Жоғары сезімдер
Жоғары сезімдер
Жоғары сезімдер адамдарға ғана тән. Осы топқа адамгершілік, эстетикалық, интеллектік деп аталатын сезімдер кіреді.
Қоғамдық өмірдің талабына сәйкес адамның мінез-құлқынан жиі көрінетін сезімдердің бірі- адамгершілік сезімдер.
Адамгершілік немесе имандылық сезімдердің мазмұнында құрылымы да күрделі келеді. Бұлар ең алдымен қоғамдық мәнді және көңіл-күйге байланысты моральдық сезімдер болып бөлінеді. Бұл екеуі бір-біріне қайшы келіп қалуы да мүмкін. Бірақ сана сезімі жетілген, дүниетанымымен сенімі қалыптасқан адамда мұның біріншісі басым болып отырады. Осындай сезімдердің тобына: достық, жолдастық, адалдық, ар-намыс, борыш, жауапкершілік, ұят т.б. жатады. Ар-намысты қорғау адамға аса жарасымды сипат. Сезімнің осы түрі көбінесе қайсар, өжет, табанды әрі көздеген мақсатына жетпей тынбайтын адамдардан жиі байқалады. Өз ісіне іштей күйіну, өзін жазғырып, жазалау-адамның тек өз басын қадір тұтқаннан туйындамайды. Ар-намысты қорғау дегеніміз ол сонымен бірге айналадағы адамдарды да силай білу деген сөз. Ар-ұятты қастерлеу, намысқа тырысушылық екенін бәрінде кездесе бермейтін қасиет. Мұның адамның психологиясына қатты әсер етіп, терең әз қалдыратындығы сонша, кісі кейде «кірерге жер таппай, кісі бетіне қарай алмай, ұйқыдан, тамақтан қалатыны да болады».
К.Маркс ұятты адамның іштей ашулану, өзінше ашу шығару деген екен. Ал Абай, ұяттың екі түрі бар дейді. Оның бірі-надандықтан туатын, екіншісі-жағымсыз іске, теріс қылыққа ұялу. Оның ұғымына ұялмас нәрседен ұялу, бұл надандық, ынжықтық, жігер-қайрат ойсалдығы, білім мен тәжірибенің саясыздығы. Шын ұят ақыл-парасаттың ісі «өлімнен ұят күшті» деп халқымыз тегін айтпаған. Білімі, тәжірибесі, тәрбиесі мен мінез бітісіне қарай адамның ұялу дәрежесі түрліше болады. Мәселен, надан адам әдепсіз қылығына, мәдениетті, ақылды кісі мұндайда қатты ұялып, жерге кіріп кете жаздайды. «Адамның ары мен ұяты ақылының күзетінде болса, жүрек, қайрат үшеуі бір жерден шығып отырса, мұндай адам ұятты болады» дейді Абай. Ұялу сезімі мектепке дейінгі сәбилік, бөбектік шақта ылғида үлкендердің ата-ананың жақсы сөзімен іс-әрекетіне, қылығына еліктеу, оларды өнеге тұту арқылы біртіндеп қалыптасып отырады. Қоғамдық тәрбиенің ықпалы мен ар-намысты қорғау адамның тұрақты сезімдеріне айналады. Егер адам қоғамдық ережелерді бұзса, оны ар-ұжданы көтермей, қатты қиналады.
Жоғары сезімдердің екінші бір түрі-эстетикалық сезімдер. Эстетикалық сезім дегеніміз адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезінуі. Бұл текті сезімдер сұлу, сымбатты, өмірге үйлесімді, әдемі көріністерді тамашалу немесе табиғаттағы, көркем өнердегі әсіресе өмірдегі шынайы, әсем нәрселерден ләззат алу кездерінде байқалады. «Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сұлу, ләззат іздеуіне, сұлу нәрсеге сүйеніп, көріксіз нәрседен жиренуіне жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тыйуына көп көмек көрсетеді. Эстетикалық сезімер сондай-ақ сурет полотналарына, скульпруалық, архитектуралық, музыкалық немесе сахналық шығармалардың шебер орындауынан ләззат алуға байланысты да туып отырады. Адамзатқа тән ерекше бір қасиет» дейді Әл-Фараби. Мәселен, «жақсы ән мен тәтті күй», яғни жақсы музыкалық әуеннің адамның эсттеикалыұ сезімдерінің қалыптасуына ерекше маңыз алатындығын С.Торайғыров былайша сипаттайды: «халықтың арғы-бергісін қозғап, естеріне түсіріп, мұң-мұқтажын зарлап, кем-кетігін көрсетіп, әдемі даусымен құйқұлжытып қандай тас көңіл болсада жібермеген еркіне қоймайды».
Осы үзіндіде ақын жақсы ән мен тәтті күйдің қандай тас көңілді болсада жібітіп жіберетіні, қанды қайнататыны, көзден жас ағызатыны, бойды балқытатыны т.б. адам психологиясын нұрландырып, байытатындығын, адамды ләззатқа бөлейтіні айтып отыр.
Жоғарғы сезімдердің бір түрі-интеллектік сезімдер. Интеллектік сезімдер адамның тану процестерімен, ақыл-ой әрекетімен тығыз байланыстырып жатады. Интеллектік сезімнің түрлеріне тансықтау, білуге құштарлық, күдіктену, сенімдік, интуиция, ықтималдық, жаңашылық, болжау т.б. сезімдер жатады.
Сезімнің осы түрлері оқу процесінде, ғылыми зерттеу жұмыстарында, адамға зор ләззат беретін жаңалықтар ойлап табуда пайда болады. Мұғалімнің міндеттерінің бірі-оқушылар санасында интеллектік сезімдерді қалыптастыру болып табылады. Ол үшін көп оқу қажеттігін, оқусыз ешбір мақсатқа жете алмайтынымызды оқушыларға түсіндіру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |