Бас редактор с. Ж. Пірəлиев



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата03.03.2017
өлшемі2,72 Mb.
#5518
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

ЛИТЕРАТУРА:
1. Kamiński A. Zakres i podstawowe pojęcia pedagogiki społecznej Heleny Radlińskiej // Wstęp 
do książki Radlińska H. Pedagogika społeczna. Wrocław–Warszawa–Kraków: Wydawnictwo–
Zakład Narodowy imienia Ossolińskich, 1961–417 s.
2. Okraska R. Pomocna dłoń // режим доступа в 17.35, 5 марта 2010 г: www.polskieradio.
pl/nauka/tags/ artykul47927_pomocna_dlon.html
3. Radlińska H. Pedagogika społeczna. Wrocław–Warszawa–Kraków: Wydawnictwo–Zakład
NarodowyimieniaOssolińskich, 1961–417 s.
4. Theiss W. Radlińska. Warszawa: Wydawnictwo „Żak”, 199 7, – 336 s. 
5. Wroczyński R. Helena Radlińska–działalnośc i system padagogiczny // Wstęp do książki 
Radlińska H. Pedagogika społeczna. Wrocław–Warszawa–Kraków: Wydawnictwo–Zakład 
Narodowy imienia Ossolińskich, 1961–417 s.
Резюме
Мақала  Польшадағы  əлеуметтік  педагогиканың  практикасыжəне  теориясының 
қалыптасу  тарихы  мен  дамуы  сұрақтарына  арналған.  Мақалада  Польша  əлеуметтік  пе-

61
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
дагогикасы  мен  əулеуметтік  жұмысының  теориясы  мен  практикасының  негізін  салушы 
Хэлэна  Радлиньскийдің  шығармашылық  жолы  мен  мұрасы  туралы  қарастырылған.  Ав-
тор Х.Радлиньскийдің  ұлттық тəрбие  мен ұлттық мектепті ұйымдастырудағы, əлеуметтік 
жұмысшылардың кəсіптік даярлаудағы ықпалы туралы жазып отыр.
Summary
The article is devoted to the history of Polish social pedagogics establishment and development. 
The career and heritage of Helena Radlinska, who is considered as the founder of theory and practice 
of social work and social pedagogics in Poland, are submitted in the article. The Author presents 
the H. Radlinska’s ideas concerning the following questions: national education, organization of 
national school, professional training of social workers.
АБАЙ МЕН ШƏКƏРІМ МҰРАЛАРЫ – ҰЛТ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ ТІРЕГІ 
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығының жетекші 
ғылыми қызметкері, ф.ғ.д.
ІзтілеуоваС.Д.
Абай,  Шəкəрім  шығармашылығының  за-
ман өткен сайын маңыздылығы, қоғам үшін, 
адам  үшін  тəрбиелік  мəні,  құндылығы  арта 
түсуде. Қазақ елінің дамуы мен рухани өркен-
деуі  үшін  адамның  жетілуі,  адамның  руха-
ни дамуы мəселелері мемлекеттік дəрежеде 
қолға алынуға тиісті. Себебі, адамның руха-
ни жетілуі мəселесі елдің өркендеуіне, бос-
тандықта өмір сүруіне ықпал ететін күш.
Əрбір  ұлттың,  халықтың  ғасырлар  қой-
науынан  келе  жатқан  қорғаныс  қабілеті, 
қор ға ныс  механизмі  болады.  Мəселе,  тек 
эконо микалық жəне əскери қуатқа ғана бай-
ланысты емес. Ұлтты ұлт ететін оның руха-
ни,  дүниетанымдық,  тілдік  жəне  дəс түр лік 
бірліктері. Соңғы жылдары осы құбы лысты 
ұлттық, этникалық біре гей лену (националь-
ная  идентификация)  деп  атап  жүр.  Ұлттық 
бірегейленуге жетіскен жұрт ортақ мақсаттар 
мен құндылықтарды түсінген, сезінген жұрт 
болып табылады.
Міне,  осы  ұлттық  бірегейлену  этностың 
қорғаныс  қабілетін  нығайтушы  маңызды 
факторлардың бірі болып табылады. Ал ұлт-
тық  бірегейленуді  жасайтын,  ұлтты  топта-
стыратын аса мəнді рухани күш осы ұлттың 
ұс таздарының  шығармашылық  мұрасы. 
Жал    пыхалықтық  тəлімдік  мəні  бар,  ұлттық 
идеяларды  ұсынған  ғұламалар  өз  ойлары 
мен пікірлері арқылы ұлтты топтастыра біл-
ген. Олар ұсынған рухани құндылықтар ұлт-
тың қорғаныс қабілетін күшейтіп, оның ішкі 
жəне сыртқы қауіптерге  қарсы күрес керлік 
мүмкіндіктерін арттырады. Өз ұстаздарының 
шығармалары рухында тəрбиеленген халық 
мем лекет  алдындағы  мақсат  міндеттерді 
жақ сы түсіне алады, ұлттық мұраттар төңі-
регінде тоқталуға жетіседі.
Абай мен Шəкəрімнің рухани жəне адам-
гершілік  мұралары  осындай  ұлтты  ұйыс-
тырушы  жəне  топтастырушы  қабілетке  ие. 
Қазақ  халқы  Абай  мен  Шəкəрім  ұсынған 
идея лық қағидалар төңірегінде біріге алады 
жəне  бірігуде.  Олар  ұсынған  құндылықтар 
халық қа қажетті жəне түсінікті. Қазақ ұлты-
ның  қазақ  тілін  жетік  меңгерген  бөлшегі 
өзінің  рухани  ұстаздарының  ұсынған  құн-
ды лықтарын  меңгеруге  ұдайы  ұмтылса 
бір   тін деп  қазақ  тілін  білмейтін  бөлшегін 
де  өзіне  тартып  ұлттық  бірегейленуге  əке-

62
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
летіндігі  даусыз.  Ол  үшін  рухани  ұстаз дар-
дың  шығармаларында  ұсынылған  құнды-
лықтарды уағыздау, насихаттау арқылы олар-
ды басшылыққа алу дəрежесіне көтерілуіміз 
міндет. Ұлт ұстаздары елдің тағдырлық мəсе-
лелерін терең талдай білген. Ұлт мəселесін 
елдің  рухани  өмірінің  құрамдас  бөлшегі 
ретінде қарастырады.
Шəкəрім «Абай» журналының3-санында, 
1918-жылы «Ұлтшылдық туралы» атты ма-
қа ласын  жариялаған.  Онда: «Абай»  жур на -
лының  екінші  нөмірінде  жария ланған  ар-
дақты Мəнен бауырымыздың «Ұлт шыл дық» 
деген  мақаласына  бірауыз  сөз  айт қы зымыз 
келеді»- деп мақаласының жазылуы себебін 
білдіреді.  Осы  мақалада  Шəкəрімді  тол-
ғандырған  мəселе:  ұлт,  ұлтшылдық,  ұлт ты 
адамгершілікке тəрбиелеу.
Мəнен  Туғанбай  «Ұлтшылдық»  деген 
ма  қаласында: «Қысқасы:  ұлтшылдардың 
мақ  саты  əрбір  ұлттарға  мəдениет  кіргізіп, 
ба қыт таңының атуына себепші болмақ. Мə-
дениет  күшейген  соң  өздері-ақ  кісішілдік 
пі кірін тауып алады. Ұлтшылдар əр жұртты 
шиеленістіріп,  қырылыстыру,  өз  ұлты  үшін 
басқаларды құрбан қылу деген ойдан жырақ» 
деп  жазады.  Шəкəрім  Мəнен  Туғанбайдың 
мақаласына  сын  ретінде  жəне  «ұлтшыл» 
қандай болуы керек дегенге былайша анық-
тама береді: «Менің ұғуымша, ол кісі: «Ұлт-
шыл дықтан  мəдениет,  мəдениеттен  адам -
шылық  туады» - дейді.  Бұған  дəлел  керек 
қой!?  Көріп  отырмыз,  ұлтшылдық  пен  мə-
де ниеттің  ең  жоғарғы  басқышындағы  Ев-
ропа,  олар  адамшылық  қылып  отыр  ма? 
Менің  ойымша  əлі  күнге  шейін,  асса  ұлт, 
қалса  өзімшілдіктен  оза  алған  жоқ.  Се-
беп  не?  Ұлтшылдық  мəдениетті  туғызса 
да,  ақ  жүрек  туғыза  алмайды;  ақ  жүрек 
деге німіз  «Ұждан» (Əммə  жанға  махаб-
бат,  шапағат,  ғаділет),  қазақша  тəмəм  адам 
баласын  бауырындай  көріп,  жаны  ашып, 
əділет  қуу.  Осы  айтылғандай,  ақ  жүрек 
көбеймей  тұрып,  адамшылық  жеңе  алмай-
ды.  Ұлтының  кемшілігін  толтыру,  артықты 
өзгелерге  зиянсыз  жолмен  табу  ақ  жүрек 
(ұждан)  ісі.  Оны  істеп  отырған  кім  бар?» - 
деп жазады. Ал, ақ жүректің сапасын ойшыл 
өз  шығармашылықтарында  былай  береді: 
«Мейірімділік,  махаббат,  қайырымдылық, 
адалдық,  ақ  жүректен  шығады».  Шəкəрім 
«Ұлтшылдық  туралы»  мақаласын  да  ары 
қарай мынандай ой айтады: «Жəне Мəнен ба-
уырымыз: «Партиялардың  бəрінің  көздеген 
мақсаты дұрыс» - дейді. Қата қылса да, енді 
дұрыс демесе, ақиқат біреу-ақ емес пе? Менің 
ойымша,  осы  ХХ  ғасырдың  өнер  елдерінің 
–  білімі  қылған  ісінен,  біле  тұра  нəпсісіне 
құлдығы  зор  сықылды.  Қорытқанда  «ақ 
жүрек» қайтсек табылады? Қайткенде соны 
таба  аламыз?  Бар  мақсат  енді  сонда  болу 
керек  қой».  Шəкəрімнің  қағидалық  ойла-
ры  қазіргі  кезде  «ұлт  мəселесі»  төңірегінде 
пікір айтып, «ұлтым менің» деп жүргендерге 
ой  салып,  жөнге  келтірері  ақиқат.  Абайға 
сүйеніп  айтсақ: «Əуелі – көкірегі  байлау-
лы берік болмақ керек; екінші – сол нəрсені 
естігенде  я  көргенде  ғибратлəну  керек, 
көңіл деніп,  тұшынып,ынтамен  ұғу  керек; 
үшін ші  –сол  нəрсені  ішінен  бірнеше  уақыт 
қай тарып,  ойланып,  көңілге  бекіту  керек». 
Міне,  адам  мəселесіне  қатысты  Абайдың 
осы  тұжырымын  ұлт  мəселесін  зерделеуде 
пай даланғанымыз абзал болар.
Ұлт ұғымы қадірлі де, қасиетті ұғым. Ұлт 
ұғымы туралы сөз айтылғанда жүректегі ма-
хаббат сезімінің оянып, ұлтыңа деген ыстық 
ықыласың мен тамаша ақ ниетің сезілмесе, 
құр айқайымыз бен, жалаң да, жадау əре ке -
тіміздің  зиянын  тигізіп  алатынымыз  ай ғақ. 
Оны  ұлт  ұстаздарының  қағидалары  айқын-
дап тұр.
«Ұлттық  өзімшілдік»  дегенімізді  ұлттың 
өркендеуіне  кесіп,  пішіп,  таңып,  солай  бо-
луға  тиісті  десек,  ғұлама  Шəкəрімнің: 
«Менің  ойымша  əлі  күнге  шейін,  асса  ұлт, 
қал са  өзімшілдіктен  оза  алған  жоқ»-  деген 
пікі рі  қазіргі  кезеңдегі  қазақ  қоғамындағы 
пси хологиялық    хал-ахуалды  да  аңғартып 
тұр ған  сияқты.  Шəкəрім  адамның    рухани 
жетілуіне  «өзімшілдіктің»  зиянын  шығар-
машылықтарында  жеріне  жеткізе  дəлелдеп, 
суреттеген. Ары қарай былай дейді: «Ұлты-
ның кемшілігін толтыру, артықты өзгелерге 

63
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
зиянсыз жолмен табу ақ жүрек (ұждан ) ісі. 
Оны істеп отырған кім бар?» Өзгелерге зи-
янсыз  жолмен  ұлт  өркеніне  игілікті  істер 
істеу  үшін  «ақ  жүректі»  болуы  игі  іс,  ал 
енді  осы  көзқарасқа  «ұлт  мəселесін»  сөз 
еткенімізде ойшыл Шəкəрімнің пікіріне ден 
қойғанымыз  дұрыс  болар.  Себебі,  өзгенің 
мүддесіне  қайшы  əрекеттен  өзімшілдік  ту-
ындатып,  зияныңды  басқаға  тигізіп,  зардап 
əкелудің түбі өзіңе, өз ұлтыңа жаманшылық 
жасау. Міне, сондықтан Шəкəрім «ақ жүрек» 
мəселесіне былай анықтама береді: ақ жүрек 
дегеніміз  «Ұждан» (Əмма  жанға  махаббат, 
шапағат, ғаділет), қазақша тəмəм адам бала-
сын  бауырындай  көріп,  жаны  ашып,  əділет 
қуу.  Осы  айтылғандай , ақ  жүрек  көбеймей 
тұрып, адамшылық жеңе алмайды». Ендеше 
ұлт мəселесін сөз еткенімізде өз бойымызда 
жоғарыдағы пікірге сай қасиет барма деген 
сұрақ  төңірегінде  жұмыс  жасағанымыз  аб-
зал  болар.  Осындайда  Абай  қара  сөзіндегі: 
«Егер  есті  адамның  қатарында  болғың  кел-
се, күнінде бір мəртебе, болмаса жұмасында 
бір, ең болмаса, айында бір өзіңнен өзің есеп 
алудың!»  тиімділігі  зор.  Яғни,  өз-өзіңнен 
есеп алу, өзіңді тануыңа көмектесері сөзсіз. 
Адамы  дұрыс  қоғамның  ісі,  мəдениеті  де 
,ақыл ойы да əлеуметтік жағдайы, хал – аху-
алы да дұрыс болатыны анық.
Ұлт  мүддесіне  қатысты  мəселеде  ойлы 
пікір айту үшін де «мың ойланып, толғанып, 
барып» ой сүзгісінен өткізіп, байыппен қарап, 
Абай мен Шəкəрім айтқан қағидаттарға ден 
қойғанымыз  жөн  болар.  Себебі,  ұлт  ой-
шылдары  өз  ұлтының  кемшін  тұстары  мен 
жетістіктерін  əбден  сын  елегінен  өткізіп 
барып,  мəселені  анық  та,  айқын  алдыға 
қойған.  Кемшіліктерімізді  жөндеу  арқылы, 
жетістіктерге  жете  алатынымызды,  өзімізді 
тəрбиелеудің  маңыздылығы  ұлтымыздың 
өркендеуіне  жол  ашатыны  жайында  нақты 
ойла рын  өз  туындыларында  көрсеткен.  Ен-
дігі  біздің  басты  міндетіміз  олардың  тірек-
ті  ойларын,  өз  ұлтымыздың  мүддесіне 
қыз мет  жасау  үшін  айналымға  енгізіп,  қо-
ғам дық  сананың  алыптар  армандаған  ке-
мел  деңгейде  жаңғыра  түсуін  жүзеге  асы-
руымыз  қажет.  Ұлтшылдықты  өзімшілдік 
тұр ғысынан  түсінсек,  сөзсіз  ұлт  өркеніне 
кедергі  келтіретініміз  анық.  Қазіргі  кезеңде 
қоғамымызды  жегі  құрттай  кеулеп  жатқан 
рушыл дық  дерті  надандық,  өзімшілдік 
сынды  Абай  мен  Шəкəрімнің  зығырданын 
қайнат қан  кеселді  қасиеттердің  туындап 
отыр ғаны айғақ. Əрине шыққан тегіңді біліп, 
туған жеріңді аялау, бұл ардақты да, қасиет-
ті  іс.  Ол  əрбір  қазақ  баласына  тəн  қасиет 
болуға тиісті.
Алайда, осы жан дүниеңдегі тамаша сезі-
міңді,  дүниеауи  істер  тұрғысында  жүзе ге 
асырудың  залалы  қоғамды  жайлап,  елдің 
өркендеуіне  кесірін  тиізіп  отырғаны  шын-
дық. Жершілдік пен рушылдық тек қана же-
кенің пенделік ісін қамтамасыз етуге қызмет 
жасап  отырғаны  ұлттың  дамуына  кедергі 
кел тіретін  бірден  бір  фактор.  Осы  кесапат-
ты  жекенің  немесе  белгілі  бір  мүдделі  топ-
тардың  қажетін  өтеуі  үшін  пайдалануы 
жастар дың  болашағына  балта  шабу  деп 
есеп тейміз. Өз жеріңнің немесе өз руыңның 
дарынсыз да,қолынан іс келмейтін баласын 
билікке  іліккен  соң  баурына  тартып,  оған 
басқаларға билік айтқызып, жөн сілтеткізіп, 
шірендіріп қою, өкінішке орай біздің қазіргі 
өмір  сүріп  отырған  қоғамымызда  жиі  кез-
десіп отырғаны анық.
Міне,  осыдан  барып,  қазақтың  жақсыға 
ұмтыл  ған  баласының  жолына  бөгет  бо-
лып,  болашағына  кедергі  болатыны  сөзсіз. 
Қазақ  тың  талай  жақсысы  мен  жайсаңын 
кү міл  жітіп,  жолын  кес-кестейтін  де  осын-
дай дарынсыз, қарақан басының қамы үшін 
жүргендер  екені  айғақ.  Ал,  елінің,  ұлты-
ның  мүддесіне  қызмет  жасайтын  дең гейге 
көте ріліп, ел ертеңін ойлайтын азамат та ры-
мыздың  ішкі  адами  сапаларының  жеті лді-
ріп,  еліне  сүйіспеншілікпен  қарауына  «ақ 
жү рек»  қажет.  Жоғарыда  келтірген  Шəкə-
рімнің  мына  пікіріне  тағы  да  назарымызды 
аударайық: «Ұлтының  кемшілігін  толтыру, 
артықты  өзгелерге  зиянсыз  жолмен  табу  ақ 
жүрек  (ұждан)  ісі.  Оны  істеп  отырған  кім 
бар?».  Шəкəрім  «ақ  жүрекке»  мынандай 
анық  тама  береді: «Ақ  жүректің  керектігі–

64
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
мейі рі мділік,махаббат, 
қайырымдылық, 
адал   дық  ақ  жүректен  шығады».  Ұлт    бола-
ша ғын  ойлаған  кез-келген  адамның  бойын-
да  осы  сапалардың  болуын  Шəкəрім  ақын 
нақты  көрсетіп  отыр.  Жалпы  адамның  ішкі 
маз    мұны, адам тəрбиесі деген мəселені күн 
тəртібіне қойып, осы мəселеге ұлттың бола-
шағы жарқын болуы қажет деген ұста ным ға 
айналдыру маңызды іс. Мəселенің бар  лығы 
осы  іске  келіп  тіреліп  тұрғаны  айғақ.  Абай 
мен  Шəкəрім  бұл  маңызды  іске  ай рықша 
мəн берген. Біз ғұламаларымыз айт қан пікір-
лерге ден қоюымыз қажетті.
ХХІ ғасырдағы нəпсі жайлап, құлқынның 
құлдығы  дендеген  дəуірде  ұлт  болашағына 
кері əрекет ететін істерді тоқтататын бірден-
бір  құрал  ұлт  ұстаздарының  адам  тəрбиесі 
жөнінде  айтқандарын  ұлтымыздың  рухани 
тазаруын жандандырып, оны ұстанымға ай-
налдыру  механизімін  іске  асыру  маңызды. 
Абай,  Шəкəрім  мұраларын  ұлттық  идеоло-
гияға айналдыру үшін мемлекеттік дəрежеде 
бағдарлама керек. Мемлекет басында отыр-
ған  арлы  азаматтарымыздың  осы  істі  қолға 
алуға тиісті. Өйткені, бұндай істі атқаратын 
адамдарды яғни бұл жерде Шəкəрім нің мына 
пікіріне  жүгінуге  тура  келіп  тұр: «Ол  үшін 
көптің  қалауымен  əкім шілік  басына  арлы, 
ақылды  адамдарды  қойып,сол  адамдардың 
бұйрығы,  ақылы  бойынша  туған,  туашақ 
адамдарды, жастарды қазына қарауына алуға 
заң шығаруға керек те, ол заңды бұзғандарды 
жазалау  керек.  Оларға  еңбек  өнерін  үйрету 
керек,  онымен  қабат  оқу-білімге  жетілдіру 
қажет.  Жоғарғы  айтылған  жаман  əдеттерді 
жоюға бұлар жеткіліксіз болғандықтан, сол 
адал еңбек, білім үйренумен қабат «Ар ілімі» 
деген білім оқытылуға керек. Бұл ғылымды 
ақылды  адамдар  ойластырып,  пəн  ретінде 
жазып,  нəпсіні  жойып,  адам  бойында  жеке 
ардың қожа болып қалу жағын көздеу керек.
«Адам  бойындағы  нəпсі  кеселі  кетсе, 
өзгерісі оңай». Шəкəрімнің бұл пікірі қазіргі 
кезеңде қоғамды, адамды, ұлтымыздың руха-
ни серпілісіне демеу бола алатын сұраныста 
тұр деп есептейміз. Ал, «Ар ілімін» қалып-
тастырудың  ең  басты  тірегі- «ақ  жүрек» 
фено мені. Шəкəрімнің шығармашылығының 
дені ақ жүрек ұғымымен байланысты. Адам-
ның  ішкі  əлемінің  рухани  тазаруын  қалай -
тын  да  осы  «ақ  жүрек». «Ақ  жүрек»  қо ғам 
өмірін  жақсартуға    ықпал  ете  алатын  қа-
сиет ке  ие.  Адамның  барлық  іс-əрекетінде 
ақ  жүректің  маңызды  орны  бар.  Шəкəрім: 
«Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар 
тату тұруға негізгісі - адал еңбек, ақ жүрек, 
арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі 
үстем  болмай,  адам  баласына  тыныштық 
өмір  сүруге  мүмкіндік  жоқ».  Шəкəрімнің 
бұл  концепциясы  қоғамның  жəне  адамның 
жетілуіне  тікелей  ықпал  ете  алатын  зор 
бағдар деп ұққанымыз жөн болар. Абайдың, 
Шəкəрімнің  «толық  адам», «Ар  ілімі»  ұлт 
өркеніне, адамның рухани жетілуіне қажетті. 
Қазіргі біз өмір сүріп отырған кезеңде руха-
ни  деградацияға  ұшырағанымызда,  əлемді 
нəпсі  кеселі  жайлап,  ынсапты  нəпсі  зында-
нында  байлағанымызда  ұлт  ұстаздарының 
айтқан  ойлары  мен  пікірлері  бізге  демеуші 
болатыны  айғақ.  Ұлтымыздың  өркендеуіне, 
қоғамның  дамуына,  адамның  рухани  жеті-
луіне  «ақ  жүректің»  ықпалы,əсері  зор.  Ен-
деше, «ақ  жүректің»  араласпайтын  жері 
жоқ. «Ақ  жүрек»  бар  жерде  ілгерілеу  бар. 
Сон дықтан  Шəкəрім  «ақ  жүрекке»  рухани 
құн дылылықтың тірегі ретінде айрықша мəн 
береді:
Ақ жүрек пен таза ақыл,
Қылсаң Адал еңбек,
Бəрінен де сол мақұл-
Артқыға  жол  бермек ( Шəкəрім. 
Алматы:«Ел-Шежіре» 2008, - 280 б.).
Қарап  отырсақ, «ақ  жүрек»  ұғымының 
араласпайтын  жері  жоқ. «Ақ  жүрек»  адам 
өмірін  жақсартатын  рухани  күш.  Шəкəрім 
дəріптеген  «ақ  жүрек»,  Абайдың  «толық 
адам»  концепциясындағы  «жылы  жүрек» 
ұғы мымен  сəйкес,  сабақтасып  жатыр.  Бір 
бағыт тағы  бұл  ұғымдар  адамды  түзу  өмір 
сүруге бағыттайтын рухани құндылықтар.

65
ОТБАСЫ ТƏРБИЕСІ
Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Абай. Қара сөздері. – Алматы: Өнер, 2010.
2. Шəкəрім. Алматы: «Ел-Шежіре», 2008.
Резюме
В статье рассматривается национальное наследие творчества Шакарима и Абая, труды 
двух ученых анализируются во взаимной связи.
Summary
This article focuses on the national heritage of Abaja and Shakarima creativity, Trudy two 
scientists analysed in mutual respect.
БҮГІНГІ ҚАЗАҚ ОТБАСЫ ТƏРБИЕСІНІҢ ƏЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 
МƏСЕЛЕЛЕРІ
Шымкент университеті, 
«Педагогика жəне психология» 
кафедрасының меңгерушісі,
п.ғ.д. Əтемова Қ.Т.
Бүгінгі  қоғамның  даму  жағдайындағы 
от басы  тəрбиесінің  күй-жайы  ерекше  көңіл 
ауда-руды  қажет  етеді.  Өйткені,  қоғамда 
орын  алып  отырған  келеңсіз  жайттардың 
барлығы  дерлік  осы  отбасы  тəрбиесінің 
олқы лықтарымен  байланысты  болып  отыр. 
Сондықтан,  да  отбасындағы  тəрбие  тұлға 
болмысының  қалыптасу  көзі,  адамгершілік 
қасиеттерінің бастауы.
Бүгінгі қоғамымыздағы тұлғаға деген қа-
тынас пен қоғамдық қатынастардың тұл ғаға 
ықпалы  төмендегідей  нəтижелерге  алып 
кел ді:
2011  жылдың 1 қаңтарындағы  статисти-
калық  мəліметке  жүгінер  болсақ,  бүгінге 
дейін  Қазақстан  Республикасы  бойынша 
38386 бала жетім жəне ата-анасының қамқор-
лығынан  айрылған,  соның  ішінде 14052-сі 
қыз балалары екен. Сонымен бірге 3 жасқа 
дейінгі 207 бала, 4-6 жас  аралығындағы 
773  бала, 7-13 жас  аралығындағы 4860 
бала, 14-18 жас  аралығындағы 4961 бала, 
19-23  жас  аралығындағы 811 бала,  жалпы 
саны 11612 бала  жетім  жəне  ата-анасының 
қамқорлығынан айрылған балаларға арналған 
білім  беру  ұйымдарында  тəрбиеленуде.  Ал, 
жалпы  саны 984 бала  жетім  балалар  мен 
ата-аналарының  қамқорлығынан  айрылған 
балаларға  арналған  мемлекеттік  емес  білім 
беру  ұйымдарында  (балалар  үйі,  түзету 
мектеп-интернаттары,  интернаттар,  отбасы 
үлгісіндегі  балалар  үйі,  отбасы  үлгісіндегі 
балалар  ауылы,  жасөспірімдер  үйлері,  пана 
үйлері  жəне  т.б.)  тəрбиеленуде. 1999-2010 
жылдар  аралығында  бүгінге  дейін 8675 
бала  шетел  азаматтарына  асырап  алынуға 
берілген.  Бұдан  шығатын  тұжырым,  жетім 
балалар  мекемелерінде  тəрбиеленген  бала-
лар дың  болашақ  отбасылық  өмірін  қалай 
елестетері белгісіз. Осы тұста ғұлама ғалым 
əл-Фараби  бала  дүниеге  келгенде  алда-
ғы  өмірінде  бақытты  болуға  жетелейтін 
қасиеттерді  игеруде  өздігінен  ол  жетiле 
алмайтындығын айта келіп, ол үшін арнайы 

66
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
тəрбие ортасының болуын қажет деп санай-
ды.  Ондай  ортаның  негізгісі,  əрі  баланың 
бақытқа  қол  жеткізудегі  қасиеттерінің  не-
гізі  қаланатын  тəрбие  институты  отбасы 
ортасыекендігін мынадай сөйлемдер қатар-
лары  арқылы  тамаша  келтірген: “Жараты-
лысында  əрбір  адамға  өз  тіршілігі  үшін  ең 
жоғары кемелділік дəрежесіне жету үшін көп 
нəрсе керек, ол мұны өзі жалғыз жүріп таба 
алмайды жəне бұған жету үшін ол қандай да 
бір адам қауымын қажет етеді.
Осы қауымдағы адамдардың əрқайсысын 
оған  қажетті  нəрселердің  жалпы  жиын ты-
ғынан қандай да бір затты тауып беріп оты-
рады. Оның бер жағында əрбір адам өзінен 
басқа  екінші  адам  жөнінде  де  нақ  осындай 
күйге түседі. Міне, сондықтан да бір - біріне 
көмектесіп отыратын біреуі екіншісінің өмір 
сүруіне  қажетті  нəрселердің  бір  бөлігін  та-
уып  беріп  отыратын  көптеген  адамдар  бір-
лестіктері  арқылы  ғана  адам  өзінің  жара-
тылысына  сай  кемелділік  дəрежесіне  жете 
алады”, - деп  отбасында  өзара  көмек  пен 
ынтымақ  болғанда  ғана  ортақ  мүддеге  қол 
жеткізуге болатындығын жəне  сол арқылы 
əрбір отбасы мүшесі өз мүддесіне, бақытына 
қол жеткізетіндiгiн түсіндіреді.
Бүгінгі күні біз қазақ қоғамындағы отба-
сы тəрбиесінің ұлттық дəстүрлерін жаңғыр-
тамыз  деп  жүргенімізде,  өскелең  ұрпақтың 
ұлттық дəстүрден алшақтап өсуі барған сай-
ын  отбасы  тəрбиесін  жұтаңдатпақ.  Оның 
үстіне қалыпты отбасыларындағы тəрбие де 
көпшілікті алаңдатарлықтай жағдайда. Нақ-
тылап айтқанда, отбасыларындағы ажырасу 
саны  жыл  өткен  сайын  азаймай  отыр, 2008 
жылғы  көрсеткіш  бойынша 135280 адам 
үйленіп,  оның 35852-сі  ажырасқан (26,5%). 
Сонымен  қатар, 7530 кəмелетке  толмаған 
бала қаңғыбас атанып, үйінен кетіп қалған. 
Жасөспірімдер арасында жүйке ауруларына 
шалдығып, өз-өзіне қол жұмсау артып бара-
ды, бір ғана Оңтүстік Қазақстан облысының 
өзінде 2010 жылдың өзінде 10 бала өмірден 
озған [1]. Мұндай  көрсеткіштермен  ұрпақ 
тəрбиесін  ұлттық  бағытта  ұйымдастырып, 
қалыптастыру мүмкін емес. Сондықтан, бү-
гінгі отбасы тəрбиесі мазмұны мен техноло-
гиясын ұлттық бағытта жетілдіру жолдарын 
қарастыру  қажет.  Отбасы  тəрбиесін  тиімді 
ұйымдастыруға  деген  сұраныстың  болуы-
мен қатар, оны ұйымдастырудың бір жүйеге 
келтірілген механизмдері жасал маған.
Осы  тұста,  біз  отбасы  тəрбиесінің  мəні 
мен  міндеттерін  жəне  оның  тұлға  қалып-
тасуындағы маңыздылығын түсіндіретін ал-
ғаш қы  сауаттандыру  жұмыстарын  мектеп, 
кəсіптік білім беру мекемелері жəне т.б. ме-
кемелерден  бастап  ұйымдастыру  қажет  деп 
білеміз.
Мектеп  қабырғасындағы  жоғары  сынып 
оқушыларымен  жүргізілетін  болашақ  отба-
сылық өмірге дайындық жұмыстары жоғары 
оқу  орнына  бармайтын,  еңбекке  араласа-
тын  жастар  үшін  маңызды.  Себебі,  бүгінгі 
жас тар  арасында  (Оңтүстік  облыстарда) 
мектеп  қабырғасында  жүріп  тұрмыс  құрып 
жатқан  да  жастар  бар.  Сондықтан  да  от-
басын  құрудың  маңыздылығы  мен  отбасы 
өмірін  ұйымдастырудың  функциялары  ту-
ралы  алғашқы  ақпараттар  берілгені  дұрыс. 
Осы  тұста  мектеп  пен  отбасы  бірлескен 
жұмыстарын  жетілдіру  арқылы  ұл,  қыз 
тəрбиесіне  жете  көңіл  бөлу  қажет.  Мектеп 
бағдарламасына енген «Валеология» пəндері 
мазмұнындағы ақпараттарды ұлттық бағытта 
толықтырып,  оның  оқытылу  əдістемесін, 
ақпараттың  түсіндірілу  механиз мін  жетіл-
діру  қажет.  Баланы  болашақ  отбасы лық 
өмір ге  даярлай  отырып,  оның  жеке  басы-
ның  гигиенасы  мен  денсаулығын  сақтау 
мақ  са тында  болашақ  ұрпағы  мен  əулет  да-
муын  жалғастыру  жолдарын  дəстүрлі  де 
ғылыми  ақпараттармен  байланыста  оқы-
татын  жаңа  жүйе  жасау  қажет.  Жоғары  сы-
нып  оқушыларын  отбасылық  өмірге  даяр-
лауда  медициналық  жəне  психологиялық 
тұрғыдағы білімдер жүйесімен қаруландыру 
мектеп  оқушыларының  жеке  басын  қалып-
тас тыруға ерекше ықпал етеді.
Ал, жоғары оқу орындарында болашақ ма-
манды даярлаумен қатар олардың отбасылық 
өмірді ұйымдастырудағы біліктілігін жоғар-
лату  маңызды.  Өкінішке  орай,  бүгінгі  жас 

67
ОТБАСЫ ТƏРБИЕСІ
маман отбасы тəрбиесін ұйымдастыруға пси-
холо гиялық-педагогикалық  тұрғыдан  кеңес 
беруге  дайын  емес.  Түріктің  ұлы  ғұламасы 
əл-Фарабидің  «Тек  бақытты  адамдар  ғана 
ізгі  істер  атқаруға  қабілетті  болады»  деген 
ұлағатты сөзін ескеретін болсақ, отбасында 
татулық пен береке болған ортадан шыққан 
маман  ғана  қоғамға  пайдалы  істермен  ай-
налыса  алмақ [2]. Сондықтан,  кəсіби  білім 
беру  мекемелерінде  «Отбасы  педагогика-
сы»  пəнін  ендіру  қажет  деп  білеміз.  Бұл 
пəннің мазмұны отбасы мəртебесі мен адам 
тəрбиесіндегі  рөлін,  отбасы  функциялары 
мен оны ата-ана тарапынан жүзеге асырудың 
жолдарын,  тұлға  қалыптасуындағы  отбасы 
ортасының  ықпалын,  ерлі-зайыптылардың 
бір-бірінің  алдындағы  міндеттері  мен  қа-
рым-қатынастарының сипатын, олардың ба-
ла  лары  алдындағы  парыздары  мен  тəрбие 
міндеттерін айқындап беруді қамтуы тиіс.
Бүгінгі  отбасыларына  бала  тəрбиесінде 
пси хологиялық-педагогикалық  кеңес  бере-
тін  жəне  көмектесе  алатын  мекеме – мек-
теп  болып  табылады.  Мектеп  мұға лім  дері 
жоғары  оқу  орындарынан  арнайы  дайын-
дықпен келгенде ғана отбасы тəр бие сі про-
блемаларын  шешуге  қабілетті  бол мақ.  Осы 
тұста  ата-аналардың  да  отбасы  тəрбиесін 
ұйымдастыру бойынша білімдері мен ынта-
ықыластары  біркелкі  емес.  Сондықтан  ата-
аналар  жиналысында  бəріне  ортақ  мəсе-
ле-бала  тəрбиесін  тиімді  ұйымдастыру 
мақ  са  тындағы  тəжірибелер  мен  теориялық 
тұжы  рым дарды  талқылап,  пікір  алмасу  ма-
ңыз ды.  Сынып  жетекшісі  бағыт-бағдар  бе-
ріп,  тақырыптың  бір  арнада  өрбуін  қам та
-
масыз  етіп  отыруы  тиіс.  Бастауыш  сынып 
оқушысының  бойында  кездесетін  əлеу-
меттік, психологиялық, педагогикалық жəне 
физиологиялық  даму  өзгерістерімен  қатар, 
олар ды  қалыптастыру  жолындағы  ата-ана 
əрекетін  ұйымдастыруды  бірге  үйрену  қа-
жет.  Сонда  ғана  бала  дамуымен  туындап 
отыр атын  мəселелер бойынша тақырыптар 
таңдалып,  сөзге  арқау  боларлық  тақырып 
шығып  отырады.  Осылайша,  біртіндеп  ата-
аналардың  да  отбасы  тəрбиесін  жетілдіру 
бойынша  сауаттылығын  жетілдіріп  отыру 
тиімді.  Сонымен  қатар,  ата-аналардың  есте 
ұстар  басты  қағидасы - əрбір  ата-ана  бала-
ларын  дəл  өзіндей  етіп  емес,  өзінен  асып 
түсетіндей  етіп  тəрбиелеуі  керек  екендігін 
ұмытпауы  тиіс.  Өйткені,  олардың  зама-
ны  ата-ана  заманына  қарағанда  əлдеқайда 
талапшаң болмақ. Соны басты назарда ұстау 
керек[3].
Бүгінде  халқымыз  тілі  мен  ділін  жəне 
дінін қайта жаңғыртып, оның нұрлана түсуі-
не  атсалысып  жатқанда  өз  балаларымен 
қоса  өзге  балаларға  деген  жанашырлық  та-
нытып жатқандар да жоқ емес. Нақтылап ай-
тар  болсақ, 1999-2010 жылдар  аралығында 
Қазақстан  Республикасы  бойынша 31929 
бала асырап алынған, ал 2010 жылдың өзін-
де 1048 ата-ана  бала  асырап  алуға  өтініш 
білдіргендер. Бұл көрсеткіш 2009 жылғымен 
салыстырғанда 105-ке  артық, 2006 жылмен 
салыстырғанда 294-ке артық [1, 78б.]. Бұдан 
шығатын  қорытынды,  бала  асырап  алуға 
деген  сұраныс  өз  еліміздің  азаматтары  та-
рапынан да артып отырғандығын көрсетеді. 
Əйтсе  де,  осы  отбасыларында  тəрбиеленіп 
жатқан  балаларға  ата-аналар  тарапынан 
берілген  тəлімдік  өнеге  қаншалықты  дəре-
жеде екендігі нақты емес. Қалыпты отбасы-
ларындағы  тəрбие  жағдайының  бір кел кі 
еместігін  ескерер  болсақ,  бүгінгі  отбасыла-
рына  психологиялық-педагогикалық  көмек 
керек. Оның бір жолы мектеп пен отбасының 
бірлескен жұмысын күшейту болмақ.
Бүгінгі отбасы жағдайында бала тəрбиесін 
ұйымдастыру  көптеген  ғылым  саласынан 
білім  де  қабілетті  болуды  керек  етеді.  Ата-
аналардың дені отбасын асыру мен олардың 
қажетін  қанағаттандырумен  уақыттарын 
өткізуде. Ал бала тəрбиесі назардан тыс не-
месе  өзге  адамның  қолында  болып  отыр. 
Олай  дейтін  себебіміз,  бүгінгі  күні  əрбір 
үйде  демесек  те,  бес  отбасының  бірінде 
бала күтуші жалданып жұмыс істейді. Ата-
бабаларымыздың  ұлағатты  өсиеттерін  еске 
алатын  болсақ,  бұл  табиғатымызға,  қала 
берсе  тəрбиемізге  жат  дəстүр  дер  едік. 
Түріктің  ұлы  ғұламасы  Ж.Баласағұн,  əрбір 

68
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
ата-ана  баласын  өзге  жерде  емес,  баласын 
өз үйінде тəрбиелеуі тиіс деп атап көрсеткен 
болатын. Себебі, ерте елден кеткен бала отба-
сы мен туыстарына суық болып қалыптасады 
деп  түйеді.  Бізде  бүгінгі  күні  бала  өз  от-
басында  тəрбиеленгенімен  бөтен  адамның 
тəрбиесі мен мейірімін алып өседі. Ата-анасы 
күні бойы қызметте жүреді де бұл жағдай да 
Ж.Баласағұнның өсиетін ескеруді қажет етеді.
Жоғарыда  қарастырылған  мəліметтерге 
жүгіне  отырып  ойымызды  тұжырымдасақ, 
қазақтың  біртуар  перзенті  М.О.  Əуезовтың 
«Ел  болам  десең,  бесігіңді  түзе!» [4] деп 
айтқанындай  əрбір  дүниеге  келген  бала 
тағдырын  мемлекеттік  деңгейде  отбасылық 
тəрбие жағдайында іске асыруды ойластыру-
ымыз керек. Ол үшін қазақ отбасы тəрбиесін 
дəстүрлі  ұлттық  тұрғыда  ұйымдастыруды 
қамтамасыз ететін «мектеп – отбасы – кəсіби 
білім беру мекемелері» арасындағы кешенді 
бірлікті  сақтай  отырып,  отбасылық  тəрбие 
жұмысын жүйелі жүргізу қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет