Бас редактор с. Ж. Пірәлиев


ҰЛТТЫҚ ТАРИХЫНДАҒЫ АСА КӨРНЕКТІ



Pdf көрінісі
бет2/15
Дата09.03.2017
өлшемі2,57 Mb.
#8615
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

ҰЛТТЫҚ ТАРИХЫНДАҒЫ АСА КӨРНЕКТІ 

ҚАЙРАТКЕР ТҰЛҒА

Қорыта  айтқанда,  мыңжылдықтар  бойы 

әлем  өркениетін  өркендетуге,  материалдық 

және  рухани  мәдениет  салалары  бойынша  зор 

үлес  қосып  келген  бүгінгі  және  болашақтағы 

қазақ  ұрпақтары  даму  үдерісіндегі  дәстүрлі 

жолды сеніммен жалғастыра береді. Бұл – біздің 

мемлекеттік дамуымыздың тарихи жолы.



Резюме

В статье на историко-культурном аспекте анализирована руководящая и организаторская роль 

Первого Президента, Лидера наций Нурсултана Назарбаева, которые за 21 лет под руководством 

народ  Независимого  Казахстана  достигли  значимых  результатов  в  области  материальной  и 

духовной культуры. 

Summary

In the article on the historical and cultural aspects analyzed leadership and organizational role of the 

First President, Nursultan Nazarbayev, leader of the nations, who for 21 years under the leadership of the 

people of independent Kazakhstan achieved significant results in the field of material and spiritual culture.

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ КОНСОЛИДАЦИЯҒА ЫҚПАЛЫ

Жұматаева Е. – 

п.ғ.д., профессор,

С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің

Ж.Аймауытов атындағы этнопедагогика және

білімденудің инновациялық технологиялары

ҒПО директоры

Қазақстан  Республикасы  талай  ғасырлардан 

бері  көксеп  келген  тәуелсіздік  мәртебесіне 

ие  болып,  өздігінен  дербес  мемлекет  бола 

алатындығын  әлем  кеңістігінде  дәлелдей  алды. 

Президентіміз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев 

Тәуелсіз  мемлекетіміздің  үш  түрлі  иерархияға 

көтерілуін  «Қазақстан  –  2030»  Стратегиясында 

үлгілеп берген. 

Бірінші  түріне  –  халқының  демократиялық 

ұстанымға бұрылуына жол беретін Қар Барысы 

тек  бұрынғы  ұлттық  сипатқа  тән  асқаралы, 

салихалы  қасиеттерді  қайта  орнықтырудың 

құралы  іспетті  алынған  үлгі  екеніне  хал-

қымыздың  түсінігі  енді-енді  оянған  секілді. 

Бұндай  шарттылықпен  тұспалдап  алынған 

философиялық  сипат,  қарабайыр  танымға  сый-

ым сыз екенін де ескергеніміз жөн. 

Екінші түріне – Ортаазиялық барыс жатады. 

Бұнда кешегі Ер Түрік заманындағы тұтас елдің 

мәртебесін  құраған  ынтымақтастық  үлгінің 

мәні  айқындалып  берілген.  Оған  Өзбек,  Тәжік, 

Қырғыз  және  т.б.  мемлекеттердің  Қазақстан 

Республикасымен  рухани-экономикалық,  сая-

си  қауым  бірлестігін  жатқызамыз.  Осындай 

сүбелі  мақсатты  толыққанды  жүзеге  асыру 

үшін Орта Азия барысының кейпін орнықтыру 

халқымыздың  алдында  тұрған  айрықша  міндет 

болып табылады. 

Ал,  үшіншісіне  –  Еуроазиялық  барыс  жата-

ды. Сөйтіп, ұлттық сипат Азиялық сипат арқылы 

ұдайы  интеллектуалды  әлеуеттің  геометриялық 

прогрессия  қағидасымен  өсіп,  өркендеуінің 

нәтижесінде  Еуроазия  кеңістігінде  өркениетті 

елдердің  қатарына  қосылуға  мүмкіндік  бар 

үлгіде ұсынылған. 

Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан  –  2030» 

Стра тегиясының  «Қазақстан  мұраты»  деп  ата-

латын  бөлімінде:  «біздің  бабаларымыз  бен 

немерелеріміз  бабалардың  игі  дәстүрін  сақтай 

отырып,  қазіргі  заманға  нарықтық  экономика 

жағдайында  жұмыс  берерге  даяр  болады.  Олар 

бейбіт,  абат,  жылдам  өркендеу  үстіндегі  күллі 

әлемге  әйгілі  әрі  сыйлы  өз  елінің  патриоттары 

болады» – деп тұғырлы сенім артып отыр. 


13

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА

12

Тәуелсіздік  алған  алғашқы  күндерден  бас-



тап  ұлттық  мүдденің  халықаралық  ынтымаққа 

түсу ұғымы, мазмұны төңірегінде саяси бағдар 

және сұхбат өткізіп келді. Одан «Ұлттық мәре», 

«Мәдени мұра», «Халықаралық ынтымақ» деген 

ұғымдар туып отыр. 

Бүгінгідей  рухани-идеологиялық  қайшы-

лықтар  тұсында  консолидацияның,  отаншыл-

дық  сана-сезім  түйсігін  орнықтыруға  айрықша 

маңызы зор. 

Елінің  азаматтары  ұлт  азаттығын,  бос-

тандығын,  өркениетті  ел  болуын  аңсап,  жас-

тарды  бірлікке,  ынтымаққа  баулуға,  Отанын 

сүюге, ұлтын ұлықтауға шақырған. 

«Бізде  Жолбарыстар  жоқ,  ал  тауларымызда 

тіршілік  ететін  Қар  Барысы  дүниежүзілік 

қоғамдастыққа  онша  таныс  емес.  Жануарлар 

әлемінде  Жолбарыс  туыстас  болғанымен,  Ба-

рыстың өзіндік ерекшеліктері де бар. 

Бұл  –  өзіне  тән  тектілігімен,  бұлалығымен

алғырлығымен,  жасқануды  білмейтін  тәкап-

парлығымен,  батылдығымен,  айлалығымен 

дараланатын Барыс болмақ». 

Біздер осы Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 

халқына Жолдауының жас ұрпақтардың балғын 

шағынан бастап, ұлттық сипаттағы халықара  лық 

ынтымақтастық  педагогика  негізінің  үлгісіне 

басымдық берер тұсы деп есептейміз. Орта Азия 

Барысына жетер желінің тірегі осы Қар Барысы 

болмақ. Мәдени мұра материалдарынан аталған 

қасиеттердің  мәнділік  ерекшеліктері  талданып, 

оның  қауымдық  сипатта  меңгеруге  қуатының 

қаншалықты дәрежеде екені байқалды. 

«Қазақстан  –  2030»  Стратегиясына  пайым-

мен  қарасақ,  ұлттық  мүдденің  халықаралық 

татулыққа  ұласуының  сүбелі  нәтижелерге  ие 

болғанын  дәлелдейді.  Сөйтіп,  қоғам  мен  эко-

номиканың дамуы ашық сипатқа ие болды. Де-

мо  кратиялық  бағыт  басымдық  алып,  адамның 

жан-жақты  экономикалық,  саяси,  діни  таңдау 

еркіндігі,  құқығы,  еркін  ойлау,  еркін  сөйлеу 

құқығы жүзеге асырылды. 

Жаңа  ғасырда  Қазақстан  басқа  өркениетті 

елдермен  қатар  Қазақстан  ғылым  мен  білімді 

тұтастық қағида шегінде ақпараттық технология 

сапасында халықаралық талаптар мен стандарт-

қа  оның  өзін  тек  ұлттық  ерекшеліктеріне  (Қар 

Барысы)  сай  үйлесімді  өркендетудің  амал-

тәсілдерін саралауда. 

Бүгінгі  таңда  барлық  әлемде,  сонымен  қа-

тар  Қазақстан  Республикасында  жаңа  әлеу-

мет  тік  мәндегі  жас  ұрпақтың  өркениетті  ел 

қатарына  қосылуына  жаңаша  дүниетаныммен, 

парадигмамен қарау айқындалып отыр. 

Философиялық  сөздікте  ұлттық  мәренің, 

мүдденің генезисі қандай? – деген сауалға жауап 

былай  болып  келеді:  грек  тілінен  –  genesis  – 

шығу, пайда болу дегенді аңғартады. 

Айтып  өткен  зерттеуге  тиек  етіп  алынған 

мәселелерді шешуде біз әр тұлғаның болмысын 

тұтастай  қараудың  мүмкіндіктерін  ұлттық 

мүддеге,  халықаралық  ынтымақ  моделіне 

сүйендік.  Сонымен  қатар  тұлға  теориясы, 

құндылық  теориясы,  тұтас  педагогикалық 

теория,  философиялық,  психологиялық  негізде 

тал дау жасау нәтижесінде қойылған пробле ма ны 

шешуге тарихи қағида негізге алынды. 

Қазақстан  қоғамының  негізгі  мұраты 

ұлтара  лық  шынайы  достық  ынтымақтастықты 

қамтамасыз  ету  болып  табылады.  Ол  үшін 

алдымен  әр  ұлттың  өзіндік  ерекшеліктеріне 

мән  беріп,  олардың  сұрыпталып  қалған  озық 

мұраттары  мен  дәстүрлерінің  өркен  жаюына 

мүмкіндіктер  жасалуы  қарастырылады.  Нәти-

жесінде  әр  ұлт  өзінің  табиғи  даму  болмысына 

зердемен  бағам  жасап,  сол  игі  мұраттардың 

ілгеріге  қарай  қозғаушы  күш  сапасында 

қызмет  атқаруына  қолайлы  жағдай  туғызу  өр-

кениеттілікке жетелейді. 

Қазір  біз  тұрақтану  кезеңіне  өтудеміз.  Ең 

өзекті  және  маңызды  міндеттерімізді  шешуде 

қол жеткізген табысымыз бізге жан-жағымызға 

үңіле зер тастауға, өткен жолымызды таразылау-

ға әрі болашаққа батылырақ көз салуға, алдағы 

дамуымыз туралы ойлауға, өз жоспарларымызды 

түзуге мүмкіндік береді. 

«Біздің  алға  қарай  тұрақты  жылжуымыздың 

басты  шарты  –  біздің  қоғамымыздың  алға 

қойылған  мақсаттарға  қол  жеткізудегі  бір-

тұтастығы,  халықтың  барлық  жіктері  мен 

топтарының 

ортақ 

міндеттерді 



шешуге 

бағытталған  стратегия  айналасында  топтасуы» 

–  деп,  алғы  міндеттерді  Президентіміз 

Н.Ә.Назарбаев  атап  өтті.  Идея  (грек  сөзі  –  об-

раз) – болмыс және ой категорияларымен тығыз 

байланыстағы  «Мән»,  «Мағына»,  «Маңыз» 

терминдерімен туыстас ұғым. 

«Ұлттық  идея»  –  грек  сөзінен  алынған  – 

көзқарастар  жүйесі,  ұлт  бірлігінің  қағидасына 

және  оның  қоғамдық  салаларының  көздейтін 

мақсатының басымдығына негізделген. 

«Ұлт»  –  ұлттық-экономикалық  тұтастыққа, 

тілдің,  мәдениеттің  ортақтығына  негізделген, 

психикалық  ерекшелігімен  көрінетін  адам-

дардың этникалық бірлестігі. 

Сөйтіп,  тұрақты  дамудың  негізі  –  алдымен 

«Ұлттық  идея»  ұғымын  дұрыс  іс-әрекетте 

қолдану және ұлт тұтастығын сақтаудың мәнін 

бағамдау,  оның  тек  өзіне  тән  ерекшеліктерін 

ескеріп,  сан  ғасырлар  бойы  сараланған  ең 

озық  дәстүрлерді  болашақ  мақсатына  ұтымды 

пайдалану  болып  табылады.  Мұнымен  бірге 

қазақ  халқынан  басқа  да  ұлттардың  өмір  сүруі 

ұлтаралық қарым-қатынас жасаудағы белгілі бір 

тұрақтылықты қажет етеді. Олай болса, Қазақстан 

қоғамының  көпұлтты  консолидациясын  құру 

мәселесі бұрын да және қазіргі кезеңде де кезек 

күттірмейтін нысан екені даусыз. 

Консолидация – консолидировать – шоғырлау, 

нығайту – ұзарту деген ұғымды білдіреді. Кон-

солидация  (лат.  упрочнение  «прочный»)  –  1) 

беріктік, ынтымақтастық. 2) Мемлекеттік заим-

ның  ұзақ  мерзімге  арналған  операциясы.  3) 

Бұрынғы  заңдарға  сүйене  отырып,  бірлесу, 

шоғырлану дегенді аңғартады. 

Қазақстан  Республикасындағы  халықтар-

дың  арасындағы  идея  тоғынының  шоғыр-

лануы  және  ондағы  қазақ  халқының  өзіне 

тән  ерекшелігінің,  дәстүрінің  озықтығын 

сұрыптап,  барлық  Қазақстан  Республикасы-

ның  Заңдарының  шегінде  жалпыадамзаттық 

Модель – Қазақстандық патриотизмнің Қар Барысындағы сипаты

 

Мақсаты: Қазақстандық патриотизмді құру 



міндеті 

Қарбарысының 

Еуробарысқа 

жалғасуы 

Орта Азия Барысына айналуы 

Жаңа әлемдегі 

Жаңа Қазақстан 

Мазмұны  

Мазмұны  

1. Өзіне тән тектілігімен 

Қуатты мемлекеттік 

билік пен демократия – 

бір-бірін қолдаушы күш. 

Жаңа әлемдегі жаңа 

Қазақстанның дамуына 

қозғаушы күш 30 

бағытын іске асыру  

2. Бұлалығымен  

3. Алғырлығымен  

4. Жасқануды білмейтін 

тәкаппарлығымен 

5. Батылдығымен  

6. Айлалылығымен дараланатын Барыс 


15

14

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА

құндылықтардың  интеграцияланып,  ел  игі-

лігіне  жұмсалуына  бағдар  жасау  көзделеді. 

Олай  болса,  қоғам  сұранымы  халықаралық 

деңгейде  Қазақстан  Республикасындағы  көп-

ұлтты  елдердің  бір-бірімен  өздерінің  ұлттық 

ерекшеліктерін  сақтай  отырып  шоғырлануы, 

ынтымақтасуына  қажеттілік  туып  отырғаны 

мен  мәселенің  шешілуіне  қатысты  әр  ұлттың 

ең  озықтық  дәстүрлерінің  ұлттық  сипаты 

айқындалмағандығының  арасында  және  оның 

озықтық  дәстүрлер  екенінің  сұрыпталмауының 

арасында кереғар қайшылықтар туып отырғаны 

байқалды. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан–2030» 

стратегиясындағы  Қарбарысының  сипаты  –  ат-

ал ған мәселенің шешімін табуға негіздеме. Бұл 

платформадан  біздер  әрбір  қоғамда  өмір  сүріп 

отырған  адамның  өзін-өзі  тануына,  Отанын 

сүюіне,  оған  құрметпен  қарауына,  туған  жерін 

қадір  тұтуға,  ата-бабаның  өркениетті  елдердің 

қатарына  қосылуға  мүмкіндік  жасар  озықтық 

салт-дәстүрлерінің  құндылығын  мақтаныш  тұ-

туға,  әлемде  халықтар  арасындағы  бейбітшілік 

үшін достықты нығайтуға, ғаламдық жаһандану 

кеңістігінде  рухани  байлықтардан  үлгі-өнеге 

алуға мүмкіндік туады. 

Қазақстандық идеологияның діңгегі – ұлттық 

мұраттар.  Ұлттық  мұраттардың  жемісі  кешегі 

алты  алаш,  ғұн,  жужан,  сәнби,  оғыз,  қыпшақ, 

сақ дәуірі және оған жалғасып келген Күлтегін 

ескерткішінен (б. ғ. д. V-VII ғғ.) бастап, бүгінгі 

күнге  дейінгі  өнер,  ғылым-білімге  үлес  қосқан 

тұлғалардың  еңбектеріндегі  ілгерішіл  ой-

пікірлер,  тұжырым-бағамдар  екенін  ескеру 

көзделеді. 

Қазақстандық  патриотизм  әлемдегі  татулық 

үшін,  адамзат  өміріне  қауіп  төндіретін  термо-

ядролық  және  экологиялық  апаттың  алдын 

алуымен,  халықаралық  қатынастарды  заман 

талабына  сай  құруымен  және  әлемдік  жаңа 

өзгертулерге ілесуімен, өзара түсіністікті негізге 

алуымен,  тәуелсіз  елдермен  және  басқа  да 

мемлекеттермен  көршілік  татулықпен,  іскерлік 

ынтымақтастықпен  тығыз  байланыста  болып 

келеді.  Олардың  құрамды  бөлігі  көпжылдар 

бойғы біздің халықаралық саясатты белгілеген, 

олардың  өмірін,  экономикалық  дамуын,  ғылым 

мен  мәдениетін  бұрмалаушылықпен  көрсеткен 

жөнсіз,  рухани  әлеует  мөлшерін  ұдайы  ұлттық 

ерекшелікті ескермей салыстыруды жеңу болып 

табылады. 

«Қазақстан  –  2030»  стратегиясындағы  Қар-

барысының  (символ)  Еуроодақ  кеңістігіндегі 

Барысқа  бейімделуінің  парадигмасын  жалпы-

қазақстандықтардың  жыға  түсіне  бермеуі  мен 

оның  әлемдік  мәртебеге  ынталану  үдерістерін 

модернизация  мүддесіне  сәйкестендіре  ал-

мауы ның  және  аталған  мәселенің  ұлттық  мұ-

раттарға  сүйенбеуі  нәтижесінде  қазақстандық 

идеологияның  тұрақтылыққа  ие  болмауының 

арасындағы  қайшылықтардан  мемлекеттік  тап-

сырыс қажеттілігінің тууы заңды құбылыс. 

Қазақстан Республикасының жаңарған қоға-

мына лайықты жаңа адамын тәрбиелеу – бүкіл 

халықтың  күрделі  міндеттерінің  бірі.  Біздің 

әлеуметтік  қоғамымыз  жететіндей  нұсқалы, 

нақты,  жүзеге  асатын  жаңа  заман  бүгінгіге 

дейінгі  халық  шығармашылығымен  жасалады. 

Осындай  жасампаз  жұмыстың  барысында 

өркениетке  ынталы,  жаңалыққа  құлшынысты 

жаңа  адам,  әлемдегі  әділетті  қоғамның  сәу лет-

шісі, жасаушысы ретінде өркендейді. 

Жаңа  қоғамның  дамуындағы  ең  маңызды 

нәтиже  –  оның  барысында  сомдалған  жаңа 

Адам. Яки, бостандықты жеке басының рухани 

ұстанымы  үшін  құзыретімен  оны  деген  бір 

ауыр  күрестерден  қорғай  жеңіп  алған,  өзінің 

табиғи  күш-қуатын  ізгілікпен  ширатқан,  бар-

лық  қиындықтарда  өзінің  осал  мінез-құлқын 

тұншықтырған,  болашағын  ұлттық  мұраттар 

негізінде жасаған, барлық сын-сынақтардан өтіп, 

өзі  адам  танымастай  болып  жаңарған,  өзінің 

бұрынғы  қасиеттеріне  қазақстандық  идеология 

тұрғысында  қарап,  өмір  сүрудің  тәжірибелерін 

ғылымға  жүгіндіріп,  өзінің  жеке  басының 

мәдениетін,  білімі  мен  ғылыми  түсінігін  іс-

әрекетте кәдеге жарататын мәреде көріне алатын 

адам. Бұл – адам, болашақтың нағыз патриоты 

болумен бірге, әлемдік өркениетке ынталы жал-

пыадамзаттық ізгілікті жан болады. 

Ұлттық  мұраттардың  субстанциясы  –  пат-

риоттық  тәрбие,  оның  негізгі  мақсаты  –  жеке 

тұлғаның,  әлеуметтік  топтың  патриоттық, 

ізгілікті  іс-әрекетті  саналы  меңгеріп  алудағы 

талпынысын  айқындайтын  сан  ғасырлардан 

бүгінгі  күнге  дейінгі  қаланған  философиялық, 

саяси-моральдық,  кәсіптік,  қоғамдық  құзырет-

тілік сананы дарыту және оны әр тұлғаның қоғам 

өзгерісіне орай жаңғыртып дамыту. 

Патриоттық  іс-әрекеттер  –  деп  біздер,  әл еу -

меттік-ұнасымдық  сарыны  мен  елінің  оз ықтық 

салт-дәстүрлерінің  тарихи  желідегі  кезең-

діктерге қатысты мұраттарын жаңа заманға ың-

ғайлауға  және  оны  қорғауға  бағытталған  жеке 

тұлғаның  және  әлеуметтік  топтың  кез-келген 

әрекеттерін түсінеміз. 

Қазақстандық  патриоттық  тағылым  бар-

ысында  мемлекетіміздің  және  Ел  Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың  Халқына  Жолдаулары  мен 

«Қазақстан  –  2030»  стратегиясындағы  ұс-

танымындағы  саяси  сенімділік,  Отанға  сүйіс-

пеншілік,  тәуелсіз  өмір  сүріп  жатқан  елдер-

ге  ынтымақтастық,  жалпыадамзаттық  ізгілік, 

жал  пы халықтық  намыскерлік,  ел  тағдырының 

бола шағы  үшін  жауапкершілік,  экономикалық 

да му  қарқынын  тездетуге  үлес  қосуға  ниеттес-

тік, ғылыми, саяси-моральдық және туған жерін 

қорғау мақсатындағы қазақстандық идеологияға 

әзірлік,  Отанын  саяси-идеологиялық  қауіптер-

ден  сақтауға  бағыттылық,  арам  ниеттегі  ішкі 

және сыртқы жауларға төзбеушілік тәрізді сапа-

дағы мінез-құлық қалыптасып дамытылады. 

Сонымен,  ұлттық  мұраттар  –  патриоттық 

жә не  жалпыадамзаттық  ізгілік  ұстанымының 

парадигмасына  сүйеніп,  тұлғалық  болмысты 

дамытудың  озық  үлгісін  (моделін)  анықтауға 

жол  ашады.  Мұнымен  бірге,  аталған  қасиет-

терді  таңдаудың  тиімді  қағидалары  мен  қа-

жетті  іс-әрекеттері  зерттеудің  мүмкіндігін 

айқындап  береді.  Ұлттық  мұраттар  тарихи-

философиялық ғылымдарды, әсіресе, Қазақстан 

Республикасының 

кезеңдікке 

жіктелуінің 

нәтижесінде  сұрыпталып,  Қазақстан  Респуб-

ликасында  тұратын  халықтардың  және  әл-

ем  елдерінің  ізгілікті  істері  мен  ғылыми 

жетістіктерін ұштастыра меңгеру арқылы жүзеге 

асырылады. 

Қазақстандық  патриоттық  тәрбие  Отан  құн-

дылығын  рухани  мәреде  танудың  тікелей  және 

жанама  көрінісінен  басталады.  Қол  жеткен 

сүбелі  табыстарымыздың  маңыздылығы,  адам-

дар  өмірінің  ерекшелігі,  мемлекеттіміздің  іл-

герішіл,  саясаты  мен  патриоттық  міндеттері 

терең  ашылып,  Отанды  қорғаудың  жолдары 

дәріптеліп,  сыртқы,  ішкі  жаудың  қастандық 

әрекеттері  сынға  алынуы  қажет.  Патриоттық 

тәрбие, тәрбиенің барлық негізгі бағыттарында 

(саяси-идеологиялық,  адамгершілік,  құқықтық, 

эстетикалық,  еңбек  және  т.б.)  жүзеге  асатыны 

белгілі.  Осы  орайда  патриоттық  тәрбие  про-

цесінің  дербес  саяси-қоғамдық  іс-әрекеттер 

жүйесіне байланысты барлық күрделі белгілерді 

меңгеретінін  ескерген  жөн.  Біріншіден,  онда 

өзара  байланыстағы  құрамдардың  белгілі  бір 

құрылымы  бар.  Екіншіден,  патриоттық  тәрбие 

жүйесіне  оның  іс-әрекеттерінде  байқалатын 

өзіндік белсенділік тән. Үшіншіден, патриоттық 

тәрбие - өзін-өзі басқаратын жүйе. Төртіншіден, 

патриоттық  тәрбие  –  өзіне  тән  тарихы  бар, 

кеңістік пен уақытқа байланысты дамитын жүйе. 

Бесіншіден,  патриоттық  тәрбие  табиғи  және 

әлеуметтік жүйелермен тығыз байланыста өмір 

сүреді. 


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030». Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі 

және әл-ауқатының артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Алматы, 1997. – 24 б. 

2. ҚР білім жүйесін басқарудағы білімденудің инновациялық технологияларын іске асыру не гізі 

ретінде. Инновациялық қызметі туралы Заңы. ҚР – 2002.– 3 шілде. – № 333.

3. «Білім туралы Заң» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңы. «Егемен 

Қазақстан» 2007 жылғы 15 тамыз №254-25 б.

4. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ стан 

халқына Жолдауы. Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан. Астана, 2007.

5. Жұматаева Е., Арын Р., Қадысова Р. Қазақстан Республикасындағы білім жүйесін басқаруда 

білімдену инновациялық технологияларын жүзеге асыру. – Павлодар: ҒӨФ. ЭКО, 2008. – 308 б. 

Резюме

Статья посвящена национальной идее и консолидации Республики Казахстан. 

Summary

Article is devoted to the national idea and the consolidation of the Republic of Kazakhstan.


17

16

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА

ХАЛҚЫНА ТӘУЕЛСІЗДІК НҰРЫН ШАШҚАН

Сәндібаева Н.Ә. – 

Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университетінің 

бас ғалым хатшысы

еліміздің  үлкен  абырой-беделін  әлемге  паш 

етті. Бұл халқымыз үшін үлкен қуаныш болды.

Елбасымыз  отандық  білім  беру  жүйесінің 

сапасын  арттыру  барысында,  білім  алушы-

ларға  сапалы  және  жаңаша  білім  беру  үшін 

оқытудың  инновациялық  әдістемелері  мен 

технологияларын  қолдану  қажеттігін  айқын-

дап,  мұғалімдердің  біліктіліктерін  арттыру 

жүйесінің  жаңа  форматы  қажеттігін  айтып 

келеді.  Ұлттық  білім  жүйесін  жаңарту,  білім 

алу  және  жоғары  технологияны  дамыту  үш ін 

Президент  әлемдік  алдыңғы  қатарлы  тәжіри-

белер негізінде заманауи әдістерді енгізу, индус-

триялық  жоғары  технологиялық  алаң  құру 

жұмыстарын жандандыру мақсатында ғылыми-

зерттеу  орталықтарын  ашу  жобасы  біздің  ға-

лым дарымыздың  қызығушылығын  туғызды. 

Университетімізде  қоғам  дамуына  қажетті 

патриотизмді,  мораль  мен  руханият,  ұлтаралық 

келісім  мен  толеранттылық,  заңды  құрметтеу 

се кілді құндылықтарды насихаттай келе, оқыту 

жүйесіне  инновациялық  технологияларды  бел-

сенді  қолдану  арқылы  жастарды  тәрбиелеу 

мәселесі  қолға  алынған.  Қазақ  мемлекеттік 

қыздар  педагогикалық  университеті  болашақ 

маман  иесін  патриоттық,  азаматтық,  ұлттық 

тәрбие нәрімен сусындатып, еліміздің дамуына 

елеулі  үлес  қосуға  бағыттап  отырады.  Қазақ 

аруларын  ұлттық  бағытта  тәрбиелеп  отырған 

жалғыз  оқу  орнының  барлық  тәрбиелік  іс-

шаралары қазіргі кезде оң нәтиже беріп келеді. 

Университетімізде  Елбасының  жолдауын  тал-

дау,  патриоттық,  отансүйгіштік,  азаматтық-

құқықтық  тәрбие  беру,  діни  экстремизмге 

қарсы,  саламатты  өмір  салтын  қалыптастыру 

мақсатында іс-шаралар өткізілуде. Университет 

студенттері  мен  ғалымдары  ұйымдастырылған 

қоғамдық  шараларға  белсене  қатысып,  бұ-

қаралық-ақпарат  құралдарымен  тығыз  бай-

ланыс  жасап,  телеарналық  жобалар,  жүр-

гізілген  тәрбие  жұмыстарына  байланысты 

басылымдарда,  телеарналарда  түсірілімдерге 

қаты сып, радиоларда сұхбаттар беріп  отырады.

Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық 

университетінің  2011-2020  жылдарға  арналған 

даму  стратегиясы  бағыттарын  жүзеге  асыра 

отырып,  білім  сапасын  көтеру,  білім  мен 

ғылымды  ұштастыра  отырып,  тәрбие  беру 

мақсатында  ғылыми-зерттеу  жобаларына  сту-

денттер  мен  магистранттар  қамтылып,  өз  же-

містерін  беруде  [2].  2012-2014  жылдар  ара-

лы ғында  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым  министрлігінің  Гранттық  қаржылан-

дыру  бойынша  ғылыми,  ғылыми-техникалық 

жобаларды  зерттеу  және  сараптамалық  баға-

лауға  арналған  өтінімдерді  әзірлеу  жөніндегі 

конкурсында жеңіп шыққан «Айнымалы қалақ-

шалы  екі  роторлы  жел  қондырғысы  және 

жылу  сорғылы  қондырғының  көп  деңгейлі 

жы лу  алмастырғышы  негізінде  бивалентті 

энергетикалық  модуль  жасау»  тақырыбындағы 

ғылыми-зерттеу жобасында университет магис-

транттары  зерттеу  жұмыстарын  жүргізеді. 

Қазақ с тан  Республикасы  Тұңғыш  Президенті-

нің  Қоры  өткізген  2012  жылғы  байқауда 

«Отбасындағы  гендерлік  әлеуметтендіру»  ғы-

лы ми-зерттеу  жобасы  жас  ғалымдарымыз-

дың  ғылыми  ізденісінің  жемісі  болды.

Дүние жүзіндегі  елдердің  алдыңғы  қатарлы 

жоғары  оқу  орындарымен  ынтымақтастық  жа-

сау  арқылы  студенттер  мен  ұстаздар  әртүрлі 

мерзімдік тағылымнамалардан өтуде. Шетел ға-

лымдары да біздің университетке келіп білім жә-

не  ғылыми  тәжірибелерімен  алмасуда.  Осы оқу 

жы лында университетімізге Ресей, АҚШ, Кана-

да, Түркия, Эстония, Әзірбайжан мемлекеттері-

нен 12 ғалым шақырылып дәріс оқыды. Сту  дент-

тердің білім сапасын көтерудегі ең басты фак  тор 

  ұстаздар.  Осыған  орай  соңғы  оқу  жылында 

мұғалімдердің  жеке  жұмыс  жоспармен  істел-

ген  жұмыстарының  деңгейін  бағалау  (рейтинг) 

көрсеткіші  арқылы  негізгі  еңбекақысына 

қосымша  ақы  төлеу  дәстүрге  айналып  келеді. 

Мұның бәрі әрбір ұстаздың көп ізденіп, сапалы, 

мазмұнды  білім  беруге  түрткі  жасайды.  Осы 

тұрғыдан  алғанда  университетімізде  іске 

асырылып  жатқан  өзге рістер  факультеттердің, 

кафедралардың  басшылары  мен  ұстаздары-

ның,  студенттердің  ынтымақтасып  атқарып 

жатқан  еңбегінің  нәтижесі  деп  білеміз. 

Бүкіл  әлем  даусыз  мойындаған  бір  ақиқат 

–  біздің  еліміздің  экономикасының  тоқтаусыз 

өрлеп  келе  жатқандығы  Елбасымыздың  ел-

дің  жағдайын  көтеруге  бағытталған  дана 

саясаты  еліміздегі  ертеден  қордаланып  қалған 

әлеуметтік  мәселелерді  шешіп  қана  қоймай, 

халқымыздың  тұрмыс  жағдайын    әлемдік  дең-

гейге  көтеру  мәселесін  алға    қойып  отыр.  

Президент  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  мұра-

ты    XXI  ғасырға  экономикасы  өркендеген  де-

мо кратияшыл  ел  болып  қадам  басу!  1  жел-

тоқсан  Тұңғыш  Президент  күні  қарсаңында 

Университет 

ғалымдары, 

магистранттары 

мен  студенттері  халқының  аяулы  Президенті 

Нұрсұлтан  Назарбаевты  қолдай  отырып, 

Отанымыздың  игілігі  үшін  барлық  күш-

жігерін  арнауға,  еліміздің  өркендеуі  үшін 

қойылған  барша  міндеттерді  орындауға 

белсене  қатысуға  шешім  қабылдап  отыр!

Халқына  тәуелсіздік  нұрын  шашқан  Прези-

дентіміз  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  қиындық 

біткенді  еңсеріп,  еңсесін  бермей,  бағытынан 

танбай  ілгері  басуына  жәрдемдесер  күш  жас 

толқында.  Нұрсұлтан  Әбішұлы  «Қазақстан 

білім  қоғамы  жолында»  тақырыбында  оқыған 

интерактивті  дәрісінде:  «Бұл  заман  білекке 

сенетін  емес,  білімге  сенетін  заман.  Заманауи 

әлемде  елдің  қуаты  ең  алдымен  білім  мен 

ғылымда  болатын  уақытқа  келдік.  Сол  білімді 

әжетке  жаратып,  тұрмыс  игілігіне  жарата 

білуімен бағаланады. Инемен құдық қазғандай, 

қиын  да  күрделі,  орасан  қажыр-қайрат  пен 

ерік-жігерді  талап  ететін  білімсіз  өмір  тұл. 

Терең  білім  –  тәуелсіздігіміздің  тірегі,  ақыл-

ой  –  азаттығымыздың  алдаспаны»  -  деп  атап 

өтуі  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық 

университетінің  студенттеріне  ұранға  айналды 

[1].  Еліміздің  тірегі,  халқының  аяулы  перзенті, 

тіліміз  бен  діліміздің  қамқоршысы,  ұлт  жана-

шыры  болған  Президентіміздің  әрбір  ұлағат-

ты  сөзін  жастарымыз  ыстық  ықыласпен  қарсы 

алады.  Әрдайым  талапты  жастарымызға  қам-

қор  болып,  олардың  бастамаларын  тікелей 

қолдап  отыратын  Елбасымыз,  болашағымыз-

ға  айқын  бағыт-бағдар  беріп  отырады.

Н.Назарбаев  қазіргі  жаһандық  өзгерістерді 

ескере  отырып  білім  беру,  ғылым  салаларына 

барынша  көңіл  бөліп  келеді.  «Білім-ғы лым-

инновация»  арқылы  басқаратын  постин-

дустриялық әлемге бағытталған Үшінші индус-

триялық  революция  тұжырымдамасының  рес-

ми  түрде  қабылданып,  жаңа  инфрақұрылым 

орнауының бастамасы болғаны баршамызға аян. 

Қазақстан халқына абырой мен даңқ әкелген 

көшбасшысының  жетекшілігімен  ұлан-асыр 

өзгерістер толастар емес. Соның бірі, жақсылық-

қа тұмар, жаңалыққа құмар жас Астанамыздың 

ЕХРО-2017 бүкіләлемдік көрмесін өткізу құқы-

ғына  ие  болуы    Президентіміздің  бойындағы 

сар  қылмас  қажыр-қайраты  мен  көреген  сараб-

дал  саясатының  жемісі,  Отанның  болашағы 

үшін  жауапкершілігін  тағы  да  дәлелдей  түсті. 

Біздің Отанымыз Қазақстан бұл дүниежүзілік 

бәйгеде  айқын  басымдықпен  жеңіске  жетіп, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет