Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығы сараптамалық кеңес туралы ереже орал 2021 «бекітемін»


Кіріспе (1-2 бет) аталған жұмыстың өзектілігін



бет17/37
Дата18.03.2023
өлшемі90,13 Kb.
#75372
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37
Кіріспе (1-2 бет) аталған жұмыстың өзектілігін, яғни автор неліктен осы тақырыпты тыңдады және оның білім мазмұнындағы орны қандай деген сұраққа жауап береді. Кіріспе оқырманды мазмұнына, жоспардың проблемасына енуге, тарихи аспектіде орнығуы және дамуын түсінуге жетелейді және т.б.

  • Әдістемелік ұсыным мазмұнының тақырыбы мен мақсатына нақты сәйкес болуы тиіс. Әдістемелік ұсынымның мазмұны педагогтердің оқыту үдерісін неғұрлым тиімді ұйымдастрыу, техникалық және ақпараттық құралдарын қолдану туралы мәлімет алатындай болуы қажет.

  • Авторлық (жекеше) әдістер оқулықтар мен оқу бағдарламаларының мазмұнын қайталамауы, зерттеліп отырған құбылыстар мен техникалық нысандарды баяндамауы, жалпы педагогикалық әдебиеттерде берілген сұрақтарды көтермеуі тиіс.

  • Материал жүйеленген, мүмкіндігінше нақты әрі қарапайым тілмен жеткізілуі тиіс.

  • Әдістемелік ұсынымның тілі анық, нанымды, сауатты, дәлелді болуы тиіс. Қолданылатын терминология педагогикалық (өндірістік) тезаурусқа сай болуы қажет.

  • Ұсынылатын әдістер, әдістемелік тәсілдер, оқыту түрі мен құралдары өзінің педагогикалық тәсілі тізбесіне негіздеулі тиіс.

  • Әдістемелік ұсынымда оқыту үдерісін жүзеге асыруда нақты материалдық және техникалық жағдайы ескерілуі тиіс.

  • Оқыту үдерісін ұйымдастыруда оқытудың белсенді түрлері мен әдістерін кеңінен қолдануға бағдарлау қажет.

  • Әдістемелік ұсыным «Нені оқыту керек?» деген сұрақты түсіндіруі қажет.

  • Әдістемелік ұсынымда педагог өз жұмысында қолдана алатын нақты материаладар (тапсырмалар карточкасы, үлгілер, сабақ жоспары, зертханалық карточкасы, үлгілер, сабақ жоспары, зертханалық жұмыстар жүргізу туралы нұсқаулық карточка-сызба, тесттер және т.б.) болуы тиіс.

  • Әдістемелік ұсынымның жалпы көлемі (қосымшаны қоспағанда) компьютермен терілген (шрифт 14) 24 беттен кем болмауы тиіс. Егер әдістемелік жұмыс бір сабақтың үлгісін көрсететін болса, онда 10 беттен кем болмауы тиіс.

  • Әдістемелік ұсынымның негізгі мазмұнының көлемі барлық қолжазбаның жартысынан кем болмауы тиіс.

  • Қосымша көлемі шектелмейді, бірақ ол мәтінге сәйкес болуы тиіс (оларға мәтінде сілтеме жасау міндетті).

  • Мәтінде қолданылған әдебиеттерге жасалған сілтеме квадрат жақшамен белгіленеді. Мысалы, [5], мұнда 5 қолданылған әдебиеттер тізіміндегі реттік нөмері.

  • Қолданылған әдебиеттер тізімі 10-15 атаудан тұрады. Егер әдістемелік жұмыс практикалық сипатта болса, теориялық сілтемені қажет етпесе, онда пайдаланған әдебиеттер тізімін көрсетпеуге болады.

  • Бөлімдердің саны мен көлемі шектелмейді.

  • Тараулардың атауы әдістемелік жұмыстың соңында пайдаланған әдебиеттер тізімінен соң берулгені жөн.



      1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет