Бастауыш мектеп балаларының шығармашылық іс-әрекетін дамыту ерекшеліктері


Дамыта оқыту жүйесінің маңызды принциптерінің бірі -теориялық білімнің жетекші ролі принципі



бет17/26
Дата07.01.2022
өлшемі186,44 Kb.
#19758
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
2. Дамыта оқыту жүйесінің маңызды принциптерінің бірі -теориялық білімнің жетекші ролі принципі.

Бұл принцип бала тек теорияны окуы, ғылыми терминдерді білуі, завдарды жаттауы керек дегенді білдірмейді. Керісінше, олар оқу барысында бақылаулар, қарапайым зерттеулер арқылы нәтижеге келулері керек. Өтіліп жатқан тақырыптағы заңдылықтарды, байланыстарды сезінуге, қорытындылауға үйрету. Бірақжаттап алмай сол қорытындыға саналы түрде әкелуге келтіру. Педагог осы күрделі жұмысқа басшылық жасап қана отырады.

Оқу барысындағы балалар зерттеу, бақылау жүмыстарын жүргізеді. Педагогтың жетекшілік етуімен көркем шығармадағы әрбір оқиғаға өзінше баға беруге, ойланып, қорытынды жасауға үйренеді. Өздерінің бар білімдерін, ой-сезімдерін одан әрі арттыруға пайдаланады. Мысалы: Зейін Ақышевтың "Жаяу Мұса" әңгімесінде үлттық тәрбиенің бір көрінісін бейнелейтін бір үзінді бар. Яғни, Шоқан Жаяу Мұсаның аты-жөнін нағашысына айта алмайды. "Өзің аттас" деп әдептілік сақтайды. Үлкеннің атын тура атамау әдептілік белгі біздің ежелгі салтымыз. Осыған сәйкес мынадай сүрақтарды қойып, окушыларды ізденуге, ойландыруға, үлттық салт-дәстүрдің түрлі иірімдерін зерттеуге бағыт беруге болады.

І.Шоқан нағашысына неге өз жоддасының атын-жөнін айта алмады, әлде ол одан қорқа ма? Осыны қалай түсінесіндер?

2.Әңгімеде "Кісі болар баланы кісесінен танимын, кісі болмас баланы мүшесінен танимын", "Ат болатын тай саяққа үйір, адам болар бала қонаққа үйір" деген нақы сөз бар Осы сөздердің мәні неде? Осындай тағы қандай мақал, нақыл сөздерді білесіңдер?

З. Жаяу Мұса үш тілді толық меңгерген. Өзі тақыр кедей, ақшасы жоқ. Сонда мұндай дәрежеге ол қалай жетті?

4. Шоқан Мұсаның оқуына ақшаны, қаражатты өзі төледі. Осы жерде- қандай сыр бар? Әлде, ол Мұсаға қарыздар ма, әлде туысқаны ма? т.с.с.

Балалар бұл сұрақгарға ойланып, жауап іздейді, өздерінше қорытынды жасап, баға береді. Педагог бала жауаптарын толықтырып отырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет