«Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» Педагогика пәнінің мақсаты мен міндеттері


Төмендегі сөйлемдердің тыныс белгілерін ажыратыңыз



бет32/42
Дата24.05.2023
өлшемі0,79 Mb.
#96328
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42
Байланысты:
ГОС 1 жауаптарымен (копия)

Төмендегі сөйлемдердің тыныс белгілерін ажыратыңыз:

«Тақырбұлақ тұсына келгенде Байтастар баланы жеке шабудан тежеп
Енді бізден ұзап кетпе Анау Есембайдың жырасын білесің ғой Ұры жатады деді.

Тақырбұлақ тұсына келгенде Байтастар баланы жеке шабудан тежеп:

 – Енді бізден ұзап кетпе! Анау Есембайдың жырасын білесің ғой!.. Ұры жатады...- деді.


«Бастауыш сыныпта Әдебиеттік оқу әдістемесін оқыту»
1.Көркем мәтіннің жасалу заңдылықтар
Қазірде мәтінді түрлі әдістермен, әр қырынан алып қарастырады:
- онтологиялық тұрғыда - мәтіннің болмысы, алатын орны;
- лингвистикалық тұрғыда - мәтіннің тілдік ұйымдасуы;
- психологиялық тұрғыда - мәтінді қабылдау;
- прагматикалық тұрғыда - мәтін авторының объективті болмысқа және мазмұнға деген қатынасы сипатталады.Көркем мәтінді талдаудың бірнеше аспектілері бар. Көркем мәтінді әдеби тіл нормаларына қатысы тұрғысынан алып талдау, мағыналық талдау, көркем бейне жасауға қатысы жағынан алып талдау, жазушының дара стилін таныту мақсатында талдау. Ғалымдар мәтін талдаудың бірізді болмайтындығы туралы «…бұл мына жайларға байланысты: біріншіден, қандай мәтінді қалай талдау зерттеушінің алдына қойған мақсатміндеттерінен туындайды, екіншіден әр мәтіннің өзіндік ерекшеліктері ескеріледі».Көркем шығарма тілі – көркем композицияның элементі. Көркем шығарманы лингвостилистикалық тұрғыдан талдауда негізінен екі нәрсе басты нысанға ілінеді: біріншісі – әдеби тілдің дамуы барысындағы көркем туындының орнын; екіншісі – жеке ақын-жазушылардың сөз мәнерін зерттеу. Бұл пәннің негізгі міндеті көркем мәтінді зерттеу арқылы оның идеялық және эстетикалық болмысын ашу болып табылады. Тілдің тірегі – сөз. Сөз – халқымыздың өткен тұрмыс – тіршілігінің, ой – сезімінің, елдігі мен ерлігінің, парасатының әрі куәсі, әрі дерек көзі. Ал тілдің сөз байлығын танытатын – көркем шығарма. Көркем шығарма тіл байлығын танытумен ғана шектелмейді, сондай-ақ, тілді байытатын, дамытатын негізгі арналардың бірі болып табылады. Сөз құдіретін көрсету мен сөзден айшықты кесте өрудің шеберлерінің поэзия немесе прозалық шығармаларының тілін зерттеу арқылы әдеби тілімізді танып, меңгерудің тиімді жолы болып табылмақ. «Көркем мәтінді өнер туындысы ретінде зерттегенде таза лингвистикалық әдіс-тәсілдермен шектеліп қалу жеткіліксіз. Себебі көркем туынды, даралық көркем стиль жазушы шығармаларының сөйлем құрылысы ғана емес, әр жазушының шығармаларына тән мазмұн мен түр ерекшеліктері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет