Байланысты: Бауыржан момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасындағы қазақ халқының салт-дәстүрлері (5)
«Қыз көру». Салт бойынша белгілі кісілердің балалары немесе өнерпаз, сал - сері жігіттер өзіне лайық қыздарды ел ішінен өздері таңдаған. Кейде бұл салт «қыз таңдау» деп аталады. Қазақта «қызды кім көрмейді, қымызды кім ішпейді» деген мақал қыз іздеген жігіттерге жол ашады.
«Қалың мал» қызға берілетін көлемді дүние болып табылады. Бұрынғы қалыптасқан салт бойынша қазақта «Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды» деп жайдан - жай айта салмаса керекті. Тіпті жағдай нашар, қалың мал беруге шамасы жоқ деген адамның өзі ырымын жасап, қызды алатын болған. Көбіне кедей жігіттер малының жоқтығынан, қолының қысқалығынан үйленбей ұзақ жүріп қалатын болған. Қыз ұзату тойының мерзімін құдалары екі жақтың келісе отырып, белгілейді. Қалың мал қазақта бұрыннан келе жатқан көне дәстүрлеріміздің бірі. Шығармада Мамытқа айттырылған Үбианның оны ұнатпаған соң әжесінің көмегімен әкенің шешімін қайтарып, бұрынғы алған қалың малын қайтармақшы болады.
«Тойбастар.» «Тойдың кешкі ойынын өлеңмен бастайды. Сонда айтылатын өлең тойбастар деп аталады» (А. Байтұрсынов) Тойдың сәні тойбастарды әнші не қыз бастайды. Баукеңнің «той дегенде қу бас та домалайды» дегені қазақтың ойын - сауыққа келгенде жиған - тергенін шашатынын, ешнәрсе аямайтындығын мысалға келтіргені. Шығарманың басында айтылатын кішкене жиын - той үстіндегі Момыш пен Қызтумас әже арасындағы қыз таңдау жолындағы қиыншылық, сұлу қыз іздестірген әженің уайымы белгілі, немерелерінің ішкі және сыртқы сұлулығы. Той бастарды бұрын елге ақындар мен әншілер бастаған.
«Беташар» жаңа түскен келінді бұл дәстүр жасалмай ешкім көре алмайды. Оны көру үшін беташар дәстүрі жасалады. Оған тойға жиналған туыс - туғандар тегіс қатынасады. Мұнда беташар жыры айтыла отырып, келінге оның атасы, енесі, оның басқа туыстары таныстырылып, келін оларға сәлем жасайды. Сәлем жасаған адамдар көрімдік береді. Беташар тойдың басы, әрі сәні жас келіннің жаңа өмірге бет алғанын білдіретін қызықты, салтанатты жақсы дәстүрлердің бірі. Жазушы Үбианның ұзатылуынан бастап, жат жұртқа келін болып түсуіне дейінгі аралықты бірнеше қазақтың салт - дәстүрлерімен бейнелеген. «Жұрт беташар мен некеқияр қызығын күтіп тағатсыз торуылдайды.» Неке қияр - дәстүр бойынша молданың бірін - біріне келісіммен үйленген екі жастың неке суын ішуі.