Экология – 8класс №13 сабақ барысы Тақырыбы: «Қазақстанның экологиялық апат аймақтары»
Мақсаты:1.Оқушыларға экологиялық апаттар туралы түсінік беру, экологиялық апаттардың түрлерімен зардаптарымен таныстыру.
Экологиялық апаттардың табиғатқа, тірі ағзаға соның ішінде адам денсаулығына әсерін түсіндіру.
Экологиялық білімді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтыңтҥрі: Жаңа сабақты игерту, баяндау.
Кӛрнекіліктер: Қазақстанның физикалық картасы, буклеттер, суреттер.
Сабақтың барысы: Ҧйымдастыру бӛлімі
Баяндамалар: «Семей ядролық полигоны» Гаисина Албина
«Батыс Қазақстанның экологиялық жағдайы» Арыстанғалиева Диана
«Байқоңыр ғарыш айлағының экологиясы» Мамырова Арзу
Ауаның, судың, топырақтың ластануы, озон қабатының жұқаруы, қоршаған ортаның ӛзгеріске ұшырауы, климаттың ӛзгеруі бұлардың барлығы экологиялық апаттар деп аталады.
Семей Азғыр Тайсойған
↓ ↓↓
Каспий → Экологиялық апат аймақтары ← Арал
↑
↑
↑
Байқоңыр
Сарышаған
Қарағанды
Еліміздің аумағында ядролық қарудың сыналғанын әлем мойындап отыр. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынып келген. Соның ішінде тек Семей полигоны ғана кӛпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан халық беймәлім болды. Шын мәнінде, қазақ даласының шамамен 33,6 млн Га жері 40жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. 1949-1989 жылдар аралығында болған ядролық сынақтардың 27-сі атмосферада, 183-і жер бетінде, қалғаны жер астында жасалған. Атом қаруы сыналған жерлерді салыстырсақ, Қазақстанда-500- ден астам, Ресейде-225, АҚШ-1032 жарылыс жасалған. Бұдан Қазақстан жерінің қаншалықты зардап шеккендігін кӛруімізге болады. Атом қаруы сол сияқты Ұлыбритания, Қытай, Франция, Үндістан, Пәкістанда да сыналған. Дүние жүзіне танымал ядролық сынақтың орталықтары Капустин Яр (Ресей) мен Лабнор (Қытай) Қазақстанға шекаралас жатқан аумақтар.
Ядролық қаруды сынау алғашында ғылым мен техниканы дамыту бағытында сипат алғанымен, кейіннен атом бомбасы соғыс мақсатында қолданылды. Атом бомбасын алғаш рет АҚШ 1945 жылы Хиросима мен Нагасаки қалаларына тасталынды.
1990 жылғы мәліметтерге қарағанда, сынақ жасалған жерлердің кӛлемі облыстарда 16686 мың Га жерді қамтыған.
Батыс Қазақстан аумағында 1966-1979 жылдар аралығында 24 ядролық қару сыналған. Маңғыстау облысында-3 рет, Батыс Қазақстанда-4 рет, Атырауда-17 рет сыналған. Осылардың ішіндегі ең ірісі Азғыр полигоны 61 мың Га жерді алып жатыр. Зерттеу нәтежелері бойынша Нарын, Азғыр құмдарында ауыр металдардың шектеулі рауалы кӛбейіп, цезий-137, кадмий-80, стронций-150, қорғасын-80, нитрат-88 есеге артқан.
1988-1991 жылдар аралығында тек қана Тайсойған полигонында 24000 зымыран сыналып, 300 мың тонна жанармай жағылған. 1994 жылы 5-шілдеде және 27 қазанда апатқа ұшыраған «Протон» зымыран тасығышынан бӛлінген гептилен уы Қарағанды облысының жеріне орасан зор қауіп тӛндіруде. Оның зардабы әлі белгісіз болып отыр. Еліміздің аумағында барлығы 16 млрд тонна радиоактивті қалдық жинақталған. Полигондардың ішінде Семей ӛңірі ең кӛп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы Курчатов қаласы орналасқан. Полигондарға пайдаланылған жерлердің ауасы, суы, топырақ құрамы ластанып отыр. Қазірдің ӛзінде Қазақстанда 2,6 млн адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Оның басым кӛпшілігі Семей ӛңірінің тұрғындары. Сол сияқты қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауру және жүйке ауруымен ауырғандар санының кӛрсеткіші бұл аймақта республика бойынша жоғары болып отыр.
Ядролық қаруды сынау 1991 жылы 20 тамызда елбасының бұйрығымен Қазақстан жерінде атом қаруын сынау біржола тоқтатылды.