Бас редактор с. Ж. Пірəлиев


ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ҰЛТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ –



Pdf көрінісі
бет2/13
Дата03.03.2017
өлшемі2,72 Mb.
#5518
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ҰЛТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ КЕПІЛІ
Абай атындағы ҚазҰПУ Ректоры 
п.ғ.д, профессор Піралиев С.Ж.
Абай атындағы ҚазҰПУ
Инновациялық технологиялар жəне білім беру 
мазмұнын ғылыми зерттеу институты директоры 
ҚР жоғары мектепке еңбегі сіңген қызметкер, 
профессор Нуриев М.А.
Оқу үрдісін жетілдіру жəне жинақтау 
бөлімінің басқарушысы 
ф.ғ.к. Сейсенбаева Ж.А.
Қазіргі  Қазақстан  қызыға  қарайтын  қар-
қын ды  даму  жолына  түскен,  əлем  таныған 
мем лекеттердің  қатарында.  Жас  мемле кет-
ті  бүгінгідей  дəрежеге  жеткізген  Прези-
дент Н.Ə. Назарбаев ұлттық дамудың түпкі 
мақ саты  интеллектуалды  ұлт  қалыптас-
тыру дың  негізінде  екендігін  баса  айта-
ды.  Елбасы  ҚазҰУ-де  оқыған  «Қазақстан 
дағдарыстан  кейінгі  дүниеде:  болашаққа 
интел лектуалдық  секіріс»  атты  лекциясын-
да зиялы ұлт қалыптастыру идеясын айтып 
өткен  болатын.  Бүгінгі  таңда  осы  бағытта 
көптеген жұмыстар жасалуда.
Өз  ұлтының  бақытты  болаша ғын,  кемел 
келешегін  ойлаған,  төрт  құбыласы  түгел, 
қуат ты мем лекет құруды мақсат еткен Елба-
сы «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жоба-
сын  дайындауды  ұсынған  болатын.  Ұлттық 
жоба үш негізгі аспектіні қамтуы қажеттігін 
нақтылаған.  Біріншісі,  қазақстандық  бі лім 
жүйесін  дамытуда  серпіліс  жасау.  Қазіргі 
таңда білім беру үдерісіне барынша кеңінен 
назар аударылғаны жөн. Ұлттың дамуының 
негізі дұрыс білім ала білуде.
«Интеллектуалды ұлт» жобасының екінші 
аспектісі – ғылым саласын дамыту мен елі-
міз дің ғылыми потенциалын арттыру.
Жобаның үшінші бағыты – инновациялар 
жүйесін  дамыту.  Ол  қазақстандықтардың 
жаңа  генерациясын  қалыптастыруға  бағыт-
талған. Білім беру саласындағы бүгін гі таң-
дағы өзгерістер осы ұсынылып отыр ған үш 
аспекті  негізінде  дамуы  білім  алушы лар-
дың  өзіндік  көзқарасы  қалып тасқан  тұл  -
ға  болып  қалыптасуына  жұмылды рыла-
ды.  Білімді  реформалаудың  басты  мін  деті 
-  мемлекеттік  білім  беру  жүйесін  əлем дік 
үз дік  үлгіге  сəйкес  деңгейге  көтеру.  Жеке 
тұл ғаның  білім  алу  жəне  рухани  қажет тіл-
іктерін,  оның  мүмкіндіктерін  ескере  оты -
рып  қанағаттандыру,  қалыптастыру,  адам 
білім  үшін  емес,  білім  адам  үшін  оқу-тəр -
бие  процесін  ізгілендіру,  ізгілік  прин цип-
терін  қайта  түрлеуі  арқылы  жүзеге  асы-
рылуы  тиіс.  Сонда  ғана  білімнің  беделін 
арт  тыруға,  білім  беру  саласының  мемлекет 
пен қоғам өміріндегі басым мəртебесін нақ-
ты  орнықтыруға  болады.  Қазіргі  таңдағы 
əлемдік ғылым мен білім беру саласындағы 
жетістіктерге негізделген жаңа жүйе еліміз-
дің білім беру саласына терең енгізіліп отыр. 
Бұл  өзгерістер  өз  кезегінде  болашақ  интел-
лектуалды  ұлтты  қалыптастырудың  кепілі 
болмақ.Интеллектуалды  қоғамның  мақсаты 
-жаңаша  біліммен  қаруланған  мамандарға 
сұранысын  қанағаттандыру,  ғылымның  же-
тіс тіктерін  экономиканың  нақты  сектор-
ларында жүзеге асыру жəне еліміздің адам-
заттық құндылықтарын қалыптастыру.
Елбасымыз  Н.Ə.  Назарбаев  жолдауын-
да: «Болашақта  өркениетті  дамыған  елдер-
дің  қатарына  ену  үшін  заман  талабына  сай 
білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 ел дің 
қатарына  жеткізетін,  терезесін  тең  ететін 

12
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
–  білім» - деп  нақтылаған  болатын.  Мек-
тепке  дейінгі  білім  беру  мекемелерін  то-
лық тай  қамтуға  бағытталған  «Балапан» 
бағ   дар ламасы  дарынды  балалар  үшін  жа-
ра   тылыстану-математикалық  цикл  пəн де-
рін  тереңдетіп  оқытатын 20 интел лек туал -
дық  мектепті  ашуға  бағыт талған  бағ дар-
ламалары  интеллектуалды  ұлт  даярлау ды 
ұйым дастырудың  жаңа  негізін  қалып тас-
тыруға  мүмкіндік  береді.  Аталған  бағ дар-
ламалар  еліміздегі  инновациялық  даму-
дың  негізгі  бастауы  болып  табылады.  Осы 
бағыт та қазіргі таңдағы əлемдік ғылым мен 
білім  беру  саласындағы  жетіс тіктерге  не-
гізделген  іс-шаралар  білім  беру  саласынан 
бастау  алады.  Білім  беру  қыз метінде  елі-
міздегі  жəне  əлемдікбілім  беру  жү йе сін-
дегі  классикалық  дəстүрлі  жəне  жаңа  үр-
діс  терінің үйлесімділігін қамтитын оқу бағ-
дар ламаларымен білім сапасын арттыру қа-
жет тігі  туындауына  байланысты  жоға  рыда 
айтыл ған  бағдарламалардың  дамуы  өте 
маңыз ды.  Отандық  білімберуге  қойы латын 
атал мыш  талаптар  Қазақстанның  əлеу  мет-
тік-экономикалық  дамуынжедел  қам  та   ма-
сыз ете отырып, инновациялық даму на  ры ғы 
мен көпсалалы ғылымның жоғары тех ноло-
гиялы  өндіріс  жағдайында  басқаруға  құ-
зір етті  жəне  бейімді-шығармашылығы  бар 
тұл ға  дайындау  қажеттілігінен  туындай ды. 
Осы бағыттағы жасалынып жатқан игі істер-
дің  бастауы  ретінде  біртұтас  білім  жүйесін 
құрай тын оқыту жəне тəрбиелеу процессінің 
бірыңғайлылығын  қамтамасыз  етуге  бағыт-
талған    интеллектуалды  мектептердің  ролі 
айқын. Аталмыш оқу орындарының ерекше-
лігі де сонда, білім процессін ұйымдастыруда 
пəн жəне деңгей аралық кіріктілікті, бірізді-
лікті,  дифференциацияны  қамтамасыз  етуді 
негізге алады.
Əлемдік  сапа  жəне  білімнің  өтімділігін 
негізге  алуға  бағдарланған  интеллектуал-
ды  тұлға  қалыптастыратын  мектептердің 
мақсаты-  əр  түрлі  салалар  үшін  бəсекеге 
қа білетті  менеджерлерді  дайындау.  Еліміз-
деинтеллектуалды  мектептердің  жүйесін 
да мыту қазақстандық мектептердің жаңа үл-
гісін қалыптастырудың бастауы, яғни интел-
лектуалдық  əлеуетін  жүзеге  асыраалатын-
рухани болмысты тұлға дайындайтын білім 
беру бағдарламаларының жүзеге асуы деген 
сөз.
Елбасының  бастамасы  бойынша  Аста-
нада  «еліміздің  болашақ  зияткерлік  элита-
сын  қалыптастыру  мақсатында»  құрылған 
ұлттық  бiлiм  беру  жүйесiнiң  барлық  ар-
тық  шылықтары  мен  үздiк  əлемдiк  ғы-
лы ми  бiлiм  беру  тəжiрибесiн  үйлесiмдi 
қам титын,  Қазақстанның  ұлттық  брэн-
дiне айналатын ерекше үлгiдегi Назарба-
ев университеті де интеллектуалды тұл ға 
қа лыптастыра  отырып,  бəсекеге  қа бі-
летті маман дайындауға арналған жұмыс-
тардың бірегейі деп есептейміз.
Интеллектуалды  ұрпақ  тəрбиелеу  ісі те-
рең  білім,  кəсіби  алғырлық,  жоғары  білік-
тілік  ұлттық  мүддеге  қызмет  ету,  ел  ал-
дын дағы  парыз  ұғымына  сүйену,  рухани 
құн ды лықтарға  негізделген  жасампаз  күш 
не  гізіне жұмылдырылуы тиіс.Ұлттық жоба-
ны  жүзеге  асыруда  заманның  озық  жоғары 
тех нологияларын  жетiк  меңгерумен  қатар, 
елiмiзде индустриялық дамудың ақпараттық 
өркендеуiне белсендi, əрi қабiлеттi, көзқа ра-
сы  дұрыс,  дiнi  мен  дiлi  жəне  рухы  жоға ры 
ұрпақ  қалыптастыру  қажеттiлiгi  қам та ма-
сыз  етіледі.  Осы  тұрғыда  ұлттың  интел-
лектуалдық  капиталы  –бұл  барлық  жинақ-
талған ғылыми, кəсіптік, мəдени ақпараттар, 
өмірдің барлық салаларының мамандарының 
білімі мен біліктері, əрбір жеке адамның  ин-
теллектуалдық, моральдық жəне мəдени да-
муы,  ұлттың    позитивті  психикалық  жəне 
моральдық ерекшеліктері екені белгілі. Ин-
теллектуальды  даму  бағдарында  тұлғаның 
əлеуметтік-танымдық  салты  мен    əдеттері, 
сон дай-ақ халықтың əдет-дəстүрлері, жақсы 
кəсіп тік дағдылар, білімділік, тəрбиелілік, па-
триотизм, азаматтық белсенділік, тəртіптілік, 
табандылық,  шыншылдық,  еңбексүйгіштік 
қасиеттерін  жан-жақты  дамыту  сынды 
қасиеттері қамтылады. Осы айтылған қадір-
қасиеттің барлығы дерлік - ұлттың байлығы 
мен игілігіне жұмылдырылады. 

13
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Интеллектуалды ұлт қалыптастыруда ал-
дымен  ол  қандай  қасиеттерді  қамтитынын 
анықтап  алуымыз  қажет.  Сонымен,  интел-
лектуалды ұлт білімді, ғылымды меңгерген, 
тəрбиенің  бастауларын  толық  қамтыған 
тұлғадан қалыптасады.
Қазіргі  таңдағы  егеменді  еліміздің  бола-
ша ғы  дарынды,  білімді,  іздемпаз,  дені  сау 
жастарға  байланысты.  Осыған  орай,  интел-
лектуалды  ұлт  қалыптастыруда  қоғам  ал-
дында  тұрған  басты  міндет – өзіндік  айтар 
ой – пікірі  бар,  жоғары  саналы,  белсенді, 
бəсекеге қабілетті, дені сау азамат тəрбиелеп 
шығару.  Үдемелі-инновациялық  жаңа  эко-
номика  құрып  жатқан  осы  кезеңде  елімізге 
білімді, дер кезінде шешім қабылдай білетін 
ұлт,  соның  ішінде  жастар  өте  қажет.  Ол 
үшін  ақпаратқа  қолжетімділікті  бүгінгі  күн 
тала бына  сай  дамыту  қажет,  бұл - ұлттың 
денсаулығының дұрыстығы, сапалы өмір сү-
руі, жақсы білім алу жəне ғылымды дамыту. 
Қоғамдағы  түбегейлі  өзгерістер  жаһандану 
үрдісінде өзіндік келбеті қалыптасқан жаңа 
адамды дамыту мақсаттарын қойып отыр.
Интеллектуальды тұлғаны төмендегі көр -
се тілген  құндылықтарды  бойына  сіңіру  ар-
қы лы қалыптастыруға болады:
1.  Танымдық бағытта: таным мəдениеті, 
интел лект, білім, ақыл – ой мəдениеті, шы-
ғар машылық,  сындарлы  ойлау,  сананы  же-
тіл діру, ой – өрісінің кеңдігі т.б.
2.  Адамгершілік  бағыт:  жеке  тұлғаның 
қасиеттері: сыйлау, мейірімділік, əділдік, т.б, 
адамгершілік  ұстанымдар:  қадір – қасиет, 
ұқыптылық т.б. 
3.  Əлемдік бағыт: азаматтылық, партио-
тизм, белсенді өмірлік позиция, ұйымдылық, 
адам құқықтары т.б.
4.  Ұлттық бағыт: салт – дəстүрді, тілді, 
дінді,  əдет – ғұрыпты  құрметтеу,  ұлттық 
сана, ұлтжандылық, елін жерін сүю жəне т.б.
5.  Салауатты  өмір  салты:  экологиялық 
мəдениет,  спорт,  санитарлық-  гигиеналық 
нор маларды сақтау, жағымсыз қылықтардан 
арылу, дене шынықтыру т.б.
6.  Дүниетаным бағыты: ғылыми, білі м-
ділік дүниетаным, танымдық дүниені қабыл-
дау, дүниені түсіну, əлем туралы ойлану, ой- 
толғаныс т.б. 
Болашақ  интеллектуалды  ұлтты  қалып-
тастыруда  əлемдік  дəрежедегі  ғылым  мен 
білім саласындағы жетістіктерді қамти оты-
рып, ұлттық əлеуетті дамыту бағдар негізге 
алынады.  Елбасы  «Интеллектуалды  ұлт-
2020» ұлттық жобасы  идеясына «оның басты 
мақсаты - жаңа қалыпта қазақстандықтарды 
тəрбиелеу,  сондай-ақ  Қазақстанды  бəсекеге 
қабілетті адамдық капиталы бар мемлекетке 
айналдыру»  деп,  нақтылаған  болатын.  Осы 
тұрғыда  республикамызда  ұлттық  интел-
лектің  негізін  қалауға  бағытталған  ғылым 
мен  білім  жетістіктерін  дамыту  тұрғысына 
назар  аударылғаны  жөн.  Өйткені,  елімізге 
халық аралық  деңгейде  бəсекеге  қабілетті 
білімді  адамдар  қай  кезде  де  өте  қажет.Ин-
теллектуалдық  ұлт  қалыптастыру  жөнінде 
айтқанда, біз ең алдымен қоғамның рухани-
адам гершілік  мəселесіне  тереңірек  көңіл 
бө луіміз  керек.  Қоғамды  ұлттық  тұрғыда 
да мы туға,  жастардың  патриоттық  сезімін 
тəр биелеуге, ұлттық намысты шыңдауға, əр-
бір  азаматтың  азаматтық  жауапкершілігін 
арттыруға  барлық  жағынан  мүмкіндік  жа-
салуы қажет. Осы тұрғыда интеллектуалдық 
ұлт қалыптастыруда ұлттық тəрбие маңызын 
айқын  аңғаруға  болады.  Ел  боламын  деген 
мемлекет  ұрпақ  тəрбиесін  бірінші  кезек-
ке  қояды.  Біз - бала  тəрбиесіне  аса  көңіл 
бөлген  халықпыз.  Тілдің  дамуы  да,  ұлттық 
рухани  құндылық тардың  баланың  бо йы-
на  сіңірілуі  де - тəрбиемен  келеді.  Ал  тəр-
биенің  өзегі - ананың  құрсағынан  бастала-
ды.  А.Байтұрсынов: «Ба лам  деген  жұртым 
болмаса,  жұр тым  дейтін  бала  қайдан  шы-
ға ды»  дейді. «Интеллектуалды  ұлт -2020» 
жобасының басты мақсаты ретінде жас тарға 
рухани  тəлім-тəрбие  беру  аталғаны  белгілі. 
Яғни,  əлемді  жаулаған  жаһандану  үрдісіне 
біз  мықты  ұлттық,  мəдени  құндылық тары-
мызды,  ұрпағымыздың  имандылығын  қар-
сы  қоюға  тиіспіз.  Демек,  терең  білім,  кəсі-
би  алғырлық,  жоғары  біліктілік  ұлттық 
мүддеге қызмет етпесе, ел алдындағы парыз 
ұғымына сүйенбесе, рухани құндылықтарға 

14
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
негізделмесе,  жасампаз  күшке  айнала  ал-
майды  екен.  Бүгінгі  білім  беру  саласында 
тəр бие мен білімді əр қырынан дамыта оты-
рып  оқыту  жəне  білім  алушыны  интеллек-
талды  түрде  дамыту  жолдары  негізге  алы-
нады. Интеллектуалды ұлт қалыптастыруда 
ұлт денсаулығы  маңызды мəселелердің бірі. 
Денсаулық  адам  дамуының  маңызды  құра-
ушысы  жəне  салдары.  Ол  жас  кезде  білім 
алудың,  ал  кейіннен  оны  үнемі  жетілдіріп 
отырудың  маңызды  шарты  болып  табыла-
ды.  Сондай-ақ,  денсаулық  жоғары  өнімді 
еңбектің  негізі  бола  отырып,  адамдардың 
жеке жəне қоғамдық жағдайларын көтеруге 
мүмкіндік  береді.  Ендеше,  ұлттың  интел-
лектуалды даму бағдарында салауатты өмір 
салтының  маңызы  айқын.  Осы  мақсатты 
жүзеге асырудың аспектілері отбасы тəрбие-
сімен  жəне  білім  беру  мазмұнымен  тығыз 
байланысып,  білім  мазмұнында  жан-жақты 
ашылуы тиіс.
Интеллектуалды  ұлт – моральдық,  мəде-
ни,  интеллектуалдық  тұрғыда  бəсекеге  қа-
білет ті,  барлық  ақпараттардан  хабары  бар, 
өзінің ғылыми, мəдени біліми ақпараттарын 
еркін тарататын əлеуеті бар қоғам.
Жеке интеллектуалды тұлға қалыптасты-
ру жəне дамыту жолында біз халқымыздың 
ғұламалардың  еңбектеріне  сүйене  отырып 
мəнін  ашып  алуымыз  қажет.  Еліміздің  та-
ри хындағы  ойшылдар  мен  даналарды, 
қоғам  жəне  мемлекет  қайраткерлерінің 
өз  заманына  сіңірген  еңбегінде  бола шақ -
тың  бақытты  болуына  қосқан  үлесі мен 
ұлттың  даму  сипатын  көрсету  ба ғда-
рын  айқындап  алуымыз  керек.  Абай 
Құ нан баев  пен  Ыбырай  Алтынсарин  се-
кілді  халық  ағартушылары  ұлт тың  да-
муын  таным-түсінікті  кеңейту  ар қы лы 
жету  бағыттарын  айқындап  отырған. 
Олардың  атқарған  істері  мен  айтқан 
өсиеттеріне  күні  бүгінге  дейін  ха лық 
тəрбиесінде  жоғары  бағаланады.  Жəне 
ұрпақ  тəрбиесінде  солардың  ой  өлшем-
дерімен өмір сүруге күш салып келеміз. Біз 
ғана емес, бүкіл əлемде қанша ұлт, қанша 
мемлекет  болса,  солардың  барлығы  да 
өздерінің  ежелгі  данышпандарының  не-
месе  жалпы  адамзатқа  ортақ  Сократ, 
Арис тотель, Конфуций секілді зор тұлға-
лардың  айтып  кеткендерін  өмірлік  ұста-
ным дарында  басшылыққа  алуда.  Қазақ 
даласындағы ойшылдардың айтқандары 
да  бүкіл  ұлттың  «Қайтсе  жақсы  өмір 
сүруге  болады?  Ұлттың  қадір-қасиетін 
жо ғал тпау» деген мəңгілік сұрағына жау-
ап беріп тұрған жоқ па.
Осы тұрғыда алдымен «интеллект», «ин-
теллектуалды  капитал», «интеллектуалды 
ұлт»  ұғымдарының  мəн-мағынасын  қазақ 
би ле рінің,  шешендерінің,  əл-Фарабидің, 
Абай дың,  Шəкəрімнің,  А.Байтұрсыновтың, 
М.Жұмабаевтың  ұрпақ  тəрбиесіне  қатыс ты 
еңбектеріне  сүйене  отырып, «толық  адам», 
«сегіз  қырлы,  бір  сырлы»  түсінік тері мен 
са лыс тыра  отырып  ашылады  да,  оларды 
қа уым дастықта  қалай  біріктіруге  болатын-
дығы көрсетіледі; білім беру жүйесін инно-
вациялық  дамыту,  ақпараттық  қоғамды  да-
мыту, ұлттық тəрбие беру, ұлт денсаулығын 
күшейту интеллектуалды ұлт қалыптастыру 
факторы ретінде қарастырылады.
Интеллектуалды тұлға қалыптастырудың 
кезеңдері  отбасы,  мектепке  дейінгі  тəрбие, 
мектептік, кəсіптік жəне жоғары білім беру 
жо лында деңгейленіп қарастырылғаны жөн. 
Көпсатылы білім берудегі сабақтастық тұл-
ға  қалыптасуының  дұрыс  бағдарын  қамта-
масыз етеді. Ғылымның, білім берудің жəне 
инновацияның  тығыз  байланысқан  түрдегі 
жаһандану принципі негізінде жоғары білік-
тілік қамтамасыз етіледі.
Білім  беру  жүйесін  модернизациялау  ар-
қы лы қойылатын мүдде – жоғары професси-
ональды  жəне  интеллектуальды  деңгейдегі 
тұлға  дайындау.  Қазіргі  таңда  білім  беру 
үдерісінде жаңа заман талаптарына сай білім 
жүйесі  жасалынып  жатыр.  Оның  негізінде 
отандық ең басты дəстүр – руха ни жəне ин-
теллектуалды  күш-қуаты,  азаматтық  жауап-
кер шілігі, қоғам игілігіне ең бек етуге деген 
талпынысы бар зиялы қауым, еліміздің белді 
аза  мат тарындайындау міндеті жатыр.

15
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Резюме
В  статье  рассмотрены  инновационные  возможности  формирования  интеллектуальной 
нации. Так же анализируются и раскрываются периоды формирования интеллектуальных 
способностей личности.
Summary
The article discusses the innovative features of the intellectual creation of the nation. The same 
analyses and elaborates on the periods of cognitive abilities of the individual.
ҰЛТТЫҚ МІНЕЗ ЖƏНЕ ТƏРБИЕ
Педагогика ғылымдарының докторы, 
ұстаз-ғалым, ақын, жазушы, 
əл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің профессоры
Əдібай Табылдиев
Қазақ  халқының  қалыптасқан  ұлттық 
мінездерінің тəрбиелік мəні зор. Олар:
Ақкөңілділік– 
адам 
баласына 
жақсылық ойлау дəстүрі
Əдептілік– ұлттық əдептің көркем 
көріністері
Байсалдылық – ақылға сеніп, сабыр-
лы əрекет жасау белгісі
Бауырмашылдық  –  мейірімділік, 
қайырымдылық белгісі
Даналық–  көргендік,  көргенділік, 
ұлылық қасиеті
Жомарттық 
– 
кеңпейілділік, 
қайырымдылық
Зиялылық – біліктілік, ұлағаттылық, 
мəдениеттік белгісі
Имандылық 
– 
тақуалықты, 
пəктікті көрсететін əдеп
Кісілік  -  əдептілікті,  ізеттілікті, 
салауаттылықты көрсету
Кішіпейілділік - əдептіліктің, 
имандылықтың көрінісі
Қонақжайлылық–  қайырымдылық, 
мейірімділік, əдеп белгісі
Мұсылмандық 
– 
имандылық, 
тақуалық, əдептілік белгісі
Парасаттылық  –  инабаттылық, 
пайымдылық, мейір белгісі
Сабырлылық–  байыптылық,  ақыл – 
парасаттылық белгісі
Салауаттылық– адалдық, тазалық, 
сергектік белгісі
Ұлтжандылық– ұлттық сана, ұлт-
тық намыс, ұлттық  рух көріністері
Бұл  салада  əрбір  мінез  болмысы  тура-
лы  анықтамалар  мен  түсініктемелерді  біз 
«Мінез жəне ұлттық тəрбие» деген бөлімде 
жан–жақты баяндаймыз.
Ұлттық мінез ғасырлар бойы елдің тұрмыс–
жағдайларына,  тарихи  құбылыстарға  бай-
ланысты  дамып,  қалыптасты.  Қалыптасып, 
халықтық əдепке айналған ұлттық мінезге 
заман  зардабы  əсер  етпей  ме?  Əрине,  əсері 
болар, бірақ ұлт тұрған жерде оның мінезін 
өзгерту «күші» күлде қалады.
Жас  ұрпақты  тегіне  тербеп,  олардың  бо-
йына  ұлттық  қасиеттерді  (мінезді)  сіңіре 
білуіміз керек.
Мінез – жеке тұлғаның болмысындағы пси-
хологиялық  (сезімдік,  ұғымдық,  түйсік тік) 
қасиеті.  Ол  меланхолик,  флегматик,  сангви-
ник, холерик сияқты темпера менттік қасиеттер 
арқылы  ұрпақтан–ұрпаққа  жалға сып  келе 
жатқан генотиптік (тектік) адами ерекшелік.
Мінез болмысқа (текке), тұрмысқа, қоғам-
дық құрылысқа, кəсіпке, əлеуметтік жағдай-

16
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
ларға байланысты ыңғайға, бейімделуге, құ-
бы луға сай болады.
«Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез 
деген сауыты болады» дейді Абай дана (32–
ші сөзінде). Тұрмысқа байланысты салмақта 
–  күйгелек,  қоғамдық  құрылысқа  байла-
нысты  кішіпейіл – тəккəпар,  əлеуметтік 
жағдайға байланысты өзімшіл – көпшіл бо-
лып, мінездер қасиетті қалыптасады.
Мінездің  түрі  көп  (біз  зерттей  келе,  мі-
нездің 50 түріне анықтама бердік). «Адам са-
насын тұрмыс билейді», тұрмысқа байланы-
сты менмендік билеген адамда дөрекі мінез, 
қасіретті  адамда  ашуланшақ  мінез  пайда 
болады.  Біздің  тəуелсіз  еліміздегі  адамның 
мінезі – кішіпейіл,  көпшіл  болуға  тиіс. 
Көбінесе,  кəсіпке  байланысты  жеке  бастың 
темпераменті сол кəсіптің ерекшелігіне сай 
бейімделеді.  Дегенмен,  тектік  (генотиптік) 
мінез негізін жоймайды.
Мінездің  жақсы  болып  қалыптасуы  тəр-
биеге,  жеке  тұлғаның  ақыл–санасына  бай-
ла нысты.  Адам  мінезін  көбінесе  өзін-өзі 
тəрбиелеу арқылы «түзейді». Кейде темпера-
менттік  ерекшелік  «мінез  түзеуге»  кедергі 
болады.  Сонда  ақыл,  сана,  ой  адамға  қуат 
береді.
Мінезді  түсіндіру,  іс-əрекетте  көрсету, 
ма дақтау,  жазалау  арқылы  тəрбиелеуге  бо-
лады.  Мінезді  тəрбиелеу  арқылы  жақсарту 
міндетін  əркім  атқарып  жүр.  Жалықпаған 
еңбек нəтиже береді. Төменде біз ұлттық мі-
нез дердің тəлімдік мəнін ашып, көрсе теміз.
Ақкөңілділік мінез тəлімі
Адам баласына тек жақсылық ойлап, оған 
адамгершілікпен  жақсылық  жасауға  бейім, 
ақжарқын, аялы нұр көрсететін ұлттық мі-
нездіақкөңілділік мінез дейміз.
Ақкөңілділік  мінез  өзара  сыйласымнан, 
жайдары  жарасымнан,  ақниетті  əрекет тер-
ден,  жақсылыққа  құлтарлықтан,  жана шыр-
лық əрекеттерден айқын көрінеді.
Қазақ халқы «бір үйде қанша болсаң, бір-
біріңе мейман боласың» деп өзара сыйласым-
ды ақкөңілділікті талап етеді. Ақкөңіл адам, 
əсі  ресе,  өз  жақындарына  деген  ақжарқын 
сү  йіс  пеншілікті көрсетіп, ақкөңілділік мінез 
көр  сетеді.
Ақкөңіл адам ақниетті əрекеттерімен ақ  кө-
ңілділік мінезді шашады да, сүйіс пен   шілікке 
бөленеді,  жақсылыққа  құштар лығымен  ай-
на ласындағы  адамдарға  адамгер шілік  қуат 
береді. «Өзіңді-өзің  жаттай  сыйла,  жат  өзі-
нен түңілсін» деп, ақкөңілділік мі нез дің сый-
ласымдық мəнін халық жоғары баға лайды.
Халық  «ақкөңілдің  аты  арымайды,  тоны 
тозбайды», «ақылды көңілі ақ болады, оған 
абырой мен бақ қонады» деп, бұл мінезден 
үлгі алуды уағыздайды. Ақкөңілді тұлғаларды 
насихаттап,  олардың  өнегесін  жас  ұрпаққа 
үйретуді  мақсат  тұтады.  Халықтық  тəлімде 
Қожанасырдың  ақкөңілділігі,  Жиреншенің 
ақниеттігі  жас  ұрпаққа  үлгі - өнеге  ретінде 
пайдаланылады.
Жеке  тұлғаның  тұрмыс–тіршілігі,  əлеу-
мет тік  ортадағы  орны,  ақыл–ойы,  салт–са-
насы, көргенділігі оның ақкөңілділік мінезін 
қалыптастырып,  ұлттық  ұлағатты  қасиетін 
толықтайды.
Қоғамдағы  іштарлық,  менмендік,  тəккə-
пар лық мінездер ақкөңілділік мінездің шыр-
қын бұзып, шын бойына батқанымен, ақкө-
ңіл  адам  ол  келеңсіз  қасиеттермен  үнемі 
күресуде  болып,  оларды  жеңіп  отырады. 
Ақ кө ңілділік  мінездің  асыл  қасиеттерін 
ашып көрсетіп, ұрпаққа үлгі-өнеге етіп, оны 
дəлел деу,  сезіндіру  тəсілдерімен  ұрпақтың 
бо йына сіңіреміз.
Əдептілік мінез тəлімі
Əдептілікті,  кісілікті,  əдеппен  сөйлеуді, 
əдеппен  қимылдауды,  имандылықты,  ұлт-
тық  əдеп  нышандарын  көрсететін  бұл  ұлт-
тық мінез жеке тұлғаның беделін арттырып, 
бейнесін бедерлейді.
«Əдептілік - əдемілік»  деп  халық  əдеп-
тілікті уағыздайды. Баланың əдептілік міне-
зін қалыптастыру үшін халық оның тілі шыға 
бастағаннан–ақ  «жаман»  мен  «жақсыны» 
ажырата  көрсетіп,  мінезіндегі  əдептілікті 
үйретеді.
Əдептілік  мінездің  бір  тірегі – кісілік. 
«Үлкенге - əдеп,  кішіге - ізет»  деп,  халық 

17
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
кісілікті  жоғары  бағалайды. «Ортадан  да, 
кішіден де, ұлымын деп көрсетпеген қысы -
мын»  деп,  Мұқағали  ақын  кісіліктің  (кіші-
ліктің)  ұлттық  (рулық)  мəнін  ашып  айта-
ды. «Ұлық  болсаң,  кішік  бол»  деп  халық 
кісілік  адам  мінезіндегі  құнды  құбылыс 
екенін уағыздап, жастарды да үлкендерді де 
кісілікке тəрбиелейді.
«Көп  сөйлеп,  созбайын,  əдептен  озбай-
ын»  деп  Абай  ақын  əдеппен  (қысқа-нұсқа) 
сөйлеудің  өзі  əдептілік  екенін  тіктеп  айта-
ды. «Қоқсықтарды мың жылдық Қопсытады 
мыңжылдық» деп, біз мыңжылдық құбылыс 
əдептілікті  бұзатынына  мысал  келтірдік. 
Əдеппен  сөйлеу,  артық  сөз  айтпау,  дөрекі 
сөдерді  айтпау,  қысқа  да  нұсқа  сөз  айту - 
əдептіліктің белгісі.
Əдептілік  мінез  əдепті  іс – қимылда, 
бет – қимылдан да айқын көрінеді. Үлкен – 
кіші  алдындағы  ізетті  қимыл - əрекет  жеке 
тұлғаның əдептілігін көрсетеді.
Имандылық - əдептіліктің  жарқын  көрі-
нісі.  Иманды  адам  əдеппен  сөйлеп,  əдепті 
қимылдап, адам баласына тек жақсылық жа-
сайды.
Ұлттық əдеп – қазақ халқының ғасырлар 
бойы  қалыптастырған  ұлттық  құндылығы. 
Сондықтан біз қазақ халқын (жалпы алған-
да) əдепті халық дейміз. Əдептілік мінездің 
үлгілерін  əсерлеп  көрсетіп,  ұрпақты  əдеп-
тілікке баулимыз.
Байсалдылық мінез тəлімі
Асықпауды,  аңғарымпаздықты,  ақылға 
се ну ді, сабырлы əрекетті, түбін ойлауды көр-
сететін бұл ұлттықмінез жеке тұлғаның бе-
делін биіктетеді.
«Байсалды  болса  мінезің,  бақыттысың 
сен өзің» деп, халық байсалды мінезді жоға-
ры бағалайды. Асықпай сөйлеу, абайлап қи-
мыл дау,  жылы  шыраймен  «салмақтылық» 
көрсету  арқылы  жеке  тұлға  өзінің  байсал-
дылығын  (ақылдылығын)  көрсетеді.  Сезім-
тал жастар мұндай мінезден үлгі алады.
Байсалды мінез аңғарымпаздықты көрсе-
теді.  Байсалды  мінезді  тұлға  əр  нəрсенің 
«байыбына  барып»  сөйлейді,  байыпты  іс-
əрекет жасайды. Айналасының көңіліне көр-
кем дік құятын байсалдылықты жұрт сүй сіне 
қабылдап, үлгі тұтады.
Байсалды  мінезді  адам  ақылға  сүйенеді, 
яғни өзінің ақылдылығын көрсетеді, айнала-
сындағыларға үлгі болады. Қиын іс-əрекетті 
ақылдасып  атқаруды  əдетке  айналдырған 
тұлға байсалды мінезі арқылы басқалардың 
бағдарын жөнге салып отырады.
Əрбір  əрекетін  сабырлықпен  баптайтын 
байсалды мінезді адам өз мақсатына жетіп, 
тындырымды іс-əрекет жасайды. 
Байсалды мінезді адам əрбір іс-əрекеттің 
түбін (нəтижесін, жеңісін, жемісін) ойлайды.
«Жеті рет ойлап, бір рет піш», «асықпаған 
арбамен  қоян  алады», «күшіңнің  жеңгенін 
айтпа, ісіңнің өнгенін айт», «асыққан – сай-
танның  ісі»  деп  халық  ұрпағын  бай сал ды-
лыққа тəрбиелейді.
Байсалдылық  мінез – қазақ  халқының 
тек тік  қасиетін  көрсетеді. «Аялдап,  артын 
ойла, түңілмей, түбін ойла» деп қазақ халқы 
тарихи  жеңістерге  байсалдылықпен  жетті. 
Байсалдылық қасиетті жастар өнеге тұтады.
Бауырмашылдық мінез тəлімі
Жеке  тұлғаның  мейірімділігінен,  қайы-
рым ды лығынан,  қамқорлығынан,  сүйіс пен-
ші лі генен,  ынтымақтығынан,  мақтаны шы-
нан пайда болатын бұл ұлттық мінез оның 
адами  асыл  қасиетін  көрсетіп,  беделін  арт-
тырады.
Отбасындағы  əрбір  тұлға  бір–біріне  ме-
йі рімді  болады.  Ағайындардың  бір–бірі не 
көр сеткен  мейір–шапағаты  олардың  адам-
гер шілік  абыройын  арттырады.  Мейірімді 
жан дар жанұяға жарқын нұрын төгіп, бе йіл–
берекені  арттырады.  Ағаның  ініге,  қарын-
дасқа деген, əпкенің ініге деген, сіңліге деген 
мейірімділігі  күннің  шуағындай  əсер  етіп, 
татулық  татымын  арттырып,  бақыт  бағына 
ендіреді.
Бауырмашыл  адам  қайырымды  болады. 
Ол жақын адамдарға əрқашан көмек көрсетіп, 
қиындығын бөлісіп, шаттығын бірге көреді. 
Үлкеннің  кішіге  деген  қайырымдылығы  кі-
шінің мейір–шапағатын арттырады.

18
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
Бауырмал  адам  үлкенге  де,  кішіге  де, 
досқа да, жолдасқа да, жалпы адамзатқа қам-
қоршы  болады.  Ата–ананың  балаға  деген 
қамқорлығы,  баланың  ата–анаға  деген  қам-
қорлығы қазақ халқында ұлттық тəрбие ар-
қылы қасиетті əрекет ретінде қалыптасқан. 
Отбасының əрбір мүшесінің бір–біріне де-
ген  сүйіспеншілігі  «əкетайым», «анашым», 
«аға тайым», «əпкетайым», «айналайын», 
«ал  тыным», «күнім»  деген  сөздер  арқылы 
əді п тілікпен əдемі сезіліп, бауырмашылдық 
мі нез ді қалыптастырады.
Жанұядағы  ынтымақ  бірлікті  арттырып, 
жемісін  беріп,  əрбір  бауырмашыл  адамның 
мақтаныш сезімін қалыптастырады. «Ырыс 
түбі - ынтымақ» дейді халық. Бауыр машыл-
дық  мінез  отбасы  мүшелерінің  ынты мағын 
арттырады.
«Адам - бауырың» деп, қазақ халқы ба у-
ыр машылдыққа  үндейді.  Əсерлі  мысалдар 
мен тəлімді тəсілдер арқылы ұрпақты ба уыр-
машылдықа тəрбиелейміз.
Даналық мінез тəлімі
Данышпандықты,  біліктілікті,  көреген-
дік ті, ақыл парасатын, кішіпейілділікті, ұлы-
лық ты көрсететін бұл қасиетті ұлттық мінез 
жеке  тұлғаның  беделін  өсіріп,  бейнесін 
көрсетіп,  басқалардың  байыбын  шақырып 
тұрады.
Данышпандықпен  өмір  заңдылықтарын, 
философиялық ой түйіндерін дəлелдей баян-
дап, түбегейлі түйінді шешімдерін баян етіп, 
данышпан адам əлеуметке əл береді, адамға 
ақыл береді, кəрі – жасқа кəделі тəлім береді.
Даналық мінезді, көбінесе, жеке тұлғаның 
біліктілігі қалыптастырады. Дана тұлға «мен 
білемін» деп кеуде қақпайды, білетінін ұла-
ғаттылықпен  ұғындырады.  Ол  көп  біледі, 
біле  беруден  жалықпайды,  білгендерін  ай-
наласына  əр  түрлі  тəсілдер  арқылы  үйрете 
біледі. «Білген  адам  білдім  демес,  білдім 
десе, білгені емес» деп, халық дана мінезді 
адамның қазақи қасиеттерін жоғары бағалап, 
өнеге тұтады.
Жеке тұлғаның көрегендігі оның даналық 
мінезінен айқын көрінеді. Өмір қисындарын 
өрнектей  баяндап,  даналық  шешім  айтатын 
адамның ойы – терең, сөзі өткір.
Даналық  мінезі  қалыптасқан  жеке  тұл-
ғаның  ақыл–парасаты  айналасына  нұрын 
шашып тұрады. Оның сөзі қисынды, ойы те-
рең, іс-əрекеті үлгілі болады.
«Ұлық  болсаң,  кішік  бол»  дейді  халық. 
Даналық  мінезді  адам  кішіпейілді  болады. 
Кішіпейілділік  пен  ақыл  парасаты  даналық 
мінезді  тұлғаның  бейнесін  сүйінішті  сүйіс-
пеншілікке бөлейді.
Даналық мінез жеке тұлғаның ұлылығын 
көрсетеді. Ұлы бейне əрі шешен, əрі көсем, 
əрі көреген, əрі нағыз адам болады. Ол ашу-
ды да, қиындықты да, күресті де, тіресті де 
даналықпен  жеңеді.  Одан  бəрі  үлгі  алады. 
Даналық  мінездің  сол  қасиеттерін  өнегелі 
мысалдар  арқылы  əсерлі  жеткізіп,  оны 
ұрпақтың бойына сіңіреміз.
Жомарттық мінез тəлімі
Мейрімді,  қамқор,  қайырымды,  көпшіл, 
иманды, жанашыр, кеңпейілді адамның  бұл 
ұлттық  мінезі  құттылығымен  қуантып, 
жұрттың рухани сезімін оятады.
Жомарт адам, əсіресе, отбасына, отанына 
мейірімді.  Мейір  шапағатымен  айналасына 
арайлы таңдай əсер ететін бұл мінез – қазақ 
халқының жомарттығын көрсетеді.
Халқына халі мүшкілдерге, табиғатқа қа-
йы рымды жомарт адам, қолынан келге нінше 
тек жақсылық жасайды. «Ақ көңілдінің аты 
азбайды, тоны тозбайды» деп, халық жомарт 
адамның  ақкөңіл  адамның  мінезін  жоғары 
бағалап, оны сыйлайды. 
Ата-анаға, бала-шағаға, елге қамқоршы бо-
лып, жомарт адам «көмек көрсету» мақ сатын 
орындайды. Қамқоршы болу міндетін орын-
дау  үшін,  еңбек  етіп  «барым  миятым-арым 
ұятым» деп, ар-ұяттылық өнегесін көрсетеді. 
Жомарт  адам,  адам  талғамайды,  барлық 
адамды бірдей көреді. «Адамды – құдіретте 
əманда, құрметте» деп, көңілі барлық адам-
ды  құрметтеуге  көңілі  жарқын,  құшағы 
ашық болады. 
Жомарттық,  имандылық  ұштасып,  жеке 
тұлғаның ашық-жарқын бейнесін паш етеді. 

19
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Имандылық, инабаттылық, ізеттілік жомарт 
адамның  бейнесін  көрсетіп,  беделін  артты-
рады.
Жаны  жайсаң,  жанашыр  жомарт  адам, 
адам  ға,  айналаға,  табиғатқа  жанашырлық 
жа  сап, игілік істерімен басқаларға үлгі-өнеге 
көр сетеді, сүйіспеншілікке бөленеді.
Кеңпейілді,  жомарт  адамда  ешқандай 
қыз ғаныш  болмайды.  Адалжүректі,  ақпейіл 
адам ның елге де ерге де пайдасы мол болып, 
халықты  ризашылыққа  бөлейді. «Жомарт 
жоқ  демейді,  бергенін  көп  демейді» «жоқ 
жомарттың  қолын  байлайды», «жомарттың 
қолы береке» деп, халық құтты мінезді құрмет 
тұтады. «Атымдай  жомарт»  деген  аңыз  ар-
қылы  халық  жомарт  мінезді  жастардың 
ұлт тық  қасиетінің  бірі – жомарттық  деп 
көр сетіп,  ұрпағын  жомарттыққа  үйреткен. 
Ұлттық тəрбиеде біз халықтың сол дəстүрін 
жалғастырамыз.
Зиялылық мінез тəлімі
Əдептілікті, біліктілікті, қайырымды лық-
ты, ұлтжандықты, ұлағаттықты, мəдениетті-
лікті білдіретін бұл ұлттық мінез көбінесе 
зиялы қауымда болады. 
Ұлттық тілде сөйлеген сөзі де, іс-қимылы 
да,  жүріс-тұрысы  да,  қарым-қатынасы  да 
əдеп тілікті көрсетеді. Зиялы адамдар ұлттық 
əдепті бойына сіңірген «əдемі адам».
Зиялылық біліктіліктен пайда болады. Ол 
білгенін басқаларға үйретуден жалықпайды. 
«Білген адам білдім демес, білдім десе біл-
гені емес» деп, халық зиялы қауымның үнемі 
білгенін  дамытып  отыратын,  үлгі-өнегесін 
уағыздайды.
Зиялы тұлға қайырымды, мейірімді бола-
ды.  Ол  басқаларға  барынша  жақсылық  жа-
сауға тырысады. «Басшы болса зиялы, елге 
нұрын  құяды»  деп,  халық  зиялы  тұл ғаның 
мəртебесін уағыздайды.
Ұлағатты  іс-əрекет  жасап,  ұрпаққа  үлгі-
өнеге  көрсететін  зиялы  тұлғаны  «елдің  ері 
- зиялы, ел үшін жанын қияды» деп, халық 
құрметтейді.
Зиялы  адам – ұйымшыл.  Ол  ұжымдағы 
барлық əрекетке басшы болып, ұйымдастыра 
біледі. Ұжымының бір мүшесі ретінде əрбір 
істі жаупкершілікпен орындайды.
Зиялы адам - мəдениетті. Ол ұлттық мəде-
ниетпен  өнерді  жақсы  біледі.  Мінез  мəде-
ниеті,  сөз,  тұрмыс  мəдениеті  бойынша,  ол 
басқаларға үлгі көрсетеді.
Зиялылық мінезді тəрбиеде үлгі-өнеге ре-
тінде көрсете біліп, жас ұрпақты зиялы лық-
қа баулимыз.
Имандылық мінез тəлімі
Инабаттылық, ізеттілік, əдептілікті, мейі-
рім ділікті,  тазалықты,  діндарлықты  көрсе-
тетін  бұл  ұлттық  мінез  қазақ  халқының 
ұлттық психологиясына тəн құбылыс. Иман 
арабша «сенім» адам арына, Аллаға сенім.
Иманды адам – инабатты адам. Ол басқа 
адамның  қасиетін  қадірлейді,  арын  ардақ-
тайды, адам баласына тек жақсылық жасауға 
иманды  адамнан  басқалар  байыппен  қарап 
үлгі-өнеге алады. «Иманы бардың – сыйла-
мы бар» деп, халық иманды адамды сыйлау 
құрметін жоғары бағалайды.
«Үлкенге – құрмет,  кішіге - ізет»  деп, 
халық имандылық қасиеттерін ұрпаққа үлгі 
етіп көрсетеді. «Кішілігім сыйланым, кісіл-
ігім иманым» деп, ақын кісілік үлгісі арқылы 
ұрпағын ұлылыққа тəрбиелейді. Имандылық 
– адамгершіліктің арлы бейнесі.
Имандылық  əдептілікті  көрсетеді.  Ұлт-
тық  əдептілікті  сақтаған  иманды  тұлға 
əдеп пен  сөйлейді,  əдепті  сақтайды,  ұлттық 
мəдениетті құлшына құрметтеп, өзінің мəде-
ниеттілігін, əдептілігін көрсетеді.
Жан  мен  тəн  тазалығын,  ой  тазалығын 
сақ   тай білген адам өзгелерге өнеге көрсетіп, 
сыйлау,  қадірлеу,  қастерлеу,  жанашырлық 
жа   сау  əрекеттерімен  сүйіспеншілікке  бө-
лене ді.
Иманды  адамның  жаны  таза,  тəні  таза, 
бойы  таза,  пиғылы  таза  болады.  Тазалық 
пен  тақуалықтың  арқасында,  денсаулығы 
мықты, жансаулығы құтты болады. Діни қа-
ғи далардың тəрбиелік мəніне зер салып, оны 
тəлім-тəрбиеге  қолдана  білетін,  адам  дық 
асыл қасиетті тұлға, басқаларды да бақытты 
болуға баурайды. Біз ұлттық тəрбиеде иман-

20
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
дылықты  жастардың  бойына  сіңіру  тəсіл-
дерін қолданамыз.
Кісілік мінез тəлімі
Инабаттылықты,  имандылықты,  əдеп ті-
лікті,  ізеттілікті,  салауаттылықты,  сабыр-
лық   ты,  қайырымдылықты  көрсететін  бұл 
(қа зақи) ұлттық мінез ел қуантады.
«Үлкенге – құрмет,  кішіге - ізет»  көрсе-
тетін  адамды  қадірлейді.  Кісі  болып,  кə-
мелет теніп, ұлттық сыйласымды бойына сі-
ңіріп, инабаттылық көрсеткен адам – нағыз 
қазақ.
Кісілік  имандылыққа  да  байланысты. 
Иман ды  адам  адам  баласына,  табиғатқа, 
жан–жануаларға  тек  жақсылық  тілейді. 
Көп ші ліктің  көңілін  қалдырмай  «кісі  болар 
баланың кісіменен ісі бар, кісі болмас бала-
ның кісіменен несі бар» деп, халық кісілікке 
тəрбиелейді.
Ұлттық  əдепті  бойына  сіңірген  «кісі» 
əдеп ті  (мəдениетті)  жоғары  бағалайды, 
өрен  дерді əдептілікке баулиды. «Əдептілік - 
əдеп  тен, əдеп біліп əдеттен» дейді ақын.
«Кісімсіген  кісі  болмас,  кішірейген  кіші 
болмас» деп, халқы кісілік мінезді адамның 
кішіпейілді  болатынын  үлгі-өнеге  етіп  көр-
сетеді, «ұлық болсаң, кішік бол» дейді.
«Кісі болған» адам салауатты болады. Ол 
кішіліктен темекі тартудан аулақ болып, жан 
тазалығын,  тəн  тазалығын  сақтайды,  артық 
сөз сөйлемейді, іс–тəртібін қалыптастырып, 
оны бұлжытпай орындайды. Сөз мəдениетін, 
жүріс–тұрыс мəдениетін сақтайды.
Кəмелетті  кісі  «Сабыр!  Сабыр!  Сабыр!» 
деген  қағиданы  өзінің  кісілігіне  кір  келтір-
мейтін  əдет–ғұрыптарды  қатал  орындайды, 
беріктігі мен бектігін көрсетеді.
Қазақи мінез дəріптеліп, үлгі-өнеге ретін-
де  тəрбие    жұмыстарында  парықтап  пай да-
ла  нылады, өздігінен «салыстыру» тə сі  лі тəр-
биеде қолданылады.
Кішіпейілділік мінез тəлімі
Мейірімділікті,  сый–құрметті,  қайырым-
дылықты, əдептілікті, инабаттылықты, ізет-
ті лікті,  мəдениеттілікті  көрсететін  бұл  ұлт-
тық  (қазақи)  мінез - адами  игі  қасиеттерді 
айқын көрсетеді, адамды сүйіндіреді.
Кішіпейілді  адам  мейірімді  болады,  ол 
басқа адамдарға мейір–шапағатын төгіп, олар-
дың  жақсылығына  қуанып, «ұлық  бол саң, 
кішік бол» деген қағиданы берік ұстана ды.
Кішіпейіл адам кішіні сыйлайды, үлкенді 
құрметтейді.  Ол  «үлкендігін», «мансабын» 
бұлдырламайды,  жаны  жарқын,  сөзі  жылы, 
жайдары бейнесімен жұртты сүйіндіріп, кө-
ңілін көтереді.
Жанашыр,  қайырымды  іс-əрекеттермен 
кі  ші пейілді,  ол  адам  адалдығын  ардақтап, 
қа дірлеп,  қамқорлық  жасайды. «Жақынды 
жат тай сыйла, жат өзінен түңілсін» деп, ха-
лық  кішіпейілділік  мінездің  қадір–қасие тін 
уағыздайды.
Əдептілігімен  əсер  ететін  кішіпейілді 
адам  ның ұлттық ұлағатты бейнесін  басқалар 
сый лап,  құрметтейді. «Кішілікте - кісілік» 
деп, халық нағыз кісі кішіпейілді болатынын 
үлгі етеді. 
Үлкенге  де,  кішіге  де  инабаттылық  көр-
се тетін  адам  өзінің  кішіпейілдігі  мен  адам-
гершілік қасиетін көрсетіп, қадірлі болады.
Ізеттілік  іс-əрекеті  арқылы  кішіпейіл 
адам көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленеді, 
ұрпаққа  үлгі-өнеге  көрсетіп,  əдептілік  əсер 
қалдырады.
Кішіпейілді  адам – мəдениетті  тұлға. 
Оның  сөзінен,  киінуінен,  тазалығынан, 
жүріс–тұрысынан  мəдениеттің  мəні  айқын 
кө рініп тұрады.
Кішіпейілді  мінезді  ұяңдықпен,  ұялшақ-
тықпен шатастыруға болмайды. Кішіпейілді 
мінез  жасанды  болмайды,  жан  дүниенің 
жарқындығын көрсетіп тұратын бұл мінезді 
халық  үлгі-өнеге  тұтады. «Кішіпейілдіктен 
кішіреимейсің»  дейді  халық. «Кісілік  кі-
ші  ліктен  танылады»  деген  халық  қағи да-
ларын ұлттық тəрбиеде қолдану арқылы біз 
ұлттық  тұлғаның  кішіпейілділігін  қалып-
тастырамыз.
Қайсарлық мінез тəлімі
Əдептілікті,  батылдықты,  қайсарлықты, 
қаһарлықты, қажырлықты, өткірлікті көрсе-

21
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
тетін көрікті мінез азаматтың шылжаңдығын 
айқындайды.
Қайсар жан шындық үшін жанын қиятын 
əділетті болады. «Қорғай білсең шындықты, 
сонда  сенің  шын  мықты»  деп,  халық  шын-
дықты қорғай білетін тұлғаны жақсы көреді.
Қайсарлықтың белгісі – батылдық. Батыл 
адам  қиындықтан  қымсынбайды,  жақсыны 
жасқанбай  бағалайды. «Қайсар  жігіт  айт-
пайды», - айтқанынан қайтпайды деп, халық 
қайсар адамның сөзі – берік, бірсөзді, табан-
ды  болатынын  өнеге  тұтады,  мадақтайды, 
мақтайды.
Қайсар  адамның  қаһарынан  сескенген 
жеңілтек адам, оның айтқан шындығына бас 
иіп, əділдігін құрмет тұтады. «Қайсарлықтан 
қаһармандық  сезіледі»  де,  қайсар  адам  ба-
тыл дығымен  «басып»,  батырлығымен  же-
ңеді.
Қайсар адам қажырлы болады, ол қандай 
қиындық болса да, «қиып түседі». Ол өз ісіне 
жауапкершілікпен  қарап,  айтқанын  атқа-
рады,  дегеніне  жетеді,  əрбір  істің  қалпын 
біліп,  оны  қажырлықпен  орындайды. «Əр 
істің қалпын біл, арыстың салтын біл» дейді 
халық. Мұны қайсар адам өнеге тұтады.
Сөз  өткірлігімен,  өзінің  өжеттілігімен 
жеңіске жететін қайсар адамды халық қадір-
лейді,  ұрпақ  ұлағаттайды. «Жігіт  болсаң, 
шоқ  бол,  шоқ  болмасаң,  жоқ  бол»  деген 
ха лық  қағидасын  бойына  сіңірген  қайсар 
тұлға  мінезімен  де,  жүріс–тұрысымен  де, 
білік тілігімен де ерекше «көзге түсіп» көпті 
қуантады.
Қайсарлықты  дөрекелікпен  шатастыруға 
болмайды.  Қайсар  адам  əдептілігімен  сый-
ланады,  əділеттілігімен  құрметтеледі. «Бас 
кеспек  бар  болса  да,  тіл  кеспек  жоқ»  деп, 
қайсар  адам  əділ  айтады,  əдепті  сөйлейді. 
Оны  үлкен–кіші  ізеттілікпен  құрметтеп, 
үлгі  алады.  Қайсарлық  мінездің  қажырлы 
қасиеттерін мысалдар арқылы дəлелдеп, жа-
старды қайсарлыққа тəрбиелейміз.
Қонақжайлылық мінез тəлімі
Əдептіліктен,  қайырымдылықтан,  мейі-
рім ділік тен, жомарттықтан, кішіпейіл діктен, 
жанашырлықтан, ұлтжандылықтан пайда бо-
латын ұлттық мінез адамгершіліктің асқақ 
бейнесін көрсетіп, адамды сүйсіндіреді. 
Қазақ халқы əдептілікті уағыздайды, əрбір 
қазақ  əдеп  сақтап,  қонақжайлылық  рəсім-
дерін  орындайды. «Қонақ  келсе,  қол  етін 
кесіп беретін» қазақ бейхабар қонақ үшін де 
«сыбағасын» сақтап, оны күтіп алуға дайын 
болған.
Қонақжайлылық  мінездің  негізі – қайы-
рым дылық. «Бір күн қонған, қонақ-құт» деп, 
қазақ қонақты құп алып, оған қайырымдылық 
рəсімдерін жасайды.
Қонақжайлы  адам – мейірімді.  Ол  үл-
кен  қонағын  құрметтейді,  кіші  қонағына 
ізет тілік  көрсетеді.  Əрбір  қонаққа  лайықты 
əдет-ғұрыптарды  орындап,  қазақы  қадірлі 
шарапат көрсетеді.
«Құтты қонақ келсе қой егіз табады» деп, 
халық  əрбір  қонаққа  қонақ  иесі  жомарттық 
жасауы – міндет  екенін  уағыздайды. «Жоқ 
жомарттың қолын байлайды» ол бар нəрсені 
қонақ  күтуге  лайықты  пайдалану  дəстүрге 
айналған.
«Үйің тар болса да, пейілің кең болсын» 
деп,  қонақжай  адамның  жүзі  жарқын,  əзілі 
əдемі, сөзі қисынды болады. Қонақжайлылық 
–  адамгершілік  қасиет.  Адамгершілігі  мол 
адам  қонағына  адами  қасиеттерді  көрсете 
біледі.
Қонақжайлы адам – жанашыр, ол қонағы-
ның  жоқ-жітігіне,  сұранысына,  өтінішіне 
жана  шырлықпен  жауап  беріп,  жайдары 
жана  шырлық көрсетеді.
Қонақ  күту  рəсімдері,  əсіресе  қазақ  хал-
қында қасиетті əрекет ретінде қалыптас қан, 
бұл  бұлттылық  дəстүрі  ретінде  басқа  ұлт-
тарға  үлгі  болады.  Қонақжайлылық  əрбір 
қа зақ қа тəн қасиет.
Меймандостық мінез тəлімі
Мейірмандылықты, əдептілікті, ізеттілік-
ті, имандықты, жомарттықты көрсе тетін бұл 
ұлттық мінез, қазақ халқының меймандос-
тығын көрсетеді.
Мейірімді  қазақ  жақсы  адамдарды,  жа-
қын дарын  арнайы  түрде  меймандыққа  ша-

22
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
қы рып,  сыбағасын  береді,  салт-дəстүрлік 
кəделерін  жасайды. «Атың  болса,  жер 
таны  желіп  жүріп,  асың  болса,  ер  таны  бе-
ріп  жүріп»  деп  халық  меймандостықты 
мейірімділік межеде жоғары бағалайды.
Əдепке  арналған  əдет-ғұрып  бойынша, 
ауылдастарын,  ағайындарын,  сыйлы  адам-
дарды  мейман  ету  тек  ас  беру  ғана  емес, 
сырласу, кеңесу, өнер көрсету, білім сайысу, 
ғибадат ету, жақсылықпен бақыт қуанышын 
бөлісу  т.б.  ниеттермен  өтеді. «Таспен 
атқанды  аспен  ат»  деп,  қазақ  қастасқанмен 
достасуды уағыздайды.
Мейманды  адам – ізетті  болады.  Ол  кісі 
күтудің жолын біліп, рəсімдерін орындайды. 
Мейманды күтіп алу, ас тарту, көңілін бөлу, 
ойын  дамыту  т.б.  əрекеттер  ізеттілікпен 
орындалады.
Инабаттылық,  имандылықпен  ұштасып, 
мейманды тұлғаның мейір-шапағатының өзі 
үлкен тəлім-тəрбиелік əсер етеді.
Мейманды  адам  жомарттықпен,  кең 
пейіл ділікпен,  берекелі  əрекетімен  беделін 
нықтайды. Тектілік пен кең пейілділік мей-
мандос, мейірлі адамның қазақи қасиетімен 
мінсіз  мінезімен  тəнті  етеді.  Біз  ұлттық 
тəрбиеде ұрпақты соған үйретеміз.
Момындық мінез тəлімі
Момындық - ілтипаттылықты, ыждағатты-
лық ты, имандылықты, инабатты лық ты, ықы-
лас  ты лықты білдіретін биязы мінез.
Момын мінезді үлкен-кішіге ілтипат көр -
сететін, назар аударып, көмек көрсетіп, сый-
сияпат  білдіріп,  адами  асыл  қасиетімен  сү-
йіс пеншілік нұрын төгеді.
Момындық  ыждағаттылықпен  өріліп,  ол 
тұлға əрнəрсеге көңіл бөліп, ешкім айтпаса 
да, іс-əрекетін ұқыптылықпен орындайды.
Момын адам əдепті, иманды болады. Əр 
нəрседе əдептілік сақтап, имандылық шарт-
тарын  көрсете  білу - адамгершілік  қасиет. 
«Момын болсаң момын бол - ынжық болма» 
дейді қазақ. Имандылық – ынжықтық емес.
Үлкенге  жалпы  адам  баласына  инабат-
тылық көрсетіп, адамгершілік қасиеттерімен 
көріне  білген  адам  мұсылман. «Момынның 
ісін  құдай  оңдайды»  дейді  қазақ.  Өйткені 
мо мынның ісі əділетті болады.
Момын адамның, ымыралы қасиеті бола-
ды, бірақ теріс нəрсеге ымырашыл болмай-
ды, шындықтан аумайды.
Момын адам əрнəрсеге назар аударып, өз 
жұмысына  берік  болып,  мақсатына  жетеді. 
Момынмен  ынжық  екі  басқа.  Момындық - 
ақылды, ынжықтықтың ақыл парасаты бол-
майды.
Момын адам өз ісіне ықтиятты, «тынды-
рымпаз» тиянақты болады. «Момын ісін ой-
лайды, бұзық күшін сыйлайды» дейді халық.
Алтынмен  апталып,  пайыммен  пайда 
бола тын  момындық  мінезді  халық  үлгі-
өнеге  тұтады. «Момын  болсаң  жолың  бо-
лады»  дейді  халық,  момындық  мінез  үлгі 
«Үндемегеннен  үйдей  бəледен  құтылады». 
Ұлттық  тəрбиеде  біз  момындықтық  əдепті-
лік пен  сабақтастығын  дəлелдеп,  ұрпақты 
қарапайымдылыққа үйретеміз.
Мұсылмандық мінез тəлімі
Жайсаңжандылық,  ар-имандылық,  шын-
шыл дық,  əділеттілік,  мойындық,  қайырым-
дылық,  мейірімділікті  көрсететін  мұсыл-
мандық  мінез – діни  қағидаларды  орындау 
нəтижесінде қалыптасқан қасиетті мінез.
«Барлық істе турашыл болып, адамдармен 
сыпайы қатынас жасаңдар» деген қағида бой-
ынша мұсылман адам жайсаңжандылықпен 
қа рым-қатынаста өзінің сыпайылығын, əде-
п тілігін көрсетеді.
Қазақ халқы арлылық пен имандылықты 
жоғары бағалайды. «Арым-жанымның сада-
ғасы» деген халық, арлы болудың өзін иман-
дылыққа уағыздап «алтынды көрсе, шайтан-
ды жолдан таяды» дейді.
Мұсылман  адам  өтірік  айтпайды. «Өті-
рік шінің шын сөзі зая кетеді», «өтірік айт қан 
адам – мұсылман емес» деген қағида шын-
шыл дықтың шынайы мəнін көрсетеді. Шын-
шылдық – имандылықтың бір белгісі.
Əрбір  істе,  əрекетте,  пікір  айтуда,  бағыт 
беруде,  төрелікте əділетті болу – мұсылман-
дық белгі. Əділетсіздік, əдепсіздік, əулекілік 
– мұсылмандыққа жат.

23
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Қайырлы,  сауапты  істер  адамды  түрлі-
түр лі  бəлелерден  сақтайды – деген  қағида 
қа йырымдылыққа тəрбиелейді. Мұсылман – 
қайырымды жан.
«Əуелі анаңа, тағыда анаңа, тағыда анаңа, 
содан  соң  Отаныңа  жақсылық  жаса»  деген 
қапи да мейірімділікке тəрбие қосады. 
Мұсылмандық мінез – жас ұрпаққа үлгі-
өнеге  көрсететін  қасиетті  мінез.  Оның  тəр-
биелік мəнін пайымдап, пайдалану қажет.
Парасаттылық мінез тəлімі
Сабырлылық,  ақыл-парасатты,  ілтипат-
тылық,  инабаттылық,  əдептілік,  пайымды-
лық, мейір-шапағаты жеке тұлғаның парасат-
тылық мінезін паш етеді.
Сабырлық,   
шыдамдылық, 
төзімділік 
адам ның  адами  қасиетін  қалыптастырып, 
па   ра сатты  бейненің  кейпін  кемелдендіреді. 
Жақ   сылыққа да жамандыққа да шыдау ақыл-
ға байланысты.
Ақыл-парасаты  бар  адам  ашуланбайды, 
алуан  түрлі  қайшылықтарды  ақылға  жең-
діреді.  Парасаттылық – ақылдың  жеңісі 
«Ашу аптығады, ақыл аяңдайды» деп, халық 
ақыл–парасатты жоғары бағалайды.
Парасатты  адам  басқа  адамдарға  ілтипат-
тылық көрсетіп, олардың ақылына ақыл қо са -
ды. Кішіпейілділік қасиеттерін сабырмен, са-
лауаттылықпен көрсету парасаттылық бел   гісі.
Парасатты адам инабатты, кішіпейіл бола-
ды. Ол жалмаңдап, жағымпаздамбай, басқаға 
инабаттылықпен сый-сияпат көрсетеді. Ина-
баттылық – имандылық белгісі.
«Əдептілік,  əдемілік»  дейді  халық.  Са-
бырлы,  салмақты,  инабатты  адамның  əдеп-
ті лігі оның беделін арттырады. Əдеп – пара-
сат тылықтың  алтын арқауы, адами қасиеттің 
нұры.
Парасатты  адам  пайымды  болады.  Ол 
се   зімтал,  əрнəрсенің  парқын  білетін  тұлға. 
Жан-жақты  пайымы  жоқ  адам  «парасатты» 
бол  майды.
Парасатты  адам  айналасындағыларды, 
мейі р ім шапағатымен баурап алады. Ол жақ -
сы  көргенін  өбектемейді, «өзім»  деп, «өз-
геше» қызмет жасайды.
Мейірім-шапағаты  мол  парасатты  адам 
жанбіткенді жақсы көріп, жадырап, қатынас 
жасайды, тек жақсылық ойлайды, жаһанамға 
жақсылық жасайды.
«Жақсыдан  парасат,  жаманнан  кесапат», 
«парасатты  мінез,  патшадайын  бір  өзі»  деп 
халық, парасатты мінезді адамнан үлгі-өне ге 
алуды уағыздайды. Біз ұрпаққа ұлт тық пара-
саттылық мінездің қабылдауды үйрете міз.
Сабырлылық мінез тəлімі
Ақыл  тоқтату,  шыдамдылық,  төзімділік, 
салмақтылық, байыптылық, кешірімпаздық, 
кемелділік нысандарын көрсететін сабырлық 
жеке тұлғаның беделдігі.
Сабырлы адам қуанышта, қайғыда «ақыл 
тоқтап жақсылықта тасымайды, жамандықта 
жасымайды».  Сабырсыз,  арсыз  адам  одан 
соққы  көріп,  сабыр  сақтамаудың  сазайын 
тартады.
Қиындықта,  қысылтаяңдыққа  шыдам ды -
лық көрсету, сабыр сақтаудың нəтижесі. Қилы 
заманның қиындықтарына шыдай бі ліп, сабыр 
мен ақыл ұстанған мақсатына же теді.
Төзімділік  шыдамдылықтан  пайда  бола-
ды. Сабыр адам «бəріне де төзеді». Аштыққа 
арымай, тоқтыққа толмай, төзімділік жасаған 
адам  ақылдың  айбарымен  адамдығын 
сақтайды.
Жеңілтек  болмай,  салмақтылық  көрсету 
- жеке тұлғаның жетелік қасиетін көрсетеді. 
Сал мақтылық  сабыр  сақтаудың  салтанатты 
көрінісі. «Сары алтындай салмақты болу».
Сабырлы  адам  əрбір  əрекетті  байсалды-
лық пен бастайды. Байсалды басталған іс ба-
янды болады. Байыптылық пен байсалдылық 
іс-əрекеттің  өнімділігіне  себепші  бола-
ды. «Күшіңе  сенбе,  ісіңе  сен»  дейді  қазақ. 
Байсалдының күші басым болады.
Кемелді адам кешірімді болады. Кешірімді 
болу  үшін,  сабыр  сақтап,  əрнəрсенің  бай-
ыбына  бару  керек  болады.  Кешіргіш  адам 
кек сақтамайды. Кеңес беріп, кешірім жасау 
сабырлықтың, саналы ұлттың белгісі болып 
табылады.
«Сабыр түбі-сары алтын, сақтасаң жетер-
сің  мұратқа»  деп  қазақ  халқы  ұрпағын  са-

24
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
быр лыққа  тəрбиелейді. «Сабырсыз,  арсыз, 
ерін шек, көрсе қызар жалмауыз сорлы қазақ 
сол  үшін  алтыбақан,  ала  ауыз», - деп  Абай 
сабыр сыз болмауды уағыздайды.
Сабырлылық – байып  пен  байсалдылық 
арқылы  қалыптасқан  өнегей  мінез.  Біз  жа-
старды  сол  мінезден  үлгі  алу  жолдарын 
үйретеміз.
Салауаттылық мінез тəлімі
Жеке тұлғаның тазалығын, тақуалылығын, 
адалдығын, денсаулығын, жансаулығын, са-
на лығын,  сергектігін  көрсететін  ұлттық 
мінез - ерге өнеге.
Жан тазалығы, тəн тазалығы, сөз тазалығы, 
ой тазалығы тұлғаның салауаттылық өлшем 
болып  табылады.  Жаны  жайсаң,  тəні  таза, 
ана  тілінде  таза  сөйлейтін,  жамандық  ой-
ламайтын,  жақсы  ниетті  адамды  салауатты 
адам дейміз.
Өз  тілін,  өз  ділін,  дінін  құрметтемейтін 
тақуа  адам  нағыз  адам.  Тілдің  құдыретін 
бағалап, адами қасиеттерін, ар-ожданын қа-
лып тастыра білген тұлға - салауатты.
Салауатты адамның асы да адал, ниеті ақ, 
ақ жүректі, адампейілді адам жақсылық жа-
сайды, жақсылық ойлайды. «Ердің саналығы 
-салауаттылығында».
Салауатты  адам  денсаулығын  сақтай 
біледі.
«Əр  істің  қалпын  біл,  арыстың  салтын 
біл»  деген  қағиданы  берік  ұстанып,  сала-
уатты  адам  тіршілік  салтын,  күнделікті  іс 
тəртібін  қалыптастырып,  оны  дəстүрге  ай-
налдырып, өмір жүйесін өрнектеп өткізеді.
Саналы  адам  рухани  құндылықтарды 
жансүйе қабылдап, жан тазалығын күтіп, ой 
кеселдерінен аман болады. «Ердің саналығы 
-  салауаттылығында», «Бар  салауат,  жоққа 
-  саламат»  деп  халық  салауаттылықтың  бір 
құндылығын - қанағат екенін өсиеттейді.
Салт-сананы игеріп саналы тұлға болған 
адам  салауаттылық  қасиеттерін  бойына 
сіңіріп, ойына дарытады.
Салауатты адам сергек болады. Ол əрқа-
шанда  ішкіліктен,  темекі  тартудан,  артық 
сөз  айтудан,  дөрекі  сөйлеуден  аулақ  болып, 
өзгелерге өнеге көрсетеді.
Біз ұлттық тəрбиеде салауаттылық мінез-
ді  жастарға  өнеге  тұтып,  оларды  салауат-
тылыққа тəрбиелейміз.
Ұлтжандылық мінез тəлімі
Ұлттық намыс, ұлттық сана, ұлттық əдеп, 
ұлттық  рух,  ұлттық  дəстүр,  ұлттық  бол-
мыс,  ұлттық  қағида  арқылы  пайда  бол ған 
ұлтжандылық мінез қазақ халқының ғасыр-
лар  бойы  қалыптасқан  қасиетті  ұлттық 
мінезі.
«Атаңның ұлы бол, халқыңның құлы бол» 
деп  қазақ  халқы  ұрпағын  отансүйгіштікке 
тəрбиелейді. Ұлы күрестерде, қилы–қилы за-
ман дарда қалыптасқан ұлттық намыс ұрпақ-
ты ерлікке, бірлікке тəрбиелейді. Қазақ ұлты 
қан төкпеген, қанішерлерді ерлікпен жеңіп, 
ұланғайыр  жерін,  ержүрек  елін  қорғап  қал-
ған.
Қазақ ұлтының ұлттық санасы адамзат-
ты  ардақтау,  кісілік  жасау:  қайырымды, 
ме йірімді  болу,  қонақжай,  өнерпаз  болу, 
ізет ті,  инабатты  болу  қағидаларын  санаға 
сіңіру  арқылы  қалыптасқан.  Сананы  сан-
сырату  сал дары  болғанмен,  қанға  сіңіп, 
қалып тас қан  ұлттық  сана  елдің  ертеңінен 
көрінеді.
Қазақ халқы ұлттық əдепті бойына сіңіріп 
өскен ұрпақты ұлағаттайды, əдептілік мінез 
қалыптасқан  ұлттық  əдептіліктің  үлгілерін 
көрсетеді.  Əдепті  халық  ұлттық  əдепті 
қастерлей біледі, адамгершілікті ардақтайды.
«Адамға екі нəрсе тірек – тегі. Бірі – тіл, 
бірі – ділі  жүректегі»  деп  ғұлама  Жүсіп 
Баласағұн айтқандай, қазақтың ұлттық рухы 
оның ұлттық тілінен, ұлттық ұлағатты бол-
мысынан көрінеді. Қазақ – рухы биік халық.
Қазақ  халқының  ұлттық  салт–дəстүрлері 
(əдет-ғұрып,  əдеп,  дəстүр,  салт-сана,  одан 
туындайтын жөн-жарғы, кəде, рəсім, ырым, 
тыйым,  сенім,  обал - сауап)  қадымнан 
қалыптасқан ұлттық мəдени кредосы (негізі) 
болып табылады.
Ұлтжандылық  мінез  қазақ  халқының  ер-
жү ректік, қонақжайлылық, қайырымды лық, 
имандылық, əдептілік қалыптасқан.

25
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Ұлтжандылық  мінез  əрбір  қазақтың  қа-
жет тілігі, болмыстық құндылығы. Ол қасиет-
ті жастардың бойына сіңіре білу керек.
Ұялшақтық мінездің тəлімі мен 
тəрбиесі
Ізеттіліктен, имандылықтан, əдептіліктен, 
арлылықтан,  адамдықтан,  сыйласымдықтан 
пайда болатын ұялшақтық мінез əдепті көр-
сетеді.
Ізеттілік – қазақ  халқының  қанына 
сіңген  құбылыс.  Үлкенге  құрмет  көрсету, 
кішіге  ізеттілік  жасау - əрбір  адамның 
ұлттық пəр мені. Оны жасай алмаған адам 
ұялады.
Ұялу – имандылықтың  нышаны.  Иман-
ды  адам  жақсылық  жасап,  қайырымды, 
мейірімді  болуға  бейім  болады.  Адамдық 
асыл  қасиеттерді  толық  орындай  алмай 
тоғанған адам ұялады, мейірлене түседі.
Инабаттылықпен адам баласына тек жақ-
сылық  жасауға  бейімделген  адам  сол  игі 
ниетін  орындауда  «кемшілік  жасап  қойдым 
ба» деп ұялады, жақсылығы артады.
Ұялшақтық  əдептіліктен  пайда  болады. 
«Зияты  бардың  ұяты  бар»  дейді  қазақ.  Əдеп 
сақтап,  əдет–ғұрыптарды  құрметтеп,  ұлттық 
мəдениетті  құндаған  адам – ұлттық  тұлға 
ретінде сол құндылықтарды игере алуға бейім.
«Арым, ұятым – барым миятым» деп, əр-
бір ұлттық тұлға адамдық арын биік қойып, 
ұлттық  құндылықты  толық  игере  алмағаны 
үшін ұялады, талпынады, шынығады.
Ұяттық  сезім – адамдық  қасиет.  Əрбір 
адам  өз  кемшілі  үшін  ұялады,  абыройын 
«жабады».  Сөз  айтуға,  киінуден,  жүріс–тұ-
рыс та, мінезде өз кемшілігін сезген адам ұя-
лады. Ол туралы «зияты бардың ұяты бар», 
«қазаннан қақпа» деп қазақ халқы ұят тылық 
туралы өнеге айтады.
Қазақ  халқы  үлкенді  (əсіресе  жастар), 
қонақты сыйлаудың мəніне зор көңіл бөледі. 
Сый–сияпат кезінде кемшілік болып қала ма 
деп ұялады.
Ұялшақтың  ынжықтық  емес  (ол  туралы 
айтамыз), ол - əдептіліктің бір белгісі. Одан 
(таңдап) алу тəсілін  ұрпаққа үйретіп, олар-
ды ізеттілікке үйретеміз.
Резюме
Автор статьи поднимает проблемы национального воспитания. В данной статье отраже-
ны основные черты национального характера и поведения, которые имеют воспитательные 
значения для молодежи независимого Казахстана.
Summary
The author raises issues of national education. This article refl ects the main features of 
national character and behavior that have educational value for young independent Kazakhstan.
Тəрбиелі – тəртіптің құлы,
Тəртіпті – елдің ұлы.  
Б.Момышұлы

26
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет