің  басқа  қалдықтары  түседі.  Көмір 

қыш қыл  газының  ауадағы  мөлшері 0,02-

0,04%.  Ауаға  түсіп  жатқан  көмір  қышқыл 

га зы  мөлшерінің  артып  кетуі  қоршаған  ор-

та  жағдайына  келеңсіз  жайттарға  душар 

ете ді.  Айталық  оның  ауадағы  үлесі  екі  есе 

арт са, «Жылу  эффектісі»  деген  құбылысты 

ту ды рып,  жер  бетіндегі  температура  ор та 

есеппен 4ºС-қа артады. Бұдан мəңгі мұз дар,  

мұзтаулар  еріп,  ауа  райында  елеулі  өз ге ріс-

тер болады. СО-көміртегі (ІІ) оксиді, иіс  га-

зы,  жану  өнімдерінің  бірі.  Тұрмыста,  өнер-

кə сіпте  жəне  транспортта  əр  түрлі  отын-

дар  шала  жанғанда  түзіледі.  Ауада 1% иіс 

газы  (СО)  болса,  адам  қолма-қол,  ал   о ның 

үлесі 0,1%болғанда 30-60 минутта  өле ді. 


82

ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ

Иіс  газының  ауада  болуы  мүмкін  қанық-

пасы  (Б.М.Қ.) – 0,002. Иіс  газының  физио-

ло гиялық əсері гемоглобиндегі оттегін қуып 

шы ғуы на байланысты. Гемоглобин көміртегі 

(ІІ)  ок сидін  оттегіне  қарағанда 200-300 есе 

тез  қо сып алып, карбоксигемоглобин түзе ді. 

Иіс газы жүрек қолқа тамырға, жүйке жүйе-

сі не əсер етеді. Мамандардың есебі бойын-

ша бір машина бір сағат уақыт ішінде ауа ға 

6-10 текше метрге дейін улы газ бөліп шы ға-

ратыны анықталып отыр. Зауыттар мен жы-

лу электрстансаларында күкірті бар отын ды 

жаққанда  ауаға  шығатын  газдардың  зиян-

ды сы – күкіртті газ. Ол көп мөлшерде суль-

фид  кенін  өртейтін  металлургиялық  жəне 

химиялық зауыттардан түзіледі. Бұл улы газ 

қанықпасы 0,3мг/л. SO2-де адам бір минутке 

ғана шыдайды. 0,05мг/л SO2 көздің сілемейлі 

қабықшасын тітіркендіреді жəне жөтелтеді. 

Оның  өнеркəсіп  ауасындағы  мөлшері 

0,01 мг/л-ден аспауы тиіс. Тозаң – жану реак-

ция сы ның ең мол қалдығы – түтіннің құра-

мын дағы  майда  ұлпасы.  Өндірістен  шы ға-

тын тозаңның құрамында улы заттар: қор ға-

сын, сүрме, мыс, марганец, сынап, мышьяк, 

ок сидтері жəне т.б. қосылыстар болады. Қа-

ла лар дың үстіндегі түтін мен ұсақ тозаң жаз 

айын да  күн  сəулесінен  келетін  жарықтың 

құ нын 20 жəне 50 процентке дейін кемітеді. 

Сол сияқты ол тірі ағзаларға пайдалы ульт-

ра күл гін сəулені тұтып қалады. 

10-сыныптағы «Азот қышқылының өн ді-

рі сі»  тақырыбын  қарастырғанда,  азот  қыш-

қы лын  өндіретін  зауыттың  мұржасынан 

«түл кі құйрық» деп аталатын қызғылт сары 

тү тін будақтап жатады. Бұл азоттың улы ок-

сид тері. Бір зауыт тəулігіне 20 тоннаға жуық 

оксидтер  шығарады.  Құрамында 3-6мг/л 

азот (ІІ) оксиді бар ауамен 6-12 мин, 0,1мг/л 

азот (ІІ) оксиді бар ауамен 1 сағат тыныс ал-

ған  адамның  өміріне  қауіп  төнеді.  Онымен 

улан ған адамның басы айналады, əлсірейді, 

өңі қа шып, қанның қысымы төмендейді. Бұл 

газ дың  өндіріс  ауасындағы 0,005мг/л – ден 

ас пауы керек.

11-сыныптағы  «Мұнай  жəне  оның  өнім-

де рі»   та қы ры бында мұнай өндіретін өндіріс 

орын дарының  зияндылығына  тоқталамын. 

Жер дің  төменгі  терең  қабаттарынан  өн ді -

рілетін  мұнайды  жəне  өнімдерін  өн ді ріс те 

адам  баласы  күнделікті  тұрмыста  пай да-

ланғанда күкірт (ІV) оксиді, азот (ІV) окси-

ді,  ал  толық  жанбағанда  көміртекті  суте-

гі   тү зіледі.  Олар  газ  түрінде  ауаға  өтеді  де,  

жаңбырмен  жуылып,  жерге  түседі.  Қыш-

қыл  жаңбырдың жиілеуі экологиялық жүйе-

лерді  жəне  құрылысты  бүлдіреді.  Қыш-

қыл  жаңбыр  суы  топырақты  магний,  каль-

цийді  жуып,  алюминий,  марганец  сияқ ты 

металдарды  сіңіріп,  олардың  улы  қанық па-

сын түзеді. Бұның өзі өсімдіктердің қа лып -

ты  өсуіне  үлкен  кесірін  тигізіп,  ауа  лас та-

нуына  жол  береді.  Мұндай  табиғатта  бө  ліп 

жатқан  улы  заттарды  тазалағыш  жүйе лер  

мен  сүзгілер  түрлерін  пайдаланып,  тоқ та-

ту ға  болады. 10-сыныптағы  «Су»  тақы ры-

бын  қарастырғанда «су – тіршілік нəрі» де-

сек  те,  судың  құрамында  қайсыбір  хи мия-

лық элемент шектен асып кетсе ол адам ның 

денсаулығына  зиянды  екендігіне  тоқ та ла-

мын.  Мəселен,  кадмий  қан  айналысын  бұз-

са, асбест ісік ауруларына алып келеді, хром 

бүйректі  құртса,  сынап  ішек  ауруын  ту ды-

рады. Холестеринмен қосылып, қан та мыр-

ла ры мен тамырша көздерін бітей бастайды. 

Нə тижесінде адам склероз, инсульт, инфаркт 

ауру ларына  шалдығады.  Көптеген  елдерде 

су дың  құрамындағы  сульфат  мөлшері 1 

литр ге  шаққанда 200-400 миллиграмнан 

кел се, бізде бұл көрсеткіш орта есеппен 500 

миллиграмнан айналады. Куба, ЧССР, Ру мы-

ния мемлекеттерінің стандартына қарағанда 

біз дегі  стронций  деңгейі  ГОСТ  бойынша 

7000  есе  көп.  Цианид  мөлшері  ГДР,  АҚШ, 

Канада, Румыния елдерімен салыстырғанда 

2-10 есе артық. Осының салдарынан елімізде 

бүй ректің қалыпты қызмет етуі, бүйректе тас  

бай лану секілді аурулар жиі кездеседі. Қа зір-

гі таңда дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйы-

мының есептеулеріне қарағанда дерт түр ле-

рі нің 80 % тікелей  судан  болап  отыр.  Бұл 

проб лема  əсіресе  Арал  өңірінде  айрықша 

мəн ге ие болуда. Қазіргі кезде Сырдария өзе-

нінің су бассейіндері пестицидтермен, ау ыр 


83

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

металдармен  ластануы  айтарлықтай  алаң-

датушылық  білдіруде.  Мыс  ,қорғасын  жə не 

мырыш сияқты ауыр металдар адам ағ засы-

ның  ткань дері  мен  өмірлік  маңызды  орган-

дарында жоғары кумулятивтік қасиетке ие бо-

лып, созылмалы интоксикацияға ұшыратады, 

ал, ол өз кезегінде онкологиялық ауруларға, 

жү рек,  қан  тамырларының  аномалиясына 

əке ліп соқтырады. Сондықтан да, су құрамын 

ауыр  метал дар ионынан тазарту маңызды да, 

күр делі міндет болып табылады. Су көздерін 

та за ұстау мəселесі бізде де оңып тұрған жоқ. 

Алматы қаласының көшелерімен өтетін Үл-

кен Алматы, Кіші Алматы, Весновка, Қарасу 

өзен дерінде  мұнай  өнімдерінен  басқа  да 

зиян ды  қалдықтар  көп.  Автобаздардың,  те-

рі  комбинатының,  қаладан  жоғары  ка на ли-

за циясы  жоқ  елді  мекендердің  қалдықтары 

өзен су ларын ластайды.

80-шы жылдары Жамбыл облысының хи-

мия кəсіпорындарында бірнеше рет апат бо-

лып,  олардың  уытты  өнімдерін  маңайдағы 

көл дерге  құйып  «өлі»  көлге  айналдырды. 

Қараған ды  обл ысында  Нұра  өзені  сынап 

қал дық тарымен  уланып  адамдар  мен  қор-

ша ған ортаға өте қауіпті болып отыр. Жай-

ық өзеніне Ресей мен Қазақстанның химия, 

ме тал лургия жəне мəшине жасайтын кəсіп-

орын дары  тазаланбаған  қалдықтарын  төгу-

де.  Осының  салдарынан  өте  бағалы  бекіре 

балық тар  ұрық  шашатын  алқаптар  уланып 

Атырау  өңірі  көп  зиян  шегуде.  Судың  эко-

ло гиялық  зардаптарының  тигізер  сырына 

қа нық  əрбір  адам  ауыз  суға  талап  деңгейін 

жо ғары  ұстап,  оны  тазартып  ішуге  ынталы 

бо

 

луы керек.



10-сыныптағы  «Минералды  тыңайтқыш-

тар өндірісі» тақырыбында жер бетіндегі алты 

миллиард  адамды  асырау  үшін  минералды 

тың айтқышты пайдалану экономикалық жа-

ғы нан  өзін-өзі  ақтайды,  дегенменде  Мине-

рал ды тыңайтқыштардан өсімдіктер 40-50% 

азотты, 20-25% фосфорды, 70-80% калий ді 

ғана пайдаланады. Ал, қалған бөлігі топы рақ-

та қалып, топырақ (эрозиясына) ластануына 

жол  бе ріледі.  Азотты  тыңайтқыштардан 

көп  бе ріл ген  жағдайда 300-400ц/га  артық 

бе рілу  адамдарды  уландыру  қаупін  ту ғы-

за ды.  Əсіресе  нитраттардың  артық  мөл-

ше рі  көкөніс  жəне  бақшалық  өсімдіктер 

үшін  өте  қауіпті  келеді. 1991-1992 жыл да-

ры  Төрекелді  Шорманов  бастаған  Ал ма-

тының кардиология ғылыми зерттеу инсти-

тутының  қызметкері  Ж.Сисеналиев  Қаза-

лы  қаласының  екі  мың  тұрғынының  қа нын 

Түрікмен республикасына барып, тек се ру ден 

өткізгенде, олардың барлығынан да нит рат-

тар шыққан. Сол институттың ғылыми қыз-

мет кері  Хайрулла  Бисеновтың  зерттеуі  ол 

нит раттардың адам тəнінен қайтып шықпай, 

қай та есе лей кө бейе беретіндігін көрсеткен. 

О ның үс тіне бүгінге дейін нитраттарды жой-

ып жіберетін дəрі жасалған жоқ. 

Экологиялық катастрофалар, күкірт қыш -

қы  лы ауа ға, то пыраққа, суға түскенде бола-

тын зиянды зардаптар. Транспортта, заводта, 

шойын жолдарда болатын апаттар т.б.

Қорыта  айтқанда  химия  сабақтарында 

түр леріне сай іріктеліп алынған əдістер оқу-

шы лардың  танымдық  қызығушылықтары 

мен  бел  сенділіктерін арттырып, сол арқылы 

оқу  шылардың 

химиялық-экологиялық 

ұғым дары  негізінде  білімдерінің  терең деу ін, 

оны  іс  жүзінде  пайдалана  алу  мүм кін діктерін 

күшейтеді.  Оқу  материалын  мең гертуде  тірек-

сызбаларды  мəтінге  ай нал дыру,  дəріс  сабағы, 

«Сұрақтар 

мен 

жау  ап  тар», «Химиялық-



экологиялық  дик тант»   т.б.оқыту  тəсілдері; 

білімді,  іс кер   лікті   қалыптастыру  сабақтарында 

эко ло гия лық  мазмұнды  есептер  шығару  тиім ді  

қол да нылды.  Бұрынғы  дəстүрлі  оқу  үр ді сінде 

мұғалімге басымдылық ролі бе ріл се,   ал мұндай 

оқу үрдісінде оқушы бел сен  ділік көрсетуі тиіс оны 

оқытпайды, өз ді гі нен оқу керек. Ал мұғалімнің 

негізгі кө ңіл аударатыны əрбір оқушының жеке 

қы зы ғуы мен мүмкіндіктерін ашу болмақ. Оқу-

шының жеке интеллектуалды дамуы, сөй леу 

мəдениеті,  өз  бетінше  жұмыс  істеу  жауап-

кершілігі,  өз  еркімен  ұсыныс  жасауы  жү-

зе ге  асты.  Ұлы  ойшыл,  қытай  философы 

Конфуцийдің «Естігенді ұмытамын, көргенді 

ес ке  сақтаймын,  өз  ақыл-ойыммен  істеген 

ісімд і түсінемін» деген даналық сөздері осы 

айтыл ған дарды дəлелдей түседі.


84

ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет