Бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет7/15
Дата09.03.2017
өлшемі2,57 Mb.
#8615
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

ТҮЙІН

–  Иә-ә,  сонда  ғана  әл-Фараби  айтқан 

Тәрбиесіздікпен келетін апаттардан арылып, 

қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын қоғам 

орнайды. Адамзат өз бойындағы өзімшілдік 

пен құмарлықтан безініп, Бесінші рассадағы 

Тән  құмарлығынан  арылып,  Алтыншы 

рассадағы  Жан  құмарлығына  ауысады. 

Міне,  бұл  сыйпат,  Мая  календарындағы 

жиырма алты мың жылға созылған дәуірдің 

аяқталуымен,  енді  мүлдем  жаңа  санаға 

ауысқан адамзаттың эпохасы басталады.

–  Өмір мен тұрмыстағы тіршілік Тәрбие 

мен Білім беруді белгілейді. Бұл екеуі адам 

өмірінің мәні мен сапасын өзгертумен қоса, 

Мемлекетті  байытады.  Сондықтан  Қоғам 

мен Мектеп тығыз байланыста болуы керек. 

Оқытудың  темірқазығы  Тәрбие  мен  Білім, 

жан-жақты әрі жүйелі болуы шарт. Осының 

бәрі  ізгілік  пен  рахым  үшін  екені,  естен 

шығарылмағаны  жөн.  Ұлттық  мемлекеттің 

тағдыры,  балабақшасы  мен  бастауыш 

мектептердің сапасына тікелей байланысты.

Оның  кілті  ұлағатты  ұстаздардың  қолында 

екені  ерекше  ескерілуге  тиіс.Олай  болса, 

ұстаздардың еңбектері барынша бағаланғаны 

дұрыс.  Ұлттық  мемлекет  Ұстаздарына 

жағдай  жасамаса,  Ел  де  көркеймейді  және 

Әлемде  тыныштық  пен  бейбіт  өмір  де 

болмайды. Ұстаз надандық пен жауыздықты 

ауыздықтайтын  құдіретиесі  десек  артық 

емес.  Сондықтан  да,  ұстаз  болудың 

жауапкершілігі мен міндеті аса ауыр екенін 

ұққанда  ғана  жақсылық  келмек.  Осының 

ішінде  ерекше  атауға  тұратын  –  әсіресе 

Тәрбие  мәдениеті  –  адамның  парасатын 

да,  мемлекеттің  мәртебесін  де  жасайды. 

Әлемдік  иновациядағы  –  Қазақ  рухының 

жаңа  жобасын  жасауға  ұмтылғандағы 

-  табылған  толғаныстар  мен  ойлардың 

жыйынтығы  осындай  ұғымдарды  береді. 

Пікір қосыңыздар...



Пайдаланған әдебиеттер:

1. Әлемдік педагогикалық ой-сана, А. 2011. 10-том.

2. Әдеби жәдігерлер, А. 2011. 15-том.

3.Совет-Хан Ғаббасов. Ізгілік әліппесі, А.1991. І-ші және ІІ-ші кітап.

4. Совет-Хан Ғаббасов. Халық педагогикасының негіздері, А. 1995.

5. Совет-Хан Ғаббасов. Халық педагогикасы мен психологиясының

негіздері, А. 2005.

6. Совет-Хан Ғаббасов.Педагогика мен психология негіздері,(оқулық)  А. 2008.

7. Совет-Хан Ғаббасов. Ұрпақ тәрбиесінің жаңа ілімі, А. 2012. 1-2 кітап.

8. Психология (Адамзат ақыл-ойының қазынасы), А. 2006. 10-том.



Резюме

В статье рассматривается новая форма казахского духа в мировой инновации.

Summary

The article discusses a new form of the Kazakh spirit in the world of innovation.

53

52

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ 12-ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА 

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУГЕ ДАЙЫНДАУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Құрастырған:

Бөлеев Қ., Бөлеева Л.Қ.

Құзырлығы  жоғары  ондай  мұғалім 

ұлтжанды  болу  керек.  Сонда  оны  жаңаша 

«жаңа  тұрпатты  ұлтжанды  мұғалім» 

деген ұғыммен сипаттауға болады. Біздіңше, 

жаңа  тұрпатты  ұлтжанды  мұғалім  деп 

өз  пәнін  және  оның  әдістемесін  жан-

жақты  меңгерген,  қазақ  этнофилософия сы, 

этнопсихологиясы,  этнопедагогикасы  және 

этнопедагогика  тарихы  білімдерімен  қа-

руланған,  оқушыларға  ұлттық  тәрбие  беру 

іскерліктері  мен  дағдылары  қалыптасқан 

мұғалімді айтуға болады.

Оқушыларға ұлттық тәрбие беруге бола-

шақ  мұғалiмдердi  кәсіби  дайындау  белгiлi 

бағдарламаға сай “Қазақ этнопедагогикасы” 

және “Қазақ этнопедагогикасының тарихы” 

атты  оқу  пәндерiн  оқыту  арқылы  оларға 

этнопедагогикалық бiлiм мазмұнын берумен 

жүзеге асырылады.

“Ұлттық  тәрбие”  терминiн  ендiру 

педагогика  ғылымында  әлi  өз  шешiмiн 

тапқан жоқ. Ол этнопедагогика ғылымында 

ендiрiлуi  тиiс.  Өйткенi  этнопедагогика  – 

ұлттық  тәлiм-тәрбиенi  жинақтайтын,  оны 

қорытындылап,  жүйелейтiн  теориялық 

сипаттағы ғылым саласы.

Философия,  саясаттану,  мәдениеттану, 

пси хология ғылымдарында соңғы жылдары 

ұлттану  терминдерiне  жан-жақты  әртүрлi 

анықтамалар берiле бастады.

Ұлт  –  адамдардың  тарихи,  әлеуметтiк, 

этникалық  тұтастығы.  Ал  ұлттық  – 

белгiлi  бiр  ұлтқа  тән,  оның  ерекшелiктерiн 

көрсететiн,  қамтитын  дәстүр.  Ұлттық 

ерекшелiктер  оның  тiлiнен,  тарихынан, 

мәдениетiнен, 

салт-дәстүрiнен 

көрiнiс 


бередi.  Егер  осы  ұлттық  ерекшелiктердi 

ескере  отырып  жеке  тұлғаны  тәрбиелесе 

және оқытса, ол ұлттық тәрбие алады. Сонда 

ғана  оның  ұлттық  мiнезi,  санасы,  намысы, 

дүниетанымы  ұлттық  сипатта  дамып, 

бiртұтас болып қалыптасады.



Ұлттық  мiнез  деп  ұлттың  барлық 

психикалық  ерекшелiктерiнiң  жиынтығын; 



ұлттық  сана  –  ұлттан  ұлтты  айыратын, 

тарихи  себептердiң  ықпалымен  қалыптас-

қан  субъективтi  құбылыс;  ұлттық  намыс 

–  өз  ұлтының  “мен”  дегiзерлiк  қасиеттерiн 

қызғыштай  қорғайтын,  ұлтты  iргелi, 

жоғары  деңгейге  көтерудi  аңсайтын  да 

қолдайтын, iсiмен де күшiмен ұлттық намыс 

туын  көтерiп,  қара  басын,  керек  болса, 

мәңгiлiкке  жолдайтын  қаракет;  ұлттық 

дүниетаным  –  ұлттық  болмыс  көрiнiсi, 

саяси,  адамгершiлiк,  эстетикалық,  дiни  на-

ным-сенiм,  тәрбие,  тарихи  сана,  басқа  да 

дәс  түрлi мәдени-рухани көзқарастар жүйесi, 



ұлттық бiлiм – бiлiм мазмұнындағы ұлттық 

дүниетаным. Ал ұлттық тәрбие деп жеке 

тұлғаның  ұлттық  сана-сезiмi,  намысы  мен 

мiнез-құлқының  және  дүниетанымының 

ана тiлiн, ата тарихын, төл мәдениетiн және 

ұлттық  салт-дәстүрлерiн  меңгеруi  негiзiнде 

қалыптасуын айтамыз.

Мектеп  оқушыларына  ұлттық  тәрбие 

отбасында  және  мектепте  берiлуге  тиiс. 

Өкiнiшке  орай,  қазiргi  отбасындағы  тәрбие 

және мектептегi тәрбие мен оқыту кеңестiк 

педагогика  және  шетел  педагогикасы 

арқылы  жүргiзiлуде.  Оқушыларға  ұлттық 

тәрбие  беруге  мектеп  мұғалiмдерi  даяр-

ланбаған,  олар  этнопедагогикалық  бiлiм 

алмаған,  өйткенi  этнопедагогика  педагогтiк 

оқу  орындарында  пән  болып  оқытылма ды. 

Сондықтан  ертеңге  қазақ  ұлты  сақталсын 

десек,  болашақ  мұғалiмдерге  қазақ  этно-

педагогикасы  мен  оның  тарихын  жүйелi 

оқытып,  оларға  этнопедагогикалық  бiлiм 

берудi тезiрек жүзеге асырып, солар арқылы 

отбасы  мен  мектепке  қазақтың  ұлттық 

педагогикасын  енгiзу  керек.  Сол  үшiн 

болашақ  мұғалiмдерге  этнопедагогикалық 

бiлiм  беру  тұжырымдамасын  жасау  және 

оны iске асыру қажет болды.

Тұжырымдаманың  мақсаты  –  ұлттық 

құндылықтарды  ескере  отырып,  болашақ 

мұғалiмдерге этнопедагогикалық бiлiм беру 

арқылы оларды оқушыларға ұлттық тәрбие 

беруге даярлау.

Қазақтың  ағартушы-педагогтары  мен 

ғалым-педагогтары  көп  жылғы  ғылыми-

зерттеу  жұмыстарының  нәтижесiнде  қазақ 

этнопедагогикасы және оның тарихы жеке-

жеке  ғылым  ретiнде  өз  статустарын  алды. 

Ол ардың осылайша қалыптасуы оларды оқу 

пәндердi етiп оқытуға жол ашты.

“Қазақ  этнопедагогикасы”  оқу  пәнiнiң 

мақсаттары,  мiндеттерi,  объектiсi,  пәнi, 

құзыреттерi, 

әдiстерi, 

факторлары, 

принциптерi,  заңдары,  заңдылықтары, 

теориялары, көздерi, ұғымдары, терминдерi 

мен  категориялары  анықталып,  оның 

әдiснамасы,  теориясы  мен  практикасы 

жасалды.


–  “Қазақ  этнопедагогикасы”  –  жалпы 

педагогика  ғылымының  құрамдас  бөлігі, 

оның  саласы,  ол  қазақ  этнофилософиясы-

ның,  этносаясатының,  этномәдениетінің, 

тарихының, 

этнографиясының, 

этнос 

теория сының, фольклористикасының, этно-



психологиясының,  этнопедагогика  тарихы-

ның  тоқайласуы  арқылы  педагоги ка  ғы-

лымы ның  аясында  қалыптасқан,  біртұтас 

жүйелі  этнопедагогикалық  білім  беретін 

дербес  оқу  пәні,  оның  өз  пәні  –болашақ 

мұғалiмдерге этнопедагогикалық бiлiм беру 

жүйесiн жасау;

–  “Қазақ  халқының  этнопедагогикасы” 

және “Қазақ этнопедагогикасының тарихы” 

атты бағдарламалар жасап шығару;

–  “Қазақ этнопедагогикасы” және “Қазақ 

этнопедагогикасының  тарихы”  оқу  пәндерi 

бойынша  лекциялар  курсы,  оқулық  және 

оқу-әдiстемелiк құралдар шығару;

–  қазақ 

этнопедагогикасынан 

және 

оның  тарихынан  арнайы  курстардың, 



арнайы  семинарлар  мен  факультативтердiң 

тақырыптарын  анықтап,  олардың  бағ дар-

ламаларын жасау;

–  қазақ 

этнопедагогикасынан 

және 


оның тарихынан студенттердiң оқу-ғылыми 

зерттеу  және  ғылыми-зерттеу  жұмыс-

тарының тақырыптарын жасау;

–  қазақ  этнопедагогикасынан  педаго ги-

калық практика  кезiнде студенттер арнайы 

орындайтын тапсырмалар жүйесiн жасау;

–  қазақ  этнопедагогикасы  және  оның 

тарихы бойынша курстық және дипломдық 

жұмыстар  орындауға  студенттердi  көптеп 

тарту.


1. Тұжырымдаманың қажеттiгi және 

оның мақсаты

«Қазақстан Республикасының білім беру-

ді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған 

мемлекеттік бағдарламасында» білім беруді 

дамытуды  іске  асырудың  «Тәрбие  жұмысы 

және жастар саясаты» бағытында жастарды 

отансүйгіштікке  тәрбиелеу  міндеті  қойы-

лып,  2011  жылдан  бастап  «қазақстандық 

патриотизмді  қалыптастыру  мақсатында 

тұрақты  негізде  мемлекеттік  рәміздерді 

таныту,  тарих,  салт-дәстүр  және  ана  тілін 

білу  жөнінде  іс-шаралар  жалғастыратын 

болады» деп, жастарға ұлттық тәрбие беру-

дің бүгінгі таңда қажеттігі көрсетілген.

Бұл  бағытты  жүзеге  асыруда  педагог 

мамандарды  даярлайтын  жоғары  педа-

гогикалық  оқу  орындарының  болашақ 

мұғалімдерді  оқушы  жастарға  ұлттық  тәр-

бие  беруге  дайындауда  алатын  орны  мен 

рөлі айрықша маңызды.

Қазақстанның  12  жылдық  білім  беру-

ге  көшуі  жалпы  білім  беретін  қазақ 

мектептерінің  оқушыларын  ұлттық  құн-

дылықтар  арқылы  тәрбиелеу  және  жаңа 

формация  мұғалімін  даярлау  міндеттерін 

шешуді  қойып  отыр.  Сондықтан  еліміздегі 

мұғалім  мамандықтарын  даярлайтын  оқу 

орындарының  алдында  «Жаңа  формация 

мұғалімі  –  ол  рухани  –  адамгершілігі 

жоғары,  азаматтық  жауапкершілігі  мол, 

белсенді,  жасампаз,  жан-жақты  дамыған, 

шығармашыл  тұлға,  рефлекцияға  қабілеті 

басым, экологиялық білімді, өзін-өзі дамыту 

және  өзін-өзі  жүзеге  асыруға  ұмтылысы, 

әдіснамалық 

қалыптасуының 

жоғары 

деңгейін  сипаттайтын  әлеуметтік,  тұлға-



лық,  коммуникативтік,  ақпараттық  және 

біліктіліктің  басқада  түрлерін  меңгерген 

құ зырлығы жоғары маман» даярлау міндеті 

тұр.


55

54

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

5)  Кафедра  оқытушыларының  бiлiктiлiгiн 

арттыру бойынша:

–  педагогика кафедрасының оқыту шы ларын 

этнопедагогика  мәселелерi  бо йын ша  дайындық 

курсынан өткiзу;

–  кафедрада магистранттары этнопе дагогика 

проблемасы  бойынша  ғылыми  жұмыстармен 

айланысу.

5.  Болашақ  мұғалiмдердi  оқушыларға 

ұлттық тәрбие беруге дайындаудың нобайы 

“Қазақ  этнопедагогикасы”  және  “Қазақ 

этнопедагогикасының  тарихы”  оқу  пәндері нің 

мектеп  мұғалімдері  мен  болашақ  мұғалімдерді 

оқушыларға  ұлттық  тәрбие  беруге  кәсіби 

дайындаудың  негізі  екенін  жасау  үшін 

қажетті  «Болашақ  мұғалімдерді  12  жылдық 

мектеп  оқушыларына  ұлттық  тәрбие  беруге 

дайындаудың  кезеңдік-маз мұндық  нобайын 

ұсынамыз (сурет 1).

– 

“Тұжырымдаманы”  және  нобайды 



жүзеге  асыру  үшiн  педагогика  кафедрасы-

ның  жанынан  “Қазақ  тәлім-тәрбиесі”  атты 

зертханалық  iсбөлме  ұйымдастыру  қажет,  ал 

ондағы  мақсат  –қазақ  этнопедагогикасынан 

ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу.

Зертхананың  жұмыс  жоспары:  бiлiм  беру 

жүйесiне  арнап  қазақ  этнопедагогикасынан 

бағдарламалар  жасау;  рефераттар,  баяндама-

лар,  лекциялар,  семинарлар,  конференциялар 

тақырыптарын,  олардың  жоспарлары  мен 

мазмұндарын  жасау;  курстық  және  дипломдық 

жұмыстардың  тақырыптарын,  жоспарларын 

жасау,  оларды  орындауға  болашақ-ұстаздарды 

үйрету;  библиографиялық  көрсеткiштер  құру; 

ғылыми-зерттеу 

жұмыстарына 

болашақ-


ұстаздарды,  тәрбиешiлердi,  мұғалiмдердi,  оқу-

шыларды  кеңiнен  тарту;  түрлi  әдiстемелiк 

нұсқаулар,  дидактикалық  материалдар,  түрлi 

көр некiлiктер жасау; ата-аналар мен жалпы көп-

шiлiкке,  мектептерде  ұлттық  тәлiм-тәрбиелiк 

мазмұнды iс-шаралар өткiзу.

Тараз  мемлекеттік  педагогикалық  инсти-

тутында  “Қазақ  тәлім-тәрбиесі”  зертханасына 

арнап  институт  ректораты  шешiмiмен  12 

х  6  м  бөлме  жөндеуден  өткiзiлiп,  зертхана 

ұйымдастырылды.  Оның  iшкi  құрылымы  үш 

бөлiмнен тұрады.

–  Бiрiншi  бөлiм  “Қазақ  тәлiм-тәр-

биесiнiң  мазмұны”  деп  аталады.  Онда  өл-

шемдерi 2 х 1,5 м төрт стенд бар. Оларда қа-

зақ  этнопедагогикасынан  әр  түрлi  кестелер 

сызылып салынған. Бiрiншi стендте «Қазақ 

халық  педагогикасы,  этнопедагогика    – 

ғылым,  оның  пәнi,  мiндеттерi,  құрылымы 

және 


негiзгi 

ұғымдары», 

«Қазақ 

этнопедагогикасының  зерттеу  көздерi, 



асыл-арналары  мен  бұлақтары»,  «Халық 

педагогтары»  кестелер  түрiнде  берiлген. 

Екiншi 

стендте 


«Қазақтың 

отбасы 


тәрбиесi»,  «Қазақтың  мәдени  өнерi», 

«Қазақ  халқының  ауыз  әдебиетi»,  «Қазақ 

халқының  этнографиясы»  кестелер  арқылы 

көрсетiлген.  Үшiншi  стендте  «Қазақ 

этнопедагогикасындағы  тәрбие  түрлерi», 

«Қазақ  этнопедагогикасындағы  бiлiм  беру 

мазмұны»,  «Қазақ  этнопедагогикасындағы 

тәр бие мен оқытудың әдiс-тәсiлдерi» кестелер 

арқылы  берiлген.  Төртiншi  стендте  «Қазақ 

халқының  салт-дәстүрлерi»  деп  аталып, 

онда  «Қазақ  халқының  салт-дәстүрлерiнiң 

түрлерi»,  «Қазақтың  бала  тәрбиесiне 

байланысты  салт-дәстүрлерi»,  «Қазақтың 

тұрмыстық  салт-дәстүрлерi»,  «Қазақтың 

әлеуметтiк-мәдени салт-дәстүрлерi», «Жаңа 

заман  салт-дәстүрлерi»  кестелерi  арқылы 

берiлген. Осы бөлiмнiң екi жағында тарихи-

педагогикалық  әдебиеттердегi  «Халықтық 

педагогика» 

мен 


«Этнопедагогика» 

ұғымдарына берiлген 10 түрлi анықтамалар 

жеке-жеке  екi  стендте  жазылған.  Мысалы, 

профессор Қ.Жарықбаев «Этнопедагогика – 

халықтық тәлiм-тәрбиенi, оның тәжiрибесiн 

қорытындылап,  жүйелейтiн  теориялық 

сипаттағы ғылым саласы» т.б.

–  Зертхананың 

екiншi 

бөлiмi 


«Қазақ  тәлiм-тәрбиесi  тарихынан»  деп 

аталады.  Онда  30-дан  аса  ортағасыр 

ғұлама-ойшылдарының,  ағартушы-тәлiм-

герлердiң,  ақын-жыраулардың,  ғалым-

тәлiмгерлердiң  суреттерi  салынған  өлшемi 

100  х  60  см  портреттерi  iлiнген,  яғни  әл-

Фарабидiң,  Шоқан  Уәлихановтың,  Ыбырай 

Алтынсариннiң, 

Абай 

Құнанбаевтың, 



Шәкәрiм 

Құдайбердиевтiң, 

Ахмет 

Бастапқы 



I кезең

1-мәселе: 12-жылдық бiлiм беретiн қазақ мектептерiнiң 

оқушыларына ұлттық тәрбие беру

II кезең


Мектеп мұғалiмдерiн этнопедагогикалық

дайындау мазмұны

III кезең

Педагогика кафедраларының оқытушыларын этнопедагогикалық 

дайындау мазмұны

IV кезең


2-мәселе: Жаңа тұрпатты ұлтжанды мұғалiм дайындау

V кезең


Қазақ этнопедагогикасының 

мазмұны


Қазақ этнопедагогикасы 

тарихының мазмұны

VI кезең

Қазақ этнопедагогикасынан және оның 

тарихынан арнайы курстар, арнайы семинарлар 

және факультативтердiң мазмұны

VII кезең

Қазақ этнопедагогикасынан және оның тарихынан 

студенттердiң оқу-зерттеу және ғылыми-зерттеу 

жұмыстарының мазмұны

VIII кезең

Қазақ этнопедагогикасынан және оның тарихынан студенттердiң 

педагогикалық практика кезiнде iстейтiн жұмыстарының мазмұны

Соңғы


IХ кезең

Болашақ мұғалiмдердiң оқушыларға ұлттық тәрбие 

беруге даярлығы

Сурет 1. Болашақ мұғалiмдердi 12-жылдық мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беруге 

дайындаудың кезеңдiк-мазмұндық нобайы

Байтұрсыновтың,  Жүсiпбек  Аймауытов-

тың,  Мағжан  Жұмабаевтың,  Мiржақып 

Дулатовтың,  Бауыржан  Момышұлының, 

Мұхтар  Әуезовтің,  Мәлiк  Ғабдуллиннiң, 

Төлеген  Тәжiбаевтың  т.б.  түрлi  түстi 

суреттерi,  олардың  туылған  және  қайтыс 

болған  жылдары  мен  тәлiм-тәрбиелiк  ой-

пiкiрлерiнен  үзiндiлер  жазылған.  Мысалы, 

әл-Фараби  (870–950):  «Тәрбиелеу  дегенiмiз 

халықтардың  бойына  бiлiмге  негiзделген 

этикалық  iзгiлiктер  мен  өнерлердi  дарыту 

деген сөз»; Шоқан Уәлиханов (1835–1865): 

«Халықтың  кемелiне  келiп  өркендеп  өсуi 

үшiн ең алдымен азаттық пен бiлiм қажет»; 

Ахмет  Байтұрсынов  (1873–1938):  «Ең 

әуелi мектепке керегi – бiлiмдi, педагогика, 

методикадан  хабардар,  оқыта  бiлетiн 

мұғалiм»;  Мағжан  Жұмабаев  (1893–1938): 

«Әрбiр  тәрбиешi  сөз  жоқ,  ұлт  тәрбиесiмен 

таныс  болуы  тиiс»;  Бауыржан  Момышұлы 

(1910–1982):  «Қазақ  халқының  өткен 

тарихындығы  барлық  жақсы  дәстүрлерi 

бүгiнгi  таңда  қайта  салтанат  құруы  тиiс»; 

Мәлiк  Ғабдуллин  (1915–1973):  «Қазақ 

халқының  өмiрiнен  орын  алған  тәрбиенiң 

та рихын  жан-жақты  қарастыру  өз  алдына 

зерттелетiн мәселе» т.б.

–  Портреттер  астында  алты  шкаф, 

олардың  ортасындағы  жетiншi  –  сөрелерi 

45

о



  етiлiп  орналастырылған  шкаф  қойыл-

ған. Шкафтарда дидактикалық материалдар, 

кестелер,  суреттер,  газеттер,  кiтаптар  тұра-

ды.  Ал  ортаңғы  шкафта  этнопедагогикадан 

жарық  көрген  әдебиеттер,  бағдарламалар, 

студенттердiң  рефераттары,  баяндамалары, 

курстық және дипломдық жұмыстары, озық 

ұстаздардың  iс-тәжiрибелерiн  жинақтаған 

еңбектер көрмесi орналастырылған.

–  Үшiншi  бөлiм  «Қазақ  халқының 

тәлiмгерлерi»: Абылай мен Әбiлхайыр хан-

дардың,  Төле,  Қазыбек  және  Әйтеке  би-

лердiң,  бiрнеше  ақын-жыраулардың  түрлi 

түстi суреттерi салынған өлшемдерi 70 х 45 

см портреттерi iлiнген.

–  Зертхананы  жасауға  және  жаб-

дықтауға  сурет-графика  және  филология 

факультеттерiнiң 

студенттерi 

кеңiнен 


57

56

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

тартылды.  Олар  эскиздер,  кестелер, 

сурет тер,  көрнекi  құралдар  жасады. 

Зертханада  «Қазақ  этнопедагогикасы» 

мен 

«Қазақ 


этнопедагогикасының 

тарихы»  оқу  пәндерiнен  лекциялар, 

семинарлық  және  зертханалық  сабақтар 

өткiзiледi. 

Сонымен 

қатар, 


онда 

облыстық  мұғалiмдер  бiлiмiн  жетiлдiру 

институтының  тыңдаушылармен  дәрiс-

тер,  әр  түрлi  ғылыми  семинарлар, 

конференциялар,  кездесулер  тұрақты 

өт кiзiлуде.  Осындай  зертхананы  бала-

бақшаларда,  орта  мектептерде,  кәсiптiк-

техникалық  оқу  орындарында,  әр  түрлi 

орта  арнаулы  оқу  орындарында,  жоғары 

мектептерде жасап, оны тәрбие орталығы 

ретiнде пайдалануға болады.

–  Сонымен,  “Қазақ  тәлім-тәрбиесі” 

зерт ханасы  ұстаз-тәлiмгерлердi  және 

болашақ  ұстаздарды  этнопедагогикалық 

дайындықтан  өткiзетiн  ғылыми  орта-

лыққа айналды.

–  Нобай дағы  бiрiншi  проблеманы   

шешу  үшiн  мектеп  мұғалiмдерiн 

оқушыларға  ұлттық  тәрбие  беруге 

дайындау  мақсатында  “Ұлттық  тә-

лiм-тәрбие”  атты  бағдарламаның  маз-

мұнын  жасадық.  Бағдарлама  Ақтөбе 

қаласында  1993  жылы  мамырдың 

17–20  жұлдыздарында  өткен  “Озат 

педагогикалық  тәжiрибе  –  бiлiм  беру 

мазмұнын  жаңартудың  негiзi”  атты 

шығармашылықпен  жұмыс  iстейтiн 

мұғалiмдердiң  слетiнде  талқыла нып, 

пайдалануға ұсынылды. Оны барлық об-

лыс тық мұғалiмдер бiлiмiн жетiлдiру инс-

титуттарына  тараттық,  ол  олардың  оқу 

үрдістерiне ендiрiлдi. Ал екiншi пробле-

ма  –  болашақ  мұғалiмдердi  оқушыларға 

ұлттық  тәлiм-тәрбие  беруге  дайындау 

үшiн  “Қазақ  халқының  этнопедагоги-

касы” атты оқу бағдарламасын жасадық. 

Ол  1992  жылы  мамыр  айының  19–

20  жұлдызында  Алматы  қаласында 

Бiлiм  Министрлiгi  мен  Ы.Алтынсарин 

атындағы  педагогика  ғылымдарының 

ғылыми  зерттеу  институты  бiрiгiп 

өткiзген  “Халық  педагогикасы  мен 

психологиясы  дәстүрлерiнiң  оқу-тәрбие 

iсiнде  қолданылуы”  атты  ғылыми-

практикалық  конференциясында  тал-

қыланылып,  оны  жоғары  педагогтiк 

оқу  орындарының  оқу  процесiне 

ендiру  туралы  шешiм  қабылданды. 

Бағдарлама  баспадан  шығарылып,  Қа-

зақстанның  барлық  жоғары  педагогтiк 

оқу  орындарында  таратылды.  Қазiр 

ол  болашақ  мұғалiмдердi  оқушы ларға 

ұлттық  тәрбие  беруге  дайындауда  кеңi-

нен  пайдаланылуда.  Ал  үшiншi  “Қазақ 

этнопедагогикасының  тарихы”  атты 

бағдарлама  Алматы  қаласында  1994 

жылы  қарашаның  22-23  жұлдызында 

өткен  “Қазақстандағы  этнопедагогика 

мен этнопсихология ғылымдарының тео-

риялық және қолданбалы проблемалары” 

атты  ғылыми-теориялық  конференцияда 

талқыланылып, оны да жоғары педагогтiк 

оқу  орындарының  оқу  үрдісіне  ен дiрiп, 

пайдалану ұсынылды.

–  Бағдарламаларға  қажеттi  биб лио-

графиялық  көрсеткiштер,  оқу  құрал-

дары,  оқу-әдiстемелiк  құралдар  және 

көр некiлiктер жасалынып, олар баспадан 

шығарылып, оқытушыларға, мұғалiмдер-

ге  және  студенттерге  таратылды,  солар-

дың негізінде «Қазақ этнопедагоги касы» 

және 


«Қазақ 

этнопедагогикасының 

тарихы»  оқу  пәндерінің  кешендері 

жасалды.


–  Сонымен,  арнайы  оқу  бағ дар-

ламалары, оған сай оқу құралдары, оларға 

оқу-әдістемелік  құралдар  арқылы  бола-

шақ мұғалімдерге этнопедагогикалық бі-

лім  беріліп,  олардың  этнопедагогикалық 

іскерліктері мен дағдылары қалыптасып, 

олар  жаңа  тұрпатты  ұлтжанды  мұғалім 

болып даярланады. Сондай мұғалім ғана 

ұлт  жанды  қазақ  азаматын  тәрбиелей 

алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет