Бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет3/15
Дата09.03.2017
өлшемі2,57 Mb.
#8615
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Әдебиеттер

1.  Нұрсұлтан  Назарбаев.  «Қазақстан  білім  қоғамы  жолында».  Назарбаев  университетіндегі 

онлайн дәрісі. 5 қыркүйек 2012 ж. Астана қ.

2.  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университетінің  2011-2020  жылдарға  арналған 

даму стратегиясы. Алматы. 2011 ж.

Резюме 

Статья  посвящена  1  президенту  Республики  Казахстан  Н.А.Назарбаеву.  Перспективам  в 

сфере образования и науки, которые открываются после Послания Президента для народа нашей 

Республики. 

Summary

The article is devoted to one of Kazakhstan President Nursultan Nazarbayev. Prospects in the field of 

education and science, which opened after the President’s Address to the people of our Republic.


19

18

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА

ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖАС ҰРПАҚ АЛДЫНДАҒЫ РӨЛІ

Есимбекова Д.Б. ‑ 

Қазақ филологиясы 

кафедрасының оқытушы-магистрі

І.Жансүгіров атындағы ЖМУ



Құрманғали А.К.  -

педагогика ғылымдарының магистрі

сақ, 2012  жылдың 12 қыркүйегінде Елбасы ның 

Назарбаев  университетінде  өткен  интерактивті 

дәрісін талқылау мақсатында Алматы облыстық 

«Жетісу  жастары»  орталығының  директоры 

Алпысбаев  Рустам  Әлиұлы  жастармен  кездесу 

өткізді. Ал кездесудің құрметті қонағы Жастар ісі 

жөніндегі комитеттің атқарушы төрағасы Өтеш-

ев Нұрлан Сүлейменұлын жиналған қауым ерек-

ше  ықыласпен  қарсы  алды.  Нұрлан  Сүлеймен-

ұлы  5-қыркүйекте  өткен  Ұлт  көшбасшысының 

дәрісін  Назарбаев  университетінде  2000  адам, 

ал  өзге  5  миллионнан  астам  халық  тікелей 

көрсетілім  арқылы  экраннан  тамашалағанын 

атап  өтті.  «Нұрсұлтан  Әбішұлы  өз  сөзінде  жас 

буыннан  жаңа,  тың  идеялар  мен  нәтежелер 

күтемін  деген  пікірін  білдірді.  Елбасы  ең  ал-

дымен  қазақстандық  жастарды  еңбекқор лыққа 

шақырды.  Сонымен  қатар,  әлеуметтік  жаң-

ғыртуға  бағытталған  іс-шаралардың  мақсаты 

мен  маңызын  айқындағаны  мәлім.  Адамзатқа 

ғаламат  күш  беретін  құндылық  –  білім.  Білім 

мен ғылымның арқасында біз көкжиектерімізді 

кеңейтіп, өркениетті елдер қатарына қосыламыз. 

Әркім  өзіне:  «Мен  осы  аға  буынның  жеткен 

жетістіктерін  қолда  ұстап  тұра  аламын  ба, 

елімнің  жарқын  болашағы  үшін  қандай  үлес 

қосамын?»  –  деген  сауалды  қойыңыздар,  –

деген пікірін ортаға салды. Жастар ісі жөніндегі 

комитеттің  басшысы  жұмыссыздық,  өндірістік 

салалардағы  кадр  жетіспеушілігі,  мамандарды 

қайта  даярлау  мен  кәсбіи  шеберлігін  арттыру 

мәселелерін де тілге тиек етті. 

Кездесу  барысында  жиналған  жастар  өз 

сауалдары мен талап-тілектерін қойып, тұшым-

ды жауаптар айтылды.

Алпысбаев  Рустам  Әлиұлы:  «Бұл  жыл  – 

жастар  үшін  айтулы  жыл.  Маған  ең  ұнағаны 

– Ел басы өз дәрісінде жастардың әрбір мәселе-

сіне, мейлі ол психологиялық, мейлі әлеуметтік 

болсын,  жіті  көңілбөлгені.  Қазақстанның  өз 

бренді, технологиялары болуы тиіс, біз заманауи 

инновациялық  талаптарға  жауап  беретін  жаңа 

өнімдер  шығарамыз.  Ол  үшін  барлық  соңғы 

үлгідегі  компьютерлік  жүйелер,  техникалық 

құралдар  мен  жаңа  технологиялар  қол  жетімді 

болмақ», - деп кездесуді тәмамдады. 

Президентіміздің  бастамасымен  білім  сала-

сында көптеген игі өзгерістер орын алып отыр. 

Астанада  халықаралық  дәрежедегі  «Назарбаев 

университеті»  ашылды.  Мақсаты  –  жастардың 

әлемдік  деңгейдегі  білім  алуына  жағдай  жа-

сау,  еліміздің  ертеңіне  үлес  қосатын  қажетті 

мамандар  даярлау.  «Назарбаев  университетіне» 

жоғарыда  аталған  «Назарбаев  зияткерлік  мек-

тептерінің» түлектері қабылданады.

Сонымен  қатар,  Н.Ә.Назарбаевтың  тікелей 

қолдауымен  Халықаралық  ақпараттық  техно-

логиялар  университеті,  Қазақстан  Менеджмент 

институты,  Қожа  Ахмет  Йассауи  атындағы 

қазақ-түрік  университеті,  Л.Н.Гумилев  атында-

ғы Еуразия Ұлттық университеті, Ұлттық мем-

лекеттік  заң  университеті,  сонымен  қатар,  бір-

неше лицейлер мен колледждер ашылды. 

Әрбір  қазақстандық  азаматтың  жүрегінде 

еліне,  халқына  деген  шексіз  сүйіспеншілік  пен 

патриоттық  сезім  оятуда  Елбасының  тұлғасы 

айрықша  мәнге  ие.  Шет  мемлекеттерге  сапар 

шеккенде  ең  алдымен,  оның  халқы  қалап,  сай-

лаған Президенті, астанасы, мемлекеттік рәміз-

дері,  халықтық  ділі  мен  тілі  бойтұмар  секілді 

болатыны  айдан  анық.  Бұл  тұрғыда  Нұрсұлтан 

Әбішұлының  ең  тартымды  қасиеттеріне  тіл-

дерді  еркін  меңгергені,  дипломатиялық  ше-

бер лігі,  адамға  деген  ықыласы  мен  ниеті,  са-

лиқалы  мінезі,  төл  халқының  болмыс-бітімін 

бойына  жинақтаған  адами  қасиеттерін  бүкіл 

әлем  таныған  маңдайалды  саясаткерлер  мен 

қайраткерлер  мойындап  отыр.  Оның  тағы  бір 

айғағы  –  Қазақстан  спортшыларының  биылғы 

Лон донда    өткен    Олимпиадада    жеті  дүркін 

ал тын  медальдармен  марапатталуы.  Яғни  қа-

зақ  елінде  спорт  пен  салауатты  өмір  салтына 

айрықша мән беретіні белгілі.

Қорытындылай келе, Тәуелсіз Қазақстан ның 

Тұңғыш Президенті, ұлтымыздың көшбасшы сы 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – бұл күндері өз 

елімізге ғана емес, күллі әлемге танымал болып 

отырған  қазақ  халқының  ұлттық  тарихындағы 

аса көрнекті қайраткер тұлға. 

Бүгінгі жаһандану заманында Жер шарының 

әрбір  мемлекеті  өзінің  Ұлттық  қауіпсіздігі  мен 

береке-бірлігін  сақтап  қалуға  мүдделі.  «Бірлік 

бар жерде - тірлік бар» деген халық мақалы қазіргі 

таңда  да  маңызын  жоғалтқан  жоқ.  Әр  салада 

Қазақстан  жастары  үшін  Елбасы  Нұрсұлтан 

Әбішұлының қамқорлығы мен сарабдал саясаты 

өз  нәтижесін  беруде.  Балабақшадан  бастап, 

ЖОО-нан  кейінгі  білім  алғанға  дейінгі  кезеңде 

жастардың  денсаулығы,  әлеуметтік  жағдайы, 

жұмыспен  қамтылуы,  баспаналы  болуы,  тіпті 

бос  уақытын  тиімді  өткізуіне  жағдай  жасалуы 

қарастырылған. 

Жас  ұрпақтың  білімі  мен  тәрбиесінің  бас-

палдағы  балабақшадан  басталатыны  аян.  Осы 

ретте  Нұрсұлтан  Әбішұлының  «Балапан» 

бағдарламасының  орны  ерекше  екенін  айта 

кеткен орынды.

Мемлекет  басшысы  Н.Ә.Назарбаевтың  тап-

сырмасымен  Қазақстанда  6  «Назарбаев  зият-

керлік мектебі» ашылған болатын. Орта білімді 

дамытудың  заманауи  үлгідегі  мектептері  бола 

отырып, өскелең ұрпаққа терең білім мен кәсіби 

дағдылар  берумен  қатар,  танымы  мол,  жан-

жақты  дамыған,  адамгершілігі  асқақ,  Отанын, 

халқын, ата-анасын қадірлейтін, жаңашыл тұл  ға 

қалыптастыруды көздейді.

Ұлт  көшбасшысы  білім  беру  және  халық-

аралық қатынастарды да еш уақыттта назардан 

тыс  қалдырмайды.  Бүгінгі  күннің  азаматтары 

бірінші  кезекте  ана  тілін,  содан  кейін  әлем 

тілдерінде  өз  ойын  тиянақты  жеткізе  алатын 

дәрежеде болуын талап етіп отыр. Бұл – заман 

талабы.  Осы  орайда  Н.Назарбаевтың  ық-

палымен  қабылданған  «Үштұғырлы  тіл»  бағ-

дарламасының негізінде мектеп оқушысы қа зақ, 

орыс  және  ағылшын  тілдерін  еркін  меңгеріп, 

жаңа  ақпараттық  технологияларды  жетік  біліп 

шығады.

Елбасының  Қазақстан  халқына  жолдау-



лары,  кездесулері,  қазіргі  замманың  озық  тех-

нологиясына негізделген интерактивті дәріс тері 

жас тарға жаңа серпін береді. Жуырда,  дәлірек айт-

Резюме

В данной статье раскрывается личность Лидера Нации Н.А.Назарбаева, его грандиозный вклад 

в становлении и развитии суверенного Казахстана.

Summary

This  article  reveals  the  personality  of  the  leader  of  the  Nation  Nursultan  Nazarbayev,  his  grand 

contribution to the establishment and development of independent Kazakhstan.

“Халықтың кемеліне келіп өркендеп, өсуі үшін ең алдымен 

азаттық пен білім қажет”

Ш.Уәлиханов


21

20

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

отыр. Бұл қазақтың төл әдебиеті мен мәдениетін 

төмендету  деген  сөз  емес.  Жалпыадамзат тық 

ұлы  мұрат  -  өркениеттер  сұхбаттастығынан, 

мәдениеттер  диалогынан  келіп  туындайтын 

құндылық.  Абайдың  ұлттық  ақын  бола  тұ-

ра,  жалпыадамзаттық  ақын,  ойшыл  болып 

табылуының сыры да осында жатыр. 

Ойшыл  Абай  ХІХ  ғасырдың  соңғы ширегін-

дегі әлем халықтарының даму беталысын, жеткен 

жетістіктері  мен  табыстарын,  мәдениеті  мен 

тұрмыс  әлеуетінің  қаншалықты  дамығандығын 

саралап, жаһанданған әлемдегі қазақ халқының 

орны  мен  оның  жағдайын  бағамдауы,  сараптау 

жасап  қазақ  халқының  басқа  халықтардан  не 

үйренуі керек, қандай мұраттарды басшылыққа 

алып, ел боламыз десек қандай шаруалар атқару 

шарт  деген  сауалдарға  терең  ой  өрбітуі  ғалам-

дық  ықпалдастықтың  алғышарттары  болып 

табы лады. Абай өзінің екінші қара сөзінде қазақ 

халқын қазақтың өз ішіндегі, не көрші тұратын 

ноғай,  өзбек,  орыс  ұлттарымен  салыстырып, 

олардың  мәдениеті  мен  тұрмысының,  дағдысы 

мен  кәсібінің  қазақтан  әлдеқайда  жоғары 

екендігін  айтады.  Сондай-ақ  орыс  халқы  мен 

мемлекеті  туралы:  «Орысқа  айтар  сөз  де  жоқ, 

біз құлы, күңі құрлы да жоқпыз» [1, 160], - деуі 

Еуразия  кеңістігін  мекендеген  көрші  елдердің 

жағдайын  сипаттап,  ықпалдастықтың  қандай 

бағыттарда  өрбуі  керектігін  анықтауы  қазақ 

халының  болашақ  дамуының  стратегиясын 

көрсетеді. 12 жыл болыс, 6 жыл төбе би болған 

Абайдың елдің ішкі және сыртқы жағдайын өте 

жақын  біліп,  болашақ  даму  жолдарын  меңзеуі 

көп  жағдайдың  көзін  ашса  керек.  Абайдың 

жаһандық  салыстыруларға  орын  берген 

сарапшылығын оның жиырма төртінші қара сөзі 

айқындайды: «Жер жүзінде екі мың миллионнан 

көп  артық  адам  бар,  екі  миллиондай  қазақ 

бар.  Біздің  қазақтың  достығы,  дұшпандығы, 

мақтаны,  мықтылығы,  мал  іздеуі,  өнер  іздеуі, 

жұрт тануы ешбір халыққа құсамайды. Бірімізді 

біріміз аңдып, жаулап, ұрлап, кірпік қақтырмай 

отырғанымыз.  Үш  миллионнан  халқы  артық 

дүниеде  бір  қала  да,  дүниенің  бас-аяғын  үш 

айналып  көрген  кісі  толып  жатыр.  Өстіп,  жер 

жүзіндегі  жұрттың  қоры  болып,  бірімізді 

біріміз аңдып өтеміз бе?» [1, 176]. Сол кезеңдегі 

Ресейден шығып тұратын мерзімді басылымдар, 

ғылыми  еңбектер,  көркем  шығармаларды  оқу, 

танысу  арқылы  ақпаратқа  ие  болған  Абай,  ол 

ақпаратпен тек оқып, танысып қоймай, оны терең 

сіңіру  мен  меңгеру  арқылы,  ұлттық  контекске 

бойлап, қазақ топырағына сәйкестендіріп, қазақ 

ұлтының  өрелі,  өзекті  мәселелерін  көре  біліп, 

сол  мәселелерді  шешу  мен  жеңудің,  дамудың 

даңғыл  дара  жолына  түсуге  жол  сілтеуі, 

салыстырмалы  әдіспен  сұңғыла  диагностика 

жасауы  -  өркениетті  дамуға  жасалған  соны 

қадам деп танылуы керек. Жоғарыда келтірілген 

Абай қара сөзінен үзіндіге қайта оралсақ, қазақ 

қоғамы үшін инновациялық мәні бар жер жүзі, 

дүние  жүзі,  жер  шарын  мекендеген  халық 

саны,  миллиондаған  халқы  бар  қалалар,  жер 

шарын  шарлап  шыққан  жиһанкездер  туралы 

ақпараттар  берілуі  тегін  емес.  Абайға  дейін 

осындай  жаһандық  салыстыруларға  барған 

тұлға  қазақта  бұрын  болмаса  керек.  Өз  дәуірі 

үшін  инновациялық  ой  қозғаған  Абайдың  осы 

тұрғыда тек ақын ғана емес, саясаткер, стратег, 

диагностик екендігін айқындап беріп тұр. Дана 

Абайдың  осы  айтылмыш  межелі  ойларын 

ХХІ  ғасырдың  басында  ғұлама  Елбасымыз 

Н.Назарбаев  байытып,  әлемдік  аренада  іске 

асыруға көшкен тұлға ретінде бағаланады. 

Әлемдік  өркениеттен  қазақ  елінің  кенже 

қалуына  сыртқы  факторлармен  қатар,  ішкі 

факторлардың  да  себеп  болып  отырғанын  дана 

Абай  айғақтап  беріп  отыр.  Ақын  Абайдың  көз 

алдында  әлемдік  өркениетте  формациялар 

өзгеріп,  белгілі  мемлекеттер  қарыштап  дамуға 

бет  алып  жатқан  болатын.  Еуропа  елдерінде 

болып  жатқан  индустриялық-инновациялық 

өркендеуден,  ғылыми  технологияның  бастау 

ала  бастауынан  хабардар  Абай  өз  еркі  өз 

қолында  емес  қазақ  халқының  алауыздықтан 

тым  құрығанда  малын  дұрыстап  баға  алмай 

кеткен  мүшкіл  халін  көре  біліп,  құрдымға 

кеткелі тұрған халықтың аман қалу мен жаңару 

жолдарын  көрсетуді  өзіне  мақсұт  тұтады. 

Әлемдік даму, жаһандану ықпалдастығы сынды 

саяси  дискурстың  ақын  шығармашылығында 

орын алуы кездейсоқ дүние емес. Шабытты да 

асқақ  поэзиясымен  терең  сезім  мен  романтика 

бөленіп  отырып,  лирикасын  жазумен  ғана 

неге  шектелмеді  дана  Абай?  Қазақ  қоғамының 

саяси  ахуалы  мен  әлемдік  даму  үдерісіндегі 

орны сол халықтың өкілі болғаны үшін ақынды 

қатты  толғандырғаны  анық.  Хандық  дәуірдегі 

Тәуелсіздіктің  жұрнағы  да  қалмаған  заманда 

өмір  сүрген  Абай,  кешегі  қазақтың  біртұтас, 

дербес  ел  болғандығын  ұмытпаған.  Сол  елдің 

жойылмағанын  да  қалайды.  Румен,  жүзбен, 

атамен  шектелмей,  жалпықазақтық,  ұлттық 

деңгейде ой қозғайды, Қазақ деген ел пен ұлттың 

атауының  атынан  сөз  қозғайды.  Осы  тұрғыдан 

келер болсақ та, бодандыққа түскен қазақ халқы 

деңгейінде  жалпықазақтық,  ұлттық,  этностық 

біртұтастық деңгейінде сөз қозғаған тұлға да – 

Абай Құнанбайұлы.



«ЗИЯТКЕР ҰЛТ - 2020» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ МЕН А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ «ТОЛЫҚ 

АДАМ» ІЛІМІНІҢ САБАҚТАСТЫҒЫ

Ноябрь Кенжеғараев ‑ 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің

«Ұлттық тәрбие және өзін-өзі тану» кафедрасының доценті, ф.ғ.к.

Жаһанданған  әлем  жағдайында  Қазақстан 

Рес публикасының  бәсекеге  қабілетті  елдер  қа-

тарынан көрініп, даму жолына түсуін ойға ал ған 

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  «Зияткер  ұлт 

- 2020» ұлттық жобасы – адамзат дамуының ең 

іргелі  мұраттарын  көздеген  алпауыт  жоба.  Ад-

амзат қоғамында, оның ішінде қазақ қоғамында 

өткір  тұрған  мәселелердің  бірі  –  адам  тәрбие-

леу,  ұлттық  және  адамзаттық  құндылықтарға 

бағдарланған,  негізделген  тұлға  тәрбиелеу 

мәселесі  болып  табылады.  Елбасымыздың 

интеллектуалды  ұлт,  интеллектуалды  тұлға 

қалыптастыру  стратегиясының  дәл  қазіргі 

уақытта  көтеріліп,  өзекті  болуы  да  адамзат 

қоғамы  рухани  деградацияға  түскен  уақытта 

барынша  адамгершілік  мұраттар  мен  рухани 

құндылықтарды  бойына  дарытқан  тұлғаны, 

қоғамды  көксеумен  түсіндіріледі.  Мемлекеттік 

саясат  мәселесін  адами  мәңгілік  құндылықтар-

мен  ұштай  білген,  ойшыл  Елбасының  интел-

лектуалды ұлт, интеллектуалды тұлға мәселесі-

нің  тамыры  өте  тереңде  жатыр.  Интеллектуал-

ды  тұлға  –  ол  өз  ретінде  ұлттық  құндылықтар 

мен  жалпыадамзаттық  рухани,  адамгершілік, 

мәдени,  моральдық  құндылықтарды  сіңірумен 

шектелмеген  тұлға.  Интеллектуалды  тұлға 

тұжырымы  –  түркі-мұсылман  ойшылдары 

адамзат  игіліне  ұсынған,  жылдар  бойына 

өрістеп,  дамып,  Абай  тұсында  кемеліне  келген 

«толық адам» идеясымен сабақтас, өрістес. Тек 

діннің  шеңберінде  кемелденген  адамды  Абай 

«пенделіктің  кәмалаттығы»  деп  атаса,  тұтас 

адамзаттық,  дінмен  қатар  ғылым  мен  біліммен 

қаруланып,  заманауи  азаматтық  тұрғыдан  да, 

этикалық  тұрғыдан  да  жетілген  сапаны  «ин-

санияттың  кәмалаттығы»  деп  жіктеуі  де  көп 

мәселенің басын ашып берсе керек. 

Өмірдің  бір  орында  тұрмайтындығы  дәлел-

деуді қажет етпейтін аксиома. Қазіргі жаһандану 

мен  ғылыми-техникалық  прогрестің,  мобилді-

ақпараттық  коммуникация  заманында  адамзат-

тың  ақыл-ойының  данышпандары  ұсынған, 

қалаған, арман еткен «толық адам» концеп ция-

сы  жаңа  тұжырымдамаға  трансформациялан ып 

отыр. 


Интеллектуалды  ұлт  пен  тұлға  тұжырым-

дамасын іске асырушылар мына нәрсені өте қат-

ты ескеруі керек. Бірнеше шетел тілін меңгеріп, 

ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерімен 

мықты қаруланып, фундаменталды ғылымдар ды 

игеріп, ақпараттық технологиялардың құлағын-

да  ойнайтын  тұлға  тек  пайда  ойлау  мен  пайда 

табуды көздейтін прагматиске, не суық ақылды 

генийге  айналмауы  қажет.  Рух  пен  рухани 

байлықты, жан құмарлығы мен жан тазалығын, 

рухани  және  моральдық,  адамзаттық  мәңгілік 

рухани  құндылықтарды  бойына  сіңірмесе,  ол 

аза мат тардан адамзатқа пайдадан гөрі зияны мен 

зардабы көбірек болады.

Қазақ  елінің  даму  тарихында  өз  ұлтын 

әлем  халықтарының  өскелең  өркениеті  мен 

мәдениетіне тартуға, баулуға қадам басқан алып-

тар  –  Шоқан  Уәлиханов,  Абай  Құнанбаевтар 

болып  табылса  керек.  ХІХ  ғасырдың  екінші 

жартысы  мен  ХХ  ғасырдың  басы  Ресей 

патшалығының  бодан  елі  болғанымен  қазақ 

жеріне  де  жаһандық  өзгерістердің  ықпалын 

алып  келе  бастаған  еді.  Жаһандану  дәл  бүгінгі 

күні туып, қалыптаса салған, не дамыған үдеріс 

емес сияқты көрінеді. Қазіргі күні жаһанданудың 

шарықтау  фазаларын  бастан  өткерудеміз,  ал 

оның бастауы Абай дәуірі мен заманына тұспа-

тұс келеді. 

Абай Құнанбайұлы неге қазақ сахарасын да ғы 

жаһандық өркениеттің, ықпалдастықтың ал ғаш-

қы қарлығашы деп танылады?  Семей  қаласын-

дағы Ахмет Риза медресесі қабырғасында оқып 

жүрген  кезден  басталған  Шығыс  әдебиеті  мен 

мәдениетіне,  пәлсафасы  мен  тарихына,  Ислам 

діні  тарихы  мен  философиясына,  түркі,  араб, 

парсы-тәжік  өркениетімен  танысуымен  қатар, 

орыс  және  батыс  әдебиеті  мен  ғылымынан, 

философиясы  мен  мәдениетінен  сусындауы 

Абайдың  ұлы  ойшылдық  деңгейге  көтеріліп, 

Шығыс  пен  Батыс  өркениетін  тел  емген, 

қазақтың  ұлы  даласының  ғибратын  молынан 

сіңірген ғұлама деңгейіне жеткізді. Ұлы ойшыл 

ақынның  жалпыадамзаттық,  адамгершілік  құн-

ды лықтар деңгейіне көтерілуі жаһандық әдебиет 

пен  мәдениеттен  хабардар  болуынан  туындап 


23

22

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА

Ресей  боданындағы  қазақ  елінің  саяси-

әкімшілік билік пен тәуелсіздікке қолы бей-

біт түрде жетпейтіндігіне көзі жеткен ойшыл, 

орыс  елінің  ғасыр  соңындағы  әскери-саяси 

құдіретін ескере отырып, саяси және күштік 

тұрғыдан  азаттыққа  жету  мүмкін  еместігін 

бағамдаған.  Боданында  болған  қазақ  елінің 

әл ем дік өркениетке  ұмтылып, инновация  лық, 

индустриялық өркендеуге  жетуін патша лық 

Ресей  еш  көздеген  емес.  Терісінше,  бұра-

тана  халықтың  ортағасырлық  феодал дық-

патриархалдық формациядан шықпауын қа-

лап,  ел  арасында  ортодоксальды,  догматты 

соқыр  дінді  насихаттауға  ықыласты  болды. 

Қазақ  халқының  санасының  оянуынан 

қауіптенді.  Қазақтың  дархан  даласынан  ел 

қамын жеген Абай сынды тұлғалар шығып, 

ұлттық Ренесансқа қадам басты. Қазақ елінің 

жағдайын  саяси-әкімшілік  тұрғысынан 

өзгерте алмайтынын білген ойшыл, мәселені 

сыртқы  факторлар  арқылы  емес,  ішкі 

факторлар  арқылы  өзгертуге  талаптанды. 

Қазақ  халқының  бірлігі,  ынтымақтығы, 

татулық  пен  бейбітшілікті,  келісімді  ту 

етумен қатар, ұлтпен бірге, ұлтты құраушы 

жеке  тұлғалардың  моральдық-этикалық 

тазалығы, дүниетанымы, ділі, ар мен иман, 

өмірдің  мәні  мен  мақсаты,  мазмұны,  өмір 

сүруде  басшылыққа  алатын  темірқазықтар 

деген  сынды  жаратылыс  сырларына,  өмір 

сүру  философиясына  негізделген  маңызды 

сауалдарды  халыққа  жете  түсіндіріп, 

сіңіріп  тәрбиелеуді  қолға  алды.  Адамзат 

тарихындағы  әр  заманда  да  ғұлама  ойшыл 

тұлғалар,  хакімдер  адам  өмірінің  мәні 

мен  мақсаты,  мазмұны,  басты  қасиет, 

құндылықтар төңірегінде әр уақыт сөз етіп, 

толғанып  келген  болатын.  Әлемдік  дана 

ойшылдардың қазақ топырағындағы сілкінісі 

ретінде өткен ғасырларда хакім Абай болса, 

бүгінде адамзаттық деңгейге жетіп отырған 

Елбасы Н.Назарбаевтың хакімдік даналығы. 

А.Құнанбайұлы  өз  шығармашылығында 

диахронды және синхронды тәсілдерді қатар 

алып  жүреді.  Жалпыдан  жалқыға  өту  не, 

жалқыдан  жалпыға  ойысу  алмастырылып 

отырылады.  Қазақ  деп  елдік,  ұлттық, 

қоғамдық  мәселелерді  қозғай  отырып, 

жеке  адамдардың  болмысын,  табиғатын 

талдау  арқылы  сөз  етеді.  Ұлттың  ядросы 

-  жеке  адам,  тұлға  екендігін  жете  түсінген 

ойшыл  жеке  адамдарды  тәрбиелеу  арқылы 

қоғамды  түзетуге  болады  деген  ұстанымға 

тіреледі.  Абай  заманындағы  қоғамдық-

саяси  жағдай  ақынды  осындай  модельге 

жүгінуге  мәжбүр  етті.  Адамзат  баласының 

болмысына  сай  қоғам  мен  мемлекеттің 

дамуы да жеке тұлғалардың жетілуі арқылы 

іске  асатындығы  көне  тарихтан  орын 

алған  ұлылардың  бәрі  айтқан  ұстаным. 

Ғылымда  антропологизм,  антропологиялық 

философия сынды ұстанымдар айғақтайтын 

Адам мәселесі, Адам тәрбиелеу, адам өмірінің 

мәні мен маңызы, мазмұны сынды сауалдар 

адамзат өмірінің маңызды сұрақтары болып 

табылады.  Қоғам  мен  адамның  қарым-

қатынасы, әлеуметтенген адам, әлеуметтену 

мәселелері,  қоғамдағы  адам,  Мен  және 

қоғам,  Мен  және  өмір  сынды  мәселелер 

адамзат  үшін  өте  маңызды.  Жаратылыс, 

табиғат  қандай  жұмбақ,  күрделі  болса, 

адамзат қоғамының қалыптасуы мен дамуы 

да, адам мен қоғамның қарым-қатынасы да 

аса  сондай  күрделі.  Қауымдасқан  адамдар 

тіршілігінде  жеке  адамның  әлеуметтене 

алуы,  жеке  адамның  физиологиялық, 

шектеулі  ғұмырына  байланысты  мақсатты 

өмір  сүре  алуы,  тіршілік  етумен  қатар, 

рухани,  діни  құндылықтар  қағидаттарын 

ұстанып,  биік  талап  деңгейінен  шығуы 

міндетеліп отырады. Әр заманда да адамзат 

баласы үшін ең өзекті де күрделі сұрақ адам 

болып  өмір  сүрумен,  адам  болып  өмірден 

кету болса керек. 

Абай  қоғамдағы  адам,  әлеуметтенген 

адам мәселесімен қатар, адамзат баласының 

түп  мақсаты,  идеалдағы  «Толық  адам» 

тұжырымдамасын  жетілдіреді.  «Толық 

адам»  тұжырымдамасы  өз  бастауын, 

қайнарын  қайдан  алады?  «Толық  адам» 

тұжырымдамасы 

тек  дінге  негізделген 

тұжырымдама  ма,  әлде  діни-философиялық, 

этикалық,  әлеуметтік  тұжырымдама  ма? 

«Толық  адам»  тұжырымдамасы  синкретті, 

симбиоз,  кешенді  тұжырымдама  ретінде, 

Елбасы  Н.Назарбаевтың  Астанадағы  Назарбаев 

университетінің  ашылу  салтанатында  сөйлеген 

сөзінде айтқан «рухани тұтастық» [2] идеясымен 

сабақтасып тұруы назар аударады.

Әдебиеттер

1.  Абай шығармаларының екі томдық толық жинағы. Т.2. Алматы: Жазушы, 1995.

2.  Назарбаев Н. Инновационная индустрия науки и знаний – стратегический ресурс 

Казахстана в ХХІ веке. [WWW-документ] URL. Электронды ресурс.www.akorda.kz.



Резюме

В  статье  рассматриваются  вопросы  преемственности  идеи  национального  проекта 

«Интеллектуальная  нация  -  2020»  с  концепцией  «Полноценная  личность»  великого  казахского 

поэта-мыслителя А.Кунанбаева.

Summary

The article de with the idea of continuity of the national project «Intellectual nation - 2020» with the 

concept of «Integrated personality» of the great Kazakh poet-thinker A.Kunanbaev.

ЖАСАМПАЗ БАСШЫ

Көпжасар Нәрібаев – 

ҚР ҰҒА академигі

Аса  көрнекті  қоғам  және  мемлекет  қайрат-

кері,  қазақтың  біртуар  ардақты  ұлы,  ірі 

тұлға,  өзінің  даналығымен  де  даралығымен 

де  халқының  шексіз  құрметіне  бөленген 

Дінмұхаммед  Ахметұлы  Қонаевтың  туғанына 

100 жыл толып отыр. Жыл басында, өзінің туған 

күні  12  қаңтарда  салтанатты  жиынмен  бастал-

ған мерей той осы күнге дейін жалғасып жатыр. 

Кең  байтақ  еліміздің  түкпір-түкпірінде  облыс, 

аудан көлемінде, оқу орындары, мекемелер мен 

ұжымдар  деңгейінде  Димекеңнің  мерейтойы 

атап өтіліп, есімі ұлықталып жатыр. Бұл Қонаев 

сынды  ұлына  еліміздің  көрсетіп  жатқан  үлкен 

құрметі. 

Димаш ағаның қызметтен кеткеніне 26 жыл, 

ал  өмірден  озғанына  19  жыл  болыпты.  Қазір 

оны  танып  білмейтін  ұрпақ  өсіп  келе  жатыр. 

Сондықтан  Д.А.Қонаевты  көзкөргендердің,  сол 

кісінің  тұсында  қызметте  болған  шәкірттерінің 

парызы  –  ол  кісінің  ұлылығын,  даналығын 

дәріптеп кейінгі ұрпаққа жеткізу. Бүгінгі жастар 

Димекеңнің  еліне  сіңірген  ерен  еңбегін,  ол 

кісінің  өмірі  мен  қызметі  Қазақстанның  өсіп-

даму  тарихымен  тығыз  байланысты  екенін 

түсініп білуі тиіс. Бұл мәселенің үлкен тәрбие лік 

мәні бар. 

Шын  мәнінде  ел  экономикасының  қай  сала-

сын  алсақ  та  оның  өсіп-өркендеу  барысында 

Қонаев  басшылығының  терең  ізі  жатыр.  Ол 

кісінің  қол  тигізбеген,  көңіл  бөлмеген,  көмек 

жәрдем  бермеген  саласы  жоқ.  Бұл  жөнінде  әр 

саланың  өкілдері  айтып  та  жатыр,  жазып  та 

жатыр. 


Қонаевтың  осы  ерен  еңбегінің  нәтижелерін 

дәріптейтін статистикалық мәліметтер де жетіп 

артылады.  Ал  мен  Димекеңнің  өз  аузынан 

естіген әңгімені айтайын. 

Димаш  Ахметұлы  зейнетке  шыққаннан 

кейін  «тоқырау»  дейтін  тақырыптың  кеңінен 

талқыланып жатқан уақыты еді. Үйіне бір бар-

ғанымда ол кісі бұл әңгімені өзі көтерді:

–  Көпжасар,  «тоқырау»  деген  сөз  шығып 

жүр.  Бұл  қандай  тақырып,  қандай  сөз?  Мен 

1955  жылы  Министрлер  кеңесінің  төрағасы 

болдым.  Содан  билік  тізгінін  1986  жылдың 

аяғына  дейін  ұстадым.  Осы  30  жылдың  ішінде 

бір  Қазақстанды  7  Қазақстан  жасадым,  –  деп 

көптеген цифрды жатқа айтып отырды. 

–  1955  жылы  қазақтың  саны  2,7  миллион 

еді,  қазір  7  миллионнан  асты.  Қойдың  саны 

17  миллионнан  36  миллионға,  ірі  қара  4,5 

миллионнан  9  миллионға  өсті.  Ол  кезде 

мемлекетке  жылына  7  миллион  тонна  астық 

тапсыратынбыз,  оны  27-30  миллион  тоннаға 

жеткіздік.  Мемлекет  қоймасына  7  рет  бір 

миллиард,  8  рет  900  миллион  пұттан  астық 

құйдық.  Горбачевтың  айтып  жүрген  тоқырауы 

қандай  тоқырау?  14  облысты  19  облысқа,  160 

ауданды 214-ке жеткіздім. Өндіріс көлемі 9 есе, 

ауыл шаруашылық өнімі 6,5 есе, құрылыс 8 есе, 


25

24

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА

халықтың  саны  екі  еседен  астам  өсті.  48  жаңа 

қала, 70 ірі жаңа поселок салынды. Ал жаңадан 

ірге  көтерген  завод,  фабрика,  колхоз,  совхозда 

есеп  жоқ.  Сонда  бұл  тоқырау  қайдан  шыққан 

тоқырау?


  –  Димеке,  ол  саясаттың  түлкібұлаңы  ғой. 

Өзіңіз  саясаткерсіз.  Оның  төркіні  қайда  екенін 

біліп отырсыз, − деймін мен тоқтау айтып.

  –  Біліп  отырмын  ғой.  Дегенмен  біздің 

жігіттердің  осыны  қағып  алып,  ары  қарай 

ұшындырып әкеткеніне наразымын.

–  Димеке,  қазір  сіз  бен  бізді  тыңдап  жатқан 

ешкім жоқ. Оны тоқтату қолымыздан келмейді. 

Уақыт  әлі-ақ  әркімнің  еңбегін  таразылап, 

бағасын береді.

− Дұрыс. Халық пен уақыт өз бағасын береді. 

Уақытқа  халықты  қосып  айт  –  деді  Димекең 

даусын көтере сөйлеп. 

Мінеки, Димекеңнің осы бір ауыз сөзінен ол 

кісінің қаншама ерлік жасағаны көрініп тұрған 

жоқпа.  Кейінірек  өзінің  «Өтті  дәурен  осылай» 

атты  естелігінде  осының  бәрін  толығырақ 

баяндап берді. Ал халқы, өзі айтқандай, ардақты 

ұлының  ерен  еңбегін  өте  жоғары  бағалап,  өзін 

кемеңгер, дана, дара тұлға деп танып отыр. 

Мен  өзім  білім  мен  ғылым  саласының  өкілі 

болған  соң  Димекеңнің  осы  салаларға  жасаған 

жақсылығын айтайын. Өзі терең білімді, ғұлама 

ғалым  болған  соң  осы  салалардың  дамуына 

ерекше көңіл бөлді. Оны бұрын да білетімін, ал 

1983 жылы жоғары білім беру министрі болып 

тағайындалғаннан кейін одан бетер көзім жетті. 

Осы  қызметке  бекітілгеннен  кейін  Димекеңе 

рақмет айтып, ақылын тыңдауға алдына бар дым. 

– Димаш Ахметұлы, рақмет. Маған үлкен сен-

ім артып, үлкен жауапкершілік жүктегеніңізді бү-

кіл жан-дүниеммен сезінем. Бұл министрлік жай 

министрлік  емес,  елдің,  халықтың,  жастардың 

болашағына  қызмет  ететін  министрлік  деп 

білем,  –  деп  едім:  «Дұрыс.  Жауапкершілікті 

түсінетін де, түсінбейтін де адам бар, – дей келіп, 

маған ақылын айтты. – Жалпы біздің жігіттердің 

қайсыбірі ел басқарғанда «мен бастықпын» деп 

елдің мазасын алып, төпелеп бұйрық беріп, төрде 

шіреніп  отырғанды  ұнатады.  Бұдан  аулақ  бол. 

Елді,  жұртты  көбірек  тыңдайтын  бол.  Жоғары 

оқу  орындарын  жиі-жиі  арала,  кабинетіңде  от-

ырып алма. Қандай мәселе шешілмей жатыр деп 

зерттеп біліп, қолыңнан келетінін өзің шеш. Қо-

лыңнан келмейтінін маған айт. Бұл орынға сені 

сол үшін қойып отырмыз. Жұмыла кірісіп, білім 

жүйесін  дамытайық,  өсірейік,  өркендетейік. 

Білім, ғылым елдің болашағы деп отырсың ғой. 

Осы  бағытың  дұрыс,  осы  бағытыңнан  тайма. 

Екінші,  елмен,  жұртпен  сөйлескенде  кішіпейіл 

бол.  Ешуақытта  сен  деген  сөзді  айтпа.  Жасы 

кіші болса да, алғаш көрсең де, сіз деп тіл қат. 

Басқару жұмысында мәселені сүрлеп, жатқызып 

қоймай,  сөзбұйдаға  салмай,  іскерлікпен  жедел, 

өз  уақтысында  шешу  керек.  Ол  асығыс,  апыл-

құпыл, қалай болса, солай шеш деген сөз емес. 

Мәселені  шешерде  ойлану,  ойланғанда  жан-

жақты, терең ойлану қажет».

Қоштасып,  өз  кабинетіме  қатты  толқып 

келдім.  Білім,  ғылым  саласында  анау-мынау 

емес,  мүйізі  қарағайдай  ғалымдар,  тәжірибелі 

ұстаздар,  ой-өрісі  кең,  ойлы  адамдар  жұмыс 

істейді.  Олармен  тіл  табысу  оңай  емес.  Соны 

біліп  жүрсін  деп  Димекең  маған  әдейі  ақыл 

айтқан екен-ау, мұнысы тек маған ғана емес, елге, 

халыққа  жаны  ашығандығы-ау  деп  тебіреніп, 

іштей  өте  риза  болдым.  Білім  жүйесінде  ол 

кісінің көңіл бөлмейтін мәселесі болмайтын. 

– Жоғары оқу орнына құжат өткізген талап-

керлердің ішінде қаншасы қазақ, қаншасы ауыл-

дан  келген,  қаншасы  шопанның,  диқан ның, 

малшының  баласы?  Соның  бәрін  біліп,  маған 

уақтылы  хабарлап  тұр.  Екіншіден,  қабылдау 

емтиханы  аяқталған  соң,  алыс  аудандардан 

келгендердің  қаншасы  студент  атанды.  Респуб-

лика  бойынша  қазақ  студенттерінің  үлес 

пайызы  қанша?  Оқу  бітіріп,  ауылға,  ауданға 

барғандардың  айлық  мөлшері  қандай,  үймен 

қамтамасыз етілген бе? Соның бәрін қадағалап 

отырайық, ауыл жастармен көгереді. Осыны біз 

ұмытпайық, – деп Димаш Ахметұлы сан мәрте 

пысықтаудан жалықпайтын. 

Ол  кезде  жыл  сайын  министрлікке  оқу 

ғимараттарын,  зертханалар,  жатақхана,  асхана, 

медпункт салуға көп ақша бөлінетін. 

–  Маған  келген  сайын  қолыңда  анықтама-

қағаз  болсын.  Бөлінген  ақшаның  жұмсалуы 

қалай?  Қанша  пайызы  игерілді,  қаншасы 

игерілмей  қалды?  Оның  игерілмей  қалу  себеп-

сыры  неде?  Оған  кім  кінәлі?  Цемент,  кірпіш, 

ағаш, тағы басқа қажетті жабдықпен қамтамасыз 

етпеген  құрылыс  басшылары  ма,  әлде  соған 

көңіл  бөлмейтін  жоғары  оқу  орындарының 

ректорлары ма? Бәрін анықтап, маған хабарлап 

отыр.  Орын  алған  кемшілікті  жою  үшін 

министрліктен  –  сен,  мына  жақтан  –  біз  шара 

қолдануымыз  керек.  Жастарымызға  жан-жақты 

тәрбие, білім беру ісін үнемі жақсарта беруіміз 

қажет,  −  деп  Димекең  мені  қабылдаған  сайын 

талап қоятын. 

Басқа министрлерді қайдам, ал мені бір жылда 

кем дегенде 5-6 рет қабылдайтын. Әр қабылдаған 

сайын  жоғарыдағы  мәселелерді  қайта-қайта 

сұрап, тексеріп, пысықтап отыратын. 

– Студенттердің қанша пайызы жатақхана мен 

қамтамасыз  етілген,  оның  ішінде  ауылдан  кел-

ген балалар қанша? Оқу ғимараты әр студентке 

қанша  шаршы  метрден  келеді?  Соның  бәрін 

Димекең үнемі сұрап біліп, керек кезінде жәр  дем 

қолын созатын. 

Ол  кісінің  барлық  саладағы  министрліктер-

дің де жұмысын, мақсат-міндеттерге сай қандай 

өзгерістер, жаңалықтар болғанын қалт жібермей 

қадағалап, бағалайтынына, іскерлігіне таңғалып, 

мен де үнемі ізденуде болатынмын. 

Димекеңмен  өте  жақын  араласып,  жаңа 

қырларын  таныған  кезім  1986  жыл,  Желтоқсан 

оқиғасының  алды  еді.  1986  жылы  ақпанда 

Қазақ стан  Коммунистік  партиясының  ХVІ  съе-

зі өтті. Сол съезде сөйлеген ҚКП ОК идеология 

жөніндегі  хатшысы  республикамыздың  жоғары 

оқу орындарында оқып жүрген қазақ балалары 

шектен  тыс  көп,  сондықтан  басқа  ұлттың 

өкілдері, әсіресе, орыс халқының балалары зиян 

шегуде  деп  бұрын-соңды  болмаған  мәселені 

көтерді.  Бұған  дейін  біздің  негізгі  мақсатымыз 

осы қазақтың ұл-қыздарын оқыту, тәрбиелеу, көп 

салаларда  жетіспей  жатқан  ұлттық  кадрларды 

дайындау  болды  емес  пе?  Сондықтан  мына 

әңгіме бәрімізді дүр сілкіндірді. 

Съезден кейін Димекең мені шақырып алып, 

осы  мәселе  жөнінде  бірнеше  дүркін  әңгіме-

лесті.  Мен  бұл  сынның  орынсыз  екенін  дәлел-

деп  бақтым,  барлық  жинаған  материалдарым-

ды  жүйелеп,  талдап  алдына  қойдым.  Менің 

мәліметтерімнің  дұрыстығына  көзі  жеткеннен 

кейін  маған  айтқан  Димекеңнің  аталы  сөзі 

мынау  бодлы:  «Көпжасар,  қазақтарды  оқыта 

бер.  Оларды,  мен  оқытпасам,  сен  оқытпасаң, 

кім  оқытады?  Олар  өз  елінде  оқымай  қайда 

барып  оқиды?  Халықтың  обалына  қалмайық, 

шулағандар шулай берсін». 

Міне,  осындай  айқай-шу  болып  жатқан 

заманда,  Мәскеу  бізден  ұлтшылдық  іздеп 

аласұрып  жатқан  мезгілде  Димекеңнің  «қазақ-

тарды оқыта бер, ... олар өз елінде оқымай қайда 

барып  оқиды»  деген  сөзі  ол  кісінің  өз  халқын 

шексіз  сүйетінің  дәлелі  емес  пе?!  Бұл  елінің 

болашағын ойлаған дананың сөзі ғой. 

Д.Қонаевтың  кезінде  жалпы  білім  беру 

жүйесі,  оның  ішінде  жоғары  білім  беру  үлкен 

биіктікке  көтерілді.  1945  жылы  Қазақстанда 

14 жоғары оқу орны болған екен. Димекең оны 

1960  жылы  28-ге,  1985  жылы  55-ке  жеткізді. 

1955 жылы студенттер саны 70 мың болса, 1985 

жылы  270  мың  болған.  Ол  кезде  жоғары  оқу 

орнына  түсіп  оқитын  қазақтар  аз  еді.  Мысалы, 

1955  жылы  студенттердің  28  мыңы  ғана  қазақ 

екен. 1985 жылы олардың саны 151 мың болды. 

Димекең билік басына келгеннен бастап, жер-

жерде, атап айтсақ, Целиноградта, Қостанайда, 

Өскеменде,  тағы  басқа  қалаларда  институт-

тарды  көптеп  ашты.  Түгел,  барлық  облыстарда 

педагогикалық  институттар  ашылды.  Қараған-

ды  қаласында  екінші  университет  бой  көтерді. 

Димаш Ахметұлы: «Кем дегенде әр облыста бір 

институттан болсын. Ол тек қана оқу орны ғана 

емес,  мәдени,  ғылыми,  әлеуметтік  орталыққа 

айналсын» деген талап қойды.

Димаш  Ахметұлының  Қазақстан  ғылымына 

сіңірген  еңбегі  де  ұлан-ғайыр.  Соның  ішінде 

ол  кісінің  Қазақ  ССРы  Ғылым  академиясын 

басқарған  жылдары  өте  нәтижелі  кезең  еді. 

Димекеңнің  Ғылым  академиясына  баратын 

уақыт өте қиын мезгіл болатын. 

1951-ші 


жылдың 

қарашасында 

аса 

көрнекті  ғалымымыз  Қаныш  Имантайұлы 



Сәтпаевты  Қазақстан  Компартиясы  Орталық 

Комитетінің  бюросына  салып  талқылады. 

Алашордашылармен  байланысы  бар,  тарихи 

мәселелерді  бұрмалады,  Кенесары  Қасымовты, 

әсіресе  ол  туралы  Бекмахановтың  еңбегін 

дәріптеді,  оның  қателіктеріне  көңіл  бөлмеді, 

керісінше  оған  қол  ұшын  берді  деп  кінәлады. 

«Правда» 

газетінде 

«Қазақстан 

тарихы 

мәселелерін 



маркстік-лениндік 

тұрғыдан 

көрсетейік»  деген  мақала  жарық  көрді. 

Ол  мақалада  Бекмахановтың  кітабын  да 

сынап,  тас-талқанын  шығарды.  Көп  ұзамай 

Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетінің 

8-ші  пленумы  болды.  Онда  республикадағы 

идеология  жұмысын  жақсарту,  творчестволық 

одақтардың,  Ғылым  Академиясының  мәселесі 

қаралып,  Сәтпаев  орнынан  алынды.  Көптеген 

академиктер:  Мұхтар  Омарханұлы  Әуезов, 

Ахмет  Жұбанов,  Ермахан  Бекмаханов,  Қажым 

Жұмалиев, Темірғали Нұртазин, Есмағамбет Ис-

майлов, Бек Сүлейменов жұмыстан қуыла ды.

Бір  айдан  кейін  Қазақстан  Компартиясы 

Орта  лық  Комитетінің  бірінші  хатшысы  Жұма-

бай Шаяхметов Қазақ ССР-і Министрлер кеңесі 

төрағасының  орынбасары  болып  істеп  жүрген 

Дінмұхамед  Ахметұлы  Қонаевты  шақырып 

алып:


–  Академияға  президент  боп  барып,  жақсы-

лап жұмыс істе, – дейді. Димекең президент бол-

ғаннан  кейін  партияның  сойылын  соғуы  ке рек 

екенін іштей сезіп, келісім бермейді. Ең қиыны – 

Сәтпаевтың орнына барғанды ыңғайсыз көреді. 

Пленум  шешімін  орындау,  «Правда»  газетінде 

шыққан  мақаланың  қортындысын  іске  асыру 

керек  деген  дүмпу  ақыры  ол  кісіні  көндіреді. 

Сөйтіп,  1952  жылы  сәуір  айында  Д.А.Қонаев 


27

26

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА

Ғылым  Академиясының  Президенті  болып 

сайланады. 

Димаш  Ахметұлы  Ғылым  Академиясына 

президент  бола  салысымен  көптеген  маңызды 

шараларды  жүзеге  асырды.  Ең  алдымен 

Одақтағы  үлкен  Академия  президентіне, 

Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетінің 

бірінші  хатшысы  Пономаренконың  алдына 

Академияның  базасын  нығайту  туралы  мәсе ле 

қойды.  Соның  нәтижесінде  Қазақстан  Компар-

тиясы Орталық Комитеті мен Министрлер кеңе-

сінің  «Қазақстан  Ғылым  Академиясының  ма-

териалдық  базасын  жақсартып,  одан  әрі  қарай 

дамыту  жөнінде»  қаулысы  қабылданды.  1954 

жылы  қосымша  13  жаңа  академик,  17  жаңа 

мүше-корреспондент  сайланды.  Академияның 

1944  жылы  басталып,  созылып,  бітпеген 

құрылысын Димекең тікелей қолға алып, үлкен 

нәтижеге  қол  жеткізді.  Ғылымның  дамуына 

сала лық министрліктерді белсене араластырды. 

Өйткені,  Димекең  бәрін  танитын,  олардың 

мұқтаждарын  ескеріп,  кім  қандай  ұсыныс  бере 

алады,  оны  қалай  жүзеге  асыруға  болады  деп 

геология, мұнай өңдеу, металлургия, ауыл шар-

уашылығы  министрліктерінің  бәрін  ғылыми 

жұмысты қолдауға тартты. Ғылымды дамытуға 

үкіметтің  берген  ақшасына  қосымша  жаңа 

институттар ашты. Өзі зейнеткерлікке кеткенше 

Академияны  қолдап,  қолынан  келген  жәрдемін 

аямады,  оны  бір  күн  де  есінен  шығарған  емес. 

Ол  кісінің  тікелей  көмегі  арқасында  Академия 

керемет биік деңгейге көтерілді, одақ бойынша 

Украинадан кейін үшінші орынды иеленді. Көп-

теген  ғимараттар,  зертханалар,  тұрғын  үйлер 

салынды. 

Біздің  академиктеріміздің  арасынан  7  Еңбек 

Ері, 18 Лениндік сыйлықтың, жүзден аса КСРО, 

Қазақ  ССР-і  мемлекеттік  сыйлықтың  иегер ле-

рі шықты. Мұндай жетістік ешбір Академияда, 

еш бір елде болған емес. Мұның бәрі Димекеңнің 

ғылымға үзбей жасаған қамқорлығының жемісі.

Дiнмұхамед  Ахметұлы  Қонаевтың  ұлылығы 

жөнiнде аңыз да көп, ақиқат та көп. Соның бiр 

қыры  −  ол  кiсiнiң  ұлағатты  ұстаз  бола  бiлгенi. 

Өткен  ғасырдың  екiншi  жартысында  биiк 

орбитаға  көтерiлген  көрнектi  қайраткерлердің 

көбiсi  Димекеңнiң  «шекпенiнен»  шыққан 

шәкiрттерi.  Олардың  көптiгi  соншама  бәрінің 

атын атап, түсiн түстеу мүмкiн емес. Ал Димаш 

аға  ұстаз  ретiнде  бәрінің  тағдырын  талдап, 

табыстарына  қуанып,  кемiстiктерiне  ренжiп 

отыратын.  Бәрiнде  өзiнің  қойнынан  шыққан 

балапандарындай,  өзi  тәрбиелеп  өсiрген 

балаларындай  көретiн.  Солардың  iшiнде 

дарынды  шәкiрттерiнiң  бiрi  және  бiрегейi 

елiмiздiң  алғашқы  президентi  Нұрсұлтан 

Әбiшұлы  да  бар.  Нұрекеңдi  ұстазы  жақсылап 

баптап,  мәпелеп  өсiрдi,  шәкірті  де  ұстазын 

ұялтпай, оның үлкен үмiтiн толық ақтады.

Өзiм  куә  болған  мына  оқиғаны  баяндай 

кетейiн.  1984  жылы  наурыз  айында  Нұрсұлтан 

Әбiшұлы  Қазақ  ССР-ы  Министрлер  Кеңесiнiң 

төрағасы  болып  тағайындалды.  Сол  кезде 

Кеңестер  Одағындағы  ең  жас  премьер  бiздiң 

Нұрекең екен. Жаңа қызметiне құлшына кiрiстi. 

Маусым  айының  21  жұлдызында  Совминнiң 

кеңейтiлген  мәжілісі  өтiп,  онда  Нұрекең  өте 

тамаша  баяндама  жасады.  Ел  экономикасының 

жағ дайына толық, жан-жақты ғылыми тұрғыдан 

талдау жасалды. Олқылықтар айтылып, оларды 

түзету  жолдары  көрсетiлдi.  Жаңа  премьерiмiз 

өндiрiстен  өскен  азамат  қой,  сондықтан  ол 

саланы толық меңгергенi түсiнiктi, ал ендi ауыл 

шаруашылығы,  құрылыс,  транспорт,  байланыс, 

әлеуметтік 

салаларды 

түгiн 


қалдырмай 

тереңдетiп  талдағаны  бәрімізді  таң  қалдырды. 

Үкiметтің  көптеген  жиналыстарына  қатынасып 

жүрiп,  өз  басым  осындай  ғылыми  түрде 

негізделген, өте жоғары деңгейде дайындалған, 

терең  мазмұнды  баяндаманы  тыңдағаным 

бiрiншi  рет.  Қазақстанның  көзi  ашылады  екен 

деп қатты қуандым.

Тура сол күнi түс қайта бiрнеше мәселелер-

мен  Димекеңе  кiретiн  болып  алдын  ала 

келiсiп  қойғам.  Кiрген  бетте  ол  кiсi  Совминнiң 

кеңейтiлген  мәжілісі  туралы  ой-пiкiрiмдi  сұра-

ды. Мен алған жақсы әсерiмдi, әлi де басылмай 

тұрған  көңiл-күйiмдi  жасырмай  толық  айтып 

бердiм.  Нұрекеңнiң  баяндамасына,  мәжілісті 

жүргiзу  мәнеріне,  қабылданған  қаулылардың 

маңыздылығына  жоғары  баға  бердiм.  Сондағы 

Димекеңнiң  мәз-мейрам  болып  балаша  қуанға-

ны  әлi  есiмде.  Көзi  күлiмдеп,  жүзi  нұрланып, 

мақтанған, масаттанған кейiпiн танытып, маған: 

ол  кiмнiң  шәкірті  дейсiң,  кiмнiң  мектебiнен 

өттi  дейсiң,  осындай  шәкірттер  ғой  көсегенi 

көгертетiн − деп маған шуақ шаша қарады. Ол 

кiсiнiң қуанышын құптап, мен де қоса қуандым.

Димекеңнің  ерекшелігі  –  ірі,  ұлы  тұлға, 

керемет  ғұлама.  Кеңпейілділік,  кішіпейілділік, 

адалдық,  әділдік,  тазалық  жағынан  да  үлгі 

кісі.  Өзінің  ортасында,  Қазақстанда  ғана 

емес,  Мәскеудің  өзінде,  тіпті  КОКП  Орталық 

Комитеті Саяси бюросының мүшелері арасында 

бәрінен  шоқтығы  биік  кісі.  Сонда  да,  амал 

нешік, олардан асып кетуге, олардан ақылдырақ 

боп  көрінуге  тіпті  болмайды.  Онда  қызыл  көз 

қызғаншақтардан  бәлеге  қалары  сөзсіз.  Оны 

Димаш  Ахметұлы  жақсы  түсінді.  Сақтанып, 

әріптестерімнен асып кетпейін, сөзге қалмайын 

деп жүргенінің өзінде Горбачев ол кісінің атақ-

абыройын көре алмай өшікті.

Әділет  таразысына  салғанда  Горбачев  кім, 

Димаш Ахметұлы кім? Димекең ауқымы кең, өре-

сі биік үлкен азамат. Соны Горбачев қызғанды. 

Меніңше, Димекең қоғамға барлық берер сыйын 

толық  бере  алмай  кетті.  Ол  кісіде  қол  байлау, 

басқан  ізін  аңду  көп  болды.  Дәл  Димекеңдей 

елдің  жағдайын  түсінетін,  білетін,  өзі  сияқты 

елдің,  жұрттың  қамын  жейтін,  ойлайтын 

жан  сирек  десем  қателеспеспін.  Әсіресе, 

шетелдіктер  Димекеңді  өте  жоғары  бағалады. 

Мысалы,  мен  министр,  КазМУ-дің  ректоры 

ретінде  Америкада,  Индияда,  Жапонияда, 

Европаның  көптеген  елдерінде  болдым.  Сонда 

сол елдердің көрнекті қайраткерлерінің, жетек ші 

министрлерінің  айтатыны:  «Димаш  Ахмет ұлы 

Қонаев  қазір  қайда?  Ол  Мәскеудегілерден  бір 

бас  жоғары  тұрған,  одақ  билігін  қолына  берсе, 

халыққа көп жақсылық істейтін керемет адам», 

– дейтін. 

Димекеңді  мұндай  биікке  көтерген  – 

ғұламалығы.  Ерекше  байқағаным,  нағыз  ғалым 

адам  кез  келген  мәселеге  терең  ғылыми,  биік 

қоғамдық тұрғыдан көңіл бөледі екен. Мысалы, 

маған  «қолыңа  алған  ісіңе  жан-жақты,  терең 

қарап, оны жоғары деңгейде орындай біл» деген 

ақылы қандай?!

Осындай абзал азаматты, барлық өмірін елі-

нің  игілігіне  жұмсаған  аса  көрнекті  қайраткер-

ді халқы ешуақытта ұмытпақ емес. Димекеңнің 

алып  бейнесі,  дара  да  дана  тұлғасы  әруақытта 

елінің есінде болмақ. 

Резюме

В этой статье освещается созидательная деятельность Д.А.Кунаева в области образования и 

огромный его вклад в развитие науки Казахстана. 

Summary

The  article  highlights  the  creative  work  of  D.A.Kunaev  in  the  sphere  of  education  and  his  great 

contribution to the development of science in Kazakhstan. 

Өзгенің есебінен жақсы көрініп ‑ жарылқаушы атануға, ел мүддесіне 

нұқсан келтіруге болмайды.

Нұрсұлтан Назарбаев


29

28

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ҰЛТ СИПАТЫ

Нуриев М.А. – 

Интеллектуалды ұлт қалыптасыру ҒЗИ директоры, 

профессор

Үсейн Г.А. – 

инспектор

«Ұлтын сүю – ұлылықтың белгісі»



М.Әуезов

Халқымыздың  бағзы  замандардан  бері  келе 

жатқан  түсінігі  бойынша  адамшылығы  мол 

тәрбиелі  адам  өзінің  қас  асыл  мінез-құлқын 

талантын,  өршіл  өнері  мен  күш-қуатын  өз 

халқының биік мұраты мен мүддесі үшін қызмет 

етуге  бағындырады.  Ел  тарихына  үңіле  қарап 

сараптар болсақ, нар тұлғалы азаматтар бейнесі 

әр кезеңнен «мен мұндалап» зорая түсіп көріне-

ді. Әрқайсысының халық тарихынан, мәдениеті 

мен әдебиетінен еншілеген өзіндік орны бар. 

Осы  қазақ  зиялыларының  өмірі  бүгінгідей 

еліміз  тәуелсіздікке  ие  болған  кезеңде  өз 

өмірімізде  бағыт-бағдар,  үлгі-өнеге  етіп  алуы-

мызға  болатындығын  тақырыпта  бөлісуге  бо-

лады.  Туған  ұлтын,  оның  өткені  мен  бүгінін, 

тілі  мен  мәдениетін,  тарихын  дұрыс  танып 

бағалай  алмайтын  адамдардан  ұлтына  жақ-

сылық  келмейтіні  белгілі.  Өз  бойымызда 

туған  Отанымызға  деген  сүйіспеншілік  пен 

құрмет  сезімінің  бастауы  төл  әдебиетімізден, 

қаламгерлеріміз  жазып  қалдырған  прозалық 

және  поэзиялық,  драмалық  туындылардан  бас-

тау алатынын байқауға болады.

Осы ретте, әсіресе ұлт ұғымы туралы сөз ай-

тылғанда  жүректегі  махаббат  сезімінің  оянып, 

ұлтыңа  деген  ыстық  ықыласың  мен  тамаша  ақ 

ниетің  сезілмесе,  айқайымыз  жалаң  да,  жадаң 

әрекетіміздің зиянын тигізіп алатынымыз ай ғақ. 

Оны  ұлт  ұстаздарының  қағидалары  айқындап 

тұр.

Адам  туралы  шығыс  ойшылдарының  ой-



лары  осы  қағидаларды  айқындай  түседі.  Егер 

тоқталар болсақ, Жүсіп Баласағұнның  « Құтты 

білігіндегі»: 

Кісі мәңгі болмас, мәңгі аты, 

Арыға мәңгі қалар шапағаты – деген жолдар, 

немесе Махмут Қашқаридың «Диуани лұғат 

ат-

түркіндегі»:



Қураған ағаш иілмес,

Қураған  шыбық  түйілмес  –  деген  жолдар, 

немесе  Әбу-Насыр  әл-Фарабидің  мәңгілік  па-

расат туралы ілімі, ең соңында, ұлы Абайдың: 

Алды үміт, арты өкініш алдамшы өмір, 

Желігін жерге тықпас кісің бар ма!?, – деген 

өлең жолдары оралады [1,4]. 

Байқап  қарасақ,  жоғарыдағы  ғұламалардың 

түпкі  ойлары,  түсініктері  бірін-бірі  толық тыр-

ғандай.  Әйгілі  ойшыл  Баласағұн  келешектің 

тізгінін  ұстайтын  жастар  тәрбиесін  отбасымен 

үндестіре отырып, осы ата-баба салған ізгілікті 

тә лімнің  құрылымымен  жоспарлауды  ниет  ете-

ді. Білімнің туа бітетіндігі жайлы пікірге қарсы 

шығып, оған парасатты іс-әрекеттің нәтижесін-

де қол жеткізуге болатынына сенеді. Білімге көп 

сусындаған  адам  ғана  көп  нәрсеге  қол  жеткізе 

алады. Оның пікірінше, білім даналық, денсау-

лық және жан толысуы. Ал Қашқари болса, қазақ 

халқы  ежелден  әділеттілікті,  сыпайылықты, 

шындықты,  жарқын  жүзділікті,  өсек-аяңнан 

бой ын аулақ ұстау сияқты құндылықтарды ада-

ми  құндылықтар  деп  қастерлеген,  –  деген  ой 

айтады. 


Белгілі  философ  А.Х.Қасымжанов:  «Кеңіс-

тікте  адам  дүниеге  келгеннен  бастап,  белгілі 

бір  өмірлік  болмысын  қалыптастырып,  нақты 

бір  мінез-құлық  стереотиптерін  меңгеріп,  қор-

шаған  ортаға,  дүниеге  деген  дүниетанымын, 

көзқарасын орнықтырады», - деген ой түйеді.

А.Қасымжанов  пен  А.Әлінов  әл-Фараби 

мен  Абай  еңбектеріндегі    «интеллект»  сөзінің 

мағынасын  қарастыра  келіп,  былай  дәлелдеді: 

әл-Фараби  өзінің  «Интеллект»  (сөзінің)  мағы-

насы  жайында  деп  аталатын  зерттеуінде, 

адамның  ақыл-парасат  мүмкіндігіне  жан-

жақты  талдау  жасай  келіп,  оны  «потенциалды 

интеллект», «актуальды интеллект», «жүре келе 

дарыған  интеллект»,  «әрекетшіл  интеллект» 

сияқты  философиялық  категорияларға  бө-

ліп-бөліп  талдайды.  Әл-Фараби  «жүре  келе 

дарыған  интеллект»  туралы  айта  келіп,  адам 

туғаннан  ақылды,  білімді  болып  тумайтынын, 

интеллекттің  өзі  жүре  келе,  естіп,  көріп  бар-

ып  қана  ескертеді.  Сондай-ақ,  әл-Фарабидің 

«Мемлекеттік  қайраткерлердің  нақыл  сөздері» 

атты  еңбегінде  адам  бойындағы  жақсы  және 

жаман  қасиеттердің  бәрі  жаратылысынан  емес, 

жүре келе, өзін қоршаған қоғам өміріне сәйкес 

өзгеріп  отыратынын  айта  келіп,  төмендегі-

дей  тұжырым  жасайды:  «Адамның  әуелден 

тоқымашы  немесе  хатшы  болып  тумайтыны 

сияқты, қайырымдылық пен жаман қылықта ад-

ам ға  әуел  бастан  жаратылысынан  дарымайды. 

Бірақ  қайырымдылықпен  немесе  жаман  қылық 

жаратылысынан  бейім  болуы  мүмкін,  оған 

қандай  да  болсын  басқа  әрекеттерден  гөрі  әлгі 

(күйден)  туатын  әрекеттерді  істеу  оңайырақ 

болады. Өнер біткеннің бәріне жаратылысынан 

бейім  адамның  болуы  шындыққа  сыймайтыны 

сияқты,  қайырымдылықтың,  этикалық  және 

интеллектуалдық бәріне жаратылысынан толық 

бейім адамның болуы шындыққа сыймайды, ол 

мүмкін емес» [2].

Әл-Фараби  «интеллект»  сөзінің  мағынасын 

4 категорияға бөліп қарастырған, оны төмендегі 

сызбадан көруге болады (1-сызба).

Қазіргі  қоғамда  интеллектуалды  ұлт  қалып-

тастыру  өзекті  мәселе  болып  отыр.  Интел-

лектуалды  ұлт  қалыптастыру  үшін  интел-

лектуалды  тұлға  қалыптастырып  алғанымыз 

жөн. Жеке адам болу үшін психикалық даму дың 

белгілі  бір  дәрежесіне  өтіп,  басқа  адамдарға 

қарағанда  ерекшелігі  бар  екенін  білетіндей 

біртұтас  тұлға  болуы  тиіс.  Өмірлік  даму  мен 

тәрбиенің  нәтижесінде  жеке  адам,  яғни  тұлға 

қалыптасады. Жеке адамның қалыптасуы өмірге 

келген  сәтінен  басталады.  Жеткіншек  және 

жасөспірім  кезінде  жедел  жүріп,  ересек  шақ-

та  біршама  бәсеңдеп,  аяқталу  шаққа  жетеді. 

Жеке  тұлғаның  ой-санасының,  білім  көлемінің 

толысуына  байланысты  оның  өмірге  көзқара-

сы,  белгілі  құбылыстарға  баға  беруінде  де 

өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы 

заңды құбылыс. Жеке тұлғаға тән қасиеті-ақыл, 

ес,  өмірді  өзінің  сана-сезім  мөлшерімен  қарап 

бағалауға  бейім  тұруы.  Әрбір  жеке  тұлға  олар-

ды  оқып,  көріп,  оқығанын,  естігенін,  көргенін 

өз  ойына  тоқып,  содан  сабақ  алу  арқылы  да 

өзінің  іс-әрекетін,  мінез-құлқын,  сана-сезімін 

байытады. Ұлттық тұлға ұғымы ұлтына қызмет 

ететін, ұлтын жан-тәнімен сүйетін, өзіндік көз-

қарасы  қалыптасқан  интеллектуалды  тұлға 

дегенге  ойысқан.  XXI  ғасырда  ұлттық  тұлға 

ұғы  мын  осы  мағынада  ұғындырғанымыз  жөн. 

Мі не, осыдан келіп XXI ғасырдың тұтқасын нық 

ұс тайтын еліміздің ертеңі интеллектуалды тұл  ға 

бойынан қалыптасады емес пе?

Осы  тұрғыда  қазақ  халқының  айтулы  ұл-

дарының көпшілігі қашанда өз ұлтының қадір-

қасиетін  өзгелердің  қорлығы  мен  мазағынан 

қорып келген. Сол жолда бастарына қандай нәу-

бет  орнаса  да  қайыспай  көтерді.  Қолдарынан 

қаламдары  түсіп,  еңбек  етуге  шамалары  кел-

мей қалғанша өз туындыларында ұлт намысын 

жақтады.


31

30

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ



ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Сонымен  қатар,  әл-Фарабидің  интеллект 

жөніндегі  осы  философиялық  ой-тұжы-

рымын  араға  тоғыз  ғасырдай  уақыт  салып 

барып,  қазақ  қауымының  жаңа  тарихи 

жағдайында  Абай  Құнанбайұлы  зор  біл-

гірлікпен  жалғастыра  түскен  сияқты.  Абай 

өзінің «Он тоғызыншы сөзінде»: «Адам ата-

анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, 

ұстап,  татып  ескерсе,  дүниедегі  жақсы, 

жаманды  танидыдағы,  сондайдан  білгені, 

көргені  көп  болған  адам  білімді  болады. 

Естілердің сөздерін естіп жүрген кісі өзі де 

есті  болады.  Сол  естілерден  естіп,  білген 

жақсы  нәрселерді  ескерсе,  жаман  дегеннен 

сақтанса,  сонда  іске  жарайды,  сонда  адам 

десе  болады»,  –  деп  осы  ойды  мейлінше 

айқындай түскен. Абай өз ойын: «ғылым-бі-

лімді әуел бастан бала өзі ізденіп таппайды. 

Басында зорлықпен яки алдаумен үйір қылу 

керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша. 

Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпен 

көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам 

болады», – деп тұжырымдайды. Сондай-ақ, 

Абай  парасат  күші  –  адамның  ойлауына, 

пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына 

және  жақсылық  пен  жаман  қылықты  ай-

ыруына  көмектесетін  күш,  –  деп  көрсетеді 

[3].

Ұлы Абай осы адам қасиеттерін сараптай 



келе,  адам  болудың  кемел  шыңы  «толық 

адам» екенін өз пікірінде сабақтай түседі. Ол 

адамды сүйіп, адамды құрметтеуге кемеңгер 

ақын поэзиясының түпкі негізі-адам, толық 

адам  дейді.  Абай  армандаған  толық  адам 

өнерлі,  білімді,  еңбекқор,  адал,  әділ,  жылы 

жүректі,  ыстық  қайратты  ғылым  жолына 

түскен  іздемпаз  болуы  керек.  Ал,  махаббат 

пен сүю, адамды сүю, Алланы сүю, әділетті 

сүю  Абай  шығармаларының  биік  мұраты. 

Адамзат ақыл-ойы, ақындығының ірі тұлғасы 

Абай  тағылымы  білімнің  де,  тәрбиенің  де 

қайнар бұлағы екені түсінікті. Ұлы дананың 

қай  шығармасын  алмайық,  оның  алтын 

қазығы-Адам. Ол: нағыз Адам, Толық Адам 

қандай  болу  керек?  деген  сұраққа  жауап 

іздейді  әрі  оған  жауап  береді.    Мысалы, 

«Атымды  Адам  қойған  соң  қайтып  надан 

болайын», «Адамды сүй, алланың хикметін 

сез,  не  қызық  бар  өмірде  одан  басқа»,  –

дейді.  «Адамды  сүюден  басқа  қызық  жоқ» 

деген  пікірінде  қазір  көп  айтылып  жүрген 

гуманды  педагогика  ұстанымдары  жатыр. 

Осы  жерде  жас  ұрпақты  тәрбиелеу  ісі  ең 

алдымен,  оларды  адамды  сүюге  баулудан 

басталуы  керек  деген  тұжырым  шығады. 

Абай  мұрасы,  тағылымының  өміршеңдігін 

бүгінгі  тәрбие  үрдісінің  алдында  тұрған 

кезеңде  Абайға  бұрыласың.  «Толық  Адам 

қандай  болу  керек?»  деген  сұрақ  ақынға 

маза  бермейді.  Мысалы,  «  Әуелі  бір  суық 

мұз-ақыл зерек» өлеңінде:

«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда  толық  боларсың  елден  бөлек»,  – 

деп айтады. 

Абай  ақыл  мен  қайраттың  иесі  болған 

адамды  «жарты  адам»  дейді.  Өйткені 

ондай адам тек «суық ақыл» мен «жүгенсіз 

қайраттың»  ғана  өкілі  болып  табылады. 

Сөйтіп, Абайдың «нұрлы ақыл» жайындағы 

тұжырымының  қайнар  бастаулары  «Бақыт 

жолын  сілтеу»,  «Азаматтық  саясат», 

«Мемлекеттік  қайраткерлердің  нақыл  сөз-

дері»,  «Бақытқа  жету  жолында»  деп  ата ла-

тын ғылыми еңбектерінде жатыр [5].

Діни  тұрғыдан  да,  этикалық-интел-

лек туалдық  тұрғыдан  да  адамзаттың  бәрі 

пайғамбар  болмаса,  әулие  деңгейіне  жете 

бермейді.  Сондықтан  толық  адамдыққа 

ұмтылу  әрбір  адамның  парызы.  Абайдың 

толық  адам  деп  қарастырып  отырғаны, 

қазіргі  қоғамның  интеллектуалды  тұлға 

екеніне дәлел. Ол ғылымды игерген, білімді, 

иманды,  тәрбиелі,  тапқыр,  белгілі  бір 

кәсіппен  шұғылданған,  ортасында  әділет-

тілікті  ұстанған,  өнер  мен  мәдениетке, 

әдебиетке жақын тұлға.

Жер  жүзіндегі  басқа  жан  иелерімен  са-

лыс тырғанда адам баласы туғанда өте әлсіз 

болып  туады.  Адам  баласының  денесіне, 

жанына  азық  беріп,  көмектесіп,  оны 

тәрбиелеу  керек.  Баланың  психологиялық 

тұрғыдан  дамуы  отбасында  дұрыс  қарым-

қатынастың  болуына,  отбасы  мүшелерінің 

бірін-бірі ұнатуына, құрметтеуіне, отбасын-

да  еңбектің  дұрыс  жолда  екенің  көрсетеді. 

Осындай  ортада  бала  көңілді  әрі  қалыпты 

өсіп  дамиды.  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен 

оқыту  мазмұнының  сапасын  арттыру  да 

алдымыздағы мақсаттардың бірі. 

Генетикалық тұрғыдан өте мықты алғыр 

ұрпақ, қазақ балалары үшін тәрбие мен Отан 

сүйгіштіктің,  үлкенді  құрметтеуі.  Бұл   

– 

біздің ертегілеріміз тілге жеңіл, бүлдіршінді 



белгісіздік немесе сенімсіздікке жетелемей-

ді  керісінше  алға  ұмтылуға  өз  Отанының 

қорғаны  болуға,  үлкенді  құрметтеуге  үнемі 

дамып отыруға жетелейді.



Білім жүйесі (2-сызбанұсқа).

Білім  жүйесіндегі  ең  маңызды  буын-

орта  білім.  Мектеп  неғұрлым  таза,  серпін-

ді,  шығармашыл  болса,  отбасы,  қоғам,  өм-

ір  жақсарып,  сапалық  көрсеткіштер  жоға-

рылайды.


Білім жүйесіндегі елеулі буын – жоғарғы 

оқу  орындарында  білім  беру  саласы. 

Еліміз  тәуелсіздік  алғалы  бері  елбасы 

Н.Ә.Назарбаев  білікті  мамандар  дайындау 

ісіне  үнемі  көңіл  бөліп  келе  жатқаны 

белгілі. Кең-байтақ елімізді дамытуға, оның 

қойнауында  жатқан  ен  байлықты  тиімді 

игеруге, жаңа заманға сай білікті мамандар 

ешқашан  көптік  етпейді.  Бүгінгі  студент  – 

елімізде  қабылданған  стртегиялық  маңызы 

бар бағдарламаларды іске асыратын болашақ 

маман.  Сондықтан  да  интеллектуалды  ұлт 

қа лыптастыруда жоғарғы оқу орындары ның 

алар орны ерекше.

Н.Ә.Назарбаев  бәсекелестікке  төтеп 

бере  алатын  жан-жақты  ұрпақ  ол  еліміздің 

ертеңі,  сенімді  болашақ,  интеллектуалды 

қалыптасқан  жоғарғы  білімді  жастардан 

тұрмақ.

Қазақ  зиялыларының  тарихына  көз  жү-



гірткеніміздей  ұлтым  деп  туған  әр  азамат 

өз  ұлтының  шығар  биігі,  әлем  алдындағы 

абыройы  алға  озғанын  қалағанын  көреміз. 

Тұлғаның  жеке  қасиеттері  немесе  дарыны 

дамуы  үшін  оның  өміріне  азық  болатын, 

жолына  бағдар  сілтейтін  білім  көзі  болуы 

шарт. Өз ұлтын сүйетін жан-жақты білімді, 

денсаулығы жақсы ұрпақты білім мен тәрбие 

теориясын  қатар  алып  жүргенде  көруімізге 

болады.  Ұрпағымыздың  психологиялық 

тұрғыдан дамуы, отбасы мүшелерінің бірін-

бірі  ұнатуы,  тіпті  отбасындағы  сіңірілетін 

тәрбие  мен  еңбек  үрдістерінің  дұрыс 

қалыптасуын  талап  етеді.  Осы  мақсатта 

елбасы «Интеллектуалды ұлт – 2020» ұлттық 

жобасында,  біздің  түпкілікті  мақсатымыз-

интеллектуалды  ұрпақ  тәрбиелеп,  интел-

ллектуалды  ұлт  қалыптастыру  деп  атап 

көрсеткен. 

Осыған  орай,  жоғары  оқу  орындарында 

қазақстан  тарихы  пәніне  қосымша  «Интел-

лектуалды  ұлт»  пәнін  ендіру,  жеке  тұлға 

өзінің туған табиғаты, жері, тілі, діні, салт-

дәстүрі,  тарихын  құрметтеуге  тәрбиелейді. 

Әрбір ұрпағының интеллектуалды дамыған, 

бәсекелестікке  төтеп  бере  алатын,  жаңа 

ғылыми  технологиялардан  хабары  бар 

болғанын  қалайтын  ата-ана  немесе  білім 

беру  ошақтары  қазақ  зиялыларының  ең-

бектерінен  өз  білімдерінің  бастауын  алуы 

шарт және де тәрбие ісінде, еңбекке үйретуде 

оларды ескеріп отыруға міндетті.



Білім жүйесі

Маңызды буын 

Орта білім біле білсек, орта мектеп-ин-

теллектуалды ұлтты қалыптастырудың 

негізі.

Елеулі буын



Жоғары  білім-жалпы  білім,  ғылым 

және мәдениеттің тоғысқан жері.



33

32

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



БАҒДАРЛАМА

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  Жүсіп Баласағұн. Құтты білік (Ауд. А. Егеубаев). – Алматы: «Жазушы», 1986. 

2.  Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. – Алматы: Сөздік-

словарь, 2007. – 344 б.

3.  Абай. Қара сөз. Поэмалар жинағы. – Алматы, 1993. – 87 б. 

4.  Әдеби  жәдігерлер.  Жиырма  томдық.  Т  2:  Махмұт  Қашқари.  Түрік  сөздігі/

Ауд.А.Қ.Егеубай Алматы: Таймас,2007-592 б.

5.  Әуезов М.О. Абай Құнанбаев: Мақалалар мен зерттеулер. – Алматы, 1967. – 392 б.



Резюме

В  статье  анализируется  труды  интелегентных  обществ  казахского  народа  для 

формирование интеллектуальност нации. 

Summary

The article analyzes the writings intelligent society of Kazakh people for the development of 

intellectual nation.

ТИПОВАЯ УЧЕБНАЯ ПРОГРАММА



«Основы национального воспитания»

2 кредита (90 час.)



Авторы: 

Пралиев С.Ж. – д.п.н., академик, Иманбаева С.Т. – д.п.н., профессор, Хан Н.Н. – д.п.н., профессор, 

Калиева С.И. – к.п.н., профессор КазНПУ им. Абая, Берикханова А.Е. – к.п.н., профессор КазНПУ 

им.Абая, Шолпанкулова Г.К. – к.п.н., профессор КазНПУ им.Абая

Пояснительная записка

Настоящая  программа  переработана  и 

дополнена  в  соответствии  с  современными 

нормативными  документами,  определяющими 

функционирование системы образования в Рес-

публике  Казахстан.  Программа  также  связана 

с  содержанием  «Типового  комплексного  плана 

по  усилению  воспитательного  компонента 

процесса  обучения  во  всех  организациях 

образования».  Основанием  плана  является 

Указ  Президента  Республики  Казахстан  от  30 

января 2012 года №261 «О мерах по исполнению 

общенационального  плана  мероприятий  по 

реализации  Послания  Президента  Республики 

Казахстан  от  27  января  2012  года  «Социально-

экономическая  модернизация  –  главный  вектор 

развития Казахстана».

В  настоящей  программе  представлены 

приоритетные  направления  воспитательной 

дея  тельности  со  студенческой  молодежью 

(вос питание  межэтнической  толерантности, 

культуры  межнационального  общения  духов-

но-нравственное, 

патриотическое 

вос пи-

тание,  профилактика  девиантного,  деструк-



тивного  поведения  молодых  людей  и  др.), 

которые  являются  содержательной  основой 

национального  воспитания  в  вузе.  Кроме  того, 

в  предлагаемой  программе  факты,  явления, 

понятия раскрываются лишь с ознакомительной 

целью,  для  формирования  у  студента  миро-

воззренческих 

установок, 

национального 

самосознания.  Программа  курса  предназначена 

для  студентов  всех  специальностей  универси-

тета  и  носит  практико-ориентированный,  ин-

тегрированный  характер. 

Цель преподавания курса «Основы НВСМ» 

–  формирование  у  студенческой  молодежи 

высокого  уровня  национального  самосознания, 

ключевых компетенций, включающих в себя го-

товность к успешной творческой деятельности, 

развитое чувство понимания и уважения других 

культур, умение жить в мире и согласии с людь-

ми разных национальностей и вероисповеданий.



Задачи преподавания дисциплины

1.  Формирование  активной  гражданской 

позиции,  патриотизма,  толерантности,  ответ-

ственности за будущее своей республики у сту-

денческой молодежи.

2. Формирование у студентов уважительного 

отношения  к  ценностям  этносов  Казахстана,  к 

общечеловеческим ценностям и чувства нацио-

нального достоинства.

3.  Осознание  студентами  необходимости 

освоения  представителями  этносов  госу дар-

ственного языка. 

4.  Формирование  ценностного  отношения 

личности  к  здоровому  образу  жизни  и  потреб-

ности в нем.

Воспитание  нового  поколения  граждан 

суверенного Казахстана с активной граж данской 

позицией,  с  развитым  интел лек туальным 

потенциалом,  нацио наль ным  самосознанием 

и  ответственным  отношением  к  истории  свого 

отечества и его будущему – основа процветания 

казахстанского общества. 

Объективные 

процессы 

социально-

экономического развития Казахстана, имеющего 

высокую  степень  этнического  многообразия, 

обнажили  ряд  проблем  в  воспитании  молодого 

поколения:  наблю дается  кризис  духовного 

развития, остро ощущается дефицит гуманности, 

от чуждение  молодежи  от  общечеловеческих 

ценностей,  моральных  норм  и  нравствен-

ных  требований.  Глубокое  осознание  каж-

дым  человеком  своей  принадлежности  к 

определенной нации и уважительное отношение 

к  другому  человеку  как  к  носителю  духовной 

культуры  является  основой  усвоения  им 

национальных  и  общечеловеческих  ценностей. 

Объективная  реальность  показывает,  что 

высокий  уро вень  национального  самосознания 

личности связан с осознанием себя как патриота, 

гражданина страны.

Решение  этих  проблем  требует  обно-

вле ния 


содержания 

воспитания, 

усиле-

ния  воспитательных  и  социализирующих 



функций образовательного процесса в учебных 

заведениях.  Поэтому  на  современном  этапе 

особую  значимость  приобретает  проблема  на-

ционального  воспитания,  в  решении  которой 

осо бое место принадлежит вузу как важнейшему 

институту социализации молодежи.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет