Бастауыш мектеп балаларының шығармашылық іс-әрекетін дамыту ерекшеліктері



бет12/26
Дата07.01.2022
өлшемі186,44 Kb.
#19758
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
«Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж. Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін (Л.В. Выготский, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн) және басқа да психиканың қызметін зерттеген (Б.Г. Ананьев, Г.С. Костюк, А.А. Люблинская, Н.А. Менчинская) және т.б. іс-әрекет ілімінің психологиясын жасаған (А.Н. Леонтьев, П.Я. Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту мәселесіне арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін  Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, ал екіншісін Л.В. Занков басқарады.

Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары «дамыта оқыту деп оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.

Дамыта оқыту дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр бала өзін - өзі өзгертуші субъект

дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.

Дамыта оқытуда баланың ізденушілік ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. [32]

Бала алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Педагог сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр балаға өз ойын, пікірін айтуға мүмкііндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.

Дамыта оқыту жүйесінде балалардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.

Біріншіден  дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған бала өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.

Екіншіден  дамыта оқытуда бала жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр баланың өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. «Жақсы бала”, «Жаман бала” ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.

Үшіншіден  баланың жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері баланы белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.

Төртіншіден  дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы бала мен педагогтың арасындағы жаңаша қарым - қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, бала   «орындаушы”, «педагогтың тасасындағы” объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйектей алатын, Сонымен қосабасқаның да ойын тыңдап, көзқарасын құрметтей білуге үйренеді.

Дамыта оқыту технологиясының нәтижелері:

1.    түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;

2.    балалардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;

3.    олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады;

4.    балалардың көбін бағалауға мүмкіндік бар;

5.    балаларды ізденіске баулып, өз бетімен  жұмыс істеуге үйретеді;

6.    балалардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады;

7.    жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.

Бастауыш білім беру деңгейінде қолданылатын оқыту технологиялары төмендегі негізгі талаптарға сәйкес болуы керек.

·Оқу үрдісінде  білім  алушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу.

·Балалардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, күтілетін нәтижелерге жетуге талаптандыру.

·Жеке бас дамытуға бағытталған әдіс - тәсілдерді қолдану.

·Өз бетімен жұмыс істеп, шешім қабылдауға мүмкіндіктер туғызу.

Аталған талаптардың бәріне жауап бере алатын технология ретінде  дамыта оқыту технологиясын таңдадым. Жалпы «дамыту», «даму» терминдеріне баланың белгілі мөлшерден шығып, саналы іс әрекет сатыға ауысуы деп анықтама беріледі. Дамыта оқыту технологиясын көрнекті ғалымдар Л.С. Выготский, М.Я. Лернер, Л.В. Занков, В.В. Давыдов, Д.Б Эльконин толық зерттеп, дәлелдеген.

В.В. Давыдов «Дамыта оқыту дегеніміз ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысы» дейді.[32] Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға деген ынтасы артып, білім алуда әрекет жасайды. Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтардың типологиясы:

·     Оқу міндетін қою сабағы

·     модельдеу сабағы

·     түсінікті нақтылау сабағы

·     нақтылау сабағы

·     бағалау сабағы.

Дамыта оқыту белгілері:

1.  Педагогикадағы түсіндірмелі span > - көрнекі әдісі алмастырады. Бұл әдіс тұлға дамуымен тығыз байланыста.

2.  Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі мен ерекшелігіне сәйкестендіріледі.

3.  Балаға іс – әрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады.

4.  Балаға қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі беріледі.

5. Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген.

6.  Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады.

Осылайша, дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде

·       балалар сабақтың мақсат, міндетін өздері анықтайды

·       мәселені шешу жолын іздестіреді

·       жаңаны өздері табады

·       ақылдасады, кеңеседі

Аталған әрекеттері арқылы әр баланың мәселені  шешу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады. Құзыреттілік қалып-тастырудың келесі міндеті әр сабақтың өмірлік жағдайлармен байланыстылығы. Бұл орайда құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар қолданылады.

Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақтарды даярлау және өткізу этаптары

І. Әдістемелік іс әрекет жағдайында мақсат пен міндеттерді меңгеруі

·     Сабақтың мазмұны

·     Оқу жағдайын ескеру

·     Әдістемелік тәсілдерді қолдану

ІІ. Келесі сабақтың моделін жоспарлау

·          Сабақтың негізгі мақсаттарын анықтау (аралық міндеттер мен шешу жолдары)

·          Сабақтың әр кезеңіндегі баланың негізгі әрекет түрлерін анықтау

·          Бала әрекетін ұйымдастыру әдіс - тәсілдерін таңдау.

ІІІ. Сабақты жүргізу.

·          Әр сабақтағы баланың іс әрекетін ұйымдастыру

·          Баламен жанама қарым - қатынас

·          Жұмыс барысын бақылау жұмысы

IV. Рефлекция (Сабақтың қорытынды бағасы)

·          Қойылған мақсатқа жету

·          Тақырып бойынша өзгерістер енгізу

·          Оқыту нәтижесіне талдау (жетістіктер мен кемшіліктер)

Дамыта оқыту балалардың ізденгіштік - зерттеушілік іс - әрекетіне тән. Оған тән сипаттар:

- баланың алдына ізденуді жүзеге асыру қажеттілігін тудыру керек;

- іс - әрекеттің бастапқы кезеңі балалардың алдына олардың әрекет жағдайын жаңаша талдап, оны жаңаша түсінуді талап ететін оқу міндеттерін қою;

- осы міндеттерді шешуді, яғни іздену  іс әркетін ұйымдастыру, мұнда үлгі көрсетуге болмайды, Сол себепті педагог балаларды іздену іс - әрекетіне таратуы қажет ол үшін екі шартты орындау керек.

1) Педагог өзара ізденуге басқарушы болмай, шын мәнінде қатынасушы болу керек.

2)  Ол балалар жүргізіліп жатқан ізденуді шын мәнінде жүзеге асыру керек, оларға дұрыс шешім көрсету керек.

3) Оқу міндеті шешілгеннен кейін педагог табылған шешімнің бағасын ұйымдастырып оның басқа міндеттерді шешу үшін қаншалықта пайдалануға болатынын түсіндіреді.

Дамыта оқытуда педагогтың басты міндеті:

Оқу материалдарын балаға дайын күйінде көрсету емес, баламен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс-тәжірибесінде қалай қолданады?

1)Оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым - қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік қалыптарын меңгерту.

2)Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптас-тыруды дағдыға айналдыру.

3)   Оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.

4)   Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.

5)   Баланың сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту.

6)   Жалпы баланың жан дүниесін дамыту.

Қорыта келгенде, дамыта оқыту технологиясы бала құзыреттілігін дамытуда аса маңызы бар технология.

Өз тәжірибем бойынша білім сапасын арттыру жолдарын қарастыратын болсам, әліппеге дейінгі кезеңнен бастап түрлі дидактикалық дамытпалы ойындар, шығармашылық тапсырмалар  колдандым. Атап айтсам, «Әріптерді сөйлет» ойнында әріптерден сөз құрау тапсырылады. «Адасқан сөздер» дидактикалық ойнында балалар орны ауысқан сөздерден сөйлем құрайды. «Не артық?» ойны барысында ерекшеленіп тұрған әріпті атау тапсырылады. Сондай-ақ, сөздік диктант жазғанда жұмбақтар жасырып, шешулерін жазғыздым. Сауаттылығын арттырумен бірге ой өрісін дамыту көзделіп отыр. «Жасырын дыбыс» деген ойын барысында жаңылтпаштан жиі қайталанған дыбысты табу тапсырылады. Білімді тиянақтау кезеңінде кесте бойынша сұрақтың дұрыс жауабын табу сәйкес номерін жазу керек деп тапсырылады. Сөзжұмбақ шешу, сөзжұмбақ құрастыру, ребус шешу, құрастыру. Логогрифтер, шарада, метаграммалар, филворд, т.б. [33]

Математика сабағында логикалық есептер, шығармашылық тапсырмалар қолданамын. Сонымен қосабалалар математикада басқатырғалар, ребустар, лабиринттер, сиқырлы шаршылар шешеді. Дүниетану сабағында семантикалық картамен жұмысты кеңінен пайдалануға болады.

Еліміз егемендік алғаннан бері білім беру саласында елеулі өзгерістер болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып өзгерді. Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі-білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы. Бұл педагогикадағы тұтас педагогикалық үрдістегі өзгертулермен тығыз байланысты.[34]

Дегенмен де адам психикасын дамытудағы ең қажетті құрылым-оқыту болса, кез келген оқыту есте сақгау мен білімді дамытады.Ал оқыту мен дамыту өз алдына жеке үрдіс бола алмайды, өйткені екеуі де жеке тұлғаның дамуына әсер етеді. Осыдан мынадай екі концепция шығады:

1)Оқытудың даму концепциясы Ж.Пиаже, З.Фрейд, Д.Дьюидің пікірлерінше: бала даму барысында оқиды. Яғни мұнда бала психикасының даму заңдылығына сүйенеміз.

2) Дамыта оқыту концепциясында бала оқу арқылы дамиды. ХХ-ғасырда бұл теорияның негізін салған орыс ғалымдары: А.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л,Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, П.Я.Гальперин, Л.В.Занков, В.В.Давыдов т.б.

Қазіргі таңда жеке тұлға қоғам үшін белсенді түрде, яғни аз уақытты қамтып, жоғары сапалық дәрежеде дамуы қажет. Сол үшін бұл педагогикалық технологияны-дамыта оқыту технологиясы дейміз. Дамыта оқыту жеке түлғаның дамуына бағыт-бағдар беріп, белсенділігін арттырады.

Физиологиялық дамуда бала бойының өсуі, бұлшық еттің дамуы, салмақтың қосылуы, яғни дені сау, шыныққан, шыдамды т.б. қорытындылар айтуға болады. Ал психикасы туралы не дер едік? Оның қаншалықты дамығандығын оқыту үрдісі мен жас ерекшелігі арқылы анықгаймыз. Қазіргі кездегі дамыта оқыту технологиясы балаға өз бетінше ойлана білуге, сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауына ықпал етеді. Қарым-қатынас жасау барысында: жоспарлауға, мақсат қоя білуге, қойылған мақсат міндеттерді жүзеге асырып, қорытындыны талдай білуге дағдыланады. Міне, осындай жүйелер арқылы "өзіндік даму" жүзеге асады. Соның негізінде өзіндік талдау, жинақгау, өзіндік бағыт беру, өзіндік тәрбие, білім алу жүйелері қалыптасады. Яғни дамыта оқыту жеке тұлғаның барлық қасиеттерінің дамуына бағытталады. Выготский: "Педагогика бала дамуының ертеңгі емес, кешегі күніне сүйену керек", деген. Осыған орай ол бала дамуының екі деңгейін анықтады:

1) Өзекті даму деңгейі-бала бойында қалыптасқан, өз бетінше орындай алатын іс-әрекеттер.

2) Жақын даму аймағы- бүл бала әлі өз бетінше іс-әрекетті орыңдай алмайды, бірақ үлкендердің көмегімен жүзеге асыра алатын көрініс.

Белгілі психологтар Л.С.Выготский мен С.Л.Рубинштейн ұстанған тұжырымдамасы бойынша жеке адам тәрбие мен оқыту процесінде жетіледі. Тәрбие мен оқыту дамуды артына салып отырады.

Оқыту дамыта және тәрбиелей отырып жеке адамның таным қабілетін мақсатқа сәйкес жетілдіреді. Оқытудың осындай басты міндеттерінің бірі-шәкірттердің таным-қабілетін дамыту.

Дамытып оқыту-бұл балалардың таным іс-әрекеттерін барынша дамыту, яғни олардың ой-өрісін дамыту өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету. Дамытып оқытудың міндеті "Ең таяу даму зонасын" жасау.

Таным қабілетін дамыту туралы Ресей ғалымдарының (Н.Дайри, Т.И.Махмутов, Л.В.Занков, М.Н.Скаткин, ИА.Лернер, А.Н.Пискунов т.б.) тұжырымды ұсыныстары мен пікірлері бар. Олардың идеяларының мәні мына төмеңдегіге саяды.

І.Таным қабілетінің дамуы-бұл барлық педагогдердің барлық пәндер бойынша оқыту процесіндегі мақсаттылық іс-әрекеті.

2.0қушыларға білім беру және объективтік шындықты тану мәселелері жайындағы оқулықгың ролі

З.Оқытудың әдістері мен формаларын жетілдіру.

4.Педагогтың теориялық дайындығы, педагогикалық шеберлігі, білімдарлығы окушылардың таным іс әрекетін дамытудың шешуші құралдарының бірі.

Дамыта оқыту балаларды әр түрлі іс-әрекетке тартуды құптайды, сабақта дидактикалық ойындар, пікір-таластар, ойлау, қиялдау, есте сақтау, тіл байлығын, логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған оқыту әдістерін қолдануды ұсынады. Яғни күнделікті сабақта балалардың жоғарғы білімдік пен адамгершілік құндылықтарын арттырсақ, жеке тұлға білімдегі шыңдықты іздеу, салыстыру, дәлелдеу, зерделеу, өз іс-әрекеттерін сараптап, өзіне-өзі баға беруге дағдыланады.

Қай замандарда да мектеп қоғамның әлеуметтік, экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Әр кезеңге сай оқыту теориялары, оқыту процесін ұйымдастыру мәселелері де өзгеріп, жаңа сұраныстарға жауап берердей бейімделген.

Дәл қазір адамның ақыл ой, шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар артуда. Мұндай күрделі міндеттерді шешудегі орта мектептің бастауыш сатысының алар орны ерекше. Окушыларға білім берудің барлық кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз бастауышта қаланатындығы баршаға белгілі.

Республикамызда соңғы жылдары оқыту процесін ізгілендіру, оның практикалық бағыттылығын күшейту мақсатында біраз шаралар жасалды. Оларды инновациялық процесс, немесе педагогикалық жаңалықтарды енгізу деп жүрміз.

Инноватика ұғымының мәні, латыннан аударғанда жаңарту, өзгерту мағынасын береді. Педагогикада жаңа әдістер, тәсілдер, қүралдар, окулықтар, бағдарламаларды пайдалануды білдіреді. Яғни, оқыту мен тәрбиелеуге өзгерістер енгізу, олардың сапасын арттыру болып табылады.

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы өмірдің әр саласында өзгерістер енгізді, ал олар білім беру жүйесінде де бейнеленді.

Мектеп қандай болуы тиіс? Педагог ше? Бала мен оқытудың негізгі кұралы болған оқулықтар ше? Сол себепті да Қазақстан Республикасындағы білім жүйесін реформалаудың базистік негізі жасалынып, мектептерде оқытудың сапасын жақсартуға аса көңіл бөлінуде. Осы тұрғыдан бүгінгі күнде оқыту жүйесіне әр түрлі жаңа педагогикалық технологиялар енгізілуде.

Педагогикалық технология ұғымын алдыңғы қатарлы педагог - ғалымдарымыз келесідегідей сипаттайды.

Педагогикалық технология-бұл оқыту процесін ұйымдастырудың мазұмұнды техникасы. (В. П. Беспалько)

Педагогикалық технология-педагогтың профессионалдық қызметін жаңалап жоспарланған нәтижені беретін әрекеттер жиынтығы. ( В. М. Монахов)

«Педагогикалық технологияның басты міндеті-баланың оқу танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету».

Педагогикалық технология-арнайы лайықгалған әдістер, амалдар, тәрбие қүралдары түріндегі психологиялық-педагогикалық қондырғы. (Б.Т. Лихачев) Енді педагогикалық технология терминінің мәнін ашайық. «Педагогикалық технология» түсінігі үш түрлі құбылыс ретінде ұсынылады: - ғылыми;


  • іс жүргізу, суреттеу;

  • ықпалды іс жүргізу. Сонымен педагогикалық технология оқытудың ұтымды жолдарын зерттейтін ғылым ретінде жұмыс істейді және оқуда қолданылытын тәсілдер жүйесі ретінде оқытудың шынайы барысы ретіндеде қарастырылыды.

Педагогикалық технология -балалардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс-әрекеттін жүйелі дамып отыратын жобасы.

Сабақтарда оқытудың әр түрлі технологиясын қолдануға болады. Әсіресе, балаларымыздың қабілеттеріне, педагогдеріміздің әзірлігіне қарай, ұрпағымыз ел мақтанына айналып, болашақ ел тірегі болу үшін, жан-жақгы, терең білім беру мақсатында даралап, саралап оқыту, деңгейлік оқыту, дамыта оқыту, ойын арқылы оқыту, оқытудың модульдік, оқытудың компьютерлік технологияларымен жұмыс жүргізіп, қолдану пайдалы екенін тәжірибе көрсетіп отыр.

Дамыта оқыту технологиясының авторларының (Л.С.Выготский, Л.В. Занков, В.В. Давыдов, Д.Б.Эльконин т.б.) пікірінше, бұл технология жеке тұлғаның барлық сапаларын тұтас сәйкестікке дамытуға бағытталған жүйе. Оның нәтижесінде әр баланың өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған лайықты жағдайлар жасалады.

Осыған орай балалардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор. Өйткені, сол арқылы балалардың іс-әрекетінің дербестігі артады.

Бұл туралы А.Байтұрсыновтың пікірі бойынша - бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Педагогтың қызметі- оның білімінің, шеберлігінің үзақ жолды қысқарту үшін ол жолдан балалар қиналмай оңай өту үшін керек білімді кешіктірмей, кезінде беріп отыру үшін, балаға жүмысты әліне қарай шағындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа қарай түзеп отыру керек.

Профессор Л.Г.Лембергтің пікірінше балалардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мына шарттарға байланысты: балалардың істейтін жұмыстың мақсатын айқын түсінуі, жұмыстың балалардың өз еркімен, қалауымен орындауын көздеу керек.

Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар: педагогтың нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі, жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі, педагогтың басқаруымен балалардың дербестігінің өзара байланысы, олардың жүмысты өз еркшен және қолдарымен істеуі және т.б.

Балалардың өзіндік жұмысына педагогтың тапсырмасы бойынша, өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары жатады.

Балалардың таным әрекеті білім алу қажетімен ұштасады. Осыған орай, олардың дербестігі, ең алдымен, белсенділікке байланысты, ол белсенділік, дербестікті қажет етеді. Балалардың өздігінен істейтін әрекеті оның белсенділігін арттырады.

Бастауыш мектепте дамыта оқыту баланың қызығушылығын арттырып, өз бетімен жұмыс істей білуін, ізденуін, байқағыштығын дамытуды талап етеді.

Дамыта оқыту үшін оқытудың жаңа технология түрлерін пайдаланып, баланың белсенділігін арттыру, олардың іс-әрекетін басқару арқылы іздестіру, зерттеу, ой таласын туғызу, сабақты өмірмен ұштастыру, оқу материалдарының мазмұнын қоршаған орта өзгерісімел байланыстыру-оқыту үрдісінің ең негізгі мақсаты.

Ағартушы ғалым А.Байтұрсынұлы "педагог әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек ", - деп атап кеткендей, баланы дамыта оқытуда жаңа технологиямен жұмыс істей отырып, баланың білім-біліктілігін, дағдысын, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамыту қажет. Осындай күрделі міндетті шешуде ерекше орын алатын пән-ана тілі. Осы ана тілі пәнінің маңызы туралы Ж.Аймауытов былай деді: "Оқытатын пәндердің бәрін бірдей керекті, бәрін қаусырып, орап алатын пән- ана тілі екені даусыз. Ана тілін жақсы меңгеріп алмай, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. [23]

Ана тілі халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы: өсіп, өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жанның барлық толқындарының тұқымнан тұқымға жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы- сол халықтың тілі. Ана тілін үйрену- сөздерді жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңцарын білу ғана емес, тіл үйренумен қатар бала тілдің сансыз көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін ойлау жүйесін, ой пәлсафасын да меңгереді."

Педагогика ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ағартушы -мұғалімдың ана тілі пәнінің алдына қойған мақсатынан мынадай міндеттер туындайды:

- окушылардың оку дағыдысын жетілдіру және қалыптастыру;

- көркем шығармаларды окуға деген қызығушылығын ояту;

- ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеуін (оның ойын еркін жеткізу, сауатын да мәнді түсінікті жаза білу) дамыту;

- өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;

- шығармадағы көркем бейненің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау;

- балалардың бойында ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту;

Дамыта оқытуда педагогтың басты міндеті- оқу материалын окушыға дайын күйінде көрсету емес, баламен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойылған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру.

Дәстүрлік әдістеме мен дамыта оқыту әдістемесінің ерекшелігі әсіресе, шығарма жазу жүмысынан ерекше көрінеді. Әлі күнге дейін педагогдер тәжірибесінде шығарманы тек оқыту объектісі ретінде қарастыру орын алды, яғни қарапайым оқыту, үйрету үрдісімен тең саналып келеді.

Шығарма жазуда оған ұжым болып дайындалу басты рөл атқарады. Мұнда жалпы жоспарды құру, әрбір тарауының мазмұнын талқылау, жазылатын мәтінді ауызша құру, тақгаға қиын сөздердің жазылуын талдау және тағы басқа аталған жұмыс түрлері атқарылғаннан кейін ғана дәптерге дайын жұмысты жазуға кіріседі. Соның нәтижесінде балаға тек жаңа ғана ауызша айтылып, талқыланғанды ғана қағаз бетіне түсіру ғана қалады. Л.В.Занков балалар шығармасын баланың сыныпқа, педагогге өз ойын, әсерін, пікірін, сезімін жеткізе білу деп қарастырады. Автордың пікірінше, онда табиғаттың әсем сұлулығы, адамның жан сұлулығы, оның еңбектеріндегі, қарым-қатынасындағы адамгершілік қасиеттері көрінеді және тәрбиеленеді. Сол себепті де ол бала шығармасының құндылығын ақыл ойының ұшқырлығымен, сезімін жеткізу дәрежесімен және жаңа бір құбылысты, жағдайды қабылдау, сезу жаңалығымен өлшейді. Дәстүрлі тәсілмен шығарма жаздырту балалардың мүмкіндіктерінің көріну де толық жағдай бермейтіндігіне және мазмұнының, сапасының төмендегі жөнінде жиі айтылып жүр. Сол себепті де шығарманың орнына диктант, мазмұндама жазу жүмысы кең орын алып келуі біз үшін жаңалық емес.

Шығарма тақырыбы оның мазмұнын анықтайды. Сол себепті да әрбір жаңа тақырып бұл жаңа мазмұн. Автор өз зерттеуінде тақырыптың екі негізгі тобын анықтайды: өнімсіз және шығармашылық. Бірінші топтағы тақырыптар бала тәжірибесінен бөлек бір құбылыстың ашылуын немесе белгілі оку пәні бойынша қарастырады.

Мысалы, "Қоян туралы мен не білемін?" тақырыбында шығарма жазу да қоян туралы бар біліммен жұмысты жазып шығу өнімсіз деңгейге сәйкес.

Ал, осы тақырыпқа ұқсас келетін "Қояндар суда өмір сүре ала ма?" тақырыбындағы жұмыс өзгеше қарауды талап етеді. Себебі тек қоян туралы білетін біліммен, мағлұматпен шектелуге болмайды. Берілген сұраққа жауап беру үшін бала тірі табиғат пен өлі табиғатты, табиғаттың байланысын, ортасы мен оның тамақгану қабілетін байланыстыра қарастырады.

Бұл жұмыста бала қоян туралы бар білетініне сүйене отырып, салыстыру, дәлелдеу, нәтиже шығару сияқты жұмыстарды орындауы тиіс, яғни шығармашылық бағытта жұмыстануы қажет болады.

Аталған жұмыс түрлері бастауыш мектеп балаларына ешқандай қиындық келтірмейді.

Екінші топтағы, яғни шығармашылық бағыттағы шығармалар әртүрлі деңгейдегі жүмыстар болуы мүмкін. Мысалы, бала "Қояндар суда өмір сүре ала ма?", "Қасқыр мен мысықтың арасында қандай ұқсастық, айырмашылық бар?" деген тақырыпта шығарма жазуда бір оқу пәнінің ішіндегі бөлек тараулардың байланысын ашуға жұмыстанады.

Шығармашылық бағыттағы шығармаларды жазуда ескеретін негізгі мәселелер: біріншіден, олардың мазмүнының окушы білімі мен тәжірибесіне сай келуі; екіншіден, тақырып таңцауда еркіндік беру, өйткені балаға қай тақырып жеңіл және таныс, сол бағытта өз ойын еркін және толық жеткізе алады. Шығарманың тақырыптары балаларға өздерінің жақсы білетін жақгарын ашып көрсетуге ғана емес, сонымен бірге әлі де болса толық қалыптаса қоймаған жетіспейтін жақтарын да одан әрі дамытуға мүмкіндік беру тиіс.

Мысалы: "Мысық пен күшік," "Аңдар орманда қалай қыстайды?", "Адамның жүйке жүйесі" сияқты тақырыптар, олардың шығармашылық елестетулерінің көрініп, көркем бейнені суреттей білуіне көмектесе отырып, логикалық ойлау, есте сақтау, елестету қабілеттерінің жете дамуына көмектеседі.

Балалардың жеке қабілетін дамытуда көркем әдебиет жанрын, шығарма мазмұнын тандауда үлкен еркіндік беру өте тиімді. Бұл бағытта мысалы, "Ормандағы көктем" атты тақырыпты алуға болады. Бұны балалар ертегі жанры, ғылыми-публицистикалық мақала және көркем әңгіме есебінде аша біледі.

Шығармашылық бағыттағы жұмыстың жалпы тақырыбының өзі балаларды қызықтыратындай, олардың көңіл-күйін көтеретіндей болуы тиіс. Сонымен қосаең алдымен, окушының ақыл-ойына әсер ете отырып, кез-келген затқа сын көзбен қарай білуге, бағалай білуге үйрету негізінде оның ішкі жан дүниесіне, сезіміне де әсер етіп, қозғауы қажет.[37]

Жүргізілген зерттеу бойынша балалар әсіресе ертегілер жанрындағы "Бұлт пен күн туралы ертегі", "Жер бетіндегі жел туралы ертегі" және сүрақ түрінде берілген "Ертегі адамдарға не үшін керек?", "Ағаштар неліктен өседі?", "Ойыншықтар адамдар үшін неге керек?" сияқгы тақырыптарды өте қызыға орындайды.

Дамыта оқыту жүйесіне кұрылған әдеби шығармашылық жұмыстардың басты құндылығы мектепте және мектептен тыс алатын білімін бекіте білуге, жалпылай отырып, қорытындылауға үйретуі. Оқу сабағында бастауыш сынып балаларының танымдық әрекеттерін белсенді ету мүғалімнің алдына проблемалық оқыту ісін үйымдастыруды міндеттейді. Алдымен проблемалық оқыту деген не, соның басын ашып алайық.

Кейбір зерттеуші ғалымдар (И.Я.Лернер, И.И.Махмутов) проблемалық оқытуды әдіс ретінде қарастырады. Ал педагог-ғалымдар И.Н.Скаткин, Т.А.Ильина "проблемалық оқыту-танымдық әрекетті ұйымдастыруға қойылатын талап' деген пікір айтады. Олар проблемалық оқыту басқа да әдістер арқылы іске асатындықтан, ол өз алдына жеке әдіс немесе оқытудың басым жүйесі болуы мүмкін емес деген тұжырым жасайды. Біз осы соңғы пікірді басшылыққа ала отырып, проблемалық оқытуды ана тілі сабақтарында ұйымдастыру жолдары туралы тоқталып кетейік.

Проблемалық оқытуда көзделетін мақсат-балаларға білім даяр түрде берілмей, педагогтың өзі баяндап бермей олардың алдына жұмбақ түріндегі міндет қойып, оны балалардың өздері шешуін басқару. Проблемалық принцип балалардың ойлауына және көбінесе қиялына негізделеді, яғни ойлау проблемалық сұрақтан немесе міндеттен басталады.

Ана тілін оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ болғандықтан, оны жаңа білімді хабарлау сабақгары, қайталау сабақтары, білік пен дағдыны қалыптастыру, бақылау, аралас сабақтар, экскурсия сабақтары сияқты түрлері бар екені белгілі. Проблемалық оқыту әрекетін осы сабақтардың әр кезеңінде дербес жүмыстар үйымдастырып, жүмбақ түріндегі міндет қойып, оны талдап және шешіп отыру барысында ішінара іске асыруға болады. Алайда проблемалық оқыту әрекетін сабақ сайын толық және үнемі іске асырып отыру мүмкін емес. Бұл үшін сабақтың қүрылымын және оның элементтерінің мазмүнын ойластырып, жан-жақты қарастыру керек.[38]

Ана тілі бойынша проблемалық оқыту әрекетін үйымдастыру проблемалық әңгіме арқылы іске асуы мүмкін. Мұндай әңгіме кезінде педагог жағдайды әңгімелеу арқылы жұмбақ міндет туғызады. Балалар оның шешуін табады, одан әрі осы жұмбақ мәтінде қалай шешілгені оны оқу арқылы анықталады.

Проблемалық оқыту әрекетін ұйымдастыру сұрақ қою арқылы да іске асырылады. Мұнда қойылған сұрақ оған нақты жауап беретіндей болмай, оның жауабы бірнеше нұсқада шешілу жағына назар аудару керек. Мұндай проблемалық сұрақтардың мақсаты-балалардың өзіндік ойын, шығармашылығын, қиялын дамыту, окулықта осындай мақсаттағы сүрақ, тапсырмаларды әр мәтіннің соңынан кездестіруге болады. Мысалы, "Адам болам десеңіз" бөлімін қорытындылаудағы мына тапсырмалар проблемалық міндет туғызады деп есептейміз. "...Арада бес-алты ай өтті. Бөртеге ай сияқгы айналма мүйіз шығып, қүлжа болды. Енді әлгі тірсектен тістегіш шәуілдектер Бөртені көрсе, қүйрықгарын қысып, өздері қашатын болды. Ал батырсынған итті жас арқар шегіншектеп түрып мүйізімен періп жібергенде, шәуіддек байғүс жерге екі-үш аунап түседі де, қыңсылап- қыңсылап тайып отырады".[10]

"... Осымен жүріп жаз ортасы ауған кезде Көксерек зіңгіттей көкшолақ қасқыр болып шықты. Жота жүні үрпиіп, көздері жалындап, бар тістерін көрсетіп, аузын ақситып ашып жіберіп, тап бергенде талай бүралқы төбет, быжыл қаншық қыңсылай, шәуілдей қашатын болдық

І.Осы үзінділердегі оқиғалардың ұқсастығын тап.

2.Айырмашылығын тап.

Ұйқышылдығы жайында қай мысалда сөз болғанын тап:

І.С.Сарғасқаев '"Қызғалдақ пен қарасора"

2.Ш.Смаханүлы "Көбелек пен ебелек"

3 О.Әубәкіріов "Сүт қалай ұйықтады?"

Бірінші тапсырманы оқып, түсінгеннен кейін балалар үзінділердің қай мәтіннен алынғанын еске түсіреді, жинақгайды, топтайды, жалпылайды, нақгылайды және оның неліктен солай болып тұрғанын дәлелдеу арқылы көз жеткізеді.

Сөйтіп, екі оқиғаның ұқсастығы - Бөрте мен Көксеректің есейіп кеткендігінде. Олардан ауыл иттерінің қорқып қашатығында, айырмашылығы-біреуінде арқардың құлжасы, екшшісінде қасқырдың бөлтірігі туралы сөз болатындығында деп түжырымдар жасайды. Әрине, бұл тұжырымдар педагогтың көмекші сұрақтар қойып, балалардың әрекетін дұрыс басқара алуына байланысты жасалады.

Екінші тапсырманы орындау барысында да бала алдында мынадай проблемалық міндеттер туындайды: аталған мәтіндердің мазмұнын еске түсіру, талдау, а) Тақырыптарды жинақгау, тапсырмаға сәйкес мәтінді атау.

Сол сияқты Шерхан Мұртазаның "Бөрте мен Зөре" әңгімесін өткенде мынадай проблемалық тапсырмалар орындалғаны жөн:

І. Мәтіннен мына бөлімдердің шегін тауып көр (бөлімдерге бөліп, ат қоюдан күрделірек) оның көкесі арқардың қозықасын тауып алуы;

ә) Ауыл балаларының Бөртемен достығы;

б) Ай мүйізді Бөрте

в) Зөренің пайда болуы;

г) Нұржанның өтініші.

2. Нұржан қандай бала? Мына сөздерді пайдаланып, мінездеме беріп көр: қамқорлық көрсетті, ақылдылық танытты, ақкөңіл, зерделі, еңбексүйгіш, адал т.б.

З. Өзін қамқорлыққа алған жануар туралы шығарма жазып кел.

Орындау барысында бұл тапсырмалар бағыттаушы проблемалық сұрақтарға жіктелуі мүмкін.

Сонымен, окулықтағы төртінші деңгейге берілген сүрақтар мен тапсырмалардың барлығы дерлік проблемалы міндет, проблемалы жағдай туғызып, балалардың шығармашылық ойлауы мен еңбектенуіне жол ашады.

Төртінші деңгейде шығармашьлық тапсырмалар мол берілген. Мысалы, ол өлең құрастыру тапсырмасы окулықтағы жыл мезгілдері, сол сияқты ана, ата туралы, Отан, туған жер т.б. туралы топталған шығармалардан кейін беріп отырылады. Бұл жұмысты түрліше ұйымдастыруға болады.

а) Тақырыпқа сай дайын ұйқастар ұсынуға болады. Мысалы, "Ана" тақырыбына байланысты түрлі ұйқастар ұсынып, олар өлең жолының соңында түратынын айту. Балаларға осы ұйқастарды пайдаланып, өлең құрату:

"Аман- сау жүр, анам,

Тілейді соны балаң."

"Айтқан тіліңді аламын,

Жұмсай қалсаң барамын."

Ұйқас бойынша өлең жолдарын құрастыруға балалар құлшына кіріседі. Мүның өзі балалардың өлең, оның құрылысы, қара сөзден айырмашылығы туралы білімдерін нығайтады.

ә) Өлең құрастыру жүмысын берілген өлеңді әрі қарай жалғастыру арқылы да ұйымдастыруға болады.

Осындай өлеңді жалғастыруға М.Әлімбаевтың "Сөз кұдіреті," Ө.Тұрманжановтың "Туған өлкем" т.б. шығармаларын ұсынуға болады. Балалар өлеңде қайталанып тұрған.

"Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем" деген сияқты жолдарды пайдаланып, өлеңді оңай кұрастыра алады.

Туған өлкем.

Жарқыраған күнін сүйем.

Жайқалып өскен гүлін сүйем.

Кең байтақ даласын сүйем.

Астанадай сұлу қаласын сүйем.

Хуанған Айғаным (1-сынып)

Бұл тәсілді қара сөзбен жазылған мәтіндерге де пайдалану баланың алдына шелілуге тиісті міндет қойып, ойлануға жетелейді.

Мысалы:

а) Мәтінді толықтырып айтып беру. Оқулыққа Ы.Алтынсариннің, С.Көбеевтің т.б. шағын әңгімелері енгізілген. Бұндай әңгімелер толықтырып айтуға өзі сұранып түрады. Мысалы: С.Көбеевтің "Еңбекпенен ел көгерер" ертегісі өте шағын. Осы әңгімедегі мына абзацта автордың ойын жалғастырып айтуды тапсырма етіп беруге болады:

Бір жұтта "Түусонаудық малынан түк қалмапты. "Көресалдың " малы да көп өліпті. "Айдайсалдың" малы да аз қырылмапты. Ал өзі бағып күткен еңбекшіл жігіттің малы жүтамай, қыстан аман шығып, елін аштықтан құтқарыпты."

Осы үзіндіде оқиға, қимыл, қозғалыс бар. Үзіндіні толықтыруға, айтылған ойды жалғастыруға болады. Сол арқылы баланы еркін сөйлеуге, сөздік қорын байытуға бағытауға болады. "Неліктен ағайынды жалқаулардың малы қырылды деп ойлайсың?", " Еңбекшіл жігіт елін аштықган қалай құтқарды?", "Осы оқиғаға сәйкес қандай мақал білесің?" деген сияқгы сұрақтарға жауап алуға болады.[39]

"Жаздың бір күні қыстың мың күнін асырар", "Жылыда жинақталмаған, суықга қымтыла алмайды", "Қыстың қамын жаз ойла"- деген мақалдармен қорытындылауға болады.

Мәтінді толықгырып айтуға үйретудің тағы бір артықшылығы баланың мақалды тек жаттап қоймай, орнымен қолдана білу дағдысын қалыптастыруға көмектеседі.

ә) Көлемді шығармаларды жинақгап, қысқартып әңгімелеу. Оқулықга үш-төрт бетті қамтитын ертегілер, балалар әдебиетінің туындыларынан үзінділер бар. Міне, осы шығармаларды мазмүнына нүқсан келтірмейтіндей етіп жинақгап, қысқартып әңгімелеу де шығармашылық жүмысқа жатады. Бүл жүмысты мәтінді толық талданғалнан кейін жүргізуге болады. Мысалы, "Жақсылық пен Жамандық" ертегісін:

1 .Жақсылықтың алдануы.

2.Аңдардың әңгімесі.

З.Жақсылықгың байып кетуі.

4.Жамандықтың сазайын тартуы деген сияқты жоспар бойынша қысқартып әңгімелеуге болады:

"Арыстан, қасқыр, түлкі-үшеуі көрген білгендерін бір-біріне әңгімелейді. Түлкі бір «айдың қыстауында тығулы жатқан бір қүмыра алтынды күнде көріп келіп жүргенін айтады." т.б.

М.Әуезовтың "Әбілмәнсүр" атты тарихи әңгімесін мынадай жоспармен:

І.Бала Сабалақ.

2.Сабалақтың соғысқа аттануы.

З.Батыр Абылай деген тәрізді жоспар құру арқылы жинақгап, қысқартуға болады.

Міне, осылайша бала жоспардың әр бөлімі бойынша ойын жинақтап, қорытып айтута дағдыланады.

б) Оқылған шығарманың мазмұны бойынша сурет салу. Бұндай жүмысты да шығарманы толық, саналы түсінгеннен кейін ғана дрындауға болады. Кейбір көркем шығармадағы әдемі, әсерлі көрініс баланың көз алдына белгілі бір суретті еріксіз алып келеді. Мысалы, Ж.Аймауытовтың "Ыстық қой, шіркін, туған жер!" мәтінҢндегі ауыл көрінісі-танып тұрған сурет. Дегенмен, әрбір баланың не салғысы келетінін сұрап алған жөн. Мүмкін, ол өз ауылының, өз қаласының үйлерін, өзі ұнатқан ғимараттарын салғысы келетін шығар. Мұндайда, балаға, оның қиялына ерік берген жөн.

Проблемалық оқу баланы ізденуге, оның ойы мен қиялын дамытуға, қорытынды жасауға, оны дәлелдей алуға, өзінше тың пікір айта білуге, сол арқылы өз беттерінше білім алу жолдарына үйретеді.

Проблемалық оқыту барлық тақырыпқа сай келе бермейді. Сондықган барлық сабаққа қолдануға болмайды. [42]

Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін, - әр педагог өзінің алдында отырған балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтық мақсат-мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мүғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы баланы бағалауы ерекше орын алады. Осы жағдайларды ескере отырып, педагог тиімді жақтарын пайдалана білсе, әр баланың кемінде мемлекеттік- стандарт деңгей алуына көмектеседі.

Мақал-мәтелді баланы жан-жақты дамытатындай етіп пайдаланудың мәні зор. Себебі, әрбір сабақта мақал-мәтел қолдану бала тәрбиесінде алар орны ерекше, Сонымен қосабаланың білім деңгейін, оның сапасын арттыруда бірден-бір тамаша құрал. Педагог өз шеберлігіне қарай әр түрлі етіп сабақта қолдана береді.

Балаларға дайын көрнекілікті ұсынып, педагог көрнекілік артында қалмауы керек. Көрнекілік балаға дайын күйінде берілмеуі тиіс. Әрбір көрнекілікті пайдалана отырып, оның сырын, мазмүнын ашу- шығармашылыққа жол ашады.

І.Тақырып мазмұнына сай мақал-мәтел айтқызу, оны өз сөзімен ойымен дәлелдету. Мысалы, "Асыл сөз" бөлімінде "Сиыр", "Түйе", "Бөбектің тілегі", "Шопанатаға" өлендерін өткен кезде тақырыпты мақалмен таныстыруға болады.

1) Сиырдың сүті -тілінде (Сиыр шөпті, жемді жақсы жесе, сүті көп болады)

2) Мал өсірсең, қой өсір, пайдасы оның көл-көсір (қойдың еті де, терісі де, сүті де пайдалы)

2.Көрініске, табиғатқа, суреттерге қарап тұрып, мақал айту жарысын ұйымдастыру.

Мысалы: "Туған жер" тақырыбына

1-ші бала: Туған елдей- ел болмас, Туган жердей жер болмас

2-ші бала: Әркімнің туған жері өзіне ыстық.

3-ші бала: Отан-оттан да ыстық

4-ші бала: Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.

З.Мақал-мәтел айтысы

Сабақтың тақырыбы; Еңбекпен ел көгерер

- "Еңбек -ер атандырады"- дегендей сіздің атақ даңқыңызды естіп жатырмыз.

- Ия, рахмет "Еңбегіне қарай-өнбегі" - деген емес пе.

- "Шегірткеден қорыққан егін екпес" – дегендей, сіз неге қимылдамайсыз?

- "Жеті рет өлшеп, бір рет кес"- дегендей ретін келтіре алмай жүрмін

- "Еріншектің ертеңі бітпейді"-дегендей ертерек қимылдау керек қой.

4.Мақал-мәтелге сай оқиға ойластыру.

Бұл жүмыс түрінде, өтілетін жаңа тақырыпқа сай мақал-мәтел алып тақгаға жазып қою.

Мысалы: Мал - баққанға бітеді.

Асанға атасы базардан бұзау сатып алып береді. Бұзауы сүйкімді, әрі момақан. Асан бұзауына шөп орып, су беруге ерінбейтін. Бұзауы да Асанды жақсы көріп кетті. Асанның көршісі Ербол оған қатты қызықгы. Бірақ, ол көп ойнайтын. Бір күні Ерболға да атасы бұзау сатып әперді. Ербол бірнеше күн бұзауына қарап жүрді де, бірер күннен кейін ойынға қызығып кетіп қалады. Бір күні бұзауы ауырып, өліп қалады. Ербол қатты өкіңді. "Мал- баққанға бітеді" - деген осы деді атасы.

Балалармен жүргізілген осындай жұмыстардың нәтижесі сынып жоғарылаған сайын артып, балалардың тапқырлығы, сөз саралауы, ізденімпаздығы, нақгы ой болжауы дами бастайтындығы айқын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет