Бастауыш мектеп балаларының шығармашылық іс-әрекетін дамыту ерекшеліктері


Оқу процесінде дамыта оқытудың ролі, педагогикалық теориялық негіздеулері



бет13/26
Дата07.01.2022
өлшемі186,44 Kb.
#19758
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Оқу процесінде дамыта оқытудың ролі, педагогикалық теориялық негіздеулері
Баланың физикалық дамуы генетикалық бағдарлама бойынша қаңқасының, бұлшық ет көлемінің өсуі арқылы нақгы, көрнекті жағдайда өтіп жатады.

Ал оның психикасының, жекелігінің дамуы ше? Сананың дамуы оқытудан ба, әлде әлеуметтік жағдайлардан ба? Не табиғи есеюден бе? Бұл сұрақтарға жауап адамның ішкі мүмкіндіктерінің шекарасын, сыртқы педагогикалық әсерлердің мақсат міндеттерін анықгайды.

Педагогика тарихында екі түрлі қарама-қайшы пікір орын алып келеді.Бірі-жаратушының күштілігін, тұқым қуалаушылықгы қуаттаса, екіншісі керісінше барлық нәтижені ортаның әсеріне жатқызады.

Қазіргі күнгі ғылым психикалық даму қоршаған ортаның санада сәулеленуіне, яғни танымдық тәжірибені және әрекетті меңгеруіне, меншіктенуіне байланысты деп қарайды. Бұл-оқу, білім алу деген сөз.

Оқу-адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.

"Даму ұғымы философиялық сөздікте"... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы",- деп түсіндіріледі. Терістеу-дамудың қозғаушы күші. Терістеу-белгілі бір затпен құбылыстың қайшылықгарын ашу, олардың шешу жолдарын анықгау, жаңа сапаның болуына мүмкіндік туғызу.[40]

"Даму" ұғымының психологиалық анықтамасы-жаңару процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Барлық табиғат кұбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Ғалымдардың зерттеулері баланың даму процесіне 3 түрлі күш пен 3 түрлі фактордың қатынасатындығын дәлелдейді. Олар:

1. Биологиялық фактор.

Бұл ата-анадан ауысқан , туа бітті және өмір сүру барысында қабылданған дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйесі кұбылысының ерекшелігін білдіретін, бала организмінің ортамен қарым-қатынасының нәтижесі.

2. Әлеуметтік фактор.

Бұл бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы. Бұл сондай-ақ баламен қарым-қатынас жасайтын адамдардың сипаттары, мінез-құлық және ақыл-ой бейнелері, олардың мүдделері мен пікірлері, істері мен сөздері, талаптары мен дағдылары, ұмтылыстары, яғни бала өсіп дамитын рухани орта.

3. Баланың өз белсенділігі.

Даму процесіне әсер ететін бүл үшінші күш болып саналады. Оқитын пән қандай да жаңа, бағалы болмасын, педагогтың шеберлігі қаншама жоғары болмасын, егер педагог баланың өз белсенділігін туғыза алмаса, оған ұсынылған іс пен еңбекте баланың әрекетке қатынасуы әрекет күткен нәтиже бермейді. Баланың организм ретінде дамуы мен жеке бас ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.

Баланың даму процесі, оның қоғамның белсенді де пайдалы мүшесі, азамат ретінде қалыптасуы осы үш фактордың қалыптасуымен қамтамасыз етіледі. Ең бастысы осы факторлардың бірде-бірі, қандай да бір кемеліне келген болса да басқа екеуінен ерекшеленіп, жеке әсер ете алмайды. Барлық іс осы үш басты күштің өзара әрекет етуінде.

Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С.Выготский.[23] Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.

І.Бала дамуының жақын аймағы - баланың үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.

2. Бала дамуының қол жеткен аймағы-баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.

Бұл теория шеңберінде окудың бала дамуындағы жетекші рөлі жөніндегі ереже өмірге келді.



«Педагогика бала дамуының кешегі емес, ертеңгі күніне бағытталуы керек... Білім беру тек дамудың аддында болғанда ғана пайдалы болмақ»- дейді Л.С.Выготский.[4]

Оқыта отырып дамыту проблемасы Я.А.Коменский еңбектерінен бастау алады. Ол өзінің еңбектерінде баланың табиғи ерекшеліктері мен санасу керек екенін, атап өтеді. Ол баланың жас ерекшелік кезеңдеріне сәйкес білім берудің әртүрлі басқыштарын белгілеген.

Бүл идея К.Д.Ушинский еңбектерінде тереңірек көрінеді. Ол психологиялық мәліметтер негізінде көптеген педагогикалық ережелер құрастырып, бастауыш сыныпта ана тілін оқыту әдісін жасап,- оқулықгар жазды. Аталған теориялық негіздер нәтижесінде Л.В.Занковтың басшылығымен 1960-1990 жылдар арасында зерттеулер жүргізіліп, дамыта оқытудың тұжырымдамасы жасалды.

Бұл тұжырымдама "екіліксіз қалай оқытуға болады", білімге деген қызығушылықгы арттыру, баланы өз бетінше ізденуге үйрету сияқты педагогдерді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап береді.

А.С.Макаренко баланың мінез-құлқы 5 жасқа дейін қалыптасады деп есептейді. Ал американдық психолог-ғалым Блюм 7-8 жасқа дейін өсіп келе жатқан баланың жеке қасиеттерінің 70 пайызға дейіні қалыптасып бітеді дейді. Міне, осы кез баланың білім алатын, білім алу арқылы дамитын кезеңі. С.Л.Рубинштейн, Е.Н.Кабанова- Меллер өз зерттеулерінде оқыту дамудың негізгі алғы шарты екенін дәлелдейді. И.Я.Лернер "даму" деген ұғымды педагогикалық зандылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықгардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді.

Осы мәселе төңірегінде еңбектер жазған әртүрлі авторлар баланың дамуының белгілерін атап көрсетеді. Д.Н.Богоявленский және Н.А.Менчинская оқи алуды, яғни қысқа мерзімде жоғары үлгерімге жетуді, Н.Д.Левитов Оқу материалын жылдам меңгеру, өз бетінше жаңа мысалдар құрастыру, негізгіні және көмекшіні анықгай білу, оқиғаға, құбылысқа дұрыс баға беру дағдысын жатқызады.

Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс -әрекеттер атқара білу.

В.В.Давыдов ақыл-ой дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай қорытындылай алу дағдысын есептейді.

Барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.

Дамыта оқыту идеясының ұзақ тарихы бар. Ерте кезден бастап-ақ, ойшылдар білім мен ақыл-ой тәрбиесінің ара қатынасын, олардың бала дамуына әсерін зерттей бастаған. Бізге белгілі алғашқы дидактиктардың бірі Квинтилиан мектеп алдына баланың қабілеттеріне, ақылының қасиеттеріне, мінез-қүлық ерекшеліктеріне сүйене отырып, оның ойының және тілінің дамуын қамтамасыз етуді қойған. [5]

И.Т.Песталоцци баланың ақыл-ойын, барлық қабілет-қасиеттерін дамыту идеясы мен арқауланған бастауышта оқыту әдістемесін жасауға әрекет етеді.

"Дамыта оқыту" деген термині психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әр түрлі деңгейін, типтерін (Л.В.Выготксий, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская, НА. Менчинская) және т.б., іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н.Леонтьев, П.Я.Галперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарған.

Жүйенің басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып, жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.

Оқыта отырып дамыту мәселесіне арналған зерттеулер дәстүрлі оқытуға өзгерістер енгізуге ықпалын тигізді. Қазір бұл жүйе дәстүрлі оқытумен қатар пайдаланылып келеді. Екі авторлар тобы да өз жүйелері бойынша оқу бағдарламаларын, әдістемелік құралдар дайындап шығарды. Осылайша, дамыта оқыту ғылыми теориядан практикалық іс-тәжірибеге батыл ене бастады.

Дамыта оқыту-дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр окушы өзін - өзі өзгеруші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықгы жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.

Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін үйымдастыру басты назарда үсталады. Ол үшін бала өзінің бүған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып, оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мүндай жағдайда төмендегідей үш құрамдас бөліктерден тұратын болады:

Дамыта оқыту жүйесінің қағидаларын дұрыс түсініп, жүрегімен қабылдаған әрбір педагог өз сабақтарының дамытушылық функциясын өз бетінше-ақ арттыра алары сөзсіз деп есептейміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет