Қыз ұзату тойы
Ережесі: Қазақ халқындағы əр ата-ананың
тілегі əрі парызы «Ұлын-ұяға, қызын-қияға
қондыру». Халқымыздың қыз ұзату тойы
– үлкен той, думан əрі қызық. Құда түскен
98
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
соң қызды алып кетуге жігіт жағынан тақ
санымен бес не жеті, өзара келісім бойынша
одан да көп адам келіп, қызды алып кететін
мерекені атаймыз.
Орындалу тəртібі: Қандай той болма-
сын оның машақаты да, көңіл қуантар ра-
хаты да аз емес. Сондай «болғанынан бо-
ладысы қызық» қыз ұзату тойында жасала-
тын кəделері мен жөн-жоралғыларынан-ақ
қазақ халқының қыз баланы қаншалықты
аялап, құрмет тұтатындығын көруге болады.
Бүткіл қауым болып қызықтасып, думанда-
тып жүріп, қуаныш бөлісер қыз ұзату тойы
– тойлардың ішіндегі адам жанына толқу са-
лар ең əсерлісі. Бұл күн – өте ерекше күн.
Жаңа өмірге қыз да, жігіт те қадам басады.
Тойға қатысушы қыз ұзататын жақ пен
келін түсіретін жақ – екеуі де, сөз жоқ, екі
түрлі көңіл күйде болады. Бірі «Басымызға
бас қосылды, бір баламыз екеу болды», –
деп, масаттанысып жатса, қыз берген жақ:
«Қайтеміз енді, – «Қыз – жатжұрттық» деген
– осы да деген сияқты үлкен толқу үстінде
болады. Бұл күні қыз ата-анасы қуанады,
əрі көңілдерінде «бос қуыс» пайда болып,
жанының бір бөлшегі – қызын қимаушылық
сезімде жүреді. Себебі, қуанатыны қыз өсіріп,
оны құтты орнына қондырды, ал қимастық
сезім – қимастық көңіл. Қыз ұзату тойын
жасауды қыздың жəне жігіттің ата-анала-
ры келісіп, бір күнге белгілейді. Əдетте қыз
ұзатуға жігіт жағы кешкілік мезгілде келеді.
Солтүстік жəне Орталық Қазақстанда бұрын
қыз ұзатуға тек ер адамдар баратын болған.
Қазіргі таңдағы қыз ұзату тойы үйлену
тойынан артық болмаса, кем өтпейді. Мал
сойылып, кең дастархан жайылады. Өткі-
зілетін орын да алдын ала белгіленіп, əркім
шамасына қарай кафе, мейрамхана, той-
ханаларда өткізуге болады. Қазақ – қызын
ардақтай білген ел. Халқымыз қызды аққуға,
гүлге, өмірдегі ең сұлуға теңеп, «Қыз – кие.
Қыз – қасиет. Қыз – өріс. Қыз – намыс.
Қыз – ар. Қыз – адал жар» деп тағы басқа
теңеулерге балаған. Сол себепті, бақыт құсы
саналатын қызын қолынан ұшырғысы келсе,
нағыз қазақи дəстүрді сақтай отырып, кафе-
ден емес, өз үйінің керегесінен аттандырған
орынды деп санаймыз. Алыс-жақын туыстар,
жекжат-жұрағаттар шақырылады. Қыз ұзату
тойына шақырылған қонақтар қыз ата-ана-
сына «Қыздың барған орны құтты болсын»,
«Ұзатқан қыздарыңның арты сіздерге құт,
алды біздерге құт болсын», «Барған жеріңе
тастай батып, судай сің!» деген тəрізді ақ
тілектерін айтып, сыйлықтарымен келеді.
Құдалар келгенде қыздың жеңгелері ал-
дынан қарсы шығып, арқан кереді. Бұл
көбіне ауыл өмірінде кездеседі. Бұл кəденің
түп төркіні жаңа құдалар мен жас келіннің
жолы ашық, пəле-жаладан аулақ болып,
кедергілерге ұрынбасын деген ақ ниеттен
тартылады. Арқанның орнына кейбіреулер
лента да тартып жүргенін кездестіруге бо-
лады. Құдалар ақшалай, болмаса тəттілерді
шашу ретінде беріп, арқанды ашады.
Сөйтіп, құрметті қонақтарды үйге алып
кіріп, барлығын жайғастырып, ас алып
келінеді.
Қыздың ата-анасы қызына арнап ақ тілек-
терін айтады. Мəселен, «Халқымыз «жо-
лаушы мұраты – жету, қыз мұраты – кету»
деген дей, бауыр етінен жұлып алғандай
етіп қызымызды өзге жұртқа аттандырып
жатырмыз. Бұл кімге болса да оңай емес
екен. Дегенмен, теңін тауып, көңіл жа рас-
тырып, біздің, яғни ата-анасының, туған-
туыстарының ризашылығымен кетіп бара
жатқаны көңілге қуаныш ұялатады.Қолы-
мыздан ұшып бара жатқан қызымыздың
қон ған жері құтты болсын! Барған еліне
тастай батып, судай сіңіссін, көп балалы
ана болып өркенін жайсын! Құдай қосқан
жарына бақ болып қонсын, қосағымен қоса
ағарсын!Құда-жекжаттарымызға айтарым,
бір-бірімізге деген жылы ықыласымыз суы-
май, сыйластығымыз жоғалмай екі жастың
қызығына кенелейік. Той сіздерге де құтты
болсын! Екі жас бақытты, өмірлері ұзақ
болсын! Не десек те, барған жерің баян-
ды болғай. Ата-анаңа жаманат келтірмей,
«Кімнің асыраған баласы еді?» – дегізбей,
еңбегімізді ақта. Біздің тілегіміз осы. Ала-
қанымызға салып, аялап, қанаттыға қақтыр-
99
САЛТ-ДƏСТҮР
май əлпештеп өсірген перзентіміз болған-
нан соң, қимастықтан толқығанымыз ғой,
əншейін»... – деп ағынан жарыла ақта рылып,
бүкіл елді толқытып, өздері де көздерінің
жасын бір-бір сығып алады.
ҰСЫНЫС:Қыз ұзату тойында біраз қазақи
салт элементтерінің сақталғаны орынды.
Бойжеткен қыз бен күйеу баланың киімдері
ұлттық нақышта болуы тиіс. Сондай-ақ, онда
орындалатын ырым, кəделердің көпшілігінің
сақталғаны еш ынғайсыздық əкелмейді. Тек,
əрине, өзгерістер мен толықтырулардың
бол ғаны абзал. Ондағы «Қоштасу жыры»,
«Ау-жар», «Аушадияр» сияқты жырларды
алынып тасталып, ал «Сыңсу», «Жар жар»-
дың мəтіндері жаңа заманға лайықталып
қайта жазылғаны абзал. Себебі, бұларда
заманауилық басым. Неге бұлай дейтініміз,
ол заманда бір ру бір ауыл болып қоныс теп-
кен. Ал, қан тазалығын қатты ұстанған ата-
бабамыз жеті атадан бері қыз алыспау қағи-
дасына сүйеніп, бойжеткенін сонау екін ші
бір қиырға ұзатып отырған. Ұза тылған қыз
кем дегенде бір жылсыз ата қонысына келе
алмаған. Сондықтан да, осы «Қоштасу» мен
«Сыңсудың», ал оған жауап ретінде «Жар
жар», «Ау-жар», «Аушадияр» сияқтылардың
айтылуы əбден орынды еді. Қазір заман
басқа, ұзатылған қызымыз көз алдымыз-
да, тіпті алысқа кеткен күннің өзінде за-
мануи дамыған көліктермен қатынап, тым
болмағанда техникалық байланыс құралдары
арқылы дауыстарын естіп, сағынғанда мау-
қын басып отырады. Сондықтан да, сың су-
дың мəтіні қазіргі заманға сай қыздың ата-
анасына деген перзенттік рахметін айттырып,
туған-туыстарына ризашылығын білдіретін
өлең жолдарына арналып жаңа үл гіде жазы-
луы тиіс. Кей қыздардың өлең айтуға дасы
болса, кейбіреуінің даусы жоқ болғандықтан,
əн жазу студиясына барып, алдын ала жаз-
дыртса. Қазір дамыған заман, оған көбінің
шамасы жетеді. Өйткені, екінің бірі əн-жыр
айта алмайды. Ал, талантты қыздар өз жаны-
нан айтса əбден дұрыс болады деп ойлаймыз.
Тойдың өтілу барысында əдет-ғұрып тар-
дың сақталып, ұлттық ойындар ойна тыл-
ғаны дұрыс.
Сонымен қатар, той үстінде ұттық əуен-
дерге сай ұлттық би орындалуы керек, тіпті
оған арнайы əртіс шақырудың да аса қажеті
жоқ. Өйткені, барша жұрттың шамасы да
жете бермейді.
Мұнда ойын-сауық, құдалық рəсім-жора-
лар жасалып, тілектер, баталар айтылып,
ұзатылатын қызды дəстүр бойынша таң ата,
күн шыға жөнелтеді. Ал, қазіргі түнгі он
екіге дейін жөнелту керек деген де пікірлер
орын алған. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы
қыз ұзату тойындағы көзге бірден ұрып
көрінер ең өрескел тұсымыз – ол қыз үйленіп
жатқандай, жас жұбайларды қыз жолдас,
күйеу жолдасымен бірге төрге отырғызып
қоюымыз. Салт-дəстүрге жүгінер болсақ,
бұл батыстан жұққан дерт. Себебі, бұл жігіт
жақта өтетін үйлену тойына жарасатын
көрініс. Ал, ұзату тойында қыз бен жігітті
қатар отырғызбай, қыздың өз туыстары мен
құрбы-құрдастарының ортасында отырғаны
дұрыс. Өйткені, ата дəстүрімізде қазақ қызы
əкесі мен ағаларының, өзге аталас туыс-
бауырларының көзінше жігіттің жанына
жақындауға ұялатын болған. Мұны келме-
ске кеткен баяғы заманда болған нəрсе деп
қабылдасақ та болады. Дей тұрсақ та, ұзату
тойында қыз бен жігіттің қатар отыруы
көзге оғаш көрінетін қылық. Сонымен бірге,
көбіне ұзатуда асаба қонақтар жайғасқаннан
кейін қыздың ата-анасын, қыз бен күйеу
жігітті ортаға шақырып, ата-анасына ақ
тілек айтқызады да, «қол ұстату» дəстүрін
жасатады. Бұл дəстүрді баяғы кезде қыздың
жеңгелері оңаша отауда жасап, күйеуден
«қол ұстатар», «шаш сипатар» сыйлықтарын
алған. Бұл қыздың да жігіттің де тектілігіне,
тазалығына, тəрбиелігіне тағылар сын. Сол
себепті, өзіміздің дінімізге қайшы келетін
немесе жат салт-дəстүрлерді сəл де болса
қолдан келгенше ығыстырып, салтымызды
жаңғыртсақ тəуелсіз дамушы елге қосқан
үлесіміз зор болар еді.
Сөйтіп, ас ішіліп, үзіліс болып, уақыт
таянғанда қызды ақ кілемнің немесе ақ
матаның үстімен артына қаратпай алып
кетеді. Артына қарап қойса, ол жаман ырым
100
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
саналады, яғни қыз кері қайтып келуі мүмкін
деген нанымнан туған.
Қызбен бірге ілесіп екі жеңгесі қыздың
жасауымен немесе киімін бірге қосып апа-
рады. Қызды апарып, табыстап, жасауын,
киімін тапсырып, кері қайтады. Қазақта
«Жасаусыз қыз болмайды, жабдықсыз
үй болмайды», «Үйдің көркі қыз бен жа-
сау», «Əдемі қыздың, көрікті отауы бол-
сын» дегендей, жасауға ақылдаса отырып
үй-жабдықтары, көрпе-төсек, киім-кешек,
ыдыс-аяқ т.б. тұрмысқа қажетті заттарды
жаңа дан сатып апарады. Мəселен, жағдайы
жақсылар пəтер кілтін, көлік, ал көбіне орта
ауқаттылар тоңазытқыш, теледидар, кір жуа-
тын машина, кереует, шкаф т.б. үйге қажетті
жиһаздарды береді. Сол жерден жігіт жа-
ғындағы əйелдер қыз артынан əкелінген зат-
тарды ашып көреді. Əр қораптағы заттың
ішіне сыйлық салынады. Оны ашқан адам
алады. Ол сыйлық орамал, мата, конфет т.б.
болуы да мүмкін.
Той өткізу үлгісі
Үйлену тойын кешкі сағат 6-7-лерде
жасаған дұрыс. Үйленіп жатқан қыз бен
жігіттің дəстүрге сай əдемі етіп тігілген
қазақтың ұлттық киімінде болғаны абзал.
Қалыңдықтың көйлегi, қамзолы, кемер бел-
дiгi, бастысы басында қалыңдық екенiн
айғақ тайтын сəукелесi болуы тиiс. Күйеу
жігіт те басқа жігіттерден салт бойынша ерек-
ше киінуі керек. Бөркіне үкі тағып, қызыл
шапан, биік өкше етік киеді. Немесе жаға-
жеңі мен жиектеріне əдемілеп қазақтың ою-
өрнегі түскен европалық үлгіде тігілген ко-
стюм-шалбарда болғаны да жөн. Қазіргі күні
қалыңдықтың киіп жүрген европалық үлгіде
тігілген той көйлегін кем дегенде 500-1000
доллар көлемінде сатып алынатынын, жəне
оның тек үйлену тойында ғана, өмірінде
бір-ақ рет киілінетінін ескерсек, ұлттық
нақышта тігілген той көйлегін де кигеннен
ұтылмайтынымыз анық. Бұл тойдың ішінде
болмаған сырт көзге де қазақ тойының бо-
лып жатқанынан паш етіп тұруы тиіс.
Жас отау иелеріне Неке сарайында неме-
се жергілікті Кеңестерде неке куəлігі салта-
натты жағдайда тапсырылып, жақсы лебіз,
игі тілектер білдіріледі. Неке қию негізінен
екі түрлі. Қаладағы жас жұбайлар сарайына
барып, немесе оның қызметкерлерін (ЗАГС-
тің) тойға шақырып, сонда некеге отыру.
Сондай-ақ, діни салтқа байланысты мешітке
барып, немесе молданы тойға, не жас жұбай-
лар сарайына алдыртып, неке суын ішіп,
некелерін қидырту. Ұзатылып, беташар тойы
жасалған қыз бен жігіт осы аралықта таңнан
бастап дайындалып, достарымен, жас ту ған-
туыстармен бірге, қазіргі заманның дəстүрі
той басталар алдындағы қыдыруға (гул-
янкаға) шығады. Ол жастардың күні бойы
серуендеуі. Жас жұбайлар той басталма-
стан бұрын сол той өтіп жатқан маңайдың
ең көрікті жерлеріне барып, қыдыруы,
киелі жерлерге бас иіп, тағзым жасаулары.
Мəселен, өткенді ұмытпау, тарихқа тағзым
ету мақсатында, «өткенге салауат, келешек-
ке аманат» ретінде Ұлы Отан соғысында
қаза тапқандарға арналған Даңқ алауына,
Райымбек батыр сияқты киелі орындарға,
Желтоқсан көтерілісінің құрбандарына ар-
нал ған монумент басына гүл шоқтарын
қояды, қазіргі көркейген Қазақстанның сим-
воликасына айналып отырған қаланың əсем
жерлеріне: Президент паркіне, Республи-
ка алаңындағы «Тəуелсіздік монументіне»
(мұндағы «Тəуелсіздік монументі» логотипі
мен фарфор кəдесый табағы, қанатты ба-
рыс үстіндегі Алтын адам – Қазақстан
тəуелсіздігінің символы), Орталық мешітке
т.с.с. жерлерге барып қыдырып той басталған
уақытта келеді.
Бұл кезде той өтетін орын əсемденіп,
көздің жауын алатындай безендіріліп тұра-
ды. Қыз бен жігіт келер жолға аппақ мата
төселіп, сырт жақ ұшына түрлі-түсті шарлар-
мен өріліп, безендендірілген ақ босағаның
макеті жасалынады. Босағаның көз ұратын
тұсына «Ақ босаға», немесе босағаға қатыс-
ты əдемі қазақтың нақыл сөздері жазылып
тұрса, ол болашақ келінге тəлім-тəрбие, бір
жағынан жұбайлық өмірдің қаншалықты
101
САЛТ-ДƏСТҮР
жа уапты екендігіне де септігін тигізері
анық. Ал, көрнекті тұстарға жас жұбайларға
ақыл-кеңес берелік тағылымды сөздер
жа зылып, ілініледі, ол да өзінше бір сəн
беріп тұратын болады. Мысалы: «Үйлену
оңай, үй болу қиын», «Отбасы бірлігі –
татулықта», «Ынтымақ түбі – игілік», «Ана
алдында – құрмет, ата алдында – қызмет»,
«Əкеден – ақыл, анадан – мейір», «Жарыңды
жаныңмен тең ұста, жаныңды арыңмен тең
ұста» сияқты немесе өлең шумақтары т.б.
Сондай-ақ, түрлі түсті ленталар мен шар-
ларды жұрт назарын аударатын жерлерге
ілуге болады. Оған тойға келген кішкентай
балалардың да алданатын ескеру керек. Той
өтетін орынды гүлдермен де, қазақтың ою-
өрнектерімен де, той иелерінің өміріндегі
қызықты сəттерін бейнелейтін суреттермен
де безендіруге болады. Мүмкіншілік болса,
залдың ішкі жақ кіре берісіне интерактивти
тақта қойылып, онда той сценариі мазмұнына
сəйкес ең бірінші, қазақ елінен, жерінен,
тари хы мен ұлттық болмысы мен əдет-
ғұрпынан, екіншіден, той иесі əулетінен,
жас жұбайлардың жұптық одағынан хабар-
дар ететін слайд қойылып, соған сай музыка
ойнап тұруы керек.
1. Кіріспе бөлімі: тойға арналған жыр-
шашу a) патриоттық рухтағы тамаша əн. Ол
əн мазмұнында келген қонақтарға танысты-
ру мақсатында қазақ жерінің байтақтығы,
сонда тұрып жатқан қазақ халқының таби-
ғатына сай дархандығы, көңілінің ақ пейіл-
дігі, бауырмал, қонақжайлылығы, батыр да,
батылдығы, көреген, данышпандығы сияқты
қасиеттері айтылуы тиіс;
Мысалы: Тойға тілек (Сөзі мен əні
А.Дүйсеновтікі)
Киесі де,
иесі де мынау дархан даланың –
Сендерсіңдер,
күйін шертіп, айт өлеңін, сал əнін.
Дүниенің шымылдығын
əн сап тұрып ашатын,
Мұндай халық жоқ əлемде
шуақтан нұр шашатын.
Даласы – анау,
Данасы – анау ошақ көрген, от көрген,
Тəй-тəй басса,
қырдан асса той – думан ғып өткерген.
Бөліп жеген бір үзім нан,
көжесін де бөле ішкен,
Қызығын да,
қайғысын да, əн-күйменен бөліскен.
Қайырмасы:
Көк жиектен күн ассын,
Қызғалдағың гүл ашсын.
Айналайын ағайын,
Тойың тойға ұлассын.
Мақтанатын,
марқаятын азаматтар бар талай,
Кеңейсінші,
көбейсінші тойларыңыз тарқамай.
Жан жүрегі мөлдір жанның
көрген бəрін досындай,
Ақ бұлағы ақтарылған
біздің халық осындай.
Қайырмасы.
ə) Той туралы əн. Онда қазақ халқының
ата-дəстүрі, əдет-ғұрып, салты туралы айты-
луы тиіс. Екі əн де маршты түрде болғаны
орынды.
Мысалы: Қайта оралған қазағымның
Бүгін дəстүрлері-ай
Көптен күткен халқымыздың
Асыл арманы еді-ай
Берекелі қазақ жері
Ең мерекелі
Дəстүрлерін мықты ұстаған
Қазағымның бұл елшісі
Қ-сы:
Шілдехана, бесік той
Тұсау кесіп, сүндет той
Ай, шіркін-ай.
Құда түсіп, сырға салып
Беташарым-ай
Алтыбақан аясында
Сұлу бойжеткен
Қыз, бозбала кең даланы
Əнмен елді тербеткен
102
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
Ер жігітке жарасады озып
Шыққан бəйгеден
Қыз балаға жарасады
Аппақ шашбау сəукеле
Жоғалмасын дəстүріміз
Ұмытылмасын
Ата-баба көзіндей қып
Сақтайық қазақ дəстүрін т.б.
2. Асаба өзінің алғашқы сөзін той иеле-
рімен, келген қонақтармен сəлем десу ден,
өзінің құттықтауынан бастап, əдемі сөз-
дермен өрнектейді.
3. Жас жұбайларды қарсы алу мақсатында
жар-жар айтылады.
Той басталар алдында залдың іш жақ
кіре берісінде қадірменді қонақтар, ағайын-
тумалар тұрады. Қазақы көйлек киген қыз-
дар тобы екіге бөлініп, орталарын ашық
ұстап, босағаның екі жағында «Жар-жар-
дың» ырғағымен (əн мəтіні қазіргі заманға
сай өңделіп қайта жазылуын талап етеді)
«Қамажай» биін билеп тұрады.
4. Жас жұбайлар безендіріліп жасалынған
босаға арқылы өтіп, ақ матаның үстімен
жүріп келіп, ортаға тоқтайды. Оларды сол
тойдағы ең жасы үлкен шешей шашу ша-
шып күтіп алады.
5. Дəстүр бойынша жігіттің екі жеңгесі
келінді екі жағынан қолтықтап тұрады да,
«Беташар» жырымен жаңа түсіп отырған
келіннің беті ашылады. Келіннің екі жа-
ғында тұратын екі келіншектің киімдері өз
мүмкіншіліктеріне қарай өзгеше сəнді бо-
луы тиіс, оны да алдын ала ойластырып
алу қажет. Олардың таққан сырғалары мен
сақиналары да өзгеше арнайы болу керек.
Иіліп сəлем етуді де белгілі тəртіп болу ке-
рек. Жарбаң етіп еңкею немесе кердиіп тұ-
рып алу болмауы тиіс. Олар əдемі иілуі ке-
рек. Сол қимылдар мен қозғалысқа ерекше
сүйкімділік пен əсемдік беру керек. Беташар
жыры да қазіргі заманның дамуына байланы-
сты қайта жазылуы керек. Жыр мазмұнында
ең бірінші көпшілік қауымды жас келінмен
таныстырып, оның шыққан тегі, өскен ор-
тасы, туған жері, жеткен жетістіктері, ай-
налысатын ісі сияқты жас келіннің қазіргі
өмірінен хабардар етілуі тиіс. Одан кейін
келінге өзі түсіп отырған қайын жұртын
таныстырып, жігіттің, оның да тегі, туған-
туыстары, айналысатын істерінен, жеткен
жетістіктерінен мағлұмат беріп, ең соңында
бет ашушы жігіт жас келінге жаңаша мəтін-
де құрылған ақыл-өсиетін айтып, ата-салт
дəстүрін ардақтауды, келін болып түсіп
отырған жері мен елін құрметтеп, адал еңбек
етуін айтуы керек. Өйткені, қазір қоғам да,
адамдардың сана-сезімі де өзгерді. Сонымен
бірге, келін сəлем салғанда түсетін ақшаны
көп жағдайда асаба жігіт өз қалтасына са-
лып алады. Кей жерлерде оны жақсылап
кон вертке салып, көпшілік алдында екі
жасқа «керек-жарақтарыңды алыңдар» деп
те ұстатады. Осы соңғы дəстүрді барлық ай-
маққа жаппай кіргізген дұрыс.
6. Келіннің беті ашылған соң маршты
түрде орындалған əнмен бірге жас жұбайлар
төрдегі орынға қарай озады. Бұлармен бірге
тойға келген қонақтар да орын-орнына жай-
ғасады.
7. Тойбастар əкелінеді. Тойбастар Дина
Нүрпейісованың «Тойбастар» күйімен əр
үстелге қойылады. Содан кейін асабаның
жеке орындауында мəтіні жаңа үлгіде жа-
зыл ған «Тойбастар» əні айтылып, тойба-
стар сөгіліп, таратылады. Сонымен, көптен
күткен той да басталады.
Ескерту: Тойы үстінде ұлттық ойын-
дар ойнатылып, тек той бастар таратылған
кез де ғана емес, бүкіл той бойында əдет-
ғұрыптар ескеріліп отыруы қажет. Арнайы
шақырылған бишілер тобы қазақтың ұлттық
билерін билеуі мен той үстінде ойнатыла-
тын ойындардың барлығы ұлттық тұрғыда
болғаны той ажарын аша түседі. Сосын, тағы
айта кетер басты нарсе, ол – той бастардың
таратылуы. Аты айтып тұрғандай той бастар
тойдың ортасында, немесе аяғында емес,
тойдың басында таратылуы дұрыс.
Тағы бір ескеретін жағдай, ол – тойда ай-
тылар құттықтау сөз бен тілек. Бүгінгі той-
томалақтарда жиналған қонақтар бір сағаттай
тұрып алып, өзінің өмірбаянын баяндап беріп
103
САЛТ-ДƏСТҮР
уақытты алтындар көп. Тіпті, «Маған сөз
бермеді», «Мен неге анадан кейін сөйлеймін»
деп, деп ұрысып жататындар да аз емес. Бұл
мəдениеттіліктің аздығы. Тілекті ізгі ниет-
пен айту керек. Ең бастысы, той иелеріңе
бақыт тілеп, қуаныштарыңа ортақтасу емес
пе. Яғни, үлкендердің батасын, ақ тілегін алу.
Сондықтан да, тост əр үстелден негізгі бір-
бір адамға ғана берілгені жөн.
Қоржын сөгу
Қоржын –Құда күтуде құда болған
құдалар жағы қыз жағына апаратын
жоралғы.
Құдалар алып келген қоржынды сөгу
қазақ халқының дəстүріндегі орны бөлек
бір жоралғы. Оған абысын-ажындар, жал-
пы əйел қауымы түгел қатысуы керек. Егер
ай тыл май қатыспай қалса онда оған қатты
өкпе лейді. Қоржын екі бастан тұрады. Бір
басына сойылған қойдың пісірілген еті, бір
жағына тəттілер салынады. Сонымен бірге,
киіт келеді. Оған: киім-кешектер, əшекей
бұйымдарға т.б. қосылады. Қоржынның ау-
зына мата салынады. Оны қоржынды сөккен
əйел алады. Одан кейінгі шыққан киімдер
қыз əкесіне, шешесіне, туған-туыстарына
ар на лады. Салынған киімдердің размері
стан дарт болғаны дұрыс. Қалғандарын
сол жерде отырған əйелдер бөлісіп алады.
Мұн дағы мағына құдалардың киім-кешегі
бір-біріне араласып, жақсы қарым-қатынас
ор наса, кейін киіп жүрген кезде де құда-құ-
да ғиын жақсы сезіммен есіне алса дегеннен
шыққан. Жалпы, не нəрсе салынса да қа-
жетке жарайтын жағын ескерілуі тиіс.
Қоржынға салынған тағамдардан, тəтті-
лер ден ұзатылатын қыз да өлі-тірідегі дей
емес, бұл жолы ауыз тиюіне болады.
Одан кейін қоржынға баға беріледі. Оған
көбіне көп жерге құдалыққа барған, көп
ұзатуға қатысқан, жөн білетін көргенді ана
береді.
Салынған əр түрлі əшекей бұйымдарды
сол жерде отырған əйелдер бөліп алып, өз-
дерінің бала-шағаларына «біз де осындай
тойға жете берейік» деп үлестіріп береді.
Бəрін үлестіріп болған соң, қоржынды
əкелген құдағимен сол жерде көп əңгіме ай-
тылады, өзара бір-бірімен қалжыңдасып,
кү лісіп, құшақтасып шығады. Мұндай салт
басқа халықтарда жоқтың қасы. Мұны бей-
берекет шашылуға да жатқызуға болмайды.
Қайта ұлы үйленіп, шаңырақ көтеріп жат-
қанда қоржын апармау сараңдықтың белгісі
саналады. Өйткені, қазақ халқы – жомарт
халық.
Достарыңызбен бөлісу: |