Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Әдістемелік ұсыным мазмұнына және рәсімделуіне қойылатын талаптар
Әдістемелік ұсынымда міндетті түрде мұқаба, аннотация, мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, әдебиеттер тізімі, тараулары, қажетті жағдайда қорытынды, қосымша болуы тиіс.
Әдістемелік жұмыстың мұқабасында көрсетілетіндер:
жоғары ұйым атауы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі) және ұйым атауы;
әдістемелік нұсқау үшін – хаттама номері және бекіткен әдістемелік кеңес мәжілісінің жұмыс атауы;
оқу әдебиеттерінің түрі (оқу құралы, әдістемелік нұсқаулар, әдістемелік ұсынымдар, зертханалық және практикалқ жұмыстарға нұсқаулық, бағдарламалар және т.б. аталған басылымның кімге арналғаны көрсетіледі);
басылым орны және мерзімі.
Мұқабаның ішкі жағында көрсетілетіндер:
ОӨЖ классификациялық индексі немесе ББК (сол жақтағы жоғары бұрыш);
басылымның библиографиялық мәліметтері (авторлар немесе құрастырушылар, толық атауы, түрі, орны, жылы және басылым бетінің саны);
басылым аннотациясы (оқу құралдары үшін);
қолжазбаның әдістемелік кеңесте қаралғаны туралы мәлімет (хаттама нөмері, қаралған мерзімі);
аталған жұмысты құрастырушы (ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауызымы, тегі, аты, әкесінің аты);
жұмысқа пікір жазғандар (ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауызымы, тегі, аты, әкесінің аты). Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және лауызымы қолданысты қысқартулар ережесіне сәйкес жазылады: доктор –д-р, профессор – проф., кандидат – канд., доцент – доц., биол., тарих., мат., хим. Және т.б. ғылымдардың. Мысалы: т.ғ.д., доц.
Аннотация – мазмұнын, жаңалығын, кімге ұсынылғанын көрсететін қысқаша сипаттама. Аннотацияда (3-4 сөйлем) қысқаша әдістемелік жоспардың кімдерге арналғаны, қандай мәселені көрсететіні, кімге пайдасы тиетіні көрсетіледі.
Мазмұны: берілген мамандық және берілген пән бойынша осы әдістемелік ұсымның оқыту үдерісінде алатын орны мен рөлі; қолданыста жүрген басқа басылымдардан ерекшелігі; басылым кімге арналғаны көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |