3.2. Бастауыш мектептің оқу процесінде дамыта оқытуды жүзеге асырудың дәстүрлі формалары, жолдары, әдістері.
Әр баланың табиғаты әртүрлі, бірінің есте сақтау қабілеті зор болса, екіншісінің ойлау, ал үшіншісінің елестету қабілеті дамыған. Дамыта оқыту жүйесінде оқытудың барлық кешенді мақсаттары мен шешімдері бала дамуына бағытталады. Соның нәтижесінде барлық бала ойлауға, ізденуге, қорытындылауға мүмкіндік алып, өз деңгейінде нәтижелерге жетеді.
Бағдарлама жоқ, дамыта оқыту жүйесімен жазылған окулықтар жоқ жүйе бойынша жұмыс істеуге педагогдер дайындалмаған. Кейбір қазақ мектептері не істеу керек? Балаларға окулықсыз, бағдарламасыз оқыту мүмкін емес. Бірақ дәстүрлі бағдарламаның да негізгі бағыты оқыту,дамыту болғандықган әр пән, әр сабақ аясында баланың жалпы дамуын қамтамасыз етуге арналған іс-әрекеттер жасау, әдістер пайдалану педагогтың ізденуіне байланысты болмақ.
Төменде дамыта оқыту жүйесінің негізгі дидактикалық принциптеріне тоқгала отырып, бастауыш мектептер осыдан өзіне не ала алады деген мәселеге тоқгалып өтеміз.[46]
Достарыңызбен бөлісу: |