Бас редакторы: Серкебаев Қайрат Есенбекұлы Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет11/19
Дата07.02.2023
өлшемі1,07 Mb.
#66076
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Байланысты:
OU 10.7

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


21 
21 
21 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫНЫП ҰЖЫМЫНА БЕЙІМДЕЛУГЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 
ЫҚПАЛ ЕТУ 
 
 
 
 
Анваров Махмутжан Агзамович
 
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы 
«№2 Психологиялық-медициналық -педагогикалық кеңес беру» КММ 
Педагог-психолог
 
 
Баланың мектепке алғашқы кезеңде болуы, оның жаңа жағдайға әлеуметтік-психологиялық бейімделу 
мезгілі болып табылады. Баланың мектепке әлеуметтік-психологиялық бейімделуі туралы айта отырып, 
балалар ұжымына бейімделуі туралы сұраққа тоқтала кеткен жөн. Әдетте, бұл процестегі қиыншылықтар 
балабақшаға бармаған, әсіресе отбасындағы жалғыз өскен балаларда кездеседі. Егер бұл балаларда 
құрбыларымен қарым-қатынаста жетерліктей тәжірибе болмаса, онда олар сыныптастарынан және 
мұғалімдерден үйде қалыптасқан қарым-қатынасты күтуі мүмкін. Сондықтан, мұндай балалар үшін жағдайдың 
өзгеруі жиі стреске әкелуі мүмкін, себебі, мұғалім барлық балаларға бірдей қарап, оған өзінің көңілін бөлмесе, 
оған аяушылық жасамағандай сезінеді, ал сыныптастары мұндай балаларды көшбасшы есебінде қабылдауға 
асықпайды және оған көнгілері келмейді. Егер біршама уақыттан кейін құрбыларымен қарым-қатынаста 
әртүрлі тәжірибелері жоқ балалардың ата-аналары олардың мектепке келгісі келмейтіндігімен, сонымен қатар, 
оны барлығы ренжітетіндігі, ешкім тыңдамайтындығы туралы, мұғалім баланы жақсы көрмейді деп 
шағымданса, онда қалуға болмайды. Мұндай шағымдарға адекватты түрде жауап беруге үйрену қажет. 
Бастауыш мектептің негізгі міндеті – баланың бастапқы жеке басын қалыптастырудың қамтамасыз ету, 
оның қабілеттерін анықтау және дамыту. Баланың бастапқы жеке басын қалыптастыру үшін біз ең алдымен 
балаларды мектепке бейімдеуіміз қажет. Мектепке бейімделу кез-келген мектеп жасындағылар үшін өзекті 
мәселе болып табылады, ал бастауыш сынып оқушылары үшін ерекше маңызды. Себебі, баланың бастапқы іс-
әрекетінің түрі өзгереді, бала тап болған әлеуметтік тап өзгереді. Бала тек қана сыныбына ғана емес, жалпы 
мектебіне, мұғаліміне, сондай-ақ мұғалімнің өзі жаңа оқушыларына бейімделуіне тура келеді. 
Баланың оқу процесіне, мектепке бейімделуі 2-3 аптадан алты айға дейін созылуы мүмкін. Бұл көптеген 
факторларға байланысты: баланың индивидуалдық ерекшеліктері; басқалармен қарым-қатынасындағы 
ерекшеліктері; оқу орнының типі және баланың мектеп өміріне дайындығының деңгейі. Бұл жерде балаға 
ересектердің, яғни ата-анасының қолдауы қажет. 
Бастауыш мектеп жастағы мектеп оқушысының жетекші іс-әрекеті оның мінез-құлық мотивтерін елеулі 
түрде өзгертетін, оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын - оқу болады. 
Мұндай қайта өзгеріс процесінің бірнеше кезеңдері бар. Ол, әсіресе, баланың мектеп өмірінің жаңа 
жағдайларына алғаш енуінде айқын аңғарылады. Балалардың көпшілігі бұған психологиялық 
жағынан даярланған. Олар мектепке үймен немесе балабақшамен салыстырғанда, бөлек жаңалықтарды күте 
отырып, қуана барады. Баланың бұл ішкі позициясы екі жағдайда маңызға ие. Алдымен, мектеп өмірінің 
жаңалығын алдын ала сезіну және қалау баланың сыныптағы мінез-құлық ережелеріне, жолдастарымен ерекше 
қарым-қатынас нормаларына, күн тәртібіне қатысты мұғалімнің талаптарын жылдам қабылдауға көмектеседі. 
Сонымен қатар, мектеп талаптарына бейімделу процесінің бұзылыстары да орын алуы мүмкін. Оларды 
дезадаптация деп атайды. 
Дезадаптацияның формаларының жіктелуі мектептегі бейімделу 
процесінің бұзылуына орай мынадай 
түрде көрінеді
:
1. Оқу әрекеттерінің элементтерінің қалыптаспауы; 
2. Оқу мотивациясының қалыптаспауы; 
3. Мінез-құлқын, зейінін, оқу іс-әрекетін ерікті реттеу қабілетсіздігі; 
4. Мектеп талаптарын меңгерудегі қиыншылықтары. 
Мектепке келу баладан ойлаудың дамуының қандайда бір деңгейін, қарым-қатынас дағдыларын, мінез-
құлқын ерікті реттей алуын талап етеді. Мектептегі адаптациялану деңгейін бағалау төмендегідей блоктардан 
тұрады: 
1. Интеллектуалдық даму көрсеткіші - жоғары психикалық функциялардың даму деңгейінен тұрады: 
мәлімет, оқуға қабілет баланың ақыл-ой іс-әрекетін өзіндік реттеу қабілеті; 


22 
22 
22 
2. Эмоциялардың даму көрсеткіштері - баланың эмоционалдық - экспрессивтік даму деңгейін, олардың 
жеке тұлғалық өсуін көрсету; 
3. Коммуникациялық дағдыларының қалыптасу көркеткіштері (7 жастағы дағдарысқа байланысты 
психологиялық қайта құрылуын ескере отырып, өзін-өзі бағалау және тартымдық деңгейін анықтау); 
4. Мектеп жасындағы даму кезеңіндегі баланың мектептік сауаттылық деңгейі; 
Баланың барлығы өмірлік әрекеттің жаңа жағдайына табысты түрде бірдей бейімделмейді. Психолог 
ғалым Г.М.Чуткина өз зерттеулерінде балалардың оқыту процесіне, мектепке бейімделуінің үш деңгейін атап 
көрсетті: 
I. Бейімделудің жоғарғы деңгейі. 
Бірінші сынып оқушысы мектепке жағымды қатынаста, қойылған талаптарды адекватты қабылдайды, оқу 
материалдарын жеңіл меңгереді, бағдарлама материалдарын игере алады және толық меңгереді, 
күрделі тапсырмаларды шеше алады, бұйрықтарды, мұғалімның айтқанын зейін қойьп тыңдайды, берілген 
тапсырмаларды сыртқы бақылаусыз орындайды, оқу жұмыстарын өз бетінше орындауда үлкен қызығушылық 
көрсетеді (үнемі барлық сабақтарды орындайды); қоғамдық жұмыстарды еркімен, ұқыпты орындайды, 
сыныпта жағымды, статусты орынға ие. Адаптациялануы жоғарғы деңгейдегі балаға сипаттама беретін болсақ, 
балалар мектепке даяр, 7 жастағы дағдарысты басынан өткізген бала сипаттамасымен сәйкес келеді, себебі, 
еріктің, оқу мотивациясының, мектепке жағымды қатынасының, коммуникативті дағдының дамығандығы 
көрінеді. 
II. Бейімделудің орта деңгейі. 
Бірінші сынып оқушысы мектепке жағымды қатынас құрады, мектеп балаларға жағымсыз әсер 
тудырмайды, оқу материалын түсінеді, егер мұғалім оқу материалын тиянақты және көркем түсіндірсе, оқу 
бағдарламасының 
негізгі мазмұнын 
меңгереді, 
типтік 
міндеттерді 
өз 
бетінше 
шешеді; 
тапсырмаларды, ересектердің бұйрықтарын орындау кезінде зейіні тұрақты, дегенмен оны бақылап отыру 
қажет. Қоғамдық жұмыстарды өз еркімен орындайды, көптеген сыныптастарымен достық қарым-қатынаста 
болады. 
III. Бейімделудің төмен деңгейі. 
Бірінші сынып оқушысының мектепте құлқы жоқ, денсаулығын себеп етіп сырқаттанып қалу арызы жиірек 
болып тұрады, көңіл-күйінің жоқтығы басым келеді, тәртіп бұзушылық байқалады, мұғалімнің түсіндірген 
материалдарының кейбір бөліктерін ғана менгереді. Оқулықпен өз бетінше жұмыс істеуге қиналады, өз 
бетінше тапсырмаларды орындау барысында қызығушылық пен белсенділік танытпайды, сабаққа үнемі 
дайындалмайды, ересектер мен мұғалімдер үнемі бақылау жасап отыруы қажет. 
Жағымды факторлардың қатарына - өз жағдайында өзін-өзі бағалауы адекватты, жанұясында тәрбие әдісі 
дұрыс жолға қойылған, отбасында конфликтілік жағдаяттардың болмауы, құрбы-құрдастарының арасында 
жағымды статусының болуын айтамыз. 
Баланың мектепке бейімделуде әсер ететін жағымсыз факторлар – отбасы жағдайында тәрбие әдісінің 
дұрыс болмауы, үлкендермен қарым-қатынасы қанағаттанарлықсыз, ата-ананың білім деңгейінің төмен болуы, 
құрбы-құрдастарының арасында өзін теңдей сезінбеу, жартылай отбасынан шығуы, отбасының үнемі 
конфликтілік жағдаяттың орын алуы болып табылады. 
Ғалымдардың айтуынша Л.М Ковалева, Ю.А. Александровский бейімделу процесі әр түрлі өтетін, бес 
балалар тобын көрсетеді. 
1 топ - «Қалыпты» Психологиялық диагностиканың бақылау, мінездеме негізінде мына балаларды 
жатқызуға болады: 
1. оқу жүктемесін жақсы меңгере алады және оқуда атаулы қиыншылықтарды көрмейді; 
2. мұғалімдермен де құрбыларымен де өзара жақсы қарым-қатынаста, яғни өзара қатынаста 
қиыншылықтар туғызбайды; 
3. психикалық және соматикалық денсаулығының төмендегеніне шағымданбайды; 
4. тәртіптің ассоциалды формаларын көрсетпейді. 
Бұл топтағы балаларда мектепке бейімделу толығымен сәтті өтеді. Оларда оқудың жоғары мотивациясы 
және жоғары танымдық белсенділік болады. 
2 топ - «Қатерлі топ» - бұл балалар психологиялық жағынан қолдауды қажет етеді. Балалар оқу жүктемесін 
нашар меңгереді, әлеуметтік тәртіптің бұзылуының ерекше белгілерін көрсетпейді. Мұндай балаларда 
сәтсіздік ортасы жиі болады. Тұлғалық дамуында сәтсіздік көрсеткіштерінің дамуына әсер ететін қорқыныш 
және қысым деңгейі оқушыларда өседі. Сәтсіздіктің басталуының маңызды белгісі болып оқу мотивациясының 
жоғары деңгейде. Баланың өзін-өзі бағалаудағы адекватты емес көрсеткіші болуы мүмкін, өзара қарым-
қатынас арасындағы бұзылыстары болуы мүмкін. Егер осы жағдайда ауруларының саны өссе, бұл қорғаныс 


23 
23 
23 
реакцияларының төмендеуінен мектеп өмірінде пайда болған қиыншылықтарды сезіне бастайды дегенді 
түсіндіреді. 
3 топ - «Мектептегі тұрақсыз дезадаптация». Бұл топтың балалары оқу жүктемесін меңгере 
алмайтындығымен ерекшеленеді, әлеуметтенуі бұзылған, психосоматикалық денсаулығында айтарлықтай 
өзгерістер байқалады. 
4 топ - «Мектептегі тұрақты дезадаптация». Бұл балалар мектептегі сәтсіздіктермен қатар, маңызды және 
сипатты белгі ретінде ассоциалды тәртіп көрсетеді: дөрекілік, демонстративті тәртіп, үйден қашу, сабақтарға 
қатыспау, сотқарлық мінездер, агрессия т.с.с. Оқушының ортақ формасындағы ең ауытқыған тәртібі – баланың 
меңгерген әлеуметтік тәжірибесінің бұзылуының нәтижесі, мотивациялық факторлардың бұрмалануы, 
бейімделген тәртіптің бұзылуы. 
5 топ - «Патологиялық ауытқулар». Баланың дамуында айқын немесе айқын емес патологиялық 
ауытқулары болады, бұл елеусіз, бірақ оқудың нәтижесінде көрінеді, сонымен қатар ауыр, шиеленіскен 
аурудың нәтижесінде пайда болады. Патологиялық жағдайлардың көрінуіне мыналарды жатқызуға болады: 
1) психикалық (невроздық және психопатиялық бұзылыстар, эмоционалды ерік – ортасында әртүрлі 
дәрежеде көрінетін психикалық дамуындағы бөгелістер); 
2) соматикалық (тұрақты физикалық аурулардың бар болуы, ас қорыту, эндокринді жүрек-қан тамырлары 
жүйесінің бұзылуы, көзінің нашарлауы). 
Сонымен, психологиялық бейімделу - баланың жаңа әлеуметтік ситуацияға енуі ретінде адекватты сипаты 
дамудың әлеуметтік ситуациясының тұрақтануының негізгі факторы болып табылады. Баланың мектепке 
келуі оқушыдан оның айналасындағы барлық қатынасының қайта құрылуын талап етеді. Психологиялық 
дайындық компоненттерін сипаттайтын мәселелер соңғы жылдары психология пәнінің дамуында балалардың 
мектептегі оқуға дайындығы ең маңызды орынға ие мәселелердің бірі болып табылады. Баланың жеке 
тұлғалық даму мәселелерінің сәтті шешім табуын нәтижелі болуы, оқыту сапасын жоғарылату, балалардың 
мектептегі оқуға дайындық дәрежесін есепке алумен байланысты. 
Балада мектеп оқуына керекті компоненттердің бәрі де уақтылы қалыптастырып отырылуы керек. Әсіресе 
баланың оқу тапсырмасын қабылдай білу қасиетін, өйткені бұл қасиет баланың оқуға деген ынтасын көтеретін 
қасиет. Ал оқуға ынтасының көтерілуі баланың мектеп өміріне мейілінше аз уақытта бейімделіуіне көмегін 
тигізіп отырады. 
Бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімдеу жұмысын табысты ұйымдастыру үшін төмендегі 
ұсыныстарды ескергеніміз жөн. 
- 5-6 жастағылардың мектепке даярлық тобының мұғаліміне деген эмоционалды, жағымды қарым-
қатынасын қалыптастыру керек; 
- 5-6 жастағылардың педагогикалық жұмыста сабақтастықты тек қана жұмыс істеу әдістерінде емес, 
сонымен бірге педагогикалық қарым-қатынас стилінде де сақтау керек; 
- 1 сынып оқушыларының ұжымын қалыптастыру мен олардың тұлғааралық қарым-қатынасын 
ұйымдастыруда мектепке дейінгі және мектеп жұмыстарының әдістерін сақтау қажет; 
- ең алдымен отбасы тәрбиесінде тәрбие әдістерін дұрыс жолға қойылған болуы керек, үлкен тәрбиелік 
мүмкіндіктерді бірігу әрекетінде орындау. 
- 5-6 жастағы балалардың іс-әрекетіне жетекшілік етуде, кең көлемде (әсіресе, 1 жарты жылдықта) мектеп 
жасына дейінгі тәрбие әдістерін мектепте қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет